Бухгалтерия құрылымы және ұйымды ұйымдастыру есебі
Бухгалтерия құрылымы және
ұйымды ұйымдастыру есебі.
Кәсіпорында бухгалтерлік есепті
ұйымдастырудың мақсаты тұтынушыларды
қажетті ақпараттармен
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырып, шаруашылық операцияларын орындау кезіндегі заңдылықты сақтауға кәсіпорын басшысы жауап береді, ол бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуі үшін қажетті жағдайдың бәрін жасауға, бас бухгалтердің есепке қажетті құжаттар толтырып, деректер беруге қатысты талаптарын кәсіпорынның барлық бөлімшелері мен қызметтерінің, қызметкерлерінің орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Субъект басшысы бухгалтерлік
есеп пен қаржылық есеп беру жүйесін
ұйымдастыруға жауапты. Қайсы бір
жағдайда қаржылық есепті жасауға немесе
есеп жұмысын жүргізуге жекелеген
адамға өкілеттік берілетініне немесе
жауапкершілік жүктелетініне
Нарық жағдайында есеп жүргізумен
есеп алу әртүрлі міндеттер
- Бағынышты құрылым ретінде бас бухгалтер басшылық жасайтын бухгалтерлік қзымет құрады;
- Штатқа бас бухгалтер қызметін кіргізеді.
- Бухгалтерлік есепті жүргізуді келісімшарттық негізде мамандандырылған бухгалтерлік фирма немесе бухгалтерлік маманға береді.
- Бухгалтерлік есепті жеке өзі жүргізеді.
Бухгалтерлік есеп жүргізу қызметі бас бухгалтерге немесе бас бухгалтер қызметі штатта қаралмаған жағдайда бухгалтерге жүктеледі. «Бухгалтерлік есеп туралы» жарлықта көрсетілгендей бас бухгалтер субъектінің есеп жұмыстарын жүргізу жауапкершілігі жүктелген адам. Бас бухгалтер қызметіне бухгалтерлік есеп саласы бойынша жоғары білімі, әрі жұмыс тәжірибесі бар адам тағайындалады. Оның іскерлік сапасы, есеп жүргізу мен есеп берудің, сондайақ құқықтық нормантивті актілердің тұғырнамаларын түсінуі, жұмыстағы тиянақтылығы қателіктер мен ағаттықтарға жол бермеу үшін өте маңызды.
Тұтынушылардың (пайдаланушылардың) талаптіліктеріне қарай бухгалтерлік есеп өндірістік және қаржылық есеп болып бөлінеді.
Өндірістік есеп міндетіне өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны туралы деректер жинастырып, өңдеу жатады. Бұл ақпарат субъектісінің коммерциялық құпиясы болып табылады және тиісті басшы қызметкерлердің ішкі пайдалануына арналған. Өндіріске шығарылған шығын мен өткізілген өнім (жұмыс, қызмет) туралы неғұрлым тиімді де жедел ақпарат жинау үшін субъект өзінің жеке меншік бухгалтерлік есеп жүйесін құрады, ол сол субъектінің ерекшеліктеріне анағұрлым сәйкес келеді. Субъектінің басшылық құрамы үшін оның қызметіне қатысты кезкелген ақпарат маңызды. Ол есеп объектісіне жататынжатпайтынына, сан бойынша бағалауға келетінкелмейтініне қарамайды. Ішкі басшылықты ұйымдастыру үшін өндіріс шығындары мен алынған пайда туралы ақпаратты қандай неғұрлым тиімді жолмен жинастырып, өңдеуді субъект жеке өзі шешуге тиіс.
Қаржылық есеп міндетіне өндірістік есеп деректерін өңдеп, оларды қаржылық есеп түрінде қорытындылау жатады. Бұны жоғарғы басшы қызметкерлері пайдаланады, сондайақ сырттағы мүдделі тұтынушыларға беріледі.
Бухгалтерлік есепті өндірістік
және қаржылық есепке бөлу нарық жағдайындағы
есептің маңызды бір
Осыған сәйкес бухгалтерлік есептің міндеттері: басшыны субъект қызметінің дұрыс қаржылық есебін жасауға қажетті, сондай ақ субъектінің өзі үшін де пайдалы, субъекті істерін бөлуге мүдделі инвесторларды, несие берушілерді, қызметкерлер мен жабдықтаушыларды, сатып алушылар, мемлекеттік және басқа да органдарды толық та мәнді ақпаратармен қамтамасыз ету болып табылады.
