Бөлім. Шыңғысханның алтын әулеті
Жоспар
Кіріспе
I. Бөлім. Шыңғысханның алтын әулеті.
1.1 Алтын Орда.
1.2. Алтын Орда мәдениеті.
II. Бөлім. Алтын Орданың саяси тарихы.
2.1.Алтын Орда хандары.
2.2. Өзбек жане Жанібек хан тұсындағы Алтын Орда.
2.3. Алтын Орданың ыдырауы
Қорытынды.
Қолданылған әдебиет.
Қосымшалар
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Бұл жұмыс XIII – XIVғғ. пайда болған және құрамында батыста Дунайдан, шығысында Алтай мен оңтүстігінде Кавказ бен Хорезмге дейінгі барлық халықтарды біріктірген мемлекет – Алтын Орда мемлекеті тақырыбына арналған. Көптеген мектеп оқушылары тарих пәнінің оқулықтарынан сол кездегі Евразия материгіндегі ең ірі мемлекет туралы мәлімет білгенмен, бүгінгі күнге дейін Алтын Орданың тарихында көптеген ғылымға белгісіз кезеңдер бар.
Алтын Орда құрамында Еуропа мен Азия кірген ортағасырлық ең ірі мемлекеттерінің бірі болатын. Оның әскери күші әрдайым көршілес мемлекеттерін қорқынышта ұстады да, көптеген жылдар бойы ешкім онымен бәсекеге түспеді. Алыс хандықтар Алтын Ордамен достық қарым-қатынас орнатып оны үзбеуге тырысқан. Үлкен олжаны көздеген саудагерлер Шығыс пен Батыс арасындағы ең ірі сауда-саттық орталығы атанған Алтын Орда астанасына бет алатын. Саудагерлер мен саяхатшылар бүкіл дүниежүзі бойынша Ордада тұратын халықтар, олардың көшпелі өмірінің ерекшеліктері мен салт-дәстүрлері, Орда байлары мен хандарының сансыз малдары мен кең байтақ даласы туралы аңыздарды таратты. Осы аңыз-әнгімелер Алтын Орданың жойылып кеткеннен кейін де көптеген жылдар бойы ауыздан-ауызға таралды.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты, Ұлы Дала тарихындағы елеулі із қалдырған ортағасырлық ең ірі мемелекет Алтын Орданың тарихын деректер арқылы көрсету.
Тақырыптың міндеті:
Осы мақсатты алға тарта отырып мен мына міндеттерге тоқталдым:
- Алтын Ордаға деген бүгінгі тарихшылардың қызығушылығы, зерттеулері, енбектерін баяндау.
- Алтын Орданың хандар тізімін анықтау.
- Өзбек жане Жанібек хан тұсындағы Алтын Орданы баяндау.
Тарихнама.(Тақырыптың зерттелуі)
Бүгінде де Ордаға деген қызығушылық өшкен жоқ. Көптеген мемлекет ғалымдары Алтын Орданың тарихын зерттеуде.
Мысалы, осы тақырыпқа арналған толықтай дерлік мәліметті 1950 жылы А.Ю. Якубовский мен Б.Д. Греков бірігіп дайындаған «Алтын Орда және оның күйреуі» кітабында табуға болады.
Солардың қатарында Қазақстандық ғалымдар да бар. Мысалға, Қайрат Бегалиннің 2007 жылы шыққан кітабы. Бұл кітапта Алтын Орданың тарихы мен билік еткен жетпіске жуық хандардың тізімі жазылған. Ол «Алтын Орда хандары» деп аталады.
Алтын Орданы билеген хандардың тізімін алғаш рет 1798 жылы Жозеф Дегин жасаған. Оның жұмысында алтынордалық 28 ханның есімі аталған болатын.
Тек 1960 жылы ғана тарихшы М.Г. Сафаргалиев жазба деректерге сүйене отырып, Алтын Орданың 38 ханының аты – жөнін, олардың билік құрған жылдарын нақтылауға қол жеткізді. Кейін шыққан зерттеулердің авторлары көбінесе осы жұмысқа сүйенген.
Ал 2001 жылы жарық көрген Ж.Егінбайұлының Жошы хан кешенінің археологиялық зертеулері Алтын Орда кезіндегі жерлеу рәсімі туралы мәлімет береді. Оның арқасында мемлекетте болған сенім – нанымдар туралы тұжырым жасуға болады.
