Бюджетті қаржыландыру және шығыстар есебі
Кіріспе
Мен, өз курстық жұмысымда мемлекеттік шығыстардың экономикалық мәнін ашып қарастырдым. Яғни, шығыстардың қандай салаларға, не мақсатпен жұмсалатынын көрсеттім. Курстық жұмысымның негізгі бөлімі төрт тақырыптан тұрады.
Мемлекет шығыстары – бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттің шығыстары – мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қаматамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.б. функцияларымен тікелей байланысты.
Шаруашылық жүргізудің әр түрлі жүйесінде (нарықтық және әкімшіл-әміршіл) және тіпті экономика дамуының түрлі кезеңдерінде мемлекеттің рөлі, оның функциялары мен қызмет саласы өзгеріп отыратындықтан, бұған сәйкес мемлекеттің жасайтын шығыстарының құрамы мен көлемі тиісінше өзгеріп отырады.
Мемлекеттік шығыстарының құрамына мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік және өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығыстары кіреді.
Мемлекеттік сектордың кәсіпорындары шығыстарының құрамына мыналар кіреді:
1. өндірістік, шаруашылық – пайдалану қызметімен байланысты шығындар;
2. ұлғаймалы ұдайы өндіріске (негізгі құрал-жабдықтарға және айналым капиталдарына) жұмсалатын шығындар;
3. бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдер;
4. көтермелеу және ынталандыру қорларына аударылатын аударымдар.
Шығындардың бірінші тобы қорлардың (капиталдардың) толық айналымымен байланысты және өндіріс шығындарының орнын толтыру (өтеу) болып табылады және шартты түрде шығыстарға жатады. Сондықтан кәсіпорындар бойынша мемлекеттің шығыстары шығыстардың екінші және үшінші топтарын қамтиды.
Басқа категориялардың арасында мемлекет шығыстарының жайы мемлекеттік меншіктің маңызымен және мемлекеттің қазіргі жағдайындағы рөлімен анықталады. Мемлекет өндіріс құралдарының иесі болып табылады, өндірістік процестердің ұйымдастырушысы болып, жалпы қоғамдық өнімді жасауға және бөлуге қатысады және өзінің функциялары мен міндеттеріне сәйкес мемлекет шығыстарының жүйесі арқылы қоғамдық қажеттіліктердің едәуір бөлігін қанағаттандырады. Реформалау кезеңінде республика экономикасында мемлекеттік сектордың үлесі шұғыл төмендегенмен, бірақ тіпті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасының орындалып отырғанымен, бұл үлес 30-40% шегіде қалады, мұның өзі дамыған нарықтық қатынастарға сай келеді. Сондықтан «Мемлекеттің шығыстары» категориясы тұрақты экономикалық қатынастарды қамтып көрсетеді және келешекте өзінің маңызын сақтайды.
Мемлекет шығыстарының басым бөлігі қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады, бұл мемлекет шығыстарының рөлін айқындайды. әлеуметтік-мәдени мақсаттарға, қорғанысқа, құқық тәртібін қорғауға, басқаруға, мемлекеттің инфрақұрылымдық кәсіпорындары мен ұйымдарының өнімі мен қызмет көрсетулеріне жұмсалатын шығыстар мемлекет, сонымен бірге экономиканың нарықтық секторы тарапынан рыноктық тауарлармен және қызметтер көрсетумен қамтамасыз етуге қосымша ретінде халықтың жалпы қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс.
Бағыттары мен мақсатты арналымы бойынша шығыстардың барлық түрлерінің жиынтығы мемлекет шығыстарының жүйесін құрайды. Мемлекет шығыстарының басым бөлігі мемлекеттің бюджетке орталықтандырылған немесе мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында болатын қоғамның таза табысы есебінен жүргізіледі. Олар сондай-ақ өнімнің өзіндік құнына кіріктілетін амортизация сомасымен өтелуі мүмкін, бұл сома мемлекеттік шаруашылықтың өндірістік капиталдарын көбейту үшін қарастырылған күрделі жұмсалымдарға бағытталады. Мемлекет шығыстарының бір бөлігі салық төлемдері, қарыздардан түсетін түсімдер түріндегі халықтың қаражаттары есебінен жабылады. Мемлекет шығыстарын қаржыландыру үшін негізгі өндірістік капиталдарды көбейту және жетілдіру мақсатында және кейін кәсіпорындардың табыстарынан өтелетін банктердің ұзақ мерземді кредиттері тартылады.
