Бухгалтерлік және қаржылық есеп берудің принциптері және сапалық сипаттамалары
- Кіріспе.......................
.............................. .............................. .......2
- Негізгі бөлім.
2.1.
Қаржылық есеп берудің сапалық сипаттамалары.................
2.2.
Қаржылық есеп берудің негізгі қағдалары.....................
2.3.
Бухгалтерлік есеп принциптері...................
2.4.
Негізгі принциптер....................
2.5. ҚР-ғы бухгалтерлік есептің стандарттарына сай принциптері .......11
2.6.
Бухгалтерлік және қаржылық есеп берудің
негізгі принциптері.....11
- Қорытынды.....................
.............................. .............................. ..13
Қолданылған
әдебиеттер тізімі........................
Менің практикалық жұмысымның тақырыбы «Бухгалтерлік және қаржылық есеп берудің принциптері және сапалық сипаттамалары»
Кез келген ғылымның, соның ішінде бухгалтерлік есептің принципінің болуы заңдылық. Латын тілінен аударғандағы принцип сөзі мағынасы жағынан-бастамасы, негізі деген түсінікті білдіреді. Қаржылық есеп беру тұжырымдамасы (концепциясы) шаруашылық үдерістері барысында шешім қабылдау үшін бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің қажеттілігін анықтайды. Жалпы оқулықтар мен оқу құралдарын оқи отырып бухгалтерлік есептің жиырмадан астам принципін кездестіруге болады. Авторлар өз еңбегі барысында оларды кей кездері белгілі бір ұқсастықтарына қарай біріктіріп отырады. Есеп беру дегеніміз кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады. Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметін талджау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.
Осымен
қоса, есеп беру кәсіпорынның
шаруашылық қызметін жедел
2.1.
Қаржылық есеп берудің
сапалық сипаттамалары :
1. Түсініктілік - қаржылық есеп беруге
ұсынған ақпарат пайдаланушыға түсінікті
болуға тиіс.
2. Орындылық - пайдалануға өткен , қазіргі
және болашақ оқиғаларды бағалауға, растауға
немесе түзетуге көмектесіп, экономикалық
шешімдерге ықпал ету.
3. Сенімділік – ақпараттарда елеулі қателер
мен бұрмалаушылықтар жоқ екендігіне
шынайы сенім білдіру.
4. Шынайы көрсету – сенімділікті қамтамасыз
ету жағдайы, қаржылық жағдайы, операция
нәтижелері, ақшалай қаржылардың қозғалысы
және тағы басқа операцияларды шынайы
көрсетуі тиіс.
5. Мәннің формадан артықшылығы – операциялар
мен басқа оқиғаларды шынайы көрсету тек
заңды формада ғана емес, экономикалық
заңдылығына сәйкес есептеп ұсынуы қажет.
6. Бейтараптық - қаржылық есеп берудегі
ақпараттың сенімділігін қамтамасыз ету,
яғни күні бұрын теріс түсініктеме болмауы
керек.
7. Байқампаздық - активтер мен кірістер,
кемітілмей, міндеттемелер мен шығыстар
әдейі арттырылмауы үшін талап етілетін
есептеулерге сақтық деңгейін ұстау.
8. Толықтылық - сенімділікті қамтамасыз
ету мақсатында қаржылық есептердегі
ақпарат толық болуы қажет.
9. Уақыттылық - ақпарат ұсынуда ақталуға
келмейтін тежеу болған жағдайда өзінің
орындалғандығын жоғалтуы мүмкін.
10. Пайда мен шығын арасындағы баланс –
ақпараттан алынатын пайда, оны алуға
кететін шығыннан артып түспеуі тиіс.
11. Сапалық сипаттаулар арасындағы баланс
- қаржылық есеп беру тепе – теңдік немесе
салалық сипаттары арасында байланыс
болу қажет. Қаржлық есепті жасаушылар
кәсіби пайымдау мен әртүрлі жағдайларды
садыстырмалы маңыздлығын анықтайды.
12. Сенімді және әділ көрсету – бухгалтерлік
есептің сәйкес стандарттарын қолдану.Сенімді
және әділ қаржылық есеп беру барысында
ешқандай алаламай, қамтамасыз етуі қажет.
2.2. Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып:
Толассыздық. Субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.
Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс, қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған мәліметтер өз септігін тигізуі керек.
Мәнділік. Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін.
Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен құралады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар болмаса.
Шындық және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субъектінің ақша қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсыну керек.
Сақтық. Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табысты, сондай-ақ міндеттемелер мен шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.
Аяқтау және салыстыру. Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс. Ақпараттардың пайдалылығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір есептік кезеңі екінші бір есептік кезеңмен салыстырылуы тиіс.
Жүйелілік. Пайдаланушы субъектінің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі есептік кезеңмен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек қабылданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау мүмкіндігі артады.
Есеп
беруге қойылатын ең басты
талап тазалығы (ашықтығы) болып
табылады, яғни акционерлер мен
инвесторларға есеп берудің
Жедел-статистикалық
есеп беру кәсіпорынның
Бухгалтерлік
есеп беру кәсіпорынның
Балансты
және басқа да берілетін есептерді уақытында,
әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік
бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің
құжатталуын, белгіленген материалдық
және басқа есептерін толық көлемде берілуін
қамтамасыз ету керек.
2.3. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттарында бухгалтерлік есептің мына төмендегідей принциптері анықталған:
- есептеу;
- үздіксіз (ұдайы);
- түсініктілік;
- мәнділік;
- маңыздылық;
- сенімділік;
- әділетті әрі тура көрсету;
- бейтараптық;
- сақтық;
- толықтылық;
- салыстырмалық;
- дәйектілік.
Түсініктілік, маңыздылық, сенімділік және салыстырмалық деп аталатын төрт принцип-бухгалтерлік есептегі ақпараттық мәліметтерінің негізгі, сонымен қатар сапалы мінездемесі болып табылады.
Түсініктілік принципі
Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері оны пайдаланушыларға шешім қабылдауы барысында түсінікті болу керектігімен түсіндіріледі. Ол үшін бұл мәліметтерді пайдаланушылар бухгалтерлік есеп жайында белгілі бір дәрежеде білімді болулары қажет. Дегенмен де түсініктілік принципі ақпараттық мәліметтерді жәй қарапайым адамдардың, кәсіпқой емес тұлғалардың пайдалануы үшін сапасын төмендету деген түсінікке сай емес. Сонымен қатар осы мақсат үшін оны қаржылық есептен алып тастауға болмайды. Ақпаратты пайдаланушы тұлғалар бұл мәліметтерді түсіну үшін алдын ала кеңес алулары қажет.
Маңыздылық принципі
Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің, қаржылық есептің сыртқы пайдаланушыларға олардың шешім қабылдауы үшін қажет болуы мен түсіндіріледі. Олар негізінен бухгалтерлік есеп мәліметтерін келесідей мақсаттарға пайдаланады:
- алдағы уақыттағы экономикалық жағдайды болжау үшін;
- бұрын жасалынған болжамдардың барысында алынған нәтиженің дұрыстығын анықтау үшін.
Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің маңыздылық деңгейін өлшеу үшін үш түрлі сапалық аспектілер қолданылады.
- Уақытылы. Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтер өз
пайдаланушыларына керекті уақытында жеткізіліп отырылуы қажет. Бұл мәліметтің жеткізілу уақытының кешіктірілуі оның маңыздылық деңгейін төмендетеді.
- Болжамның құндылығы. Өткен немесе қазіргі кездегі
жасалынған болжаулардың нәтижесінде алынған бухгалтерлік ақпараттық мәліметтер пайдаланушыларға тиімді болуы қажет.
- Кері байланыс. Өткен уақытта жасалынған болжамдар
немесе оларға енгізілген өзгерістер пайдаланушыларға тиімді, оң әсер етуі қажет.
Сенімділік принципі
Берілген ақпараттық
ақ пайдаланушылар оған сенімді болса, онда бұл сенімді ақпарат болып табылады.
Салыстырмалық принципі
Қандай да бір кезеңнің
Сақтық принципі
Бухгалтерлік
есептің ақпараттық мәліметтерінде
жазылатын цифрлар кәсіпорынның
экономикалық жағдайын суреттейді (бейнелейді)
және пайдаланушылар осы мәлімет
арқылы түрлі шешім қабылдайды. Сондықтан
да әрбір әріптің және цифрдың
дұрыс жазылуы үшін сақ болу қажет.
Есептеу принципі
Кәсіпорындағы кез келген операциялар (кірістер, шығыстар) есептеліп отырылуы қажет.
