Деректер қоры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
ТЕҢІЗ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНСТИТУТЫ
«ЕСЕПТЕУIШ ТЕХНИКА ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» КАФЕДРАСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: «Деректер қоры»
№ 5 нұсқа
Орындаған: ИС-11-5 тобының
студенті Косакбаев Р.
Тексерген: аға оқытушы
Абдурахманова А.А.
Ақтау қаласы,
2012ж.
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Мәліметтер базасы өрістерінің қасиеттері.
- Мәліметтер базасының объектілері
- Мәліметтер типі.
- Мәліметтер қорын құру қағидалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебеиеттер
Кіріспе
Менің бұл курстық жұмысымның басты
тақырыбы мәліліметтер базасын басқару
жүйелері, оларды пайдаланушылар және
пайдалану барысында атқарылатын жұмыстар
туралы болып табылады.
Жұмыстың тақырыбы өте ауқымды болып келеді.
Және қозғалып отырған сұрақ қазіргі уақыттағы
ең белсенді сұрақтардың бірі болып табылады.
Жұмысты жазу барысында келесідей негізгі
тақырыбтар қозғалмақшы:
1. Мәліметтер базасы, оның бүгінгі күнгі
жағдайы және жұмыс атқаруы.
2. Мәліметтер базасын пайдаланушылар,
олардың категориялары және оның әкімшілігінің
функциялары.
3. Мәліметтер базасын жобалау (практикалық
көрінісі).
Мәліметтер базасының
пайда болуы жалпы алғанда
есептеуіш техникалардың
Жұмыстың басты мақсаты болып жоғарыда
келтірілген сұрақтар мен жұмыс тақырыбын
жан-жақты, тыңғылықты және терең түрде
қарастыру болып табылады.
Осы және басқа да мәліметтермен Сіз келесі
беттерде таныса аласыз. Мәліметтер қоры кейбір қолданбалы ақпараттық
жүйеде қолданылатын деректерді қамтиды.
Мәліметтер қорының негізгі модульдері
келесі түрде болады:
• Иерархиялық модульге деректер бұтақ
тәріздес құрылым түрінде беріледі. Деректердің
осындай ұйымы иерархиялық реттелген
ақпараттармен жұмыс жасағанда ыңғайлы.
• Желілік модульге деректер ерікті граф
түрінде беріледі. Желілік модульдің кемшілігі
болып, құрылымының қаттылығы және оны
ұйымдастырудың қиындығы болып табылады.
• Объектілі – бағытталған модульге мәліметтер
қорының жазбасы объект түрінде беріледі.
Объектілі – бағытталған модуль желілік
және реляциялық модульдер ерекшеліктерін
қамтып, күрделі базалар құруда пайдаланылады.
• Реляциялық модульге деректер кесте
түрінде беріледі. Деректердің мұндай
түрінде ақпараттармен жұмыс жасау ыңғайлы.
Қазіргі заманға сай ақпараттық жүйеге
мыналар жатады: Есептеуіш жүйе Бір немесе
бірнеше мәліметтер қоры Мәліметтер қорын
басқару жүйесіüҚолданбалы программалар жиынтығыü
Мәліметтер қоры – арнайы орталықтандырылған программалық басқарудағы және анықталған бір қолдану саласына қатысты және белгілі бір құрылымға келтірілген мәліметтер жиынтығы.Мәліметтер қорының ерекшелігі ол базада мәліметтердің өздерінің сипаттамаларымен бірге орналасуында.бұл өте тиімді. Себебі, алғашқыда мәліметтердің сипаттамалары қолданбалы программаларда ғана белгіленеді. Сондықтан бір өзгеріс енігізу үшін құрылған программаларда өзгерістер енгізу қажеттілігі туындайды. Тағы бір айта кететін ерекшелік мәліметтер базасынан ақпараттарды іріктеуде жай бір файлға ақпаратты іздеу оның нақты мәнін және файлдағы физикалық форматты анықтайтын терминдерді талдау арқылы ғана жүзеге асырылады.Мәліметтер базасы деректердің электрондық сақтаушысы, оларға қатынас бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте, мәліметтер базасы деректерді сақтау үшін жасалады. Мәліметтер базасы ақпараттарды сақтауды және мәліметтерге ыңғайлы тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат қайшылықсыз біртұтас болуы керек.
Деректер қоры
Деректер қоры(ДҚ)-құрылымы
берілген тәсіл бойынша
Деректерді және олардың
арасындағы байланыстарды
Иерархиялық ДҚ – ында
жазба элементтері реттеліп
Реляциялық ДҚ – кесте
түрінде дайындалған
Реляциялық деректер қорын құру және онымен жұмыс істеуді басқару үшін көптеген арнайы программалар дайындалған: dBase, FoxBase, FoxPro, Access. Оларды Деректерді қорын басқару жүйелері (ДҚБЖ) деп аталады.
Деректерді қорын басқару жүйелері дегеніміз мәліметтер базасын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және баспа құрылғыларына шығаруға немесе байланыс арналарына жөнелтуге арналған программалық құралдар кешені.
