Бюджеттің кірістері мен шығыстары. Бюджеттік сыныптама

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 


Жәңгір хан атындағы Батыс  Қазақстан аграрлық- техникалық университеті

 

«Қаржы» кафедрасы

 

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Бюджеттің кірістері мен шығыстары. Бюджеттік сыныптама

 

 

 

 

Тексерген: оқытушы: Сейсекеев А.О.

Орындаған: БФ-21 студенті Маулетов А.К.

 

 

 

 

 

 

 

Орал - 2013 ж.

 

 

Жоспар:

 

Кіріспе

Бөлім 1. Бюджеттің кірістері мен шығыстары

1.1. Мемлекеттік бюджет

1.2. Мемлекеттік бюджеттің құрамы мен құрылымы

Бөлім 2. Бюджеттік сыныптама

 

2.1. Бюджеттік процес

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Курстық жұмысымның мақсаты  бюджеттегі экономикалық қатынастар мен заңдық нормаларға негізделген түрлі денгейдегі бюджеттердің жиынтығы, сондай-ақ оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай заң шығарушылық негіз, бюджеттік құжаттама нысаны, бірыңғай бюджеттік сыныптаманы (кіріс пен шығыстың міндетті бірыңғай топтамасын) қолдану және жергілікті бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау тәртібі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлім 1. Бюджеттің кірістері мен шығыстары                                                           1.1. Мемелекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары

 

Мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланымен байланысты болып келетін  бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері меншығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. 
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады. 
Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін КСРО-ның мемлекеттік бюджетінің кірістері мемлекеттік кәсіпорыдардың ақша жинақтарына негізделіп келді. Ол бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90% құрады және негізінен екі төлемнен – айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден тұрды. Бұл жүйе 1930 жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрді. 1980 жылдары енгізілген өндірістік қорлар, еңбек ресурстары және басқлары үшін ақы түріндегі пайдадан алынатын нормативті төлемдер қолданылып жүрген төлемдр жүйесін өзгертпеді және жеке кәсіпрындар қызметінің жеке –дара нәтижлеріне бағытталып отырды. 
Дағдыдағыдай, кірістердің көзі салықтар немесе оларға барабар төлемдер болып табылады.Қазақстан Республикасының мемлекттік бюджеті кірістеріні құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады. 
Бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес бюджеттің құрылымы мыналрдан тұрады: 
1)түсімдерден: 
кірістерден; 
алынған ресми транферттерден (гранттардан); 
бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі брышты өтеуден; 
2)шығыстардан және кредит беруден: 
шығыстардан; 
кредит беруден; 
3)бюджет тапшылығынан (профицитінен); 
4)бюджет тапшылығын (профицитті пайдаланудан) қаржыландырудан. 
өз кезегінде кірістер: 
салықтық түсімдер; 
салыққа жатпайтын түсімдер; 
капиталмен жасалатын операциялардан алынатын кірістер болып бөлінеді. 
Бюджеттік түсімдердің бұл үш категориясы алынған ресми трансферттер бөлігімен (және бір уақытта санатымен) яғни тауарларды немесе қызмет көрсетуді сатып алуға, кредиттер беруге немесе өтелмеген борышты төлеуге байланысты емес тегін және қайтарылмайтын төлемдермен толықтырылады. 
Бюджеттен берілген кредиттерді өтеу санаты бюджеттік кредиттер бойынша (қайтару негізінде берілген – бұрынғы жылдардағы несиелендіру) мемлекттік шаруашылық жүргізуші субъектілер тарапынан ақшалай қаражаттардың түсуі болып табылады. 
Бюджеттің шығыстар бөлігі функционалдық топтардың шығыстарын қаржыландыруға жұмсалады. 
Мемлекеттік брышқа қызмет ету жөніндегі шығыстар "борышқа қызмет ету" функциогалдық тобы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік мекемелерін - әкімдер аппаратын және кіші бағдарламалар – қарыздар бойынша сыйақылар төлеу бойынша Қаржы министрлігін бөле отырып жүргізіледі. 
Кейін бюджетке өтеу түрінде қайтаруға жататын, басқа экономикалық бірліктерді насиелендіруге арналған қаражаттар тиісті бөлікте - функционалдық топ болып табылатын несиелендіруде көрсетіледі. 
Бюджет тапшылығы шығыстар мен бюджеттен қайтарымды негізде бөліген кредиттер ауқымының бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан асыцп түсуін қамтып көрсетеді.Бекітілген республикалық бюджет тапшылығының көлемі ұлттық валюта мен және жалпы ішкі өнімге пайызбен, ал облыстық бюджеттер, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тапшылығы ұлттық валютамен көрсетіледі. Ал бюджет профициті – бұл бюджетке түсетін кірістер мен ресми трансфеттер түсімдерінің және бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеудің жалпы сомасының жалпы шығыстардың және қайтарымдық негізде бөлінетін кредиттердің ауқымынан асып түсуі. Бекітілген бюджет профицитінің көлемі де ұлттық валютамен немесе жалпы ішкі өнімге пайызбен есептеледі. 
Мемлекеттік бюджеттің соңғы бөлігі – бюджет тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландыру ішкі және сыртқы мемлекеттік борышті өтеу жөніндегі шығыстарды қамтып көрсетеді. Оның қос арналымы бар: 
1)тапшылық болған жағдайда – ішкі көздерден (Ұлттық банктен, коммерциялық банктерден, бағалы қағаздар сатудан, есепке алу бойыеша, шығыстарды жабуға бағыттталған жыл басындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары) және сыртқы қарыздардан қаражаттар тарту;  
2)профицит кезінде – жоспардан тыс түсімдерді, бірінші кезекте мемлекеттік міндеттемелерді өтеуге немесе бірінші кезектегі бюджеттік бағдарламаларды қосымша қаржыландыруға пайдалану. 
Кірістер мен шығыстардың егжей-тегжейлі тізбесі мен топтамасы бюджеттік сыныптамамен айқындалады. Қаржы Министрлігі бекіткен бірыңғай бюджеттік сыныптама – функционалдық, ведомоствалық және экономикалық сипаттамалар боынша бюджетке түсетін түсімдер мен бюджеттен жұмсалатын шығыстардың топтастырылуын белгілейтін топтастырылуын белгілейтін нормативтік құқықтық акт. Ол кірістердің сыныптамасынан , шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамаларынан тұрады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама бюджеттің мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларымен, болжамдарымен және бағдарламаларымен, министрліктер мен ведомоствалардың, ұйымдар мен мекемелердің қаржы жоспарларымен тығыз байланысын қамтамасыз етеді; жеке (дара) сметалар мен қаржы жоспарларын құрама сметалар мен жоспарларға біріктіруге мүмкіндік береді, құрама жоспарлар мен бюджеттің жазбаша тізбесі арасындағы үйлесуді қамтамасыз етеді. 
1996 жылға дейінгі бюджеттік сыныптама мынадай бөліктерді қамтыды: бөлім, параграф, бап, тарау. Алайда ұзақ уақыт қолданылып келген сыныптама бюджет қаражаттарын жобалаудың, оған есеп жүргізудің және бақылаудың, сондай-ақ бюджет процесін жүзеге асырудың қазіргі заман талаптарына сай болудан қалды. Сондықтан 1996 жылдан бастап оң жаңа, халықаралық стандартқа сәйкес келетін сыныптамамен ауыстырылды. 
Жаңа бюджеттік сыныптамаға сәйкес кірістер енді төрт бөлікке жіктелетін болды, олар: санат, сынып, ішкі сынып, ерекшелік. Мысалы,бюджеттің кірістері мына стандарттарды қамтиды: салық түсімдері; салыққа жатпайтын түсімдер; капиталмен жасалатын операциялардан алынатын кірістер; алынған ресми трансфеттер (гранттар) ; бюджеттен берілген кредиттерді өтеу; жалпы қаржыландыру; бюджеттің қаражаттары қалдықтарының қозғалысы. Қалған бөліктер кірістерді кіріс көздерін неғұрлұм тәтіштеу ретінде сипаттайды. Тмысалы, салық түсімдеріндегі сынып – салық түрін, ерекшелік – нақты салық төлеушіні немесе салық төлеушіні немесе салық объектісін білдіреді. 
Шығыстарды функционалдық, экономикалық және ведомоствалық сыныптама қарастырылған. Функционалдық сыныптама қызмет түрлерінің, шаралардың және бюджет қатынастары қатысушыларының кең көлемді сипаттамасы болып табылады. 
Бюджеттік жоспарлау – мемлекеттің қаржы саясатының талаптарына бағындырылған қаржылық жоспарлаудың маңызды бөлігі. Мұндай жоспарлаудың экономикалық мәні елдің жалпыұлттық әлеуметтік-экономикалық дамуы негізінде түрлі деңгейдегі бюджеттерді жасаумен олардың атқарылуы процесінде бюджет жүйесінің буындары арасында қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуде болып отыр. 
1) республикалық бюджеттердің кірістерін, олар мыналардан тұрады: 
а) салықтар, алымдар және басқа да міндетті төлемдердің түсімдерінен (корпорациялық табыс салығы; қосылған құнға салынатын салық; импортқа салынатын акциздер; жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтары, 
ә)салыққа жатпайтын түсімдерден (республикалық мемлекеттік кәсіпорындар пайдасының үлесі; Ұлттық банк кірісінен алынатын түсім;Үкіметтің депозиттері бойынша алынған сый-ақылар; (мүдделер); 
б)капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістрден: мемлекеттік резервтерден алынған тауарлар үшін берешекті өтеуден және мемлекеттік қордан астық сатудан алынатын түсімдерден турады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Мемлекеттік бюджеттің құрамы мен құрылымы

Мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорын қалыптастырумен  және пайдаланумен байланысты болып  келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар - бюджеттің  түсімдері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жекелеген кезеңдерін білдіреді. Категориялардың  екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: түсімдер мемлекетті қажетті ақшалай қаражаттармен  қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге  сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері  табыстар, бюджеттік кредиттерді  өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтері сатудан түсетін түсімдер, қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржылық активтерді сатып алу, қарыздарды өтеу болып табылады. 
Түсімдер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы накты әлеуметтік- экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттің бюджеттік және салықтық саясатты жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл ретте мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың колайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады. 
Бюджеттің құрылымы бюджеттік сыныптама негізінде құрылады және мынадай бөлімдерден тұрады:

  1. кірістер: салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер; трансферттер түсімдері;
  2. шығындар;
  3. таза бюджеттік кредиттеу; бюджеттік кредиттер; бюджеттік кредиттерді өтеу;
  4. қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо: қаржылық активтерді сатып алу; мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер;
  5. бюджет тапшылығы (профициті);
  6. бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану): қарыздар түсімі;қарыздарды өтеу;бюджеттік қаражаттардың пайдаланылатын қалдықтары.

Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетілген құрылым бойынша  жүзеге асырылады. Қарыздарды өтеуді қоспағанда, республикалық бюджет шығыстарын шегергендігі республикалық бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті), қарыздық түсімдер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры трансферттерінің түсімдерін есептемегенде, республикалық бюджеттік түсімдердің сомасына тең. Мұнайға қатысты емес тапшылық бекітілмейді және талдамалық максаттарда пайдаланылады. Бюджет шығыстарының мұнайлық емес түсімдерден тәуелділігін төмендету үшін экономиканың мұнайлық емес секторын нысаналы дамыту есебінен мұнайға қатысты емес тапшылық мөлшері ұзақ мерзімді кезеңде кеміті- луге тиіс. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы мемлекеттік бюджетінің құрамы және кірістері мен шығыстарының құрылымы мына мәліметтермен сипатталады (14.1 кесте). (2009 жылғы бұл мәліметтерді қосымшадан қараңыз).

 

