Демография ғылымы туралы түсінік
Демография ғылымы туралы түсінік.
Демография ғылымы нені зерттейді? Демография (грек. Demos-халық, grapho- жазу) – халықтану ұғымы туралы ұғым. Демография ғылыми тұтастай Жер шарында, жекелеген мемлекеттер мен елдерде, адамдар қауымдастықтарында адамдардың ұрпақ алмасу және өсу заңдылықтарын, тұрғындардың жылжуын, көбеюін, тууы мен өлуін, елді мекендерде орналасуын, отбасын құруын, бала өсіріп тәрбиелеу жағдайларына, жасына, жынысына қарай бөлінуін, және басқада түрлі әлеуметтік топтарда жүріп жататын өзге үдерістерді зерттейді. Қоғамдық ғылымдар тобына енетін, қазір тез дамып келе жатқан демография – салыстырмалы жас ғылым.
Тұрғындардың өсіп - өнуі мәселелеріне қызығушылық сонау ерте заманнан басталса да, оларды жүргізудің негізгі заңдылықтары тек XVII ғасырдың соңында қалыптаса бастады. Ал «демография » терминінің ғылыми айналысқа 1855 жылдан бастап қана енді. Айғақты мәліметтер көптеп жиналған сайын оларды жинақтау, қорыту істері де қарқынды жүре бастады. Біртіндеп тұрғындардың сан жағынан өсу заңдылықтары айқындалып, зерттеу жұмыстары тереңдей берді. Өткен ғасырдың екінші жартысында демографиялық зерттеулер кең ауқымда жүргізіле бастады. Қазір демографияны қоғамдық ғылымдар ішіндегі жетекші салалардың бірі деп атауға болады.
Халықтың саны және ұдайы
өсуі.
Адам – планетамыздың басты баға жетпес байлығы. Адамзат факторының қоғам өмірінің барлық саласындағы алатын орны аса маңызды. Сол себепті оны зерттеп білудің де маңызы зор.
Жер шары халқының көбеюі мен таралуының алғышарттары, зерттелуі. Тұрғындар географиясы зерттейтін басты нысандар қатарына – халықтың саны, оның құрамы, таралып орналасуы, ырғақты түрдегі ұдайы өсу режимі жатады. Бұл мәселені демография және этнография ғылымсдары да зерттейді. Осы ғылымдар негізіндегі географияның зерттейтін шептес саласы «демография» және «этнография » пайда болды. Ал тұрғындар географиясы халықты кеңістікте орналасу тұрғысынан, оның ерекшеліктерін және дамуын қарастырады. Маман – географтар үшін халықтың құрамын, оның ұдайы өсуін, олардың арасындағы айырмашылықтарын білу арқылы, еңбек ресурсының сан мөлшері мен құрамы жайлы мәліметтерді білу өте маңызды. Сол сияқты бұл ресурстарды зерттеу барысында әрбір халықтың этникалық тобының материалдық және мәдени – рухани жақтары, әдет ғұрпы мен еңбек дағдылары ескеріліп сипатталады.
Қазіргі кезеңде адамдар тұруға жарамды жерлерге толықтай қоныстандырылғын. Бірақ та барлық тарихи уақытта планетамыздың мекенделуі дәл осылайша болмаған. Осы заманғы адамдар «ойлау қабілеті» бар адам ретінде шамамен бұдан 50 мың жыл бұрын ертедегі адам тәрізді маймылдардан пайда болған. Көптеген ғалымдардың пікірінше, адамдар белгілі бір үлкекн аумақты алатын географиялық ауданнан шыққан. Соңғы табылған археологиялық жаңалықтарға байланысты алғашқы адам шыққан аймаққа: Солтүстік Шығыс пен Орталық Африка және Оңтүстік – Батыс Азия мен Оңтүстік - Шығыс Еуропаны жатқызып жүр. Әрі қарай адамдар көбейе келе біртіндеп басқа да жерлерге тарала бастады. Шамамен осыдан 30 мың жыл бұрын Еуропаның солтүстік бөлігіне, Оңтүстік – Шығыс және Солтүстік – Шығыс Азияға таралған. Болжам бойынша, одан Беринг бұғазы арқылы Жаңа Дүниеге, ал Оңтүстік – Шығыс Азияның жіңішке бұғаздары арқылы Австралия мен Жаңа Гвинеяға өткен. Бірақ алғашқы адамдардың санын білу мүмкін емес. Тіптен біздің жыл санауымызға дейінгі кезеңдегі халықтың санын мөлшерлеп айтуға да ешбір деректер жоқ. Ғалымдар болжаммен біздің жыл санауымызға дейінгі VII ғасырларда жер шарында шамамен 10 млн. адам болған дейді. Біздің заманымызға дейінгі төрт мыңыншы жылы егіншіліктің пайда болуы халықтың тез өсуіне әкелді. Біртіндеп егіншілікпен шұғылдану халықтың құрлықтағы қоныстану аймақтарының, яғни «ойкумендердің» негізгі факторы болды. Алғашқы егіншілік ошақтары пайда болған жерлері – Ніл аңғары, Оңтүстік – Батыс және Оңтүстік Шығыс Азия, сол кезден бастап олар халықтың шоғырланып орналасу орталықтарына айналды.
