Бюджеттік жүйенің жекеленген звенолары арасында кіріс пен шығынды бөлу
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік универсистеті
Қаржы кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Бюджеттік жүйенің жекеленген звенолары арасында кіріс пен шығынды бөлу»
Пәні Қаржы
Мамандығы 5В050900-Қаржы
Орындаған: Муханова(Дарина) Қарлығаш,
Ғылыми жетекшісі: Сартанова Н.Т., э.ғ.к., доцент
Қостанай 2011
Мазмұны
- Кіріспе
- Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
- Бюджетаралық қатынастар және оларды реттеу
- Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
- Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде өңірлердің шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін оларды ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын қалыптастыру, оларды теңестіру үдересінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болады. Осы элементтердің барлығы – бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды.
Дүниежүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына, аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орында бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджеттік үдеріс пен қатынастардың жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті;
федерация мүшелерінің
бюджеттері (АҚШ-та – штаттардың, ГФР-да
– жерлердің (ландтардың), Канадада
– провинциялардың, Ресейде –
федерация субъектілерінің
жергілікті бюджеттер.
Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер.
Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулануы мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасты жөнінен белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан – федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасында
жиынтығында мемлекеттік
республикалық бюджет;
облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Қазақстанда төтенше
немесе соғыс жағдайында төтенше
мемлекеттік бюджеттің
Бюджет кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджет – бұл араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет, ол тек талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылады.
Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған. Республикалық бюджет – бұл салықтық және басқа түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджет (әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттері) – облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгей мен айданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті болып табылады.
Мемлекеттік бюджет пен республикалық бюджет ұғымдарымен ұқсастық бойынша облыс бюджеті мен облыстық бюджетті де ажырата білген жөн: облыс бюджеті – бұл араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда облыстық бюджеті, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімімен бекітіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде қалыптастырылады және енгізілген мерзім ішінде қолданыста болады.
Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу және оның күшін жою туралы Президенттің Жарлығы төтенше мемлекеттік бюджетті енгізуге және оның қолданылуын тоқтатуға негіз болып табылады.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу уақытында тиісті қаржы жалына арналған республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы мәслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы тоқтатылғаннан бастап республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Шоғырландырылған бюджет республикалық бюджеттен, облыс бюджеттерінен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін және Үкіметтің Ұлттық банкіндегі шоттарына аударылатын, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітілуге жатпайтын бюджеттік түсімдерден құралған бюджет болып табылады.
1991 жылдан бастап
Қазақстан Республикасының
Бюджет жүйесінің
жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі
деңгейлерінің өзара
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтығы, реалистігі, дәйектілігі, жариялылығы, транспаренттілігі, жауапкершілігі және т.б. қағидаттарына негізделеді.
Бюджеттің бірлік қағидаты бюджет жүйесін ұйымдық-экономикалық орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидаты бұрынғы КСРО-ның бюджет жүйесінде неғұрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті органдарының дербестік алуымен және оларға қаржы ресурстарын иелену жөніндегі құқықтардың берілуімен байланысты бұл қағидат біршама әлсіреді. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай қаржы саясатын қамтамасыз етуге бағытталған және ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің жалпы экономикалық және саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-қимылына, төменгі деңгей бюджеттерінің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдауға, сондай-ақ ішінара қайта бөлудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын жасауға да негізделген.
Бюджеттердің бірлігі бірыңғай бюджет заңнамасын қолданумен, соның ішінде Үкімет бекіткен бірыңғай бюджеттік сыныптаманы, бюджет үдерісін жүзеге асырудың бірыңғай рәсімдерін пайдаланумен қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің бірлігі салық саясатын қоса бірыңғай әлеуметтік-экономикалық саясат арқылы іске асырылады.
Алайда бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін құрудың маңызды қағидаты болып отырған оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды. Бюджеттердің дербестік қағидаты түрлі деңгейдегі бюджеттердің арасындағы түсімдерді тұрақты түрде бөлуді белгілейді және оларды жұмсаудың бағыттарын анықтайды.
