Бөлім «Альянс Банкі» АҚ тәжірибесі негізінде корпоративтік борышкерлерді несиелеуді ұйымдастыру және оны жетілдіру бағыттары

Мазмұны

 

 

Кіріспе...........................................................................................................................5

 

1 Бөлім Корпоративтік борышкерлерді несиелеудің теориялық негіздері

1.1 Корпоративтік борышкерлерді несиелеудің негізгі мәні........................................................7

1.2 Корпоративтік борышкерлерді несиелеу шарттары мен этаптары......................................13

1.3 Несиелендіру мәселелері ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектерінде...............................................................................................................18

 

 

2 Бөлім «Альянс Банкі» АҚ-ның ұйымдық–экономикалық  сипаттамасы

2.1 «Альянс  Банкі» АҚ-ның ұйымдық–құрылымдық сипаттамасы....................23

2.2 «Альянс Банкі» АҚ-ның экономикалық нәтижелері........................................31

 

 

3 Бөлім «Альянс Банкі» АҚ тәжірибесі негізінде корпоративтік борышкерлерді несиелеуді ұйымдастыру және оны жетілдіру бағыттары

3.1 «Альянс Банкі» АҚ-да корпоративтік борышкерлерді несиелеу операцияларының ұйымдастырылуы......................................................................................................40

3.2 «Көктем» АҚ негізінде несиелік қабілеттілікті бағалау..................................50

3.3 Корпоративтік борышкерлерді несиелеудің даму перспективасы және несиелеу механизмін жетілдіру................................................................................................57

 

Қорытынды мен ұсыныстар......................................................................................64

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................66  

 

Қосымшалар...............................................................................................................69                                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазіргі таңда Қазақстан  экономикасы үшін банктік несиелеудің өте зор маңызы бар. Ол ұйымдардың тауар алмасуларына, сонымен қатар қарыздық ресурстарды даму мақсатында пайдалану үшін тиімді.

Несиелеу банктің аса тұғырлы қызметі ретінде өндірістік процестің үнемі даму жолында болуын, халық шаруашылық экономикасын дамытуда және де кіріс әкелетін өзге де операцияларды жүргізуде маңызды орын алады. Қазіргі кезде елімізде әлемдік өлшемдер бойынша өндірісті несиелеуді көбейтуге өте жақсы жағдайлар жасалған, бірақ олар шектеулі түрде қолданылады. Бұл экономикалық құрылымды тежеп ғана қоймай, банктік секторлардың несиелік және валюталық тәуекелдерге ұшырау мүмкіндігін күшейтетін банктік жүйе мен несиелеудің дамуына бірқатар теріс факторлардың әсерімен байланысты. Соңғы жылдары Қазақстанда банктік несиелеудің күрт өсуіне қарамастан, оның ЖІӨ-ге қатынасы әлі де төмен болып отыр.

Экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізіп, елдегі шаруашылық субьектілердің қаржылық жағдайының жақсаруын қамтамассыз ету  үшін несиелеуге байланысты тежеуші факторларды жойып, оны кеңейту мәселесін алдыңғы қатарға шығару керек. Осыған байланысты корпоративтік борышкерлерді несиелеуді жетілдіру механизмін қарастыру – қазіргі кездегі актуалды мәселелердің бірі болып табылады. Яғни, несиелеуді кеңейтіп, оның дамуына жақсы жағдай жасай отырып, корпоративтік борышкерлердің қаржылық қажеттілігін қанағаттандыру. Ал, бұл экономикалық өсуге тікелей әсер етеді.

Корпоративтік борышкерлерді несиелеу кезінде шешімін күтіп тұрғанда бірқатар қиындықтар кездеседі. Атап айтсақ, біріншіден, талап етілетін құжаттарды қарастырудағы кемшіліктер. Екіншіден, несие қабілеттілігін есептеулерді жүзеге асырудағы жетіспеушіліктер. Үшіншіден, экономика салаларының тек таңдамалы түрлерін несиелеп, кейбір аса қажетті салаларын олардың ұзақ мерзімді қажет ететіндігінен несиелемеу т.с.с. Осындай кемшіліктерді түзеп, несиелеу процесін жетілдіру керек.