Біздің жыл санауымыздын бас кезінде халықтың санын анықтауға мүмкіндік туды. Оны сол кездегі әскер құрамы, салық төлемі, т.б. деректерге қарап білуге болады. Осы мәліиеттерге сүйене отырып, Рим империясының, Қытай және Үндістан халқының саны анықталды. Біздің жыл санауымыздаың басында, жер шары халқының 3/4 бөлігі осы елдерде мекендеді. Ал халықтың жалпы саны сол кезде дүние жүзінің шамамен 230 млн. адамға жетті. Алғашқы ғасырда халық саны соғыстар мен жұқпалы аурулардың таралуы салдларынан көп өспеді. Халықтың өсу қарқыны көбейгенімен, XVII ғасырға дейін ол тұрақсыз болды. Осы уақытқа дейінгі кезеңді адамзаттың демографиялық дамуының алғашқы немесе аграрлық өркениет кезеңі деп атаймыз. Бұл кезеңдегі жалпы өсімі біршама төмендігінен сипатталады. Халықтың тұрақты өсуі XVI ғасырдың екінші жартысынан басталады. Өндіріс қолға алынған өнеркәсіптік революция кезеңінде дүние жүзі халқы жылдам өсіп, еселеніп отырды. Халықты санауда әр түрлі әдістер қолданылғандықтан, кейбір мәліметтерде айтарлықтай айырмашылықтар бар. Тек XX ғасырдың 40-жылдарының соңында бастап қана мәліметтер бір-біріне сай келеді. Ол БҰҰ-ның жыл сайынғы демографиялық жылнама мәліметіне байланысты мүмкін болып отыр. Халықтың саны туралы айтқанда, жаңа ғасыр басында дүние жүзі халқының жартысы келесі 7 елде тұрғандығын білгендерің жөн. Олар: Қытай (1282 млн), Үндістан (1046 млн), АҚШ (280 млн), Индонезия (231 млн), Бразилия (176 млн), Пәкстан (148 млн) және Ресей (145 млн). Ал келесі орында: Бангладеш (133 млн), Жапония (127 млн), Нигерия (130 млн) және Мексика (103 млн) мемлекеттері тұр.
Халықты санау әдісі.
Алғашқы адамдар санауға деген қажеттілік құл иеленушілік құрылыста туды. Ең тұңғыш халық санағы – Мысыр жерінде, біздің заманымызға дейінгі III ғасырда пайда болды. Біздің еліміз орналасқан Орталық Азия аймағында ол VIII ғасырда Соғдиана мемлекетінде жүргізілді. Ал Киев Русінде санақ XI ғасырда, Мәскеуде халықтың статистикалық есебі XV ғасырда ғана басталды. Қазақстан, Ресей империясы және т.б. елдер КСРО құрамында болған кезеңде 7 рет жалпы халық санағы өткізілді. Олар: 1897, 1926, 1939, 1959, 1970, 1979, 1989 жылдар. Ал 1999 жылғы ақпандағы жаңа санақ – Қазақстанның тәуелсіз мемлекет мәртебесінде жүргізілген алғашқы халық санағы еді.
Санақ өткізу уақыты халық қозғалысының ең аз кезі – қыс маусымына сәйкестендірілген. Санақ аяқталғаннан кейін халықтың бір бөлігіне бақылау сұрақтары қойылады. Халықтың жалпы санағы кесімді белгілі бір уақыт аралығында өткізіліп отырады. Мемлекеттер органдар үшін жыл сайынғы халықтың саны, оның құрамы мен орналасуы туралы мәліметтер аса қажет. Әрі мұндай бір жолғы есеп – халықтың тууы, өлуі, некелесуі, т.б. осы тәрізді мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Сондықтан бір орталыққа бағынған мемлекеттер құрыла бастағаннан кейін халықтың күнделікті күнкөріс есебін жүргізу қажеттіліг туды. Бұл міндетті бас кезінде діни мекемелер жүргізді. Шіркеулердің діни салт-жораларын іске асыруда, одан түскен пайда – түсімдерін есептеу мақсатында , алдымен, XVI ғасырда Швецияда, кейіннен басқа елдерде туу мен өлім, некелесу мен ажырасу сияқты рәсімдерді тізімдеу қолға алынды. Кейіннен бұл тіркеме есептеулер міндетті түрде жүргізілетін болды.
1940 жылдардың соңынан
бастап дүние жүзі мен оның
ижеке аймақтары тұрғын
Халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтары. Халықтың ұдайы өсуі – адамдардың ұрпақ ауысуы нәтижесінде жүзеге асып, оның саны жастық және жыныстық құрамы өзгереді. Халықтың ұдайы өсуін ықтималдап екі негізгі топқа бөлеміз. Оның бірінші типінде ұрпақтар ауысуы нәтижесінде халықтың санының өзгермеуі немесе кемуі байқалады. Бұл құбылыс көбінесе дамыған елдерге тән. Онда халықтың тууы мен оның өлімі аз болуы себепті халықтың табиғи өсу көрсеткіштері төмен болып келеді. Халықтың ұдайы өсуінің екінші типінде келесі ұрпақтың санының алдыңғысына қарағанда көп болкы тән. Бұл елдерде туу мен табиғи өсім жоғары немесе аса жоғары болып келеді. Бұндай жоғары деңгейлі көрсеткіш Африка, Азия, Оңтүстік және Оңтүстік – Батыс Азия, Латын Америкасы мен Мұхиттық аралдар елдерінде байқалады.
Адамзат қоғамының ілгері
дамуы, дүние жүзі халқының көбеюі нәтижесінде
жүзеге асып, оның саны жастық және жыныстық
құрамы өзгереді.Осы кезге дейін жер шарында
халықтың ұдайы өсуіне соңғы тип басым
болып келеді. «Әрі қарай қалай болады?»
деген заңды сұрақ туады. Дүние жүзіне
халықтың шамадан тыс артық көбею қаупі
төнбей ме? Өйткені біздің планетамыздағы
ресурстар шексіз емес қой! Осы саулнамалық
сұрақтарға жауап іздеу үшін тек қана
жер шарының ресурсын ғана біліп қоймай,
сонымен бірге халықтың табиғи өсуінің
заңдарын да білу қажет. Халықтың ұдайы
өсуі туу мен өлімінің мөлшеріне байланысты
олардың арасындағы айырма табиғи өсім
деп аталады. Оның сан- мөлшері 1000 адамға
шаққандағы промиле (‰) көрсеткішімен
есептеледі. Дүниежүзілік орташа есеп:
туу – 28 ‰, өлім – 10 ‰, ал табиғи өсім –
18 ‰. Халақтаң ұдайы өсуіне бірнеше факторлар
әсер етеді. Бұл факторлар, негізінен,
5 топқа біріктіріледі:
1.Табиғи – биологиялық фактор. Адамдардың
тууы мен өлуі –
биологиялық құбылыс . Сол сияқты халықтың
ұдайы өсуіне әр түрлі климат және табиғат
жағдайларына үлкен әсер етеді. Ал өлімге
келсек, бұл – қайтымсыз процесс. Көбінесе
адамдар физиологиялық қартаюдан емес,
негізінен, олар аурудан немесе басқа
да себептерден өледі. Аурудың таралуы
әрбәр жердің табиғи ортасына байланысты
болуы мүмкін. Мысалы, батпақты жерлерде
– безгек ауруы, тропикада – ұйқы ауруы
т.б.
