Дайын өнім есебі

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1.ДАЙЫН ӨНІМ ЕСЕБІ......................................................................................6

1.1.Дайын  өнім  есебіне жалпы сипаттама...........................................................6

1.2.Сатып алынған тауарлардың есебі мен бағалауы........................................9

1.3.Тауарларды сатумен байланысты кепілдік міндеттемелердің есебі..........18

1.4.Комиссиондық дүкендердегі тауардың операциясын есептеудің ерекшеліктері.........................................................................................................20

1.5.Сатылған тауарды қайтарып берудің, бағадан да және сатудан да       жасалған жеңілдіктердің есебі.............................................................................22

1.6.Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату бойынша шығындар есебі.........................................................................................................................26

2.САЛЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚ  САЛУ.

2.1.Акциздер...........................................................................................................28

3.АУДИТ.

3.1.Дайын өнім аудиті...........................................................................................33

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................36

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ....................................................39

ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................40

 

КІРІСПЕ

Экономикалық  іс шараларға көшу ретінде, кәсіпорынның көптеген түрлері қалыптасуда. Сондықтан  олар өзара қарым қатынас жасап, қызметтер көрсету мен жұмыстарды орындау міндеттерін өз жауапкершілігіне алып, тұтынушылардың игілігін қамтамасыз ету үшін өнімді, шығару заңды дербестігін құқығын сақтай отырып табыс табуға тырысады.

Әрине бұл саладағы есеп саясатының жүзеге асуы әртүрлі  деңгейде болды. Бұған қарағанда айналымдағы дайын өнім есебі арнаулы стандарт арқылы белгілі принципке негізделіп, соның нәтижесінде тәжірибелік нұсқауларға сай жұмыс жасауда оны жүргізуде бухгалтер алдына қойған талаптарға сәйкес есептік түп нұсқасын құжаттауда. Бухгалтерлік құжаттың дұрыс толтырылғандығына бақылау жасаған дұрыс.

Қазақстан Республикасында  бухгалтерлік есеп жүйесі дайын экономикалық тұрғыдан, үздік нәтижелерге жету жолдары іздестіріліп нақтылы стандарттық  жүйеге сәйкестендіріліп бір қалыпта  жұмыс жасауда. Сол сияқты ғылыми техникалық жетістік өрісі кеңею барысында өндірісті жүргізуді қолайлы жағдай туды.

Өнім шығарудың  сапасын, көрсеткіштерін арттыру мақсатында өндірісті басқару жүйесін жақсартып, білікті де білімді маман кадрларын дайындау еңбек ресурстарын тиімді жұмсау, қаржы көздерінің негізгі элементтерін қадағалау, шикізат материалдар тобын энергетикалық шығындарды азайту, жаңа құрал жабдық, техника технологияларды заман талабына сай, қолдану, бизнестік жоспарды нақты жобалау іс шараларын ұйымдастыру керек. Демек қаржылық есеп – қисап беруде әрбір мекеменің балансында оның көрсетілуі тиімдірек нәтижеге жетелейді.

Экономиканың  өнімде қоғамдық өндірістегі әртүрлі  өнімдерді шығару, сапасын арттыру  үшін игерілетін тәсіл амалдарда  толығымен ашып көрсету қажет, экономикалық жұмыс істеуінің нарық жағдайында мемлекет тауар ақша қатынастарын әлдеқайда өз дәрежеде реттейді, негізгі реттеуші тауарлардың жұмыстардың, қызмет көрсетудің ұсынымы мен сұранымы болып табылады.

Сауда жүйесіндегі  тауарларды сатып алу және сату (тіпті мемлекет бөлшек сауда бағаларын реттеп отырған жағдайда да) кезінде пайда болатын ақша қатынастарын қаржыға жатқызуға болмайды. Өнімді өндіру үшін оған кететін шығындарды азайту, оларды өндіру жұмыстарын ұлғайту, өнім сапасын арттыру мақсатында қолданылатын техникаларды қалыптастыру.

Өндірілген  өнімді тұтынушыларға жеткізу, сату нарығын ұйымдастырған кезде бәсеке қабілеттілігіне көңіл бөлу, жарнамалық қызметтерді көрсету, сату жеңілдіктерін қалыптастыру сияқты жан жақты көзқарасты пайда болдырып статистикалық есептік жүйені жетілдірген жағдайда даму салаларына көтеріледі. Тауарларды есепке алу 22 бөлімше шоттарында тіркеліп жүзеге асады. Сондай–ақ 22-шот бойынша айналымдағы дайын өнімді есептеуде субшоттар ашылады, соған сәйкес белгілі тәртіп орнатылады.