Дипломдық жұмысымның мақсаты – корпоративтік борышкерлерді несиелеу механизмін қарастырып, несиелеу кезеңдері мен шарттарын таныстыру, несиенің берілуі мен өтелуін көрсету, ондағы жетілдірілуі тиіс жағдайларын анықтау. Сол арқылы қазіргі таңдағы несиелеу ерекшеліктерін анықтап, ұсыныстар беру.

Жұмыстың міндеттері:

  1. Корпоративтік борышкерлерді несиелеудің теориялық аспектілерін;
  2. Корпоративтік борышкерлерді несиелеу ерекшеліктерін, мәнін, механизмін;
  3. Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердегі корпоративтік борышкерлерді несиелеу тәртібін;
  4. Осы негізде заңды тұлғаның несие қабілеттілігін және несиелеу әдістерін;
  5. Заңды  тұлғалардың  несиелеуді  жетілдіру  жолдарын  айқындау   болып  табылады.

Зерттеу объектісі болып –  «БТА Банкі» АҚ-ы болып табылады.

Теориялық және әдістемелік  негізі. Жұмыста қойылған мақсаттарға жету барысында нормативті және заң актілері, банк қызметкерлері мен мамандары еңбектері, статистикалық мәліметтер және мерзімді басылымдар қолданылды. Сондай-ақ, талдау кезінде Ұлттық банктің статистикалық бюллетеніндегі және Ұлттық банктің жылдық есебіндегі мәліметтері, «БТА Банкі» АҚ материалдары пайдаланылды.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі үш бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде  корпоративтік борышкерлерді несиелеудің мәні, несиелеу механизмі және несиелеудің этаптары мен шарттары келтірілген. Екінші бөлімде  Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі, яғни объект негізінде алынып отырған «БТА Банкі» АҚ-ның ұйымдық – экономикалық сипаттамасы қарастырылған. Үшінші бөлімде банктің  корпоративтік борышкерлерді несиелеу тәжірибелері және нақты кәсіпорын мысалындағы несиелеу процесі, сонымен қатар корпоративтік борышкерлерді несиелеуді жетілдіру жолдары анықталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Бөлім Корпоративтік борышкерлерді несиелеудің теориялық негіздері

 

1.1 Корпоративтік борышкерлерді несиелеудің негізгі мәні

 

Корпоративтік борышкерлерді несиелеу қандай-да бір шаруашылық субьектілердің қажеттіліктерін алуға мүмкіндік беретін ақшалай ресурстарды белгілі-бір қағидалар мен шарттарға сәйкес беру болып табылады.

Кәсіпорындарды және басқа да ұйымдарды өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктеріне байланысты банктік несиені беру несиелеу қағидаларын  қатаң сақтау негізінде жүзеге асыруға болады. Несиенің берілу процесі – бұл қоғамдағы экономикалық өзара байланыстарды алып жатқан күрделі құбылыстарды білдіреді. Сондықтан да, несиенің экономикалық категория ретіндегі мәнін тереңдей ұғыну несиелеудің негізгі қағидаларын анықтап білмейінше жеткіліксіз болып саналады. Несиелеуді ұйымдастыру негізі мынадай қағидаларға сүйенеді:

  • несиенің мақсаттылығы;
  • несиенің мерзімділігі немесе қайтарымдылығы;
  • несиенің ақылылығы;
  • несиенің қамтамасыз етілуі;
  • несиенің сыйақылылығы.

Несиелеудің ең соңғы қағидасы шетелдік банктік тәжірибеде бірінші класты қарыз алушылар үшін жиі қолданылады. Мұндай жағдайда несие сыйақы ретінде ешқандай да қамтамасыз етілмеген түрде беріледі.

Несиенің мақсаттылығы несиелеудің ең маңызды қағидасы ретінде, несиенің қандай мақсатқа сұралып отырғандығын сипаттайды.

