Бөлім Етістіктің жіктелу ерекшеліктері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны:

 

Кіріспе..............................................................................................................................3

І Бөлім Етістіктің қазақ тіл білімінде зерттелуі

1.1 Етістіктің лексика-семантикалық жағынан алуан түрлігі.....................................4

1.1.2 Негізгі және туынды түбір етістіктер...................................................................9

1.1.3 Жетекші етістік пен көмекші етістіктің арақатынасы......................................10

1.2 Көмекші етістіктер және аналитикалық форма....................................................12

ІІ Бөлім Етістіктің грамматикалық категориялары.

2.1 Рай категориясы және шақ категориясы...............................................................18

2.2  Етістіктің жіктелу ерекшеліктері. Жақ категориясы..........................................20

ІІІ Бөлім Етістіктің жіктелу ерекшеліктері.

 3.1 Салттылық және сабақтылық категориясы..........................................................21

 3.2 Етіс түрлері, ол жөніндегі зерттелу мен оқулықтардағы ой-пікірлері..............22

Қорытынды ................................................................................................................25

Пайдаланған әдебиеттер.............................................................................................28

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі: Етістік - қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделілерінің бірі. Оның күрделілігі лексика-семантикалық сипатынан, грамматикалық формалары мен категорияларының көптігінен, синтаксистік қызметінен айқын көрінеді. Етістіктің осындай сан кырларын зерттеуге арналған еңбектер аз жазылмаса да, оның грамматикалық категория ретіндегі барлық ерекшелігі танылып, толық зерттелді деуге бола қоймас. Өйткені етістіктің лексика - семантикалық сипатын, грамматикалық ерекшеліктерін зерттеуде толықтыра түсуді қажет ететін тұстар, сондай-ақ жекеленген мәселелердің төңірегінде ала-кұла пікірлер де кездеседі. Сондықтан бұл жұмыстың өзектілігі осында.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақ тіліндегі етістікті және оның лексикалық - грамматикалық категориялары жайлы ғылыми ой- пікірлер мен көзқарастарды салыстыра отырып, бұл категорияның қазақ тіл біліміндегі өзіндік орнын айқындап, айшықтап, кеңінен талдап, талқылап зерттеу.

Зерттеу әдісі: Жұмыста баяндау, талдау, салыстыру, сипаттау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері қолданылады. Етістік түбірін арнайы зерттеген А.Хасенова етістік түбірі туралы былай дейді: «Түбір сөз немесе түбір тұлға деп аталатын термин тұрғысынан келгенде, етістіктің басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшелігі бар. Ол мейлі негізгі я туынды түбір (біт, өкін, өйтіп, өйтпегенде) дара я күрделі (біліп ал) тұлғаларда келгенмен, шақ, рай, т.б. грамматикалық категориялардың белгілі мағыналарында қолданылады. Осы келтірілген әрбір етістік 2 жақ-тың жекеше анайы түріне қаратыла айтылып (сен оны біліп ал), бұйрық рай, келер шақ мәнін білдіреді. Былайша айтқанда, бұл грамматикалық мағыналар етістік түбіріне тән қасиеттер деп саналады».[ 1. 162] Түбір - сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін мағыналы түпкі бөлшегі екені белгілі. Етістік түбірінің өзіндік ерекшеліктері оның лексика-грамматикалық сипатынан туындайды. Етістік қазақ тілі грамматикаларында, оқулықтарда, арнайы зерттеу еңбектерінде «етістіктің түбірі- бұйрық райдың 2 жағы» деп, екеуінің арасында тепе-теңдік белгісі қойылады.  Бұйрық мағына түбір етістіктің өзінде берілген, сондықтан бұйрықтың қай жаққа қатысын білдіру үшін етістікке тек жіктік жалғау жалғанады. Қазақ тілінде етістіктің бастапқы түрі бұйрық райдың 2 жақ жекеше түріне ұқсас болып саналады.

 «Етістіктің морфологиялық  белгілері мынадай: етістіктің түбірі 2 жақтың бұйрық райы болады  да, оның басқа түрлері оның  осы формасына қосымшалар қосылу  арқылы жасалады. Яғни оның морфологиялық категориялары бұйрық райдан өрбіп жатады: оқы-р, -йтын, -ғалы, -й, -ған, -ып, -с, -ды т.б

 Демек, бұл айтылғандар етістіктің  түбір тұлғасы өзіне о бастан  тән қимыл, іс-әрекетті білдіру  мағынасымен бірге, түбір күйінде  тұрып бұйрықтық мағынамен 2 жақ жекешелік мағынаны білдіре алады деуге саяды. Яғни етістіктің түбірі мен 2 жақ бұйрық рай тұлғасы бір ұғым болып саналады. Бұл қазіргі қазақ тілінде қалыптасқан пікір.

