Дайын өнімді шығарудың және өткізудің талдауы
МАЗМҰНЫ |
||
КІРІСПЕ |
7 | |
1 |
КАБЕЛЬ ӨНДІРІСІНІҢ |
|
8 | ||
1.1 |
Кабель өндірісінің есебін ұйымдастыру ерекшеліктері |
|
1.2 |
«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау |
11 |
1.3 |
Бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы мен есеп саясаты |
18 |
2 |
ДАЙЫН ӨНІМ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ЕСЕБІ |
|
26 | ||
2.1 |
Дайын өнімнің мәні және оны бағалау |
|
2.2 |
Дайын өнім шығарудың және өткізудің есебі |
29 |
2.3 |
Өткізілген өнім қозғалысының құжаттық рәсімделуі |
36 |
3 |
ДАЙЫН ӨНІМ ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ОНЫ ӨТКІЗУДІҢ ТАЛДАУЫ МЕН АУДИТІН ЖЕТІЛДІРУ |
|
39 | ||
3.1 |
Дайын өнімді шығарудың және өткізудің талдауы |
|
3.2 |
Дайын өнімді шығарудың және өткізудің аудиті |
49 |
3.3 |
Дайын өнімнің ішкі аудит жүйесін ұйымдастыру |
54 |
3.4 |
Дайын өнім есебінің талдауы және аудитін жетілдіру шаралары және ұсыныстары |
57 |
ҚОРЫТЫНДЫ |
59 | |
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ |
61 | |
ҚОСЫМШАЛАР |
63 |
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзекті мәселелері. Нарықтық экономиканың даму барысында, кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік есебінің рөлі мен қажеттілігі артуда. Тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестіктің өсуінің, нарық коньюнктурасының жиі өзгерістерінің жағдайларында, кәсіпорынды басқаруда оперативті және тактикалық басқару шешімдерін қабылдау мақсатында шынайы және аналитикалық ақпарат қажет.
Қазіргі заман өзгерістері жағдайында кәсіпорын жұмысын жетілдіру және қадағалауда, бухгалтерлік есептің толыққанды қолданылуы артуда.
Басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды орын алады. Бухгалтерлік есеп өндірістің регионалдық процесстерін, тұтыну, тарату процестерін, кәсіпорынның қаржылық жағдайын, тұрақтылығын сипаттайды және кәсіпорын қызметін жоспарлауға негіз болып келеді. Бухгалтерлік есеп кәсіпорын қызметін көрсетіп қана қоймай, оған әсер етеді. Бухгалтерлік есеп кәсіпорын мүлкінің бар болуының жүйелі қадағалайтын, олардың тиімді қолданылуын және өнімнің өзіндік құнын төмендетудің қосымша резервтерін айқындаушы құрал болып келеді.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп «Бухгалтерлік есеп» туралы заңымен регламенттеледі.
2005 жылдан
бастап Қазақстанның көптеген
кәсіпорындары Халықаралық
Бухгалтерлік
есепте дайын өнім есебіне ерекше
көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның өнідіріс
процессінің және басты мақсатының
қорытындысы ретінде дайын
Бұл дипломдық
жұмыстың негізгі мақсаты – дайын
өнімнің есебі мен аудитін
жүргізу және оны жетілдіру үшін
ұсыныстар әзірлеу болып
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
- дайын өнімнің есебі мен аудитінің теориялық аспектілерін қарастыруды;
- жүргізілген талдау нәтижелері бойынша дайын өнімнің есебі мен аудитін жетілдіру шараларын ұсынуды.
Талдау объектісі ретінде - «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС-гі алынды.
Зерттеу
пәні болып дайын өнімнің
есебі мен аудитін
Мәселені зерттеу дәрежесі. Дайын өнімнің есебі мен аудитін жүргізудің теориялық негіздері келесі экономистердің еңбектерінде көрсетілген: К.Қ Кеулімжаевтың, Э.Т. Төлегенов-тың, В.К. Родостовецтің, В.В.Ковалевтің, Э.О Нурсеитовтың және т.б..
Зерттеу әдістері: жұмыста жалпы диалектикалық әдіс, салыстыру әдісі, аналитикалық және синтетикалық, тарихи және логикалық әдістер, сонымен қатар жалпылау әдісі қолданылған.