Биліктің әрбір органы өз бюджетін жасайды, бекітеді және оны атқарады. Бюджеттердің жеке түрлерінің арасындағы кіріс көздері мен шығыстарды бөлуді шектейтін айқын құқықтар белгіленген. Мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің бюджеттік үдерісті жүзеге асыруға құқы бар. Жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді, жергілікті бюджеттер қаражаттарының бос қалдықтарын жоғарғы бюджетке алып қоюға, тиісті өтемсіз жергілікті бюджеттерге қосымша шығыстарды жүктеуге жол берілмейді. Сонымен бірге бюджеттердің барлық түрлерінің шығыстары осы аумақтық (өңірдің) әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерімен және биліктің тиісті органдарының нақты функцияларымен, құзырымен анықталады. Бюджет қаражаттарын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алу сияқты бюджет қаражаттары бойынша талаптардан да шегінуге жол берілмейді.
Бюджеттің толықтығы (толымдығы) бюджетке үкіметтің барлық қаржы операцияларының, оның жинайтын барлық түсімдерінің және жасайтын шығыстарының, Қазақстан Республикасының салық және бюджет заңнамаларында белгіленетін барлық түсімдердің толық тізбесінің бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында міндетті және толық көрсетілуімен қамтамасыз етіледі. Сөйтіп, ол мемлекеттік билік пен басқару органдарының барлық кірістері мен шығыстарын бюджетке жинақтап, жұмылдырудың объективтік қажеттігін бейнелеп көрсетеді. Осыған байланысты барлық ақша түсімдерін, сондай-ақ бюджет шығыстарының көлемі мен нақтылы бағыттарын айқындау қажет.
Бюджет іске асатындай болуы тиіс, нақты экономикалық және саяси ахуалды, өндірістің даму үрдісін, жалпымемлекеттік қажеттілікті есепке алу қажет. Жүниежүзілік практикада бұл қағидат қазіргі кезде оны дәл қолдану бюджетке кірістерінің дербес көздері бар автономды түрде боліп көрсетуге болатын аса көп шығыстарды жүктейтіндіктен орынды деп есептелмейді. Қазақстанда мемлекеттік қаражаттарды қалыптастырудың орталықтандырылған әдісі қабылданған, сондықтан 1998 жылдан бастап мемлекеттік бюджетке бюджеттен тыс қорлардың – зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру және т.б. қорлардың қаражаттары енгізілген.
Реалистік қағидаты – бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттік көрсеткіштердің орта мерзімді фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарының бекітілген (түзетілген) өлшемдері мен бағыттарына сәйкестігі. Бюджеттің реалистігіне Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына сәйкес оларды Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі. Сондықтан оның көрсеткіштері көпнұсқалық есеп-қисаптармен негізделуі тиіс, бюджеттердің атқарылуына, ведомстволардың өткен нәтижесі, болжамдық бағалау есепке алынуы қажет. Дүниежүзілік практика бюджет ресурстарының қозғалысын ағымдағы жылға, анағұлым ұзақ мерзімге үлгілеуді, сондай-ақ оларды нақтылы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қаржы жылы ішінде түзетуді пайдаланады. Реалистік қағидатына ең алдымен жеке қаржы жоспарларын және жалпы тиісті деңгейдің бюджет жобасын жасау үдерісінде қол жетеді.
Реалистік қағидаты
бюджет тізімдемесін бұрмалауды болдырмау
және бұзылуын жою үшін қажет. Ол бюджетте
мемлекеттің қаржы
Транспаренттілік қағидаты – бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа ақпаратты міндетті түрде жариялау: бюджет үдерісінің ашықтығы, мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу.
Тиімділік пен нәтижелік қағидаты – бұл бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу қажеттігін негізге алып, бюджет қаражаттарының осы нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті оңтайлы көлемін пайдалана отырып бюджеттерді әзірлеу және атқару немесе бюджет қаражаттарының бекітілген көлемін пайдалана отырып ең үздік нәтижені қамтамасыз ету.