Кестеден көрініп түрғандай, кірістердің негізін салықтық түсімдер құрайды, ал салықтық түсімдердің негізгі көздері, бұрынғысынша қосылған құн салығы мен қорпоративтік табыс салығы болып табылады. Бюджет кірістерінің басқа көзі - салықтық емес түсімдер,негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер және трансферттер түсімдері. Қазақстанның республикалық бюджеті 2009 жылы, алдын ала деректер бойынша, 510 миллиард теңге немесе осы жылға жоспарланған ІЖӨ-ге 3,1% тапшылықпен атқарылды. Республикалық бюджетке түскен түсімдер 2800,3 миллиард теңгені, шығыстар 3311,3 миллард теңгені құрады. 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджет туралы заңға сәйкес 2010 жылы республикалық бюджеттің түсімдері 3278,4 миллиард теңге немесе 2009 жылдың жоспарымен салыстырғанда 16,2 пайыздық өсіммен, ал шығыстары 3873,4 миллиард теңге немесе17,9 пайыздық өсіммен айқындалған. Бюджет тапшылығы ІЖӨ-ге шақканда 4,6 пайыз деңгейінде белгіленген. 
Кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер, қарыздар бюджеттік түсшдер болып табылады. 
Бюджеттің кірістері салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттік түсімдер болып табылады. Нысаналы трансферттерді қоспағанда, кірістер нысаналы мақсатқа ие болмайды. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін жою немесе оларды өзгерту Салықтық кодекске міндетті түрде өзгерістер немесе толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады. 
Салықтық түсімдер Салықтық кодексте белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер болып табылады. Салықтық емес түсімдер - бюджетке төленетін міндетті, қайтарусыз төлемдер, байлаулы гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша. 
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды түрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, не Қазақстан Республикасы заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге тәсілмен өткізуден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан бюджетке түсетін ақшалар болып табылады. 
Трансферттердің түсімдері - бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері. Бюджеттік кредиттерді өтеу сомалсіры - бюджеттен алынған кредиттер бойынша негізгі борышты қайтаруға, сонымен бірге заңи тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер. 
Қарыздар - мемлекеттік эмисссиялық бағалы кағаздар шығаруға және (немесе) қарыздар келісімшарттарын жасасуға байланысты бюджетке түсетін ақшалай түсімдер. 
Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер — заңи тұлғалардың, соның ішінде мемлекеттік меншіктегі халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге мемлекеттік мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсімдер. 
Бюджеттің шығындары қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджеттік қаражаттар. Шығындардың катаң максатты арналымы болады. 
Бюджеттік кредиттер - қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізде бюджеттен бөлінетін ақшалар. 
Қаржылық активтерді сатып алу - заңи тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестері мен бағалы кағаздарын мемлекеттік меншікке сатып алуға бағытталған бюджеттік қаражаттар. 
Қарыздарды өтеу - қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік сыртқы қарыздар туралы, сондай-ақ ішкі қарыздар бойынша халықаралық келісімшарттарға сәйкес негізгі борышты өтеуге бағытталған бюджеттік қаражаттар. 
Таза бюджеттік кредиттеу бюджеттік кредиттердің және бюджеттік кредиттерді өтеудің арасындағы айырма ретінде айқындалады. 
Бюджеттік кредиттеу - бюджеттік кредитті беру, пайдалану, оған қызмет көрсету және оны өтеу туралы шешім қабылдау рэсімдерін кіріктіретін үдеріс. Бюджеттік кредиттер берілу мерзіміне қарай мынадай түрлерге бөлінеді: қысқа мерзімді - 1 жылға дейін, орта мерзімді - 1 жылдан 5 жылға дейін, ұзак мерзімді - 5 жылдан 30 жылға дейін. 
Бюджеттік кредитті өтеу деп кредиттік келісімшартқа және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит бойынша негізгі борышты қарыз алушының өтеуін айтады. 
Қаржылық активтермен операциялар:

  1. қаржылық активтерді сатып алуды;
  2. мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдерді кіріктіреді.

Қаржылық активтер мен  операциялар бойынша сальдо қаржылық активтерді сатып алу мен мемлекеттің қаржылық активтерді сатудан түсетін түсімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады. 
Қаржылық активтерді сатып алу және мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.Бюджет тапшылығы (профициті) кірістер мен шығындар, таза бюджеттік кредиттеу және кажылық активтермен операциялар бойынша сальдо арасындағы айырмаға тең. Теріс белгімен алынған шама - бюджет тапшылығы, оң белгімен алынғаны - бюджет профициті болып табылады. Бюджет тапшылығын қаржыландыру қарыз алу және бюджеттік қаражаттардың пайдаланылатын қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабу жолымен қамтамасыз етіледі. Оның көлемі алынған қарыздар сомасының, бюджеттік қаражаттаркалдықтары сомасының қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу соіуасынан асып түсуі ретінде айқындалады. 
Фюджет тапшылығын қаржыландыру мәні оң белгімен белгіленеді және бюджет тапшылығының шамасына сәйкес келеді. 
Бюджет профицитін пайдалану қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге бюджет профицитін, қарыздық қаражаттарды, бюджеттің пайдаланылатын қаражаты бос қалдықтарын жұмсау жолымен жүзеге асырылады. Оның көлемі қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасының алынған қарыздар және бюджеттік қаражаттың пайдаланылатын қалдықтары сомасынан асып түсуі ретінде айқындалады. Бюджет профицитін пайдалану мәні теріс белгімен белгіленеді және бюджет профицитінің шамасына сәйкес келеді. Республикалық бюджеттің мұнайга қатысты емес тапшылығы (профициті) Ұлттық қор түсімдерінен басқа, республикалық бюджет шығыстарын шегеріп тастағандағы республикалық бюджет түсімдерінің сомасына тең. 
Мемлекеттік бюжеттің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған орта мерзімді перспективаға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаттарын қалыптастыру мен пайдалану тұжырымдамасына сәйкес 2006 жылдан бастап орта мерзімді фискалдық саясат шеңберінде мемлекттік бюджеттің мұнайлық емес кірістері мен шығыстарының жаңа құрылымы көзделді. 
Үкімет пен жергілікті атқарушы орғандардың резевтері республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу кезінде жоспарланбаған шығындарды, олардың тосындығына және ағымдағы қаржы жылында щұғыл қаржыландыруды талап ететіндігіне байланысты қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамында құрылады. Бұл резервтер: төтенше резервті, шұғыл шығындарға, соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға, облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар кала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резервтерді кіріктіреді. 
Үкімет резервінің жалпы көлемі республикалық бюджет туралы заңмен белгіленеді. 
Жергілікті атқарушы орған резервінің жалпы көлемі тиісті жергілікті бюджет түсімдері көлемінің екі пайызынан аспауға тиіс. Төтениіе резерв Қазақстан аумағындағы табиги және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою максатында пайдапанылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві Қазақстанның басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетілуіне де пайдапанылуы мүмкін. Шүғыл шығындарга арналған резерв Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік- аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына катертөндіретін жағдайларды жою мақсатында пайдаланылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарга арналған резерві, сондай-ак оның шешімдерімен айқындалатын өзге де күтілмеген шығындарға пайдаланылуы мүмкін. Соттардық иіешімдері бойынша міндеттемелерді орындауга арналған резерв соттардың шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемелекеттік орғандардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы орғандардың міндеттемелерін орындауга пайдаланылады. 
Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемінде пайдаланылған жағдайда Үкімет немесе жергілікті атқарушы орған қажет болған кезде Парламентке немесе тиісті мәслихатқа тиісті республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Үкімет немесе жергілікті атқарушы орғанрезервтерінің мөлшерін үлғайту туралы ұсыныстар енгізеді. 
Үкіметтің немесе жергілікті атқарушы орғанның резервінен бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін ағымдағы қаржы жылының соңына дейін тиісті бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді. 
Үкіметтің және жергілікті атқарушы орғандардың резервтерін пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Мемлекеттің шығыстары - бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақшалай шығындары. Экономикалық категория ретінде олар коғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, коғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ішкі жалпы өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді. Мемлекеттің шығыстары мемлекеттің қаржылық саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржылық қатынастардың бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін камтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, баскару, қорғаныс және т.б. функцияларымен тікелей байланысты. «Шығыстар» ұғымының қос мағынасы бар:

  1. Ақшалай қаражаттарды олардың максатты арнадымы бойынша пайдалану, ягни ақшалай қаражаттары айырбас үдерісіндетікелей рәсуалау. Бұл жағдайда шығыстардың құрамынатүпкілікті табыстардың есебінен жүзеге асырылатын өндірістік және өндірістік емес сфера кәсіпорындары мен ұйымдарының, халықтың шығыстары кіріктіріледі, ал жалпы қоғамдық өнім үш қорға: орын толтыру қорына, қорлану қорына, тұтыну қорына ыдырайды.
  2. Айырбас удерісінде қаражаттарды нактылы жұмсаудан бөлгіштік сипаттағы шығыстарды ажырата білген жөн, бұл шығыстар қаржы арқылы қалыптасады: жалпы мемлекеттік қорларды пайдаланған және кәсіпорын-дардың қорларын максатты арналым бойынша бөлген кезде; ақшалай шығыстар барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің түпкілікті табыстарын қалыптастырудың негізі болып табылады.

