Бюджеттендіру
Жоспар:
Кіріспе.
- Кәсіпорындағы бюджеттік процестің ұйымдастырылуы
- Бюджеттің функциялары
- Жалпы және жекелеген бюджеттердің құрылымы
- Кәсіпорын бюджетін қалыптастыру әдісі
- Кәсіпорын пайдасы бойынша бюджеттің орындалуын талдау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе.
Бақылаумен қатар басқарудың ең маңызды функциясына жоспарлау жатады. Жоспарлаудың нақтыланған деңгейі – бюджеттік жоспарлау. Ақша түріндегі сандық жоспарды бюджет деп ұғуға болады. Бюджет жауапты орталықтардың жоспарды қалай орындғанын бағалаудың негізі болып табылады.
Басқару есебінің мақсаты –
басқару шешімдерін қабылдау
үшін компания басшылығына
Компанияда бюджеттің келесі түрлері құрастырылады: ақша қаражаттары қозғалысының бюджеті (ақша қаражатының қозғалысы туралы бухгалтерлік есеп болжамы); табыстар мен шығыстар бюджеті (кірістер мен шығыстар туралы есеп беру болжамы); баланстық бюджет (болжамдық баланс).
Бюджет
функцияларына жататындар: алға қойған
мақсаттарға қол жеткізуді
Бюджет – кәсіпорынның қаржылық, инвестициялық, шаруашылық (операциялық) қызметтерінен түскен қаражат пен шығынды көрсететін қаржы жоспары.
Бұл курстық жұмысымда мен кәсіпорында бюджеттендірудің негіздері мен олардың басқару есебіндегі маңызын, бюджеттің атқаратын қызметтерін, жалпы және жекелеген бюджеттердің құрылымын, кәсіпорын бюджетін қалыптастыру әдісін қарастырдым.
1.Кәсіпорында бюджеттік процесcтің ұйымдастырылуы.
Бақылаумен қатар басқарудың ең маңызды функциясына жоспарлау жатады. Жоспарлаудың нақтыланған деңгейі – бюджеттік жоспарлау. Ақша түріндегі сандық жоспарды бюджет деп ұғуға болады. Бюджет жауапты орталықтардың жоспарды қалай орындғанын бағалаудың негізі болып табылады. Бюджеттік жүйе – бұл кәсіпорын жоспарларының теңестірілген жүйесі. Бюджеттендіру жүйесі кәсіпорынның қабілетін бағалауға мүмкіндік береді, сондай-ақ шикізаттар мен материалдарға, жұмыс күшіне, босалқы қорларға деген қажеттілікті анықтайды. Сондықтан, бюджеттендіру кәсіпорынның қаржылық көрінісі мен моделі. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп кәсіпорынның өткен кезеңдегі іс қызметінің нәтижесін көрсетеді, яғни нақты лперацияларды жүзеге асырады. Бірақ бұлар басқару қызметін жүргізу үшін жеткілікті емес. Ол үшін атқарылған жұмыстардың жоспарлы нәтижелерін нақты нәтижелермен салыстыру қажет. Бюджеттендіру осындай жоспарлы құжаттарды құрастыруға арналған. Компанияда бюджеттің келесі түрлері құрастырылады: ақша қаражаттары қозғалысының бюджеті (ақша қаражатының қозғалысы туралы бухгалтерлік есеп болжамы); табыстар мен шығыстар бюджеті (кірістер мен шығыстар туралы есеп беру болжамы); баланстық бюджет (болжамдық баланс).
Бюджеттендіруді жүзеге асырмас бұрын кәсіпорын келесі көрсеткіштерді анықтап алған жөн:
- Инфляция қарқыны. Бұндағы ақпарат көздеріне үкіметтің, тәуелсіз сарапшылардың әлемдік экономика мен нарықты талдаудағы болжамдары жатады (бұл ірі қаржылық ұйымдар мен трансұлттық корпорацияларға тән). Инфляция қарқыны кәсіпорынның қаржылық өзгеруіне әсер етеді.
- Саланың даму қарқыны. Ақпарат көздері консалтингтік фирмалардың болжамы, рейтингтік агенттіктер болып табылады. Саланың даму қарқынын болжау кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін анықтайды. Өндірістік қуаттылық пен өнім көлемін ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейді.