Несиенің мерзімділігі – бұл белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделетін несиенің ерекше бір белгісі. Бұл қағида несие берушінің қарыз алушыға берген қаражатының белгілі бір уақыт өткен соң қайтарылуға тиістігімен қорытындалады.Осыдан барып несиенің қайтарымдылық қағидасы туындайды.

Несиенің қайтарымдылық  қағидасы оны басқа тауарлы-ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратады. Себебі, қайтарылмайтын несие болмайды.

Несиенің мерзімділігі – несиенің тек қана қайтарылып қоймай, сонымен қатар оның қатаң белгіленген мерзімде қайтарылуға тиістігін көздейді. Несиенің мерзімділігі ссуданың берілу жағдайын сипаттайтын басты көрсеткіш. Ол негізінен банк пен клиент арасында жасалатын несиелік келісім-шарт құжатында көрсетіледі.Егер де келісілген уақыт өтіп кетіп, ссуда қайтарылмаса, ол уақыты өткен ссудалардың қатарына жатқызылады. Уақыты өтіп кеткен несиелер көрсеткіші қаншалықты төмен болса, соғұрлым банк қызметі тұрақты және оның зиян шегу ықтималдығы біршама төмен болып келеді.

Несиенің ақылылығы  – бұл қарыз алушыға берілетін қаражатын қарыз берушінің қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылық – бұл несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыз түрінде беріледі. Қарыз алушының ссуданы пайдаланғаны үшін төлейтін пайызын несиенің бағасы деп атайды.

Қазіргі банктердің несие  үшін пайыз мөлшерін белгілеудегі ескеретін негізгі факторларына мыналарды жатқызуға болады:

  • орталық банктің коммерциялық банктерге беретін ссудалар бойынша белгіленетін пайыздың базалық мөлшері;
  • банкаралық несие бойынша орташа пайыз мөлшері;
  • өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа пайыз мөлшері;
  • банктің несиелік ресурстарының құрылымы;
  • несиеге деген сұраныс;
  • несиенің сұралатын мерзімі мен түрі;
  • еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы.

Несиелердің материалдық жағынын қамтамасыз етілу қағидасы – пайда болуы несиенің экономикалық  категория ретінде шығуымен бірге келеді.

КСРО-да 1980-ші жылдардың аяғына дейін несиенің материалдық жағынан қамтамасыз етілуі тек қана тауарлы-материалдық бағалылықтарымен жүзеге асырылып келді. Ал, бүгінгі күнгі несиенің қамтамасыз етілу формасы ретінде: кепіл, кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері, тапсырма қолданылуда.

Кепілге берілетін ссуда дегеніміз – бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз етілген несие болып табылады. Бірақ, кепілге берілген активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады.

Қазіргі кезде банк өзінің бірінші класты қарыз алушыларына қамтамасыз етілмеген, яғни сенім немесе бланктік несие де береді.

Жалпы алғанда, несиелеуді мынадай 3 элемент арқылы ашуға болады:

  1. субъект;
  2. объект;
  3. қамтамасыздандыру.

Осы үш элемент арқылы несиелік операциялардың, оның тиімділігінің түсінігін анықтайды. Банктің несиелеудегі қызметі осылардың бірін-бірі толықтыруының негізінде алға жылжиды. Ал, оларды біріктірмей, керісінше, ажыратсақ, бұл банк ссудасының қайтарылмауына, барлық жүйенің құлдырауына әкеледі.

Несиелеу субъектісі несиелік мәмілелерді жасауға материалдық немесе басқа кепілдігі бар, әрекет қабілеттілігі бар заңды немесе жеке тұлғалар болып табылады. Оларды келесідей сыныптауға болады:

  • мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар;
  • кооперативтер;
  • акционерлік қоғамдар;
  • жеке еңбекпен шұғылданатын азаматтар, жалға берушілер;
  • банктер;
  • билік органдарын, біріккен кәсіпорындар, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдарды қоса алғанда басқа шаруашылықтар;

