Дайын өнімнің талдауы және аудиті бойынша жетілдіру шаралары және жұмыс жоспарының есебін өзгерту
МАЗМҰНЫ |
||
Кіріспе |
7 | |
1 |
Дайын өнiмДІ ШЫҒАРУ МЕН ҚОЛДАНУ есебiн ұйымдастырудың теориялық негізі |
11 |
1.1 |
Дайын өнімнің экономикалық мәні мен экономикадағы алатын орны |
11 |
1.2 |
Дайын өнім есебін жүргізудің негіздері |
13 |
1.3 |
Дайын өнімнің есебін ұйымдастырудың шетел тәжірибесі |
20 |
2 |
Дайын өнімді САТУ МЕН ШЫҒАРУ есебіНІҢ ЖҮРГІЗІЛУІН ТАЛДАУ («ВК МКК» АҚ-ның мысалында) |
22 |
2.1 |
«ВК МКК» акционерлік қоғамының техникалық – экономикалық көрсеткіштерін зерттеу |
22 |
2.2 |
Дайын өнімді өндіру есебінің ұйымдастырылуын талдау |
25 |
2.3 |
Дайын өнімнің сатылу есебінің ұйымдастырылуы және талдау |
28 |
2.4 |
«ВК МКК» акционерлік қоғамында пайдалануға арналған тауарлардың есебі |
43 |
3 |
ДАЙЫН ӨНІМДІ САТУ МЕН ШЫҒАРУ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ, ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫ |
50 |
3.1 |
ВК МКК» АҚ-ның өнім өндірісіне факторлық талдау және дайын өнім есебіндегі кемшіліктер |
50 |
3.2 |
«ВК МКК» АҚ дайын өнімінің аудитін жүргізу |
54 |
3.3 |
Өнімді өндіру көлемін ұлғайту резерві ретінде еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін жоғарылату |
57 |
3.4 |
Дайын өнімнің талдауы және аудиті бойынша жетілдіру шаралары және жұмыс жоспарының есебін өзгерту |
61 |
ҚОРЫТЫНДЫ |
65 | |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР |
68 | |
ҚосымшаЛАР |
70 |
Кіріспе
Нарықтық экономиканың даму барысында, кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік есебінің рөлі мен қажеттілігі артуда. Тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестіктің өсуінің, нарық коньюнктурасының жиі өзгерістерінің жағдайларында, кәсіпорынды басқаруда жедел және тактикалық басқару шешімдерін қабылдау мақсатында шынайы және аналитикалық ақпарат қажет.
Қазіргі заман өзгерістері жағдайында кәсіпорын жұмысын жетілдіру және қадағалауда, бухгалтерлік есептің толыққанды қолданылуы артуда.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп «Бухгалтерлік есеп» туралы заңымен регламенттеледі.
2005 жылдан бастап Қазақстанның көптеген кәсіпорындары Халықаралық қаржылық есеп стандарттарын қолдана бастады. Халықаралық стандарттарда әр стандарттың қолдану мақсаты, қадағалау аясы, қолдану сферасы айқындалып көрсетілген. Осыған орай Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің «ҚЕХС бойынша қаржылық есеп беруші кәсіпорындар үшін бухгалтерлік есептің жоспарлы жұмысшы шоттарын қолдану нұсқаулықтарын бекіту жайлы» 2005 жылы 22 желтоқсанда бұйрық шықты.
