Бухгалетлік есеп және аудит
№ 1.
Бизнес этикасы туралы
түсінік және оның пайда
болуы.
Дәрістің мақсаты: Жалпы этика деген ұғым туралы туралы мағлұмат беру. Адамзат тарихында этика, мораль, имандықы мәселелерінің пайда болуынан хабардар ету. Кәсіби этика түрлері және оның ерекшеліктерін түсіндіру. Бизнес этикасының пайда болуы және даму тенденцияларын айқындау. Қоғамдық даму процестегі бизнес этикасының орнын белгілеу.
Дәрістің жоспары:
1.Бизнес этикасы дегеніміз не?
- Жалпы этикамен байланысы, ерекшелігі.
3. Бизнес этикасы пайда болуының алғышарттары
Дәріс
мазмұны: Этика дегеніміз мораль жайындағы
ғылым. Сонымен қатар ол оның даму ерекшеліктерін
айшықтайды. Грек тілінің салт, әдет, әдеп
деген мағынаны білдіретін этика сөзі
бүгінде ғылыми термин ретінде қолданылып
келеді. Этика – шын мәнінде нормалық
ғылым болып табылады және оны кейде мораль
философиясы деп те атайды.
Этиканың мақсатының өзі адамдарға мораль
жайындағы білімді таратумен қатар оған
ар ұжданы биік игілікті істерді жасайтын
әдетті қалыптастыруға бағыттайды. Этиканың
негізгі функциясы адамның өзін өзі ұстауы
мен алып жүру норманы қалыптастыруға
бағытталады. Этика қоғамдық моральды
тудыруға оны дамытуға басты назар аударады.
Белгілі бір ұйым, мекеме өз қызметкерлерінің
моралін дамытпайынша қызмет көрсету
орындары өз істерінде ғылыми техникалық
прогресті енгізуі мүмкін емес.
Этиканың
қарапайым нормасы деген бір
ұғым бар. Алайда мұндағы «қарапайым»
деген сөз этикалық моральдық
норманың маңыздылығын төмендетпесе керек.
Керісінше, жеке тұлғаның күнделікті
мінез-құлқын жалпылама түрде
Әлем халықтарының барлығының моральдық заңдылықтарында жағымпаздықты, дүниеқоңыздықты, сараңдықты, анайылықты, жемқорлықты, қатыгездікті айыптайды.
Моральдық
қарапайым нормалар адамдар арасындағы
қарым-қатынасты оңайлатуға бағытталған
мінез құлықтың қолайлы базасы бола
алады. Моральдық қарапайым
- "Моральды кірлету – оны жөнге келтіруден
әлде қайда оңай " (Л. Вовенарг )
«Кез келген адамның моральдық тәрбиесі
этиканы жақсартудан емес, керісінше,
ой мен санасын өзгертеуден басталады»
(И. Кант)
«Моральды көтеру арқылы шешуге болатын
дүниелерді заңмен қарастырудың қажеті
жоқ» (Ш. Монтескье).
Моральдық
қарапайым нормаларды қалыптастыру
дегеніміз әрбір адамның жеке
тұлға ретінде қалыптасуына маңызды
кепілдік болып табылады. Мұндай нормаларды
бала кезінен қалыптастырып, дұрыс
тәрбиелемесе кейін «мінезі жаман»
немесе «қиын адам» деген атпен
топ ортадан шеттетілетін болады.
Мінез құлқы жайсыз қызметкер
қоғамдық қарым қатынаста қолайлы
аура тудырмайды. Еңбек ұжымы ішінде
дау дамай тудыруы мүмкін. Ал,
бизнес пен қызмет көрсету саласында
ондай адамдардың табысқа жетуі
мүлде неғайбыл жағдай.
Бақылау сұрақтары:
1.Бизнес этикасы дегеніміз не?
2.Жалпы этикамен байланысы, ерекшелігі.
3. Бизнес этикасы пайда болуының алғышарттары
Әдебиеттер:
- А.Тулегенова., М.А.Тулегенова Бизнес этикасы: Оқу құралы.- Қарағанды; ҚарМУ баспасы, 2006. -137бет
2. . М. Х. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури. Основы менеджмента. Москва, "Дело", 1992
3. Ф. Котлер. Основы маркетинга. Москва, "Прогресс", 1992
4. В. Хойер.