- Заңдардың өзгеруін қадағалау. Кәсіпорынның қызмет жүргізуіне бағытталған заңдарын реттеу. Яғни ойын бизнесіне салық салу, квота мен лицензиялау, акциздер туралы заңдар.
- Валюта курсының болжамы. Ақпарат көздері Ұлттық Банктің және тәуелсіз сарапшылардың болжамдары болып табылады.Бұл ақпарат егер бюджет теңге түрінде емес валюта курсымен жасалғанда өте маңызды.
- Шикізат, газ, электрқуатын жабдықтаушының тарифтерін болжау. Ақпарат көздері – жабдықтаушылар, тәуелсіз сарапшылардың болжамы. Бұл ақпараттар өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің өзіндік құнын анықтау үшін қажет.
- Тұтыну бағаларының өсу қарқыны. Бұл көрсеткіш ірі нарықтық компаниялардың инфляция мен бәсекелестік жағдайындағы тұтыну бағаларының өсу қарқынын анықтайды.
- Қаржылық көрсеткіштер: қаржыландыру мөлшерлемесі, несиелендіру бойынша орташа банктік процент. Ақпарат көздері – несие ұйымдары мен мемлекеттік органдардың аналитикалық болжамдары.
Бюджеттендіру – бұл кәсіпорын бөлімшелерінің қызметін келісіп басқарудың жеке жеке тарамдарға бөлінген жүйесі. Бюджеттендірудің шешуші сәтіне үйлестіру, адрестік және шығынды бағалау жатады. Бюджеттендіру бюджет жүйесіне негізделеді.
Бюджет – кәсіпорынның қаржылық, инвестициялық, шаруашылық (операциялық) қызметтерінен түскен қаражат пен шығынды көрсететін қаржы жоспары.
Ол басшылардың сандық жобаларын сәйкестендіріп, нақтылайтын кәсіпорын қызметінің және дамуының жоспарын сандық тұрғыдан білдіреді; кәсіпорын қандай нұсқалар арқылы пайда түсіре алады деген сауалға жауап береді. Бюджетті қолдану мына артықшылықтарға негізделеді:
- Стратегиялық тұрғыдан да, тактикалық тұрғыдан да жоспарлау өндіріс ахуалын бақылауға көмектеседі.
- Бюджет басқарушылық бақылаудың құрамдық бөлігі болып табылады, тұтас ұйымның және оның бөлімшелерінің қызмет нәтижелерін бағалаудың объективті негізін қалайды.
- Бюджет кәсіпорынның әр түрлі бөлімшелерінің қызметтерін үйлестіру құралына қызмет етеді.
- Бюджет – жауапты орталықтардың жоспарды қалай орындағанын бағалайтын бағаның негізі: менеджерлердің жұмысы бюджетті орындау туралы есеп берімен бағаланады; бюджет деректерімен нақты нәтижелерді салыстыру менеджерлердің қызметін қай салаға бұру керек екенін көрсетеді.
- Бюджеттің көмегімен ауытқудың талдауы жасалады.
Бюджет (кірістер мен шығыстар сметасы) – мақсаттары есеп беру көрсеткіштерінде міндеттемелермен, яғни әрбір бөлімшенің осы мақсаттарға қол жеткізудің жауапкершілігімен өзара байланыстағы ақша түрінде көрінетін кәсіпорынның өндірістік қызметімен үндесетін белгілі бір кезеңге арналған қаржы жоспары.
Есепті кезеңнің басында бюджет менеджердің сату, шығын және басталған кезеңдегі басқа да қаржы операцияларына қатысты болжамын қалыптастырушы жоспарды немесе стандартты білдіреді. Есептік кезеңнің соңында бюджет менеджерлерге ауытқуларды басқаруына мүмкіндік беретін өлшеудің ролін атқарады: алынған нәтижелерді жоспарлымен салыстырады, әрі одан ары болатын қызметке түзету енгізеді.