Бухгалтерлік есепте дайын өнім есебіне ерекше көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның өнідіріс процессінің және басты мақсатының қорытындысы ретінде дайын өнімді қарастырамыз. Дайын өнім дегеніміз - өндіріс аясынан шығарылатын, негізгі және қосалқы цехтарының пайдалануға арналған өнімі. Дайын өнімнің өндірісте жасалғаны, оның біртұтастығы, стандартпен немесе техникалык шарттарға сәйкестігі, техникалық бақылау (сынау) кызметінен өткендігі, паспорты, сертификаты (яғни сапасы) және баскадай құжаттармен куәландырғаны, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің кабылдап алғаны және басқа жайлары — міндетті түрде актімен рәсімделеді. Дайын өнім есебінің негізгі мақсаттары:
- шығарылған өнімнің сапасына, жоспардың орындалуына, ассортименті бойынша жоспардың орындалуына бақылау жүргізу
- кәсіпорынның қүрылымындағы
бірліктерде және қоймалар
- дайын өнімнің табыстылығын анықтау (оның түрлері бойынша)
- өнім түсіру бойынша
жоспардың орындалуына және уақ
Дайын өнімді есептеу үшін 1320 «Дайын өнім» деп аталатын активті инвентарлық (мүліктік) шот пайдаланылады. Дайын өнім кәсіпорынның айналым каражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты езіндік құны бойынша көрініс табады.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа
серпіліс жасау қарсаңындағы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Қазақстан әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қарай қадам басуы жолындағы негізгі басымдықтарын ұсынған. Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі – елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі. Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, дайын өнім сапасын арттыру керек және оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Ал дайын өнімді сапасын арттыруда оның дұрыс есебін жүргізу де міндетті болып келеді. Басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды орын алады. Бухгалтерлік есеп өндірістің регионалдық процесстерін, тұтыну, тарату процестерін, кәсіпорынның қаржылық жағдайын, тұрақтылығын сипаттайды және кәсіпорын қызметін жоспарлауға негіз болып келеді. Бухгалтерлік есеп кәсіпорын мүлкінің бар болуының жүйелі қадағалайтын, олардың тиімді қолданылуын және өнімнің өзіндік құнын төмендетудің қосымша резервтерін айқындаушы құрал болып келеді. Дайын өнімді есепке алу мәселелерін қарастырудың өзектілігі дайын өнімді шығару кез келген өндірістік кәсіпорын қызметінің нәтижелесімен түсіндіріледі. Дайын өнімді сатуды басқару процесін ұйымдастыру мәселелерімен қатар бухгалтерлік есептің рөлі мен мәнін жоғарылату маңызды болып келеді.
Сол себепті, дипломдық жұмыстың өзектілігі кәсіпорынның қаржылық жүйесін және тұрақты дамуын, дайын өнім шығару процесін есепке алуды зерттеу маңызды болып табылады.
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты. Кәсіпорындағы дайын өнім есебіне, дайын өнім есебі бойынша құжат айналымына, дайын өнім есебінің мен аудитінің ерекшеліктеріне жалпы сипаттама беру.
Дипломдық жұмыстың мақсатын жүзеге асыру үшін келесідей міндеттер қойылады:
- дайын өнiмді шығару мен қолдану есебiн ұйымдастырудың теориялық негізін қарастыру;
- дайын өнімді шығару мен қолдану есебінің жүргізілуін талдау;
- дайын өнімді шығару мен қолдану есебі мен аудитінің мәселелері мен жетілдіру шараларын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың объектісі. «Восточно-Казахстанский Мукомольно комбикормовый комбинат» АҚ-ның дайын өнім шығару процесі зерттеу тақырыбының объектісіболып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні. Кәсіпорындағы дайын өнімді сату және өндіру есебі бойынша қалыптасатын экономикалық-құқықтық қатынастар жүйесі тақырыптың зерттеу пәні болып табылады.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы: Нарықтық экономика шеңберіндегі кәсіпорын қызметінің ерекшеліктерін есепке ала отырып, барынша толық және күрделі қалпында тұжырымдамалық тұрғыдан жүргізіліп отырған дайын өнім есебін зерттеп-зерделейтін жұмыстардың саны аз. Осы мәселеге арналған жұмыстарда экономиканың заңдылықтарына байланысты мәселелер нашар зерттелген. Ғалымдардың, экономистердің тарапынан қазіргі заманғы дайын өнімді шығару және қолданудың есебін ұйымдастыру мәселелерін зерттеуге деген үлкен қызығушылықтың болуына қарамастан, осы мәселенің аса маңызды бірқатар аспектілері жеткіліксіз зерттелген күйде қалып отыр. Дипломдық жұмыста кәсіпорын қызметінде шығарылған өнім мен оны қолдану бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу мәселесі зерттеліп отыр. Қазіргі уақыттағы Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың теориялық негізі анықталған, дайын өнімді өндіру мен қолдану есебін ұйымдастырудың мәні қарастырылған, есепке алу үрдісі, нақты кәсіпорын мысалында дайын өнімді есепке алу бойынша талдау жүргізілген, бірақ та қазіргі кезде бухгалтерлік есепте болып жатқан өзгерістерге байланысты есепке алу процесі әрдайым қозғалыста, дайын өнім есебін қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Нәтижесінде институционалдық, ақпараттық-коммуникациялық, нормативтік-реттеуші немесе жалпыға таралушы жүйелі дағдарыс пайда болады, ал оның нәтижесінде кәсіпорын мүдделерінің жүзеге асырылу серпіні өзгереді де үрдіс үзіледі немесе реверсияланады. Сол себепті зерттеліп отырған тақырыптың маңыздылығы жоғары болып келеді.