Жарлықта айтылған негізгі ережелерге сәйкес жасалған қаржылық есеп сыртқы ақпарат пайдаланушылар үшін де пайдалы. Потенциалды инвесторлар белгілі бір субъектіге инвестиция қосудың пайдазиянын білу үшін қаржылық есепті зерттеп біледі.
Ұйымның есеп саясаты.
Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.
Бухгалтерлік есепті
жүргізу әдістеріне шаруашылық
қызмет фактілерін топтау мен
бағалау әдістері, активтердің құнын
есептеу, құжат айналымын
Ұйымның өзінің есеп
саясатын өндеу мүмкіндігі мен
қажеттілігі бухгалтарлік есеп
пен басқа екінші деңгейлі
нормативтік құжаттар бойынша
баптарда (стандарттарда) қарастырылған
бухгалтерлік есептің кез
Кәсіпорынның есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытында пайдаланады. Оны дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп бөлімі айналысады. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорынның басшысы өзінің бұйрығымен есеп өкімімен бекітеді.
Бұйрықтың құрамында есеп саясатының есеп беру жылына қабылданған барлық пунктерінің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пункке тоқтала келіп қандай нормативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде есеп саясатының дайындалғандығы көрсетіледі.
Кәсіпоынның есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқарушылықтарымен, яғни бұйрық,өкім немесе қаулыларымен рәсімделуі қажет.
Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқару барысында қолданылады. Оған өзгеріс енгізу мынадай жағдайларда жүргізілуі мүмкін:
- Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есеп және
- Бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеру салдарынан;
- Жаңа бухгалтерлік есептің стандарттарына көшуге байланысты және т.б.
Кәсіпорынның бухгалтерлік
есепті жүргізу жолдары ұйымның
есеп саясатының дайындалған кезінен
таңдалып алынады. Бұл есеп саясаты
кәсіпорынның барлық құрлымдық бөлімшелерінде
олардың орналасқан орындарына қарамастан
қолднылады. Ұйымның, филялдарының еншілес
және тәуелі серіктестерінің және тағы
басқа бөлімшелерінің өзіндік бухгалтерлік
есеп жолдарын жүргізуіне, яғни басқа
есеп саясатынын таңдауына құқығы жоқ.
Бас кәсіпорын қаржылық қызметтің бөлімшелерін
есеп саясатында болған өзгерістер туралы
алдын ала қамтамасыз ету қажет.
Ұйымдардың түсініктеме
жазуларының жыл бойы орындалған
жұмыстар бойынша жасалынған қаржылық
талдаудың мәтінімен қатар
Сонымен қатар, кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оның құраушы әдістемелік техникалық, ұйымдастырушылық жақтарды қамтиды.
Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбәр түрлері бойынша амортизация есептеу әдістері, табысты(түсімді) есептеу әдістері және сол сияқты.
Ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептеуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпке айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт,келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керке.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім- шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспондеттік шоттар – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.
Ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі.
Ақша қаражаттары – банктегі және ағымдағы есеп айырысу шотындағы ақшалар. Олар І – бөлімнің «Қысқа мерзімді активтер» 1010 және 1030 шотында көрініс табады, активті шот болып табылады.
Ақша қаражаттарының
өзі екі нысанда көрініс
Ақша баламалары – бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша жіктелінетін активтер болып табылады. Оларға: қазыналық вексельдер. Коммерциялық қағаздар және депозитті сертификаттар жатады.
Қолма-қол ақшасыз
есеп айырысуды ұйымдастыру
Ақша қаражаттары
ең тез қолданылатын активтер қатарына
жатады. Тез қолдалынатын себебі, ақшалай
есептесу арқылы кез келген операцияны
жүргізуге болады және міндеттемелерді
орындау үшін ұзақ уақыт талап
етілмейді. Ақшалай қаржының болуы,
алашақтары барлармен, бюджетпен, қызметкерлермен
дер уақытында есептесіп
Ақша қаражатының есебін жүргізу үшін, шоттардың үлгілік жоспарындағы
1000 – Ақша қаражаттары
1010 – Кассадағы ақша қаражаты
1020 — Жолдағы ақша
1030 – Ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражаты
1040 – Карт-шоттағы ақша қаражаты
1050 – Жинақ шоттардағы қаражат
1060 — Өзге ақша қаражаты
Счеттарының тобы пайдаланады.