Басымдық қағидаты – бюджеттік үдерісті республиканың немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру.
Жауапкершілік қағидаты- бюджеттік үдеріске қатысушыларды бюджет заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тарту.
Бюджеттердің жариялық қағидаты бекітілген бюджеттер мен алдағы қаржы жылына арналған бюджет туралы заң мен өткен кезеңдегі олардың атқарылуы туралы есептердің жарияларуы арқылы қамтамасыз етіледі.
Бюджет кірістерінің қалыптасуы (ең алдымен салықтар, алымдар арқылы) бюджет ресурстарының бағытталуы сияқты шаруашылық жүргізуші субъектілердің және қоғамның барлық мүщелерінің мүдделерін шалады. Сондықтан олар бюджеттің мазмұны, оны қалыптастырудың көздері, салық төлемдерін алудың тәртібі, сондай-ақ бюджет қаражаттарының бағыттары туралы хабардар болуы тиіс. Президент қол қойған Қазақстан Республикасының бюджеті заң мәртебесін қабылдайды және оның атқарылуы бюджет рәсімінің қатысушылары үшін міндетті болады. Заң, өткен кезеңдегі бюджеттің атқарылуы туралы есеп баспасөз бетінде жарияланады. Осылайша бюджеттің кірістері мен шығыстарының көлемі, оның негізгі түсім көздері, шығыстарының бағыттары, тапшылық көлемі және оны жабудың әдістері (шығындарды қысқарту, кірістерді көбейту, қарыздар, ақша эмиссиясы) жария етіледі.
Төменгі – жергілікті бюджеттердің қалыпты және тиімді жұмыс істеуінің шарттары бербестік және теңгерімділік болып табылады.
Бюджеттерлің дербестігін меншікті және бюджет жүйесінің барлық буындары кірістерінің заңмен бекітілген көздері және бюджет қаражаттарын ел заңдарымен анықталған құзырлар шеңберінде биліктің тиісті органының қарап шешуі бойынша пайдалану құқығы қамтамасыз етеді.
Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында және Бюджет кодексінде, «Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы», «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» арнайы заңдарында және басқа заңнамалық актілерінде бейнелеп көрсетілген.
Нақтылы жағдайларда
бұл қағидаттардан жиі
Бюджет жүйесі реттеуші кіріс көздерін пайдалану, мақсатты және өңірлік бюджет қорларын құру, оларды ішінара қайта бөлу арқылы жүзеге асырылатын барлық деңгейлер бюджеттерінің өзара іс-қимылына негізделген.
- Бюджетаралық қатынастар және оларды реттеу
Бюджет үрдісінде республикалық және жергілікті бюджет арасындағы және бюджет пен Ұлттық қор арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады. Рыноктық экономика жағдайындағы бюджет үдерісінде жоғарғы және төменгі бюджеттер арасындағы, сонымен біргереспубликалық бюджет пен Ұлттық қор арасындағы қатынастар және кірістер мен шығыстарды бюджеттер деңгейлері арасында бөлу аса маңызды проблемалардың біріне айналып отыр. Бюджетаралық қатынастар мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасындағы функциялар мен өкілеттіктердің ара жігін дәлме дәл ажыратуға, бюджеттер деңгейлерінің арасында түсімдер меншығыстарды бірыңғай бөлуге, сондай ақ бюджетаралық қатынастарды айқындау әдістерінің біртұтастығы мен ашықтығына негізделген.
Бюджет кодексіне сәйкес бюджет үдерісінде республикалық бюджеттің аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерімен, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетініңбасқа осындай бюджеттермен, аудандар бюджеттерінің бір бірімен өзара қарым қатынастарына жол берілмейді.