Тәжірибелік маңыздылығы. Дайын өнім барлық салаларда көрініс алады. Соның ішінде экономикадағы маңызы өте зор. Экононмиканың дамуы да дайын өнімге байланысты, яғни жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар сұраныс пен ұсыныс болғандықтан өнім шығарып экспорт пен импортты дамытады.
Дипломдық жұмыстың пратикалық базасы болып қазіргі кездегі кәсіпорындардың дайын өнім есебі мен аудитін жүргізу мәселелері табылады.
Жұмыстың құрылымы Кiрiспеден, үш бөлiмнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, мақсаты, міндеті, зерттеу объектісі, зерттеу құралы, жұмыстың тәжірибелік маңызы және жұмыстың құрылымы қарастырылған.
Жұмыстың теориялық бөлімі, яғни бірінші бөлімі дайын өнімнің түсінігін ашуға негізделген.
Жұмыстың тәжірибелік бөлігі, яғни екінші бөлімі «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС -ң дайын өнімінің есебі мен аудитін талдауға негізделген.
Үшінші бөлімде дайын өнім есебін
талдау, дайын өнім аудиті және оларды
жетілдіру жолдары
Жұмыстың зерттеу нәтижелері қорытындыда жалпыланған.
1 КАБЕЛЬ ӨНДІРІСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ- ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕСЕПКЕ ӘСЕР ЕТУІ
1.1 Кабель өндірісінің есебін ұйымдастыру ерекшеліктері
«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік 24 сәуір 2003 жылы қайта тіркелген СП «ХЕС – Казахстанкабель»-ң құқылы өкілеті болып табылады, ол «ХЕС Хаджиляр Электрик Санай ви Тиджарет А.С.» деген белгілі түрік мамандарымен бірге 1992 жылы құрылған. «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС 13 жыл бойы Қазақстан Республикасы аумағында жетекші өндірісші және отандық телефон кабелі өндірісшісі болып табылады.
«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС-нің құрылтайшысы болып құрылтай келісімшартында аты аталған Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлға, сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматы жеке тұлға табылады.
«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС жеке меншік формадағы коммерциялық ұйым болып табылады. Бұл серіктестіктің Жарғысында 1998 жылы 1 қыркүйекте құрылтайшылардың жалпы жиналысында бекітілген.
«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС мемлекеттік тіркеуден бастап заңды тұлға болып табылады, өз оқшауланған мүлкі, балансы, мөрі бар, есеп айырысу, ағымдағы, валюталық және басқа шоттар аша алады, белгіленген тәртіпте бекітілген өз атауы белгіленген штампы мен басқа да реквизиттері бар, өз атынан келісімшарттарға отыра алады, мүліктік және мүліктік емес құқықты сатып ала алады және оған жауапкершілік таныта алады, соттарда арызданушы және жауапты бола алады.
«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС өз қызметінде Қазақстан Республикасының заң актілерін, Республика Үкіметінің заң актілерін, халықаралық нормаларын, уәкілеті органдардың нормативті актілерін, ұйымның ішкі құжаттарымен Жарғысын негізге ала отырып жұмыс істейді. «ИНТЕЛКАБЕЛЬ»ЖШС-нің жұмыс тілі қазақ және орыс тілі болып табылады. Қызметпен байланысты барлық құжаттар осы екі тілдің бірінде құралады немесе қажет болған жағдайда басқа тілге аударылады.
Кәсіпорының мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Семей қаласы, Батыс өнеркәсiп торабы, Би-Боранбай көшесі, 93. «ИНТЕЛКАБЕЛЬ»ЖШС нің қызмет ету мерзімі шектеусіз.
Бухгалтериясы. Бухгалтерлік есеп бөлімі кәсіпорынның қаржылық басқару құрылымдық бөлімшесі болып табылады және бас бухгалтерге бағынады. Басты мәселе – кәсіпорын қаржылық-шаруашылық қызметінің есебін қамтамасыз ету. Келіп түскен шикізаттармен материалдарды, дайын өнімнің шығуын, ақша қаражаттарының айналысын, қызметкерге еңбекақы төлеу, мердігерлерге жұмыс, қызмет көрсету және т.б. талдау мен бақылау жасаумен айналысады. Сонымен қоса келісімшарттарды тіркеу бойынша жұмыс жасайды, қаржы, салық органдарына бюджетпен есеп айырысу жөнінде есебін тапсырады, яғни бұл қызмет кәсіпорын үшін маңызды роль атқарады. Мұнда «1-С Бухгалтерия 8.0», «Қаржы» программалары қолданылады, ал банктермен жұмыс жасау үшін «Банк-клиент» программасы қолданылады.
