Бюджеттік бақылау. 2
Жоспар:
- Кіріспе
- Мемлекеттік қаржылық-бюджетке түсінік
- ҚР-ның бюджет жүйесін құру принциптері және негізгі бюджетті құру
- Бюджеттік құқық
- Ресейдің мемлекеттік билік органдарының бюджеттік құқықтары
- Өзін-өзі басқару органдарының бюджеттік құқықтары
- Бюджеттің жіктелуі
- Бюджеттік жіктелуді құрудың жалпы принциптері
- Бюджеттік жіктелудің схемасы
- Бюджеттің кіріс және шығыс болып жіктелуі
- Бюджеттік тапшылықты қаржыландыру көздерінің жіктелуі
- Бюджеттік кірістің құрылымы
- Мемлекеттік бюджеттің кірісі
- ҚР-ның субьектілерінің бюджеттік кірісі
- Жергілікті бюджет кірісі
- Бюджеттік шығысты жоспарлау және қаржыландыру
- Өндірістік емес сферада шығысты қаржыландыру жүйесі
- Мәдениетке және білім беруге кеткен шығындар
- Дефицит. Профицит.
- Бюджеттік жүйе бюджеттің құрылуы
- Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
- Қорытынды
- Қолданылған әдебиеттер
- Қосымша мәліметтер
Кіріспе
Бюджет –
белгілі бір мерзім аралығына,
әдетте бір жылға белгіленетін
белгілі бір тұлғаның (отбасының,
бизнестің, ұйымның,
Нарықтық қатынастар туындатқан экономиканы баскарудың жаңа механизмдері бюджетті басқару жөніндегі мәселелерге де жаңаша көзқарастың қажет екендігін айқындап отыр. Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де бюджет зор рөл атқарады.
Бюджет мемлекеттің қызметтерін іске асыру және мемлекеттік саясат шараларын іске асырудың негізгі құралы болып табылады. Сондықтан да мемлекет қызметін іске асыру және бюджет саясатын тиімді жүзеге асыру белгілі бір бюджет каражаттарын талап етеді.
Бюджет туралы заңды дайындау және қарау, бекіту процесі, сонымен қатар оны атқару мен атқарылуын бақылау рәсімі процедураның басты мәселесі. Соңғы он жылдықта қазақстандық бюджет саласының дамуы, экономикалық және әлеуметтік негізделген құрылыммен және мемлекеттік шығыстар көлемімен қажетті нәтижеге жете қойған жоқ. Негізгі себептерінің бірі ретінде қолданыстағы бюджеттік процедураның әлі де жетілмегенін айта кеткен жөн.
Бюджетті бақылау — мемлекеттік қаржы бақылауының құрамдас бөлігі, ол арқылы бюджет жобасын әзірлеу, оны қарау және оның орындалуы туралы есеп беру барысында бюджеттік қаражаттың құралуы, бөлінуі және орындалуы тексеріледі. Бюджетті бақылаудың мақсаты - барлық деңгейдегі бюджетке кірістің неғұрлым толық жүмылдырылуын, бюджеттік қаражаттың нысаналы мақсатқа және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету. Бюджетті бақылауды мемлекеттік биліктің тиісті республикалық және аймақтық органдары мен жергілікті өзін- өзі басқару органдары және олардың бақылау-есеп органдары, республикалық қазынашылық органдары, аймақтық және жергілікті қазынашылар, салық және кеден органдары, қаржы-банк жүйесінің органдары, идаралық бақылау органдары жүзеге асырады. Бюджеттен қаржыландырылатын кәсіпорындардың, ұйымдардың ақшалай қаражаты ғана емес, сонымен бірге материалдык және еңбек ресурстары да Бюджетті бақылау нысандары болып табылады.
1.Мемлекеттік қаржылық-бюджет
Әрбір мемлекеттің қаржылық жүйесі бір-бірімен байланысты екі үлкен қосалқы жүйеден тұрады – жалпы мемлекеттік қаржы (бюджеттер жүйесі – федеративтік, аймақтық, муниципалдық, мемлекеттік несиелеу жүйелері, мемлекеттік сақтандыру жүйелері) және шаруашылық жүргізушілердің қаржылары (өндіріс компанияларының, сауда кәсіпорындарының және басқа да коммерциялық құрылымдардың қаржылары, коммерциялық банк жүйесі, биржа жүйесі және т.б.).