Как делать бизнес в Европе. Москва, "Прогресс",
1990
№2
Этика ұғымы және
оның заты.
Дәріс мақсаты: Этика ұғымының пайда болу кезеңін анықтап білу.
Дәрістің жоспары:
1.Этика түсінігі.
2.Этиканың қалыптасуы мен даму кезендері.
3. Қазіргі
этика теориялары.
Дәріс мазмұны:
Этика қатынас этикасы адам мен қоғам мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылатын адамдардың ішкі қатынастарының пайда болу процесін реттейтін өзін - өзі ұстау ережелерінің жиынтығы.
Этика
адамның сыртқы келбетінің элементі
ретінде ішкі мәнімен сәйкес бола
бермейді, бала күнінен дипломатиялық
қатынастардың даналығын
Адамның өзін - өзі ұстауында сыртқы және ішкі бірлігі екі жарым мың жыл бұрын «мінез – құлықтың алтын ережесінде», «Басқалардың өзіңе қандай қарым – қатынаста болсын десең, басқаларға да сондай қарым – қатынаста бол» дегенді білдіреді. Біз бұл қағиданы Конфуцидің ілімінде, ежелгі индия эпосы «Махабхараттан» және Библиядан да кездестіреміз. Өзіндік абыройын сезіну адамның өзін - өзі бағалауын бекітетін этиканың негізі болып табылады. Адамдарға қатысты әдептілік, шынайылылық, табиғилық, ілтипаттылық (этиканың маңызды кредосы) қарым – қатынастағы мәнерлілік пен жалғандылықты айыптайтын этиканың маңызды кредосы.
Көбінесе
қазіргі заманғы этиканың мінез
– құлықтық шарттастығы жақсы
мәнер мен өзін - өзі ұстау ережелерін
зеріккен мырзалар немесе әлеуметтік
топтардың назымен қалыптасқан
жоқ, ал адамдардың объективті қажеттіліктерін
реттеп, жоғарылатудың күшімен, өзін
- өзі құрметтеуге, басқа адамдардың
қадірлеуі мен тануы, қарым –
қатынас пен бауырмалдылықты
әлеуметтік қамсыздандырып, оларды жылы
және адами ету болып табылады.
Әсіресе, бізге бұл қажеттілік қазір
қоғамымызды менмендік пен
Қазіргі заманғы жеке әлеуметтік топтардың кәсіби ерекшеліктері мен қоғамның кейбір өмірлік қызметінің аясындағы кәсібилік сияқты өмірлік жағдайлардың ерекшелікреімен айқындалатын этикеттің әртүрлі нысандары. Сондықтан, бүгінгі күні этикетті кәсіби, қызметтік, ғылыми, медициналық, дипломатиялық және т.б. түрлерге бөледі.
Этика – Мораль және адамгершілік туралы ғылым. Іскерлік қатынас этика терминін философияға алғаш енгізген адамзаттың Ұлы ұстаздарының бірі – Аристотель.
Іскерлік қатынас этикасы деп – этикалық ізгіліктерді зерттейтін ғылымды айтқан.Ол бойынша адам бойындағы ізгіліктер екі негізгі түрден тұрады:
1.Этикалық ізгіліктер.
2.Дианоэтикалық ізгіліктер.
Этикалық ізгіліктер адамның мінез-құлқына, күш-қуатына байланысты болады. Олар мыналар: жомарттық,батылдық,шыншылдық.
Ал Дианоэтикалық ізгіліктер адамның ақыл парасатына байланысты дүниелер. Олар мыналар болып есептеледі:Ақыл мен парасат.
Этиканың негізгі зерттейтін
пәні Мораль болып табылады.Ол
адамзатпен бірге бірігіп
Адамгершілік – адамгершілік құлық жеке адамның қоғамда өмір сүре алатын басқалармен қарым – қатынаста болатын қабілеті.Ол адамдардың ішкі дүниесінің көрінісі.
Ал мораль өзінің мәні жағынан
жеке тұлғамен қауымның адам
мен азаматтың арасындағы
Этиканың қалыптасуы мен даму кезендері.