Сурет 1 - «ИНТЕЛКАБЕЛЬ»ЖШС бухгалтериясының құрылымы
Бухгалтерия құрамына 6 адам кіреді, кәсіпорынның бүкіл қаржылық-шаруашылық қызметін қамтиды. Бухгалтерияның құрылымы 1 схемада көрсетілген.
«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС-тің объектісі болып келесілер табылады:
- ТНП және кабель өнімін шығару бойынша өндіріс қызметі;
- коммерциялық, жарнамалық және маркетингтік қызмет;
- кабель өнімін шығару және өткізумен басқа да халықтың сұранысындағы тауарлар шығару;
- Қазақстан Республикасы аумағында және басқа шетелдерде заңды және жеке тұлғалармен мәмілелер жасау, келісімшартқа отыру, сонымен қатар сату-сатып алу, жалға беру, сақтандыру, сақтау, тиеу және т.б.;
- Құрылыс, жатсыну, жалға беруді ҚР аумағында және басқа да шет елдердегі заңды тұлғаларға беру;
- Маркетингтік, делдалдық, ақпараттық және брокерлік қызметтер көрсету;
- Ұйымның коммерциялық қызметімен биржалық операциялар жасау;
- Кәсіпорынның қоғамдық тамақтану орнын ұйымдастыру: кафе, мейрамхана, асхана, бөлшек сауда дүкендерінің желісі, ТНП мен азық-түліктер; мейманханалық, санаторий-курорттық, спорттық және туристтік кешендерді пайдалану және ұйымдастыру;
- Белгіленген тәртіпте редакциялық-баспа қызметін жүзеге асыру;
- Дәрістер, семинарлар, лизингтік операциялар, демалыс және іскерлік серіктестік, сынақ мерзімі, көрмелер, лотореялар, аукциондарды (бәсеке сауда) ұйымдастыру курстары;
- Тауарлар өндірісі мен өткізу, кәсіпорындарға, ұйымдар мен азаматтарға жұмыс, қызмет көрсету;
- ҚР заңдылығымен сәйкес сыртқыэкономикалық қызмет;
- Қазақстан Республикасы заңдылығына қайшы келмейтін басқа да қызмет.
Кәсіпорынның барлық өнімдері қазіргі заман талабына сай түрік және еуропа құрылғыларында алдыңғы қатарлы батыстық технологияда өндіріледі. Сапасы белгіленген ГОСТ стандартқа сәйкес. Кәсіпорынның Қазақстанда жалғыз аккредетивтік сынау орталығы бар, ол кабелдік-өткізгіш өнімді тексеру үшін арналған. Дайын өнім барлық нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес сынаудан өтеді. Кәсіпорында ISO 9000 халықаралық сапа бақылау жүйесін сараптаудан өткізу үшін дайындау жұмыстары басталды.
Кабель өндірісінің технологиялық тізбегі төмендегі 2,3 суретте көрсетілген
Сурет 2 – Кабелдің технологиялық тізімін дайындау
ВВГ 1,5 - 6,0 мм2
Сурет 3 - Кабелдің технологиялық тізімін дайындау
ВВГ от 10,0 до 16,0 мм2
11 наурыз 2009ж. «Қазақтелеком» АҚ-мен «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС өзара қызметтестік туралы меморандумға қол қойылды. 3 сәуірде кабельді-өткізгіш өнім сатып алу тендері өткізілді, екі лот қорытындысы бойынша «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС-і жеңімпаз атанды. Қазіргі уақытта өткізілген тендер бойынша «Қазақтелеком» АҚ-мен «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС-і арасында 355 130 461 тенге сомасына өнім жеткізу бойынша келісімшарт құрылды.
«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС-і «Қазақтелеком» АҚ-ң кабелдік-өткізгіш және басқа өнімдермен жабдықтаушылардың бірі болып табылады.
«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС-ң директоры Константин Цхеның айтуы бойынша, «Қазақтелеком» АҚ-мен көп жылдық қызметтестікпен және біріккен күштің арқасында зауытта жаңа өнімдер мен технологиялар енгізіліп жатыр. Кәсіпорын үшін бұндай серіктестік, осы компанияның басшылығы мұны «стратегиялық» деп бағалайды.