Негізгі бөлім
І. Мелекеттің шығыстарының мәні мен құрамы
Мемлекеттің шығыстары – бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттің шығыстары – мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланыты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.б функцияларымен тікелей байланысты.
«Шығыстар» ұғымының қос мағынасы бар:
1. ақша қаражаттарын олардың мақсатты арналымы бойынша пайдалану, яғни ақша қаражаттарын айырбас процесінде тікелей рәсуалау. Бұл жағдайда шығыстардың құрамына түпкілікті табыстардың есебінен жүзеге асырылатын өндірістік және өнідірістік емес сфера кәсіпорындары мен ұйымдарының халықтың шығыстары кіреді. Жалпы қоғамдық өнім үшін қорға: орын толтыру қорына, қорлану қорына, тұтыну қорына ыдырайды.
2. айырбас процесінде қаражаттарды нақтылы жұмсаудан бөлгіштік сипаттағы шығыстарды ажырата білген жөн, бұл шығыстар қаржы арқылы қалыптасады: жалпы мемлекеттік қорларды пайдаланған және кәсіпрындардың қорларын мақсатты арналым бойынша бөлген кезде; ақша шығыстары барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің түпкілікті табыстарын қалыптастыруының негізі болып табылады.
Бұл екі аспект «шығыстар» ұғымының оның «шығындар» ұғымына түрленген кездегі қарама –қайшылық пен күрделілікті қамтып көрсетеді: егер «шығыстар» түпкілікті рәсуаны, тұтынуды қажет ететін болса, «шығындар» есепке жатқызылатын алдымен келешектегі табысты немесе пайданы күтудегі шығындарды білдіреді.
Басқа категориялардың арасында мемлекет шығыстарының жайы мемлекеттік меншктің маңызымен және мемлекеттің қазіргі жағдайындағы рөлімен анықталады. Мемлекет өндіріс құралдарының иесі болып табылады. Өндірістік процестердің ұйымдастырушысы болады, жалпы қоғамдық өнімді жасауға және бөлуге қатысады және өзінің функциялары мен міндеттеріне сәйкес мемлекет шығыстарының жүйесі арқылы қоғамдық қажеттіліктердің едәуір бөлігін қанағаттандырады. Реформалау кезінде республика экономикасында мемлекеттік сектордың үлесі шұғыл төмендегенімен, бірақ тіпті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасының орындалып отырғанымен, бұл үлес 30-40 пайыз шегінде қалады, мұның өзі дамыған нарықтық қатынастарға сай келеді. «Мемлекеттің шығыстар» категориясы тұрақты экономикалық қатынастарды қамтып көрсетеді және келешекте өзінің маңызын сақтайды.
Мемлекет шығыстарының басым бөлігі қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады.
Мемлекеттің функцияларын іске асыру мүмкін, егер де олар материалдық құралдармен қамтамасыз етілсе, себебі мемлекеттің іс - әрекеті мемлекеттік құралдардың тікелей шығыстарымен байланысты. Шығыстар нақты шығындардың көлемін көрсетеді. Бюджеттердің барлық деңгейлері бойынша мемлекеттік шығыстардың бір – бірімен өзара байланысты нақты түрлерінің жиынтығы әрбір мемлекеттің бюджет шығыстар жүйесі болып табылады. Шығыстар жүйесін құру – құралдардың арнаулы бағыттау, үнемі режимі мен мемлекеттік құралдарды жұмсаудың қайтып оралмас принциптеріне негізделеді.