Бұл екі аспект «шығыстар» ұғымының оның «шығындар» ұғымына түрленген кездегі қарамақайшылық пен күрделілікті қамтып көрсетеді: егер «шығыстар» түпкілікті рэсуаны, тұтынуды («табыстарға» қарама-карсы) қажет ететін болса, «шығындар» «есепке жатқызылатын» алдымен, келешектегі табысты немесе пайданы күтудегі шығындарды білдіреді.Шаруашылық жүргізудің әр түрлі жүйесінде (рыноктық және әкімшіл- әміршіл) және тіпті экономика дамуының түрлі кезеңдерінде мемлекеттің рөлі, оның функциялары мен қызмет саласы өзгеріп отыратындықтан, бұған сәйкес мемлекеттің жасайтын шығыстарының құрамы мен көлемі тиісінше өзгеріп отырады. Мемлекет шығыстарының құрамына мемлекеттік бюджеггің, мемлекеттік бюжеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік және өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығыстары кіреді. 
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары оқулықтың 14.4 парагрфында баяндалған. 
Мемлекеттік сектордың кәсіпорындары шығыстарының құрамына мыналар кіреді:

  1. өндірістік, шаруашылық-пайдалану қызметімен байланысты шығындар;
  2. ұлғаймалы ұдайы өндіріске (негізгі және айналым капиталдарына) жұмсалатын шығындар;
  3. бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдер; көтермелеу және ынталандыру қорларына аударылатын аударымдар.

Шығындардың бірінші тобы капиталдардың толық айналымымен байланысты және өндіріс шығындарының орнын толтыру (өтеу) болып табылады және шартты түрде шығыстарға жатады («шығындар» терминінің мағынасын қараңыз). Сондықтан кәсіпорындар бойынша мемлекеттің шығыстары шығыстардың emu- mi және үшінші топтарын кіріктіреді. Баска категориялардың арасында мемлекет шығыстарының жайы мемлекеттік меншіктің маңызымен және мемлекеттің қазіргі жағдайындағы рөлімен анықталады. Мемлекет өндірісқұралдарының иесі болып табылады, өндірістік үдерістердің ұйымдастырушысы болады, жалпы қоғамдық өнімді жасауға және бөлуге қатысады және өзінің функциялары мен міндеттеріне сәйкес мемлекет шығыстарының жүйесі арқылы қоғамдық қажеттіліктердің едәуір бөлігін канағаттандырады. Реформалау кезеңінде Қазақстан экономикасында мемлекеттік сектордың үлесі шұғыл төмендегімен, бірақ меншіктің, ақшалай ресурстардың едәуір үлесі мемлекеттің қарамағында қалады. Дамыған рыноктық экономикасы бар елдерде мұның өзі дамыған рыноктық қатынастарға сай келеді. Сондықтан «мемлекеттің шығыстары» категориясы тұрақты экономикалық қатынастарды бейнелеп көрсетеді және келешекте өзінің манызын сактайды. 
Мемлекет шығыстарының басым бөлігі қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтерді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады, бұл мемлекетшығыстарының рөлін айқындайды. Әлеуметтік мәдени мақсаттарға, қорғанысқа, құқықтың тәртіпті қорғауға, басқаруға, мемлекеттің инфрақұрылымдық кәсіпорындары мен ұйымдарының өніміне және қызметтеріне жұмсалатын шығыстар мемлекет, сонымен бірге экономиканың рыноктық секторы тарапынан рыноктық тауарлармен және қызметтер көрсетумен қамтамасыз етуге қосымша ретінде халықтың жалпы қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс. Бағыттары мен маңсатты арнсілымы бойынша шығыстардың барлъщ түрлерінің жиынтығы мемлекет шығыстарының жүйесін құрайды. Мемлекет шығыстарының басым бөлігі мемлекеттік бюджетке орталықтандырылған немесе мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында болатын қоғамның тазата бысы есебінен жүргізіледі. Олар сондай-ак өнімнің өзіндік құнына кіріктірілетін амортизация сомаларымен өтелуі мүмкін, бұл ақша мемлекеттік шаруашылықтың өндірістік капиталдарын көбейту үшін қарастырылған күрделі жұмсалымдарға бағыт-талады. Мемлекет шығыстарының бір бөлігі салықтық төлемдер, қарыздардан түсетін түсімдер түріндегі халықтың қаражаттары есебінен жабылады. Мемлекет шығыстарын қаржыландыру үшін негізгі өндірістік капиталдарды көбейту және техникалық жетілдіру мақсаттарында және кейін кәсіпорындардың табыстарынан өтелетін банктердің ұзақ мерзімді кредиттері тартылады. 
Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыруға оларды болжау, сондай-ақ оларды қаржыландыру мен қаражаттарды пайдаланудың катаң тәртібін белгілеу арқылы қол жетеді. Сондықтан мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыру қағидаттарының бірі жоспаршылық болып табылады. Ұлттық шаруашылықты баланстандырылмалы дамыту және халықтың әлеуметтік жұмыс деңгейін арттыру максатында мемлекет өндірістік және өндірістік емес сфералары, салалар, экономикалық аудандар арасында жалпы қоғамдық өнім мен үлттық табысты бөлуге және қайта бөлуге қатысады. Мемлекеттің шығыстарын жоспарлаудың басты әдісі болып табылады. Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің қаражаттарын катаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның негізінде ұлттық шаруашылықтың және еңірдің жекелеген салаларын дамытуда үйлесімдіктерге жету, қаржыларды ең алдымен ғылыми-техникалық прогресті айқындайтын неғұрлым перспективалық және прогрессивтік салаларға бөлу және аса маңызды екі әлеуметтік проблемаларды шешу қамтамасыз етіледі. 
Мемлекеттің шығыстарын каржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген ресурстарды (кредиттік механизмнен айырмашылығы) тікелей өтеуді талап етпейді. Бұл кагидат бойынша каржылық ресурстарды беру соңғы уақытта мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың кредиттік әдістерімен катар қолданылады (мысалы, Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттік қоры); бұл пайдаланылатын каржылық ресурстардың тиімділігін арттырады. Даму жоспарларының (болжамдарының) орындалуына қарай ңаржыландыру қаржылықресурстарды тек өндірістік көрсеткіштер орындалғанда және шараларды экономикалық-әлеуметтік дамудың болжамдарына сәйкес жүзеге асырған кезде бөлуді қажет етеді.Ресурстарды пайдалануда үнем режімін сақтау мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың маңызды кағидаты, ол ішкі резе-рвтерді жұмылдыруға, өндірістік және өндірістік емес сфералардың барлық бөлімдерінде мемлекет қаражаттарына бақылауды күшейтуге, оларды ұтымды әрі құнтты пайдалануға бағытталған. 
Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың қажетті қағидаты оларды жабудың бюджеттік, кредиттік және метиікті көздердің оңтайлы үйлесуі болып табылады. Бұл қағидат мемлекетшығыстарын ортақ қаржыландыру үдерісін білдіреді. Мемлекет шығыстарының жеке түрлері экономикалық маңызы мен мазмұны жағынан бірыңғай (біртекті) емес. Шығындарды қаржыландырудың көздеріндегі, нысандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыған байланысты болады. 
Мемлекеттің шығыстарын шектеудің (айырудың) аса маңызды критерийі материалдъщ өндіріс пен үлттық табысты жасау үдерісінде олардың қатысы болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттің шығыстары экономикалық мазмұны бойынша үш негізгі топка бөлінеді:

