Дайын өнім есебі. 2


МАЗМҰНЫ

   

1 Кіріспе

1.Дайын өнімнің есебі

1.2 Сатып алынған тауарлардың есебі мен бағалауы

1.3 Тауарды сатумен байланысты кепілдік міндеттемелердің есебі

1.4 Комиссиондық магазиндердегі тауардың операциясын есептеудің ерекшеліктері

1.5 Сатылған тауарды қайтарып берудың, бағадан да және сатудан да жасалған жеңілдіктердің есебі

1.6 Тауарды сатумен байланысты шығыстардың есебі

Тәжірибе бөлім

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет

       

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ    

Мен өзімнің курстық жұмыс арқылы дайын өнімнің есебінің түрлерін , міндеттемелерін , мерзімдерін , тәртібін ; тауардың есебің ;дайын өнім мен тауарлардың арасындағы айымашылығын , қатынасын , ерекшеліктерін айтып беремін.

Және де сол жұмыс арқылы тауарды , дайын өнімнің есебі мен олармен сатудан байланысты шығындардың жалпы құрамын ; жүйесін түсіндіріп жеткізу .Яғни тауарларды сатумен байланысты кепілдік міндеттемелерінің есебін жүргізу , қалай тауарларға жөндеуге кепілдеме беру ; тауарлар тегін беру кезінде болатын операциялардың есебің жүргізу,көтерме саудасындағы тауарлардың операцияларының есебін және тауарларды сатып алған кезде бухгалтерияда қандай құжаттар толтырылады және қандай корреспонденциялар ашылатының қарастыру .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1НЕГІЗГІ БӨЛІМ

    1. Дайын өнімнің есебі.

 Дайын өнім – негізгі және  қосалқы цехтараның сатуға арналған. Дайын өнімнің өндірісте жасалғаны, оның біртұтастығы, стандартпен немесе техникалық шарттарға сәйкестігі, техникалық бақылау (сынау) қызметінен өткендігі, паспорты, сертификаты (яғни сапасы) және басқадай құжаттармен куәландырғаны, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің қабылдап алғаны және басқа жайлары – міндетті түрде актімен сәсімделеді.

Дайын өнімді есептеу үшін 1320 “Дайын өнім” деп аталатын активті инветарлық (мүліктік) шот пайдалынылады. Дайын өнім кәсіпорынның  айналым қаражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша көрініс табады.

Дайын өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезен (ай) аяқталғаннан кейін ғана анықталады. Ағымдағы есептік кезенде өнім тұрақты түрде қозғалыста (шығару, босату, жөнелту, сату) болады, сондықтан  өнім ағымдағы есеп үшін есептік бағасы бойынша шартты түрде бағаланады, ол үшін (есептік бағасы үшін) дайын өнімнің өткен айдағы нақты өзіндік құны, тіркелген бағасы пайдаланылуы мүмкін.

Есептік кезеңнің соңында ауытқудың пайызы мен сомасын есептеу жолымен шығарылып, оның есептік бағасын нақты өзіндік құнына дейін жеткізеді.

Ауытқудың пайызы мен сомасы ай ішінде түскен және ай басындағы өнімнің қалдығынан есептелінеді. Ауытқу кәсіпорынның экономиясын немесе артық жұмсалғаның көрсетеді, олар да дайын өнімнің шотында есептелінеді: экономиясы (үнемделгені) – қызыл жазумен, ал артық жұмсалғаны - әдеттегі (дағдылы) – жазумен жазылады.

Ауытқудың пайызын келесі формула бойынша есептейді:

 

                                           

                                                                Ауытқу сомасы                                                      Ауытқудың пайызы      =      x 100%                                                                             

Қалдық + Есептік құны бойынша             түскен түсімдер




 

 

 

 

Дайын өнімді қабылдау-тапсыру накладной бойынша немесе өнімді шығару жиынтығы бойынша өндірістен қоймаға кірістіледі.

Қабылдау-тапсыру құжаты (накладной) цехта екі дана етіп жазылады. Дайын өнімді қоймаға тапсырғаннан кейін, накладнойдың бір данасы коймада,  екіншісі цехта қалады. Экономиканың әр түрлі салаларында қабылдау-тапсыру құжатының ( накладнойының) арнайы (немесе арнаулы) бланкілері қолданылуы мүмкін. Солардың бірі жоғарыда келтірілді.