Сонымен қатар, Алтын Орда туралы деректерді Қазақстан – Ресей ғалымдары бірігіп жинады. Ондай жұмыстарға Т.И. Сұлтанов пен С.Г. Кляшторныйдың «История трех тысячалетий» кітабын жатқызуға болады.
Мемлекетті көптеген ғалымдар зерттесе де, зерттеулерде қарама-қарсы көзқарастар кездеседі. Сонымен қатар, Алтын Ордамен байланысты қалыптасқан стереотиптер мен дұрыс емес ойлар да көп. Бұл қарама-қайшылық оның территориясымен және шекараларымен, мемлекет атауымен, қалалардың санымен, мәдениеттің дамуымен, сондай – ақ саяси тарихымен байланысты. Көптеген көзқарастар өткен ғасырларда пайда болған, менің ойымша оған себеп – тарихта маңызы зор бұл мемлекеттің толық зерттелмегені.
КСРО кезінде ең алғашқы болып осы мәселені көтерген М.Н. Тихомиров: «Алтын Орда бүкіл Еуропа мен Азия тарихының маңызды бөлігі. Оның құрамында болған халықтардың шежіресінен қалайша ең маңызды кезеңді алып тастауға болады?» [1]
Сондықтан болашақта Алтын Орда тарихы толықтай дерлік зерттеліп, бұл мемлекет туралы деректер нақтыланады деп үміттенемін.
Орыс қалаларының маңында көшпелі ордалардың пайда болуына дейін отыз жыл бұрын, 1206 жылы, Онон өзенінің орталық Азиядағы жағалауында дала ақсүйектерінен жиналған құрылтай өтті. Осы құрылтайда жаңа құрылған Моңғол мемлекетінің қағанын сайлау туралы мәселе көтерілді. Нәтижесінде қаған болып Темучин сайланады, осыған ешкім күмән келтірген жоқ. Өйткені ұзаққа созылған күрестің арқасында Тимучин бір – бірімен соғысып, бөлініп кеткен моңғол руларын біріктіріп, бірыңғай мемлекетке айналдырды. Қаған болып сайланғаннан кейін даланың ең беделді нояндары Тимучинді ақ киізге отырғызып, бұрын сонды болмаған Шыңғысхан деген лауазымды береді.
Біріккен Моңғолияның алғашқы билеушісі мемлекетті басқару ісін бір орталыққа бағындыруға күш салды. Ол моңғол тайпалары мен руларын араластырып, «ондықтарға», «жүздіктерге», «мыңдықтарға», «түмендерге» (он мыңдық) бөлді. Мемлекетте сауда керуендерін тонау, руаралық қақтығыстар аяқталды.
Сонымен қатар Ұлы хан мемлекет ішіндегі наразылықтарды басу үшін он мыңдық жеке құраманы құрды. Әскерде қатал тәртіп орнатылды: сәл кінәлі әскери адам өлім жазасына кесілді.
Темучиннің таққа отырғанына бес жыл болмай ол Батысқа қарай жорық ұйымдастырды.
1207 – 1211 жылдар
аралығында Шыңғысхан Сібір
Қытайды жаулап алғаннан кейін Шыңғысхан әскерінің бір бөлігі 1218 – 1219 жылдары Жетісуды, 1219 – 1221 жылдар аралығында Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алады.
Жаулап алынған жерлерді Шыңғыс хан ұлыстарға бөліп, ұлдарына үлестіреді. Жошыға Ертістен Орал тауына, одан оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңіздеріне дейінгі жерлер, Орта Азиядағы иеліктерінен Солтүстік Хорезм мен Сырдария аймағы, Шағатайға Мауреннахр, Жетісу, Қашғария, Үгедейге Батыс Монғолия мен Тарбағатай берілді. Төле әкесінің ұлысы Моңғолияны мұраға алды. [2]
Өзінің билік еткен жылдары Шыңғысхан тек қана Монғолиямен көршілес елдерден ғана емес, сонымен қатар, Қытай, Орта Азия мен Еділ өзенінің батыс жағалауында мекендеген елдерден тұратын империяның территориясының негізін қалады. Ұлы ханның өліміне қарамастан, оның ұрпақтары «моңғол аттарының тұяғы жетер жерде билік орнату» туралы арманын орындауға көп үлес қосты.
