Бюджеттік төлемдерді жүзеге асыру тәртібі

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ....................................................................................................................5

 

1БЮДЖЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ

 

1.1Ұлттық валютада қолма-қол емес нысанда төлемдерді жүргізу...................6

1.2Ұлттық валютада қолма-қол ақшасыз нысандағы төлемдер жүргізудің негізділігін тексеру кезінде қойылатын талаптар...............................................

1.3 Төлеуге берілетін шотты ресімдеу................................................................

 

2ШЕТЕЛДІК ВАЛЮТАДА ТӨЛЕМДЕР ЖҮРГІЗУ МЕН ИНКАССАЛЫҚ  ӨКІМДЕРДІ ОРЫНДАУ

 

2.1 Шетелдік валютада төлемдер жүргізу...........................................................

2.2Есеп айырысулардың аккредитивтік нысанын пайдалану............................

2.3 Демеушілік және қайырымдылық көмектің шоттары бойынша төлемдер жүргізу...................................................................................................................

2.4 Мемлекеттік мекемелердің депозит шоттары бойынша төлемдер жүргізуі

 

3ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ ЖЕКЕ  ЖОСПАРЛАРЫН, БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР  ӘКІМШІЛЕРІНІҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕР МЕН  ТӨЛЕМДЕР БОЙЫНША ҚАРЖЫЛАНДЫРУ  ЖОСПАРЛАРЫН ЖАСАУ, БЕКІТУ ЖӘНЕ  ОЛАРҒА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ  

3.1 Қаржыландырудың жеке жоспарларын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын және түсімдер жоспарларын жасау және бекіту тәртібі

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................

 

ҚОСЫМШАЛАР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Тақырыптың  өзектілігі.Тиісті бюджеттердің қолма-қол  ақшасының бақылау шоттарының ашылуы және жабылуын Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру немесе жою кезінде бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган  жүргізеді. Қолма-қол ақшаның бақылау шоттарының жеке сәйкестендірме кодтарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға және мемлекеттік мекемелерге тапсырады және жеткізеді.

Мемлекеттік мекеме қазынашылықтың аумақтық органына берілген төлеуге берілетін шоттардың  негізділігін және растайтын құжаттардың  сенімділігін қамтамасыз етеді.

 Қазынашылықтың  аумақтық органы төлеуге берілетін  шоттарды толтырудың дұрыстығын  және негізділігін тексергеннен  кейін ұсынылған төлеуге берілетін  шоттарды енгізеді және бекітеді. Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде келтірілген талаптарға сәйкес келмейтін мемлекеттік мекеме берген төлеуге берілетін шоттар енгізуге және бекітуге жатпайды.

Төлеуге берілетін  шот мемлекеттік мекеме басшысының немесе оларға уәкілетті тұлғалардың  қолдарын және қолдар мен мөр бедерінің  үлгілері бар құжаттарға сәйкес мемлекеттік мекеме мөрінің бедерін қамтуы тиіс.

Қурстық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Төлеуге берілетін шоттың тізілімі – құжат, онда қазынашылықтың аумақтық органына шығыс операцияларын жүргізу үшін мемлекеттік мекеме берген олардың орындалуын бақылау және жүргізу үшін төлеуге берілетін шоттар көрсетіледі.

Төлеуге берілетін  шот мемлекеттік мекеме басшысының немесе оларға уәкілетті тұлғалардың  қолдарын және қолдар мен мөр бедерінің  үлгілері бар құжаттарға сәйкес мемлекеттік  мекеме мөрінің бедерін қамтуы тиіс.

 Төлеуге  берілетін шотта «ағымдағы» немесе  «түпкілікті» мәртебесі көрсетілуі  тиіс. «Ағымдағы» төлеуге берілетін  шот аванстық (алдына ала) төлемді  қоса алғанда Міндеттемелерді  тіркеу туралы тиісті хабарламаны  (тапсырысты) алдын ала төлеу кезінде беріледі. «Түпкілікті» мәртебесі бар төлеуге берілетін шот мемлекеттік мекеменің тиісті міндеттемесінің түпкілікті төлемін жүзеге асыру үшін беріледі. Төлеуге берілетін шоттарда нөмірі мен күні көрсетіледі.

Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Бірінші бөлімде бюджеттік төлемдерді жүзеге асыру тәртібі, ал екінші бөлімде шетелдік валютада төлемдер жүргізу мен инкассалық өкімдерді орындау тәртібі туралы айтылған және үшінші бөлімде қаржыландырудың жеке жоспарларын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын және түсімдер жоспарларын жасау және бекіту тәртібі бойынша қарастырылған.

 

 

1 БЮДЖЕТТІК ТӨЛЕМДЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ

1.1 Ұлттық валютада қолма-қол емес нысанда төлемдерді жүргізу

 

Мемлекеттік мекемелердің төлемдері тиісті бюджеттердің қолма-қол  ақшасының бақылау шоттарындағы немесе мемлекеттік мекемелердің шоттарындағы бос қалдықтардың шегінде жүргізіледі. Тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшасының  бақылау шоттарының ашылуы және жабылуын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру немесе жою кезінде бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган  жүргізеді. Қолма-қол ақшаның бақылау шоттарының жеке сәйкестендірме кодтарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға және мемлекеттік мекемелерге тапсырады және жеткізеді.

 Қолма-қол  ақшаның тиісті бақылау шоттарында  ақшаның жетіспеушілігі болған  жағдайда бірінші кезектегі тәртіппен қазынашылықтың аумақтық органы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың шешімдерінде белгіленген бюджет шығыстарының басым бағыттары бойынша төлемдерді жүргізеді, қалған төлемдер кезекті тәртіппен төлеуге берілетін шоттардың түсуімен жүргізіледі.

 Ақша аудару  мемлекеттік мекеменің қазынашылықтың  аумақтық органына табыс етілген  ақша төлеу туралы нұсқау болып  табылатын төлеуге берілетін  шоттың негізінде жүзеге асырылады.  Мемлекеттік мекеме – ақша  аударушы қазынашылықтың аумақтық органына басшының немесе оларға уәкілетті тұлғаның қолымен және төлемнің негізділігін растайтын мемлекеттік мекеменің мөрімен куәландырған тиісті құжаттардың көшірмелерін оған қоса бере отырып Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 34-қосымшаға сәйкес екі данада төлеуге берілетін шотты көрсетеді.

 Төлеуге  берілетін шотты  онда көрсетілген  күннен он күнтізбелік күннің  ішінде қазынашылықтың аумақтық  органы қабылдайды.

«Ағымдағы»  мәртебесімен төлеуге берілетін  шот – ол алдын ала төлеуді қоса алғанда мемлекеттік мекеменің тиісті міндеттемесінің аралық төлемін жүзеге асыру үшін қалыптастырылатын төлеуге берілетін шот.

«Түпкілікті»  мәртебесімен төлеуге берілетін  шот – ол мемлекеттік мекеменің  тиісті міндеттемесінің түпкілікті төлемін жүзеге асыру үшін қалыптастырылатын төлеуге берілетін шот.

Мемлекеттік мекеме қазынашылықтың аумақтық органына берілген төлеуге берілетін шоттардың  негізділігін және растайтын құжаттардың  сенімділігін қамтамасыз етеді.

 Қазынашылықтың  аумақтық органы төлеуге берілетін шоттарды толтырудың дұрыстығын және негізділігін тексергеннен кейін ұсынылған төлеуге берілетін шоттарды енгізеді және бекітеді. Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережеде келтірілген талаптарға сәйкес келмейтін мемлекеттік мекеме берген төлеуге берілетін шоттар енгізуге және бекітуге жатпайды.

 Қазынашылықтың аумақтық  органы жергілікті бюджеттен  қаржыландырылатын мемлекеттік  мекемелер берген бекітілген  төлеуге берілетін шоттардан  пакеттерді қалыптастырады. Бюджет  қаражаты есебінен мемлекеттік мекеменің кассалық шығыстарды жүргізу күні Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 35-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік мекемелер бойынша төлемдер тізілімі» 4-20-нысанына бекітілген төлеуге берілетін шотты енгізу күні болып табылады.

«Төлемді тағайындау»  бағанында төлеуге берілетін  шотта көзделген мәліметтердің  негізінде үш миллион теңгеден жоғары сомаға төлем құжатын қалыптастыру кезінде құжаттың атауы, нөмірі және күні көрсетіледі, оның негізінде ақшаны аудару, Хабарламаның (Тапсырыстың) нөмірі және күні, сондай-ақ «ағымдағы» немесе «түпкілікті» төлемдерінің мәртебесі жүзеге асырылады.