Қабылдау-тапсыру құжаты аспаптық, радиотехникалық кәсіпорындарында, жаппай және сериялық өндірістерде, басқа да өнеркәсіп салаларында өндіріс  есебінің тапсырыстарын есептеу үшін қолданылады. Қабылдау-тапсыру құжатын өнімді шығару көрсеткіштерімен қатар, өнімді өтқізу үшін де пайдалынады. Бұл нысан жекелеген тапсырыс берушілердің  бірлесіп әкелінген үлкен номенкулатурада дайындалатын өнім тетіктерін есепке алу үшін де қолданылады.

Өндірістік тапсырмалардың  орындалу барысын жедел байқап отыру үшін және шығарылған дайын өнімнің  құның жедел есептеп отыру үшін өнеркәсіптің барлық  салаларында “Өнім шығару жиынтығы” деген құжаттың нысаны қолданылады.

Осы жиынтық бойынша бір айдағы өнімді кірістеуге болады. Бұл жағдайда оған тиісті накладнойлар қоса тіркеледі.

Қоймаларда дайын өнім кесебін, материалдар  есебі сияқты қойма есебінің карточкаларында жүргізіледі. Айдың аяғында карточкалардағы шығырылған қалдықтары  қойма меңгерушісі дайын өнім қалдықтарының кітабына көшіреді.Дайын өнімнің кірісі  мен шығысы  жөніндегі құжаттар, оның тізімдемесімен (реестрімен) бірге бухгалтерияға түседі.

Дайын өнімнің кірісі мен шығысы жөніндегі құжаттарды тапсыру тізімінің деректерін келіп түсулеріне қарай дайын өнімнің жинақтау есебінің жинақ ведомасына есептік топтар бойынша шығарады. Жинақ ведомасының деректерін дайын өнім қалдықтарының кітабымен салыстырып тексереді, бұл қойма есебінің бухгалтерияда жүргізілетін синтетикалық есебімен бірдей болып шығуын қамтамасыз етеді.

Айдың аяғында есеп беру калькуляциясын жасағаннан кейін, барлық өнімнің нақты өзіндік құны және нақты өзіндік құны мен жоспалары өзіндік құнының арасындағы, немесе нақты өзіндік құны мен кәсіпорынның келісімді бағалары бойынша есептелген өзіндік құнының арасындағы айырмашылықтары анықталады.Дайын өнімді шығарғаны туралы синтетикалық деректері 1320 “Дайын өнім” шотының дебетінде жинақталып , 8111  “материалдар” және 8211 “өз өндірістің шала өнімдері”деген (егер шала өнімдердің немесе фабрикаттарының бір бөлігі сату үшін шығарылса) шоттарының кредитінде көрініс табады.

 

 

  Дайын өнім — өндірістік үрдістің соңғы нәтижесі. Ұйым  сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен жасалған келісім шарттардағы өнімнің сапасы, көлемі, түрлері жайлы шарттарға байланысты өнім дайындап, шығаруды ұйымдастырады. Ол өнімнің  стандартқа сәйкес және техникалық шарттарға сәйкестігі техникалық бақылау қызметінен өткендігі паспорт, сертивикаты және тағы басқа құжаттарымен  куәләндірылған  қоймаға қабылдап алғаны  және басқа жәйлары міндетті түрде АКТ пен рәсімделеді

Дайын өнімді есептеу үшін 1320 «Дайын өнім» деп аталатын активті инвентарлы шот пайдаланылады. Дайын өнім Кәсіпорынның  айналым қаражат құрамына кіреді. Және қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша кіреді.  Дайын өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезең аяқталғанан кейін ғана анықталады. Есепті кезең соңында ауытқудың пайызынан сомасын есептеу  жолымен  шығарылып оның есептік баңасын нақты өзіндік құнына дейін жеткізеді. Ауытқудың % мен  сомасы ай ішінде түскен және ай басындағы өнім қалдығынан есептеледі. Ауытқуды мына формуламен есептейді:

Ауытқу сомасы     

 Ауытқу пайызы =                                                              x 100%

Қалдық + ай ішінде түскен өнім

Дайын өнімді жөнелту мен сату      

 Дайын өнімді босату үшін бұйрық – жүкқұжаты жасалады, онда екі құжат  біріктірілген: қоймаға  берілетін бұйрықты және босату жүкқұжаты. Қоймада берілетін бұйрықты тиісті қызмет бөлімі сатып алушымен  жасалған  келісім шарттың негізінде, сатыпалушының атын, өнімнің көлемі мен түрлерін,жіберілу мерзімін көрсете отырып толтырады. Материалды жауапты тұлға әрбір бүйрық бойынша өнімдерді  жинақтап, оларды босату үшін экспидиторға береді, «Жіберілді » деген графаға өнімнің саны көрсетіледі.