Дайын өнімді есептеу  негізгі құжаттар бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасындағы  әрекет етіп тұрған Заңға сәйкес бухгалтерлік есепте де, салық есебінде де, есептеу әдісі пайдаланылады. Соған сәйкес тауар сатып алушыға босатылысымен оның төлем мерзіміне қарамастан тауардың сатылған кезеңі анықталды. Дайын өнімді өндіріс секторында дайындап шығарудың маңыздылығы артып келеді.

Сондықтан да мекеменің  бухгалтерлік есеп жүйесіндегі элементтердің  дұрыс жүргізілуі ондағы маман кадрларының  біліктілігі мен білімділігіне және сондай есеп жүргізудегі тәжірибелік мағлұматтары арқылы толықтырылады.

Қазақстан Республикасында  бухгалтерлік есеп саласындағы жетістіктер  айтарлықтай дамуда және оны ашып көрсететіндей заңдардың іс жүзінде  шығарылып жұмыс жасап жатқаны ақиқат.

Алайда мұндағы  есеп тәртібіне қолданылатын халықаралық  стандартқа негізделген принциптер қалыптасып, соның негізінде жоғары дәрежелі өнімнің шығарылуы сондай – ақ оның нарықта сатылу үрдісінің  ерекшелігі қамтамасыз етіліп, үкімі  өндірістік бақылау жұмыстары атқарылуда.

Өндірістік тапсырмалардың орындалуы барысында жедел байқап отыру үшін және шығарылған дайын өнімнің құнын жедел есептеп отыру үшін өнеркәсіпттің барлық салаларында өнім шығару жиынтығы құжаттың нысаны қолданылады.

Жалпы сауда саласындағы олардың атаулы шоттар негізделіп, сол арқылы дебеттеліп және кредиттеліп айналым қалыптасып бухгалтерлік есептегі құжаттық айналымын, олардың түсуі және шығуының негізгі жолдары көрсетіліп осының нәтижесінде жазбалар тапсырылады.

 Бұл курстық жұмыстың басты мақсаты - дайын  өнім  есебі, сатып алынған тауарлардың  есебі мен бағалауы және тауарларды сатумен байланысты кепілдік міндеттемелердің есебін ашып қарастырып, белгілі бір қорытындылар жасай білу болып табылады. Көзделген бағыттарды дұрыс жобалап, белгілі жоспар құруының арқасында тиімді және таңдамалы шешімдерді қалыптастыруға пайдалы жолдар ізделіп барлық мәселелер толығымен қамтылды деуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.ДАЙЫН ӨНІМ ЕСЕБІ.

1.1.Дайын  өнім  есебіне жалпы сипаттама.

Дайын өнім – негізгі және қосалқы цехтарының сатуға арналған өнімі. Дайын өнімі өндірісте жасалғаны, оның бір тұтастығы, стандартпен немесе техикалық шарттарға сәйкестігі, техникалық бақылау (сынау) қызыметіне өткендігі, паспорты, сертификаты (яғни сапасы ) және басқа да құжаттармен куәландырылғаны, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің қабылдап алғаны және басқа жайлары - міндетті түрде актімен ресімделеді.

Дайын өнімді есептеу үшін 1320 «Дайын өнім » деп аталатын активті инменторлық (мүліктік ) шот пайдаланылады. Дайын өнім кәсіпорынның айналым қаражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша көрініс табады. Дайын өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезеңі (ай) аяқталғаннан кейін ғана анықталады.

Ағымдағы есепті кезеңде  өнім тұрақты түрде қозғалыста (шығару, босату, жөнелту, сату) болады, сондықтан өнім ағымдағы есеп үшін (есептік бағасы үшін) дайын өнімнің өткен айдағы нақты өзіндік құны, тіркелген бағасы пайдалануы мүмкін.

Есепті кезеңнің соңында ауытқудың пайызы мен сомасын есептеу жолмен шығарылып оның есептік бағасын нақты өзіндік құнына дейін жеткізеді. Ауытқудың пайызымен сомасы ай ішінде түскен және ай басындағы өнімнің қалдығынан есептелінеді.

Ауытқу кәсіпорынның экономикасын немесе артық жұмсалғанын көрсетеді, оларда дайын өнімнің шотында есептелінеді: экономикасы (үнемделген) қызыл жазумен, ал артық жұмсалғанын -әдеттегі (дағдылы) - жазумен жазылады.