Зерттеу жұмысы нәтижелерінің тәжірибелік маңызы: Дипломдық жұмысты жазу барысында алынған нәтижелер шаруашылық жүргізуші субъектілерінің дайын өнімді есепке алуын ұйымдастыруды жүзеге асырудың басым бағыттарын анықтауда қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ кәсіпорындардың есептік саясатының тетігін дамытуда, дайын өнімді шығару мен қолданудың есебін жүргізу мәселелерін кейін талдау кезінде ақпараттық база ретінде қолдануда пайдаланылуы мүмкін.
Тақырыптың ғылыми қарастырылу дәрежесі. Тақырыптың қазіргі уақыттағы зерттелу жағдайының ерекшелігі экономикалық қатынастардағы бухгалтерлік есептің трансформациялану, бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың тұтас сипаттамаларын қарастыратын жалпылама еңбектердің, кешенді зерттеулердің, монографиялық жұмыстардың жоқтығында. Мәселені зерттеумен Кеулімжанов Қ.К, Әжібаева З.Н, Ержаноа Н.С, Торшаева Ш.М, Бауыржанов Қ, Родостовец О., Назаренко В.Н., Шмелов Т.Ф., Липсиц И.И., Мелюхина О.В., Серов Е.Б., Батурин А.Н., Хлыстунов В.Д., Савченко Е.С., Лошнус Б., Верьянов Н.В., Холод Л.Ю., Щербак В.В., Ільясов Қ.Қ., Расулов М.Р., Кенешбаев Б.Ж., Оспанов М.Т., Аутов Р.Р., Ертазин Х. Төрегожина М.Т. тәрізді зерттеушілері айналысқан. Сондай-ақ зерттеу тақырыбының теориялық-методологиялық негізіне отандық, шетелдік экономистердің еңбектері, ҚР нормативтік құқықтық актілері, ғылыми еңбектер мен есеп және аудит бойынша тәжірибелік материалдар, анықтамалар, әдебиеттер жатады.
Дипломдық жұмыста қолданылған әдістер. Әлемдік экономика ғылымының теориялық ережелері, сондай-ақ ТМД елдері мен алыс шетелдің экономист-ғалымдарының еңбектері, бухгалтерлік есеп жүргізуге қажетті қаржылық көрсеткіштері, статистикалық мәліметтер осы зерттеу жұмысына бастапқы негіз болды. Зерттеу жұмысы ақпаратты түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жүргізілді. Автор зерттеу барысында жалпы ғылыми әдістер жиынтығын қолданды: салыстырмалы, логикалық талдау, жүйелі көзқарас пен талдау, статистикалық талдау. Талдау әдісі құбылыстар мен оқиғаларды сипаттау барысында қолданылды, ал салыстырмалы, логикалық талдау әдісі құбылыстарды, фактілерді түсіндіруге мүмкіндік берді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, өорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде дипломдық жұмыс өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, зерттеу объектісі мен пәні, тақырыптың ғылыми жаңашылдығы мен тәжірибелік маңызы, зерттеудің қарастырылу дәрежесі мен әдіснамалық негізі тұжырымдалған.