 Бюджетті атқару жөніндегі  орталық уәкілетті орган республикалық  бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік  мекемелер берген бекітілген  төлеуге берілетін шоттардан пакеттерді қалыптастырады.

«Төлемді тағайындау»  бағанында міндетті түрде төлеуге  берілетін шотта көзделген мәліметтердің  негізінде үш миллион теңгеден жоғары сомаға төлем құжатын қалыптастыру кезінде құжаттың атауы, нөмірі және күні көрсетіледі, оның негізінде ақшаны аудару, хабарламаның (тапсырыстың) нөмірі және күні, сондай-ақ «ағымдағы» немесе «түпкілікті» төлемдерінің мәртебесі жүзеге асырылады.

Бюджетті атқару жөніндегі  орталық уәкілетті орган қалыптастырылған пакеттерден төлем құжаттарын қалыптастырады. БҚШ ақшаны есептен шығару ҚР ҰБ белгілеген тәртіппен ҚХЕО арқылы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жіберген төлем құжаттарының негізінде жүргізіледі.

 ҚХЕО жинақтаушы зейнетақы  қорларына міндетті зейнетақы  жарналары бойынша төлемдер жүргізу кезінде есепті айдан кейінгі бесі күніне дейін төлем құжатымен бірге екі данада қағаз түрімен, сондай-ақ магниттік түрлермен мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің тізімдері беріледі. Мемлекеттік мекеме тізімдердің дұрыс жасалуын қамтамасыз етеді.

 Қазынашылықтың аумақтық  органы ағымдағы айдың жиырма  бесі күніне дейін, ал ағымдағы  қаржы жылының соңғы айында  – жиырмасы күніне дейін жалақы  бойынша төлемдер жүргізеді. 

 Төлем жүргізгеннен  кейін төлеуге берілетін шоттың  екінші данасы және бір күн бұрын жүргізілген төлемдер бойынша қалыптастырылған есептер төлем жүргізу күнін көрсете отырып қазынашылықтың аумақтық органының жауапты орындаушысының қолымен және мөртаңбасымен куәландырылады және мемлекеттік мекемеге беріледі.

 Субсидиялар төлеу бойынша төлемдер жүргізу кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қазынашылықтың аумақтық органына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімінде көзделген  төлемнің негізділігін растайтын құжаттарды төлеуге берілетін шотпен береді.

 Қазынашылықтың аумақтық  органы мен бюджетті атқару  жөніндегі жергілікті уәкілетті  орган Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 36-қосымшаға сәйкес «Шоттардағы қалдықтар туралы есеп» 5-34-нысаны бойынша тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшасының айналымдары мен қалдықтарына бақылау шоттары бойынша ай сайын салыстыру жүргізеді.

 Қазынашылықтың аумақтық  органы мен қызмет көрсететін  мемлекеттік мекеме арасындағы  кассалық шығыстарды салыстыру  Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі 35-қосымшаға сәйкес «Шығыстар жөніндегі жиынтық есеп» 4-20-нысаны бойынша тоқсанның соңғы айынан кейінгі айдың бірінші күні жүргізіледі. Нысан қазынашылықтың аумақтық органы мен мемлекеттік мекемелер басшыларының қолдарымен және олардың мөрлерімен куәландырылады.

 Қазынашылықтың  аумақтық органы қазынашылықтың  аумақтық органының басшысы бекіткен  мемлекеттік мекемелерге қызмет  көрсету кестесіне сәйкес жалақы  төлеу жөніндегі операцияларды  жүзеге асырады. 

 

1.2Ұлттық валютада қолма-қол ақшасыз нысандағы төлемдер жүргізудің негізділігін тексеру кезінде қойылатын талаптар

 

Мемлекеттік мекеме  қазынашылықтың аумақтық органына Төлеуге  берілетін шоттың тізілімін қоса бере отырып төлеуге берілетін шотты  береді. Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 37-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Төлеуге берілетін шоттың тізілімі – құжат, онда қазынашылықтың аумақтық органына шығыс операцияларын жүргізу үшін мемлекеттік мекеме берген олардың орындалуын бақылау және жүргізу үшін төлеуге берілетін шоттар көрсетіледі.