Құжатқа қызмет бөлімінің бастығы, қоймашы және экспидитор қол қояды. Бұйрық – жүкқұжатқа екі дана етіп жасалады: біріншісі экспидиторға беріледі, Ол тауарлы көліктік жүкқұжаты бойынша, сатып алушы қабылдап  алатын  стансаға дейін қанша сома тасмалдау құны төленгенін, қанша жүктің жіберілгенін, оның орнына санын көрсетеді; екінші жүктің жіберілгендігін растау үшіе қоймаға қалады, Осы құжат бойынша қойма есебінің карточкасында «Шығыс» графасында жөнелтілген жүктің мөлшері көрсетіліп, ол бухгалтерияға өткізіледі. Келесі күні экспидитор бұйрық-жүкқұжатын және көлік тасмалдау ұйымының түбіртегін, типтік формадағы және шот-фактураны сатып алушының атына жазып беру үшін ұйымның бухгалтериясына өткізеді.

Олар бұйрық – жүкқұжатынан басқа, теміржолдың, басқада тасымалдау мекемелернің стансадан жүкті жіберілгендігі туралы белгісі бар жүк  тасмалдау құжаты немесе коносамент, жұмысы қабылдау актісі және басқа да тиісті құжаттар болуы мүмкін.

Дайын өнімді шығарудың және оның қоймадағы есебі

Дайын өнім өндіруді ұйым бухгалтериясы тұрақты түрде бақылап отыруға тиіс. Дайын өнім шығару туралы құжаттар бухгалтерияға күнделікті келіп тұрады, сол жерде өнімнің түрлері, көлемі жайлы натуралды түрде есеп жүргізіледі. Ай аяқталғаннан кейін шығарылған барлық өнімнің көлемі жоспарлау, сату бағасымен және нақты өзіндік құнымен бағаланады (өндірістің аналитикалық есебі бойынша).  Есеп жүргізудің журнал-ордерлік формасына сай, шығарылған өнімнің нақты өзіндік құнының сомасы № 10 журнал-ордердің 1320 «Дайын өнім» деп аталатын счеттар тобының дебитінде  және 8110 «негізгі өндіріс» деп аталатын счеттың кредиті бойынша көрсетіледі. Қоймадағы дайын өнімнің есебі оперативті-бухгалтерлік тәсіл бойынша жүргізіледі, яғни әрбір өнімнің номенклатурасы бойынша ТМҚ-р (ТМҚ-5) карточкасы ашылады.

Колледж білім берумен айналысқандықтан  дайын өнімі болып оқушылардың оқу ақысынан  тапқан табысы болып табылады.

 

 

 Шаруашылық операция мазмұны

Дебет

Кредит

Дайын өнімді кіріске алу

1320

8110, 8210, 8310

Дайын өнімді ақысыз беру

7410

1320

Материалдар мен шикізаттар негізгі өндіріс цехына босатылды

8111

1310

Өндірістен шыққан дайын өнім қоймаға кірістелді

1320

8110

Жабдықтаушылардан материалдар мен шикізат алынды

1310

3310

Оның ішінде ҚҚС 12% көрсетілді

1420

3310

Сатып алынған өнімнің өзіндік құнын есептен шығару

7010

1320

Қоймалардағы артық шыққан дайын өнімдерді кіріске алу

1320

6280

Дайын өнімдерді зертханалық сараптау өткізу және әкімшілік шығындары үшін есептен шығару

7210

1320

Сатып алушылардан берешек сомасы келіп түсті

1010

1030

1210

Қорларды есептен шығару үшін жасалған резерв

7420

1360

Дайын өнім бағасының құлдырауына байланысты өзіндік құнын есептен шығару

1360

1320


( № 85,89 қосымшалар)

 

1.2 Сатып алынған тауарлардың  есебі мен бағалауы.

Тауар – материялдық бұйымдар, олар тұтыну немесе пайдалану үшін сатып алынады. Сатып алынған тауарлардың есебі үшін 1330 “ Тауарлар” және 1350 “Өзге қорлар” шоттары қолданылады. Бұлар мүліктің-активті шоттар, 1330-шотты негізінен сауда, қоғамдық тамақтандыру, жабдықтау-сату, делдалдық және сыртқы экономикалық ұыймдар пайдаланады.