Ақша қаражатының есебін жүргізетін счеттарының, актив есебін жүргізетін счеттарға жатады.
Колледжде ұйым кассасына
қалма-қол ақшаның түсуін ресімдеу
үшін ақпаратты компьютерде
Колледжде кассалық ордерлер бойынша ақша қабылдау мен беру оларды толықтырған күні ғана болады. ККО, ШКО –лерді алған кезде кассир мыналарды тексеруге міндетті:құжаттарда бас бухгалтердің қолы бар жоқтығын,растығын; ал ШКО – да басшының да қойылған қолы бар екенін тексеру; құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығын; құжаттарда аталған тіркемелердің бар-жоқтығын. Егер осы талаптардың бірі орындалмаса, кассир құжаттарды бухгалтерияға қайтарады. Колледжде ұйымының ақша қаражаттар қозғалысы шетел валюталық шотында жүргізілмейді. Колледжде ақшалай қаражаттарды тексеру жылына бір рет берілген айдың отызына қарай жүрізіледі немесе басшының бұйрығымен жоспарланбаған тексерулер жүргізіледі. Түгендеу қорытындыларын «ақшалай қаражаттың бар жоғын түгендеу актісімен» жеке рәсімделеді. Колледж құрылтайшысы ҚР заңды тұлғасы Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті акциянерлік қоғамы болып табылады.
Есептесу шотындағы операциялар.
Есептесу шотындағы операциялар, шоттардың үлгілік жоспарындағы 1030 счетында жүргізіледі. Счеттың дебетінде колледжде ай басындағы бос ақшаларының қалдығы көрсетіледі. 1030 счет бойынша операциялар қозғалысын есепке алуда журнал-ордерлік формадағы есептесу қолданылып, олар №2 журнал-ордерлік және №2 ведомоста жүргізіледі
Колледжде 1030 счеттың кредиті бойынша жасалатын сома айналымын көрсету үшін №2 журнал-ордер пайдаланады. Осы счеттың дебетінде сома айналысы әртүрлі журнал-ордер жазылып, сонымен қатар, №2 ведомос бойынша бақылауға алынады. Кай уақытта жасалғанына қарамастан, әр банкілік құжат үшін бір жол бөлу, регтстрлерді толтырылады. №2 журнал-ордер мен ведомостағы толтырылған жолдардың саны сол кезеңдегі банкіден алынған банкілік құжаттардың санына тең болуға тиіс.
Колледж өз еңбеккерлермен есеп айырысыды және жабдықтаушылардан негізгі құрал және материалды емес активтер сатып алған немесе сатқанда есеп айрысу шотын қолданады.
Ағымдағы валюталық шоттағы
ақша қаражаттары есебі.
Шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарын пайдаланады және әртүрлі мынадай валюталарда:
а) ұлттық;
б) еркін айырбасталатын (шетелдік басқа валюталарға еркін және ек-теусіз айырбасталатын);
в) тұйық (айырбасталмайтын) валютада (жақын шетел мен дамушы ел-дердің ұлттық валюталары);
г) клиринг валютасында (қарсылама талаптар мен міндеттемелерді өзара есепке алу негізінде қолма-қолсыз есеп айырысуға қатысушылар келіскен валютада) операциялар жасайды.
Резиденттер арасындағы
жасалатын төлем
Валюталық операцияларды жүргізу үшін 24 желтоқсан 1996 жылғы №54-1 «Валюталық ретту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және 20 сәуір 2001 жылғы № 115 Ұлттық банкінің Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында валюталық операцияны жүргізудің Ережесі» негіз болып табылады.
ҚР Ұлттық банкі
Басқармасының 1997 жылгы 2 мамырдағы
№ 206 қаулысымен бекітілген «Қазақстан
Республикасында валюталық
1) Валюталық шотты ашу туралы етініш;
2) Құрылтай құжаттарының
нотариалды растәлған
3) Әкілетті тұлғалардың қойған қолдары мен мөртабан белгісінің үлгілері;
4) Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
5)Салық төлеуші ретінде есепке қойғаны туралы салық органының анықтамасы.
Қазақстан Республикасында валютаны реттеудің негізгі органы болып Ұлттық банкі саналады. Кез келген валюталық операцияны өкілеттілігі бар банксыз жасауға рұқсат етілмейді. Осындай операцияларды жасау үшін өкілетті банктер занды тұлғалар үшін валюталық шоттар ашады.