2. Әлеуметтік – экономикалық фактор. Бұған
жататындар: халықтың тұрмыстық хал-ахуал
деңгейі, денсаулықтау сақтау шараларының
дамуы, әйелдердің қоғңамдық жағдайы,
халықтың мәдени және білім деңгейі, шұғылданатын
кәсібі, т.б. Мәселен, жыл сайын жер шарында
14 млн адам, оның ішінде 6 млн сәби
3. Табиғи өнімнің мөлшеріне әсер етуші
факторлардың келесісі – демографиялық
топқа біріктіріледі. Бұларға: халықтың
жастық және жыныстық құрамы, некелесу
және ажырасу факторлары да жатады.
4.Табиғи өсімге үлкен әсер етуші негізгі
факторлар тобының бірі – ол мәдени әлеуметтік
және психологиялық факторлар. Мысалы,
көп балалы болу, әдет-ғұрыптарының сақталуы,
мұндай жағдай демографиялық дәстүр деп
аталады. Діннің әсеріне келсек, ислам,
индус, католик, т.б. діндер көбеюді қолдайды.
Кейбір діндердің тууға онша әсері жоқ,
мысалы, будда, протестант, провославие
діндері.
5. Халықтың табиғи өсіміне әсер етуші
факторлар арасында ерекше орынды соғыс
пен стихиялық апаттар алады. Әсіресе
соңғы екі дүниежүзілік соғыстың зардабы
аса көп. Бірінші дүниежүзілік соғыста
шамамен 10 млн—нан аса адам көз жұмса,
Екінші Дүниежүзілік соғыста 50 млн-ға
жуық адам қаза тапты. Соғыстың зардабы
сонымен бірге адамдардың тұрмыс ахуалының
төмендеуіне, аш-жалаңаштыққа, түрлі ауруларға
шалдықтырады. Әрі қосымша шығындарға
ұшырады. Мысалы, некеге тұрушылар санының
азаюы, халықтың жыныстық құрамы бұзылуы,
үеркектердің біраз бөлігінің соғыста
шығынға ұшырауы туудың мөлшерінің азаюына
алып келді. Табиғи апаттардың – жер сілкіну,
су тасу, дауыл, құрғақшылық, температуралық
режимдердің шұғыл өзгерісі, т.б. жыл сайын
мыңдаған адам өмірін қиюда.
Демографиялық саясат және халықтың өсуін реттеу. Жалпы демографиялық хал-ахуалға кейінгі жарты ғасыр ішінде мемлекеттер тарапынан жүргізіліп отырған демографиялық саясат әсер етіп отыр. Бұл жүйелі түрде – халықтың ұдайы өсу процесіне, әсіресе оның туу мөлшеріне әсерін тигізу мақсатында жүргізіледі. Ол екі түрлі бағытта ықпал ету аясында, халықтың өсіп-өнуіне әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік, үгіт-насихат және басқа да шаралар жүйесінде жүргізілуде. Мысалы, халықтың ұдайы өсуінің бірінші типінде тууды қолдауға бағытталған демографиялық саясат белсенді түрде жүргізілсе, екінші типінде керісінше, оны шектеу саясаты қолға алынуда. Әсіресе отбасы мөлшерін жоспарлау жөнінен,көптеген дамушы елдерге ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылуда.
Біздің елімізде де демографиялық ахуалды тұрақтандыруға және ондағы жағымсыз тенденцияларды болдыриауға боғытталған қолдау саясаты жүргізілуде. Осы орайда оған үкімет тарапынан ерекше көңіл бөліп, 2000 жылғы 17 тамызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік демографиялық концепциясы туралы», ал 2001 жылғы 30 қазанда «ҚР-ның 2001 – 2005 жылдарға арналған демографиялық даму бағдарламасы»жайлы қаулылар қабылданды. Республикамыздың демографиялық хал – ахуалын сауықтыру барысында және оны жүзеге асыруда, «Көші – қон және демография жөніндегі агенттік» ауқымды іс-шаралар жүргізілуде.
Дамушы елдерде 1950-1990 жылдар арасында, халық өлімінің күрт азаюы мен олардағы туудың дәстүрлі деңгейінің сақталуы нәтижесінде халықтың өсімі жоғары болады. Бұл құқбылыс «демографиялық жарылыс» деп аталды. Оның нәтижесінде , мұнда тұратын жер шары халқының 2/3 бөлігі жылына 25-30‰ шамасында өсіп, дүние жүзі халқын соңғы 40 ждылдай уавытта екі еседен аса өсірді. Мысалы, дүние жүзі халқы 1960 жылы 3 млрд. Шамасында болса, ал 2000 жылы оның саны 6млрд.–тан асты. Халықтың ұдайы өсуінің екі түрлі: дамыған және дамушы елдердегі типтерінен басқа олардың аралығында бірнеше өтпелі түрлеріде бар. Осы халықтың ұдайы өсуінің бір типінен екінші типіне өтуін француз демографы А. Ландри «демографиялық төңкеріс» деп атады. Сонымен бірге «демографиялық дағдарыс» ұғымы көптеген Еуропаның дамыған елдеріне тән болып отыр. Бұл елдерде халықтың өсуі емес, керісінше оның кемуі байқалады. Мысалға: Германия, Чехия, Венгрия, Скандинавия елдерінде, халықтың көбею қарқынында жеке дүние бөліктері мен елдер арасында өзгерістерге әкелді. Мысалы, 1960-2000 жылдар арасында: Еуропа халқы 25% –ға көбейсе, ол Азияда – 114% –ға, Африкада 211%-ға, Солтүстік Америкада 147%-ға көбейді.