Субъектілері бойынша несиені бөлу несиелеу жүйесінде тағы бір сыныптама түсінігін тудырады – несие түрлері бойынша бөлу. Ол экономикалық және ұйымдастырушылық қатынаста белгілі-бір нақты несие мәмілесіне тән жиынтық белгілерін көрсетеді. Несиелік мәміленің экономикалық белгілері – бұл несиенің өзінің белгілері, олар бірегей болады. Ұйымдастырушылық белгілер әрбір жеке жағдайларда әр түрлі болуы мүмкін. Осы салалық бағытталушылыққа қарай өнеркәсіптік, сауда, банкаралық несиелерді бөлуге болады. АҚШ-та ссудаларды сыныптаған кезде ауыл шаруашылық несиелерді бөледі.

Корпоративтік борышкерлерге берілетін несие түрлері мыналар: лизингтік, ломбардтық, овердрафт, овернайт, контокорренттік, факторингтік, форфейтингтік, онкольдық, бланктік және т.б. Әрқайсысына түсінік беретін болсақ, лизингтік несие өндіріске керекті құралдарды сатып алушыларға берілетін несие.

Ломбардтық несие –  құнды заттарды, бағалы қағаздарды кепілге алу арқылы берілетін несие.

Овердрафт – банктің қысқа мерзімді өтімділігін қамтамасыз етуге арналатын бір күндік несие.

Овернайт – тек бір түнге берілетін несие түрі.

Контокоррентік –  несиелік желі арқылы активті-пассивті шот бойынша берілетін несие түрі.

Факторингтік – жабдықтаушының дебиторлық қарызын алу арқылы берілетін несие. Ол қысқа мерзімге, 180 күнге дейін беріледі.

Форфейтингтік – импортердің экспортерға төлеуге тисті төлем талабын сатып алуын білдіреді. Бұл тек халықаралық қатынаста вексель және чекті пайдаланып жүзеге асырылады.

Онкольдық – банктің бірінші класты клиенттеріне талап етуге дейін берілетін несие.

Бланктік немесе сенім  несиесі – қамтамасыздандырусыз берілетін несие.

Несиелеу объектісі – несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады.

Қазақстан Республикасының банктік тәжірибесінде қысқа мерзімді несиелеу объектісіне «Экономиканы қысқа мерзімді несиелеу Ережесіне» сәйкес, банк несиесі есебінен құралатын өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларының бір бөлігі жатады. Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде де болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу обьектісіне өндірістік шикізат қорлары, негізгі және көмекші материалдары, жанармай, ыдыстар, сатып алынатын жартылай өнімдер, азықтар және басқа да материалды құндылықтардың маусымдық жинағы және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымдық қорлары жатады. Мұндай қорларды жасау өндіріспен және өнімдерді сату процесімен тығыз байланысты.

Несиелеу объектісі, сонымен  қатар, экспортты және  импортты тауарлар мен қызметтермен жабдықтау, экономикалық қызметке байланысты шығындар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын корпоративтік борышкерлердің сатып алатын шикізаттары, материалдары, құралдары және басқа да мүліктері, ломбардтық операциялар, шаруашылық субъектілердің кірістері мен шығыстары арасындағы алшақтық жатады.

Ұзақ мерзімді несиелеу объектілеріне жататындар мынадай түрлерге бөлінеді:

  • өндіріс объектілерінің құрылысы;
  • өндіріс объектілерін қайта құру, техникалық жағынан қайта қаруландыру, кеңейту;
  • техникалар, құрал-жабдықтар және көлік құралдарын сатып алу;
  • жаңа өнім шығаруды ұйымдастыру;
  • өндірістік емес маңызы бар объектілерді салу.