Бірақ ішкі тартыстарға байланысты XIII ғасырдың екінші жартысында Моңғол империясы күйрей бастады да, Моңғол империясы құрамында болған Алтын Орда, Юань, Қытай және тағы басқа мемлекеттер бір орталыққа бағынғанмен, дербес өмір сүре бастады. Оларды Шыңғыс әулетінің жеке тармақтары – Шағатай әулеті, Жошы әулеті, Құлағу әулеттерінің ұрпақтары биледі. Мемлекеттің жер көлемін үлкейту мақсатында жүргізілген бірнеше жорықтар күштін жетіспеушілігіне байланысты үлкен табыс әкелмеді. [3]
Алтын Орда (моңғ. Алтан Ордын улс; тат. Altın Urda; орыс. Золотая Орда; түр. Altın Ordu)— Басында моңғол — кейінірек түркіленген — 1240 жылдары Рус княздіктері жауланып алынғаннан кейін Моңғол империясының батыс бөлігінде орнаған хандық; ол қазіргі Ресей, Украина, Молдова, Қазақстан және Кавказдың жерінде орналасқан. Шарықтау дәуірінде Алтын Орда Шығыс Еуропаның Орал тауларынан Днепр өзенінің оң жақ жағалауына дейінгі жерлерді алып, Сібірге терең бойлап еніп жатты. Оңтүстігінде Орданың жері Қара теңізбен, Кавказ тауларымен және моңғол Ильхандар династиясының қол астындағы Персиямен шектесіп жатты. [4]
Қайтыс боларының алдында Шыңғыс хан өз иелігіндегі жерлерді төрт ұлына бөліп берді. Жошының үлкен ұлдары Бату мен Орданың еншісіне моңғол иеліктерінің қиыр батысында жатқан оңтүстік Ресей мен Қазақстанның жерлері тиді. Бату Көк Орданы, Орда Ақ Орданы билей бастады.
1235 жылы Бату (тұңғыштық жолымен) қолбасшы Сүбедей баһадурдың көмегімен батысқа қарай жаңа жорық бастап, алдымен башқұрттарды, сосын 1236 жылы Еділ Бұлғариясын жаулап алады. 1237 жылы ол Украинаның оңтүстік даласын жаулап, ондағы құмандарды батысқа қарай ығыстырды. Содан ол солтүстікке қарай бұрылып, Русьқа басып кірді де үш жыл бойы орыс княздықтарын жаулаумен болды, сол кезде Күйік пен Қадан оңтүстікке қарай жылжыды. [5]
Жошы ұрпақтарының қоластында
көшпелі және отырықшы, сонымен
қатар түрлі тілдерде
Мәдениеттің даму деңгейі жоғары мемлекеттерімен достық қатынастар мен көшпелі әскери өмір сүру салтын мұсылман дәстүрлерімен жақындасуы Жошы Ұлысының мемлекеттік
құрылымын өзгертпеді. Әкімшіліктің қолдауымен ондаған ірі қалалар қарқынды дамып, өзіндік Жошы Ұлысының мәдениетін айқындайтын стиль қалыптастырды. Алтын Орданың дамуындағы ерекшелігі көне қалаларды жанарту мен жаңа қалалардың негізі қалануы мен қарқында дамуы болды. Егоровтың зерттеулері бойынша (Егоров, 1985,75-141) Алтын Ордада болған қалалар мен халық қоныстанған аймақтардың саны жүз онға жуық болған, бірақ бұл тек археологтармен табылған және зерттелген қалалар қалдықтарының саны.