Халықтың ұдайы өсуінің өтпелі түрлеріне келсек, олар туудың орташа мөлшерімен, өлімнің аздығымен және халықтың бірыңғай өсуімен сипатталады. Халықтың ұдайы өсуінің бір түрден екінші түрге ауысуының негізгі себебіне қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық өзгерістер жатады. Ол өз кезегінде демографиялық процестердің нәтижесінде тууға әсер ете отырып, халықтың құрылымын үлкен өзгерістерге ұшыратады. Мәселен, адамзат қауымдастығы өз басынан табиғи өсімнің аса жоғары деңгейін өткерді. Ендігі жерде әлем тұрғындарының, әсіресе дамушы елдердегі халықтың күрт өсуін болдырмай тұрақтандыру қажет. Алайда планетамыздың халқы жыл санап көбею үстінде. Осыған байланыстытұрақтандыруға жетудің тура жолы бірінші кезекте – дамуы кенжелеп қалған елдер халқының өмір сүруі мен мәдени деңгейін көтеру, ғылым мен білімді дамыту. Бұл жерде осы тұрғыдағы көптеген дамушы мемлекеттердің ұстанып отырған демографиялық саясатының маңызы зор.
Соңғы жылдары демографияның жаңа бағыттары — экологиялық демография немесе демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін бағыты қалыптасып келеді.
Адамзаттың сандық сипаттамалары
Қазіргі адамзаттың саны 6 млрд. адамға жақын. Табиғаттағы жануарлардың түрлерінің саны ортаның сыйымдылығымен шектеледі. Әдетте, ұсақ жануарлардың түрлерінің саны ірі жануарлармен салыстырғанда көп болады. Сүтқоректілердің түрлері үшін даралардың саны мен дене массасының арасында теріс корреляция байқалады. Дене салмағы 10—100 кг-ға дейінгі деңгей үшін (бұл деңгейге адам да кіреді) түрдің санының максималды шамасы 107—101 аралығында болады. Адамның ең жақын туыстарының (адамтәріздес маймылдар) түрлерінің қазіргі кездегі саны — соңғы санға жақын. Эксперттердің болжамдары бойынша Жерде 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген адам популяцияларының жалпы саны (Nomo erectus) 100 мың болған, Ноmо sаріеns пайда болуына қарай — шамамен 500 мың; 30—20 мың жыл бұрын — шамамен 5 млн. Біз жататын түрдің қалыпты саны 500 мыңға жуық болуы керек. Қазіргі кезде одан 10 мың есе артып отыр. Көптеген мың жылдықтар барысында дүние жүзінің халқы өте баяу өсіп отырды. Б.э.д. IV мыңжылдықтың басында ол шамамен 100 млн. болды, б.з.д. 1000 жылы 300 млн.-ға жақындаған 1500 жылға қарай 425 млн.-ға дейін өсті. Мұндай қарқынмен өсу жылдың максималды өсімі 0,7% сәйкес келеді, яғни жылына 10000-ға шаққанда жеті адам. Ұлы географиялық жаңалықтар кезеңінде халық санының қарқынының артуы экспоненциалды заңдылыққа жақындады. Кейін Жердегі адамдардың санының артуы гиперболалық сипатқа ие болды. 1600 жылдан 1990 жылға дейін Жердегі халық санының өсуі дәлме-дәл дерлік (максималды ауытқу 5%) гиперболалық эмпирикалық теңдеуімен сипатталады:
Бұл теңдеу бойынша 2030 жылы халық саны шексіз болуы керек. Бірақ бұл мүмкін емес, сондықтан халық саны осы кезеңге дейін өсіп келген заңдылық өзгеруі тиіс. Шындығында соңғы жылдары 80-жылдардың аяғынан бастап, салыстырмалы өсім артпай отыр. Халық санының өсуі сызықтық өсімге жақындады (жылына абсолюттік өсім, шамамен 86 млн. адам). БҰҰ халық саны бойынша қорының эксперттерінің болжамдары бойынша (1995 ж.) бұл қарқын 2015 жылға дейін сақталады да, адам саны 7,5 млрд.-қа жетеді. XX ғасырдағы адамзаттың санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Соңғы 100 жылдағы өсімге Жердегі қазір өмір сүретін адамдардың 3/4-і сәйкес келеді. Ғасырдың екінші жартысында әр он жыл сайын жылдық өсім шамамен 10 млн.-ға артып отырды. 50-жылдары 533 млн болса, 60-жылдарда — 66,7 млн, 70-жылдарда — 70,3 млн, 80-жылдарда — 86,4 млн. адам. Адам санының 1 млрд-тан — 2 млрд-қа өсуі үшін 107 жыл қажет болса (1820-1927 ж), ол 3 млрд.-қа дейін - 32 жыл (1959 ж) 4 млрд.-қа - 15 жыл (1974), 5 млрд-қа - 13 жыл (1987), 6 млрд.-қа - 12 жыл (1999), халық санының соңғы рет екі еселенуіне небәрі 38 жыл қажет болды
Жердегі халық санының өсуі 500 жылдан to 2150, БҰҰ 2004 жылғы жобасы боййынша (қызыл, сары, жасыл) және АҚШ Орталық бюро тарихи есепбі.