Басқару есебінде бюджеттердің жіктелуі
Белгілері |
Бюджет түрлері |
|
Мезгілі бойынша |
-Ағымдағы – бір жыл -Оперативті – тоқсан, ай -Сырғымалы |
Тағайындалуы бойынша |
-Операциялық -Қаржылық |
Әзірлену әдісі бойынша |
-Тұрақты -Икемді |
Нақтылау деңгейі бойынша |
-Негізгі – тұтас кәсіпорын бойынша -Жеке – жауапкершілік орталықтары бойынша |
Бюджет басқарушылық бақылау жүйесінің шешуші құралы болып табылады. Барлық кәсіпорындар бюджетті жасаушы болып табылады. Көбінесе жылдық бюджет ретінде жауапкершілік орталықтарының табыс табуына арналған компанияның жоспарлы қызметін көрсететін пайда жоспарын қарастырады.
Бюджетті жасау тұрақты, динамикалық процесс әрі ол тек бірінші тоқсан ғана ай бойынша ғана нақтыланатын және әдетте тоқсан бойынша ірілендіріп әзірленетін жылдық бюджетті қабылдаумен аяқталмайды. Жыл ішінде бюджет жағдайлардың өзгеруіне қарай өзгеруі мүмкін.
Жаңа өнім шығару, қосымша капитал жұмсауды қажет ететін жаңа технологияны немесе жаңа жабдықты енгізу сияқты елеулі өзгерістер болған жағдайда бюджет бес жылға, тіпті, одан да ұзақ жылдарға әзірленеді.
Бюджеттік жоспарлау кезеңдеріне мыналар жатады:
-барлық жауапты орталықтарды жоспарлау;
-қызметті бағалауда пайдаланылатын көрсеткіштерді анықтау;
-жаңа жағдайға байланысты жоспардағы ықтимал өзгерістерді талқылау;
-ұсыныстарды
ескеріп жоспарға түзету
2.Бюджеттің функциялары.
Өндірістік қызметті басқару жүйесі кәсіпорынның өндірістік міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыруын қамтамасыз ететін құрылымдық элементтер мен өзара байланысты функциялардың жиынтығын білдіреді. Өндірістік қызметті басқару ең алдымен жиынтық функциялар арқылы жүзеге асырылады. Ол көп қырлы әрі әр түрлі объектілерді, қызмет түрлерін міндеттерді және т.б. қамтуы мүмкін. Бұл қатынастарда басқару функциясын мына белгілер бойынша жіктеуге болады:
-ұйымның алдына
қойған мақсатына қол
-әр түрлі
қызмет түрлерін және
-өз жауапты
орталықтардың мақсаттарына
-ағымдағы қызметті
бақылау және жоспарлы
-жауапты орталықтар мен оның басшыларының жоспарды қалай орындағанына баға берудің негізі;
-ақпарат және басқару;
Жоспарлау. Маңызы зор жоспарлы шешім әдетте бағдарламаны әзірлеу барысында жасалады, ал бюджетті әзірлеу процесі мәні бойынша осы жоспарларды нақтылаушы болып табылады.
Жылдық бюджетті жасау процесі алдағы кезең жоспарларын нақтылай түседі, өйткені басшылар алдағы кезең жоспарлары нақтылыққа айналуы үшін ретімен толық жоспарлар жасауы кере. Бюджетті жасау келесі кезеңдердегі қызметтердің ықтимал өзгерістерін назарға алып, алдағы кезеңнің операцияларын жоспарлауды білдіреді және келешекте кездесу і мүмкін өзгерістердің шарттарын жұмсарту үшін бүгінгі күннен кешіктіруге болмайтын шараларды анықтайды.
Күнтізбелік-жоспарлы нормативтердің негізінде әзірленетін бұйымдар мен бөлшектер шығарудың бағдарламасы озық техника мен технологияларды, кәсіпорынның өндірістік қуатын, еңбек өнімділігін арттыратын материалдық және моральдық ынталандыруды толық пайдалануды қарастырады.