 

І Бөлім Етістіктің қазақ тіл білімінде зерттелуі

1.1 Етістіктің лексика-семантикалық жағынан алуан түрлігі

 

Етістік категорияларының ерекшеліктерін айқындамас бұрын соларға негіз болатын тұлға - етістік түбірінің ерекшеліктерін анықтап алу қажет, өйткені, кейінірек көрсетілгендей, етістік түбірдің түрленуінде, сөйлемде қолданылуында басқа сөз таптарынан ерекшеліктері бар: лексикалық мағына білдірсе де, сол күйінде сөйлемде қолданыла алмайды, тікелей жіктелмейді т.б.

 Қазіргі қазақ тілінде етістік - ең күрделі сөз табының бірі. Бұл оның лексика-семантикалық  ерекшелігінен, түбір тұлғасы мен оған үстелетін грамматикалық формаларының қат-қабаттылығынан және олардың ара-қатынасынан, грамматикалық категорияларының әр түрлілігінен, жаңа сөз жасау жүйесінен, қолданылу аясынан, сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметінен т.б. лексика-грамматикалық қасиеттерінен байқалады. Етістіктің зат есім сияқты көне сөз табы екендігі, басқа сөз таптарын жасауға негіз болатындығы, яғни тарихи-генеалогиялық ерекшеліктері өз алдына бір төбе.

 Ең алдымен, етістік семантикалық  жағынан тілімізде қимылды, процесті, әр түрлі өзгеріс, құбылысты білдіретін сөздер болып табылады.

 Қазіргі кезде сөздерді топтастырудың  лексика-семантикалық, морфологиялық  түрлену жүйесі, синтаксистік қызметі  сияқты үштүрлі ұстанылының белгілері  етістік деп танылып жүрген  сөздердің өн бойынан айқын байқалады да солардың негізінде етістіктің жеке сөз табы болып бөлінуі ешбір күмән тудырмайды.

 Етістіктер басқа да мағыналы  сөз таптары сияқты түбір күйінде  де, өзіне тән әр түрлі грамматикалық  тұлғаларда да қолданылады деп  асығыс айтып жүрміз. Бірақ, етістіктің осындай түр-тұлғаларының қолданылуында бірден сырт көзге іліне бермейтін ерекшеліктер бар екенін көрсеткен жөн. Ең алдымен, ол ерекшелік етістіктің түбір тұлғасының лексика-грамматикалық сипатымен байланысты. Қазіргі қазақ әдеби тілінде етістіктің түбір түлғасы (негізгі түбір болсын, туынды түбір болсын) сырт қарағанда етістіктің кейбір грамматикалық категорияларының формаларымен, атап айтқанда, бұйрық райдың 2-жақ анайы тұлғасымен сәйкес келеді. Бірден ескертетін жайт -егер бұйрық райдың (2-жақ) формасы бірінші және үшінші жақ тұлғаларын жасауға негіз тұлға болса, онда ол 2-жақ бұл парадигма жүйесіне кірмеуі керек, яғни бір грамматикалық түрлену жүйесінің түрлері, бір жағынан, бір-бірінен функциялық, мағыналық, тұлғалық сияқты өзіндік ерекшеліктері арқылы ажырайтын, екінші жағынан бір-бірімен тең дәрежедегі тілдік құбылыс болып саналады.

 Олай болса, бір ұғымды, яғни  етістіктің белгілі бір тұлғадағы  грамматикалық мағынасын және  оны білдіретін грамматикалық  формасын бірде - етістіктің түбір тұлғасы деп, екінші бірде - бұйрық райдың жекеше, анайы екінші жақ тұлғасы деп, екі түрлі атаудың қаншапықты қажеттігі бар? Біріншіден, бұл екеуі бір ғана грамматикалық құбылыс болса, оны бір-ақ түрінде ғана атау керек. Екіншіден, бұйрықтық, жақтық (екінші, анайы) мағына етістік түбірге тән мағына болса, онда ол тұлға етістіктің белгілі бір грамматикалық категориясының (райының) бір грамматикалық түрі, көрінісі (бұйрық рай) бола алмас еді.