Адамзат тарихы мен эволюциясының ерекше факторынан басқа халық санының шектен тыс артуын эпидемиялар мен аштықтан болатын өлім санының кемуімен түсіндіруге болады. XX ғасырда аталған факторларға гигиеналық және медициналық жағдайлардың жақсаруына байланысты дамушы елдердегі бала өлімінің кемуі де қосылады, 1990-1995 жылдары дүние жүзіндегі жалпы туу коэффициенті 24,6% дейін кеміді, жалпы өлім коэффициенті 9,8% болса, табиғи өсім коэффиңиенті - 14,8% құрады. Қазір көбеюдің шамамен осындай көрсеткіштері сақталуда. Әр минут сайын жерде 270 бала өмірге келсе, әр жастағы 110 адам өледі де дүние жүзі халқы 160 адамға өсіп отырады. Әр түрлі елдер мен континенттердің халық санының өсуіне қосқан үлесі әр түрлі. Абсолюттік саны бойынша ең үлкен өсімді ірі азиялық елдер — Қытай, Үндістан, Индонезия берсе, ал ең жоғары өсу жылдамдығы Африка мен Латын Америкасында байқалған (8-кесте). 8-кесте Кейбір Африка мемлекеттерінде салыстырмалы өсім жылына 4%-ға дейін жетіп отырды. Көптеген жоғары дамыған елдер мен аймақтарда (Батыс Еуропа, Солтүстік Америка) демографиялық жарылыс жағдайы ертерек — XIX ғасырда байқалған. Бұл елдерге қазір халық санының тұрақтануына әкелетін демографиялық өтпелі даму кезеңі тән. Өтпелі кезеңдегі халық санының өзгеру сипатына қарай 4 сатыны бөліп көрсетуге болады. Бірінші сатысы кезінде өлім мен туылу күрт төмендейді, бірақ өлім коэффициентінің төмендеуі туу коэффициентінің төмендеуінен алда болады. Сондықтан, халықтың өсімі артады. Мұндай жағдай көптеген дамушы елдерде қалыптасып отыр, ал дамыған елдер бұл кезеңнен XX ғасырдың ортасында өтіп кетті. Екінші сатысыида өлім минимумға жетеді де, одан төмендемейді, бірақ туылу төмендей береді. Сондықтан, халық өсімі баяулайды. Үшінші сатысында халықтың қартаюына байланысты өлім коэффициенті артады, сонымен қатар туылудың төмендеуі баяулайды. Үшінші сатының соңына қарай туу коэффициенті халықтың жай көбеюінің деңгейіне жақындайды, ал өлім коэффициенті бұл деңгейден төмен болып қалады, себебі халықтың жастық құрамы әлі де тұрақты емес. Экономикалық жағынан дамыған елдер өтпелі кезеңнің осы сатысына жақын. Төртінші сатысында өлім коэффициенті арта отырып, туу коэффициентіне жақындайды да, демографиялық тұрақтану аяқталады.
Демографиялық мәселелер мен қоршаған ортаның жағдайы
Қазіргі кездегі демографиялық және экологиялық жағдайда қоршаған ортаға тек бай (өнеркәсібі дамыған) елдер ғана емес, сонымен қатар кедей (аграрлық) елдер де теріс әсер етеді. Өнеркәсібі жоғары дамыған, бай елдердің қоршаған ортаға әсері олардың табиғатты тікелей бұзуымен емес, техногенді ластануға байланысты. Дүние жүзінің халқының 20—25%-ын құрайтын бұл елдердің халқы қоршаған ортаға ластанулардың 80%-ын шығарады. Бұл жағдайда қоршаған ортаны бұзатын фактор халықтың саны емес, өндіріс пен онымен бірге жүретін байлық болып табылады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-тағы молшылық кезінде, американ маманы В. Лебоу: «Біздің өте жоғары өнімді экономикамыз тұтынуды — өмір сүру салтына айналдырып отыр, яғни затты сатып алу мен пайдалану күнделікті дәстүрге айналды. Бізге заттардың көп мөлшерде сатылып, одан соң тасталып және басқалармен көп мөлшерде ауыстырылып отырғаны қажет» — деді. Қазіргі кезде ғаламшарымыздың әрбір тұрғыны XIX—XX ғасырлар соңында өмір сүрген ата-бабаларымен салыстырғанда шамамен 4,5 есе бай болғанымен, жердегі халықтың өмір сүру жағдайының деңгейі бірдей емес. 1 млрд. өте бай адам болса, ал 1 млрд. өте мұқтаждық жағдайында өмір сүреді. Байлықты доллармен есептегенде дүние жүзінде 157 миллиардер, 2 миллионға жуық миллионерлер және күндік табысы АҚШ-тың 1 долларынан кем болатын 1,5 млрд.-тан астам адамдар бар. Америкадағы балалардың өздерінің күнделікті қажеттіліктеріне жұмсайтын ақшасының мөлшері (жылына 230 доллар), планетаның жарты млрд. кедей адамдарының өмір сүруіне жұмсайтын мөлшерінен артық. Шектен тыс көп тұтынуға қарама-қарсы кедейлік — экологиялық, әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді. Кедей елдерде қоршаған ортаға әсер экожүйелерге жасалатын шектен тыс қысым нәтижесінде табиғатты тікелей жоюмен байланысты. Бұл ормандардың жойылуы және басқа экожүйелердің бұзылуы, ресурстардың сарқылуы және т.б. арқылы көрінеді. Мұндай жолмен табиғаттың бұзылуының негізгі себебі кедейлік болып табылады. Себебі, күнделікті бір күнін қалай өткізуді ойлауға ғана мәжбүр адам өзін қоршаған орта мен табиғатты қорғау туралы ойлауға қабілетсіз. Қоршаған ортаиың бұзылуы адамдар өте бай болғанда да және өте кедей болғанда да орын алады. Бірақ, жердің табиғат ресурстарына келтіретін зиянкестігі үшін жауапкершіліктің басым бөлігі 1 млрд. бай адамдардың үлесіне тиеді. Өнеркәсібі дамыған елдер болат өндірудің шамамен — 2/3, қорғасын, мыс, никель, қалайы, цинктің — 2/3 астам бөлігін, энергияны пайдаланудың 3/4 көлемін құрайды. Сонымен қатар, соңғы 100 жылда индустриалды дамыған елдердің шаруашылық қызметі нәтижесінде атмосфераға парниктік эффект туғызатын газдардың 2/3 бөлігін шығарған. Бұл елдердегі энергияны пайдалану қышқылдық жауын-шашындардың түсуіне әкеліп