Тауарды бағалау есептік бағаны таңдау болып табылады, яғни бағаның көмегімен тауар кірістеледі және есептен шығарылады. Бұл ретте сату бағасы да, сатып алу бағасы да пайдаланылуы мүмкін.Есекптік бағаны таңдау шаруашылық жүргізуші субъектінің есептік саясатында тіркеледі, ол шаруашылық жүргізуші субъектінің біріңғай тауарларына қатысты үйлестірілуі керек.

Сатып алынған құны өзіне: сатып алу құнын, баж салығын, комиссиондық матапаттауын; жабдықтаушыларға, делдал ұйымдарға  төлейтін төлемдерін; транспортық- дайындау және басқа да шығыстарын, яғни алынған запастармен тікелей байланысты шығыстарын енгізеді. Сауда жеңілдіктерін, артық төленген сомаларын және басқа да осы тәрізді түзетулерін, әкелінген шығындарды анықтау кезінде шегеріледі. Көтерме сауда кәсіпорындарында тауардың сатып алынған құны, әдетте, есептік баға ретінде бола алады.

Сату бағасы – бұл тауардың сол бойынша ең соңғы тұтынушыға сатылатын бағасы. Сату бағасының қөұрамына мыналар кіреді:

  • сатып алынған құны – бұл құжаттармен қуатталған (шоты, тауарлы- транспорттық накладнойы, кедендік декларациясы) тауардың жабдықтаушылардан сатып алынған құны;
  • акциз – бұл тек кейбір тауар түрлеріне белгіленеді: алкаголь өнімдеріне және темекі бұйымдарына, жеңіл автомабильдерге, зетгелік бұйымдарға т.б.;акциздің мөлшерлемесін үкімет белгілейді, проценттік деңгейде тауардың құнына бөліп немесе натуралды түрде оның физикалық көлеміне бөліп анықтайды, ал алкагольдік өнімдер бойынша акциздің мөлшермесі  оның құрамындағы спиртке тәуелді етіп белгілнуі мүмкін;
  • қосылған құн салағы – келесі мөлшерлеме бойынша әртүрлі тауар түрдеріне белгіленеді: 0% (нөлдік пайызы бойынша)  - экспортталған тауарларға (заңда қаралғандардан басқасы);
  • сауда үстемесі – бұл бөлшек сауда кәсіпорындарының шығысын жабу үшін және сату операцияларынан табыс алға арналған үстеме.

Дегенмен де, көптеген бөлшек сауда магазиндері тауарды сауда үстемесі бойынша емес, сату(бөлшек) бағасы бойынша ескереді. Бұл жауапты тұлғаның жауапкершілігінен туындайды, егер де тауар жетіспей калған жағдайда, сол тауарды өтеуіне тура келеді.

Келіп түскен тауарды есепке алу айтарлықтай қиындық туғызбайды, өйткені келіп түскен тауардың әрбір партиясы тиесілі құжаттармен рәсімделді (шоттармен, тауарлы-транспорттық накладноймен т.б. құжаттармен). Қоймадағы тауардың шығысы да үлкен мәселе туғызбайды, өйткені әрбір босатылған тауар үшін тиесілі құжаттар жазылады. Қиындық тек, бөлшек сауда магазиндерінде сату барысында пайда болады. Бұның басты себебі: сатып алынған тауардың сомасын тек бақылау-кассалық машинасынан алынған чек беріледі, онда сатылған тауардың сату бағасы бойынша құны көрсетіледі, бірақ бір күнде қанша тауар сатып алынған бағасы бойынша сатылған туралы мәлімет көрінбей қалады.

Ол мынадай есептеу жолымен шығарылады:

 

    Сатылған                  Жұмыс күніңің               Сатып алынған               Жұмыс соңында

тауардың құны       =   басына сатып          +       бағасы бойынша     -      сатып алынған

сатып алынған            алынаған бағасы          түскен тауарлардың           бағасы бойынша

бағасы бойынша      бойынша тауардың                      құны                       қалған тауардың

                                          қалдығы                                                                       қалдығы

 

Бұл кезде қалдықтың деңгейін тұрақты түрде түгелдеуің көмегімен анықтауға тура келеді, ал ол көп уақытты қажет етеді. Басқадай жағдайда, қалдықтың деңгейін анықтау мүмкін емес.

