Денежная политика в РК

  Мазмұны 
 
  Кіріспе 3
1 Қазақстан Республикасының  ақша-несие саясатының ерекшеліктері 5
1.1 Ақша-несие саясатының қазіргі кездегі даму жағдайы  
1.2 Ақша-несие саясатының түрлері, құралдары, мақсаты 7
1.3 Міндетті резервтер: несиелік операциялар және ақша нарығындағы операциялар 9
1.4 Ақша-несие саясатын жүргізу әдістерін және құралдарын жетілдіру 12
2 Төлем айналымы және ақша-несие саясаты  14
2.1 Төлем айналымы түсінігі  
2.2 Ақша төлемі және аударымды жүзеге асыру тәсілдері 15
2.3 Ұлттық банктің алтынвалюта активтері, оның төлем балансындағы маңызы  
18
3 Әлемдегі несие  жүйесінің дамуының қазіргі тенденциялары 23
3.1 Халықаралық ақша-несие  саясатының қоғамда алатын орны  
  Қорытынды 25
  Қолданылған әдебиеттер тізімі 26
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Кіріспе 
 

      Ақша-несие  саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның  ішінде төлем балансын іске асырудағы  маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша – несие саясаты - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.

      Ақша  – несие саясаты Қазақстан  Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздық ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.

      Төлем айналымы және оның біздің елдегі қалыптасуы мен жұмыс жасау қарқыны ақша-несие  саясатының негізгі мақсатының бірі, мұнымен қоса инфляциялық тежелуді қамтамасыз ету және қаржы нарығының  тұрақтылығын қадағалау қызметтері де жүктеледі. Айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру өз алдына үлен жауаптылық. Бұл мақсаттарды бір мезгілде шешу қиындық тудырады. Себебі экономикалық өсу үшін несиелік экспансия, ал инфляцияны тежеу үшін, керісінше, несиелік рестрикция, яғни ақша массасының жалпы шектеулілігі қажет. Сондықтан да ақша-несие саясаты тұрақты бюджет, төлем балансы және салық саясатымен байланысты келеді. 

      Ақша-несие  саясаты бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс  таңдай білуге, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы, төлем балансы сұрақтарын шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.

      Қазақстан Республикасының осы заманғы  әлеуметтік-экономикалық даму кезеңі нарықтық қатынаспен сипатталады. Бұл қатынаста жаңа ақша-несие жүйесі қалыптасып, қаржы институттарының жаңа түрлері пайда болып жатыр, нарықтық экономикаға тән жүйеге сәйкес банк жүйесінің құрылымы өзгерді.

      Еліміздің ақша-несие саясаты халықаралық  несиелік саясатпен жұмыс істеу принциптеріне көшу барысында Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңнің ерекшеліктері мен әлемдік банктің технологиясын ұштастыра білудің маңызы зор.

      Несиені өтеу қабілетін бағалау үшін рейтинг  агенттіктері елдің несие рейтингін  әзірлейді, бұл орайда мына аспектілерге назар аударады:

      1 Демократиялық саяси жүйені жасаудағы прогресс: мұны демократиялық саяси институттардың тиімділігі, шешімдер қабылдау процесінің ашықтығы, экономикалық реформаларды жүргізуге саяси жолды ұстаушылық және оларды тәжірибеде жүзеге асыруға қабілеттілік деп түсінеді.

     2 Қаржылық тұрақтылыққа және экономикалық өсуге жетудегі жетістіктер. Олар өзіне мыналарды біріктіреді: фискалдық және манетарлық саясаттың тиімділігі, ұлттық валютаның тұрақтылығы мен айырбасталымдағы кезінде инфляцияның төменгі деңгейін ұстап тұруы.