Үкімет пен
орталық мемлекеттік органдарды
Шығыстарды немесе түсімдердің жекелеген түрлерін бюджетің бір деңгейінен екіншісіне беру Бюджет Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Бюджетаралық қатынастар мынадай қағидаттарға негізделеді:
- облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің республикалық бюджетпен өзара қатынастарда, аудандар бюджеттерінің жоғарғы облыстық бюджетпен өзара қатынастарда теңдігі;
- түсімдерді тиімді бөлу, ол түсімдердің ара жігін ажыратудың мынадай өлшемдерін бір мезгілде сақтауды ескереді:
төменгі бюджеттерге тұрақты сипаты бар, сыртқы факторлардың әсеріне тәуелсіз салықтық және салықтық емес түсімдер бекітіледі;
мемлекеттік мекемелеркөрсеткен
қызметтер үшін төлемақы болып табылатын
салықтық және салықтық емес түсімдер
аталған қызметтер көрсету
қайта бөліну сипаты бар, сондай ақсалық базасы әркелкі орналастырылатын салықтар бюджет жүйесінің неғұрлым жоғары деңгейлеріне бекітіледі;
салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді бекіткен кезде оларды жинаудың неғұрлым жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін бюджет деңгейіне артықшылық беріледі;
нақты аумақтық байланыстылығы бар салықтық базадан алынатын салықтар жергілікті бюджеттерге бекітеді.
- Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық бірліктерінің бюджеттік қамтамасыз етәлу деңгейлерін теңестіру;
- Жергілікті атқарушы органдардың бірдей деңгейде мемлекеттік қызмет көрсетуін қамтамасыз ету;
- Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудың барынша тиімділігі мен нәтижелілігі мемлекеттік қызмет көрсетудің неғұрлым тиімді және нәтижелі жүргізілуі мен ұсынылуын қамтамасыз ете алатын мемлекеттік басқару деңгейіне мемлекеттік қызметтер көрсетуді бекітіп беру;
- Мемлекттік қызмет көрсету деңгейін оны алушыларға барынша жақындату қызметтерді алушылардың қажеттерін жақсылап есепке алу және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатымен, көрсетілетін қызметтерді атқаруды бюджет жүйесінің мүмкін болғанша неғұрлым төмен деңгейіне беру;
- Республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің республикалық бюджеттен, облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің облыстық бюджеттен алынатын нысаналы трансферттер мен кредиттер есебінен қаржыландырылатын тиісінше облыстық және аудандық бюджеттік бағдарламалардың күтілетін нәтижелері мен индикаторларына қол жеткізуі үшін жауаптылығы;
- Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті органдарының республикалық бюджеттен, ауданның жергілікті атқарушы органдарының облыстық бюджеттен алынатын нысаналы трансферттер мен кредиттердің тиімді әрі нысаналы пайдаланылуы үшін жауаптылығы.
Бюджетаралық қатынастар:
- республикалық және облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің арасында: трансферттермен, бюджеттік кредиттермен;
- облыстық және аудандық бюджеттер арасында: трансферттермен, бюджеттік кредиттермен, кірістерді бөлу нормативтерімен реттеледі.
Трансферттер жалпы сипаттағы трансфертттер, ағымдағы нысаналы трансферттер, дамуға арналаған нысаналы трансферттер болып бөлінеді.
Нысаналы трансферттер мен кредиттерді жергілікті атқарушы органдар тек қана олардың нысаналы қызметіне сәйкес пайдаланады.
Нысаналы трансферттер мен кредиттердің нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған сомалары осы трансферттер мен кредиттерді бөлген жоғарғы бюджетке ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейін міндетті түрде қайтарылуға жатады.
Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандарын айқындаған кезде бюджеттер деңгейлерінің әрқайсысының салықтық әлуеті, өңірлердің объективтік бюджеттік қажеттіліктерін бақылау нәтижелері, бекітілген заттай нормалар ескіріледі. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары орта мерзімді фискалдық саясатқа сәйкес белгіленеді.