Көптеген бөлшек сауда кәсіпорындарында тауар есебін ұйымдастырудың күрделі жағдайынан алшақ болу үшін тауардың сату бағасы бойынша есеп әдісін пайдаланады. Өйткені ол сатылған тауардың есептік бағасы бойынша сомасын жеңіл аңықтауға мүмкіндік береді, ол үшін бүкіл сомадан чек бойынша жиынтық сомасын алып тастаса, айырмасы саудадан түскен түсім болып саналады. Осы жағдайда, тауардың да қалдығын кез келген кезеңге анықтау мүмкіндігі туады. Бұл тәсіл тек қана көтерме саудаға тән деп ойлауға болмайды, оны бөлшек саудамен айналысатын кәсіпорындар да штрих кодтарының көмегімен  жүзеге асыруына болады. Штрихтық кодтар , әдетте, он үш саннан тұрады, оның алғашқы екеуі  өнімді-дайындау (немесе өнімді-сатушы) мемлекетін көрсетеді; келесі бесеуі - өнімді әзірлеуші-кәсіпорынды, одан кейінгі бесеуі – тауарға сипатама береді және ең соңғы біреуі  - бақылаушы болып саналады.

Магазинге тауар келіп түскен кезде оның атауы, айрықша белгісі , саны және сатып алынған бағасы тураыл ақпарат көшірме қондырғысының арқасында компьютердің жадындасақталады. Одан әрі қарай тауарды сату кезінде компьютер қандай тауардың қандай санда (мөлшерде) сатылған туралы мәлімет тіркейді, осының негізінде, сатылған тауардың сатып алынған құның анықтайды. Тауардың есептен шығарылғаны туралы ақпараттар, егер олар ресми құжаттармасы немесе компьютерде тіркелмес, онда ол туралы мәліметті түгелдеудің көмегімен алынады.

Кейбір тауарлар өзінің техникалық себептері бойынша штрихтық кодтауға жатпайды (қалам, қаламсап т.б.), онда олардың сатып алу бағасын формула бойынша анықтайды.

Есептік құнын таңдау – алынған құны бойынша немесе сату құны бойынша мәселенің шаруашылық жүргізуші субъекті үшін де маңызды зор. Осы мақсатта бухгалтерлік есеп стандартында төрт әдіс қарастырылған:

  • арнайы (тұтастай) идентификациялау әдісі;
  • орташа өлшемдік құн әдісі;
  • ФИФО әдісі – запастарды алғашқы сатып алынғандырдың бағасы бойынша бағалау әдісі;
  • ЛИФО әдісі – запастарды соңғы алынғандырдың бағасы бойынша бағалау әдісі;

Бұл аталған әдістердің қолдану тәртібі жоғарыда “Тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі” деген тарауда толығымен қарастырылған болаты Қазақстан Республикасында әрекет етіп тұрған заңмен сәйкес, бухгалтерлік есепте де, салық есебінде де есептеу әдіс пайдаланады, соңғы сәйкес тауар сатып алушыға босатылмасымен, оның төлем мерзіміне қарамастан, тауардың сатылған кезеңі болып саналады. Ал бөлшек сауда кәсіпорындардында тауардың сатлыған кезеңі болып, қолма – қол ақша түскен кезең саналады, өйткені онсыз тауар босатылмайды. Сонымен, бухгалтерлік есепте тауардың сатылған кезеңі, магазиннің бас қассасына ақшаның келіп түскен кезеңнен бастап 1010 шоттың дебетінде, 6010 және 3130 шоттардың кредитінде көрініс табады.         Тауардың есептен шығару сатушының есеп беруінің негізінде жасалады, онда тауардың сатылған құнының біріңғай қағидасына сай етіп көрсетіледі. Енді сатылған тауардың сатып алынған бағасын көрсету үшін, әдетте, тауар бағасында сатылған ҚҚС сәйкес және сатылған сауда үстемесіне ай соңында бөлшек сауда кәсіпорындарныда есебі шығарылады.

Көтерме саудасындағы тауарлардың операциясының есебі. Көтерме саудасындағы кәсіпорындардың бөлшек сауда кәсіпорындарынан айырмашылығы: онда тауардың есебі сатып алынған бағасы бойынша жүреді.  Көтерме сауда кәсіпорында тауардың аналитикалық есебі оның қоймасы мен бухгалтериясында жүреді.