Заңды тұлғалар — резиденттері өкілетті банктердегі шетелдік валютада және оларды жабуы 2 маусым 2000 жылғы №266 «Қазақстан Республикасының банктердегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртіптері туралы» Нұсқауда қарастырылған болатын.
Занды тұлғалардың
өкілетті банктердегі есеп шоттарына
қолма-қол ақшасыз тәртіппен
Занды тұлға-резиденттердің экспортталған тауары (қызметі, жұмысы) үшін телем ретінде алған валютасы, 120 күннен аспайтын мерзімді, міндетті түрде банк шоттарына кірістелуі керек.
Шетел валютасын сатып алу. Занды тұлға-резиденттер шетел валютасын ішкі саудада тек резидент еместермен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін және міндеттемелерін орындау үшін, сондай-ақ заң актілерінде қарастырылған басқа да жағдайларда ғана сатып ала алады.
Заңды тұлға-резиденттер
шетел валютасын сатып алуға
тапсырысты әзірлеу кезінде сатып
алу мақсатын көрсетуді, сондай-ақ резидент
еместермен есеп айырысуда жүзеге асырудың
қажеттілігін растайтын құжаттарды
қоса тапсыруы немесе өкілетті банктерден
алынған несиелер бойынша міндеттемелерді
орындауды және осы валютаны, егер
ол өз мақсаты бойынша
Заңды тұлға-резиденттердін ішкі валюталық саудада сатып алған шетел валютасы резидент емеске немесе валютаның заңды тұлғаның есепшотына қосылған күннен бастап, отыз күннің ішінде өкілеттік банкке аударылуы тиіс.
Заңцы тұлға — резидент толықтай немесе жартылай сатып алған шетел валютасын отыз күннің мерзімі өткенше пайдаланбаса, онда ол ішкі валюталық саудада міндетті түрде сатылады.
Занды тұлға-резиденттерге валюталық операциялар бойынша көрсетілген банктік қызмет түрлеріне өкілетті банктер арқылы тараптардың келісімі бойынша ұлттық немесе шетел валютасы түрінде төлемақы алады.
Теңгемен алынған несиелерді (кредиттерді), сондай-ақ олар бойынша пайыздар (проценттер) мен басқа да төлемдердің шетел валютасымен орнын жабуға тыйым салынады.
Занды тұлға – резиденттер пайдасына тарту, қайырымдылық-жәрдем жасау, қайырымдылық жарналар және басқада түсімдер ретіндегі түскен шетел валютасы олардың өкілетті банкілері арқылы төленеді.
Кассадағы ақша қаражаттарының есебі.
Ұйымдар өздерінің шаруашылық қызметін жүзеге асыра отырып, заңда және жеке тұлғалармен ақшалай есеп айырысуға негізделген қарым – қатынастарға түседі. Есеп айырысулардың көп бөлігі қолма – қол ақшасыз тәртіпте, яғни банк мекемелері арқылы жүргізіледі. Ұйым банк мекемелері арқылы жүргізетін қолма – қол ақшасыз есеп айырысулармен қатар, касса арқылы қолма – қол ақшамен операцияларды да (еңбек ақыны беру, есеп беруге тиісті тұлғаларға авнстар беру, іс сапар ақысы және басқадай ұсақ шаруащылық қажеттіліктеріне ақша беру) жүргізіледі.
Ұйымдардың қолма – қол ақшамен жүргізетін операцилары кассалық операциялар деп аталады, олар сәйкесті нормативтік актілермен реттеледі.
Ұйым қолма – қол ақшамен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін кассаны пайдаланады және белгіленген үлгідегі касса кітабын жүргізеді. Сондай – ақ ұйым қолма-қол ақшалармен еңбекке ақы төлеу бойынша, есепті тұлғалармен, дебиторлармен және кредиторлармен қолданыстағы заң ережелеріне сәйкес банк мекемелері арқылы жүзеге аспайтын төлемдер бойынша есеп айырысады.
Ақшаның сақтығын қамтамасыз етуде кассада жұмысты дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Касса орналасқан бөлме бөлектенген, терезелері темірмен торланған, дабыл құралдарымен жабдықталған болуы қажет. Ұйым басшысы кассадағы ақшаның, сондай – ақ оларды банкке өткізгенде немесе банктен алып келгенде сақтығын қамтамасыз етуге міндетті. Басқа ұйымдардың жеке тұлғаларынаң ақшасын кассада сақтауға тиым салынады.