Бірінші бөлімде дайын өнім түсінігі және есебінің теориялық аспектілері, дайын өнім түсінігі, дайын өнім есебінің мақсаттары, дайын өнімнің бағалануы қарастырылды.
Екінші бөлімде өндірістен дайын өнімнің түсуі, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді тапсыру есебі, бухгалтерияда және қоймада дайын өнімнің есебін ұйымдастыру, жүктелген өнімнің, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер есебі, дайын өнімді пайдаланудың есебінің ұйымдастырылуы зерттеледі.
Үшінші бөлімде дайын өнім есебінің аудиті және оны тиімді талдау есебі және жетілдірі шаралары қарастырылған. Дайын өнім шығарылуының және өткізуінің талдауы, дайын өнімді түгендеу және дайын өнім есебі бойынша есеп беру.
Қорытындыда дипломдық жұмысты зерттеу барысындағы нәтижелер берілген.
1 Дайын өнiмДІ ШЫҒАРУ МЕН ҚОЛДАНУ есебiн ұйымдастырудың теориялық негізі
1.1 Дайын өнімнің экономикалық мәні мен экономикадағы алатын орны
Дайын өнімнің бухгалтерлік есебінің және оны сатудың негізгі міндеті болып табылады: өніммен болатын барлық операцияларды есепте көрсету және уақытында құжаттау, өнімді өндіру, сақтау, жылжу жоспарының орындалуын бақылау; босатылған тауарларды есептеу және босатылған тауарларды сатып алушылармен уақытында есептесуі; сату мақсатында дайын өнімдердің нормативтен жоғары қорын анықтау және басқалары.
Тауар өнімінің құрамына кіреді:
а) дайын бұйым (өнім), толық өңделген, бекітілген техникалық жағдайлар мен стандарттарға сәйкес, кәсіпорынның техникалық бақылауымен қабылданып, қоймаға тапсырылған немесе осы өнімге белгіленген қабылдау тәртібіне сай тапсырыс берушімен қабылданған;
ә) жартылай фабрикаттар, сатуға арналған және сатылған;
б) өнеркәсіптік сипаттағы жұмыс, шетте жасалған [1.Б.81].
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда және өндірістік бірлестіктерде (комбинаттарда) жасалатын өндірістік процестің маңызды материалдық нәтижесі - өнім болып табылады. Оның көлемінің, технико-экономикалық сипатының және тұтынушылық қасиетін артуы экономиканың әріқарай дамуын және халық тұрмысының көтерілуін қамтамасыз етеді.
Кәсіпорынның негізгі цехтарымен шығарылған және басқа сатып алушыларға, сонымен қатар өзінің өнеркәсіптік шаруашылығына және меншіктік капиталдық құрылысына сатуға арналған дайын бұйымдар өнеркәсіптік өнім құрамының басты элементі болып табылады. Технологияық процестердің барлық кезеңдерінен өткен бұйымдар дайын өнім болып саналады. Олар барлық тиісті құрал саймандар және бөлшектермен жабдықталған, уәкілетті техникалық бақылау бөлімшесімен тексерілген және қабылданған, бекітілген стандарттарға сай екендігін куәләндыратын сертификат немесе басқа да құжаттармен жабдықталған. Әдетте, дайын өнім құрамына көрсетілген талаптарға сай болатын бұйымдар кіргізілуі мүмкін, егер оларға жүкқұжат (накладной) толтырып сату бөлімінің қоймасына тапсырылса. Жүкқұжатта: өнімнің аты, өлшем бірлігі, өнімнің саны, бағасы, соммасы жазылады. Бірақта ережеден тыс жағдайлар да болады.
Кейбір химиялық өнімдерді олардың өндірісі аяқталғасын цехтан тыс жекелеген қоймаларға апармағай, оларды сатып алушыларға босатқанға дейін цех қоймаларында сақтаған дұрыс. Өнімнің басқа да ерекшеліктері болады, осы ерекшеліктеріне байланысты оларды жеке қоймаларға босату мүмкін емес болады. Осындай жағдайларда бұйымдар дайын өнімнің құрамына техникалық бақылау бөлімі және сату бөлімі қабылдаған кезден жазылады [2.Б.189].