Мына объектілер несиелеуге қабылданбайды:

  • дайын өнімнің нормативтен асып кеткен қалдығы. Мұнда көліктік қиындықтарға т.б. байланысты өнімді жабдықтауды кешіктіру негізінде қалып қойған маусымдық себептер есепке алынбайды;
  • сатылуы қамтамасыз етілмеген дайын өнім қалдығы;
  • маусымдық қалдықтарды қоспағанда аяқталмаған өндірістің нормативтен асып кеткен қалдығы;
  • 1 жылдан астам қозғалыссыз сақталып жатқан, өндіріс қажеттілігінен тыс тауарлы-материалды құндылықтар;
  • артық қажет емес, қиын өткізілетін және қолданылмайтын тауарлы-материалды құндылықтар;
  • сақталу шарты олардың бүлінбейтіндігін қамтамасыз етпейтін тауарлы-материалды құндылықтар;
  • несиелік келісім-шартта қарастырылған мерзімнен астам уақытта жолда болған материалды құндылықтар;
  • белгіленген мерзімде өңделмеген, өткен жылдардың егінінен өндірілген ауыл шаруашылық шикізаттарының қалдығы.

Әдетте, ссудаларды қарыз алушыларға беру, бұрын берілген ссудалар бойынша мерзімі өтіп кеткен қарызының шартында жүзеге асырылады. Жеке жағдайларда, егер қарыз алушылар ұзақ мерзім бойына қарызы болмаса және ол жақын уақытта өтелетін болса, ссудалар банк басшыларының шешімімен  берілуі мүмкін.

Несиелік қатынастарды ұйымдастыру сұрақтары тұрақсыз қаржылық жағдайдағы, төмен рентабельділігі бар қарыз алушылармен ерекше егжей-тегжейлі қарастырылуы керек. Мұндай қарыз алушыларға ссуда беру тек қана оның қайтарылуына гарант алған жағдайда жоғары тұрған буындардың немесе билік органдарының негізделген ұсынысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Ол белгілі–бір аймақтың  әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктерін  қанағаттандыру қажеттілігінен туындауы мүмкін.

Несиелеуді экономикалық–ұйымдастырушылық қатынастарының белгілі бір қабаты, яғни несиелік механизм  несиелік қатынастардың жоғарғы буыны болып табылады. Мұндағы буын ретінде несиенің объективті сипатын және несиелік қатынастарды ұйымдастыруға байланысты шаруашылық субъектілердің қызметінің өзара іс-әрекеті түсіндіріледі.

Демек, несиелік механизмге несиенің өзіндік ерекшеліктерін сипаттайтын қатынастар және мазмұны және олардың пайда болу әдістері, тәсілдері және формалары жатады. Соңғылары несиелік қатынастардың мәніне жатпағанымен де, олар несиелік тәжірибені сипаттайтын процеске жақын немесе оның үстінде қалыптасады.

Несиелік механизм банктердің дербес несиелік саясаттарымен, банктік қызметке байланысты заңдармен және экономиканың тиімділігін арттыру міндеттерімен анықталады.

Жалпы алғанда, несиелеу элементтерін (субъект, объект, қамтамасыздандыру) бір-бірінен ажыратуға болмайды. Егер субъект ретіндегі фирманың жоғары беделі болып, қамтамасыздандырусыз несие сұраса немесе бұрын банктен ссуда алмаған фирма жақсы кепіл бере отырып несие сұраса банк екі жағдайда қандай шешімге келеді? Банк үшін бір элементтің ғана бар болуы жеткілікті ме, сол элемент қана абсолютті мәнде болып, қалғандары тек теориялық мәнде жүруі дұрыс па?

Осы сұрақтардың шеңберінде несиелеу жүйесінің тағы бір элементі туындайды – бұл сенім. Ол несие түсінігінің өзінен пайда болады: латын тілінен аударғанда «credo» «сенемін» дегенді білдіреді. Несиелеуде екі жақ – несие беруші мен қарыз алушы қатысатыны белгілі. Олардың арасында ссудаланатын құн қозғалысы жүреді.

Қазіргі несиелеу жүйесінде  шаруашылық ұйымдардың зайымдық және меншікті қаражаттар арасындағы шекті қатынасты белгілеуде мемлекет тарапынан қандай да бір әмір жүргізу жоқ. Шаруашылық ұйымдардың қызметтерінің коммерциялық негізі, экономикалық тұрғыда олардың меншікті қаражаттарын зайымдық қаражаттар үшін толық материалдық жауапкершілікте болуын жүктейді. Мұнда зайымдық қаражаттар ретінде тек қана банктік несие емес, сол сияқты ақшалай және тауарлай формасындағы шаруашылықаралық несие қарастырылады. Кәсіпорындарға кімнің қаражатын және қанша көлемде зайымға алу туралы өздері анықтауға құқық берілген, ал оларды пайдалану шарты келісім – шартта анықталады.