Етістіктің түбірі білдіретін жалпы грамматикалық мағына етістіктің барлық басқа тұлғаларында сақталып тұратын қимылды білдіру мағынасы да, ал 2-жақтық, бұйрықтық мағына - етістіктің белгілі сөздермен (сен деген бастауышпен) сөйлемде белгілі (жақгық, жекешелік, бұйрыідық) қарым-қатынасқа түсудің және соның негізінде белгілі тұлғада жұмсалудың нәтижесінде пайда болатын мағына. Яғни бірінші мағына толық мәнді сөз болғандықтан лексикалық мағынаның жалпылануы (жалпы грамматикалық) негізінде (сөз табы ретінде) қалыптасқан, түбірге тән қимылды білдіру - жалпы грамматикалық мағына да, екінші - сөйлеу процесінде сен деген сөзбен байланысқа түсу нәтижесінде (субъектілік-предикаттық қатынасқа түсу нәтижесінде) пайда болатын мағына. Мысалы, қимылды білдіру етістік түбіріне тән болса, зат есім түбіріне заттық мағына, сын есім түбіріне заттың әр түрлі сынын, сапалық, қатыстық белгісін, түсін т.б. мағыналарды білдіру тән болып келеді. Сөздің түбір тұлғасы білдіретін негізгі жалпы грамматикалық мағынасы сөз табына қарай топтаудың бір межесі болып табылады да, ол сөз сол сөз табының грамматикалық тұлға пары арқылы түрленудің нәтижесінде кейін сөйлеу процесінде пайда болатын категориялық грамматикалық мағыналармен қатар өмір сүреді. Яғни түбір тұлғаға жаңа грамматикалық форма жалғанып, оған жаңа (категориялық) грамматикалық мағына үстелгеннен түбір білдіретін негізгі жалпы грамматикалық мағына жоғалып кетпейді. Егер түбір тұлға білдіретін грамматикалық мағына ондайда жойылып кетсе, онда жалғанған грамматикалық тұлға сол сөз табының сөз түрлендіруші формасы емес, басқа сөз табын жасайтын сөз тудырушы немесе сөзжасам көрсеткіші болғаны, сөйтіп ол сөз басқа сөз табына ауысып кеткені, я бұл сөз табының түбір тұлғасына ондай грамматикалық мағына тән болмағаны. Ал бұл жерде етістіктің шақтық, болымсыздық, шарттылық, жақгықт.б. мағыналарды білдіретін тұлғалары түбір тұпға мағынасын өзгертіп жіберетін сөз тудырушы көрсеткіш бола алмайтыны түсінікті. Түбір тұлға білдіретін мағына мен сол сөз табының әр түрлі формалары үстелуі арқылы пайда болатын грамматикалық мағыналардың салмағы, қызметтері бірдей емес. Басқаша айтқанда, түбір мен қосымшалар морфема ретінде морфологияның объектісі болғанмен, әртүрлі лексика-грамматикалық қасиеттері арқылы бір-бірінен ерекшеленетіні сияқты олар білдіретін грамматикалық мағына да, яғни түбірде жалпы грамматикалық мағына да, қосымша да, жеке грамматикалық мағына да бір-бірінен ерекшеленеді.[ 2. 128-136]

1.2 Негізгі және туынды  түбір етістіктер

 

 Түбір тұлға білдіретін мағына  негізгі лексикалық мағынасынан  туындап, жалпылануы арқылы сол  сөз табының сөз табы ретінде қалыптасқаннан кейінгі орныққан, тұрақталған грамматикалық мағынасы, сондықтан ол мағына сөздің жеке тұрғандағы түрінен байқалса, сөз табының тұлғалық мағыналары сөйлеу процесінде, ол сөздің басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде пайда болатын және белгілі грамматикапық формалар арқылы берілетін мағына болып табылады. Ол форма арнаулы грамматикалық көрсеткіштер арқылы көрінуі мүмкін немесе тілдің даму барысында грамматикалық көрсеткіштері түсіп қалып қалыптасқан я белгілі бір тұлғадағы сөздермен синтаксистік қарым-қатынасының тұрақталу нәтижесінде пайда болатын арнайы грамматикапық мағынаның көрсеткіші ретінде қалыптасқан нөлдік форма болуы мүмкін. Сондықтан нөлдік форманың мән-мағынасы түбір тұлға ыңғайында емес, білдіретін мағынасы арқылы өзі енетін грамматикалық категорияның я парадигманың басқа түрлерімен салыстырыла, жіктеле қарастырылғанда ғана айқындалады. Яғни, мысалы атау тұлғаны басқа септік тұлғаларына негіз болатын түбір түлғамен бір деп анықтау дұрыс еместігі жоғарыда айтылады, онда атау септік басқа септіктермен тең дәрежеде болмас та еді, септік категориясының бір түрі болып есептел мес те еді. Атау септіктің арнайы грамматикалық формасы болмағанмен, бір жағынан, оны түбір тұлғада бөлек етіп танытатынын, екінші жағынан, сол арқылы басқа септік түрлерімен белгілі дәрежеде бірлікте тұрып, іштей олардан саралануға негіз болатын субстанттық мағынасы, сөйлемнің предикатымен жақтық жағынан қиыса байланысып, грамматикалық субъекті сияқты атқаратын қызметі бар екенін ескермеуге болмайды. Атау септіктің бұл ерекшелігі басқа сөз таптарының сөйлем ішінде атау тұлғада тұрып, бастауыш қызметін атқарып, субстантивтенуінен айқын көрінеді.