соқтыратын күкірт пен азот тотықтарының жалпы көлемінің шамамен 3/4 бөлігін шығарады. Дамыған елдердің өнеркәсібі зиянды химиялық қалдықтардың көп бөлігін және галогенді көмірсулардың 90%-ке жуығын береді. Өнеркәсібі дамыған елдердің экономикасының дамуының көзі — қоршаган орта есебінен тапшылықты қаржыландыру болып табылады. Яғни олар пайдаланған табиғат ресурстары мен биосфераның ластануы үшін табиғатқа келтірілген зиян өтелмейді. Бұл елдердің «экологиялық қарызы» үздіксіз өсуде: өсу жылдамдығы жыл сайын триллион доллармен есептеледі. Тек жер атмосферасындағы көмірқышқыл газының концентрациясын өнеркәсіптік қызметі нәтижесінде кеміту үшін жылына 625 млрд. доллар мөлшерінде күрделі қаржы жұмсау қажет. Көптеген дамыған елдерде зиянды заттарды қоршаған ортаға шығаруға рұқсат етілетін нормалары белгілеиген. Бұл нормалардың артып кетуіне жол берген өндірушілер табиғат қорғау шараларына жұмсалатын ірі қаржылай айыппұл төлейді. Бірақ, іс жүзінде бұл талаптар тек өзіиің еліне қатысты ғана орындалып келеді. Өз елінің территориясынан жүздеген, мыңдаған км қашықтықта орналасқан елдерге келтірілетін шығын үшін айыппұл төлеу туралы әңгіме де қозғалмайды. АҚШ және басқа да дамыған елдер экологиялық жауапкершілікті негізінен дамушы елдерге ауыстыруда. Олардың ойынша экологиялық лас өндіріс орындары үшінші әлем елдерінде орналасқан, сондықтан табиғатқа жасалған зиянкестіктің орнын солар толтыруға тиіс. Ал бұл өнеркәсіп орындарын дамыған елдердің ұйымдастырғаны, өндірілген шикізат пен өнімдік салығынан өздерінің алып кететіидігі туралы айтылмайды. Дамушы елдердің жерінде өзінің өнеркәсіп орындарын сала отырып, дамыған мемлекеттер, тек оларға жасалып жатқан «көмек» туралы айтады. Дүние жүзіндегі қаржы айналымы 1980—1990 жылдар аралығында төмендегідей болған: дамыған елдерден дамушы елдерге — 49 млрд. доллар, дамушы елдерден дамыған елдерге — 242 млрд. доллар. Олай болса, табиғат ресурстарының сарқылуы және қалпына келмейтінін түсіну дүние жүзіндегі әлеуметтік теңсіздікті одан әрі шиеленістіріп жіберді. Өкінішке орай бай және кедей елдердің байлығының арасындағы айырмашылық кемімей отыр. Байлар одан әрі баюда, ал кедейлер — кедейленуде. Бұл өзекті экологиялық мәселелерді шешуді қиындатады. Сөйтіп кім үйленіп, отбасын реттеп – жоспарлау “жалпыхалықтық құндылыққа” айналады. Соңғы кездердегі “Жоспарлы отбасы” атты ұғымның да қалыптасуы соның салдары. Ол түсінікке медициналық терминмен айтқанда, контрацепция (лат. тілінде жүктілікке қарсылық), аборт, тау, стерилизация (лат. тілінде жоғарғы қызу арқылы және басқа амалдармен бойға бала бітірмеу) кіреді. Осының өзінен – ақ мәселенің байыбына баруға болады ғой. Оны айтасыз, статистикалық мәліметке қарағнда, Қазақстандағы үлкен, тіпті, кейбір ауылдардағы аяғы ауыр 10 әйелдің 7-уі жасанды түсін жасатады екен. Сондықтан, кез-келген шетелдің көмегіне жығыла кетпей, түп-төркінін зерттеген жөн. Бізге қазір ұлттық – демографиялық императивті және иммунитетті қалыптастыру керек. Оны саясатпен араластыруға болмайды. Бұл бізде бұрын жақсы жетіліп, қалыпты тіршілікке айналған болатын. Оның ырғағын бұзған өзгеге еліктеу мен бейімдеушілік. Одан да батырып айтсақ сана-сезім бодандығы. Отбасындағы жоғарыдағыдай келеңсіздікке жол бермес үшін демографиялық саясат пен отбасы мәселесі бойынша үкімет аралық комитет құрылуы тиіс. Қазіргідей жағдайда оның ұлттық қауіпсіздігіміздің бірден – бір негізгі болары даусыз.
Демографиялық дүмпу – халық санының шұғыл
да қарқынды табиғи өсуі
Демографиялық дүмпу
кезеңінде өлімнің азаюы
Демографиялық дағдарыс
Дағдарыс - әлеуметтік, экономикалық, табиғи ықпалдардың әсерінен белгілі бір аймақтағы (елдегі, облыстағы, аудандағы) халықтың ұдайы өсуінің тежелуі Демографиялық дағдарысқа соғыс, әлеуметтік, экономикалық жағдайлар, мемлекеттің демографиялық саясаты т.б. тікелей әсер етеді. Қазақ халқы 20 ғасырда (1916 - 22) бірінші Демографиялық дағдарысқа ұшырады. Қазан төңкерісі мен Азамат соғысы жылдарында шаруашылықтың күйзеліске, халықтың ашаршылыққа душар болуынан елдегі халықтың 19% - і (яғни 950 мың қазақ) оапт болды. Сонымен қатар, шет елдерге (Қытай, Монғолия, Ауғанстан, Иран, Түркия) 400 мың халық біржола қоныс аударды. Екінші Демографиялық дағдарыс 1931-32 ж басталды. 1932 жылғы ашаршылықтың кесірінен 2 млн 300 мың адам өлді. Осы кезде 900 мың қазақ жан сақтау үшін шет аймаққа көшті. Ал 2 – дүниежүзілік соғыста 600 мыңдай қазақ шығын болды. Сөйтіп үш рет соққан Демографиялық дағдарыстың салдарынан Қазақстаннан біржолата көшіп кеткендерді қоса есептегенде, қазақ халқы 4,5 млн адамға кеміген. Демографтардың топшылауы бойынша, егер мұндай Демографиялық дағдарыс болмаса, қазақ халқының саны бұл күнде 25 млн-ға жеткен болар еді.
Қытайлықтардың көшiп-қону үрдiсiнiң әлемге кең таралуының басты бiр себебi, оның демографиялық жағдайына қатысты. Дүние жүзi халқының төрттен бiр бөлiгi осы қытайлықтардың үлесiне тиедi. Кез келген мемлекеттегi демографиялық жарылыс қоғамда әлеуметтiк қысым факторларын тудырып, бұл елдiң сыртқа қарай ығыстырылуына әкелiп соғатыны табиғи заңдылық.