Мемлекеттік шығыстар мақсатты белгілеулер бойынша қатаң іске асыруға тіс, яғни бюджетте қарастырылған бағыттар бойынша. Құралдардың қайтып оралмас принципі негізінде әлеуметтік саланы қаржыландыруда пайдаланады. Экономиканың дамуын қаржыландыру да нәтижелік инвестиция орын алады. Үнем режимін сақтау принципі – ол өз алды бюджет шығыстарын төмендетудің формалар мен әдістерінің жүйесі. Бұл жүйе бюджет ресурстарын нәтижелі және тиімді пайдалануды іске асыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік бюджет шығыстары жүйесі бірнеше факторлармен шарттанады. Олардың ішінде негізгі болып мемлекеттің табиғаты мен функциялары, елдің әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі, мемлекеттің әкімшілік – аумақтық жайластырушылығы, бюджеттік құралдар беру формалары саналады. Мемлекеттік бюджет шығыстарының құрамы мен құырылым олардың экономикалық мазмұны және жылпы ішкі өнімді бөлу жөніндегі мемлекет алдында тұрған мақсаттармен анықталады. Бюджет шығыстарының ел экономикасындағы рөлі мен мәнін анықтау мақсатпен олар әр түрлі белгілер бойынша жіктеледі. Бюджет кодексінде бюджет жүйесінің барлық деңгейлері бойынша әрекеті бар бюджет шығыстарының жіктеуі тағайындалған.
Мемлекеттің барлық шығыстары негізінде мемлекеттік бюджетте шоғырланған құралдар арқылы қаржыландырыланады. Бұл шығыстарды қоғамдық қайта өндірістегі рөліне байланысты келесі екі топқа бөлуге болады:
өндірістік қорларды ұлғайту мен өндірістің үздіксіз процесін қамтамасыз ету үшін
қоғам мүшелерінің әлеуметті – мәдениеттік мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін.
Бірінші топқа – мемлекеттік бюджеттің экономиканы қаржыландыруға бағытталған шығыстары жатады. Екінші топқа - әлеуметтік – мәдениеттік шараларды, білім беруді, ғылым, қорғаныс пен мемлекет басқаруды қаржыландыру үшін арналған бюджет шығыстары жатады.
Осы екі топ арасындағы арақатынас бюджеттің тиімділігін анықтайды. Экономиканың бәсеке қабілеттілігі дамуға бағытталған шығындардың деңгейі қаншалықты жоғары және бюджеттің тұтынушылық шығындары соған сәйкес төмен болса, соғұрлым бюджет құралдарын пайдалану тиімділігі жоғары болады. Бюджет құралдарын пайдалану тиімділігі бұл арада мемлекеттік бюджеттің шығыстарын қалыптастыру әдістеріне, мемлекеттің жүргізіп жатқан әлеуметтік саясатына және елдің бүгінгі күнгі әлеуметті – экономикалық ахуалына байланысты.
Бюджет түрлері бойынша шығыстарды қалыптастыру ерекшеліктері олардың арнаулары маңында жатыр. Бюджет түрлері бойынша шығыстарды қалыптастырғанда келесі негізгі факторларды есептеу қажет:
басқару орнадары арасындағы функцияларды шектеу;
мекемелердің бағынушылығы;
мекемелердің іс - әрекет шекарасы;
шығыстарды тиісті бюджетке апару;
Республикалық бюджеттің шығыстары келесі бағыттар бойынша қаржыландыру үшін қалыптасады:
- жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер;
- қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік;
- құқықтық, соттық, құқық қорғау қызметтері;
- білім беру;
- денсаулық сақтау,
- әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету;
- мәдениет, спорт, туризм және ақпарат кеңістігі;
- тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы;
- ауыл, орман, су, балық шаруашылықтары мен қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары;
- өнеркәсіп, құрылыс және жер қойнауын пайдалану;
- көлік және коммуникация;
- басқа да бағыттар.