 Сондай-ақ етістік түбірдің  грамматикаларда көрсетіліп жүрген  бір ерекшелігі - олардың тікелей  жіктелмеуі. Ал бұйрық райдың 2-жағы - жіктелу үлгісінің бір көрінісі, яғни сөйлеу процесі нәтижесінде пайда болатын грамматикалық мағына. Міне, осы айтылғандардың барлығы етістіктің түбір тұлғасы мен 2-жақ бұйрық тұлғасы бір форма емес екендігін, тек сырттай сәйкес келетіндігін, «етістіктің түбірі - бұйрық райдың 2-жағы» деген анықтаманың қате екендігін, етістіктің түбірі басқа сөз таптарының түбірлері сияқты жеке тұрып қолданыла алмайтынын көрсетеді. И.Е.Мамановтың: «Түркі тілдерінде түбір етістіктер ешқашан басқа сөздермен тіркеске енбейді де, сол күйінде дербес сейлем мүшесі бола алмайды. Етістіктер есімше, көсемше, қимыл есімі, рай формаларымен түрленгенде басқа сөздермен синтаксистік қатынасқа еніп,сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалады»,-деген пікірінің өте дұрыс екенін байқаймыз.[3.62]

 Етістіктің түбір тұлғасы  қимылды, іс-әрекетті, процесті т.б. білдіреді және ол - етістіктің  жеке сөз табы ретіндегі жеке  тұрғандағы семантикалық белгісі, негізгі жалпы грамматикалық  мағынасы, ал бұйрық райдың 2-жағы  сол етістіктің сөйлеу процесінде басқа сөздермен карым-катынасқа түсудің нәтижесінде пайда болатын, грамматикалық нөлдік форма аркылы көрінетін түрлену мағынасы, яғни категориялық мағынасы болып табылады.

 Ал енді қазақ тілінде  бұйрық райдың 2-жақ анайы түрінің  сырт тұлғасы әуелден-ақ етістіктің түбір тұлғасымен бірден болған ба? деген заңды сұрақ туады. Оған жауап беру үшін бұйрық райдың жаққа қарай жіктелу ретін еске түсірейік.

 Жекеше 

 Көпше

 

 Мен бар-айын, кел-ейін 

 Біз бар-айық, кел-ейік

 

 Сен бар-, кел- 

 Сендер бар-ыңдар, кел-

 

 Сіз бар-ыңыз, кел-іңіз 

 іңдер

 

 Ол бар-сын, кел-сін 

 Сіздер бар-ыңыздар, 

 келіңіздер 

 Олар бар-сын, кел-сін

 Әрине, 1 және 3-жақтарда бұйрықтық  мағына 2-жақтағыдай емес. Ол түсінікті  де, өйткені адам өзіне-өзі (1-жақ) немесе көрінбеген бөгде біреуге (3-жақ) тыңдап отырған адамға (2-жақ) қаратылған сияқты толық мәнде бұйыра алмайды. Сол ерекшелігіне және 1 мен 3-жақтың қосымша тұлғасына қарап, кейбір ғалымдар, 1 және 3-жақтарда бұйрық рай жүйесінен бөліп қарау керек деген де пікір айтқан. Бірақ бұлардың ондай мағына ерекшеліктері оларды бөлек-бөлек грамматикалық категорияның я парадигманың көрсеткіші деуге негіз бола алмайды.

 Осы жүйедегі 2-жақтың жекеше, сыпайы түрі мен 2-жақтың көпше  анайы және сыпайы түрінің  тұлғаларына назар аударайық. Олардың қосымшалары: 2-жақ жекеше сыпайы түрінде -ңыз, -ңіз, -ыңыз, -іңіз, көпше анайы түрінде -ңдар, -ңдер, -ыңцар, -іңдер, сыпайы: -ңыздар, ңіздер, ыңыздар, іңіздер. Бұл қосымшаларды -ың (-ің, -ң), -ыз(-із) -ың (+ін.