  1. материалдық өндіріспен тікелей байланысты шығыстар;
  2. қызметтің өндірістік емес сферасындағы шығыстар;
  3. мемлекеттік резервтерді жасауға жұмсалатын шығыстар;

Шығыстардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен шарттасылған және үлттық табысты жасаумен байланысты. Мемлекет шығыстарының екінші тобы қоғамдыққажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты өндірістік емес сфераға жұмсалатын қаражаттар ең алдымен оқу-ағарту мен денсаулық сақтау мекемелерін ұстауға, ғылым мен мәдениетті дамытуға, тұрғын үй мен мәдени-тұрмыстық құрылысқа, қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыруға, сонымен бірге қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтіккамсыздандыруға бағытталады. Мемлекет сондай- ақ қаражаттарды қорғанысқа, мемлекеттік аппаратты ұстауға және мемлекеттік органдардың қызметімен байланысты баска шараларға жұмсайды. Материалдық емес сфера мұқтаждарына жұмсалатын шығыстар түтыну ңорына түсетін ұлттық табыстың бөлігі болып табылады. Алайда өндірістік емес сферадағы: шығындардың өсуі ақырында қоғамдық өндірістің өсу және оның тиімділігін артғыру карқынында білініп. көрінеді. Бұған білікті кадрларды даярлау, ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу, материалдық өндіріс сферасының жұмыскерлеріне медициналық қызметті көрсетуді қамқорсыз ету есебінен кол жетеді. Мемлекеттін. шығыстарын қорлану қоры мен тұтыну қоры арасында оңтайлы бөлу мемлекеттің экономикалық саясатының аса маңызды міндеті болып табылады. Қорлану қоры мен тұтыну қорының ара салмағы өзгерді - соңғы жылдары тұтыну қорының өсу карқыны қорлану қорының өсу карқынынан асып түсті. Тұтыну мен қорлануға пайдаланылтын ұлттық ғабыстағы түтыну қорының үлес салмағы Қазақстанда 86 пайызға жуығын құрайды. 
Үшінші топтың мемлекет шығыстары мемлекеттік резервтерді жасау мен молықтыруға салатын шығындар төтенше жағдайлар кезінде, мысалы, дулей апаттар кезінде, өндірістік, сондай-ак өндірістік емес сфералардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, ысыраптарды өтеуге және кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды және халықты тауарлармен, азық-түлікпен жабдықтауды камтамасыз өтуге арналған. Мұндай резервтерді орталықтандырылмаған тәртіппен (жеке әрбір кәсіпорын мен ұйымда) жасау ұтымды болмас еді. Оларды жасаудың орталықтандырылған тәртібі олардың қажетті мөлшерін салысты рылмалы төмендетуге және бұл резервтерді неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. 
Предметтік (мақсатты) белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары экономикаға, әлеуметтік мәдени шараларға, ғылымға, қорғаныс пен басқаруға жұмсалатын шығыстарға бөлінеді. 
Аумақтық белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары экономикалық өңірлер бойынша бөлінеді. Мұндай сыныптау өндіргіш күштерді орналастыруға және ұлттық шаруашы-лықтағы үйлесімдіктерді жетілдіруге белсенді ықпал жасауға мүмкіндік береді. Салалық белгісі бойынша материалдық өндіріс сферасында мемлекеттің шығыстары өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шарушалығына, көлік пен байланысқа, саудаға, жабдықтау мен дайындауға жұмсалатын шығындарға бөлінеді; өндірістік емес сферада білім беру, ғылым, денсаулық сактау мен дене шынықтыру, әлеуметтік сактандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру, қорғаныс, баскару шығындары болып бөлінеді. 
Мемлекеттің шығыстары қаражаттарды еа жоғары тиімділікпен пайдаланған жағдайда мемлекеттік қажеттіліктерді неғұрлым толық қамтамасыз етуі тиіс. Осыған байланысты шаруашылық жүргізудің ерекшеліктерімен анықталатын мемлекеттің шығыстарын қаржыландырубың екі әдісі бар:

  1. Шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру меншікті ресурстар, банк кредиттері есебінен және жетіспеген бөлігі бюджеттік қаражаттар есебінен жасалынады.
  2. Бюджеттік қаржыландыру. Бюджеттік тәртіппен ерекше құжаттардың - каржылаңдырудың дара жоспарларының негізінде әлеуметтік-мәдени шаралар, мемлекеттік билік пен басқару органдарын үстау, қорғаныс шығындары қаржылаңдырылады. Бюджеттік тәртіппен каржыланатын мекемелер мен ұйымдар бюджеттік деп аталады.