Ауытқудың пайызын келесі формула бойынша есептейді .

АП=AC/Қ+ЕҚБТТ*100%                                                               

Мұндағы: АП – ауытқу  пайызы;

АС – ауытқу  сомасы;

Қ- қалдық;

ЕҚБТТ – есепті құны  бойынша  түскен түсімдер.

Кәсіпорында есепті кезең барысында  проценттер бойынша есептік бағасы көрініс тапқаны қосымша-1 келтірілген.

Есептік кезеңнің соңында және калкульациялық процесс аяқталысымен дайын өнімнің өзіндік құны анықталады, ол мынаны құрайды:

-А бұйым - 230000 теңге;

-Б бұйым - 870000 теңге.

Ауытқудың пайызы мынаны құрады:

-А бұйымы бойынша =(250000-230000/250000)*100%=8%

-Б бұйым бойынша=(870000-80000/870000)*100%=8,05%

Сатылған өнімнің ауытқу сомасы мынаны құрады:

-А бұйымы бойынша=170000*8%=13600 теңге – экономика (үнемделген);

-Б бұйым бойынша=630000*8,05%=50715 теңге - артық жұмсалған.

Ауытқу пайызының есептеу және ауытқу сомасына бухгалтерлік есепте келесі жазбалар жазылады:

- қызыл жазу әдісімен: 1320 шоты дебеттеледі де, 8110 шоты кредиттеледі - (2000) теңгеге;

 Осы операциямен бір мезгілде 7010 шоты дебеттеліп, 1320 шоты кредиттеледі - (13600) теңгеге;

- өнімнің нақты өзіндік құнына жеткізу үшін әдеттегі (дағдылы) жазуы жазылады:

Ол кезде 1320 шоты дебеттеліп, 8110 шоты кредиттеледі -70000 теңгеге. Осымен бір мезгілде 7010 шоты дебеттеліп, 1320 шоты кредитетеледі - 50715 теңгеге.

Дайын өнімді қабылдау – тапсыру накладнойы бойынша немесе өнімді шығару жиынтығы бойынша өндірістен қоймаға кірістеледі. Қабылдау - тапсыру құжаты (наклодной) цехта екі дана етіп жазылады.

Дайын өнімді қоймаға тапсырғанан кейін, наклоднойдың бір данасы қоймада, екіншісі цехта қалады. Экономиканың әр түрлі салаларында қабылдау-тапсыру құжатының (наклоднойының) арнайы (немесе арнаулы) бланкілері қолданылуы  мүмкін.

Қабылдау-тапсыру құжаты аспаптық радиотехникалық  кәсіпорындарында жаппай және сериялық өндірістерде, басқада өнеркәсіп салаларында өндіріс есебінің тапсырыстарын есептеу үшін қолданылады.

Қабылдау-тапсыру құжатын өнімді шығару көрсеткіштерімен қатар, өнімді өткізу үшін де пайдаланылады. Бұл нысан жекелеген тапсырыс берушілердің бірлесіп әкелінген үлкен номенклатурадан дайындалатын өнім тетіктерін есепке алу үшін де қолданылады.

Өндірістік тапсырмалардың орындалуы барысында жедел байқап отыру үшін және шығарылған дайын өнімнің құнын жедел есептеп отыру үшін өнеркәсіптің барлық салаларында «Өнім шығару жиынтығы» деген құжаттың нысаны қолданылады. Осы жиынтық бойынша бір айдағы өнімді кірістіруге болады. Бұл жағдайда оған тиісті наклоднойлар қоса тіркеледі.

Қоймаларда дайын өнім есебін, материалдар есебі сияқты қойма есебінің карточкаларында жүргізіледі. Айдың аяғында карточкалардағы шығарылған қалдықтарды қойма меңгерушісі дайын өнім қалдықтарының кітабына көшіреді. Дайын өнімнің кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттар, оның тізімдемесімен бірге бухгалтерияға түседі.

Дайын өнімнің кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттарды тапсыру тізімінің деректерінің келіп түсулеріне қарай дайын өнімнің жинақтау есебінің жинақ ведомосына есепті шоттар бойынша шығарылады. Жинақ ведомосының деректерін дайын өнім қалдықтарының кітабымен салыстырып тексереді, бұл қойма есебінің бухгалтерияда жүргізілетін синтетикалық есебімен бірдей болып шығуын қамтамасыз етеді.