Екінші жағынан, бұйымдарды қоймаға өткізгеннен кейін бұйымдарды әр қашан дайын деп есептей бермейді. Мысалы, егер стандарттар немесе техникалық жағдайлар бұйымдарды қорапта болу керек деп есептсе, онда олар қорапта болғаннан кейін ғана дайын болып есептеледі, тіпті қораптау цехта емес қоймада болсада.
Дайын бұйымдарды өнім құрамына қосу үшін оларды цехтан қоймаға босату уақытыда маңызды. Есепті айда дайын өнім құрамына тек осы айдың соңғы күнінде сағат 24 дейін босатылған бұйымдар ғана жатады. Егер екінші (немесе үшінші) смена графикка сай жұмысын сағат 24 кейін аяқтаса, онда бұйым дайын өнімнің қатарына қосылады оларды келесі күннің таңғы сағат 8 дейін қоймаға тапсырса. Бұр мерзімдер басқа жағадайларға да қатысты, көрсетілген мерзімдерде бұйымдарды қораптаса немесе сатып алушыларға босатқанда дайын өнім құрамына жатқызылады. Өнеркәсіптік өнім құрамының екінші элементі жартылай фабрикаттар және сатып алушыларға, өзіндік өнеркәсіптік шаруашылығына немесе меншіктік капиталдық құрылыс үшін босатылған өнеркәсіптік типтегі көмекші және қосалқы цехтардың (өндіріс) өнімдері болып табылады. Олар дайын өнім қатарына босатылған сәттен уақытына қарамастан қосыа береді. Өнеркәсіптің кейбір салаларында дайын өнімнің құрамына осы кәсіпорынның басқа негізгі цехтарында әрі қарай өнделуіне (қайта өнделуіне) арналған өзіндік өндірістің жартылай фабрикаттары да жатады. Тоқыма өнеркәсібіндегі кәсіпорындарында жуылған жүн осы болып табылады, ол кейіннен жіп өндіруге қолданады, осы жіптен ақырғы өнім болып табылатын дайын мата жасалады. Өнеркәсіптік өнім құрамының үшінші элементі – бұл өнеркәсіптік сипаттағы жұмыс. Өнім есебі және оны сату өнімді өндіру және өткізуді басқару үшін қажет мәліметтерді уақытылы алуды қамтамасыз ететін мақсатты процесс. Бұл есептің мақсаты сатып алушыларына қатысты кәсіпорын өзінің келісім-шарт міндеттемелерін және өнім өндірудің өндірістік бағдарламасын орындауды бақылау болып табылады. Сонымен қатар, есептің көмегімен кәсіпорынның қоймасындағы өнімдердің қолда бары, оның қабылданған қор нормасына сәйкестігі (құралдардың айналымын жеделдету үшін қажет), сату бөліміндегі тауарлардың көлемінің жеткіліктілігі, қомадағы және сатып алушыға жөнелтілген тауарлардың сақталуы бақыланады. Босатылу және сатылу операцияларының есебі сатып алушылар төлемдерінің уақытылы түсуін және сату барысында шығындар пайда болатын өткізу сферасындағы үнемдеу тәртібін қадағалау мақсатын көздейді [3.Б.136].