Ерекше жағдайларда эдіс ретінде айналысқа қолма-кол ақша шығару және кредиттік эмиссия есебінен (қолма-қол ақшасыз) эмиссиялық царжыландыру қолданылады. Бағдарламалар мен шараларға, халықты әлеуметтік қорғауды камтамасыз етуге және баска мақсаттарға берілетін нысаналы мемлекеттік қаржылық көмектің нысаны - бюджеттік қаржыландырудың мынадай нысандары қолданылады: демеу қаржы, субвенциялар, субсидиялар 
Демеуқаржылар кезінде ақшалай қаражаттар қайтарусыз тәртіппен бюджет пен бюджеттік қорлардан кәсіпорындар мен ұйымдардың зияндарын жабу 
үшін, сондай-ақ төменгі бюджеттерді баланстау үшін бөлінеді. Бұл нысан ауыл шаруашылығы өнімінің бағаларындағы айырманы өтеу, жеке өнімдер мен тауарлардың әлеуметтік қолайлы бағаларын қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың зияндарын жабу, театр, ойынсауық және баскадай ұйымдардың шығындарын ішінара өтеу түрінде тараған болатын. 
Субвенциялар - халықты әлеуметтік қолдауды камтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар мен шараларға және басқа мақсаттарға нысаналы мемлекеттік каржылық көмектің нысаны; мақсатты пайдалану бұзылған жағдайда қаражаттар қайтарылуға жатады. 
Субсидиялар -үлестік негізде белгілі бір шараларды каржыландыруға бюджеттік, бюджеттен тыс және арнаулы қорлардың қаражаттары есебінен ақшалай және натуралдық нысандағы жәрдемақылар. 
Аталған нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған жағдайларда) трансферттік царжыландырудың түрін кабылдайды. Трансферттер деп кең мағынада бюджеттен және бюджеттен тыс қорларды белгілі бір қажеттіліктерді қаржылаңдыру үшін қаражаттарды қайта бөлу кезінде оларды өтеусіз және қайтарусыз беруді айтады. Әдеттегідей, бұл әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру бойынша төлемдер, жұмыссыздық бойынша, білім беру, денсаулық сактау, мәдениет және т.б. жүйесін ұстауға берілетін жәрдемақылар. 
Айтарлықтай дәрежеде мемлекеттің шығыстары мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы жүзеге асырылады. 
Мемлекеттік сатып алу - акциялардың (үлестердің) елу және одан көп пайызын немесе мемлекетке жататын акциялардың бақылау пакетін мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың, заңи тұлғалардың және олармен қосылма заңи тұлғалардың қарамағындағы ақшалай қаражаттардың есебінен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы. 
Мемлекеттік сатып алу жүйесі қоғам мен мемлекеттің орнықтылығын қамтамасыз ету тұрғысынан қызметтің маңызды сфераларында мемлекеттік монополияның қажеттігіне негізделеді. 
Мемлекеттік сатып aлy сферасындағы мемлекеттік монополия тек кана мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік кәсіпорындардың заңнамалық актілер негіздемесінде, сондай-ак бәсекені енгізу ұлттық кауіпсіздік, құқық тәртібі, қорғаныс және қорғаныс-өнеркәсіп кешені мүдделерінің ұғынысы тұрғысынан колайсыз болатын жағдайларда қызметтің шаруашылық жүргізілетін сферасы. Бәсеке - тапсырыс берушінің тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға бағытталған және әлуетті жеткізушілер арасында ашық әрі адал бәсекені қамтамасыз ететін мемлекеттік сатып алуды жүргізу әдісі. 
Мемлекеттік сатып aлy үдерісін реттеу мына кагидаттарға негізделеді:

  1. сатып алуға пайдаланылатын ақшалай қаражаттарды оңтайлы және тиімді жұмсау;
  2. мемлекеттік сатып any үдерісіне қатысу үшін барлық элуетті жеткізушілерге тең мүмкіндіктер беру;
  3. әлуетті жеткізушілер арасында адап бәсеке;
  4. мемлекеттік сатып any үдерісінің жариялылығы.

Мемлекеттік сатып any мына әдістердің бірімен жүзеге асырылады:

  1. ашықбәсеке;
  2. жабық бәсеке;
  3. бағапық ұсыныстардың сұрау салуын пайдаланумен жеткізушіні таңдау;
  4. бір көзден;
  5. ашықтауар биржалары арқылы.

Бір немесе бірнеше секторлардың басымдығынан кетуді және экономиканың жаңа бэсекелі секторларын жасауды ұйғаратын ұлттық экономиканы әртараптандыру міндеті жоспарланатын мерзімге көкейтесті болып қала береді және осы үдерісті одан ары ынталандыру жөніндегі, экономиканы тездетіп дамытуды камтамасыз ететін байсалды кадамдар мен нысаналы күш салуды қажет етеді. 
Саяси, экономикалық және ұйымдық-құқықтық іс-шаралардың, экономикалық саясат қағидаттарының, басымдықтарының жиынтығы болып табылатын Индустриялдық-инновациялық дамуды іске асыру шеңберінде постиндустрияландыру мен үдемелі инновациялық даму жағына экономиканың құрылымында сапалы өзгерістерді жүргізуді камтамасыз етуге бейім мемлекеттін қолда бар ресурстық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға негізделген. Стратегия шараларын қаржыландыру үшін бюджеттік қаражаттар ғана емес, сонымен бірге дамуинституттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың каржылық ресурстары, сондай-ак жаңа технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді жасауға, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ең басымды және тиімді жобаларды іске асыру үшін халықаралық ұйымдар мен донор-елдердің көмегі пайдаланылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлім 2. Бюджеттік сыныптама

 

Бюджеттік сыныптама / Бюджеттік жіктелім - бюджетке түсетін түсімнің және бюджеттен жұмсалатын шығынның орталық атқарушы орган бекітетін атқарымдық, идаралық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастырмасы. Бюджеттің кірісі мен шығысы, сондай-ақ оның тапшылығын қаржыландыру көздері заң жүзінде белгіленген бір текті белгілер бойынша топтастырылады. [1]