Этика ғылым ретінде ежелгі
Грецияда қалыптасқан.Этиканың
Этика Ежелгі Грецияда философиялық ғылым ретінде пайда болған екен. Ежелгі Греция құл иеленушілік мемлекет болған еді.Сондықтан ол Ежелгі Грецияда орнаған әлеуметтік теңсіздікті қалыпты жағдай екендігіне сенімді болды.Мысалы:Аристотель әрбір осы Ежелгі Грециядағы адам белгілі бір Полистің мүшесі болу керек деп білді.
Полистің мүшесі емес құлдарды ол адам қатарына қосқан жоқ еді.
Аристотель Этикасында «Құбатөбел», немесе «Алтын орта» ұстанымы ізгіліктерді анықтаушы маңызға ие болды.Өиткені Аристотельдің айтуынша екі шеткі күйлердің ортасын таба білгенде ғана адам ізгілікке жетеді – деген екен.
Мысалы:
Жомарттық малшашпақ пен
Жалпы Антикалық этикаға байланысты оған тиесілі ең негізгі 3-мұрат бар.
1.Адам мен Полис бірлігі.
2.Адамның құдіретіне өзін-өзі жетілдіру қабілетіне мейліншесену.
3.Эвдомоманы
яғни бақытты адам
Қазіргі этика теориялары.
Қазіргі этика адамзат
Коптеген
философиялық,теориялық
Қазіргі нарықтық эканомика жағдайында іскерлік қажетті қасиеттердің біріне айналып отыр. Іскер деп – нарық экономикасына әбден бейімделген өз ісін жетік білетін адамды айтады. Іскерліктің маңызды ұстанымына Сенім жатады.Әріптес адамдар арасында сенім болмай іс оңға баспайды.
Жалпы сенім - адамдардың қарым-қатынасын мүмкін ететін фактор.
Әдеп
– қазіргі этиканың маңызды ұстанымы
болып табылады. Әдеп амандасудан
басталады.Қазіргі кездегі
Қазіргі біздің қоғамда Этика
дін мен де тығыз байланысты.
Қазіргі этика күнделікті
Мысалы: Бақыт дегеніміз бұқара санасында бақытқа мынадай 4 түсініктеме берілген.
1. Бақыт дегеніміз – жолы болып жұлдызы жаңғандық.
2. Бақыт дегеніміз – Қуаныш, Ләззат және жан қызығы.
3. Бақыт дегеніміз – Ең жоғарғы ізгілікке қол жеткізу.
4.
Бақыт дегеніміз - өз-өзіңе,жалпы
өмірге көңілі толған төрт
құбылаң түгелдік күйі.
Бақылау сұрақтары:
- Этикадегеніміз не?
- Этика бойынша ізгіліктің қандай түрлері бар?
- Антикалық этикада неше мұрат анықталған?
- Әдеп дегеніміз не?
Әдебиеттер:
- 1. А.Тулегенова., М.А.Тулегенова Бизнес этикасы: Оқу құралы.- Қарағанды; ҚарМУ баспасы, 2006. -137бет
2. . М. Х. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури. Основы менеджмента. Москва, "Дело", 1992
3. Ф. Котлер. Основы маркетинга. Москва, "Прогресс", 1992
4. В. Хойер.
Как делать бизнес в Европе. Москва, "Прогресс",
1990
№3
Этикалық категориялардың
ұғымы
Дәрістің мақсаты: Этикалық категориялардың ұғымы және катеогриялардың сипаттамасы анықтап білу.
Дәрістің жоспары:
- Этикалық категориялардың ұғымы.
2. Негізгі этикалық катеогриялардың сипаттамасы.
3.
Этикалық категориялардың
Дәріс мазмұны:
Барлық ғылым түрлеріндегі сияқты этикада да бірқатар катсгориялар бар. Категориялар заңдармен, қағидалармен, әдістермен 6ipire отырып, кез-келген ғылымның мазмұнының нёпізін құрайды. "Категория" сезінің өзі грек тілінен шыққан. Ол арқылы шынайы өмірдің маңызды жақтарын көрсетін мейлінше жалпы түсініктер сипатталады. Ол — адам танымының өзекті пунктерi.