Үйлестіру. Әрбір жауапты орталықтың қызметі басқа жауапты орталықтардың жұмысына байланысты болып, бір біріне әсерін тигізіп отырады. Сондықтан да жеке қызмет түрлерінің бюджетін әзірлеу процесінде ұйымның ортақ мақсатына ұмтылатын бөлімшелердің ұйымшылдықпен, яғни келісімге келіп жұмыс істеулерін үйлестіреді. Өндіріс жоспары маркетинг бөлімінің жоспарымен үйлестірілуі аса маңызды, яғни жоспарланған сату көлеміне сай өнім өндіру қажет. Жоспар нақты тармақтарды қамтиды: қанша тауар мен қызметтерді өндіру қажет; қандай материал мен шикізатты сатып алу қажет, қандай сату бағасын белгілеу керек, болашақта қандай саясатты ұстану керек және қандай шектеулерді қолдану керек, т.б.
Ынталандыру. Бюджетті жасау процесі тұтас ұйымның да, жауапты орталықтардың да мақсаттарын жүзеге асыруға басшыларды ынталандырудың аса қуатты құралы болуы мүмкін. Әрбір басшы өзінің жауапты орталығының қызметінен қандай нәтиже күтетінін анық білуі керек.
Егер менеджер өз бөлімшесінің бюджетін әзірлеуге белсенді қатысса, бюджеттің ынталандырушы ролі зор болады. Басқарудың барлық деңгейі бөлімшелер немесе функциялар бойынша бюджетті, сондай-ақ алдағы кезеңнің негізгі, жалпы бюджетін әзірлеуге тікелей қатысатын тәжірибе орындаушылардың қатысумен жоспарлау деп аталады.
Бақылау. Бюджет – оны қалыптастыру, яғни жасау сәтінде қалаулы нәтижелер туралы есеп беруді білдіреді. Мұқият әзірленген бюджет – ең жақсы стандарт. Онымен нақты қол жеткен нәтижелерді салыстырады, өйткені ол өзіне әзірлену кезінде болжам жасалған барлық өзгермелілердің тиімділігіне баға беруді де қосады.
Нақты деректерді бюджетпен салыстыру қай салаға назар аударып, әрекет ету керектігін көрсетеді. Бюджет деректері мен нақты нәтижелердің арасындағы ауытқуды талдау мыналарға мүмкіндік тудырады:
- бірінші кезекте назар аударуды талап ететін проблемалық саланы сәйкестендіру;
- бюджетті әзірлеу процесінде қарастырылмаған жаңа мүмкіндіктерді анықтау;
- бастапқы бюджеттің біршама деңгейде нақты емес екендігін көрсету.
Бағалау. Ай сайын бюджетте анықталатын ауытқулар жыл бойы бақылауға алынады. Бір жылдың нақты деректерімен бюджетті салыстыру әрбір жауапты орталықтар мен оның басшыларының қызметін жыл аяғында бағалаудың басты факторы болып саналады.
Оқыту. Бюджет менеджерлерді оқытуға да қызмет етеді. Бюджетті жасау әркімнің өз бөлімшелерінің қызметін толық зерделеп, басқа жауапты орталықтармен қалай қарым-қатынас жасайтынын білуге мүмкіндік тудырады. Бұл әсіресе, жауапты орталықтардың басшылығына тағайындалған тұлғаларға маңызды.
Бюджеттік бақылау үш сатыдан тұрады:
1.Жоспарлауға әзірлеу;
2.Жоспарлау;
3.Бақылау;
Жоспарлауға әзірлеу – жеке келіссөздер мен талқылауларды талап ететін процестің аса маңызды бөлігі. Фирманың мақсаттары мен саясаты бастан аяқ баян етілуі керек. Олардың арасында:
- Пайдалылық - инвестицияланған капиталға процент түріндегі пайда ретінде көрінеді. Түсімдегі маржиналдық табыстың проценті және түсімдегі операциялық пайданың проценті.
- Өтімділік – ақша ағынының терминдерінде немесе айналым қорлары мен қысқа мерзімді міндеттемелердің арасындағы мақсатты қатынас ретінде көрінеді.
- Сатудың өсуі – оны бақылау керек, өйткені өте жылдам өсу ақшалай қаражаттың жетіспеушілігіне әкеп ұрындырады.
- Нарық үлесі.
- Персоналдың дамуы.