Дүние жүзінде мәліметтер базасын басқару жүйелерінің түрлері өте көп. Олардың әрбіруінің түрлі обьектілерімен жұмыс істеу ерекшеліктеріне, қолданушыға ұсынатын қызмет түрінің өзгешелігіне қарамастан, оларда ортақ ұғымдар кешені қалыптасқан. Сондықтан бізге бір ғана мәліметтер базасын басқару жүйесін қарастырсақ жеткілікті. Солардың ішінен Microsoft Office программасының құрамына енетін Microsoft Access 2003 мәліметтер базасын басқару жүйесін таңдап алдық.
Мәліметтер базасы өрістерінің қасиеттері.
Өрістер мәліметтер базасының құрылымын ғана емес, сонымен қатар мәліметтердің топтық қасиеттерін де анықтайды.
- Өріс атауы – мәліметтер базасына автоматтандыру операцияларын қолданғанда осы өрістің элементтеріне қандай қатынаста болу керектігін анықтайды.
- Өріс типі – берілген өрістегі мәліметтер типін анықтайды
- Өріс өлшемі – берілген өріске енгізілетін символдардың ақырғы ұзындығын анықтайды
- Енгізу қалқасы – Енгізудің түрін анықтайды
- Қолтаңба – берілген өріс үшін кесте бағанының тақырыбын анықтайды
- Үнсіз келісім бойынша қабылданатын мән – ұяшықа автоматты түде енгізілетін мән.
- Мәнге қойылатын шарт – мәліметтерді енгізудің дұрыстығын тексеру үшін қолданылатын шектеу
- Қате туралы хабар – Қате мәліметтерді енгізу кезінде пайда болатын ескерту
- Міндетті өріс – Мәліметтер базасын толтырғанда берілген өрісті міндетті түрде толтыру қажеттігін анықтайтын қасиет
- Бос жолдар – бос жолдан тұратын мәліметтерді енгізуге рұқсат беретін қасиет
- Индекстелген өріс – егер өріске осы қасиет берілсе, онда осы өрісте сақталынған жазбаларды сұрыптаумен, іздестірумен байланысты амалдар жылдамдылатылады. Индекстелген өрістер үшін жазбалардағы мәндердің қайталануын тексеруді ұйымдастыруға болады.
Мәліметтер типі.
Мәліметтер базасының кестесі көптеген мәліметтер типімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Олар:
- Мәтіндік - өлшемі ақырлы кәдімгі мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған мәліметтер типі
- МЕМО өрісі – үлкен көлемді мәтінді сақтауға арналған мәліметтер типі.
- Сандық – нақты сандарды сақтауға арналған мәліметтер типі.
- Мерзімі\уақыты – күтізбе бойынша күнін, айын және уақытты сақтауға арналған мәліметтер типі.
- Қаржылық – қаржылық шаманы сақтауға арналған мәліметтер типі.
- Санауыш – жазбаларды автоматты түрде нөмірлеуге арналған мәліметтер типі.
- Логикалық – логикалық мәліметтерді сақтауға арналған тип.
- OLE обьектілер өрісі - әртүрлі обьектілерді сақтауға арналған мәліметтер типі.
- Гиперсілтеме – Интернеттің Web-объектілерінің URL-адрестерін сақтауға арналған өріс.
- Ауыстырулар шебері – бұл арнаулы емес мәліметтер типі.Бұл объектінің көмегімен мәліметтерді енгізуді автоматтандыруды дайын тізімнен таңдап алатындай етіп ұйымдастыруға болады.
Мәліметтер базасының объектілері
Microsoft Access 2003 мәліметтер базасын басқару жүйесі жеті түрлі обьектілерді құруға және қолдануға мүмкіндік береді.
Кестелер. Бұл кез келген мәліметтер базасының негізгі обьектісі болып табылады. Біріншіден кестелерде мәліметтер базасындағы барлық ақпарат сақталады, екіншіден кестелер мәліметтер базасының құрылымын анықтайды.Кестелерді байланыстыру үшін тағайындалған өрістерді кілттік өрістер деп атайды. Олардың кемінде бірнуінің кілттік өрісі бірегей, екіншісінің өрісі осы типті болуы тиіс. Басқа нұсқау берілмесе, Access автоматты түрде есептегіш өріс құрып, оны кілттік етіп қояды. Қолдан бірнеше өрістерді кілттік етіп қою да қиын емес.
Сұраныс.Бұл обьекті кестедегі мәліметтерді қолданушыға ыңғайлы түде шығарып береді. Сұраныстың көмегімен мәліметтерді сұрыптау, сүзгілеу амалдары орындалады. Сұраныстың көмегімен бұрынан бар кестенің негізінде жаңа кесте құрылады, басқа мәліметтер көзінен импортталады, кестеледе қарапайым есептеулер жүргізіледі.