Этика категориялары — моральдың ең маңызды жақтары мен тұстарын керсететін, ғылым ретіндегі этиканың теориялық аппаратын құрайтын жалпы түсініктер. Этика категориялары адамгершілік сананың теориялық деңгейінде өміp сүрді. Олар — рухани, идеалды тәртіптің құрылымдары, болмысгың адамгершілік жақтарының субъективтік көрінісі, әлеуметтік құбылыс ретіндегі мораль туралы жүйеленген, ғылыми негізделген. теориялық білімдер жиынтьғы
Сонымен
қатар, моральдық құбылыстардың
көрінісі табуы тек теориялық
деңгейінде ғана жүзеге асырылмайтындығын
ескеру қажет. Олар нақты сезімдер,
көзқарастар, арман-тілектер және т.б.
түрде қарапайым сананың
Этикасы категориялар туралы сөз қозғайотырып олардың ғылымның кейбір "қыметтік функцияларын. Бішіден, олар қоғамдыққатынастардың ретіндегі танудыңтаусылмас баспалдақары. Екіншіден,олар танымның дербес құралы болып табылады. Үшшншіден,этика кагориялары — моральдық танымның бірінші тәртіптегі мәнннен екінші тәртіптегі мәнге және т.б.дамуының,қозғалысының нысыны.
Басқа
ғылымдардың категорияларына тән
белгілерді, қасиеттерді иеленгенімен,
Біріншіден,
олар қоғамдық қатынастардың
адамдардың жүріс -тұрысымен, олардың
жакысылық пен жамандық, борыш, абырой,
әділдік туралы көзқарастарына сәйкес
6ip-6ipiнe, қоғамга, мемлекетке, отбасына,
ұжымға деген қатынасымен байланысты
жақтарын көрсетеді. Алайда, мұндай жағдайларда
олар әркашан таза күйде көрініс
таппауы да мүмкін, ce6e6i, кейбір кездерде
олар басқа ғылымдардың
Екіншіден, этикалық категориялар бағалаушылық, аксиологиялық сипатка ие. Басқаша айтқанда, олардың барлығын жаксылық пен жамандық, қайырымдылық пен зұлымдық тұрғысынан бағалауға болады, ал олардың өздері осы бағалаудың нысаны ретінде көрініс табуы мүмкін адал, тәртіп, әділ, жауапкершілі мол адам және т.б.
Үшіншіден, олар адамдардың жүріс-тұрыстары мен қарым-қатынастарын реггеу құралы болып табылады, қоғамның адамгерішілік талаптарын керсетеді
Төртіншіден, басқа да адамгершілікк құрылымдар: қағидалар, нормалар, талаптар, ережелер және т.б. сияқты этика категорияларының беделі мен маңыздылығы қоғамдық көзқарастың немесе жеке тұлғаның өзіндік санасының күшіне негізделеді.
Бесіншіден,
этика категорияларында, басқа ғылымдардьң
категориялары мен
Бақылау сұрақтары
- Этика категориялардың ерекшеліктерін атаңіс?
- Этика
категориялары дегеніміз не?
Әдебиеттер:
- А.Тулегенова., М.А.Тулегенова Бизнес этикасы: Оқу құралы.- Қарағанды; ҚарМУ баспасы, 2006. -137бет
2. . М. Х. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури. Основы менеджмента. Москва, "Дело", 1992
3. Ф. Котлер. Основы маркетинга. Москва, "Прогресс", 1992
4. В. Хойер.
Как делать бизнес в Европе. Москва, "Прогресс",
1990
№4
Іскерлік психологиясы
және онің негізгі
проблемалары.
Дәрістің мақсаты: Іскерлік психологиясы және онің негізгі проблемаларын талдау
Дәрістің жоспары:
1.Этика туралы түсінік
2.Этика психологиясы туралы түсінік
Дәріс мазмұны:
Кәсіпкерлік — жоғарыда кіріспеде айтқандай-ақ, ол өзінің есебінен, және де өзінің тәуекелділігі мен өзінің жауыпкершілігіне қарызға алған қаражаттың немесе өзінің қаражат есебінен іске асырылатын, мақсаты болып тұрақтандыру мен кіріс алу үшін жеке ісін дамыту жэне кәсіпкерлік болып табылатын еңбек ұжымының жалпы қоғамдық әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталып, ез еркімен жасалған коммерциялық қызмет.
Басқа сөзбен айтқанда, кәсіпкерлік — ол өзінің және қоғамның щижетгілігін қанағаттандыруға, өзінің ісін, қайта жасап шығаруды, мекеменің сапалы өркендеуін пайдаланылану мен кіріс алуға, қаражатты көбейтуге бағытталған жэне тұрақты инновацияларды пайдалануға арналған, өз еркімен жұмыс істейтін әркетті экономикалық кызмет.