Өз кезегінде қазақстандық кәсіпорынның мәселесі болып отандық өндірісті адал бәсеке қағидасын ұстана отырып, тауар (жұмыс және қызмет) сатып алуға ашық тендерлер өткізуді қолдау табылады.
2011 жылы өткізу көлемі – 101300 мың теңгені құрады, өндіріс қуатының өсуі себебі негізінде өнімнің өткізу номенклатурасы да кеңейді. Кәсіпорында қазір жұмысшылардың жалпы саны 150 адамды құрайды, олардан 25 адам – инженер-техник маманы. Бiздiң маркадағы өнiм металлургиялық, мұнай-газ, кен өндiру және алтын өндiретiн өнеркәсiп салаларына, сонымен бiрге телекоммуникация жүйесi мен көлiк кәсiпорындарына жіберіледі.
Жеткілікті жұмыс тәжірибеміз бар болғандықтан және нарықта белгілі атауымыз бар болғандықтан, біз жеткенмізіден тоқтамаймыз. Қазіргі уақытта компьютерлік желілердің локальді желісіне арналған кабель өндірісін жобалау жұмыстары жүріп жатыр, бұл шетел мемлекеттердің кабельмен жабдықтайтын мердігерлерімен қатал бәсеке шарттарында жүргізіліп жатыр. Қазақстандық нарықта өндіріс бойынша, бұл өнім түрін игеру бізге монополисттар позициясын ұстануға мүмкіндік береді. Фирманың жоспарында іске асып жатқан өндірістің жаңғыруы мен байланыс телефон номенклатураларын, кабель қуатын және сым өндіруге арналған өндірістік аумақты кеңейту бар.
Демек, кабельдің технологиялық тізбегі оның өлшемімен типінен (түр) тәуелді. Дайын өнімге айналу үшін ол жоғарыда көрсетілген суреттердегідей кезеңдер қатарынан өтеді.
1.2 «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын дұрыс әрі объективті бағалау үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайына комплексті бағалау жүргізу қажет және оның даму тенденциясын анықтау керек. Бұндай зерттеу қаржылық талдау әдіс, тәсіл көмегімен жүргізіледі. Бұл жағдайда ол басқарушылық шешімдер жасалынуымен кәсіпорынның өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің байланыстыратын түйіні болып табылады
Салымшылардың (акционерлер), жұмысшылардың, банк және кредиторлардың алдындағы өндірістік-шаруашылық қызмет нәтижесіне толық экономикалық жауапкершілік артатын, нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайының талдау маңыздылығы мен ролі зор.
Қаржылық жағдай – кәсіпорынның экономикалық қызметінің ең маңызды сипаттамасы. Ол кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін анықтайды, іскерлік серіктестіктегі потенциалын, кәсіпорынның экономикалық қызығушылықтарын, қаржылық және басқа да қатынастарын әріптестерімен қандай дәрежеде кепіл бола алатынын бағалайды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы – бұл кәсіпорынның қаржылық қатынастар жүйесінің барлық элементтерінің өзара әрекеттесуінің нәтижесі.
Қаржылық тұрақтылық жағдайы кәсіпорынның бүкіл өндірістік-шаруашылық қызмет процесінде қалыптасады. Кәсіпорынның қаржылық ресурстарымен ағымдағы мерзімде қаншалықты дұрыс басқаруын уақытты анықтайтын сұраққа жауап береді. Алайда кәсіпорынның әріптестері мен акционерлерін есепті кезеңдегі қаржылық жағдай көрсеткіштердің процесі емес нәтижесі қызықтырады, бұны ақпараттар базасында ресми есептілікте анықтауға болады.
Кәсіпорынның толық және уақытылы салық төлеу қабілеттілігі жағынан, кәсіпорынның қаржылық жағдайы салық органдарына маңызды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер үшін ең басты мәселесі, өйткені банктерді оның несие өтей алу қабілеттілігі қызықтырады, бұндай жағдайда банк оған қандай мерзімге пайыз және қанша пайыз мөлшерінде несие беруге болатынын тағайындайды.