Қаржы жүйесінің жетекші сатысы – мемлекеттік бюджет – мемлекеттің ақ шалай қаражатының бас орталықтандырылған қоры. Мемлекеттік бюджет – ұлттық кірісті қайта үлестірудің басты құралы. Мемлекеттік бюджет – мемлекет пен кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер арасында қалыптасатын қаржылық қатынастар.
Мемлекеттік бюджет
Мемлекеттік бюджеттің негізгі кірістері салықтардан құралады, олар кірістің жалпы сомасының 70–90% астамын құрайды. Экономикасы дамыған елдерде негізгі салық түрлері – жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, корпоратив- тік табыс салығы, акциздер, қосымша құн салығы, кеден баж төлемі – мемлекеттік бюджетке бекітілген.
Мемлекеттік бюджеттен негізгі төмендегідей шығындар алынады:
- әскери мақсаттарға, экономикаға араласуына, мемлекеттік аппаратты қамтамасыз ету, әлеуметтік шығындар.
Мемлекеттік бюджет жергілікті басқару органдарына, арнайы үкімет қорларына, мемлекеттік кәсіпорындарға несиелер мен жәрдем ақша беру арқылы қаржылық жүйенің басқа сатыларына ықпал етеді.
Қаржы жүйесінің II-сатысы– жергілікті (аймақтық) қаржылар. Олар жергілікті бюджет, муниципалитетке қарасты кәсіпорындардың қаржысы, автономиялық жергілікті қорлардан құралады.
Қаржы жүйесінің III-сатысы – бюджеттен тыс арнайы қорлар: зейнетақы қорлары, әлеуметтік сақтандыру қорлары және т.б.
2.Қазақстан Республикасы бюджет жүйесiнiң принциптерi және негізгі бюджетті құру
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi мынадай принциптерге негiзделедi:
- бiрыңғайлық принципi - бюджет жүйесiн ұйымдастырудың және оның жұмыс iстеуiнiң бiрыңғай принциптерiн қолдану, Қазақстан Республикасында бiрыңғай бюджет сыныптамасын және бюджет процесiнiң бiрыңғай рәсiмдерiн пайдалану;
- толымдылық принципi - бюджетте және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық түсiмдер мен шығыстардың көрсетiлуi, бюджет қаражаты бойынша талап құқықтарының басқаға берiлуi сияқты, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке жатқызуға жол бермеу;
- реалистiк принципi - бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет көрсеткiштерiнiң әлеуметтiк-экономикалық дамудың, мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарлары болжамдарының бекiтiлген (түзетiлген) параметрлерiне, бағыттарына сәйкес келуi;
- транспаренттiлiк принципi - мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi, сондай-ақ қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшiн бюджет процесiнiң мiндеттi ашықтығын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджеттi және олардың атқарылуы туралы есептердi, стратегиялық жоспарлар мен олардың iске асырылуы туралы есептердi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру туралы және пайдалану туралы ақпаратты мiндеттi түрде жариялау;
- дәйектiлiк принципi - мемлекеттiк органдардың бюджеттiк қатынастар саласында бұрын қабылданған шешiмдердi сақтауы;
- нәтижелiлiк принципi - мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзуге бағдарланған бюджеттердi әзiрлеу және атқару;
- бюджеттердiң дербестiк принципi - түрлi деңгейдегi бюджеттер арасында түсiмдердiң тұрақты бөлiнуiн белгiлеу және осы Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын айқындау, осы Кодекске сәйкес мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiнiң бюджет процесiн дербес жүзеге асыру құқығы, жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы барысында қосымша алынған кiрiстердi және жергiлiктi бюджеттер қаражатының қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берiлмеуi, төменгi бюджеттерге оларды тиiстi өтеусiз, қосымша шығыстар жүктеуге жол берiлмеуi;
- сабақтастық принципi - өткен кезеңде бекiтiлген әлеуметтiк-экономикалық даму болжамдарына, базалық шығыстарға, бюджеттiк мониторинг қорытындыларына, нәтижелердi бағалауға негiзделген республикалық және жергiлiктi бюджеттердi жоспарлау;
- негiздiлiк принципi - бюджет жобасына қандай да болсын түсiмдердi немесе шығыстарды енгiзу қажеттiгiн және олардың көлемдерiнiң негiздiлiгiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлер және басқа да құжаттар негiзiнде бюджеттi жоспарлау;