Бүтінгі
Казақстандағы бизнестің
Этика — ол адалдық, ашықтық, айтқан сөзіне сенімділігі, нарықта тұрақталған ережелермен дәстүрлерді қимылдағы заңдарға сәйкес тиімді пайдаланып жұмыс істеу мүмкіндігіне негізделген істік этика. Нарықтық жағдайда кәсіпкерлік кызметтің қортындысы ең алдымен, бизнесменнің кұзырында болатын материалдар мен қызметкерлер, ондағы адамдардың жұмыс істеу сапасы және олардың психологиялық факторларының ерекше маңызы алдын ала анықталады. Бизнес психологиясы, ондағы бүгінгі күндеігі орнықтырылып жатқан табысқа жету істік бағыты сияқтанады.
Этика психологиясы - Басқарудың психологиялық проблемаларымен өзгеше шұғылданатын ерекшелігі бар ғылым жүйе. Бұл жерде оқып біліп үйреніп алу объектісі ретінде адамдардын ұжымда өзара қарым-қатынасы шыға бастайды. Негізгі психологиялық проблемаларлар:
- психолгиялық
басқарушылық қызметгің
структуралы-
функциональдық талдануы; - психологиялық
талдау қүрылымы және басқарушылармен
мамандардың, автоматандырылған жұмыс орындарын
пайдалану, басқару жүйелерінің автоматандырылуы; - өндірістік
және басқарушылық ұжымдардың және ондағы
адамдардың өзара қимылда болуы; - адам және
олардың өзара қарым қатнасы, моральді
психо-
логияльщ жағдайдың қолайлы құрастырылу факторлары; - басшылар
және көсемдік, көрнекті адам және бастықтың
қызметі, бастықпен бағынышты адамдардың арасындағы
қатынас, таңдап алудың психологиялық аспектілері жэне
басқарушы мамандарды өз орындарына орналастыру, бас-
шы мамандарды дайындау сұрақтары, кызмет істеушілер-
ді басқарудың психологиялық аспектілері, басқарушылық
шешімдерді іске асыру жэне шешім кабылдау процессте-
ріне әсер ететін факторларды зерттеу.
Психология
жетістіктерін пайдаланудың аркасында,
нарықтык кызметтердің тиімділігін жоғарылатуға
мүмкіндік болады. Бұл жүйедегі инновация
ішінде мынадай сұрақтарды шешу, мысалы
алғашқы ұжымның, жұмыс тобының, бригаданың,
командасы кұрастыру санының тиімділігі.
Бақылау сұрақтары
1.Этика туралы түсінік
2.Этика психологиясы туралы түсінік
Әдебиеттер:
- А.Тулегенова., М.А.Тулегенова Бизнес этикасы: Оқу құралы.- Қарағанды; ҚарМУ баспасы, 2006. -137бет
2. . М. Х. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури. Основы менеджмента. Москва, "Дело", 1992
3. Ф. Котлер. Основы маркетинга. Москва, "Прогресс", 1992
4. В. Хойер.
Как делать бизнес в Европе. Москва, "Прогресс",
1990
№5 Кадым (Антикалык) заманындағы этикалық ойлар.
Дәрістің мақсаты: ғылым салаларына түсінік беріп, танымдық мәндерін ұғындыру.
Дәрістің жоспары:
1.Этика ғылымына түсінік.
- Ерта замандағы этика.
- Батыс зиялыларының ойлары.
Дәріс мазмұны:
Адамдар әрекеті мен өнегелік сипатын айқындау үшін әр ұлттың өз өлшемі болған. Этностық өлшем моральдан да тереңірек жатыр. Белгілі бір таптың тұрмыс-тіршілігін, мұратын белгілейтін қоғамдық сананың айрықша формасы, қоғамдық қатынастардың ерекше түрі мораль (имандылық, имансыздық) дегеніміздің өзі жалпы адам баласының өнегелілік құбылыстарының туындысы.