Олардың есебінің бөлшек сауда кәсіпорындарының есебінен айтарлықтай ерекшелегі жоқ, тек қана құжаттау тәсәләнде (рәсімдеуіне) болуы мүмкін. Көтерме сауда кәсіпорындары негізінен ақшасыз есеп айырысу жүйесімен жұмыс істейді, сондықтан босатылған тауарды қуаттайтын құжаты болып накладнойы саналады, бақылау-кассалық машина чектері емес. Көтерме сауданың екі түрі бар: қоймадан (қоймалық айналым) және транзиттік (транзиттік айналым).Сауда ұйымының қоймасынан тауар сатылған жағдайда өзі жабдықташымен есептеседі, тауарды қабылдап алады, тауарды өз қоймасынан сатып алушыға жөнелетеді және одан өзі төлемін өндіріп алады.           Транзиттік жолымен тауарды сатқан кезде тауар сауда кәсіпорынның қоймасына түспейді, ол тікелей соңғы сатып алушыға бағытталады. Транзиттік жолымен есеп айырысуға көтерме кәсіпорны қатысуы да, қатыспауы да мүмкін. Бірінші жағдайда, көтерме сауда кәсіпорны өзі жабдықтаушылармен тауар үшін өзі есептесіп және сатып алушылардан төлемін өзі өндіріп алады. Ал екінші, яғни, көтерме кәсіпорны қатыспаған жағдайда, көтерме кәсіпорны тауарды ең соңғы сатып алушыға жеткізкп беруді ғана ұйымдастырады, ал олардың есеп айырысуы жабдықтаушылардың және тікелей тауарды алушылардың арасында жүреді.     Көтерме сауда кәсіпорынан, әдетте, тауарды сатып алушыға жөнелту жазба келісім-шартының негізінде жүзеге асырылады, онда жеткізіп берудің барлық жағдайлары айтылады (саны, сапасы, тауар бағасы, тасымалдау жағдайы т.б) сондай – ақ сатушыдан сатып алушыға өтетін меншік құқығының кезеңі де ҚазақстанРеспубликасының Азаматтық кодексіннің 238 бабына сәйкес мүліктің берілген кезеңінен бастап келісім-шарт бойынша мүлікті алушыға меншік құқығы өтеді, егер де заң актілерінде немесе келісім –шартта басқаша жағдайлар қарастырылмаса. Алушыға мүлікті беру кезінде танылады, ал алушыға жөнелту үшін почтаға өткізумен тең, егер де заңда немесе келісім-шартта басқаша жағдайлар қарастырылмаса( Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 239 бабы)    

Бартерлік мәміле тәртібінде сатылған өнімнің есебі. Ақшасы тауардың тауарға меншік құқығымен бірге берілетін (ауысатын)тауар айырбастау операциясын бартерлік мәмілі деп түсінеміз.

Уақытша шығарылған және уақытша әкелінген тауардың есебі. Тауарлар Қазақстан территориясынан (аймағынан) уақытша шығарылуы немесе уақытша әкелінуі мүмкін. Бұл кезде ол тауарлар сол өзінің бастапқы қалпын өзгертпей иелеріне қайтарылуы тиіс, бірақ олардың табиғи тозуы, сақтау және тасымалдау шығындары болуы мүмкін. Уақытша шығарылатын немесе уақытша әкелінетін тауарға рұқсатты кеден органдары береді. Олардың  мерзімін де, яғни  мақсатына және басқа да жағдайына(көрмеге т.б.)қарап, сол органдар белгілейді, бірақ ол екі жылдан аспауы керек (кейбір тауарлар үшін ол өте қысқа, ал кейбір тауарлар үшін ұзаққа созылуы мүмкін).Белгіленген мерзімі өткеннен кейін, уақытша шығарылған (әкелінген) тауар қайтарылмаса, онда басқаша кедендік тәртібіне мәлімделуі тиіс, не Қазаөстан Республикасының кеден органдарының қоймасына уақытша орналастырылуы керек.Уақытша шығарылған және уақытша әкелінетін тауар кәсіпорынның 1350 “Өзге қорлар” шотында есептелінеді, онда: “Уақытша шығарылған тауарлар” және “Уақытша әкелінген тауарлар” деген екі субшоты ашылады. Уақытша әкелінетін тауарлар келіп түскен кезде 1330 шотының “Уақытша әкелінген тауарлар” субшоты дебеттеліп,3440 шоты кредиттеледі, ал олар қайтарылған кезде 1350 шоты кредиттеліп, 3440 дебеттеледі.Егер тауарлар объективті себептер бойынша қайтарылмаса, онда 1350 шоты кредитттеліп, 1330 шоты дебеттеледі. Ал жабдықтаушыға қайтарылмаған тауардың құны  өтеледі (3440 шотының дебетінде, 1030 шотының кредитінде көрініс табады) және ҚҚС бойынша есеп айырысу жасалады. Ал уақытша шығарылған тауарға 1330 шоты кредиттеледі де, 1350 шотының “Өзге қорлар” субшоты дебеттіледі, ал егер де ол тауарлар қайтарылмаса, онда оған керісіше операциялар жасалынады, яғни1330 шоты дебеттіліп және 1350 шоты кредиттеледі.Егер де тауарлар иесіне қайтарылмаса, онда ондай тауарлардың есебі өз өнімінің сатуға жасалатын операциялар бойынша жүргізіледі.