- уақтылылық принципi - республикалық және жергiлiктi бюджеттерге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаның бақылау шотына түсiмдердi есептеу және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiндегi Үкiмет шотына аудару, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелер қабылдауы, төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес төлемдер жасау және тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген тәртiптi сақтай отырып, мерзiмiнде бюджет қаражатын алушылар шоттарына аудару;
- кассаның бiрыңғайлық принципi - бюджетке барлық түсiмдердi бiрыңғай қазынашылық шотқа есептеу және бiрыңғай қазынашылық шоттан барлық көзделген шығыстарды ұлттық валютамен жүзеге асыру;
- тиiмдiлiк принципi - бюджет қаражатының бекiтiлген көлемiн пайдаланып, ең үздiк тiкелей нәтижеге қол жеткiзу қажеттiлiгiн негiзге ала отырып, бюджеттердi әзiрлеу және атқару немесе бюджет қаражатының аз көлемiн пайдаланып, тiкелей нәтижеге қол жеткiзу;
- жауапкершiлiк принципi - тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзуге және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен мемлекеттiк мекемелер басшыларының және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтiн шешiмдер қабылдағаны үшiн жауапкершiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған қажеттi әкiмшiлiк және басқару шешiмдерiнiң қабылдануы;
- бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты принципi - бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, бюджет қаражатын мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларымен көзделген нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге бағыттауы және пайдалануы.
Бюджет құрылымы мынадай бөлiмдерден тұрады:
1) кiрiстер:
- салықтық түсiмдер;
- салықтық емес түсiмдер;
- негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер;
- трансферттер түсiмi;
2) шығындар;
3) таза бюджеттiк кредиттеу:
- бюджеттiк кредиттер;
- бюджеттiк кредиттердi өтеу;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо:
- қаржы активтерiн сатып алу;
- мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер;
5) бюджет тапшылығы (профицитi);
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану):
- қарыздар түсiмi;
- қарыздарды өтеу;
- бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары.
3.Бюджеттік құқық
Бюджеттік құқық
мемлекеттің бюджет жүйесін,
Бюджеттік құқық экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген барлық бюджеттердің жиынтығын береді.
ҚР бюджеттік жүйесінің құрамына:
- республикалық бюджет
- жергілікті бюджет: облыстық, қалалық, аудандық бюджеттер
Бюджеттік құқық
– бұл бюджеттік құрылымды
ұйымдастыру кезеңінде пайда
болған, сонымен қатар орталандырылған
және жергілікті бюджеттерді
пайдалануды қалыптасуда, бөлу
және ұйымдастыруда пайда
Бюджеттік құқықтың әдістері:
· Императивтік әдіс. Мемлекеттің ақшалық құралдарды бір жақты мәжбүрлік қайтару арқылы өндіріп алудағы бюджет қызметінде әдіс ең айқын көрінеді.
· Диспозитивтік әдіс. Экономикалық табиғаты жағынан немиелік болып келетін бюджеттік қатынастардың құқықтың реттеулері үшін қолданылады (мемлекеттік қарыздандырулар қатынастары мен бюджеттік несиелеу қатынастар).
Бюджеттік
құқықтың мөлшерлері
Жалпы бөлімге келесі институттар кіргізіледі:
1) бюджеттік құрылым;
2) қаржы саласындағы басқару;
3) бюджеттік жоспарлаудың құқықтық негіздері;
4) бюджеттік бақылаудың құқықтық негіздері.
Ерекше бөлімге кіргізілетін институттар:
1) бюджет табыстарының құқықтық реттелуі;
2) бюджет шығындарының құқықтық реттелуі;
3) мемлекеттік несиенің құқықтық реттелуі.
Бюджеттік құқықтың жалпы бөлігінің мөлшері негізінен ұйымдастырушылық бюджетті қатынастарды, ал ерекше бөлігінің мөлшері материалдық бюджетті қатынастарды реттейді.
Бюджеттік құқықтық
қатынастар – бұл бюджетті
құқық мөлшерімен реттелген
Бюджеттік құқық қатынастарының субъектілері:
1. Тұтасымен алғанда мемлекет;
2. ұлттық-аймақтық
және әкімшілік-аймақтық
3. Мемлекет
үкіметінің өкілдік және
4. Құқықтық тұлғалар;
5. Жеке тұлғалар.