      3 Нарықтық экономикаға көшудегі  прогресс: экономикадағы және меншік  сектордың рөлі: мемлекеттік секторды жекешелендірудің дәрежесі, жеке меншік компаниялардың жетістіктері, кәсіпорындардың құрылымын өзгерту, корпарациялық басқарудың тиімділігі, қоғамның салық салуға қатысындағы өзгерістер және төлем тәртібі, экономикалық ырықтандыру, баға еркіндігі, жаңа отандық және шетелдік компаниялар үшін нарықтың ашықтығы, сыртқы сауда мен инвестициялық қызметтегі ақықтық, қаржы секторының ақуалы: банк секторының дамуы және оны реттеу, қаржы делдалдылығының дамуы, қор нарығының және банктік емес қаржы мекемелерінің дамуы, нарықтық институттардың дамулығы: тиімді инфрақұрылым мен заңнаманың болуы.

      4 Сауда ағындарын қайта бағдарлау. Экспорт пен импорттың өсу серпіні мен құрылымы, халықаралық экономикалық сауда ұйымдарына қатысу, қаржыландырудың көзі ретіндегі шетелдік тура инвестициялардың рөлі, менеджменттің деңгейі технологияларды беру арқылы бағаланады.

      Жұмыстың  мақсаты мен міндеті. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы шетелдерден едәуір несиелер алды. Сондықтан валюта қаражаттарын ұтымды, үнемді жұмсаудың маңызы арта түсуде. Олар бірінші кезекте тұтынуға арналған тауарды шығарған кәсіпорындарды құру және жаңғырту және басым өндірістерді, яғни экономиканы сауықтыру үшін белгіленген құрылымдық саясатты ескере отырып дамыту үшін пайдаланылуы тиіс. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының ерекшеліктерін тереңірек зерттеу, нарықтық макроэкономикалық принциптері бойынша құрылымын анықтау, оның тиімді және тиімсіз жақтарын қарастыру ұсынылған жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.

      Жұмыстың  құрылымы. Кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      1 Қазақстан Республикасының  ақша-несие саясатының ерекшеліктері  

      1.1  Ақша-несие саясатының  қазіргі кездегі  даму жағдайы 

      Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығына, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.

      Ақша-несие - бұл айналыстағы ақша жиынының несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі - Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.

      Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық банк эмиссиялық және коммерциялық депозиттік банк. Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып-сатумен де айналысады.

      Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттердің және банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша-несие саясатын қальптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Орталық банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын тигізеді.

      Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультипликаторға әсер ету арқылы қадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі коммерциялық банк операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.

      Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатыныың басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.

      Ұлттық банк 2010 жылы ақша-несие саясатын 2009-2011 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттарына сәйкес жүзеге асырды. Ұлттық банк инфляция бойынша мақсаттарға қол жеткізу үшін негізгілері қысқа мерзімді ноталар шығару, банктердің депозиттерін тарту, ең төменгі резервтік талаптар тетігі болатын артық өтімділікті алу бойынша операциялар жүргізді. Ақша базасының деңгейі жедел көрсеткіштердің бірі болып қалды. Артық өтімділіктің деңгейін төмендету үшін ақша-несие саясатын қатаңдату жөнінде шаралар қолданылды.

      Ұлттық банк инфляциялық қысымды азайту мақсатында 2010 жылы:

      - Ұлттық банктің операциялары бойынша мөлшерлемелерді көтеру жөніндегі шараларды, яғни «қымбат ақша» саясатын жүргізу;

      - екінші деңгейдегі банктердің артық өтімділігін алуға бағытталған шараларды қамтитын «қатаң ақша-несие саясатын» жүргізуді жалғастырды.

      Бірінші топтағы шараларды іске асыру  шеңберінде 2010 жылдың басынан бастап қайта қаржыландырудың ресми ставкасы екі рет көтерілді: 2008 жылғы 1 сәуірден бастап - 8,0%-дан 8,5%-ға дейін, 2009 жылғы 1 шілдеден бастап - 9,0%-ға дейін. Екінші деңгейдегі банктерден тартылатын депозиттер бойынша мөлшерлеме 4 рет көтерілді:

      2006  жылғы 1 сәуірден бастап - 3,5%-дан бастап 3,75%-ға дейін, 2007 жылғы 3 шілдеден бастап - 4,0% дейін, 2008 жылғы 1 қарашадан бастап - 4,25%-ға дейін, 2009 жылғы 1 желтоқсаннан бастап - 4,5%-ға дейін. Қысқа мерзімді ноталар бойынша тиімді кірістілік бір жылда 2,24%-дан 4,69%-ға дейін артып, ал 2010 жылғы қаңтарда 4,91% болды. Екінші топтағы шараларды іске асыру шеңберінде қаржы нарығындағы Ұлттық банктің банк секторындағы «артық ақшаны» алу бойынша операциялар көлемі ұлғайтылды.