Айдың аяғында беру калькуляциясын жасағаннан кейін, барлық өнімнің нақты өзіндік құны және нақты өзіндік құнымен жоспарлы өзіндік құнының арасындағы, немесе нақты өзіндік құнымен кәсіпорынның келісім бағалары бойынша есептелген өзіндік құнының арасындағы айырмашылықтары анықталады.

Дайын өнімді шығарғаны туралы синтетикалық деректері 1320 «Дайын өнім» шотының дебетінде жинақталып, 8110 «Негізгі өндіріс», 8310 «Қосалқы өндіріс» және 8210 «Өз өндірісінің шала өнімдері» деген (егер шала өнімдердің немесе фабрикаттарының бір бөлігі сату үшін шығарылса) шоттарының кредитінде көрініс табады.

 

 

1.2. Сатып алынған тауарлардың есебі мен бағалауы.

Тауар - материалдық бұйымдар, олар тұтыну немесе пайдалану үшін сатып алынады. Сатып алынған тауарлар есебі үшін 1330 «Алынған тауарлар» және 1330 «Басқада тауарлар» шоттар қолданылады. Бұлар мүліктік - активті шоттар. 1330 - шоты негізінен сауда, қоғамдық тамақтандыру, жабдықтау-сату, делдалдық және сыртқы экономикалық ұйымдар пайдаланады.

Тауарды бағалау есептік бағаны таңдау болып табылады, яғни бағаның  көмегімен тауар кірістеледі және есептен шығарылады. Бұл ретте сату бағасы да, сатып алу бағасы да пайдалануы мүмкін. Есептік бағаны таңдау шаруашылық жүргізуші субьектінің есептік саясатына тіркеледі, ол шаруашылық жүргізуші субьектінің біріңғай тауарына қатысты үлестірілуі керек.

Сатып алынған құны өзіне: сатып алу құнын, баж салынған комиссиондық марапаттауын; жабдықтаушыларға, делдал ұйымдарға төлейтін; транспорттық - дайындау және басқада шығыстарын, яғни алынған запастармен тікелей байланысты шығыстарын енгізеді.

Сауда жеңілдіктерін, артық төлеген сомаларын және басқада осы тәріздес түзетулерін, әкелінген, шығындарды анықтау кезінде шегеріледі. Көтерме сауда кәсіпорында тауардың сатып алынған құны, әдете, есептік баға ретінде бола алады.

Сату бағасы - бұл тауардың сол бойынша ең соңғы тұтынушыға сатылатын бағасы. Сату (бөлшек) бағасының құрамына мыналар кіреді:

- сатып алынған құн – бұл құжаттармен қуатталған (шоты тауарлы-транспорттық наклоднойы, кедендік декларациясы) тауардың сатып алынған құны;

- акциз – бұл тек кейбір тауар түрлеріне белгіленеді:

Алкаголь өнімдеріне және темекі бұйымдарына жеңіл автомобильдерге, зергерлік бұйымдарға және т.б. акциздің мөлшерлемесін үкімет белгілейді, процентік деңгейге тауардың құнына бөліп немесе натуралды түрде оның физикалық көлеміне бөліп анықтайды ал алкогольдік өнімдер бойынша акциздің мөлшерлемесі оның құрамындағы спиртке тәуелді етіп белгіленуі мүмкін;

- қосылған құн салығы - келесі мөлшерлену бойынша әртүрлі тауар түрлеріне белгіленеді:

0% (нөльдік пайызы бойынша) - экспортталған тауарларға (заңда қаралғандардан басқасы), 15%-барлық тауар түрлері бойынша (ҚҚС-босатылғандардан басқасы);

-сауда үстемесі–бұл бөлшек кәсіпорындарының шығысын жабу үшін және сату операцияларынан табыс алуға арналған үстеме.

Бөлшек сауда кәсіпорындарында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың ерекшеліктері. Бөлшек саудадағы тауарлар есебі 1330 «Алынған тауарлар» шотында жүргізіледі, оған мынандай субшоттары ашылады:

-221/1 субшоты-«Бөлшек сауда кәсіпорындарының қоймаларындағы тауарлар», онда бөлшек сауда кәсіпорындарының қоймаларындағы сақталып тұрған тауарлар есепке алынады. Есеп дайын өнім және материалдар есебі сияқты санына және құнына қарай, сатып алу бағлары бойынша жүргізіледі.