Тауарлар тегін беру кезінде болатын операциялардың есебі. Тегін берілген тауарға қосылған құн салығы (ҚҚС) салынады, ол тегін берілген күніндегі қалыптасқан бағасынан алынады  .

Тегін берілген дайын өнім материалдардың басқа да активтері сияқты жоғарыда келтірілген операцияға ұқсас жаалынады.     Келісім-шарт бойынша берілген тапсырмаладың операцияларының есебі. Келісім-шарт бойынша бір жағы өз атынан операция жасаса, ал екінші жағы операция өз атынан заңды екендігін анықтайды. Мәміле бойынша сенетін жақтың жасаған  құқыға мен міндеттемесі тікелей сенімділіктің жағдайынан шығады. Сенген жақ сенімді білдірген жақтың оған берген тапсырмасына сәйкес барлық міндеттемені орындауы тиіс, ол міндеттімен нақты, зиянды және жүзеге асырылатын болып келгені жөн. Сенген жақ сенім берген тапсырмасынан ауытқыған жағдайда, міндетті түрде сенім білдірген жаққа хабарлауы керек; ол егер де сенім білдірген жақтың мүддесіне қайшы келмесе, онда ол оның ондай әрекетіне қарсылық білдірмеуі мүмкін . Сенген жақ басқа үшінші жаққа сенім артуына болады, бірақ ол үшін бірінші сенім берген жақтың жазбаша түрінде берілген келісімі болуы керек.       

Сенім берген жақ сенген жағына оның жасаған шығының және марапаттау төлемін жасайды.

 

1.3  Тауарларды сатумен байланысты  кепілдік міндеттемелердің есібі.

Бөлшек сауда кәсіпорындарында тауарды сату бойынша сауда ережесіне сәйкес кепілдік міндеттемелер пайда болуы мүмкін.

Кепілділікті берілген мерзімінің ішінде немесе жарамдылық мерзімінде, ал олар жоқ болған жағдайда тауардың сапасына қарап келісім-шарт негізінде белгілеуіне болады. Сондықтан келісім-шартта айтылған немесе алдын ала белгіліенген жағдайда тұтынушы талап ете алады:

-сатып алу бағасы азайтуды;

-тауардың кемістігін тегін орнына  келтіруді(гарантиялы жөндеуді);

-кемістігін орнына келтіруге  жасаған шығысын өтеуді;

-тиісті сапасы бар тауарға айырбастауды;

-зиянды өтегеннен кейін келісім-шартты  бұзуға құқығы бар.

Кепілдік мерзімі нормативтік құжаттарында белгіленеді және ол сатылған күнінен бастап есептеліне бастайды. Егер де бұндай нормативтік құжаттары болмаса, онда ол келісім-шарттың негізінде анықталады.егер де тұтынушы тауарды пайдаланудан бас тартса, бірақ жөлделгеннен кейін алатын болып ниет білдірсе, онда тауардын кемістігіне кепілдік мерзім беруші кәсіпорынның есебінен тауарды жөндеу жұмыстары жасалынады. Кепілдік мерзім негізгі бұйыммен қатар олардың құрастырушы бұйымдарына да қатычты болады.

Сатып алынған тауардың кемістігі табылған жағдайда 14 күннің ішінде сол тауарды сатушы кәсіпорынға хабарлауы тиіс, сатып алынған күнін есептемегенде, ал егер де оның ашық дефектісі бар болған кезде және оны эксперт (сараптаушы) қуаттаған жағдайда, оның хабарлау мерзімі алты айға дейін күшін жоймайды.

Енді біз кепілдік міндеттемесінің орындалу жағдайының әртүрлі көрінісін бухгалтерлік есепте көрсетеміз.

Гарантиялы жөндеу (жөндеуге кепілдеме беру немесе тауар кемістігін тегін қалпына келтіру). Гарантиялы жөндеу бойынша шығыс сатып алушы мен сатушының арасында және сатушы сауда ұйымымен және өндіруші.