Өнімді өндіру, босату және сату бойынша дұрыс басқару шешімін қабылдау үшін кәсіпорынның басқару органдары қажетті ақпаратты уақытылы алып отыру қажет. Мысалы, өнім өндіру жөніндегі күнделікті хабар тәуіліктік тапсырманың және айлық өндірістік бағдарламаның орындалғаның тұрақты түрде бақылап отыруына және жоспардан ауытқып кеткен жағдайда қажетті шара қолдануға мүмкіндік береді. Қоймадағы өнімнің қалдығы туралы мәлімет кәсіпорынның күнделікті потенциалды мүмкіндігі туралы талдау жасауға мүмкіндік береді. Босатылған өнімнің қалдығы туралы мәлімет өнімнің сатылуын болжау үшін, кәсіпорынның пайдасына оның әсерін болжау үшін, және де осы маңызды көрсеткіштер бойынша жоспардың орындалу жолын болжау үшін қажет. Кәсіпорынның сыртқы есеп беру көрсеткіштерін қалыптастыру көзі ретінде де есеп ақпараты өте маңызды. Есеп ақпаратын алуды ұйымдастырушы және оның қалыптасу тәртібін орындаушы кәсіпорын бухгалтериясы болып табылады. Оның өнімді шығару, босату және пайдалануды бақылау бойынша негізгі міндеттеріне өнім қозғалысын уақытылы құжатты толтыруын қамтамасыз ету – оның қоймаға түсуі (өндірістен шығуы) және сатып алушыларға жөнелтуі; материалды-жауапты тұлғамен өнімді толық және уақытылы қабылдануын және оның сақталуын, сонымен қатар бекітілген нормативтерге оның запастарының сай болуын бақылау; келісім-шарттарды орындаудың нақты тәртібін, сатып алушыларға өнімді жөнелтудің, өнімнің сапасы мен ассортименті, оның босатылу мерзімін ұйымдастыру [4.Б.179]. Осы оперативті есепті жүргізуді негізінен сату бөліміне жүктейді); өнімді сатып алушылардан төлемнің уақытында түсуін бақылау және төлем құжаттарын толтыру; ағымдағы есеп тіркемелерінде және бухгалтерлік шот жүйелерінде өнімді өндіру, босату және сату операцияларын жазу; өнімді сатумен байланысты өндірістік шығындарды белгілеу және олардың шамасы мен құрамын бақылау; өнімді сату жоспарын орындауды бақылау; кәсіпорынның сыртқы есеп беру көрсеткіштерін дайындау немесе оларды есептеу ақпараттары. Осы міндеттерді толық орындау үшін есеп дұрыс жүргізілу қажет.
1.2 Дайын өнім есебін жүргізудің негіздері
Дайын өнім — негізгі және қосалқы цехтарының сатуға арналған өнімі. Дайын өнімнің өндірісте жасалғаны, оның біртұтастығы, стандартпен немесе техникалық шарттарға сәйкестігі, техникалық бақылау (сынау) кызметінен өткендігі, паспорты, сертификаты (яғни сапасы) және баскадай құжаттармен куәландырғаны, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің кабылдап алғаны және басқа жайлары — міндетті түрде актімен рәсімделеді.
Дайын өнім есебінің негізгі мақсаттары [5.Б.36]:
- шығарылған өнімнің сапасына, жоспардың орындалуына ассортименті бойынша жоспардың орындалуына бақылау жүргізу;
- кәсіпорынның қүрылымындағы бірліктерде және қоймалар бойынша онімнің бар болуының жоне қозғалысының есебі;
- дайын өнімнің табыстылығын аныктау (оның түрлері бойынша);
- өнім түсіру бойынша жоспардың орындалуына және уақытында есеп айырысуларға бақылау жүргізу.
Дайын өнім бухгалтерлік есебінің міндеттеріне келесілер жатады [6.Б.23]:
- дайын өнім өндірісіне, оның
қорларының жағдайына, қоймада сақталуына,
шығарылған өнім көлеміне
- шығарылған, жүкке тиелген өнімді уақытылы және дұрыс құжаттық ресімдеу, пайдаланушылармен есеп айырысуларды нақты ұйымдастыру;
- менеджмер жұмысын бағалау
үшін өнім көлемі мен
- өткізілген өнім сомалары, оның
өндірісі мен өткізілуіне
Осы аталған міндеттерді жетістікті орындау жұмыстың ұйымдастырылуына, өткізудің және қоймалық шаруашылықтың дұрыс ұйымдастырылуына, шаруашылық операциялардың уақытылы құжаттық ресімделуіне байланысты.