Шаруашылық айналысындағы  меншікті қаражаттар мөлшері бүгінгі  күні несиелік қабілетін анықтау барысындағы клиенттің кластық дәрежесін сипаттайтын көрсеткіштерге, сондай-ақ берілуге жататын несие мөлшеріне әсер етеді.

Қазіргі кездегі несиелеу жүйесі банктің ресурсына негізделеді. Бүгінгі жағдайдың бұрынғы әрекет еткен жүйеден айырмашылығы – ол уақытта несиелік мекемелер өздеріне жоғарыдан берілген несиелік ресурстармен ғана жұмыс жасаған болатын. Шынында да төменгі банктермен жинақталатын барлық ресурстар КСРО Мемлекеттік банкі Басқармасында орталықтандырылған түрде жинақталып, қайтадан сол орындарға несиелеу лимиті түрінде қайта беріліп отырған. Сондай несиелеу шегінде сол немесе басқа аймақтың клиенттерін несиелеген. Банк бөлімшелерінің ол уақыттарда қаражат жинақтауға деген ешқандай да мүдделері болмаған және олардың активтері пассивтерінен тәуелсіз болған. Қазіргі несиелеу жүйесі басқа негізде құрылған, яғни берілетін несиелердің көлемі толығымен банктердің тартылған қаражаттарына байланысты. Бұл берілетін несиелердің ауқымының, сонымен қатар несиелік мекемеде қалыптасқан пайда мөлшерін көрсетеді.

Қазіргі кездегі несиелік механизм коммерциялық сипатқа ие. Осыған байланысты сауда мотивтері, үнемдеу мотивтері ерекше маңызды болып келеді. Мұндай жағдайда несиелеудің тек кәсіпорынның қосымша қаражатқа деген қажеттілігін қанағаттандыру ғана маңызды емес, сонымен қатар несиелік мекеменің рентабельділігін арттыру үшін де несиелеудің маңызы зор. Дәл осы тұста коммерцияның «арзанға сатып алып, қымбатқа сату» принципі орын алады. Бұл, әрине, клиенттердің несиелері мен депозиттеріне, сол сияқты банкаралық несиеге де тиісті.

Қазіргі кездегі несиелеу жүйесінің басты ерекшелігі банктердің меншікті және тартылған ресурстарына ғана байланысты емес, сол сияқты клиенттерді несиелеуді жүзеге асыратын коммерциялық банктер үшін Орталық банк бекітетін нормаларға және пруденциалдық нормативтерге байланысты келеді. Мысалға, ҚР Ұлттық банкі орталық резервтерге міндетті төлемдер аудару нормасын белгілейді. Сол сияқты, басқа да нормативтер, оның ішінде коммерциялық банкте құрылатын ең төменгі ақшалай резервтер түрінде, ең ірі несиелер көлеміне шектеу, банк балансының өтімділігінің параметрлері сияқты банктің міндеттемелерін өтімді қаражаттар резервімен салыстыра өлшеу арқылы белгіленетін формалардағы нормативтері де бар.

Қазіргі кездегі несиелеу жүйесінің маңызды бір белгісі оның келісім-шартқа негізделуі болып табылады. Өткен несиелеу жүйесінде клиент пен банк арасында қарыз алу барысында жасалатын келісім-шарттың экономикалық маңызы төмен болғандықтан да, оны формалдық сипатта болды деп айтуға болады. Кейіннен коммерциялық ынталандыру туындағаннан кейін ғана банк пен қарыз алушы арасында несиелік шартқа отырып, ол шарт несие берушінің де, қарыз алушының да жауапкершілігін нығайта түсті.