Мақсаттарға жетудің жолын көрсететін стратегияны әзірлеу аса қажет; жоспарлардың баламалы нұсқаларын қарап, ұзақ мерзімді қаржы тұрақтылығына ең көп шамадағы пайданы ұштастыруды қамтамасыз ететін бас жоспарды таңдап алу. Бас жоспардың негізіне жататын алғы шарттарды нақты белгілеу керек, атап айтқанда:
- тапшылықтың болжалды, яғни болжанған қарқыны - қшаның сатып алушылық қабілетінің төмендеу индексі және белгілі бір тауар бағасының өсу индексі.
- сату көлемінің өсуі және проценттегі шығын;
- өнімдердің ассортименті;
- кредит бойынша процент мөлшерлемесі;
- валютаның айырбас бағамы;
Жоспарлау процесі шектеуші факторларды іріктеуден басталады. Көптеген кәсіпорындар үшін бұл бәсеке аумағы мен клиент санын қоса ескеріп нақты қол жеткізуге болатын сату көлемі болуы мүмкін. Өткізу жоспарын әзірлегенде мыналарға болжам жасалуы қажет: әрбір өнім түрінің өткізу көлемі мен бағасы; өнім түрлеріндегі мақсатты маржиналдық табыс; бүгінгіге де, өткен шаққа да өткізу – баға және көлем; бәсекелестердің бағасы; бәсекелестермен салыстыру бойынша нарық үлесі - қазіргі жағдай және болашаққа болжам жасау; маусымдық факторлар; ағымдағы тапсырыстар; жарнама мен маркетинг шығыстары; жалпы шаруашылық конъюктураның болжамы.
Бақылау – жоспарланған және нақты болған жұмыстар арасындағы әрекет. Бақылауды жүзеге асырмас бұрын ең алдымен қолда жоспар болуы керек. Бақылау нақты іс пен жоспардың арасындағы айырмашылық алдын ала анықталған белгілі бір саладағы ауытқудың аясынан шығып кеткенде жүргізіледі. Бюджеттік бақылау нақты шаманы жоспарлы шамамен салыстырады.
Қаржы бюджеті болжау жасалған мына қаржы құжаттарын әзірлеуді қамтиды:
- табыстар мен залалдар туралы болжау жасалған есеп беру – ағымдағы ақшалай ағынды қалыптастыру мен пайдаланудың, таза пайда алу мен оны пайдаланудың жұмыс жоспары.
- бюджеттік баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайына жоспарлы шешімдердің болжамды жиынтық әсерін көрсетеді.
- ақшалай қаражат бюджетті - өндірістік қызметтің, инвестициялық және қаржылық қызметтердің жоспарланған уақыты бойынша өзара байланысты ақшалай қаражаттың түсімі мен жұмсалуын, кассалық қолма-қол ақшаны алу мен шығындау жоспары.
- тұрақты бюджет кәсіпорынның нақты істер белсенділігінің деңгейіне, яғни кірістері мен шығыстарына қарай болады.
- Икемді бюджет – нақты іскер белсенділіктің деңгейіне емес, оның белгілі бір диапазонына, яғни өндіру көлемінің бірнеше баламалы нұсқалары бар диапазоны үшін жасалады.
- Бас (негізгі) бюджет – бұл тұтас кәсіпорынның (барлық бөлімшелері немесе қызметтері бойынша) үйлестірілген жұмыс жоспары.
3.Жалпы және жекелеген бюджеттердің құрылымы.
Бас (жалпы) бюджет тұтас ұйым бойынша барлық бөлімшелер немесе функцияларды үйлестіретін жұмыс жоспары және ол екі негізгі бюджеттен – оперативті және қаржылық бюджеттен тұрады.
Бюджеттік жлспарлауға жататындар:барлық жауапты орталықтарды жоспарлау, қызметті бағалау барысында қолданылатын көрсеткіштерді анықтау, жаңа жағдаймен байланысты жоспардағы өзгерістерді талқыға салу, ұсыныстарды ескеріп жоспарға түзету енгізу.