-222/2 субшоты-«Бөлшек саудада сату үшін алынған, сатып алынған тауарлар», онда материалдық жауапты адамдардың (аға сатушылардың бөлім менгерушілердің тағы басқалары) жауапкершіліктерінде тұрған тауарларды есепке алады. Есепке алу, сату бағалары бойынша (сату бағасы, қосылған құнға салынатын салық және сауданың үстеме бағасы қосылады) жүргізіледі. Есепке алу сол тауардың құны бойынша жүргізіледі.

-222/3 субшоты-«Тауардың үстеме бағасы». Бұл субшотта сату үшін берілген тауарлардың барлық түрі (тауар топтары бойынша сараланып) белгіленген мөлшердегі үстеме бағасы бойынша есепке алынады.

Соның  нәтижесінде  сатуға берілген тауарлардың бағасы үстеме бағасынан асып түседі. Тауарлар сатылғаннан кейін тауарлардың  үстеме бағасы қызылмен жазылып, олардың құнын кемітеді. Үстеме баға кәсіпорынның тауарларды сатқаннан тапқан табысы болып табылады. Сатылған тауарлардың үстеме бағасын белгіленген үлгі бойынша есептен шығарады.

-222/4 субшоты-«Тауар бағасына қосылған құн салығы». Бұл субшотта сатуға берілген тауар бағасына енгізілген қосылған құнға салынатын салық сомасын көрсетеді. Тауар бағасына үстеме бағасымен қосылған құнға салынатын салық қосылады да, сөйтіп ол тауарлардың сатылу құнын құрайды (қалыптастырады). Осы бағалары бойынша тауарлар тұтынушыларға және басқада сатып алушыларға сатылады.

Тауарлар сатылғаннан  кейін тауар бағасы қосылған құнға салынатын салық сомасынан «тазартылады», яғни табыс сомасы шығарылады, ол үшін қосылған құнға салынатын салық сомасын қызылмен жазады. Қосылған құнға салынатын салық жалпы табыстан есептелінеді де, тауарлар түскен және кірістелген кезде шегерімге қойылған (331-шотының дебеті) сомаларды алып тастағанан кейін қалғаны бюджетке аударылады.

Сөйтіп, 222/3 және 222/4 субшоттары тек тауардың сатылу құнын қалыптастыруға арналған, яғни көмекші қызымет атқарады және олардың дербес арналымы жоқ. Бірақ, көмекші қызыметсіз бөлшек сауда кәсіпорындары сатылған тауардың түсіміне бақылау жасаудан айырылады, сондықтан сатушы да, сатып алушы да тауардың сатылатын бағасын білуге мүдделі.

Сонымен қоса, көмекші  субшоттар жүйесін қолдану синтетикалық есептің дұрыс жүруіне өз септігін тигізеді, яғни халыққа сатылған тауардың мөлшерін, айналымын, үстеменің есептеу  тәртібін, нарық бағасын анықтауға  көмектеседі.

Қазақстан Республикасында  әрекет етіп тұрған заңмен сәйкес,  бухгалтерлік есепте де, салық есебінде де есептеу әдісі пайдаланады, соған сәйкес тауар сатып алушыға босатылысымен, оның төлем мерізіміне қарамастан, тауардың сатылған кезеңі болып саналады.

Ал, бөлшек сауда кәсіпорындарында тауардың сатылған кезеңі болып, қолма-қол ақша түскен кезең саналады, өйткені онсыз тауар босатылмайды.

Сонымен, бухгалтерлік есепте тауардың сатылған кезеңі, дүкеннің бас  кассасына ақшаның келіп түскен кезеңінде келесі жазулар жазылады: Дебет 1010 шоты , Кредит 702 және 3130 шоттары.

Тауарды есептен шығару сатушының есеп беруінің негізінде  жасалады, онда тауардың сатылған құнының  бірыңғай қағидасына сәйкес етіп көрсетіледі. Енді сатылған тауардың сатып алынған бағасын көрсету үшін, әдетте, тауар бағасындағы сатылған, қосылған құнға салынатын салық сәйкес және сатылған сауда үстемесінің ай соңында бөлшек сауда кәсіпорындарында есебі шығарылады.

Алдымен, белгіленген  нысан бойынша, сатылған сауда үстемесін  есептейді, ал ол өз кезегінде келесі процедурадан тұрады:

- Бухалтерлік жазбалардың негізінде сауда үстемесі тауардың сатылу бағасына қосылатын болғандықтан, тауардың барлық партиясына келесі жазу жазылады: Дебет «222/2», Кредит «222/3».