+ң), -дар -(дер), -ың (-ің, -ң) ыз(із)+дар(дер) көптік ұғымның көрсеткіші, -ыз{із)-сыпайылық мәнді білдіруші, ал ~ың, -ің, -ң- екінші жақгың көрсеткіші. Демек, бұйрықтық және 2-жақтық (категориялық) грамматикалық мағынаны білдіретін арнайы грамматикалық форма, яғни, етістіктің түбір тұлғасынан өзге екенін көрсететін грамматикалық көрсеткіші осы болған. Ол жеке тұрғанда (2-жақ анайы, жекеше түрінде) түсіп қалып қолданылған да, бұл форма сырттай ғана етістіктің түбір тұлғасымен ұқсас болып кеткен, ал басқа қосымшалармен қабаттасып келгенде, оның құрамында сақталып қалған. Бұл процесс кейінгі кездің жемісі емес, ертеректе болған, сөйтіп, бұйрық райдың 2-жақ жекеше, анайы түрінің мағынасы сақталып, грамматикалық формасы түсіп қалып, нөлдік тұлғада жұмсалуы, яғни етістіктің түбір тұлғасымен сырттай сәйкес келуі тұрақты нормаға айналған.

 Сөйтіп, біріншіден, етістіктің  түбір тұлғасы мен бұйрық райдың 2-жақ тұлғасы бір емес, олар  сыртқы түрі жағынан ғана сәйкес  келеді, сондықтан оларды ажырата  білу керек, екіншіден етістік  түбірлері тікелей жіктелмейді, түбір тұлғасында белгілі бір мағына қимыл білдіргенмен, түбір күйінде тікелей сөйлем ішінде қолданылмайды, тек етістіктің белгілі грамматикалық тұлғаларын (есімше, кесемше, шақ, рай т.б.) жамылып және сол тұлғалар негізінде ғана жіктеліп барып жұмсалады. Тек қана қазіргі тілімізде отыр, тұр, жатыр (жат), жүр деген қалып етістіктері тікелей жіктеліп, қолданылады. Қалып етістіктері тек тікелей жіктеле апу жағынан ғана емес, басқа да сипаттары жағынан ерекшеленеді: 3-жақ жіктік тұлғасы мен бұйрық райдың 2-жақ тұлғасы сәйкес келеді: ол отыр - сен отыр, ол тұр - сен тұр, ол жүр - сен жүр, тек жатыр етістігі ғана 3-жақта ол жатыр болып, бұйрық райдың 2-жағында сен жат болып беріледі.[4. 124-128]

 Сондай-ақ қалып етістіктері  есімдерше, етістік тұлғаларының  ішінде есімдерше жіктеледі.

 

 Мен отырмын, тұрмын, жатырмын, жүрмін, көрермін;

 Сен отырсың, тұрсың, жатырсың, жүрсің, көрерсің;

 Сіз отырсыз, тұрсыз, жатырсыз, жүрсіз, көрерсіз;

 Ол отыр, тұр, жатыр, жүр, көрер.

 Біз отырмыз, тұрмыз, жатырмыз, жүрміз, көрерміз;

 Сендер отырсыңдар, тұрсыңдар, жатырсыңдар, жүрсіңдер, көрерсіңдер;

 Сіздер отырсыздар, тұрсыздар, жатырсыздар, жүрсіздер, көрерсіздер;

 Олар отыр, жатыр, тұр, жүр, көрер.

 Қалып етістіктерінің мұндай  ерекшеліктері олардың түбір  тұлға емес екендігінен болып отыр. Қазіргі кезде түбір деп айтылып жүргенмен, етістіктің белгілі формалары негізінде қалыптасқан да, онда сол формалардың грамматикалық қасиеті қалып қойған. Жатыр етістігінің жат түрінде қолданылуы оның түбір емес екендігін көрсетеді. Сондай-ақ отыр етістігі ол тұр - ол турар тұлғасынан қалыптасқандығы белгілі. Ал тұр мен жүр де, етістіктің тұрұр және жүрүр тұлғаларынан қалыптасқан, кейін соңғы -ұр, -үр қосымшасы түсіп қалғанмен, оның грамматикалық қасиеті, процессуальдық мәні сақталып қалудың нәтижесінде қалып етістіктері осындай ерекшеліктерге, яғни әрі түбір тұлға ретінде 2-жақ бұйрық рай тұлғасымен омоним форма құрап, әрі процессуальдық мәні сақталып, осы шақтың (нақ осы шақгың) негізгі грамматикалық көрсеткіші болып саналып, 3-жақ жіктік жалғау тұлғасында, нөлдік формада жұмсалуға ие болған.

 Сонда қалып етістігінің  осы мәндері бір тұлғадағы  ерекшеліктері ме? Деген сұрақ туады.

 Қалып етістіктерінің осындай  әр түрлі мәндері бар бір  ғана тұлғасының көрінісі емес. Мысалы, тұр - түбір десек, сен тұр - бұйрық райдың 2-жағы (жекеше, анайы түрі), ол тұр - 3-жақта жіктеліп қолданылған, бұлардың мағыналары қандай әр түрлі болса, формалары да сондай әр түрлі, түбірден басқасы - әр грамматикалық категорияның нөлдік формалары.