(1.1. кесте) Республикалық бюджет шығыстарының көлемі мен құрылымы (2008ж)
|
| Млн теңге | % |
| ШЫҒЫСТАР | 773893 | 100,0 |
| ШЫҒЫНДАР | 734809 | 94,9 |
1 | Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсетулер | 44066 | 5,7 |
2 | Қорғаныс | 40435 | 5,2 |
3 | Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік | 73822 | 9,6 |
4 | Білім беру | 23241 | 3,0 |
5 | Денсаулық сақтау | 19105 | 2,5 |
6 | Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек | 202043 | 26,1 |
7 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы | 10321 | 1,3 |
8 | Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңестік | 12879 | 1,7 |
9 | Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану | 8486 | 1,1 |
10 | Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау | 43040 | 5,6 |
11 | Өнеркәсіп және құрылыс | 1395 | 0,2 |
12 | Көлік және байланыс | 59663 | 7,7 |
13 | Басқалар | 68345 | 8,8 |
14 | Борышқа қызмет көрсету | 34338 | 4,4 |
15 | Ресми трансферттер | 93630 | 12,1 |
| КРЕДИТТЕР | 39085 | 5,0 |
Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда шығыстардың құрылымында бюджеттік ресірстардың әлеуметтік бағыттылығы арта түсуде. Республикалық деңгейдегі білім беруді, денсеулық сақтауды, әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру және басқа бағдарламаларды қамтитын әлеуметтік – мәдени шараларға жұмсалатын тікелей шығындар барлық шығыстардың 60% асып отыр.
Осыған сәйкес, бірақ тиісті әкімшілік аумақтарға арналған шығыстар бағыттары төмен тұрған бюджеттер деңгейлері бойынша да қалыптасады. Жергілікті бюджеттер шығыстарының қалыптастыру бюджет колексімен, нормативті – құқықтық актілермен және тиісті мәслихаттар шешімдерімен реттеледі. Биліктің жергілікті органдарының аумақтардың экономикалық және қаржылық базаларын пайдалану жөнінде өкілеттік берілген. Әрбір бөлек әкімшілік – аумақтардың экономикалық базасы ретінде жергілікті тұрғындардың әлеуметті – экономикалық мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін қажетті кірістер көздері болатын меншікті мүлік пен оларға берілген объектілер саналады. Қаржылық база болып, меншікті бюджеттік құралдар мен жоғары тұрған бюджеттерден берілетін реси трансферттерден қалыптасатын қаржылық ресурстар табылады.
Бюджеттің шығындары – қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.
Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:
1. мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;
2. тұрақты сипаты жоқ іс – шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;
3. мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар –мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында өндірілетін тауарларға мемлекеттік органдардың ақы төлеуі;
4. жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер – қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақша нысанындағы төлемдермен байланысты шығындар;
5. заңи тұлғаларға субсидиялар – мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңи тұлғаларды өтеусіз және қайтарусыз негізде қаржыландыру;
6. ресми трансферттер – бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай – ақ Ұлттық қорға трансферттер төлеу және мемлекеттік міндеттемелерді орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.
ІІ. Шығыстардың функционалдық сыныптамасы
Мемлекет функцияларының орындалуын, республиканың стратегиялық, орта мерзімді бағдарламалары мен даму жоспарларын iске асыруды бейнелейтiн функционалдық және ведомстволық белгiлер бойынша бюджет қаражатының жұмсалу бағыттарын айқындайтын барлық деңгейлердегi бюджеттер шығыстарының топтамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы болып табылады.
Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының топтамасы мынадай деңгейлерден тұрады: функционалдық топтар; функционалдық iшкi топтар; бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi; бюджеттік бағдарламалар және кiшi бағдарламалар.
Функционалдық топ елдің стратегиялық даму басымдықтарына сай келетін және олардың әрқайсысының айқын мақсатын көрсететін елдің негізгі даму бағыттарын көрсетеді. Сыныптамалық коды 2 белгіден тұрады.
Мемлекеттiк басқару органдары орындайтын функцияларға байланысты бюджет шығыстары мынадай функционалдық топтар бойынша сыныпталады:
01- Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер
02- Қорғаныс
03- Қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк, құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметi
04- Бiлiм беру
05- Денсаулық сақтау
06- Әлеуметтік көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру
07- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
08- Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк
09- Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану
10- Ауыл, cу, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары
11- Өнеркәсiп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi
12- Көлiк және коммуникациялар
13- Өзгелерi
14- Борышқа қызмет көрсету
15- Трансферттер
16- Қарыздарды өтеу
ІІІ. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы
Бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру үшін мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын операцияларды бейнелейтін экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы болып табылады.
Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру мыналардан тұрады:
- шығыстарды экономикалық белгілерi бойынша топтастыратын санаттар. Сыныптамалық коды 1 белгіден тұрады;
- шығыстарды мемлекеттік мекемелер жүргiзетiн операциялардың негізгі түрлері бойынша топтастыратын сыныптар. Сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады;
- шығыстарды мемлекеттік мекемелер жүргiзетiн операциялардың негiзгi түрлері бойынша неғұрлым егжей-тегжейлi топтастыратын iшкi сыныптар. Сыныптамалық коды 3 белгiден тұрады;
- бюджеттiк бағдарламаны iске асыру үшін мемлекеттік мекеме жүргізетін операцияның түрін айқындайтын ерекшеліктер. Сыныптамалық коды 3 белгіден тұрады.
Ерекшеліктердiң сыныптамалық кодтары шығыстардың экономикалық сыныптамасының жоғары тұрған деңгейлерiнiң сыныптамалық кодтарынан бөлек қолданыла алады және әртүрлі санаттарда, сыныптарда, iшкі сыныптарда қайталанбауға тиіс.
Экономикалық сыныптама мынадай санаттардан тұрады:
ағымдағы шығындар - мемлекеттік мекемелердің өз функцияларын жүзеге асыруға байланысты шығындары;
күрделi шығындар - негiзгi капиталды құруға, қалпына келтіруге немесе сатып алуға байланысты шығындар;
бюджеттік кредиттер - қайтарымды, мерзімді және ақылы негізде бюджеттен бөлiнетiн ақша;
қаржы активтерiн сатып алу - мемлекеттiк меншiкке заңды тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерiн, бағалы қағаздарын сатып алу жөнiндегi операциялармен байланысты шығыстар;
қарыздарды өтеу - қарыздар бойынша негізгi борышты өтеуге жұмсалатын шығыстар.
Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының негізiнде бюджеттiк жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлеттi орган осы Ережеге сәйкес ерекшелiктердiң анықтамасы мен ерекшелiктер бойынша шығындардың тiзбесi көрсетiлетiн бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінiң құрылымын жасайды және бекiтедi.
Мемлекеттік мекеме ақша алушының біреуімен шығыстардың экономикалық сыныптамасының бірнеше ерекшеліктері бойынша шарт жасасқан жағдайда шартта жалпы соманы шығыстардың бюджеттік сыныптамасының әрбір коды бойынша бөле отырып көрсетеді.
Шығыстардың бюджеттік сыныптамасының әрбір коды бойынша шығыстардың экономикалық сыныптамасының мыналар:
131 "Тамақ өнімдерін сатып алу",
132 "Дәрі-дәрмектер және өзге де медициналық мақсаттағы құралдар сатып алу",
134 "Зат түріндегі мүліктік заттарды және басқа нысандық және арнайы киім-кешектерді сатып алу, тігу және жөндеу",
135 "Ерекше жабдықтар мен материалдар сатып алу",
139 "Өзге де тауарлар сатып алу",
411 "Негізгі құралдарға жататын тауарлар сатып алу",
412 "Үй-жайлар, ғимараттар мен құрылыстар сатып алу" ерекшеліктері үшін ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлем жасауға жол беріледі.
Осы Ережеде көрсетілген шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша ерекшеліктер мен шығыстар түрлерін қоспағанда, осы тармақта көрсетілген тізбеге енбейтін шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына жасалған шарт сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде рұқсат етіледі.
Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 149 "Өзге де қызметтер мен жұмыстар" ерекшелігі бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасы мыналар:
- ауруларды шетелде емдеуді көздейтін шығыстарды төлеу үшін 70 пайыздан;
- алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдардың ауылда қызмет көрсетуін көздейтін шығыстарды төлеу үшін 50 пайыздан;
- осы тармақта көзделген шығыстардың тізбесіне енбейтін шығыстарды төлеу үшін 30 пайыздан аспайтын мөлшерде рұқсат етіледі.
Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 145 "Жылытқаны үшін ақы төлеу" ерекшелігі бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде тек отын сатып алуға ғана рұқсат етіледі.
Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 148 "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі қызметтерді төлеу" ерекшелігі бойынша төлемге үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындаған кезде оларға ғана ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде рұқсат етіледі.
Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 141 "Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу", 144 "Электр энергиясына ақы төлеу" ерекшеліктері бойынша аванстық (алдын ала) төлемге рұқсат етілмейді.
IV. Шығыстарды бюджеттер деңгейлері арасында бөлу
Республикалық бюджеттiң шығыстары мына бағыттар бойынша қаржыландырылады:
1. Республикалық бюджеттiң шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
2004.20.12 N 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 1) тармақша өзгертілді
1) жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызмет көрсетулер:
Қазақстан Республикасының Президентiн және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және күзету;
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң жұмыс iстеуi;
сайлаулар мен референдумдар өткiзу;
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуын стратегиялық және орта мерзiмдi жоспарлау;
мемлекеттiк бюджеттi болжау және республикалық бюджеттi жоспарлау;
салық қызметi органдарының қызметi;
республикалық бюджеттiң атқарылуын және жергiлiктi бюджеттердiң есеп-кассалық қызмет көрсетуiн ұйымдастыру;
республикалық меншiктi басқару;
банкроттық рәсiмдерiн, оңалту рәсiмiн және таратудың соттан тыс рәсiмiн жүргізуді ұйымдастыру;
мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру;
мемлекеттiк қаржы бақылауы;
кеден қызметi;
мемлекеттiң сыртқы саяси қызметi;
iргелi ғылыми зерттеулер жүргiзу;
мемлекеттiк статистикалық есеп;
мемлекеттiк қызметтiң бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру;
ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметтiң әртүрлi салалары мен аяларында мемлекеттiк сыйлықтар беру және мемлекеттiк наградалармен марапаттау;
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу;
2004.20.12 N 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2) қорғаныс, қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк:
мемлекеттiң қорғанысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
орталық атқарушы органдар өткiзетiн жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру;
мемлекеттiк материалдық резервтердi қалыптастыру және сақтау;
ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
терроризмге және экстремизм мен сепаратизм көрiнiстерiне қарсы күрес;
мемлекеттiк құпиялардың қорғалуын қамтамасыз ету;
облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын iс-шараларды қоспағанда, жалпыға бiрдей әскери мiндеттi орындауға байланысты iс-шараларды ұйымдастыру;
облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы қызметтi ұйымдастыру;
жаhандық немесе аймақаралық ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды жою;
кәсiби авариялық-құтқару қызметтерiнiң iс-әрекетiн ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
мемлекеттiк өртке қарсы күрес қызметiнiң жұмысын қамтамасыз ету;
азаматтық қорғаныс жүйесiн ұйымдастыру;
азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарына мемлекеттiк кадастр жүргiзу;
экономикалық және қаржы салаларындағы құқық қорғау қызметi;
3) құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметi:
әдiлет саласындағы қызмет;
азаматтар мен мемлекеттiң мүдделерiн құқықтық қорғау;
заңдылықты және құқық тәртiбiн қамтамасыз ету;
мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу;
сот сараптамасы қызметi;

- Бюджеттің кірістері мен шығыстары. Бюджеттік сыныптама
- Бюджеттің кірістері, шығыстары және бюджеттік тапшылық
- Бюджеттің орындалу мәселелерін шешу жолдары және оны бағалауды жетілдіру
- Бюджет туристского предприятия: структура и принципы составления
- Бюджет түрлері
- Бюджет түсімдерінің экономикалық мазмұны
- Бюджетування
- Бюджеттеу және жоспарлау түсінігі
- Бюджетті жоспарлау және болжамдау
- Бюджеттік бақылау
- Бюджеттік бақылау
- Бюджеттік жүйенің жекеленген звенолары арасында кіріс пен шығынды бөлу
- Бюджеттік жүйе түрлері
- Бюджеттік төлемдерді жүзеге асыру тәртібі