      Мәселен, 2010 жылы банктерден депозитгер 2009 жылғыға қарағанда 3,1 есе артық тартылды, яғни көрсетілген кезеңде тартылған депозиттердің көлемі 2,6 трлн. теңгеден 8,1 трлн. теңгеге дейін өсті, орташа тарту мерзімі орташа жылдық 3,81% мөлшерлеме бойынша 7 күн болды. Нәтижесінде банктердің депозиттеріндегі қалдықтар бір жыл ішінде 51,5%-ға, 131,5 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

      Ұлттық банк, сондай-ақ Қаржы министрлігінен жылдық орташа 0,84% мөлшерлемемен жалпы сомасы 6 432,7 млрд. теңге болатын теңгедегі депозиттерді тартты, орташа тарту мерзімі 7 күн болды.

      Ұлттық банк 2010 жылы 3 827,0 млрд. теңгеге қысқа мерзімді ноталар шығарды. Өткен жылдағы сияқты ең төменгі ноталар эмиссиясы 2010 жылғы I тоқсанға тиесілі болды 495,9 млрд. теңге, басқа тоқсандарда ноталар эмиссиясы үлкен көлеммен жүзеге асырылды: II тоқсан - 1 039,2 млрд. теңге, III тоқсан - 1 002,1 млрд. теңге, IV тоқсан - 1 289,9 млрд. теңгені құрады.

      Бұл ретте есепті кезеңде қысқа мерзімді ноталарды өтеу көлемі 3 464,7 млрд. теңге  болды, соның нәтижесінде олардың айналыстағы көлемі 2009 жылдың аяғындағы 161,0 млрд. теңгеден 2010 жылдың аяғында 533,1 млрд. теңгеге дейін өсті.

      2010 жылы қайталама нарықта «тікелей репо» операциялары жүргізілген жоқ. «Кері репо» операциялары 800 млн. теңгеге жүргізілді, олар бойынша мерзім 7,0 күнді, кірістілік жылдық 8,0%-ды құрады.

      2010 жыл ішінде Ұлттық банк мемлекеттік бағалы қағаздарды сату бойынша операциялар жүргізген жоқ. Сатып алу көлемі жылдық 5,02% өтеуге орташа алынған кірістілікпен 12 892,9 млрд. теңге болды.

      2010 жылғы 12 шілдеден бастап Ұлттық банк «Ең төменгі резервтік талаптар (ЕРТ) туралы» жаңа ережені енгізді. Мәселен, ЕРТ нормативтеріне жатқызылатын банк міндеттемелерінің құрылымына оларды өтеу мерзімдеріне қарамастан, банктің ішкі міндеттемелерінің сомасы және банктің өзге де міндеттемелерінің сомасы кіреді. Банктің ішкі міндеттемелері тізбесі қатаң айқындалған резиденттер алдындағы міндеттемелердің жиынтығы ретінде айқындалады. Банктің өзге міндеттемелері банктердің резидент еместер алдындағы және резиденттік белгісіне қарамастан, борыштық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерінің жиынтығы ретінде айқындалып, айтарлықтай кеңейтілді. Бұл ретте ЕРТ нормативтері ішкі міндеттемелер үшін 6% және өзге де міндеттемелер үшін 8% деңгейінде жеке-жеке белгіленді. Көрсетілген өзгерістер ЕРТ ұлғаюына әкелді, мұның өзі резервтік активтердің өсуіне себепші болды.