Қалыптасып отырған  қазіргі кездегі несиелеу жүйесінің келесі маңызды ерекшелігі – бұл несиелеудің объектіден субъектіні несиелеуге өтуі. Бұрынғы несиелеу жүйесі объектіні несиелеуге ғана негізделгені бізге белгілі. Тауарлы–материалдық құндылықтар қоры және өндірістік шығындардың болуы несиені алуға құқық берді де, ссуданың қайтарылу барысына терең талдау жүргізілмеді, клиент үшін жоспардың орындалуы ссуданың қайтарылуына автоматты түрде кепіл болады.

Жаңа несиелеу жүйесі дәтүрлі және өзіндік ерекше принциптерге негізделеді, оның ішінде қамтамасыз етілу қағидалары және мерзімділік, сол сияқты несиенің ақылылық сипаты да ескеріледі. Сонымен қатар олардың бірқатарының  мазмұны  түбірімен  өзгерген.  Бұдан  бірнеше  жылдар    бұрын жақсы және жаман жұмыс жасайтын кәсіпорындар категориялары өмір сүріп, несиелеуде дифференциалданған режим қолданылған. Кәсіпорынды бағалау негізіне олардың жоспарлы көрсеткіштерін орындау дәрежелері жатқызылды. Бүгінгі таңдағы қалыптасқан жүйе несиенің уақытында қайтармау тәуекелін төмендетіп, клиенттің несиелік қабілетін ескереді. Сондай-ақ, коммерциялық банк қарыз алушыны төлем қабілетінсіз деп жариялай отырып, оны қайта ұйымдастыру және тарату туралы сұрақты қоюға құқылы.

Несиелердің қамтамасыз етілу принциптеріне де байланысты өзгерістер болады. Тәжірибе көрсеткендей, ссудалардың тауарлы-материалдық құндылықтар қалдығымен қамтамасыз етілуі олардың уақтылы қайтарылуына кепіл болмады. Сондықтан да қамтамасыз етілмеген ссудаларды бұрынғы тәжірибеде қалыптасуына байланысты түсіну банк тарапынан жіберілмеуге тиіс. Қайтару тұрғысынан алғанда, толық кепілдігі жоқ ссудалар ғана біршама сенімді несиелер болып табылады.

Қазіргі кездегі несиелеу жүйесінің келесі бір ерекшелігіне банк несиелерін жоғары дәрежеде кепілдендіру формаларына өту жатады. Несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда әлемдік тәжірибедегідей біршама сенімді формаларға сенім құқы, кепілдеме және кепіл-хат, жалпы алғанда сақтандыру жүйелері жатады. Осындай формаларды қамтитын несиелік механизм банкке өзінің тәуелсіздігін нығайту, сонымен қатар несиелік тәуекелді төмендету мүмкіндігін береді.

Жалпы алғанда, кәсіпорындарды несиелеудің өзгерген жүйесі нарықтық қатынастарға сай келетін үлгі ретінде оларды бағалауға мүмкіндік жасайды .

 

1.2 Корпоративтік борышкерлерді несиелендіру шарттары және этаптары

   

Несие шарттарының өзіндік  мағынасы  оның базалық элементтері, яғни несие объектісі, субъектісінің негізінде орын алады.

Бұл банктің кез – келген клиентті несиелендіре алмайтынын білдіреді. Несие алғысы келетіндер саны көп болғанымен, олардың ішінде сенімді және несие уақытылы, үстемдік пайыздарымен төленіп отыратындай болуы тиіс. Банк несиелік қатынасқа түсерде қарыз алушымен оның несие қабілеттілігін, өтімділігін, тауар нарығының жағдайын, өткен жұмыс тәжірибелерін де ескеретіндігі таң қалдырарлық жағдай емес.

Тағы бір айта кетерлік жағдай, ол несиенің объектісі болып табылады. Несие объектісі ретінде қарыз алушының кез – келген қажеттілігі бола бермейді, ол оның уақытша төлемдік қиындықтарына, өнім айналысы мен шаруашылығын жандандыруына қажет болуы керек.