Үздіксіз принципі
Ұйымның қызметі үздіксіз жалғаса береді деп болжам жасалынады.
Мәнділік принципі
Ұйымның бухгалтерлік есеп ақпараттары пайдаланушылардың қажеттілігін қанағаттандыруы қажет. Сондай-ақ пайдаланушылардың кәсіпорын жұмысына (қызметіне) баға беруіне көмек тесуі керек.
Бейтараптық принципі
Ақпарат
сенімді болуы үшін алдын ала
бір шешімді қабылдауы
Әділетті әрі тура көрсету принципі
Кәсіпорынның
қаржылық қорытынды есебі осы
мәліметтерді пайдаланушыларды қаржы
жағдайы және ақша қаражаттарының қозғалысы
туралы нақты әрі әділетті ақпараттармен
қамтамасыз етуі қажет.
Толықтылық принципі
Ұйымның
қаржылық қорытынды есебіндегі ақпараттық
мәліметтер сенімді болуы үшін толық
болуды қажет етеді және шыққан шығынға
қарай олар мәнді болуы қажет.
Мәліметтің толық болмауы оны
теріс немесе жалған етеді. Сондықтан
да ол сенімсіз және маңызсыз болады.
Дәйектілік принципі
Кәсіпорын өзінің қызметі барысында таңдап алған есеп жүргізу саясатын есепті кезеңін басынан соңына дейін дәйекті түрде қолдануы қажет.
Есеп
қисап жұмысының мақсаты
Осы
орайда, бухгалтерлік есептің алдына
мынадай нақты міндеттер
Бухгалтерлік
есептің басты міндеті –
Осы
орайда, бухгалтерлік есеп көрсеткіштерінің,
жоспарлау көрсеткіштермен
Бухгалтерлік есептің міндеттерінің бірі мемлекеттік, қоғамдық және жекеменшіктің түгелдігін қорғау. Есеп-қисап жұмысында, мемлекет меншігі – ол халқымыздың қазынасы.
Оның
молшылығы – еліміздің
Бухгалтерлік есептің тағы бір міндеті – кәсіпорындар экономикасын, шаруашылық есептің түбегейлі нәтижесі көрсету.
Түбегейлі
қайта құру кезінде барлық кәсіпорындар
толық шаруашылық есеппен өзін- өзі
қаржыландыруға көшуге тиісті. Шаруашылық
есеп жоспарлар шаруашылықты жүргізу
әдісі ретінде өндіріс
2.4. Негізгі принциптер мыналар:
1) қажетті
ресурстарды кәсіпорынға
2) шаруашылық дербестік;
3) өндіріске
жұмсалған шығындарды оның
4) өз
шығынын өзі өтеу және
5) өндірістің
дамуына жұмысшылар ұжымын
6) шаруашылық
қызметіне ақшалай өлшем
Осы
айтылған шаруашылық есеп принциптерін
негізге ала отырып, әрбір кәсіпорын-мақсаты
мен міндеттері жарғы арқылы белгіленген
дербес шаруашылық орны бола алады. Оның
өз жоспары, тиянақты балансы және мемлекеттік
банктерде өзінің есеп айырысу счеттары
болады.
2.5. ҚР-ғы бухгалтерлік есептің стандарттарына сай мынадай принциптер қабылданған:
- Есептеулер. Табыс алынған, ал шығындар жұмсалған сәтінде есепке алынады, зияндар, операиялар мен оқиғалар бухгалтерлік есепте көрсетіледі және қатысты кезеңнің қаржылық есебіне кіреді. Осы принципі бойынша құрылған, қаржылық есеп беру өткен операциялар мен басқадай оқиғалар туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, ол ақшалай қаражат алынған немесе төленген кезде емес, экономикалық шешім қабылдау кезінде пайдаланушылар үшін өте мағызды.
- Үздіксіз қызмет. Субъект өзінің іс-қызметін белгісіз уақыт кезеңі бойы жалғастырады және оның жақын болашақта таратылатын ниеті жоқ немесе қажеті жоқ, немесе ол қызметінің ауқымынелеулі түрде қысқартпақ емес деп шамаланады.
2.6.