Дайын өнімді есептеу үшін 1320 «Дайын өнім» деп аталатын активті инвентарлық (мүліктік) шот пайдаланылады [7.Б.68]. Дайын өнім кәсіпорынның айналым каражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты езіндік құны бойынша көрініс табады. Дайын өнімнің нақты өзіндік күны есептік кезең (ай) аяқталғаннан кейін ғана анықталады. Ағымдағы есептік кезеңде өнім тұрақты түрде қозғалыста (шығару, босату, жөнелту, сату) болады, сондықтан өнім ағымдағы есеп үшін есептік бағасы бойынша шартты түрде бағаланады, ол үшін (есептік бағасы үшін) дайын өнімнің өткен айдағы накты өзіндік құны, тіркелген бағасы пайдаланылуы мүмкін. Есептік кезеңнің соңында ауытқудың пайызы мен сомасын есептеу жолымен шығарылып, оның есептік бағасын нақты өзіндік күнына дейін жеткізеді. Ауытқудың пайызы мен сомасы ай ішінде түскен және ай басындағы өнімнің қалдығынан есептелінеді. Ауытқу кәсіпорынның экономиясын немесе артық жүмсалғанын көрсетеді, олар да дайын енімнің шотында есептелінеді: экономиясы (үнемделгені) — қызыл жазумен, ал артық жұмсалғаны — әдеттегі (дағдылы) — жазумен жазылады.
Ауытқудың пайызын келесі формула бойынша есептейді:
%Ауытқу = Σауытқуы / (Қ + Теқ), (1.1)
Мұндағы, %Ауытқу - ауытқу пайызы;
Σауытқуы – ауытқу сомасы;
Қ – қалдық;
Теқ - Есептік кұны бойынша түскен түсімдер
Мысалға, «ВК МКК» АҚ–дағы есепті кезең барысында мына проценттер бойынша есептік бағасы көрініс тапкан.
Кесте 1 - Дайын өнімнің корреспонденциясы
Қатар № |
Шаруашылык операцияларынын мазмұны |
Сомасы, теңге |
Шоттар коррес-понденциясы | |
дебет |
кредит | |||
1. |
Қоймаға дайын өнім кірістелді: — А бұйымы — Б бұйымы |
250000 800000 |
1320 |
8010 |
2 |
Дайын өнім сатылды: — А бұйымы — Б бұйымы |
170000 630000 |
7010 |
|
Сатылған өнімнін, ауытқу сомасы мынаны кұрады:
А бұйымы бойынша = 170000 х 8% = 13600 теңге — экономия (үнемделген);
Б бұйымы бойынша = 630000 х 8,05%= 50715 теңге — артық жұмсалған. Ауытқу пайызын есептеу және ауытқу сомасына бухгалтерлік есепте келесі жазбалар жазылады:
- қызыл жазу әдісімен: 1320 шоты дебеттеледі де, 8010 шоты кредиттеледі - (2000) теңгеге;
Содан соң осы операциямен бір мезгілде 801 шоты дебеттеліп, 1320 шоты кредиттеледі — (13600) теңгеге;
- өнімнің, нақты өзіндік құнына жеткізу үшін әдеттегі (дағдылы) жазу жазылады: ол кезде 1320 шоты дебеттеліп, 8010 шоты кредиттеледі — 70000 теңгеге, содансоңосымен бір мезгілде 7010 шоты дебеттеліп, 1320 шоты кредиттеледі - 50715 теңгеге.
Дайын өнімді қабылдау-тапсыру накладной бойынша немесе өнімді шығару жиынтығы бойынша өндірістен қоймаға кірістеледі.
Қабылдау-тапсыру кұжаты (накладнойы) цехта екі дана етіп жазылады. Дайын өнімді қоймаға тапсырғаннан кейін, накладнойдың бір данасы қоймада, екіншісі цехта қалады. Экономиканың әр түрлі салаларында қабылдау-тапсыру құжатының (накладнойының) арнайы (немесе арнаулы) бланкілері қолданылуы мүмкін. Солардың бірі жоғарыда қосымшада келтірілді.
Қабылдау-тапсыру кұжаты аспаптық, радиотехникалык кәсіпорындарында, жаппай және сериялық өндірістерде, басқа да өнеркәсіп салаларында өндіріс есебініңтапсырыстарын есептеу үшін қолданылады. Қабылдау-тапсыру құжатын өнімді шығару көрсеткіштерімен қатар, өнімді еткізу үшін де пайдаланады. Бұл нысан жекелеген тапсырыс берушілердің бірлесіп әкелінген үлкен номенклатурада дайындалатын өнім тетіктерін есепке алу үшін де қолданылады.