Ұйымның бюджетті жасау процесі бюджеттік кезең деп аталады және ол мына кезеңдерден тұрады:
- басшыларды қатыстырумен тұтас ұйымның барлық жауапты орталықтарының және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жоспарлау;
- қызметті бағалау барысында қолданылатын көрсеткіштерді анықтау;
- жаңа жағдайға байланысты жоспардағы ытимал өзгерістерді анықтау;
- ұсыныстарды ескеріп, жоспарға түзету енгізу;
Міндеттерге байланысты мына бюджет түрлерін бөліп көрсетуге болады:
-бас жоспар және жеке;
-икемді және тұрақты;
Бас бюджет кәсіпорынның барлық қаржылық-шаруашылық қызметін қамтиды. Бас бюджеттің негізгі мақсаты – жеке бюджет негізінде кәсіпорын бөлімшелерінің сметалары мен жоспарларын біріктіру және жинақтау;
Бас бюджеттің негізгі кезеңдерін құрастырғанда мыналар ескеріледі:
- бюджеттік бағалауды әзірлеу кезінде пайдаланатын ұсыныс пен шектеуді, бағыт пен саясатты, жалпы жоспарды қамтитын ағымдағы бағдарламаны қарастыру;
- сату бюджетін жасау;
- жауапты орталықтардың менеджерлерімен басқа да бюджеттерді әзірлеу;
- нәтижесінде олардың міндеттемелері айқындалып кәсіпорын басшылары мен жауапты орталықтардың менеджерлерінің негізгі бюджет келісімі бойынша келіссөздері;
- жоғарғы басшылықпен және директорлар кеңесімен бюджетті бекіту;
- кәсіпорынның төменгі деңгейіндегі жауапты орталықтар бойынша бекітілген бюджеті тарату;
Бас бюджетті жасаудың нәтижесінде мыналар жасалады:
-Болжаулы баланс;
-Табыс пен залал жоспары;
-Ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы жоспар.
Кез келген ұйымның бас бюджеті екі бөлімнен тұрады:
- ұйымдардың кіріс және шығыс баптарын бейнелейтін қосалқы сметалар арқылы нақтыланған пайда және залал жоспарын қамтитын операциялық бюджет;
- капитал жұмсау, ақшалай қаражаттың қозғалысы және болжаулы баланс бюджеттерін қамтитын қаржы бюджеті;
Бас бюджеттердің
құрылымы, әсіресе, оның операциялық
бөлігі әзірлеушінің біліктілігі мен
тәжірибесіне қарай бюджетті жасау
процесі кәсіпорынның қаржылық құрылымы
мен интеграцияланатын
Бас бюджет – бұл кәсіпорын қызметінің мақсаттарына қол жеткізуге аса қажетті маркетингтік және өндірістік жоспарлардың қаржылық және сандық тұрғыдан анықталған көрінісі.
Оперативтік жоспарлау технологиясы, яғни бас бюджетті классикалық үлгіде жасау тізбектілігі сызбада келтірілген.
Бюджет жыл негізінде (ай бойынша бөлініп) және үздіксіз, яғни ұдайы жоспарлау негізінде жасалады.
Операциялық бюджет
ß
Сату бюджеті
ß
Өндіріс бюджеті
ß
Материалдарды пайдалану бюджеті
ß
Материалдарды сатып алу бюджеті
ß
Негізгі өндіріс персоналының еңбек шығынының бюджеті
ß
Жанама өндірістік шығындар бюджеті
ß
Бір бұйымды өндірудің өзіндік құн бюджеті
ß
Жоспарлы кезең соңындағы қойма қалдықтарының бюджеті
ß
Өткізілген өнімдердің өзіндік құн бюджеті
ß
Коммерциялық және әкімшілік шығындар бюджеті
ß
Табыс пен залал туралы жоспарлы есеп беру
ß
Қаржылық бюджет
ß
Күрделі қаржы жұмсау бюджеті
ß
Ақшалай қаражат қозғалысының бюджеті
ß
Болжаулы бюджет
4.Кәсіпорын бюджетін қалыптастыру әдісі.
Бюджет бұл нақты жүзеге асыру мақсатындағы жоспарлардың сандық көрінісі. Ол тұтас ұйым үшін де, оның бөлімшелері үшін де жасалуы мүмкін.
Бюджет шын мәнінде пайдалы құжат болуы үшін бірнеше әзірлік жұмыстары жүргізілуі керек. Анықтап айтқанда:
- ұйымның алдына қойған мақсатын анықтау;
- жалпы экономикалық және салалық факторлардың, бәсекелестердің ықпалы.