Несие жүйесінің тағы бір аса маңызды бір бөлігі – келісімшарт. Шаруашылық қажеттіліктерінен туған банктер тұтынушлардың талаптарын орындауға тырысады. Сонымен қоса несиелеу шартының екінші басында несиелеуші банк тұрады. Кей жағдайда банк пен клиенттің талаптары сәйкес келмей жатады. Банк өз қаржысын кімге ұсынатынын өзі шешсе, тұтынушының талабы көбіне шектеулі. Банктер, өзіміз білетіндей, белгіленген шекте, өз қаржы ресурстарының көлемінде және орталық банктің экономикалық нормасы шегінде қызмет етеді.

Тұтынушыға берілетін  несие көлемі банктің өзіндік  және тарлған қаражат өтімділігі, пассивтері мен активтерінің уақытына тікелей байланысты.

Қарыз алушыны несиелендіру ондағы тәуекел деңгейіне қарайды. Банк қарызды тәуекелі жоғары, қайтарымдылығына кепіл жоқ клиентке ұсынбайды. Клиент өз мүмкіншілігін, өзінің төлем қабілеттілігін бағалай білуі керек.

Несиелеудің тағы бір  шарты оның қайтарымдылығы және жедел болу жатады. Егер клинет шарттардың бірін бұзса, келісім – шарт орындалмайды. Мұндай жағдайда банк өз қызығушылығына қарай несиелік шартты бұзып, несиенің тез арада қайтарылуын талап ете алады.

Қазіргі таңда несиелеу үшінші тұлғаның болуын, кепілдік затты талап етеді. Бұл несие қайтарылмай қалу тәуекелі туындағанда келісім – шарттың сенімдірек болуын қамтамасыз етеді.

Екі жақтың несиелік қабілеттілігін жоспарлау бұл келісім – шарттың негізі болып табылады.

Несиелеудің шарттары:

  • несиелік талаптардың орындалуы;
  • келісім – шарт бойынша екі жақтың ортақ қызығушылық сәйкестігі;
  • Банк пен қарыз алушының өз міндеттерін орындай алу мүмкіндігі;
  • несиелік принциптердің орындалуы;
  • кепілзат және кепілгердің болуы;
  • банктің коммерциялық қызығушылығын қамтамасыз ету;

-         келісім – шартта екі жақтың қарым – қатынасын жоспарлау.

Несиелік процесс алғашқы  ссуданның берілген күнінен басталады. Дегенмен, осы кезге дейін де, содан кейінгі уақытта да банк пен клиент арасында несиелік қатынас жүріп отырады.

Несие алу ұсынысы банк тарапынан да, тұтынушы тарапынан да болуы мүмкін. Дамыған нарықтық қатынастар орын алған жерлерде банк өзіне клиент іздейтін жағдай көп орын алады. Клиентке өз қаражатын ұсына отырып, мақсат – міндеттерін, шарттарын да ескереді. Банк қызметі нарығын танып – білу, жеке тұтынушыларды бірігіп қызмет ету ұсыныстарының бәрі арнайы несиелік ұсыныс орындалмас бұрын анықталады.

Қазіргі таңда елде неиені алғысы келетіндер көп болып отыр. Жеке өндіріс иелері де, үкімет орындары да дағдарысты қатты сезінуде. Қазақстанның коммерциялық банктерге клиент іздеуге тура келмейді, керісінше қаржы алғысы келетіндер саны артып отыр.

Қазақстан экономикасының шынайы бейнесі қаржы мен өндірістің дағдарысын сезініп отырғанын көрсетеді.

Несиелендіру сатылары:

Несиелендірудің процесін бірнеше сатыларға бөліп қарастыруға болады. Оның әр қайсысы несиелеудің сенімділігін және пайдалылығын анықтап отырады:

  • несие алуға өтініш және болашақ қарызгермен сұхбат;
  • тәуекел деңгейін және клиенттің несие қабілеттілігін анықтау;
  • несиелік келісімді дайындау;
Бөлім «Альянс Банкі» АҚ тәжірибесі негізінде корпоративтік борышкерлерді несиелеуді ұйымдастыру және оны жетілдіру бағыттары