Бұл арада 1330 шотының 3 субшотында сатылған тауар айдан-айға тек сатылған тауардың  сатып алынған құнын алу үшін, ол қызылмен жазылып отырады, нәтижесінде 1330 шоты   бойынша кредиттік қалдықтың пайда болуы мүмкін;

- Тауардың ай ішіндегі айналымы мен ай басындағы тауардың құнына сауда үстемесінің қалдығын қосып, сауда үстемесінің, «болжамды сальдосы» деп аталатын жағдайын аламыз.

Бұл жағдайда 1330 шотының 3 субшотының дебеті бойынша операцияларын шегереміз.

- Ай барысында сатылған тауардың жалпы құнынан (сатылған өнімнен түскен жалпы түсімнен) ай соңында қалған тауар құнының қалдығын (1330 шотының 2 субшоты, сальдосын) алып тастап шығарамыз.

Бұл есептеу кассамен тауар туралы есеп берудің негізінде жасалады;

- «Болжамдық сальдосын» (222/3 шоты бойынша алынған соманы) жалпы сатылған өнімнің құнына және сатылмай қалған тауар құнының қалдығына бөлу арқылы тауардың орташа пайыздық үстемесін табамыз;

- Тауар қалдығына қатынасты салмағын сауда үстемесінің сомасынан соңында қалған тауардың сомасын орташа пайыздық сауда үстемесіне көбейту жолымен анықтаймыз;

- «Болжамдық сальдодан» 222/3 шоты бойынша тауар қалдығына жататын сауда үстемесінің сатылмаған сомасын алып, сатылған тауарларды сауда үстемесінің сомасын анықтаймыз. Бұл өз кезегінде қызыл жазумен жазылатын жазу болып табылады.

Сонымен, жоғарыда айтылған есептеулердің  мәні:

-ай басындағы сауда үстемесінің сомасын және ай басында алынған сомасын сатылған тауармен ай соңында қалған тауарға пара-пар (пропорционалды) етіп аламыз. Бұл кезде әрбір тауардың үстемесін есептеудің қажеттілігі туындамайды.

Сатылған сауда үстемесі қосымша-2 көрсетілген.

Тауар бағасындағы қосылған құн салығы тіркелген пайыздық мөлшерлемесі (15%) бойынша салық салынады. Тауар  бағасының сомасынан  қосылған құн  салығы мен оның үстемесі шегеріліп, қалған сома өндіріс (кәсіпорын) шығысына жатқызылады, ол оның сатылған құнындағы табыс сомасына, әрекет етіп тұрған заңға сәйкес, қосылған құн салығы есептелінеді.

Бөлшек сауда кәсіпорындардағы тауарды сату бойынша құрылымдық жазудың сызбасын (схемасын) мынандай етіп беруге болады:

БСКқат=САҚ+ТБҮ+ТБҚҚС

                                        

Мұндағы:

БСКқат-бөлшек  сауда  кәсіпорындарының  қоймасынан  алынған  тауарлар;

САҚ – сатып  алынған  құн;

ТБҮ – тауар  бағасындағы  үстемесі;

ТБҚҚС – тауар бағасындағы  қосылған құн салығы.

Сату үшін бөлшек саудасының кәсіпорнына берілген, сатып=Сатылатын құны алынған тауарлар.

 

Шығысы          Сатып алынған құны (сатылатын құны


-тауар бағасындағы үстеме–тауар бағасындағы қосылған құн салығы )

                                                                 

                                                Табысы


 

Сатылатын құны                 


                                             

                                            Сату бойынша айналысына салынған қосылған

                                            құн салығы  

 

 

Шаруашылық операциялардың мазмұны қосыша-3 шоттар  корреспонденциясында көрсетіледі.

Бөлшек саудасында кәсіпорында сатылған тауар бойынша жасалған бухгалтерлік операциялар түсінікті болу үшін, біз бір мысал келтіріп көрейік.

 

 

 

Мысалы: Бөлшек сауда кәсіпорыны мына тауар түрлерін сатып алды делік (ҚҚС-бірге):

Ұн-1000 кг 31636,37 теңге сомасына;

Қант-150 кг 11863,63 теңге сомасына;

Нан өнімдері 1000 дана 31636,37 теңге сомасына;

Жарма (қара құмық жармасы және сұлы жармасы) - 50 кг 3321,82 теңге сомасына;

Макарондар - 70 будасын 8858,18 теңге сомасына.