- кәсіпорынның ұйымдық құрылымы;
- қойылатын қаржы құрылымы.
Жоғарыда аталғандармен кәсіпорындардың өндірістік бағдарламасы қалыптасады, сонан соң функциялық бюджеттерді жасау қолға алынады.
Тактикалық
бюджет әдетте өндіру немесе сату немесе
құрылымдық бөлімшелер сияқты ұйымның
жекелеген функциялары ретінде
болатын әрбір бюджеттік
Деректерді бейіндеу ақшалай қаражат бюджетін қалыптастыруға жағдай тудырады. Уақытша тапшылыққа немесе артық ақшалай қаражатқа ерте бастан дайын болу үшін, ақша ағынының түрленуін қадағалайтын әрбір бюджет кезеңінің аясында кезеңді белгілеу маңызды.
Бюджетті қалыптастырудың екінші сатысы – капитал шығынының бюджетін (кәсіпорынның ұзақ мерзімді мақсаттарын жүзеге асыратын), ақшалай қаражат қозғалысының бюджетін (жоспарлы жылдағы кәсіпорынның кіріс және шығыс ақшаларын көрсететін), жоспарлы кезеңнің соңындағы балансты және ақша ағыны туралы есеп беруді қамтитын кәсіпорынның қаржылық бюджетін жасайды.
Бюджеттік кезең. Бюджеттендірудің негізгі мақсаттырының біріне әр түрлі ұйымдық функцияларды үйлестіруді қамтамасыз ету кіреді. Бұл бюджеттің жасалу тәртібін көрсетеді.
Бюджеттендіру
жүйесіндегі сату бюджеті ұйымдарда
бірінші болып қалыптасады, өйткені
өнімді сатудың мүмкін көлемін бағалаусыз
және жоспарлаусыз өндіріс бюджетін,
шикізат пен материалдарды
Сату бюджеті. Өнім түрлері бойынша бюджеттік кезең ішіндегі сату көлемін көрсетеді.
Сату бюджеті кәсіпорын өнімдерін өткізудің өткізу жоспары бөлімінің қызметкерлері мен сарапшыларының, басқарушыларының талқылау нәтижесі болып табылады. Сатуды жоспарлау – көптеген факторларды ескеруге тура келетін күрделі процесс: сату тарихы, экономиканың жалпы жағдайы, баға саясаты, маркетингтік зерттеудің нәтижесі, өндіріс қуаты, бәсекелестік, мемлекет тарапынан болатын шектеулерді есептеу және т.б. Сатуды жоспарлау тек өндіріс қуатына ғана емес, сонымен бірге нарықта өткізудің мүмкіндіктеріне байланысты болады. Сату бюджетін жасау барысында мына ықпалды факторларды ескеру қажет: бәсекелестердің қызметі, жабдықтаушылар мен сатып алушылардың тұрақтылығы, жарнаманың нәтижелілігі, сұраныстың ауытқуы, іскерлік саясаты, экономиканың жалпы жағдайы, мемлекет тарапынан шектеулердің болуы және т.б. Сату бюджетінде мына көрсеткіштер көрініс табады: сатылатын өнім түрі, оның саны, бірлік бағасы мен сатуды жүзеге асырудың жоспарындағы сома. Сома бюджетін әзірлеу – бұл бас бюджетті жасау процесінің маңызды тармағы, өйткені сату көлемі мен оның тауарлық құрылымы ұйым қызметінің деңгейін сипаттайды.

- Бюджеттердің орындалуы туралы есептерді толтыру және қалыптастырудың тәртібі
- Бюджеттеудің негізі және бюджет туралы жалпы түсінік
- Бюджеттеу және бюджеттік бақылаудың ұйымдастырылуы
- Бюджеттеу және жоспарлау түсінігі
- Бюджетті жоспарлау және болжамдау
- Бюджеттік бақылау
- Бюджеттік бақылау
- Бюджет субъекта федерации на примере Хабаровского края
- Бюджет субъекта Федерации: проблемы формирования и исполнения (на примере Свердловской области в текущем году)
- Бюджет субъектов РФ
- Бюджет табыстарының есебі
- Бюджет тапшылығы
- Бюджет тапшылығы және оны азайту
- Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыздың теориялық негіздері