Қытай авторларына сүйенсек, өткен ғасырдың 50-жылдарынан бастап Қытайда нәрестелердiң дүниеге көптеп келуiнiң екi толқыны өттi. Бiрiншi толқын 1954 жылдан 1957 жылға дейiн созылды. Сол кездерi жыл сайын 20 миллионнан астам нәресте дүниеге келген болатын. Екiншi толқын 1962-1975 жылдары өттi. Бұл уақыт аралығында өмiрге келген нәрестелердiң жыл сайынғы саны кей кездерi 25 миллионға дейiн жететiн. Қытайда өткен үшiншi халық санағының деректерi бойынша 1981 жылдың өзiнде - «жоспарлы бала табу саясаты» он жыл бойы ұстанылғаннан кейiн - жылына туылған нәрестелердiң саны 20,7 миллион адам болды.
Он төрт жасқа дейiнгi қытайлықтар арасындағы өлiм деңгейiнiң төмендiгiнен 70-жылдардың аяғынан бастап 1996 жылға дейiн (1984-1985 жж. аралығын санамағанда) 20 миллионнан астам адам жыл сайын еңбекке жарамды жасқа жететiн. Бұлайша адамның көбейуi жұмыспен қамтылу мәселесi шешiмiнiң тығырыққа тiрелуiне келiп соқты. 1990 жылдың өзiнде ҚХР еңбек ресурстарының көлемi 754,5 миллион адам, яғни бүкiл халықтың 65,6% құрады; оның iшiнде шамамен 614 миллион адам әлеуметтiк салада жұмыс iстедi. Еңбек ресурстарының жылдық өсiмi шамамен 4,8%, ал әлеуметтiк салада 5,16% болды. Осылайша 1996 жылы еңбекке жарамды жастағы қытайлықтардың саны 850 миллионға жеттi. Екiншi тұрғыдан алғанда, халыққа бiлiм беру мәселесi де шешiмi қиын жағдайға айналды. Қытайда халық бiлiмiнiң төмендiгiнен пайда болған мәселелер көп. Мәлiметтер бойынша, халықтың 23,5% бiлмсiз не жартылай бiлiмдi болып келедi. Халық санағының деректерi бойынша Қытайда 1990 жылы 1 шiлдеге қарай 12 жастан ересек халықтың бiлiмi орта шамамен 5,5 жылдық бiлiм деңгейiмен пара-пар болды. 15 жастан әрi кеткендердiң 182 миллионы бiлiмсiз не жартылай бiлiмдiлер қатарын құрды. 350 миллион адам, яғни жалпы халықтың 47% бастауыш деңгейдегi бiлiмге ие болды. Қазiргi бiлiм беру деңгейiнiң төмендiгi болашақта елдiң экономикалық және жалпы қоғамдық дамуына жағымсыз әсер ететiндiгi белгiлi. Батыс зерттеушiлерiнiң мәлiметтерiнде АҚШ-тың бүгiнгi ұлттық табысының жартысы кезiнде жұмыс күшiнiң бiлiмiн жақсарту iсiне көп көңiл бөлiнгендiгiнен деп айтылады. Жапонияда жүргiзiлген зерттеу жұмыстары бойынша, жұмысшылардың бiлiм деңгейi техниканың жандануына тура пропорционалды әсер етедi, яғни жұмысшылардың бiлiмi бiр сыныпқа көтерiлсе, техниканың деңгейi 6% көтерiледi деп дәлелденген. Бұған қатысты үшiншi фактор: қарт адамдардың күтiмiне жұмсалатын шығындардың өсуi. 1996 жылдың соңына қарай ҚХР-да 60 жастан жоғары қарттардың саны 130 миллионға жеттi, бұл көрсеткiш жалпы халық санының 10% тең. БҰҰ есебiне сәйкес, 60 жастан жоғары адамдардың саны халықтың 10% болған елдi «қарт халықты ел» деп атайды. Осылайша Қытай сол елдер қатарына кiредi.
Қарттар санының көбеюiмен олардың күтiмiне шығарылатын қаражат коэффициентi де өседi, ал осының бәрi экономикаға ауыр жүк келтiредi. Бұларға кететiн қаржы балалардың күтiмiне кететiн қаражаттан 5 есе артық. Бұдан көрiп тұрғанымыз, халық қартаюының тез қарқынмен қатар ұлттық табыстың таралуы мен қайта таралуы да өзгередi. Сонымен бiрге капиталдың жинақталуы мен шығындалуының пропорциясы да өзгередi.
Халық санының өсуi - елдiң экономикалық дамуы мен халықтың өмiр сүру деңгейiнiң жақсаруына келтiрiлетiн бөгет болады. Қытайдың ұлттық табысы 1950 жылы 41 миллиард юань болса, 1979 жылы бұл көрсеткiш 335 миллиард юаньға дейiн көтерiлдi. Оның жылдық өсiмi орта шамамен 7,3% пайыз болды. Дегенмен бұл аралықта халық санының 540 миллионнан 970 миллионға дейiн өсуiнен ұлттық табыс өсiмiнiң жан басына шаққандағы мөлшерi жылына 9 юань құрды. Сол жылдары елдiң қаржылық табысы 6,5 миллиардтан 110,3 миллиард юаньға дейiн өстi, өсiм қарқыны орташа түрде 10,2% көрсеткiшiне теңедi. Алайда қаржылық табыстың жан басына шаққандағы өсiмi 3,5 юань ғана құрды. Халықтың тым көптiгi мен оның тез екпiнмен көбеюi шығындарды талап ететiн адам топтары санының өсуiне әкеледi.