Кәсіпорынның құрылуының нарықтық экономика жағдайындағы экономикалық мақсаттылығы пайда табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші дегеніміз – бұл табыс немесе пайда сомасы. 26 желтоқсан 1995 жылы № 2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысында Заң күші бар 13 бабында: «табыстар дегеніміз – есепті кезеңдегі активтің өсуі немесе міндеттемелердің азаюы» делінген. Белгілі мөлшердегі шығын шығармай пайда табу мүмкін емес, кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.
Табыстылық көрсеткішінің жүйесі ең алдымен абсолютті қаржылық көрсеткіштер нәтижесінен тұрады, оған: өнім (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен түскен табыс; негізгі емес қызметтен түскен табыс; салық салғанға дейінгі табыс; салық салғаннан кейін түскен табыс; төтенше жағдайлардан түскен табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.
Нарықтық қатынастар жағдайында табыстың ролі жоғарылады. Тек қана табыс үш тамырлы өзара әрекеттесетін мәселелерді анықтайды: не өндіру керек, қалай өндіру керек және кім үшін өндіру керек. Кез келген кәсіпорынның қалыптасуының басты мақсаты пайда табу, өйткені бұл нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның әлеуметтік дамуы мен өндірістілігінің қайнар көзі болып табылады. Табыстың өсуі өзін өзі қаржыландыру үшін қаржылық база құрауға ықпал етеді, ол нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің маңызды шарты болып табылады.Бұл қағида өнiмнiң өндiрiсi және кәсiпорынның өндiрiстiк-техникалық базасының кеңейтуi бойынша шығынды толық орны толатындықта негiзделедi.Ол дегеніміз, әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы және капиталды шығындарын меншік көздер шотынан жабатындығын білдіреді. Уақытша қаражатқа қажеттілік туындаған жағдайда, қысқа мерзімді банк суддаларынан немесе коммерциялық несиемен қамтамасыз етілуі мүмкін, егер ағымдағы шығындар мен ұзақ мерзімді банктік несиелер капитал салымына қолданылса.
Ескере кететін жайт, табыстың абсолютті мөлшері кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігіне емес, экономикалық тиімділік көрсеткіштеріне жатады. Сондықтан түскен табысты нақты бағалау үшін табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштері пайдаланылады, оған кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен табыстылық дәрежесін сипаттайтын әртүрлі рентабельділік көрсеткіштері жатады.
Кәсіпорынның табыстылық
көрсеткіштерінің өсуі кәсіпорынның шаруашылық
субъектісін ғана емес, сонымен қатар
мемлекетті де қызықтырады. Сондықтан
әрбір кәсіпорында
Кәсіпорынның экономикалық қатынастармен байланысты барлық кәсіпорындар осы кәсіпорынның серіктес ретінде қаншалықты сенімді екенін және экономикалық тиімді шешім қабылдай алатынын және тағы басқа сұрақтарына жауап бере алатындай, қаржылық жағдайы болу керек.
Техника-экономикалық көрсеткіштері – фирманың әртүрлі бағыттардағы мәліметтері. Ол мәліметтерге сүйене отырып, кәсіпорынның дамуын немесе керісінше, фирманың құлдырауын, еңбек өнімділігімен қор сыйымдылығына, сонымен қатар кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштерінен туындайтын көптеген басқа да көрсеткіштеріне қорытынды жасауға болады.
1 кестеде «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС қызметінің 2011-2012 жылдарға техника-экономикалық көрсеткіштері келтірілген.
1 кесте мәліметтерінен 2012 жылы өткізуден түскен пайданың 15202,2 мың теңгеге өкенін көреміз, шығарылған және өткізілген өнім көлемінің өсу себебінен яғни 17,8 % құрайды. Өткізілген өнімнен түскен табыстың динамикасы 4 суретте көрсетілген.
Сурет 4 –«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС 2011-2012 жылдардағы өткізуден түскен табысы
Кесте 1 –«ИНТЕЛКАБЕЛЬ»ЖШС қызметінің 2011-2012 жылдардағы негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері
Көрсеткіштер атауы |
Жылдар |
Ауытқу | ||
2011 жыл |
2012 жыл |
сомасы‚ т.т. |
пайыз | |
1. Өнім өткізуден түскен табыс‚(т.т.) 2. Жұмысшылардың орташа тізім саны, адам. 3. Еңбек өндірістілігі‚ теңге 4.Қорқайтарымдылығы (теңге) 5. Өткізілген өнімнің өзіндік құны (т.т) 6. Жалпытабыс (т.т.) 7. Таза табыс (шығын)(т.т) 8. Рентабельділік(%) |
86097,3 186
462,8 13,4 83487,3
2610,5 1827,4 0,02 |
101300 150
676 19,1 98389,5
2910,5 2037,5 0,02 |
15202,2 55
213,2 5,1 14902,2
300 210,1 |
17,7 29,6
46,1 42,5 17,8
11,5 111,5 |
«ИНТЕЛКАБЕЛЬ»ЖШС-нің жұмысшылардың орташа тізімдік саны 55 адамға немесе 29,6%-ға өскен.