Кезең басында тауардың дүкендегі сату бағасы бойынша қалдығы мынаны құраған:

Ұн - 85 кг 34 теңге 1 кг. бағасы;

Қант - 40 кг 79 теңге 1 кг. бағасы;

Жарма - 10 кг 70 теңге 1 кг. бағасы;

Тауар қалдығына тиесілі жалпы үстеменің сомасы 1350 теңгені құраған, ал қосылған құн салығы- 931 теңге болған.

Басшының шешімі бойынша ағымдағы айда үстеме бойынша алған шығысын жабу үшін жаңадан келіп түсетін тауарлардың үстемесі келесі деңгейде белгіленетін болып шешілген.

Ұн - 23%; Қант - 25%; Нан өнімдері - 12%; Жарма - 19%; Макарон-25%.

Ай басындағы қалған тауарлар келіп түсетін тауарлардың бағасы бойынша сатылатын болып ұйғарылған.

Ай басында мыналар  сатылған:

1050 кг - ұн, 120 кг – қант, 1000 дана – нан өнімдері, 30 кг - жармасы, 39 макаронның бумасы сатылған.

Бірінші кезекте, келіп түскен тауарлардың бағасын анықтаймыз сосын бухгалтерлік  жазбасы қосымша-4 келтірілген.  

Ай басына қалған тауар жаңадан келіп түскен тауардың бағасымен сатылатындықтан, оларға үстеме мен қосылған құн салығы сомасы қосылады.

Олардың айырмасы 1303,35 теңге құралған.

Ұн-(85*38,91)-(85*34)=414,35 теңге;

Қант-(40*98,86)-(40*79)=794,40 теңге;

Жарма-(10*79,06)-(10*70)=90,60 теңге;

Жиыны-1302,35 теңге;

Олардың ішінен қосылған құн салығына 179,64(1302,35*16/115); тауар бағасындағы үстемесін 1122,72 теңге (1302,35 - 179,64).

Тауар жөніндегі жасалған есеп берудің мәліметі бойынша бір  айда сатылғандар:

Ұн:           1050*38,91=40855.5 теңге;

Қант        120*98,86=11863,2 теңге;

Нан өнімдері 1000*35,43=35430 теңге;

Жарма    30*79,06=169.02 теңге;

Макарон   39*158,18=169,02 теңге;

Жиыны                96689,52 теңге;

Сәйкесінше сатудан түскен түсім де өседі, ол 96689,52 теңге.

Түскен түсім сомасы бухгалтерлік есепте келесі түрде көрініс табады.

Сатылған тауардың сатып алған құнын табу үшін және оны өндіріс шығысына жатқызу үшін, біз сауда үстемесімен  қосылған құн салығы сомасын алып тастаймыз.Тауар барысында қосылған құн салығы: тазалау есептеу жолымен шығарылады: (96689,52*15%):15=13336,49 теңге.

Тауардың ай соңындағы қалдығы сату бағасы бойынша анықталады  және ол мынаны құрайды.

Ұн-(85+1000-1050)*38,91=361,85 теңге;

Қант-(40+1500-120)*98,86=6920,20 теңге;

Жарма-(10+50-30)*79,06=2371,8 теңге;

Макарон-(70+39)*158,18=4903,58 теңге.

Жиыны 15557,43 теңгені құрайды.

 

 

Бухгалтерлік есепте тауардың сатып алынған бағасын көрсету үшін сатылған бағасын үстемеден жєне қосылған құн салығы «тазалайды», яғни қызыл жазумен жазылады.

Көтерме саудасындағы тауарлардың  операциясының есебі. Көтерме саудасындағы кәсіпорындардың бөлшек сауда кәсіпорындарынан айырмашылығы:

-онда тауардың есебі  сатып алынған бағасы бойынша  жүреді, сондықтан тауар қозғалысы  бойынша операциясын бухгалтерлік  есептің шоттарында көрсету сызбасы  (схемасы) біршама қарапайым болып  келеді. Ол қосымша-5 келтірілген.

Көтерме сауда кәсіпорында  тауардың аналитикалық есебі оның қоймасы  мен бухгалтериясында жүреді. Олардың есебінің бөлшек сауда кәсіпорындарының есебінен айтарлықтай ерекшелігі жоқ, тек қана құжаттау тәсілінде (ресімдеуінде) болуы мүмкін. Көтерме сауда кәсіпорындары  негізінен ақшасыз есеп айырысу жүйесімен жұмыс істейді. Сондықтан босатылған тауарды құаттайтын құжаты болып накладной саналады, бақылау – кассалық машина чектері емес.