Өсіп
келе жатқан жас өрендер өздерінің
ұлттық мәдениетін дамыта отырып, ғылымда,
өндірісте, әскери және құқық салаларында
еуропалық сияқты алға басу, яғни өркениетте
оларға теңелуі қажет. Адамның мәдени
болмысы өзі туып-өскен, тәрбиеленген
мәдениеттің болмысына
Жалпы адамзаттың өркениет қазынасына өз үлестерін қосқан халықтардың мәдени және ғылыми мұраларын зерттеу – ғасырлар тереніңде өздерінің ізгі ойларын ұсынған ұлы адамдардың есімдерін ғана емес, әр ұлттың өзіне тән бай мәдениетін де көрсетеді. Басқа әлем халықтары сияқты қазақтар да бай, дамыған мәдени-ғылыми, философиялық ойлары бар халық. Мұндай зерделі халықтың әлемдік мәдениеттен тыс қалуы қиянат. Мақтануға да, өзгеге жарқыратып көрсете аларлық рухани қазынамыз, ата-баба қалдырған өткеніміз бар. Әрбір халықтың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келген әлеуметтік-философиялық ой-
пікірлері болады. Жастардың мәдени және рухани өсу белестерін анықтау ісі өз алдына бір мәселе. Сонымен, ұлттың рухани мұрасы азаматқа ортақ болғанымен, әр халық оны түсінге өз тіршілігі тұрғысынан келеді. Қазақ жерінің батысы Атыраудан, шығысы Алтайға дейін созылып, орасан зор көлемді алып, ертеден рулық, тайпалық бөлінуіне қарамастан, түрлі аймақтардағы дүниетанымдық көзқарастары ортақ.
“Қазақтың кең алқапқа қоныс тепкен, сан жағынан көп өзіндік этномәдени мұрасы бар. Бірегей антропологиялық тұрпаты, ұлттық мінез-құлқы бар екенін де естен шығаруға болмайды. Бір ғажабы – аса зор кеңістігі мекендегеніне қарамастан, оның кезенде өз рухына қуат берелік нәр таба алады да, рухани дүние байлығы адамзатқа ортақ болғанымен, әр ел оны түсінуге өз тіршілігі тұрғысынан келеді”, - деп жазады Қазақстан философтары І.Ерғалиев пен Е.Телібаев.
Халықтың ұлттық ерекшелігін өткен ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында болып, халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын терең зерттеген өзінің “Из Сибири” деген еңбегін жазған неміс оқымыстысы, академик В.В.Радловтың (1837-1918) еңбегінде былай деп көрсетілген: “ Менің қазақтар арасында ұзақ уақыт тұрып, олардың салт-түрімен танысқанымда көзім жеткен ақиқат – бұлардың өзіндік ерекше мәдениеті бар халық екендігі. Біздің отандастарымыз ойлағандай олар тіпті де тағы, ауыздықсыз, басбұзар, қарақшы, тұқымын құртуға тұрарлық халық емес. Олардың мінез-құлқына отырықшы халықтарға қараған көзқараспен қарау керек. Олардың өмірге көзқарасы салт-дәстүрлері, әдет-ғұрпы, бір сөзбен айтқанда, бар өмірі мен еңбегі малмен тікелей байланысты болғандықтан жыл бойы көшіп-қонуға негізделген”.
Ойды бейнелеп беруі және ашық-айқын өткір айта білуі жағынан қырғыздарды (қазақтарды) тіпті Батыс Азияның француздары деуге болады”. Қазақ халқының дара ерекшелігіне небір шетел зиялылары бас иген, құдіретін мойындаған. Демократ, интернационалист ғалым А.Янушкевич: “ ... өзіне жоғарыдан менсінбей қарайтын халықтар арасында бұл көшпенділердің құрметті орын алатын кезі келді” деп, көрегендік пікір айтқаны дәлел.

- Бухгалтер
- Бухгалтер Арайлым алибекова
- Бухгалтерия құрылымы және ұйымды ұйымдастыру есебі
- Бухгалтерия мен шаруашылық субъектісі есебін ұйымдастыру құрылымы
- Бухгалтерияның құрылымы және шаруашылық субъекісінің есебін ұйымдастыру
- Бухгалтерия предприятия
- Бухгалтеркий баланс
- Буферные растворы в аналитической химии
- Буфер обмена
- Бухалтерский учет в строительных организациях
- Бух.баланс-как форма отчетности
- Бухгaлтeрский бaлaнс, eго знaчeниe в соврeмeнных экономичeских условиях
- Бухгалерская финансовая отчетность
- Бухгалерская финансовая отчетность