Бұл, әсiресе, балалар мен оқушыларға қатысты айтылған нәрсе. Осындай шығындар жан басына шаққандағы ұлттық табыс өсiмi мен жанұя табысының көбеюiн тежейдi. Адам санының көптiгi - территория жетiспеушiлiгiн туындатты. Қытай кең алқапты территорияны иемденгенiмен, оның көбiсi өмiр сүруге қолайсыз шөлдi, шөлейттi жерлер. Олар бүкiл мемлекет территориясының 31% және 22%, яғни екеуiн қосқанда 53% құрайды. ҚХР-да жүргiзiлген үшiншi санақ деректерi бойынша халықтың 20,3% теңiз деңгейiнен 500 м жоғары аудандарда өмiр сүредi. Кейбiр аудандардың кедейшiлiгi негiзiнен өмiр сүруге табиғи жағдайының болмауынан деп түсiндiрiледi. Айналадағы ортаның мүмкiндiктерi шексiз емес. Қытай ғалымдарының пiкiрi бойынша Қытай территориясына ең көп дегенде саны 1,5-1,6 миллиардқа дейiн жететiн халық сыяды. Бүгiнгi күннiң өзiнде онда 1,3 миллиард адам тұрады. 1949 жылы ҚХР орнатылған жылы егiстiк жерлердiң көлемi 97,91 млн. га яғни территорияның 10,09% алатын. Феодолизммен босатылған шаруалардың белсендiлiгiнен және халықтың елдiң солтүстiк-батыс, солтүстiк-шығыс жағына көшiрiлiп, тың, тыңайған жерлердi игеруiне байланысты 1957 жылы егiстiк жерлердiң көлемi 112,85 млн. га дейiн өстi.
Кейiннен егiстiк жерлер көлемiнiң ұлғаюы кемiдi, оның бiрқатар себептерi бар: Бiрiншiден, жерлердiң көбiсi құрылысқа пайдаланыла бастады. Себебi халық санының көбеюi көп үйлердiң салынуын талап етедi. Қытай шаруалары үшiн үй - ең басты меншiк пен капитал салымының маңызды көзi болып табылады. 1985 жылы шаруалар үйлерiнiң қамтыған жерi 0,97 млн. га құрады, бұл егiстiк жерлердi 5,6% азайтты. 1978-1980 жж.. бүкiл жердiң 2/5 бөлiгi егiстiктен алынып құрылысқа жiберiлдi. Мысалы, Гуандун провинциясында 10 жыл iшiнде егiстiк жерлердiң көлемi 26800 га азайды, қазiр бұл жерде бiр адамға 0,04 га жер тиедi. Алдын-ала жасалынған есептемелер бойынша келесi онжылдықта 6670 га жер көлемiндей жыл сайын құрылысқа жұмылдырылады. Құрылыстан өзге көптеген жерлер бейiтке пайдаланылады - 66700 га жер. Екiншiден, көптеген егiстiк жерлер орман мен жайылымдарға айналды. 1985 ж. бүкiл елде 933800 га жер, 1987 ж. 366183 га, ал 1989 жылы 233249,9 га жер орман мен жайылымдарға жiберiлдi. 1957 жылдан 1996 жылға дейiн Қытай халық саны 650 млн. адамға өссе, егiстiк жерлер жан басына шаққанда 0,032 га көлемiне дейiн қысқарды. Қытайда өңдеуге келетiн егiстiктi емес жерлер қалмағандықтан егiстiктi жерлердiң қысқартылуы орны толмас үрдiске айналуда.
Адам санының өсуi өнiмнiң
жетiспеушiлiгiне алып келдi. 1949 жылы құрылғаннан
кейiн ҚХР қысқа мерзiмде
Демографиялық өсiмнiң салдарынан табиғи ресурстардың жетiспеушiлiгi туындады. Қытайдағы ауыз су қоры 2 миллион 640 миллиард м3 құрайды да, су қоры бойынша әлемде Бразилия, бұрынғы КСРО, Канада мен АҚШ-тан кейiн 5-шi орынды алады. Бiрақ жан басына шаққандағы келетiн су қоры бойынша Қытай 110-шы орыннан бiрақ шығады. Қазiргi таңда Қытайда бiр адам жылына шамамен 18,14 м3, (қалада 36,25 м3, ауылда 14,57 м3) су жаратады. Болашақта құрылыстың көбейiп, қала тұрғындары үлесiнiң өсуiнен ауыз суының пайдаланылуы да артады. Ауыл шаруашылығына кететiн шығындар өте көп.
Халық санының өсiмiмен бiрге энергия көзiне деген сұраныс та артуда. Шамамен есептегенде, 900 миллионға жуық шаруалар энергияның табиғи көздерiн (оның iшiнде шамамен 300 миллионы орман ресурстарын) пайдаланады. Екiншi жағынан алып қарағанда, егiстiктi жерлердi ұлғайтудың бiрден-бiр жолы - орман-тоғайларды кесу. Осылайша, ҚХР орнағаннан кейiн орманды жерлердiң азайтылуы жылына 14674 га ауданды құрайды. Орманды жерлер 55,7% үлесiнен 30% үлесiне дейiн төмендедi. Бұл үрдiстер көптеген экологиялық зардаптарға әкелiп соқты. Соңғы 10 жылда орманды жерлер үлесi 23,1%-ға қысқартылды. Сонымен қатар халық саны көбейiп, өндiрiстiң даму қарқыны артты. Және бiр айтарлығы, Эология мен айналадағы ортаның ластануы күшейдi. Халықтың өсiмi үрдiсiнiң үздiксiз жүруi айналадағы ортаға ауырлық келтiредi. Қазiрдiң өзiнде Қытайдың кейбiр аумақтарындағы тұрғындардың саны өз шегiне жеткендiгi көрiнедi. Ал, кейбiр жерлерде тұрғындар саны «экономикалық жүйе шыдамдылығы» шегiнен асып түстi. Экономикалық апаттардың iшiнде жер эрозиясы ең ауыр апаттар қатарына жатады. Бүгiнгi таңда Қытайдың жер эрозиясына ұшыраған территориясы 1,6 млн. км 2, яғни бүкiл территорияның 6/1 бөлiгiн құрайды. Жылына шөл далаларға айналатын жер көлемi 2100 км2 құрайды. Олардың жалпы саны 1,5 миллионға жеттi.

- Демография ғылымы туралы түсінік
- Демография и движение населения
- Демография и миграция
- Демография как наука
- Демография Краснодарского края
- Демография миграций
- Демография моделей и прогнозов
- Демографическое старение населения: сущность, причина
- Демография
- Демография
- Демография
- Демография в Ленинградской области
- Демография в регионах России
- Демография в России