6.Бюджеттің жіктелуі
Көптеген
мемлекеттерде мемлекеттік
Қазақстан Республикасының
Бірыңғай бюджеттiк
Бюджеттік сыныптама мыналарға бөлінеді:
- бюджет түсімдерінің сыныптамасы;
- бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы;
- бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы.
Бюджет түсiмдерi сыныптамасының топтамасы мыналардан тұрады:
- түсiмдердiң экономикалық белгілерi бойынша топтамасын бiлдiретiн санаттар. Сыныптамалық коды 1 белгіден тұрады;
- түсiмдердi олардың көздерi мен түрлерi бойынша топтайтын сыныптар. Сыныптамалық коды 2 белгіден тұрады;
- түсiмдердi олардың көздерi мен түрлерi бойынша неғұрлым егжей-тегжейлi топтайтын iшкi сыныптар. Сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады;
- бюджетке түсетiн төлем немесе түсiм түрiн айқындайтын ерекшелiктер. Сыныптамалық коды 2 белгiден тұрады.
Бюджет түсімдерінің сыныптамасы:
- салықтық түсiмдер;
- салықтық емес түсiмдер;
- негізгі капиталды сатудан түсетiн түсiмдер;
- ресми трансферттерден түсетiн түсiмдер;
- бюджеттік кредиттерді өтеу;
- мемлекеттің қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер;
- қарыздардың түсiмi;
- бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалыс
7.Бюджеттік жіктелуді құрудың жалпы принциптері
Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер: республикалық бюджет; облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті бекітіледі, атқарылады және дербес болып табылады.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті жергілікті бюджеттерге жатады.
Республикалық бюджет. Осы Кодексте айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады. Республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері. Осы Кодекспен айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері болып табылады.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті. Осы Кодекспен айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті ауданда мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан бюджеті болып табылады. Аудан бюджеті аудан мәслихатының шешімімен бекітіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылдануы туралы Қазақстан Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі.
8.Бюджеттің жіктелуі схемасы
Бюджет |
Шығындар |
Кірістер |
|
• салықтық түсiмдер; • салықтық емес түсiмдер; • негізгі капиталды сатудан түсетiн түсiмдер; • ресми трансферттерден түсетiн түсiмдер; • бюджеттік кредиттерді өтеу; • мемлекеттің қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер; • қарыздардың түсiмi; • бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы |
9.Бюджеттің кіріс және шығыс болып жіктелуі
Кiрiстер:
1.Бюджет кредиттерiн
өтеу сомалары, мемлекеттiң қаржы
активтерiн сатудан түскен
2. Салықтық, салықтық емес түсiмдер, негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер, трансферттiк түсiмдер ;
3. Нысаналы трансферттердi
қоспағанда, кiрiстер нысаналы мақсатқа
ие болмайды. Кiрiстердiң жаңа түрлерiн
енгiзу, қолданылып жүргендерiнiң
күшiн жою немесе оларды
4.Салықтық түсiмдер
Қазақстан Республикасының
5.Салықтық емес
түсiмдер негiзгi капиталды сатудан
түсетiн түсiмдерге жатпайтын,
Қазақстан Республикасының
6.Бюджетке:
- мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан;
- мемлекеттiк материалдық резервтен тауарлар сатудан;
- мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiн жеке меншiкке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртiппен өзге де тәсiлмен өткiзуден;
- мемлекетке тиесiлi материалдық емес активтердi сатудан түсетiн ақша негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер болып табылады.
7. Трансферттер түсiмдерi
бюджеттiң бiр деңгейiнен
8. Бюджеттiк кредиттердi
өтеу сомалары бюджеттен
9. Мемлекеттiң қаржы
активтерiн сатудан түсетiн
10.Қарыздар мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға және (немесе) қарыз шарттарын жасасуға байланысты бюджетке ақша түсiмдерi болып табылады.
Шығындар:
1. Бюджет кредиттерi,
қаржы активтерiн сатып алу,
қарыздарды өтеу бюджеттiң
2. Қайтарымсыз
негiзде бөлiнетiн бюджет
3. Бюджеттiк
кредиттер бюджеттен
4. Қаржы
активтерiн сатып алу заңды
тұлғалардың, оның iшiнде халықаралық
ұйымдардың қатысу үлестерiн
5. Қарыздарды
өтеу Қазақстан Республикасы
ратификациялаған мемлекеттiк
10.Бюджеттік тапшылықты қаржыландыру көздерінің жіктелуі
Бюджет тапшылығын
қаржыландыру мәні оң белгімен
белгіленеді және бюджет
Бюджет
профицитін пайдалану қарыздар
бойынша негізгі борышты
Мемлекеттік бюджеттің
тұрақтылығын қамтамасыз етуге
бағытталған орта мерзімді
Үкімет пен
жергілікті атқарушы
«Бюджет тапшылығын қаржыландыру» деп аталып, тапшылықты жабу көздерін бейнелейді.