      Ақша-несие саясатының құралдарын қолдану 2010 жылы 345 млрд. теңгеден 1 330 млрд. теңгеге дейін қаржы нарығының «байланыстырылған» өтімділігі көлемін 3,9 есе ұлғайтуға мүмкіндік берді. Айналыстағы қысқа мерзімді ноталардың көлемі, банктердің депозиттік және корреспонденттік шоттарындағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақшаны құрады.

      2010 жылы Ұлттық банк вексельдерді қайта есепке алуды жүргізетін ресми қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің экономикалық рөлін көтеруте ықпал ететін вексельдік айналыс жүйесі дамуын жалғастырды.

      Вексельдерді қайта есепке алу туралы бас келісімдер екінші деңгейдегі банкпен жасалды. 2008 жылы бірінші класты эмитенттер тізімінде 11 кәсіпорын есепте болды. 2009 жылы қайта есепке алуға 2,5 млрд. теңгеге 17 вексель қабылданды. 2010 жылдың 1 каңтарында Ұлттық банк портфелінде вексельдер сомасы 11,9 млрд. теңгені құраған болатын. 
 

      1.2 Ақша-несие саясатының түрлері, құралдары, мақсаты 

      Шаруашылық  жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

      - рекстрикциялық ақша-несие саясаты;

      - экспанциялық ақша-несие саясаты.

      Рекстрикциялық  ақша-несие саясаты - екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, соңдай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағтталатын шаралар жиынтығы.

      Экспанциялық ақша-несие саясаты - несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынтығының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтыльгғын қамтамасыз ету.

    Ақша  саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады. Ақырғы мақсат:

      - экономиканың өсуі;

      - толық жұмысбастылық;

      - бағаны тұрақтандыру;

      - төлем балансын тұрақтандыру.

     Аралық  мақсат:

      - ақша жиыны;

      - пайыз мөлшерлемесі;

      -  айырбас курсы.

      Құралдары:

      - несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;

      - міндетті резервтер нормасының өзгеруі;

      - есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі;

      -  ашық нарықтағы операциялар.

      Тікелей және жанама құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.

      Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады.

      Аралық  мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады.

      Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:

      - қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу;

      - ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу, оның ішіңде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;

      - мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу;

      - банктерге және үкіметке несие беру;

      -  валюталық нарықтағы басқыншылық;

      - кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;

      - ресми есепке алу немесе дисконттық мөлшерлемесі.

      ҚҰБ өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтық мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.

      ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты - айналыстағы тенге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.

      Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды факторы - шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады. Өткенге оралатын болсақ, теңгені енгізгеннен кейінгі жарты жылдай уақыт ішінде, валюталардың бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық табысқа қол жеткізу мүмкіндігінің салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары несиелік нарықтан валюталық нарыққа ауысып кетті. Теңгенің айырбас бағамы анықталатын сыртқы көрінісі мен сыртқы құны арасындағы шекті қатынастың бұзылуы ұлттық валютаның тұрақсыздығын одан сайын арттыра түсті.

      Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлеріне пайыз мөлшерлемесінің белгілеу базасы ретінде қызмет етеді.

      Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай қаражаттарға деген сұранысқа және инфляция деңгейіне байланысты келеді. Ұлттық банк мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер етеді және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкіндік жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші деңгейдегі банктер үшін, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегіндегі негізгі бағыттарын сипаттайтын басты бір көрсеткішті білдіреді. 
 

      1.3 Міндетті резервтер: несиелік операциялар және ақша нарығындағы операциялар 

      Коммерциялық  банктер Орталық банкке пайыз  мөлшерлемесі есептелмейтін салым ретінде ақшаны сақтайды. Бұл депозиттегі ақшаларының белгілі бір бөлігі, мұны міндетті резервтер деп атайды.

      Әр  мемлекетте ақшаны сақтау формалары  әр түрлі болады.