2012 жылы еңбек өнімділігі 213,2 теңгені немесе 46,1% құрайды, бұл жұмыстың жақсы өсу жылдамдығын көрсетіп тұр. Қорқайтарымлылық көрсеткіші негізгі қорларға әр бір салынған 1 теңгеге қанша өнім алынғанын көрсетеді, 2012 жылы 5,1 теңге немесе 42,5% көбейген.
Өнімнің өзіндік құны өндірістік кәсіпорын, серіктестік қызметінің ең маңызды экономикалық көрсеткіштерінің бірі, ол өнімді өткізумен өндіруге байланысты кәсіпорынның ақшалай түріндегі барлық шығындарын сипаттайды. «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС дайын өнімнінің өзіндік құны бір жылда 14902,2 мың теңгеге немесе 17,8 пайызға өскен. 5 суретте өнімнің өзіндік құнының өзгеруі схема түрінде көрсетілген.
Сурет 5 –«ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС 2011-2012 жылдардағы өткізілген өнімнің өзіндік құны
Жалпы табыс – өнімді (жұмыс, қызмет) өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыспен негізгі қызметтің нәтижесіндегі өндірістік өнімнің (жұмыс, қызмет) өткізудің өзіндік құнынының арасындағы айырмашылықты анықтайды.«ИНТЕЛКАБЕЛЬ»ЖШС кәсіпорынның жалпы табысы 2011 жылы өнімнің өткізуден және өндіруден түскен өсу көлемі есебінен 300 мың теңге немесе 11,5% өсті.
Таза табысы 2012 жылы 210,1 мың теңге немесе 11,5% өзгерді.
Демек, кәсіпорынның рентабельділігі – бұл салыстырмалы көрстекіші. 2012 жылы кәсіпорынның рентабельділігі өзгеріссіз қалды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның тұрақтылығы көбінесе капитал көзі құрылымына (меншік және қарыз капиталының қатынасы) және кәсіпорынның активтер құрылымының оптималдылығына байланысты.
Кәсіпорынның табыс көзі құрылымы талданды. Осы мақсатта келесі көрсеткіштер есептелді:
1) Коэффициент = меншікті капитал (1)
тәуелсіздік авансталған капитал
Бұл кәсіпорынның несиеге қаншалықыты тәуелді екенін көрсетеді. Яғни, 0,5-0,6 мағынада. Берілген жағдайда Ктәуелсіздік = 0,56. Бұл «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС-ң 50 %-ға сыртқы несиеге тәуелді екенін айтады.
2) Коэффициент
= қарыз капиталы
тәуелділік авансталған капитал
Бұл авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарызды көрсетеді. Ктәуелділік = 0,44. Бұл «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС-де авансталған капитал сомасында 44 % қарыз құрайтындығын көрсетіп тұр.
3) Коэффициент = меншікті капитал (3)
қаржыландыру қарыз капиталы
Кқаржыландыру = 1,3. К > 1, «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС мүлкінің көп бөлігі меншікті капитал шотынан құралғанын көрсетеді.
Талдау процесінде меншікті және қарыз капиталының құрылымы мен динамикасын неғұрлым ашып зерттеу керек, ондағы өзгерістер себебін анықтау қажет. 3-кестеде «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС-ң меншікті капитал құрылымының динамикасы келтірілген.