 Мемлекеттік мекеме  жасаған азаматтық-құқықтық мәмілелер  жөніндегі төлемдер қазынашылықтың  аумақтық органында мәмілелер  тіркелгеннен кейін ғана жүзеге  асырылады. Аванстық (алдын ала)  төлем жүргізу үшін мемлекеттік  мекеме төлеуге берілетін шотты береді. Берілген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) төлеу үшін төлеуге берілетін шотқа берушінің тауарларының (жұмыстарының, қызметтерінің) немесе бюджет қаражатын алушының шот-фактуралары, тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттары (кесімдер), жасалған шартқа сәйкес орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актілері қоса беріледі. 147 «Үй-жайды жалдауға ақы төлеу», 141 «Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу», 144 «Электрэнергиясына ақы төлеу», сондай-ақ отын сатып алудан басқа 145 «Жылуға ақы төлеу» ерекшеліктері бойынша төлемдер жүргізу кезінде ақы төлеу жүргізілетін есепті тоқсаннан кейінгі айдың бірі күні берушімен дебиторлық берешектің болмауын растайтын салыстыру актісінің осы тармағында көрсетілген растайтын құжаттарға қосымша төлеуге берілетін шотқа беру қажет.

 Қазынашылықтың  аумақтық органы:

Төлеуге берілетін  шоттардың тізіліміне сәйкес мемлекеттік  мекеменің төлеуге берілетін  шотын және растайтын құжаттарын қабылдайды;

төлеуге берілетін  шоттарды ресімдеудің және растайтын  құжаттардың дұрыстығын тексереді;

мемлекеттік мекеменің  қолдары мен мөрлерінің үлгілері бар құжатқа төлеуге берілетін  шоттың қолдары мен мөрлерінің сәйкестігін  тексереді;

мемлекеттік мекеменің  тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) берушімен немесе бюджет қаражатын  алушымен жасаған тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша Хабарламаның (Тапсырыстың) тиісті деректерімен төлеуге берілетін шоттың деректерін салыстырады;

тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) берушінің немесе бюджет қаражатын алушының деректерін салыстырады;

төлеуге берілетін  шотта көрсетілген мәліметтердің  растайтын құжаттардың деректерімен сәйкестігін тексереді.

 Талаптар  деректері сәйкес келген кезде  төлеуге берілетін шотты үш  жұмыс күнінің ішінде Төлеуге  берілетін шоттардың тізіліміне  сәйкес мемлекеттік мекемеден оларды қабылдау күнінен бастап қазынашылықтың аумақтық органы орындайды. Талаптардың деректері сәйкес келмеген кезде төлеуге берілетін шот үш жұмыс күнінің ішінде қателерін көрсете отырып оларды жою үшін қазынашылықтың аумақтық органы басшысының қолы бар ресми хатпен қайтарылады.

 

1.3Төлеуге берілетін шотты ресімдеу

 

Төлеуге берілетін  шот мемлекеттік мекеме басшысының немесе оларға уәкілетті тұлғалардың  қолдарын және қолдар мен мөр бедерінің  үлгілері бар құжаттарға сәйкес мемлекеттік  мекеме мөрінің бедерін қамтуы тиіс.

 Төлеуге  берілетін шотта «ағымдағы» немесе  «түпкілікті» мәртебесі көрсетілуі  тиіс. «Ағымдағы» төлеуге берілетін  шот аванстық (алдына ала) төлемді  қоса алғанда Міндеттемелерді  тіркеу туралы тиісті хабарламаны  (тапсырысты) алдын ала төлеу кезінде беріледі. «Түпкілікті» мәртебесі бар төлеуге берілетін шот мемлекеттік мекеменің тиісті міндеттемесінің түпкілікті төлемін жүзеге асыру үшін беріледі.

Төлеуге берілетін  шоттарда нөмірі мен күні көрсетіледі.Төлеуге  берілетін шот қазынашылықтың аумақтық органына мемлекеттік мекеме берген күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде орындалады.

 «Мемлекеттік  мекеме» бөлімінде «Атауы», «Коды», «СТН» бағандарында мемлекеттік  мекеменің атауы, тиісінше мемлекеттік  мекеме салық төлеушісінің коды  және тіркеу нөмірі толтырылады.