 

1.2 Жетекші етістік пен  көмекші етістіктің арақатынасы

 

Толық лексикалық мағыналы етістіктер жетекші етістіктер деп аталады. Мысалы, Кешкі алты боп қалды, қонақ үйдің фоэсіне жинала бастадық (Ш.Жиенқұлова). Мұндағы жетекші етістік жиналу лексикалық мағынаны білдіріп түр, ал осы тіркестегі баста етістігінің тойды баста дегендегі қолданыстағы бастау мағынасы жоқ, сондықтан оның лексикалық мағынасы болмағандықтан, ол жетекші етістік емес, грамматикалық мәндегі көмекші етістік болады.

 Жетекші етістіктің барлығы  сөйлемде субъектінің іс-әрекетін білдіреді. Мысалы, -Әже, мынау өзіміздің ... - деп ұмтыла бергенде Балзия оның иығынан тартып қалған (СЖүнісов).

 Жетекші етістікке тән бірнеше  белгілер бар:

1. Жетекші етістіктің міндетті  түрде лексикалық мағынасының  болуы қажет.

2. Жетекші етістік көмекші етістіктен бұрын тұруы керек, Бұл орын тәртібі үнемі тұрақты болып келеді.

 Тіліміздігі кез-келген лексикалық  мағынасы бар етістіктің бәрі  бірдей жетекші етістік бола  бермейді. Мысалы, келе берді, айтасалды, кездесе қалды, жылап жіберді, оқып  шықты, жазып бітті т.б.

 Грамматикалық дамудың нәтижесінде  өзінің бастапқы лексикалық мағынасынан  айырылып, грамматикалық қызметке  көшкен етістіктүрі көмекші етістіктердеп  аталады. Тілде көмекші етістіктердің  саны аса көп емес. Бірақ олардың  тілде атқаратын қызметі орасан зор. Қазақ тілінде отызға тарта көмекші етістіктер бар. Олар: ал, баста, бар, бер, біл, бақ, де, еді, ет, екен, емес, жазда, жатыр, жүр, тұр, отыр, кел, кет, қой, көр, жібер, жөнел, сал, түс, таста, қал, шық, қара, ет, біт.

 Көмекші етістіктердің өзіне тән бір ерекшелігі - көмекші етістіктердің лексикалық мағынасының болмауы. Мысалы, Екі көзі көкпеңбек, беті-мұрны қызарған, сағал сары Баймағамбет Абайдың мінезіне күліп жіберді (М.Әуезов). Берілген сөйлемдегі жібер көмекші етістігі қолданылған, ол етістікте ешқандай лексикалық мағына жоқ, күліп жіберді дегенде әңгіме күлу туралы болып отыр.[5.123-131]

 Профессор А.Ысқақов көмекші  етістіктердің қызметі туралы  былай дейді: «Олардың көмегі  арқасында, мағыналары қаншалықты  олқы бола тұрса да, мағынасын толық дербес сөз арқылы білдіре алмайтын неше алуан өте нәзік семантикалық, грамматикалық абстракты мағыналар жасалып я беріліп отырады. Мысалы, шөлдеп кеттім және шөлдеп қалдым, серпіп жіберді және серпіп тастады... деген етістіктердің бірі-бірінен ерекшеленетін нәзік реңктерін тек көмекші етістіктердің жетекші етістіктерге үстейтін мағыналарынан ажыратуға болады».

 Көмекші етістіктер жетекші  етістікке көсемше, есімше жұрнақтары  арқылы тіркеседі. Мысалы, кел + е  қойды, кет + іп қалды, кел + ген еді, келе + тін болды, кел + се екен, кел + іп алды т.б.

 Кейде бір жетекші етістікке  бірнеше көмекші етістіктер тіркесе  береді. Мәселен, біткелі қалып еді  т.б.[6.72]

 

 

 

1.3 Көмекші етістіктер  және аналитикалық форма

 

 Көмекші етістікгердің қолданылу  аясы, жетекші етістікке тіркескенде оларға қосатын мағынасы мен түрлену сипаты жағынан бәрінде бірдей емес. Сондықтан олардың өзі іштей толымды және толымсыз көмекші етістіктер болып екіге бөлінеді.

 Толымды көмекші етістіктердің  қатарына келесілер жатады: ал, бер, бар, баста, бақ, бол, біт, жатыр, жібер, жүр, жөнел, кел, кет, көр, қал, қара, қой, таста, түр, отыр, өт, сал, шық, де, қыл.

Толымды көмекші етістіктер әрі жетекші, әрі көмекші қызметте жұмсала алады. Мысалы, Ол жұдырықпен қойып қалды, олардан қалып қойды дегендегі алдыңғы тіркесте қал етістігі көмекші, екінші тіркесте жетекші бол ып тұр.