Кәсіпорынның арасында жасалатын келісім – шартта міндетті шыгыс ретінде көрсетіледі және ол сатушы ұйымның шығысы болып табылады. Әдетте, сатушы ұйым өз бетінше сатылған ( сатылатын ) бұйымның кемістігіне кепілдік бола алмайды. Болашақта пайда болатын кепілдік міндеттемелерді орындау үшін , сатушы ұйым тауарды өндіруші кәсіпорынмен қосымша келісім- шартқа отырады , тек  жазбаша  келісім болған жағдайда ғана ол іске асады.

    Жыл сонында  тауарды  сатумен   және  жалпы  және  әкімшілік  шығыстарымен  байланысты  барлық жұмсалған  шығыстарын  жинақтап, олардың  улес  салмағын  және  келесі  жылға  жасалатын  сауда  үстемесінің  орташа  деңгейін  анықтап, кәсіпорынның  болашақ   шығыстарын   барынша  дәлдік  тұрғысында жоспарланған.

   Егер  де  тауардың  кемістіктері  тұтынушылардың  кінәсінен  болса,  атап  айтқанда,  тасымалдау, сақтау  және пайдалану  ережелерін  бузса,  онда  тұтынушылардың  талабы  қанағаттандырылмайды.

  Тауар айырбастау. Тұтынушылардың  құқығын  қорғау  туралы  заңға  және  бөлшек  сауда  ережелеріне сәйкес, тұтынушының  талап  еткен  сапасына  немесе  басқа  да  қасиетіне  сәйкес,  тұтынушының  талап  еткен  сапасына  немесе  басқа  да  қасиетіне  сәйкес  келмеген  жағдайда  тауарды  айырбастап  беруін  талап  етуге  құқысы бар. Тұтынушыдан  алынған  ( яғни, қайтарылған) тауарға екі  дана  етіп  накладной  жазылады, ол тұтыншыың  басқа  тауарды  алуына  немесе  оның  төлеген  ақшасын  алуына  негіз  бола  алады, сонымен  қоса  тұтынушы  касса чегін  бірге  қосып  береді,  бұл  соңғы  тауардың  тап  осы  магазиннен  сатып  алынғандығын  қуаттайды.

Келісім-шартты бұзу. Келісім-шартты бұзу, негізінен, бағаның өсуінен, не төмендеуінен болуы мүмкін. Келісім-шарт бұзылғанда жазылатын бухгалтерлік жазу тауар айырбастау кезінде жазылатын жазуға ұқсас болып келеді, тек келсім-шарт бұзылғандар тауар орнына тауар алынбайды, от тек ақшалай өтеледі. Бұл кезде 3370 шоты дебеттеліп , 1010 шот кредиттеледі.

Сатып алу бағасын азайткан кезде (сатып алушының шығысын өтеу) бухгалтерлік есептің келесі шоттары корреспонденцияланады, бірақ ол тауардың кемшілігі кепілдік мерзімнің ішінде анықталса ғана жүзеге асады.

Бұл арады атап өтетін бір жайт, ол кепілдік мерзімінің ішінде тиісті құжаттары бар болған жағдайда ғана сатып алушылардың шығысы өтеледі, яғни кемшіліктер тұтынушылардың кінәсінен болмаса болмаған. Сапаның тиісті болмауы сатылатын тауардың бағасын өзгертуі мүмкін, бірақ оны тек кәсіпорынның басшысы ғана өзгерте алады.

 

 

1. 4 Комиссиондық магазиндердегі тауардың операциясын есептеудің ерекшеліктері.

Комиссиндық магазиндер, әдетті, жеке тұлғалардан комиссиялық жағдайда алынған тауарларды сатумен айналысады. Бұл кезде комитент пен комиссионерлердің арасында комиссиондық келісім-шарт жасалынады. Мүлікті комиссияға қабылдау кезінде өткізуші жеке төл құжатын ұсынады. Егер азамат жеке еңбек қызметімен шұғылданатын болса, онда төлқұжатпен бірге патентін де ұсынады. Комиссияға өткізілген мүліктің бағасы өткізушімен келісіп жасалынады. Ескіден келе жатқан (антикварлық) мүліктерді эксперт-мамандардың қатысуаымен бағалайды. Конфискацияланған мүліктердің бағасын анықтау үшін де эксперт-мамандар шақырылады.

Мүлікті комиссияға қабылдаған кезде тауартану маманы екі данада жазылған түбіршегің береді, оған тауартану маманы пен комитент қол қояды. Мүліктің бір ғана түрін қабылдаған кезде ол теқ түбіршекпен және комитенттіқ карточкамен рәсімделеді. Оның кері жағына сатуға қабылданған мүліктің атауы мен саны көрсетіледі.

Дайын өнім есебі. 2