 «Аумақтық  қазынашылық» бағанында: облыстар, Астана, Алматы қалаларының, аудандардың  қазынашылық департаменттері, БСК  195301070, бюджеттің қолма-қол ақшасы  бақылау шотының жеке сәйкестірме  коды (ЖСК) немесе мемлекеттік  мекеменің шоттары көрсетіледі, ол бойынша төлем жүргізіледі.

 «Қаржыландыру  көзі» бағанында өзінің есебінен  төлем жүргізілетін қаржыландыру  көзі мынадай нышанмен көрсетіледі:

1 – үкіметтік  сыртқы қарыз қаражатынан басқа  бюджет есебінен,

2 – үкіметтік  сыртқы қарыз есебінен,

3 – мемлекеттік  мекеменің иелігінде қалатын  тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді)  сатудан түсетін ақша есебінен,

4 – мемлекеттік  мекеменің демеушілік және қайырымдылық  көмектен алатын ақша есебінен,

5 – мемлекеттік  мекемелердің депозит шоттарына  есептеген ақша есебінен,

8 – айырықша  шығыстар есебінен,

І – бюджеттің  атқарылуы жөніндегі орталық  уәкілетті органның қазынашылық  жүйесінде ашылған аккредитив есебінен.

 «Бюджеттің  түрі» бағанында өзінің есебінен  төлем жүргізілетін мынадай   белгі қоя отырып, бюджет көрсетіледі:

01 – республикалық  бюджет,

02 – облыстық  бюджет, республикалық маңызы бар  қалалардың, астананың бюджеттері,

03 – аудандық (облыстық бюджеттің қалалары) бюджет. 

«Шығыстардың  БСК» бағаны бюджеттен немесе мемлекеттік  мекеменің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақша есебінен шығыс операцияларын жүзеге асыру кезінде толтырылады, онда дәйекті түрде мыналар көрсетіледі:

бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды (үш белгі),

бюджеттік бағдарламаның  коды (үш белгі),

бюджеттік кіші бағдарламаның коды (үш белгі),

шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің коды (үш белгі) – бюджет қаражаты есебінен төлемдерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік  мекеменің иелігінде қалатын  тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақша есебінен төлемдерді жүзеге асыру кезінде ақылы қызметтер түрінің коды (екі белгі) көрсетіледі.

 «Кірістердің  БСК» бағаны бюджетке төлемдерді  жүзеге асыру кезінде толтырылады.

«КОд», «БЕК», «ТТК»  бағандарын толтыру банктік заңнамаға  сәйкес жүзеге асырылады.

 Хабарламаға  (Тапсырысқа) сәйкес төлем жүргізу  кезінде тиісті өтінімнің, Хабарламаның (Тапсырыстың) және тиісті Хабарлама  (Тапсырыс)  бойынша соңынан төленген  төлемге берілетін шоттың нөмірі  мен күні көрсетіледі.

«Беруші» бөлімінде  «Атауы», «Коды», «СТН» бағандарында тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) берушінің немесе бюджет қаражатын алушының атауы, салық төлеушінің немесе бюджет қаражатын алушының коды және тіркеу нөмірі толтырылады.

 «ЖСК», «БСК»,  «Банк» бағандарында тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) беруші немесе бюджет қаражатын алушы жеке сәйкестірме коды және тиісінше қызмет көрсететін банктің атауы көрсетіледі. Қажет болған жағдайда «Делдалдың ЖСК, БСК» бағанында қызмет көрсететін банк нөмірі, банктік сәйкестірме код, делдал банк шотының жеке сәйкестірме коды көрсетіледі.

 «Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы»  бағанында төлемді тағайындау, төлем  жүргізу үшін негіз болып табылатын  құжаттың атауы, нөмірі және  күні, Хабарлама (Тапсырыстың) нөмірі  және күні, төлемнің (ағымдағы, түпкілікті) мәртебесі көрсетіледі. Азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша берілген тауарлар (орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер) үшін төлемдер бойынша шартты және оның негізінде мемлекеттік мекеме қабылдаған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) – жүкқұжаттарды, жасалған шартқа сәйкес орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) кесімдер құжатын көрсету қажет. Төлемнің аккредитивті нысаны кезінде аккредитивтің ашылуы туралы өтінімнің нөмірі мен күні және «ағымдағы» немесе «түпкілікті» төлеуге берілетін шоттың мәртебесі көрсетіледі.