Бюджеттің кірістері мен шығыстарының егжей - тегжейлі тізбесі мен топтамасы бюджеттік сыныптамамен айқындалады. Бірыңгай бюджеттік сыныптама объектілерге топтамалық кодтар бере отырып, функциялық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша бюджеттің түсімдері мен шығыстарын топтастыру болып табылады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларымен, болжамдарымен және бағдарламаларымен, ұйымдар мен мекемелердің қаржы жоспарларымен тығыз байланысты қамтамасыз етеді; дара сметалар мен қаржы жоспарларын жиынтық сметалар мен жоспарларға біріктіруге мүмкіндік береді, бюджет жүйесінің барлық деңгейдегі бюджеттік көрсеткіштердің үйлесуі мен салыстырымдылығын қамтамасыз етеді. 
Бюджеттік үдеріс бірыңғай бюджеттік сыныптама негізінде жүзеге асырылады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама шоғырландырылған бюджет үшін бірыңғай және міндетті әрі республиканың стратегиялық, бағдарламалар мен даму жоспарларының, республикалық, бюджет пен жергілікті бюджеттің теңдестірілімдігіне қол жеткізу мақсатында олардың көрсеткіштер жүйесін үйлестіру құралдарының бірі болып табылады. 
Бюджеттік сыныптама автоматтандыру құралдарын қолданумен басқарудың жоғары оралымдылыққа жету үшін түсімдер мен шығыстарды жан-жақты анық және атаулы жүйелеуге мүмкіндік жасайды. 
Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін бірыңғай бюджеттік сыныптама қолданылады. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орған әзірлейді және бекітеді. Бірыңғай бюджеттік сыныптама өзіне бюджеттік түсімдердің сыныптамасын, бюджет шығыстарының функциялық және экономикалық сыныптамаларын кіріктіреді. 
Бюджеттік түсімдерінің сыныптамасы барлық деңгейлердегі бюджеттік түсімдердің белгілі бір сипаттамалар бойынша бюджет заңнамасына негізделген топтамасы болып табылады. Бюджеттік түсімдер сыныптамасыныңтоптамасы санаттан, сыныптан, кіші сыныптан және өзіндік ерекшеліктен тұрады. Санаттар түсімдерді экономикалықбелгілері бойыншатоптастыруды көрсетеді. Сыныптар мен кіші сыныптарда түсімдер олардың көздері мен түрлері бойынша топтастырылады. Өзіндік ерекшелік бюджетке төлем немесе түсім түрін айқындайды. Сыныптаманың бөлімшелері кірістерді олардың көздерін көптен-көп бөлшрггеу ретінде сипаттайды. Мысалы, салықтық түсімдерде сынып салық тоб&н, кіші сынып салықтың түрін, өзіндік ерекшелік нақты төлеушіні немесе салық объектін білдіреді. Бюджет шығыстарының функциялық сыныптамасы функциялық және ведомстволық белгілер бойынша бюджеттік қаражаттардың жұмсалу бағыттарын айқындайтын, мемлекет функцияларының орындалуын, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асыруды көрсететін барлық деңгейлер бюджеттері шығыстарының топтамасы болып табылады. 
Бюджет шығыстарының функциялық сыныптамасына сәйкес шығыстар төрт деңгейге бөлінеді: функциялық топ, функциялық кіші топ, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар). Функциялық сыныптама қызмет, шаралар түрлерінің және бюджеттік қатынастар қатысушыларының жазулы сипаттамасы болып көрінеді. Функциялық топ елдің стратегиялық даму басымдықтарына сай келетін және әрқайсысының айқын мақсатын көрсететін елдің негізгі даму бағыттарын бейнелеп көрсетеді. 
Негізгі функциялық топтар бойынша шығыстар былай бөлінеді: жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер, қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот қылмыстық-атқару қызметі, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік, экономика салалары, борышқа қызмет көрсету, төменгі бюджеттерге трансферттер. Аталған деңгейлердің үйлесуі шығыстардың функциялық сыныптамасының кодын құрады. 
Функциялық кіші топ елді дамытудың әрбір стратегиялық басымдығы жөніндегі міндеттер топтарын функциялық топ ішінде нақтылайды. Бюджет шығыстарының функциялық сыныптамасының негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін және бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) топтастыру арқылы жасалатын бюджет шығыстарының ведомстволық сыныптамасы қалыптастырылуы мүмкін. Ведомстволық сыныптамсі бюджеттік бағдарламалардың, функциялық топтардың және бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) әкімшілері бойыншажасалынды, мысалы, Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі, Парламенттің шаруашылық басқармасы, Премьер-министрдің кеңсесі, облыстардың және Алматы мен Астананың әкімдері, министрліктер, комитеттер, агенттіктер, Қазақстан Республикасынын басқа ведомстволары мен службалары. 
Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын операцияларды көрсетілетін экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру болып табылады. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру санаттан, сыныптан, кіші сыныптан және өзіндік ерекшеліктен тұрады. Санат ағымдағы шығыстарды, күрделі шығыстарды, кредиттер беруді, қаржыландыруды кіріктіреді. Сынып, кіші сынып және ерекшелік шығыстардың арналымы мен сипатын нақтылайды, мысалы, ағымдағы шығыстарда: тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығыстар - жұмысшылар мен қызметшілердің жалақысы - жұмысшылар мен қызметшілердің негізгі жалақысы. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орған әзірлейді және бекітеді. 
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі - бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауга, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орған. Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып бөлінеді. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі өзіне жүктелген функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес айқындалады. Егер бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бір мезгілде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі әрі мемлекеттік мекеме болып табылса, ол бюджеттік қаражаттарды дербес пайдаланады. 
Облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылатын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі істер орғандарын қоспағанда, мемлекеттік орғандардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелері бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бола алмайды. Орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік орғандар республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың тұрпаттық құрылымы негізге алына отырып айқындалады. 
Бюджеттік бағдарлама нәтиже көрсеткіштері және бюджет шығыстарын қаржыландыру көлемі бар мемлекеттік орғанның стартегиялық жоспарында айқындалған стратегиялық бағыттармен, мақсаттармен, міндеттермен, нәтижелер көрсеткіштерімен өзара байланысқан бюджет шығыстарының бағытын айқындайды. 
Бюджеттік бағдарламаларды олардың әкімшісі әзірлейді және мемлекеттік орғанның стратегиялық жоспарының құрамында бекітіледі. Бюджеттік бағдарламалар стратегиялық жоспарда тұжырымдалған мақсаттар мен міндеттерді шешу үшін қажеттік пен жеткіліктілік қағидаттарына негізделе отырып әзірленеді. Бюджеттік бағдарламалар өзінің мазмұны бойынша мемлекеттік функциялармен, өкілеттіктермен және мемлекеттік қызметтер керсетумен немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қызметінің бағыттарымен біртекті топталуға тиіс. Бюджеттік бағдарламада оны іске асыруды бағалау үшін тура және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштері болуы тиіс, сондай-ақ бюджеттік бағдарламада сапа мен тиімділік көрсеткіштерінің болуы мүмкін. 
Бюджеттік бағдарлама бюджеттік кіші бағдарламалар үшін де бюджеттік бағдарламаларға арналған нәтижелік көрсеткіштерді қолдану шартымен бюджеттік қаражаттарды жұмсаудың бағыттары нақтыланған кіші бағдарламаларға бөлінуі мүмкін. 
Мазмұнына қарай бюджеттік бағдарламалар: мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыруға; трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге; бюджеттік кредиттер беруге; бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға; күрделі шығыстарды жүзеге асыруға; мемлекеттің міндеттемелерін орындауға бағытталған бағдарламалар болып бөлінеді. 