Алтын ақшаны шығару құқығы бар ең ірі қалалар: Сарай, Сарай әл – Жедід, Хорезм, Орда – Базар, Бек – Базар, Үкек, Сарайшық, Моқшы, Шехр әл - Жедід және басқалары болған. Осы қалалар тек қана қолөнер және сауда орталықтары ғана емес, сонымен қатар ірі әкімшілік, мәдени орталықтар да болған. Қазіргі кезге дейін сақталған материалды мәдениетке қарағанда Алтын Орда отырықшы өмір салты басым болған, қала құрылысы жақсы дамыған мемлекет болған. Осыған орай мемлекетте дамыған қалалар туралы жиналған деректер сол кездеі мәдениеттің даму деңгейін көрсетуге көп үлес қосады. Зерттеушілер қала тұрғындарының саны Өзбек хан мен Жәнібек хан билік еткен кезеңде өскенін айтады. Плано Каприни 1246 – 1247 жылдары барлық Алтын Орданы, шығыстан батысқа, және батыстан шығысқа қарай өткен жолында бір де бір адам кездестірмегені туралы жазса, алты жылдан кейін осы жерлерде Рубрук өзінің зерттеулерін өткізіп, жаңа қалалардың қарқынды салынып жатқаны туралы жазады. Алтын Орда астанасы – Сарай қаласы туралы ең алғашқы деректерді Рубрук қалдырды. Ол осы қалада 1254 жылы болды. Мемлекеттің барлық аймақтарында қала және ауыл тұрғындарымен отырықшы аймақтар пайда бола бастады. Олардың қатарына Еділ өзенінің жағалауын, әсіресе төменгі ағысындағы аймақтар, Хорезмді, Теректің үстінгі және ортанғы ағысын, Қырымның оңтүстік жағалауын жатқызуға болады. Алтын Орда кезінде ерекше қала мәдениеті қалыптасты. Бұл мәдениеттің дамуына Шығыс Еуропа, Батыс Сібір, Қазақстан мен Солтүстік Аралды мекендеген барлық елдер үлесін қосты. Алтын Орданың саяси негізгі қалаларында ірі көшелер болатын. Ал тұрғындар таза суды фонтандардан алатын. Барлық қалалар мен ауылдарда моншалар болатын.
XIV ғасырдың басында ислам дінін қабылдау рұқсат етілді, бұл исламның мемлекеттік дінге айналғанын аңғартады. Осы жай Евразия материгіндегі барлық түркі тектес халықтарының дамуына үлкен үлес қосып, жалпы этносты құрды. Жошы ұрпақтарының ислам дінін қабылдау мемлекеттің саяси дамуын өзгертпегенімен Өзбек ханның тұсында Алтын Орда мәдениеті мұсылмандықпен тығыз байланысты болды.
Алтын Орданың ірі қалаларында, Бату Сарайда, Бұлғар қаласында, Солтүстік Кавказда ірі мұсылман қоғамдары жұмыс істеген.
Ал Алтын Орданың діни орталығы Сарайшық қаласы болатын. Мұнда ислам накшбенди, иасауилік және кубрави секілді сопылық ағымдардың ықпалымен дамыды. Бұл діни – философиялық ілімдердің исламнан ерекшеленетін тұстары бар және олар жергілікті халық ұстанған дін мен исламның қосындысы іспетті болды.
Осыған дәлел ретінде Алтын Орда кезінің қорғандарды бола алады.
XIII ғасыр кезіндегі Алтын Орда қорғандарында алтын, күміс тиындар табылды. Бұл табылған тиындарды ғалымдар екіге бөледі. Бірінші топ, әшекей ретінде қолданған тиындар. Екінші топ, қайтыс болғадардың «тұмары» болып саналады.
Бірінші топ тиындардың екінші топтан айырмашылығы, олардың ортасында тесілген жері болатын. Ал екінші топ тиындардың тесілген жері болған жоқ және олар барлық қорғандарда бірдей жерлерде табылған. Көбінесе ол ауызда, қолда, кеуде жағында, кейде қорғанның түбінде табылатын.
ХIII-ХIV ғасырларда Алтын Ордада сауда – саттық пен экономикасының дамуына байанысты, қорғандарда үй жануарларының сүйектері де пайда бола бастады. Сонымен қатар, Алтын Ордада өзінің ақша бірлігі пайда болған соң, тиындар қазылған қорғандар көбейді. Бірақ, ислам діні жерлеу рәсіміне негізгі екі талап қояды, біріншісі, қорғанда сабаннан басқа ешқандай заттардың болмауы; екіншісі, қобыланың сақталуы, яғни, қайтыс болған адамның беті Меккеге қаратылуы.
Мемлекетке жаңа дін келген соң, қайтыс болған адамның жанына тиын салу рәсімі өзгеру немесе жойылып кету керек. Ғалымдардың айтуы бойынша бұл рәсім, жетісіне келген адамдарға шариатта міндеттелген ақша тарату рәсіміне айналған деп болжам айтады.
Ислам дінін қабылдау Алтын Орданың дамуына үлес қосты. Ол Алтын Орда кезіндегі әдебиетке де әсерін тигізеді. Мысалы, көптеген алтынордалық жазушылар Шығысқа електейді, немесе Шығыс жазушыларының еңбектерін түрік тіліне аударады.