 Ал толымсыз көмекші етістіктерге  е, ет, жазда, де сөздері жатады. Олар  тілде үнемі көмекшілік қызметте  ғана қолданылады. Көмекші етістіктердің  бәрі категориялар мағынасын  білдіріп, категориялардың аналитикалық формаларын жасауға қатысады.

 

Аналитикалық форманттар

 

 «Аналитикалық формант»термині  есімге де, етістікке де тән. Аналитикалық  формант грамматикалық категориялары  бар сөз таптарына қатысты. Олардың  ішінде сапалық сын есімнің шырай категориясының аналитикалық формасы бар екенін кейбір ғапымдар көрсетіп жүр. Өте үлкен, ең жақсы, тым әдемі, өте таза т.б. қолданыстағы сөздер асырмалы шырайдың аналитикалық формаларына жатады. Сондай-ақ сен үшін, ауылдың маңы, үйге қарай дегек тіркестерді септіктің аналитикалық формасы дейтін пікірлер де кездеседі.

 Грамматикалық категориясы  бар зат есім мен сын есімдегі  грамматикалық аналитизм мәселесі  дәлелденбегендіктен, аналитикалық  формант ұғымы тек етістікпен  байланысты қаралып жүр. Түркі  тілдерінде сөздің аналитикалық формасы туралы теорияның негізін салушы, түркі тілдеріндегі етістіктің аналитикалық формаларын зерттеуші ретінде ғалым А.А Юлдашевті атауға болады.Ал қазақ тіл білімінде профессор Н.Оралбаева қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттарын жалпы зерттеген, оның етістіктің барлық категорияларына қатысты екенін дәлелдеген, аналитикалық формант, форма теориясының негізін қалаған. Әр категорияға қатысты негізгі аналитикалық форманттарды көрсеткен.

 Аналитикалық формант туралы айтпас бұрын аналитикалық форма ұғымына түсінік берген жөн. Аналитикалық сөз формасының өзіне тән бірнеше белгілері бар.

 Біріншіден, сөздің аналитикалық  формасы дербес сөз бен көмекші  сөздің бірлігінен тұрады. Ғалым  Ә.Хасенов аналитикалық формаға  былайша сипаттама береді: «Аналитикалық форма дегеніміз - атауыш сөздер мен көмекші сөздер тіркесінен жасалған құранды форма. Мәселен, ауылдың жаны, саған бола келдім, сен туралы, елу шақты т.б. аналитикалық формалы сөздер» . Дербес (атауыш) сөз бен көмекші сөздің тіркесі дегенде міндетті түрде оның грамматикалық мәні ескерілуі қажет. Тек қана грамматикалық сипаттағы дербес сөз бен көмекші сөздің тіркесінің аналитикалық форма бола алатыны есте болуы керек. Мысалы, күліп жіберді, өте үлкен, тап-таза т.б.

 Екіншіден, сөздің аналитикалық формасы грамматикалық категориясы бар сөз таптарына қатысты.

 Қазақ тілінде грамматикалық  категориялары бар сөз таптары  деп зат есім, сын есім және  етістік аталып жүр. Осы үш  сөз табының ішінде етістіктің  аналитикалық формасы дәлелденді. Ал зат есім мен сын есімнің аналитикапық формасы әлі ғылымда шешімін таппаған мәселелер қатарында қалып отыр. Зат есім мен сын есімнің грамматикалық категорияларының мағыналарын білдіретін көмекші сөздер бар. Аталған үш сөз табының ішінде зат есімнің септік категориясының аралас аналитикалық формасы және сапалық сын есім шырайының аналитикалық формасы бар.

 Үшіншіден, сөздің аналитикалық  формасын жасайтын көрсеткіш -аналитикалық  формант.

Аналитикалық формант - сөздің аналитикалық формасын жасаушы көрсеткіш. Мысалы, келе жатыр, айта бастады, білсе екен, өте жақсы деген сөздердегі =е жатыр, =а баста, =са екен, өте дегендер - аналитикалық форманттар. Аналитикалық формант деп қосымша мен көмекші сөздің бірлігінен тұратын, не тек көмекші сөзден тұратын категория мағынасын білдіретін морфологиялық көрсеткішті атасақ, ол сөздің синтетикалық формасын жасайтын грамматикалық қосымшамен бірдей қызметтегі тілдік бірлік болып саналады.