Бухгалтерлік және қаржылық
есеп берудің негізгі
принциптері
Бүкіл
әлемдегі қаржылық есеп берулерде қолданылатын
бухгалтерлік есеп приниптерін бірегейлендіруге
қол жеткізу үшін 1973 жылы Қаржылық
есеп берудің халықаралық
ҚЕХСК-ның басты мақсаты – егер мыналар анықталып, қол жеткізілсе, қаржылық есеп беруді ұсыну:
- Міндеттер, оларды шешу үшін қаржылық ақпарат талап етіледі;
- Ақпараттық жүйе құру приниптері;
- Осы ақпараттың салалық сипаттамалар;
- Қаржылық есеп беру элементтері;
1997 жылдан
бастап ҚР-да ҚЕХС негізінде
жасалған бухгалтерлік есептің
стандарттары қолданыста жүр.
«Бухгалтерлік
есеп пен қаржылық есеп беру
туралы» заңда бухгалтерлік
- субъектінің, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғаларды шаруашылық қызмет жайлы толы жне сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету;
- субъектінің шаруашылық іс-әрекетін жүзеге асыруда ҚР заңдарын сақтауын бақылау үшін мемлекеттік органдарға қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.
Қойылған
міндеттерді орындау үшін
Кезеңдік
қаржылық есеп беру субъект
жөніндегі бухгалтерлік
Қорыта келген де бухгалтерлік есептің шаруашылық есепті нығайту нәтижесін көтерудегі кәсіпорындарда негізгі қорды пайдалану, айналмалы қорлардың тиімділігі, өндіріс өнімін уақытылы, тиімді бөлініп сатылуын тиянақты есепке алу арқылы орындалады.
ҚР-нда
енгізілген қаржылық есеп негізгі параметрлері
бойынша
халықаралық стандарттар талабына сай
келеді.
ҚР-ның заңдарында бұл тұғырнамалар жүзеге асырылады. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру ҚР-нда есептеу, үздіксіздік, дәлдік, шынайлылық пен кедергісіз берілетіндік, бейтараптық, салыстырмалық, жүйелік принциптеріне сай жүзеге асырылады.
Есептеу принципі мынаны білдіреді: табыстар еңбек сіңіріліп табылғаннан кейін аударылады, ал шығындар шығарылған соң есептелінеді, яғни операциялар мен оқиғалар есептік баланс пен қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есепте олардан түскен несие ақша қаражаты пайда болған сәтінен бастап есепке алынады.
Қаржылық есепті жасау үшін есептік уақыт болып есепті кезеңдегі календерлық соңғы күн есептелінеді. Қолданылып жүрген заңға сәйкес жылдық есеп үшін есеп беру кезеңі календерлық жылдың 1 қаңтарынан бастап 31желтоқсанға дейін. Егер ҚР заңында басқаша жағдай қаралмаса, есеп әр жылдың 30 сәуірінен кешіктірілмей тапсырылуы керек.
Қолданылған
әдебиеттер:
- ҚР-ның “Бухгалтерлік есеп және қаржы есебі” туралы заңы. 24. 06. 2002.
- ҚР-ның Қаржы министрлігінің 18. 09. 2002 жылғы №438 бұйрығымен (ҚР Қаржы министрлігінің өзгертулер енгізілген 21.10.2003 жылғы № 372 бұйрығымен) бекітілген Бухгалтерлік есеп типтік шот жоспары.
- Ержанов М.С., Ержанова А.М. Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов (с 1 января 2003г.). – А. : Ержанов и К, 2003.
- Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии.- А. : Центраудит- Казахстан 2002.
- Международные стандарты финансовой отчетности КМСФО/Пер. В.И. Тарусина/Ред. коллегия: А.С. Бакаев, Л.В. Горбатова, Т.Б. Крылов и др. – М., 1998.
- Баймұханова С. Б., Балапанова Ә. Ж. Бухгалтерлік есеп.-
А. : Қазақ университеті, 2002.
7. Баймұханова С.Б.
субьектов. – А. : Ценные бумаги,
2002.

- Бухгалтерлік құжатты рәсімдеу
- Бухгалтеррский финансовый отчет
- Бухгалтерсий управленческий учет на малом предприятии
- Бухгалтерсий учет готовой продукции
- Бухгалтерсий финансовый учет
- Бухгалтерска отчетность
- Бухгалтерская атчетность как база для анализа
- Бухгалтерлік есептің пайда болуы
- Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
- Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
- Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
- Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды автоматтандыру
- Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және оның бәсекеге қабілеттілік жағдайындағы орны
- Бухгалтерлік есеп шоттары және екі жақты жазу