Өкінішке орай Алтын Орда дәуірінде өмір сүрген ақын-жазушылардың, жасалған жазба нұсқалардың, әдеби шығармалардың көбі ұмытылып, жоғалып кеткен. Тек кей жазушылардың лақап аттары мен тек бір — екі шығармалары сақталған.
Рабғұзи (XIII-XIV ғғ.) – Насреддинұлы Бұрһанеддин есімді ақын-жазушының лақап аты. Рабат шаһарының оғызы деген сөздерден қысқартылып құрастырылған. Тарихта ол көбінесе осы атпен белгілі. Рабғұзиден қалған әдеби мұра – «Қиссасу-л-анбия» атты үлкен жинақ. Онда жетпіс тоғыз қисса-хиқая, ертек-аңыз, әңгіме, өлең, тарих, шежіре, мақала бар. Оларда жер, көк, адамзат, әулие-әнибелер, пайғамбарлар, сахабалар туралы баяндалады. Ізгілік, адамгершілік, зұлымдық, қайырымдылық, махаббат, ғадауат, қастық, достық т.б. сөз етіледі.
Әли (XIII-XIV ғғ.) – Хорезмнен шыққан ақын. «Қиса Жүсіп» деген дастаны қалған. Онда Фирдауси жырлаған Жүсіп пен Зылиха жайындағы аңыз баяндалады. Өзі мен шығармалары жөнінде осыдан басқа мәлімет жоқ.
Хорезми (XIV ғғ.) – үлкен ақын. «Мұхаббатнама»
атты поэма жазған. Поэмасында «Сырдария
жағасында жасадым. Мұхаббатнама сөзін
сонда бірінші рет айттым» дейді. Сыр бойындағы
Жезді қаласында тұрған сияқты.
Шын аты – жөні, басқа шығармалары сақталмаған «Мұхаббатнама» мақсатына жете алмаған жігіттің ғашығына айтқан арнау сөзі түрінде жазылған. Он бөлімнен немесе он өлеңнен тұрады. Өлең тармақтары көбінесе он бір буынды болып, маснауи, қасида, ғазал түрінде қиыстырылған. Сюжеті
қисынды, қызықты, тілі көркем поэма. «Мұхаббатнама» - Алтын Орда дәуіріндегі әдебиеттің ең көрнекті нұсқасы.[6]
Құтб (XIV ғғ.) «Хисрау Шырын», «Фархад - Шырын» дастандарын жазған. Бұл дастандарда автор өзінен бұрын баяндалған тақырыпты өзінше
жырлайды. Бұл екі шығарманы осы аттас Низами поэмалардың түрікше нұсқасы десе де болады.
Дүрбек (XIV- XV ғғ.) мұсылман елдерінің бұрын соңды өткен ақындары жырлаған «Жүсіп - Зылиқа» аңызын түрік тілінде дастан еткен. Оны 1409 жылы аяқтағаны белгілі. Дүрбек жөнінде басқа мәлімет жоқ.
Сақақи (XV ғғ.) Сырдария мен Амудария аралығын мекендеген ру-тайпалардан шыққан. Алтын Орда дәуірінің үлкен ақындарының бірі. Өлеңдер жинағын шығарған. Сақақи өлеңдері көбіне дүние жайында және лирикалық болып келеді.
Сонымен, Алтын Орда дәуірінде оның қол астында ру-тайпалардың улкен-кішілі бірсыпыра ақын-жазушылары, тума әдебиеті болды. Онда аударма шығармалар да едәуір орын алды. [7]
Алтын Орданың саяси тарихы.
Жаулап алулармен байланысты барлық мақсаттарға жеткен Бату хан енді, жаулап алған жерлерді басқару жүйесін орнатуға кіріседі. Жаулап алыңған жерлерінде моңғолдар жергілікті әкімдердің жұмысын және жиналатын салықты бақылау үшін әкімшілік аудандарын құрды. Бұл әкімшілікті қоластында қаруланған әскер құрамасы бар «дарұға» басқарған.