Бюджетаралық реттеу теңгерімділік
мақсатарында жоғарғы бюджет ресурстарының
бір бөлігін төменгі бюджетке
беруден тұратын және керісінше,
ақша қаражаттарын бөлудің жүйесі.
Реттеу механизміне бюджеттік
Бюджеттік субвенциялар жоғарғы бюджеттерден төменгі бюджеттерге республикалықнемесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегінде берілетін трансферттер. Бюджеттік алынымдар республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегінде төменгі бюджеттерден жоғарғы бюджеттерге берілетін трансферттері болып табылады.
Егер биліктің әрбір деңгейінде
жиынтық бюджеттердегі
Жалпы сипаттағы трансферттердің
көлемдері тиісті жергілікті бюджеттің
кірістері мен шығындары
Жекелеген ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген бюджеттік алынымдарды есептеу кезінде ескерілмейтін сомалар шегінде жоғары бюджеттер төменгі бюджеттерге беретін трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер болып табылады. Ағымдағы нысаналы трансферттер мемлекеттік, салалық немесе өңірлік бағдарламалардың іс шараларын орындауға ғана, сонымен бірге қаржы жылы ішінде әкімдердің өтініші бойынша Үкіметтің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының резервәнен қаржыландыратын іс шараларға ғана беріледі.
Жоғарға бюджеттер:
Мемлекеттік және салалық бағдарламалар немесе өңірлік бағдарламалар негізінде жергілікті атқарушы органдар ұсынатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру;
Рсепубликаның стратегиялық
орта мерзімді бағдарламалары мен даму
жоспарларының жоғарғы
Бюджетаралық қатынастарда түрлі деңгейлер бюджеттерінің қаржы өкілеттіктерінің келісілмегендік және олардың өкілеттіктері мен кірістерін қамтамасыз ету проблемалары бар: аумақтық бюджеттердің нашар салық базасы; қайта бөлу саясатындағы тұрлаусыздық. Бюджетаралық қатынастар жоғарғы бюджеттердің төменгі деігейдің бюджеттерін орталықтандырып нығайтту негізінде құрылады. Мұндай саясат аумақтарды шығыстардың неғұрлым жоғары нормативтерін қаққылауға бағдарлайды. Жоғарғы органдар «тағдырды шешушіге» айналады, бұл жемқорлыққа негіз қалайды. Бұл жағдайда биліктің жергілікті органдарының құқықтарын кеңейту қажет, ол үшін олардың үш топтағы өздерінің салықтары болу керек:
- негізгі рөлді ойнайтын салықтар: а) тура салықтар: мүлік, жер, көлік салықтары; ә) жанама салықтар: сатып алуға салынатын салық, көпшілік тұтынатын тауарларға салынгатын акциздер;
- жергілікті органдардың аумақтарында жиналатын мемлекеттік салықтарға биліктің орталық органдары белгілі бір пайызбен белгілейтін салықтар;
- басқадай жергілікті салықтар, алымдар және төлемдер, салықтық емес кірістер (жерді жалға беру және сату, орман массивтерін жалға беру, басқадай түсімдер).

- Бюджеттік жүйе түрлері
- Бюджеттік төлемдерді жүзеге асыру тәртібі
- Бюджетті қаржыландыру және шығыстар есебі
- Бюджеттің кірістері мен шығыстары. Бюджеттік сыныптама
- Бюджеттің кірістері, шығыстары және бюджеттік тапшылық
- Бюджеттің орындалу мәселелерін шешу жолдары және оны бағалауды жетілдіру
- Бюджет туристского предприятия: структура и принципы составления
- Бюджеттердің орындалуы туралы есептерді толтыру және қалыптастырудың тәртібі
- Бюджеттеудің негізі және бюджет туралы жалпы түсінік
- Бюджеттеу және бюджеттік бақылаудың ұйымдастырылуы
- Бюджеттеу және жоспарлау түсінігі
- Бюджетті жоспарлау және болжамдау
- Бюджеттік бақылау
- Бюджеттік бақылау