• Ішкі қаржыландыру – мемлекеттік бағылы қағаздарды шығару арқылы, ұлттық банк несиелерін пайдалану арқылы.
• Сыртқы қаржыландыру – халықаралық қаржылық ұйымдар мен шел мемлекеттердің қаржыларын пайдалану арқылы.
Бюджет тапшылығына байланысты фискалдық саясат үш тұжырымдамаға негізделеді:
1.
Жыл сайынғы теңгерілетін
2. Циклдық негізде теңгерілетін бюджет. Бұл тұжырымдамаға сәйкес бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдың барысында теңгеріледі.Өндірістің құлдарауының алдын алу үшін мемлекет салықтарды төмендетіп, шығындарды арттырып, саналы түрде тапшылықты туындатады. Ал экономикалық өсу жағдайында мемлекет салықтарды көбейтіп, шығындарды кемітеді, ал қалыптасқан бюджет артықшылықтары құлдырау жылдарындағы тапшылықты, қарыздарды жабуға жұмсалады. Экономикалық цикл барысында бюджет теңгерімділігі осылай жүзеге асырылады. Бірақ құлдарай мен өрлеу тереңдігі мен ұзақтылығы бойынша бірдей болмағандықтан, бюджеттің циклдық тепе-теңдігінің бұзылуы орын алады.
3.
Қаржының функционалдық
11.Бюджеттік кірістің құрылымы
Бюджеттің кірістері
салықтық, салықтық емес түсімдер,
негізгі капиталды сатудан
Бюджет кірістері - салықтық емес түсімдер,негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер және трансферттер түсімдері. Қазақстанның республикалық бюджеті 2009 жылы, алдын ала деректер бойынша, 510 миллиард теңге немесе осы жылға жоспарланған ІЖӨ-ге 3,1% тапшылықпен атқарылды. Республикалық бюджетке түскен түсімдер 2800,3 миллиард теңгені, шығыстар 3311,3 миллард теңгені құрады. 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджет туралы заңға сәйкес 2010 жылы республикалық бюджеттің түсімдері 3278,4 миллиард теңге немесе 2009 жылдың жоспарымен салыстырғанда 16,2 пайыздық өсіммен, ал шығыстары 3873,4 миллиард теңге немесе17,9 пайыздық өсіммен айқындалған. Бюджет тапшылығы ІЖӨ-ге шақканда 4,6 пайыз деңгейінде белгіленген.
Кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер, қарыздар бюджеттік түсімдер болып табылады.
Салықтық түсімдер Салықтық кодексте белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер болып табылады. Салықтық емес түсімдер - бюджетке төленетін міндетті, қайтарусыз төлемдер, байлаулы гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша.
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды түрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, не Қазақстан Республикасы заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге тәсілмен өткізуден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан бюджетке түсетін ақшалар болып табылады.
Трансферттердің түсімдері - бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері. Бюджеттік кредиттерді өтеу сомалсіры - бюджеттен алынған кредиттер бойынша негізгі борышты қайтаруға, сонымен бірге заңи тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер.

- Бюджеттік бақылау
- Бюджеттік жүйенің жекеленген звенолары арасында кіріс пен шығынды бөлу
- Бюджеттік жүйе түрлері
- Бюджеттік төлемдерді жүзеге асыру тәртібі
- Бюджетті қаржыландыру және шығыстар есебі
- Бюджеттің кірістері мен шығыстары. Бюджеттік сыныптама
- Бюджеттің кірістері, шығыстары және бюджеттік тапшылық
- Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыздың теориялық негіздері
- Бюджеттендіру
- Бюджеттердің орындалуы туралы есептерді толтыру және қалыптастырудың тәртібі
- Бюджеттеудің негізі және бюджет туралы жалпы түсінік
- Бюджеттеу және бюджеттік бақылаудың ұйымдастырылуы
- Бюджеттеу және жоспарлау түсінігі
- Бюджетті жоспарлау және болжамдау