 «Өлшем бірлігі», «Саны», «Бағасы», «Сомасы» бағандарында  тиісінше өлшем бірлігі, бірліктегі  саны, теңгемен тауарлардың (жұмыстардың,  қызметтердің)  құны көрсетіледі.  Жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай  өлшеуіші болмаған кезде «Өлшем бірлігі» бағаны толтырылмайды, «Саны» бағанына бірлік қойылады.

«Өлшем бірлігі», «Саны», «Бағасы» бағандары:

қайтарымсыз негізде  мемлекеттік мекеме және жеке тұлғалар-бюджет қаражатын алушылар арасындағы еңбек  қатынастарының негізінде жүзеге асырылатын;

заңды және жеке тұлғалардың ресми трансферттер бойынша; ресми трансферттер және кредиттер;

сыйақы төлеу  бойынша және ішкі мен сыртқы борыштың негізгі сомасын өтеу;

инкассалық  өкімдерді орындауға арналған шығыстар бойынша төлемдер бойынша төлеуге берілетін шоттарда толтырылмайды.

 Тіркелген  азаматтық-құқықтық мәмілелерді  төлеу бойынша төлеуге берілетін  шотта көрсетілген шығыстардың  бюджеттік сыныптасының коды  өтінімде көрсетілген шығыстардың  бюджеттік сыныптасының кодына  ұқсас болуы тиіс.

 Бюджетке түсетін түсімдерді және жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын  аудару жөніндегі төлеуге берілетін шотта теңгемен тұтас сома көрсетіледі, тиындарымен түпкілікті есеп айырысу жылына бір рет желтоқсан айында жүргізіледі.

 

 

 

 

 

2ШЕТЕЛДІК ВАЛЮТАДА ТӨЛЕМДЕР ЖҮРГІЗУ МЕН ИНКАССАЛЫҚ ӨКІМДЕРДІ ОРЫНДАУ

2.1 Шетелдік валютада төлемдер жүргізу

 

Шетелдік валютада төлемдерді жүргізу бюджеттік бағдарламаның  паспортында сипатталған мемлекеттік  мекеменің халықаралық қызметімен және ынтымақтастығымен байланысты іс-шараларға сәйкес жүзеге асырылады.

 Шетелдік валютада  төлемдерді жүзеге асыру үшін  қазынашылықтың аумақтық органы  мемлекеттік мекеме берген  төлеуге  берілетін шоттың және Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі 38-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік валютаны сатып алуға арналған өтініштің негізінде ұлттық валютаны шетелдікіне айырбастауды жүргізеді. Шетелдік валютаны айырбастауға төлеуге берілетін шотта тауардың (жұмыстың, қызметтің) әрбір түрінің бірлігінің бағасы, құны және жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен белгілі төлеу күніне валютаны айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютада қайта есептеледі.

Мемлекеттік мекеме отыз күнтізбелік күннің ішінде ішкі валюталық рынокта айырбасталатын валюталық қаражатты пайдаланбаған кезде қазынашылықтың аумақтық органы кейіннен бюджетке қалпына келтіре отырып тиісті бюджеттің қолма-қол ақшасының бақылау шоттарына қаражатты қалпына келтіру және аудару жөнінде шаралар қабылдайды.

 Шетелдік валютаны аудару мемлекеттік мекеме өтінімінің негізінде Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 39-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шетелдік валютаны аударуға жүргізіледі.

Шетелдік валютаны сату кезінде мемлекеттік мекеме қазынашылықтың аумақтық органына Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 40-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік валютаны сатуға өтінім береді.

 Инкассалық өкімдерді орындау:

 Инкассалық  өкімдерді орындау мемлекеттік  мекеме тиісті төлеуге берілетін шотты бергеннен кейін жүргізіледі.