Мемлекет көпұлтты болды. Мемлекетті негізінен, қыпшақтар, бұлғарлар, орыстар мекендеді. Сондықтан, Алтын Орданың даму тарихын қарастырғанның алдында оның атауы туралы сұраққа жауап беру керек. Бұл сұрақ қазіргі кездегі белгілі Алтын Орда туралы жазылған ортағасырлық құжаттарда Алтын Орда деген атау кездеспейтініне байланысты тауындайды. Осы мәселені үш жақтан қарастыруға болады: мемлекетті тұрғындар қалай атады, оны көршілес мемлекеттер қалай атады және мемлекет жойылғаннан кейін қандай атты иемденді.
XIII ғасырларда пайда болған моңғолдық мемлекеттер, Шыңғысханнан келе жатқан тектеріне байланысты атауларды пайдаланды. Мемлекет басшысы болса, оған билік етуге тиген жерлерді тек қана ұлыс деп атаған. Осыған мысал, Қыпшақ жерлеріне ие болған Жошы хан алғашында ұлысын Жошы Ұлысы деп атайды. Тек, Тоқтамыс ханның Ұлы Ұлыс деп қойған атауы ғана көпке сақталып қалды. Ұлыстың беделін көрсететін осындай ерекше атуды саяси хат алмасу кезінде басқа хандар да пайдаланды.
Ал ортағасырлық еуропа мен азияның мемлекеттері Жошы Ұлысын түрліше атайтын. Араб көне жазбаларында мемлекет белгілі бір уақыт аралығында билеген ханның атымен аталған, мысалы, «Берке, татарлардың ұлы ханы», «Тоқта хан, татарлардың ханы».
Басқа жағдайларда ханның атымен бірге, оның билік жүргізген жерлері де айтылатын, «Өзбек, солтүстік елдердің басшысы», «Тоқта хан, қыпшақ жерлі мен Сарайдың ханы», «Дешті – Қыпшақ даласының билеушісі — Тоқта». Кейбір кезде, араб пен парсы жылнамаларда Алтын Орда Жошы ұлысы, Бату ұлысы, Берке ұлысы, Өзбек ұлысы деген атпен аталады. Осы атау жиі ханның тек билеген жылдары ғана емес, сонымен қатар оның өлімінен кейін де қолданған, «Өзбек хан, Берке мемлекетінің билеушісі».
Бүкіл Орданы жүріп өткен еуропалық саяхатшылар, П.Каприни мен Г.Рубрук оны атау үшін «Командар мемлекеті» немесе «татрлар державасы» деген ескі терминдерді қолданады. Бенедикт XII өзінің хатында Жошы мемлекетін «Солтүстік татария» деп атаған. Орыс жылнамаларында оңтүстіктегі көршілес мемлекетті атау үшін этникалық атаулар пайдаланады. Тек XIII ғасырдың соңына қарай ғана оған Орда деген атау берілді де, мемлекет жойылып кеткенге дейін бұл атау сақталды.
Ал қазірде сіңіп кеткен «Алтын Орда» деген атауға Бату хан негізін қалаған мемлекеттің ізі қалмаған кезде ғана қолдана бастайды. Бұл атау ең алғашқы рет XVI ғасырдың екінші жартысында жазылған «Қазан жылнамаларында» қолданады. Осы жылнамаларда бұл атау «Алтын Орда» және «Ұлы Алтын Орда» ретінде кездеседі. Бұл атаудың пайда болуына ханның Еділ мен Жайық арасындағы алтынмен әшекейленген ордасы түрткі болған, деген болжамдар бар.
Сонымен, 1234 жылдың қысына қарай, жас мемлекет бірітіндеп дами бастайды, оның ішінде сауда басты орынға шықты. Жаңа құрылғанына қарамастан, мемлекет күшті болады. Даланың алып мемлекетімен көршілес орналасқан ұсақ князьдіктер қарым – қатынас орнатуға асығады. Алғашқылардың бірі болып, Бату ханға князь Ярослав Всеволодович келіп, тыныштық сұрайды, сондай – ақ, алым – салық төлеп тұруға келіседі. Оған Ұлы Владимир – Суздаль жері мен Киев тізгіні табысталып, жарлық шығарады. Бірақ, сол кезде Алтын Орда және басқа да Шыңғыс хан ұрпақтары билік етекен мемлекеттер Моңғол империясының құрамына енетін. Осыған байланысты империяны құрған мемлекеттерде пайда болатын барлық маңызды саяси сұрақтарын Қарақорымдағы орталық шешетін. Ясының бір тармағы жаулап алынған жерлерден алынатын салықтын бір бөлігі Шыңғыс ханға өтетіні туралы айтылған. Сонымен қатар, әр ұлыста Шыңғыс ханның жеке жерлері болатын. Және де тек Қарақорымдағы орталық қана, барлық саяси маңызды шешімдерді қабылдай алатын. Бір – бірімен тығыз байланысты мұндай жүйені құру империяның тәуелсіз мемлекеттерге бөлінуден сақтау керек еді. Сондықтан, Бату ханның жарлығын Ұлы ханның жесірі Туракин хатун бекітуі тиіс еді. Князь Ярослав Қарақорымға аттанады да, рұқсап алып отанына қайтады.