3-кесте – «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС-ң меншікті капитал құрылымының динамикасы
№ п/п
|
Көрсеткіштер атауы
|
2011 жыл |
2012 жыл |
| ||
Сомасы, (т.т.) |
Үлес салм., % |
Сумма, (т.т) |
Үлес салм., % | |||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 | |
1 |
Жарғылық капитал (ш.5013) |
530,0 |
15,6 |
530,0 |
8,4 | |
2 |
Қосымша төленетін капитал (ш.5321) |
17,7 |
0,5 |
17,7 |
0,3 | |
3 |
Қосымша төленбеген капитал (ш.5322) |
242,5 |
7,1 |
242,5 |
3,8 | |
4 |
Жалпы табыс (ш.5410) |
2610,5 |
76,8 |
5521 |
87,5 | |
Барлығы |
3400,7 |
100 |
6311,2 |
100 | ||
3-кесте меншікті капитал құрылымы мен мөлшерінде өзгерісті көрсетіп тұр: Жалпы табыстың 2910,5 мың теңгеге, құрылымда 10,7%-ға. 2012 жылы меншікті капитал сомасы 2910,5 мың теңгеге немесе 10,7%-ға өскенін байқауға болады.
Өндіріс кәсіпорындарында өндірілген өнім көлемін жоғарылатудың маңызды факторларының бірі оларды жеткілікті көлеммен ассортиментте негізгі қорлармен қамтамасыз ету және оларды тиімді пайдалану болып табылады.
Талдаудың негізгі мәселесі ол кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің негізгі қорлармен қамтамасыз етілгенін анықтау және оларды жалпы және жеке көрсеткіштері бойынша пайдалануын анықтау; олардың деңгейінің өзгерісінің себептерін анықтау; негізгі қорлардың өндірілген өнім көлеміне және басқа көрсеткіштеріне әсер етуін есептеу; кәсіпорынның өндірістік қуаты мен құрылғыларын пайдалануын зерттеу; негізгі қорлардың тиімді пайдалануын жоғарылатуды резервтерді анықтау.
4 кестеде «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС –ң негізгі құралдар құрылымын талдауы келтірілген.
4 кесте – «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС –ң негізгі құралдар құрылымын талдау
Негізгі құралдар атауы |
2011 жыл |
2012 жыл |
Ауытқуы (+,-) | ||
Сомасы (т.т.) |
Үлес салм, % |
Сомасы (т.т.) |
Үлес салм, % |
Сомасы (т.т) | |
Жер |
484,2 |
7,5 |
484,2 |
9,1 |
|
Ғимараттар |
1560,3 |
24,3 |
1465 |
27,6 |
-95,3 |
Көлік |
3887,7 |
60,7 |
2611,6 |
49,3 |
-1276,1 |
Басқа негізгі құралдар |
483,5 |
7,5 |
740,5 |
14,0 |
257 |
Барлығы |
6415,7 |
100 |
5301,3 |
100 |
1114,4 |
4 кестеден көріп тұрғанымыздай 2011 жылы өзгерістер байқалады: ғамараттардың құны 95,3 м.т-ге, көлік құны 1276,1 м.т.-ге азайғанын көреміз. Басқа негізгі құралдар сомасы 257 м.т.-ге өскен, ол негізгі құралдардың келіп түсуіне байланысты (компьютер сатып алынды)
Негізгі құралдарды
тиімді пайдалануды қор қайтарымдылығы
мен қор сыйымдылығы
5 кесте – «ИНТЕЛКАБЕЛЬ» ЖШС–ң негізгі құралдар қор қайтарымдылығын талдау
р/с |
Көрсеткіштер атауы |
2011 жыл |
2012 жыл |
абсолютті ауытқу (м.т.) |
1 |
шығарылған өнім көлемі (ВП),(т.т) |
80414 |
92300 |
+11886 |
2 |
негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны (м.т) |
6415,7 |
5301,3 |
-1114,4 |
3 |
Қор қайтарымдылық ( тенге) |
13,4 |
19,1 |
5,7 |

- Дайын өнім есебі
- Дайын өнім есебі
- Дайын өнім есебі
- Дайын өнім және оны өткізу есебі
- Дайын өнімнің мәні және негізгі түсінігі
- Дайын өнімнің талдауы және аудиті бойынша жетілдіру шаралары және жұмыс жоспарының есебін өзгерту
- Дайын шетел инвестициясы
- Давид Рикардо и его "Начала политической экономии"
- Давид Юм о человеке и обществе
- Давлат даромадларини шакллантириш манбалари
- Давность в уголовном праве
- Давньокитайська мова веньянь-загальні особливості
- Дағдарыс
- Дайте определение физической величины. Приведите примеры величин, принадлежащих к группам физических процессов. Что такое экстенсивные и