 Төртіншіден, сөздің аналитикалық  формасын жасаушы аналитикалық  форманттың құрамы тұрақты, оны өзгертуге болмайды. Мәселен, қимылдың өту сипаты категориясының мағынасын білдіретін =а бер форманты түбір етістікке тіркесіп, қимылдың қайталануын, созылуын білдіреді: айта бер, жаза бер. Осы формант тек осы құрамда ғана осы мағынаны білдіреді, оның құрамын өзгертсек, бұл мағынаны білдірмейді. Мысалы, бұл форманттың құрамындағы =а жұрнағының орнына =п жұрнағын қойып =п бер түріне көшірсек, ол қимылдың созылуын, қайталануын білдірмейді: айтып бер, жазып бер. Бұл аналитикалық формант құрамының тұрақтылығын дәлелдейді.

 Бесіншіден, аналитикалық форманттар  грамматикалық категориялардың  мағынасын білдіретін көрсеткіштерге  жататын болғандықтан, олар грамматикалық  мағына береді.

 Демек, аналитикалық формалы  сөз лексикалық мағынамен бірге  грамматикалық мәнді де білдіреді. Мысалы, өте үлкен дегендегі үлкен сөзінің лексикалық мағынасы да өте сөзінің асыру мәні де яғни грамматикалық мағынасы да қоса қабат көрінеді. Күліп жіберді, келе бастады десек, күлу қимылы да және оның тез, кенет жасалу мағынасы берілсе, келе бастады дегенде келу қимылы да жөне оның басталу мағынасы да қоса беріліп тұр.

 Етістіктің аналитикалық форманты  деп қосымша мен көмекші етістіктен  тұратын, белгілі бір категорияның  мағынасын білдіретін біртұтас  қүрделі морфологиялық көрсеткішті  айтамыз. Етістіктің аналитикалық форманты көп жағдайда бір қосымша мен бір көмекші етістіктен құралады.

 Аналитикалық формант құрамында  келетін қосымшалар- көсемше, есімше, шартты рай мен қалау рай  жұрнақтары. Осы аталған қосымшалармен  тіркесетін тілде отызға жуық көмекші етістіктер бар болса, олардың бірлігінен жасалған аналитикалықформанттар саны жетпістен астам. Мысалы, -а ал, -п ал, -а бер, -п бер, -а баста, -а бар, -п бар, -п біт, -п кел, -п шық, -а шық, -а жазда, -п жібер, -п қал, -а қал, -п кет, -е кет, -п қой, -п сал, -а сал, -п түс, -е түс, -п отыр, -п тұр, -п жүр, -п жат., -п жатыр, -а жатыр, -п таста, -п бақ, -п өт, -п біт, -п көр, -ған бол, -ғы кел, -а көр, -са екен, -са игі еді, -п еді, -ғай еді,-атын еді, -мақ еді, -са еді, -ар еді, -п келе жат, -а көрме, -п жүре бер, -п сала бер, -п кеп кет, -п кеп жібер, 0 еді, 0 емес, 0 жоқ т.б.

 Аналитикалық форманттар құрамы  жағынан жалаң (дара) және күрделенген (күрделі) аналитикалық форманттар  болып екіге бөлінеді. Бір, екі, үш  морфемалы аналитикалық форманттар жалаң аналитикалық формантгар деп аталады. Мысалы, Қатты өзгеріп, жаны толқынғатүскен Абай әлі оңалған жоқ (М.Әуезов). Менің күлкім түрткі болды да, сахнада тұрған артистердің бәрі күліп жіберді (Қ.Байсейітов). Толып жатқан үйді бір аралап шыққысы келеді (М.Әуезов). Мұнда 0 жоқ, -іп жібер, -қысы кел аналитикалық форманттар қолданылған. Олар 0 жоқ форманты бір морфемадан, -іп жібер екі морфемадан, -қысы кел үш морфемадан құралған.

 Бір морфемалы аналитикалық  форманттарға 0 еді, 0 екен, 0 емес, 0 жоқ  форманттары жатады, олардың саны аз, бірақ тілде өте жиі қолданылады. 0 еді аналитикалық форманты - қатыстық өткен шақтың көрсеткіші. Мысалы, Менің бүгінгі шарықтаған табысымды Александров, Жүргенов, Құрманбек көрсе ғой, қуаныштан жүректері жарылып кетер еді (Ш.Жиенқұлова).

0 екен форманты да өткен шақтық  мағына береді. Мөселен, Тәкежанның үйінен Абай аттанғанда, күн кешкіріп, екінтіге тақап қалған екен (М.Әуезов). Жоғарыда 0 еді мен 0 екен аналитикалық форманттары өткен шақтық мағынаны білдіреді. Бірақ 0 еді формантын субъекті өзі қатысқан өткен уақыттағы іс-қимылмен байланысты қолданса, екінші мысалдағы 0 екен формантын субъектінің өзі қатыспаған, көрмеген еткен кездегі іс-қимыл туралы айтқан кезде ғана қолданады.[7.178-192]

Бөлім Етістіктің жіктелу ерекшеліктері