      Міндетті  резервтердің нормасы депозиттің көлемімен белгілі бір пайыз мөлшерлемесі арқылы тағайындалады. Олар салымның түрлеріне байланысты бөлінеді. Мысалы, жедел салым талап етілген салымнан төмен болады.

      Банктер артық резервтерді сақтайды - бұл міндетті резервтердің артық сомасы өтімді құралдарға сұраныс өсетін төтенше жағдайларда пайдаланылады.

      Ақша  нарығындағы тепе-тендікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несие көлемін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.

      Резервтік талаптар,  ашық нарықтағы  операциялардың пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік коммерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликатор үрдісін реттеу қызметтерін атқарады.

      Ақша-несие  саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген «ҚР коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы» нұсқауға сәйкес, міндетті резерв нормативі 18-20% мөлшерінде бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмеңдеп, 10,5%-ды құрайды. Банктер резервтерінің артық болуы яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің баламалы тәртібіне өтуге, яғни бұл банктердің нормативтерін орындау барысында корреспондентгік шоттағы қаражаттар сома-сын ең төменгі резервтер мөлшерінен төмен болмауьш сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.

      Әлемдік тәжірибеде міңдетті резервтердің өте  жоға-ры деңгейде болуы, банк жүйесінің  қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін  нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатыңдығын көрсетеді.

      АҚШ пен Германияда міндетті резервтік  нормалар біршама жоғары деңгейде бекітілген. АҚШ-та міндетті резервтер банктер  санатына, депозиттердің шамасы мен  түрлеріне байланысты болып келеді. Міндетті резервтер федерациялық резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталады және резервтердің артық мөлшері федералды резервтік банктердің АҚШ ақша нарығында маңызды үрдістерге байланысты операциялардың басты бір көзін құрайды. Заңмен бекітілген резервтер коммерциялық банктердің несиелеу қабілеті әсер ететін  федералды резервтік банктік жүйенің басқару кеңесінің басты құралы болып табылады. Резервтердің басты мақсаты банк несиесінің артықшылығынан немесе жеткіліксіздігінен тұрады. Дәл осылай, жанама жолмен коммерциялық банктердің несиесіне жасалатын бақылау құралы және экономиканы тұрақтандыру барысында бұл резервтер салым иелерінің мүдделерін қорғау құралы болып табылады.

      Федералды резервтік жүйе экономикалық құлдырау кезеңіңде міңдетті резервтердің іскерлік белсеңділігін арттыру және ынталандыру үшін міндетті резервтің деңгейін жиі қысқартып отырған. Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың нормативтерді орындауына байланысты ең төменгі резервтік талаптарды орындау барысында банктерге келесідей екі тәсілді қолданады:

      - міндетті резервтер;

      - резервтеудің баламалы тәртібі.

      Орталық банк неғұрлым міндетті резервтердің нормасын жоғары тағайындаған сайын, коммерциялық банктердің операцияларды жүзеге асыруға пайдаланатын қаражаты аз болады. Резерв нормасының өсуі ақша мультипликаторын төмендетіп, ақша жиынының азаюына алып келеді. Сонымен Орталық банк міндетті резерв нормасын өзгерте отырып, ақша ұсынысының динамикасына әсер етеді.

      Практикада  міндетті резервтер нормасы қайта қарастыруға сирек түседі, өйткені ондай жұмыстар өте күрделі, ал бұл құралдың күші мультипликатор арқылы жүргізгенде үлкен болады.

      Ақша-несие  саясаты арқылы реттеудің бірі есеп мөлшерлемесін өзгерту. Мұндай тіркеу мөлшерлемесін пайдаланатын Орталық банк коммерциялық банктерге несие береді. Егерде есеп мөлшерлемесі өсетін болса, онда Орталық банктен қарыз алу азаяды, демек коммерциялық банктің қарыз беру операциялары азаяды және коммерциялық банктер қымбат несие алғаннан соң, қарыз пайыз мөлшерлемесін өсіреді.

      Несиенің  азаюы және ақшаның қымбаттауы барлық жүйеге таралады. Экономикада ақша ұсынысы төмендейді.

Денежная политика в РК