Мемлекеттік басқару деңгейіне қарай бюджеттік бағдарламалар республикалық бюджеттің құрамында бектілетін республикалық бағдарламаларға, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің құрамында бекітілетін облыстық, республикалық маңызы бар қала астана бағдарламаларына; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында беібтілетін аудандық (қалалық) бағдарламаларга; Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында бекітілетін, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланын, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтың бюджеттік бағдарламаларына бөлінеді. 
Облыстық, республикапық маңызы бар қала, астана, аудандық (қапалық) бюджеттік бағдарламалар, сондай-ақ қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдын (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары жергілікті бюджеттік бағдарламалар болып табылады. Бюджетгік бағдарламалар іске асыру тәсіліне қарай бір әкімші іске асыратын дара бюджеттік бағдарламиларга, белгілі бір және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінін бюджеттік бағдарламаларының құрамында бекітілетін және бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінуге жататын, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларга бөлінеді. Бюджетгік бағдарламалар бір тұтас бюджеттік сынып таманың құрамында тиісті белгі(код) берілс отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға және дамудың бюджеттік бағдарламаларына бөлінеді. 
Дамудың бюджеттік бағдарламаларына бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджет шығыстары жатады. Бюджеттің қалған шығыстары ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға жатады. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі және оған ведомстволық бағыныш тағы ұйымдар мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкес жеке және мемлекеттік емес заңи түлгаларга мемлекеттік қызметтер көрсетеді. 
Мемлекеттік қызметтер қазақстан Республикасы заңнамалық актілерімен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен көзделген функцияларға, өкілеттіктерге негізделген, бюджеттік қаражаттар есебінен және Ұлттық банк бюджетінен қаржыландырылатын, жеке және заңи тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге және қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, мемлекеттік қызмет тер стандарттарына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет. Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарла маның күнына олармен байланысты барлық ағымдағы шығыстар кіреді. Мемлекеттік қызметтер керсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның құнын анықтау кезінде мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары пайдаланылады. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңи тұлғаларга мемлекеттің әлеуметтік- экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған жекелеген мемлекеттік қызметтер керсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға және басқа міндеттерді орындауга мемлекет тапсырыс белгілей алады, мүндай тапсырыс мемлекеттік тапсырма деп аталады. Мемлекеттік тапсырманы орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген конкурстық рэсімдер сақталмай жүзеге асырылады. 
Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау оларды әзірлеу, Республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау, оларды іске' асыру, іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру стадияларында жүзеге асырылады. 
Орталық мемлекеттік орғандарды және олардың аумақтық бөлімшелерін ұстауға жұмсалатын шығындар Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен бекітілетін штаттық сан лимиті мен Үкімет бекітетін натуралдық нормалар негізінде жоспарланады. Бюджеттің атқарылуы кезінде функциялық және экономикалық сыныптамалардың негізгі бөлімшелерін кіріктіретін тоғыспалы сыныптама түрінде екі сыныптаманың үйлесуі пайдаланылады. 
Бюджеттік сыныптама автоматтандыру құралдарын қолдана отырып, басқарудың жоғарғы оралымдығына жету үшін түсімдер мен шығыстарды жан- жақты айқын және атаулы түрде жүйелеуге мүмкіндік береді. 
Мемлекеттік бюджеттің (бюджеттік бағдарламалардың) шығыс бөлігінің ағымдағы шығыстар (бағдарламалар) бюджетіне және даму бюджетіне бөлінуінің мынадай әлеуметтік-экономикалық мағынасы бар. Ағымдағы бюджетте әлеуметтік қамсыздандырушылықтың қолданыстағы нормалары мен қалыптасқан деңгейінен туындайтын барлық шығыстар шоғырландырылған. Ол бюджетте шоғырландырылатын ақша қорланымдары мен түсімдерінің өсуі есебінен толық баланстанылған. Даму бюджетіне ұлғаймалы ұдайы өндіріспен байланысты инвестициялық және инновациялық қызметті қаржыландыруга қаржы бөлу және басқа шығындар кіріктіріледі. Даму бюджетінде ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, жаңа әлеуметтік-экономикалық шараларды орталықтандырылған қаржыландырумен байланысты шығындар кіріктіріледі; даму бюджетінің құрамды бөліктерін талдау мемлекеттің жана қосымша шығыстарына негұрлым сындарлы және аңдап келуге мүмкіндік береді. Бұл жерде мына кағидат дәйекті жүзеге асырылуы тиіс: қажеттіліктерді қатаң нақтылы алынатын, меншікті және қарыздық көздер шегінде қаржыландыру. Даму бюджетінің қарастырылған шығыстарының міндетті сипаты болмауы тиіс және оларды жоғары шек ретінде қарастыру керек, яғни егер бюджеттің атқарылуы барысында табыстар ала алмайтын болса, онда даму бюджетінің шығыстарын қысқартуга тура келеді. 
Бюджеттік кодексте бюджеттік инвестициялар - бюджеттен ортақ қаржыландыру шарты мен бюджеттік инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды іске асыру арқылы заңи тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және ұлгайту мемлекет активтерін күру есебінен мемлекет активтерінің құнын ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру бөліп қарастырылған. Бюджеттік инвестициялар бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру, концессиялық жобаларды ортақ қаржыландыру мемлекеттің заңи тұлгалардың жарғылық капитапына қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Шешілетін міндеттердің маңыздылығы деңгейіне қарай бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалар республикалық және жергілікті болып бөлінеді. 
Бюджеттік инвестициялар бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру, концессиялық жобаларды ортақ қаржыландыру, мемлекеттік заңи тұлғапардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы жүзеге арылады. Шешілетін міндеттердің маңыздылығы деңгейіне қарай бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалар республикапық және жергілікті болып бөлінеді. 
Инвестициялық ұсыныстарды әзірлеуді бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады. Бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлерін растау үшін Қазақстан Республикасы заннамасында көзделген экономикалық және басқа сараптамалар жүргізілуге тиіс, техникалық-экономикалық негіздеме әзірленеді.Үкімет және жергілікті атқарушы орғандар Қазақстан Республикасынын концессиялар туралы заннамасына сәйкес концессиялық міндеттемелер қабылдауы мүмкін. 
Республикалық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобаларды орталық мемлекеттік орғандар республикалық бюджеттің қаражаттары есебінен, жергілікті бюджеттікинвестициялық және концессиялық жобаларды жергілікті атқарушы орғандар іске асырады. Бюджеттік кодексте сонымен бірге гранттарды - донорлардың (шет мемлекеттер, олардың үкіметтері мен агенттіктері, халықаралық және шетелдік мемлекеттік ұйымдар, қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына кайшы келмейтін шет елдерің үкіметтік емес қоғамдық ұйымдары және қорлары) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына беретін өтеусіз қаржылық немесе техникапық көмегін қолдану қарастырылған. 
Гранттар берілу шарттары бойынша былай бөлінеді:

Бюджеттің кірістері мен шығыстары. Бюджеттік сыныптама