Мемлекеттік мекеменің  шотынан ақшаны алу инкассалық өкімдерді  көрсеткеннен кейін жүргізіледі. Инкассалық өкім орындаушы парақтардың немесе соттардың шешімдері, үкімдері, анықтаулары  және қаулылары бойынша берілген бұйрықтардың немесе ақшаны өндіріп алу туралы сот бұйрықтарының негізінде  және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да негіздер бойынша орындауын көрсете отырып талап етіледі.

Салық (кеден) органдары  берешегінің сомаларын өндіріп алуға арналған орындаушы құжаттар бойынша инкассалық өкімді мемлекеттік мекеменің орналасқан жері бойынша қазынашылықтың аумақтық органдарына орындауын көрсете отырып талап етіледі.

 Инкассалық  өкім салық қызметі органдарының  және кеден органдарының инкассалық өкімдерінің беру жағдайларын қоспағанда Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде көзделген нормалардың негізінде орындаушы құжаттардың түпнұсқаларын немесе осы өндіріп алудың негізділігін растайтын көшірмелерін қоса бере отырып қазынашылықтың аумақтық органына беріледі. Инкассалық өкімде төлемді тағайындау көрсетіледі және ақшаны жіберушінің келісімінсіз ақшаны алу құқығын көздейтін заңнамалық кесімге мәміле жасалады.

Мемлекеттік мекемелер  көрсеткен атқарушы құжаттар бойынша  талаптарды қанағаттандыру ағымдағы жылға бөлінген бюджет қаражаттары, сондай-ақ шығыстардың функционалдық сыныптамасының бағдарламасы, кіші бағдарламасы және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшелігі бойынша мемлекеттік мекеменің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан алынған ақша есебінен соңында жүргізіледі.

 Қазынашылықтың  аумақтық органы орындаушы құжаттар  бойынша инкассалық өкімдерді  алған күні инкассалық өкімнің  көшірмелерін қоса бере отырып  хат-хабарламаны қалыптастырады және оның атына өкім (бұдан әрі – Борышқор) шығарылған мемлекеттік мекемеге береді. Мемлекеттік мекеме өзінің жоғары тұрған мекемесін-бюджеттік бағдарламаның (егер Борышқор бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылмаса)  әкімшісін хабардар етеді.

Мемлекеттік мекеме хат-хабарламаны алғаннан кейін екі жұмыс күнінің ішінде қазынашылықтың аумақтық органына инкассалық өкім түскеннен кейін тиісті төлемді жүргізу үшін төлеуге берілетін шотты қалыптастырады. Тиісті ерекшелік бойынша жоспарлы соманың қалдығы жетпеген немесе болмаған кезде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізіледі және Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде белгіленген тәртіппен шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшеліктері бойынша рұқсат беру жүргізіледі.

Мемлекеттік мекеме тиісті ерекшелік бойынша сомалар  болмаған жағдайда хат-хабарламаны  алған сәттен бастап үш жұмыс күнінің  ішінде шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодын көрсете отырып хатты қазынашылықтың аумақтық органына береді, ол бойынша қазынашылықтың аумақтық органы шығыс операцияларының жүргізілуін тоқтатады. Көрсетілген хатты мемлекеттік мекеме бермеген кезде қазынашылықтың аумақтық органы 110 «Жалақы», 120 «Жұмыс берушілердің жарналары» кіші сыныптарын қоспағанда «Әкімшілік шығыстары» бағдарламасы бойынша шығыс операцияларын жүргізуді сап тияды.

Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдеріне сәйкес атқарушы құжаттар бойынша инкассалық өкімдерді уақытылы орындауды қамтамасыз етеді.  Қазынашылықтың аумақтық органы мемлекеттік мекеменің қаржыландырудың жеке жоспарын тиісті өзгерткеннен және төлеуге берілетін шотты соңынан бергеннен кейін  инкассалық өкімді орындайды.

 Берешек  сомасын өндіріп алуға арналған  салық қызметі органдарының және  кеден органдарының инкассалық өкімі шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиісті коды бойынша берілген рұқсаттар қалдығының шегінде орындалады. Соманы өндіріп алуға арналған салық қызметі органдарының және кеден органдарының инкассалық өкімін аумақтық салық органдары мемлекеттік мекеменің орналасқан жері бойынша қазынашылықтың аумақтық органдарына орындауын көрсете отырып талап етеді.

Бюджеттік төлемдерді жүзеге асыру тәртібі