Өндірістік тапсырмалардың орындалу барысын жедел байқап отыру үшін және шығарылған дайын өнімнің құнын жедел есептеп отыру үшін енеркәсіптің барлык салаларында «Өнім шығару жиынтығы» деген кұжаттың нысаны колданылады [8.Б.62].
Осы жиынтық бойынша бір айдағы өнімді кірістеуге болады. Бұл жағдайда оған тиісті накладнойлар қоса тіркеледі.
Қоймаларда дайын өнім есебін, материалдар есебі сияқты койма есебінің карточкаларында жүргізіледі. Айдың аяғында карточкалардағы шығарылған қалдықтарды қойма меңгерушісі дайын енім қалдыктарының кітабына көшіреді.
Дайын өнімнің кірісі мен шығысы жөніндегі кұжаттар, оның тізімдемесімен (реестрімен) бірге бухгалтерияға түседі.
Дайын өнімнің кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттарды тапсыру тізімінің деректерін келіп түсулеріне қарай дайын өнімнің жинақтау есебінің жинақ ведомосына есептік топтар бойынша шығарады. Жинақ ведомосының деректерін дайын енім қалдықтарының кітабымен салыстырып тексереді, бұл қойма есебінің бухгалтерияда жүргізілетін синтетикалық есебімен бірдей болып шығуын қамтамасыз етеді.
Айдың аяғында есеп беру калькуляциясын жасағаннан кейін, барлық өнімнің нақты өзіндік кұны және нақты өзіндік құны мен жоспарлы өзіндік құнының арасындағы, немесе нақты өзіндік құны мен кәсіпорынның келісімді бағалары бойынша есептелген өзіндік құнының арасындағы айырмашылықтары анықталады. Дайын өнімді шығарғаны туралы синтетикалықдеректері 1320 «Дайын өнім» шотының дебетінде жинақталып, 8010 «Негізгі өндіріс», 8030 «Қосалкы өндіріс» және 8020 «Өз өндірісінің шала өнімдері» деген (егер шала өнімдердің немесе фабрикаттарының бір белігі сату үшін шығарылса) шоттарының кредитінде көрініс табады. Дайын өнімді қабылдау-тапсыру накладной бойынша немесе өнімді шығару жиынтығы бойынша өндірістен қоймаға кірістеледі.
Дайын өнім бағалаудың түрлері:
- іс жүзіндегі өндірістік өзіндік құн бойынша – шығындардың жиындары, мысалы жеке тапсырысқа (жиі көлік және күрделі құрал - жабдық шығаратын кәсіпорындарда колданады);
- кысқартылған (толық емес өндірістік өзіндік күн) бойынша - жалпы шаруашылык. шыгандарсыз есептеледі
- жоспарлық (нормативтік) өндірістік өзіндік күн бойынша - нақты есептік құн ретінде қолданады Осы әдіс аркылы есептік баганың және жоспарлаудағы бағаның бірлігі қамтамасыз етіледі.
- өткізудің көтерме бағалары бойынша - нақты есептік бағалар ретінде колданады: осы жағдайда әрбір жеке шот бойынша өнімнің іс жүзіндегі өзіндік құннан ауытқулар көрсетіледі (олар түсірілген және жеке есеп айрысу бойынша қоймадағы дайын өнімге таратылады)

- Дайын шетел инвестициясы
- Дайын шетел инвестициясы
- Дайын шетел инвистициясы
- Дактилоскопическая экспертиза пальцев рук
- Дактилоскопическая экспертиза следов рук
- Дактилоскопическая экспертиза следов рук
- Дактилоскопия
- Дайте определение физической величины. Приведите примеры величин, принадлежащих к группам физических процессов. Что такое экстенсивные и
- Дайын өнімді шығарудың және өткізудің талдауы
- Дайын өнім есебі
- Дайын өнім есебі
- Дайын өнім есебі
- Дайын өнім және оны өткізу есебі
- Дайын өнімнің мәні және негізгі түсінігі