Ұйымда кассирдің материалдық
жауапкершілігі жөніндегі ұйым төрағасымен
кассир арасында келісім шарт жасасқан.
Онда кассир мен төрағаның міндеттері
мен жауапкершіліктері
Осы келісім шарттың негізінде ұйымның кассирі «Кассирдің міндеттемесін» қабылдайды, онда кассалық операцияларды жүргізу ережелерін орындауға, оны бұзған жағдайда жауапкершілікті өз мойнына алуға міндеттенеді. Сондай – ақ кассалық операцияларды жүргізу тәртібімен танысқандығын растап, қолын қояды.
Ұйымның кассирі ауысатындай болса, онда кассаны және құндылықтарды өткізу – беру актісі бойынша рәсімдейді.
Кассаға қолма – қол ақшалар есеп айырысу шотынан ақшалай чек бойынша келіп түседі. Кассаға ақша бас бухгалтер қол қойған кассалық кіріс ордерлері (КО-1 үлгіде) бойынша қабылданады.
Кассаға ақша салған адамға бас бухгалтер және кассир қол қойған түбіртек (ордердің жыртылатын бөлігі) беріледі. Кассалық кіріс ордері бойынша ақшаны қабылдау тек қана оларды толтырған күні жүргізіледі.
Ұйымда кассир құжаттардың дұрыстығын тексеріп, кіріс және шығыс кассалық құжаттарымен бірге есеп берулерді бухгалтерияға тапсырады.
Құжаттардың сақталуын
және пайдалану ыңғайлылығын
қамтамасыз ету мақсатында «
Ұйымда кассадағы ақша
қаражаттарын есепке алып
Кассадағы ақшаның қозғалысы
бойынша толтырылатын алғашқы құжаттардың
негізінде жазылатын
Серіктестігі кассадағы
ақша қаражаттарының қозғалысына бақылау
жасау кезінде 1010 (451) шот есебі
бойынша айналым-қалдықтық
Ұйымда ақшаға түгендеу жүргізу
– бұл активтерді қорғау және қаржылық
саясатпен сәйкестігін
Ақшаны қорғау көптеген ұйымдар үшін маңызды мәселеге айналатынын белгілі, өйткні оларды жасыру, алып кетудің өте оңай екендігімен қатар, оларды меншіктену белгілері жоқ.
Есеп беруге тиісті тұлғалармен
есеп айырысу есебі.
Өнеркәсіптік-шаруашылық қызметі барысында кәсіпорын өз қызметкерлерін қызмет бабымен іс-сапарға жібереді, дүкендерден кеңсе жабдықтарын сатып алады, почта арқылы жіберілген ақшаларды және басқа да шығындарды төлейді. Бұл шығындардың үнемі банк мекемелері арқылы нақты ақшасыз есеп-айырысу жолымен төленуі мүмкін емес. Сондықтан да жоғарыда аталған және басқа да шығындарды төлеу үшін қызметкерлерге қолма-қол ақша беріледі және олар сол алған ақшасына есеп беруі тиіс.
Аванс тек басшының жарлығымен және нақты қажеттілік жеткен кезде есеп беруге тиісті адамдарға және қызмет бабымен жіберілетін тұлғаларға беріледі. Есеп беруі тиісті адамдарға берілген сомалар оны қуаттайтын құжаттарының негізінде жұмсалады және белгіленген мерзімде бухгалтерияға тапсырады (толтырылған аванс құжаты төменде келтірілген).

- Бухгалтерия мен шаруашылық субъектісі есебін ұйымдастыру құрылымы
- Бухгалтерияның құрылымы және шаруашылық субъекісінің есебін ұйымдастыру
- Бухгалтерия предприятия
- Бухгалтеркий баланс
- Бухгалтеркий баланс
- Бухгалтеркий учёт безналичных расчётов
- Бухгалтеркий учет доходов и расходов
- Бух.баланс-как форма отчетности
- Бухгaлтeрский бaлaнс, eго знaчeниe в соврeмeнных экономичeских условиях
- Бухгалерская финансовая отчетность
- Бухгалерская финансовая отчетность
- Бухгалетлік есеп және аудит
- Бухгалтер
- Бухгалтер Арайлым алибекова