1246 жылы Моңғолияның
ханы болып Туракин ханумның
баласы Күйікке өтеді. Бірақ оның
өлімінен соң, тақ иесіз қалады.
1250 жылы Шағатай ұлысында
Үгедей мен Шағатай ұрпақтары бұл мәселеге келіспей, Жошы мен Төле ұрпақтарына қарсы бірігіп қарсы шығады. Осы бүліктерден кейін, 1251 жылы шілде айында Қарақорымда қайта құрылтай шақырылады. Соңында Ұлы хан болып Мөңке сайланды.
Алайда, Моңғол империясының заңды мұрагері, Үгедейдің немересі Ширамун империяда жаңа бүліктер шығарып, тақты тартып алмақшы болды. Бірақ, Мөңке хан жағдайды кезінде естіп, бүлікті тоқтату үшін Ширамунның қостарын қоршаға алады.
Шағатай мен Үгедей ұлысының жетпіс жеті сұлтан, мырзасы және жесір ханым Огул – Гаймикше өлім жазасына кесіледі. Мөңке хан бүкіл империя бойынша тексеру жүргізеді. Мұның кесірінен, Шағатай мен Үгедей ұлыстарында кей жерлер иесіз қалады. Артынша ол жерлерге жаңа басшылар келе бастады.
Нәтижесінде, Үгедей Ұлысының шекарасы біршама тарылып, Шағатай Ұлысы тарап кетті. Ал Мөңке өзінің жерін оңтүстік – батыста Сырдарияға дейін кеңейтті. Бату хан империясының шегі Жетісудағы Шу өзеніне қарай жақындады. Ол сондай – ақ, Мауреннахр мен Кавказ өңірін өз билігінде ұстады.
Алтын Орда ханы Кавказдың билігін кіші інісі Беркеге табыстады. Мәуреннахрдағы өкілі Масыдбек болады. Ол әйгілі саудагер Махмұд Ялавачтың ұлы деген мәлімет бар.
Бату хан кезінде Алтын Орда, тәуелді болғанымен, ортағасырлық алып мемлекет болатын. Ол шығысы Ертіс өзенінен батысы Дунайға дейінгі арлықты алып жатты. Бату хан билеген жылдары хабар алысу ісі жақсы жолға қойылды. Ең шеткері орналасқан аймақтармен де байланыс күшейе түсті. Халық санағы жүргізіліп тұрды, салық жүйесі қалыптасты, кеден жұмыс істеді, жалпыға ортақ заң бекітілді. Сондай – ақ, әлем тарихында алғаш рет осыншама байтақ жерге ақша бірлігі жүрді.
Алтын Орданың астанасы Еділ мен Жайықтың ортасында орналасқан Ескі Сарай немесе Бату Сарай қаласы болатын. Археологиялық қазбалар нәтижесінде, бұл қала ортағасырлық ең ірі қалалардың бірі болатын.
Алып империяның негізін қалаған Бату хан 1255 жылы қырық сегіз жасында дүние салды. Оның өлімінен кейін тікелей билікке талас басталады.
Ол заманда Алтын Орданың әміршілерін Ұлы ханның өзі сайлайтын. Ал Береке хан билікке ресми түрде 1258 жылы Мөңке хан бекіткеннен кейін келеді. Берке өте белгілі тұлға болатын. Ол туралы деректер тек орыс, араб жылнамаларында ғана емес, сондай – ақ, қытай деректерінде кездеседі.
Бату хан тірі кезінде де Берке Моңғол империясында беделді саясаткерлердің бірі болатын. Алтын Орданы билеген кезде ол қатал әмірші болғаны белгілі. Сонымен қатар, Берке мұсылман дінін қабылдаған алғашқы алтынордалық хан болатын.