Көтерме сауданың екі  түрі бар:

-қоймадан (қоймалық айналым); транзиттік (транзиттік айналым).

Сауда ұйымының қоймасынан тауар сатылған жағдайда өзі жабдықтаушымен есептеседі, тауарды қабылдап алады, тауарды өз қоймасынан сатып алушыға  жөнелтеді және  одан өзі  төлемін  өндіріп алады.

Транзиттік жолымен  тауарды сатқан кезде тауар сауда кәсіпорынның қоймасына түспейді, ол тікелей соңғы сатып алушыға бағытталады. Транзиттік жолымен есеп айырысуға көтерме кәсіпорыны қатысуы да, қатыспауыда мүмкін.

Бірінші жағдайда, көтерме  сауда кәсіпорыны өзі жабдықтаушылармен  тауар үшін өзі есептесіп және сатып алушылардан төлемін өзі өндіріп алады.

 

Ал екінші, яғни, көтерме  кәсіпорыны қатыспаған жағдайда, көтерме  кәсіпорыны тауарлы ең соңғы сатып  алушыға жеткізіп беруді ғана ұйымдастырады, ал олардың есеп айырысуы  жабдықтаушылардың  және тікелей тауарды алушылардың арасында жүреді. Көтерме сауда кәсіпорындарна әдетте, тауарды сатып алушыға жөнелту жазба келісім – шартының негізінде жүзеге асырлады, онда жеткізіп берудің барлық жағдайлары айтылады (саны, сапасы, тауар бағасы, тасымалдау жағдайы т.б) сондай – ақ сатушыдан сатып алушыға өтетін теңге;

-меншік құқығының  кезеңіде, Қазақстан Республикасының  Азаматтық Кодексінің  238 - бабына  сәйкес:

-мүліктің берілген  кезеңінен бастап келісім –  шарты бойынша мүлікті алушыға  меншік құқығы өтеді, егерде  заң актілерінде немесе келісім– шартта басқаша жағдайлар қарастырылмаса. Алушыға мүлікті беру кезінде танылады, ал алушыға жөнелту үшін транспорттық ұйымдарына берумен тең  немесе мүлікті алушыға жіберу үшін почтаға өткізумен тең, егерде заңда немесе келісім – шартта басқаша жағдайлар қарастырылмаса (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 239 бабы).

 

 

1.3.Тауарларды сатумен байланысты кепілдік міндеттемелердің есебі

Бөлшек сауда кәсіпорындарында тауарды сату бойынша сауда ережесіне  сәйкес кепілдік міндеттемелер пайда болуы мүмкін.

Кепілдікті берілген мерзімінің ішінде немесе жарамдылық мерзімінде, ал ол жоқ  болған жағдайда тауардың сапасына қарап  келісім-шарт негізінде белгілеуіне  болады.

Сондықтан келісім – шартта айтылған немесе алдын–ала белгіленген  жағдайда тутынушы талап ете алады:

-сатып алу бағасын азайтуды;

-тауардың кемістігін тегін орнына  келтіруді ( гарантиялы жөндеуді);

-кемістігін орнына келтіруге  жасаған шығысын өтеуді;

-тиісті сапасы бар тауарға  айырбастауды;

-зиянды өтегеннен кейін келісім – шартты бұзуға құқығы бар.

Кепілдік мерзімі нормативтік  құжаттарында белгіленеді және ол сатылған күннен бастап есептеліне бастайды.

Егер де мұндай нормативтік құжаттар болмаса, онда ол келісім – шарттын негізінде анықталады.

Егерде тутынушы тауарды пайдаланудан бас тартса, бірақ жөнделгеннен кейін алатын болып ниет білдірсе онда тауардың кемістігіне кепілдік мерзім беруші кәсіпорынның есебінен тауарды жөндеу жұмыстары жасалынады.

Кепілдік мерзімі негізгі бұйыммен қатар олардың құрастырушы бұйымдарына да қатысты болады.

Сатып алынған тауардың кемістігі  табылған жағдайда 14 күннін ішінде сол  тауарды сатушы кәсіпорынға хабарлау тиіс, сатып алынған күнін есептемегенде, ал егер оның ашық дефекттісі бар болған кезде және оны сараптаушы қуаттанған жағдайда  оның  хабарлау мерзімі 6 – айға дейін күшін жоймайды.

Дайын өнім есебі