1259 жылы Берке
хан, салық жинау үшін, Новгородта
халық санағын өткізуді
Бұл кезде Ұлы хан Мөңке 1259 жылы тамыз айында қайтыс болады.
Берке хан Моңғол империясында болып жатқан оқиғаларды назарында ұстады. 1260 жылы Ұлы хан болып Құбылай сайланады. Ол Моңғол империясының бас ордасын Ханбалыққа (Пекин) ауыстырды және сол жерде чжунтун («ортаңғы әмірші») лауазымын қабылдады.
Осы әрекетті негіз етіп Берке хан Құбылай билігін заңсыз деп танып, оған бағынудан бас тартты. Моңғол ақсүйектері де Құбылайға қарсы жаппай көтерілді.
1260 жылдың
маусым айында Құбылайдың
Берке хан Арық Бұғаны жақтады да, Алтын Орданы Моңғол империясының құрамынан бөліп алуға күш салады. Осы кезде Шағатай мен Үгедей ұрпақтары елдегі ішкі тартысты пайдаланып, өздерінің бұрынғы ұлыстарын қайтарып алады. Нәтижесінде, Жошы ұрпақтары Мәуреннахрдағы ықпалдарынан айырылып, ол жерлерді тастап шықты.
1960 жыл –
Моңғолия империясы ыдырай
Осы кезде Крестшілер жорықтары мен Құлағу әскерлері ислам дініне жойылып кету қаупін туғызады. Осы жылдары «Түркілер империясы» атты империя құрылып, оны Сұлтан Бейбарыс билейді. Бұл тарихқа «мәмлүктер» деген атпен енді. Мәмлүктер Алтын Орда ханы Берке ханымен достық қатынаста болады. [8]
1262 жылы Әзербайжанды
Алтын Ордаға қосу мақсатымен
Құлағу әулетіне соғыс
1265 жылы илхан
Құлағу дүние салады. Енді билік
оның баласы Абаға өтеді. Деректер
бойынша екі мемлекет арасында
достық қарым – қатынас
Осы уақытта Берке хан әскерін Кавказ жеріне қарай бағыттады. Ол бұл жерде көп уақытқа тоқтамады. 1266 жылы Берке хан Тибилисиден шыққан жолда дүние салды. Деректер бойынша оның денесін Бату Сарайға жеткізіп, сонда жерледі. Енді Алтын Орда тағына Менгу – Темір отырды.
Менгу – Темір – Тоқтайдың ұлы, Батудың немересі.оның есімі Алтын Орда тарихында тәуелсіз мемлекеттің бірінші әміршісі ретінде сақталды. Ол өз атынан ақша шығару арқылы, Алтын Орданың толық тәуелсіз екенін көрсетті.
Билік басына отырған соң, Меңгу – Темір Қырымға бас етіп Тоқа – Темірді отырғызады. Кейін ол Феодосияны басқаратын болады. Осы істері арқылы басқа елдермен сауда айналымын құрғысы келгенін көруге болады.
Сол жылдары Алтын Ордадағы ең ықпалды тұлға түменбасы Ноғай еді. Ол Дунай мен Днепр арсында көшіп, Болгария мен Молдавияны бақылайтын. Сондай – ақ ол ықпалын Византияға да жүргізіп отыратын. Осыны пайдаланып, Менгу – Темір 1266 жылы Бұлғар хандығына жорық ұйымдастырып, онда екі жыл билік жүргізеді.

- Бөлшек қызметтер нарығындағы банкаралық бәсеке
- Бөлшек сауда дүкеніндегі бухгалтерлік есеп пен салық салу
- Бөлшек сауданың табиғаты және маңызы
- Бражная колонна брагоректификационного аппарата косвенного действия производительностью 2,7 тыс. дал/сут
- Бразилия
- Бразилия
- Бразилия
- Бөкей ордасындағы білім беру мәселесінің теориялық негізі
- Бөлім Ақшаның мәні және қызметтері
- Бөлім «Альянс Банкі» АҚ тәжірибесі негізінде корпоративтік борышкерлерді несиелеуді ұйымдастыру және оны жетілдіру бағыттары
- Бөлім Бұрандалы сорап қондырғысының тиімділігін талдау
- Бөлім Етістіктің жіктелу ерекшеліктері
- Бөлім Оқушы темпераментімен санасу
- Бөлім Сот үкімі