Жаңадан қолданушылар
Сұраныстың ерекшелігі –
олар негізгі кестелердегі
Реттелген кестелік құрылымдардың ең басты кемшіліктері – оны жаңарту, яғни оған қосымша жаңа жазбалар енгізу болып табылады. Себебі ол кезде бүкіл кестенің реті бұзылады, оны қайта құру қажет болады. Бұл мәселе мәліметтер басқару жүйесінде өз шешімін тапқан.
Қалыптар Егер сұраныстар мәліметтерді сұрыптау мен анализдеудің арнаулы құралдары болса, алқалыптар мәліметтерді енгізу құралы болып табылады. Оның мәні мынада – ол қолданушыға тек толтыруға рұқсат етілген өрістерді толтыру құралдарын ұсынады.
Қалыптардың көмегімен
мәліметтеді экранға бейнелеп
беруге борлады. Сұраныстың
Есептер.Өзінің қасиеттерімен құрылымы жағынан есептер қалыпқа өте ұқсас келеді, бірақ ол мәліметтерді баспаға шығаруға арналған. Сондықтан есептерде баспа құжаттанына арналған арнаулы безендіру элементтері бар.
Беттер. Мәліметтер базасының осы арнаулы обьектілері Microsoft Access 2003 – те ғана жүзеге асырылған Бұл – WEB – бетте орналастырыалатын және қолданушыға сол WEB – беттен берілетін, HTLM кодында жазылатын өте айрықша обьекті. Жеке өзін алсақ бұл обьект мәліметтер базасы болып есептелінбейді, бірақ ол сервердегі мәліметтер базсын жіберілген WEB – бетпен байланыстыратын компоненттерді қамтиды.Осы компоненттерді қолдана отырып WEB – тораптағы қолданушы мәліметтер базасындағы жазбаларды көре алады.
Макрастар мен модульдер.Бұл категориядағы обьектілер осы мәліметтер базасые басқару жүйесімен жұмыс істеу кезінде қайталанатын операцияларды автоматтандыруға және программалау аққылы жаңа функциялады құруға арналған. Microsoft Access мәліметтер базасын басқару жүйесіндегі макростар МББЖ – нің ішкі командалар тізбегінен тұрады және мәліметтер базасымен жұмыс істеуді автоматтандыру құралы болып табылады.Модульдер сыртқы программалау құралдарының көмегімен құрылады.
Мәліметтер қорының негізгі түсініктері
Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер қоры басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық – программалық кешендермен қарым – қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек мәліметтер ғана емес, ақпараттар да сақтай аламыз.
Мәліметтер қорын құру қағидалары
Көп мәліметтер жұмыс жасау қажеттілігі пайда болғанда әрқашанда мәліметтер қорын пайдаланды.
Мәліметтер қоры – бұл ең алдымен кестелер жиынтығы, алайда, біз соңынан мәліметтер қорына сондай – ақ процедуралармен бірқатар басқа объектілер жатуы мүмкін екенін көреміз. Таблицаны көптеген объектілердің сипаттамалары бар кәдімгі екі өлшемді таблица түрінде көруге болады. Таблицаның идентификатор аты болады.
Кесте бағандары объектілердің қандайда бір сипаттамаларына – алаңдарға сәйкес. Әрбір алаң сақталатын мәліметтердің атымен және түрімен сипатталады. Алаң аты – бұл мәліметтермен пайдалану үшін, әртүрлі программаларда қолданылатын идентификатор. Ол кез келген идентификатор сияқты латын әріптерімен жазылады, бір сөзден тұрады және т.б.
Алаң түрі алаңда сақталатын мәліметтердің түрін сипаттайды. Бұл жолдар, сандар, үлкен мәтіндер (мысалы, қызметкерлердің мінездемелері), суреттер (қызметкерлердің суреттері) және т.с.с. болуы мүмкін.
Кестенің әрбір жолы объектілердің біреуіне сәйкес келеді. Ол жазба деп аталады және осы объектіні сипаттайтын барлық алаңдардың мазмұнын құрайды.
Мәліметтер қорының кестелерін құрған кезде ақпараттың қарама – қайшылықсыздығын қамтамасыз ету маңызды. Әдетте бұл негізгі алаңдарды енгізумен жасалады. Негізгі болып бір немесе бірнеше алаң болуы мүмкін.
Кестемен жұмыс кезінде
Мәліметтер қоры әдетте бір емес, көптеген кестелерден тұрады. Мысалы, кейбір ұйым туралы мәліметтер қорында әрбір бөлімшенің сипаттамасы бар кесте бар. Dep атты осындай таблицаның мысалы келесі кестеде көрсетілген. Осы кестенің алаң аттары Dep және Proisv.
Dep бөлімшелері туралы мәліметтер кестесінің мысалы:
Бөлім |
Тип |
Dep |
Proisv |
Бухгалтерия |
Басқарма |
Цех |
Өндіруші |
Цех |
Өндіруші |
Бөлек және кестелер әрине пайдалы, бірақ одан да көп ақпаратты кестелер жиынтығынан алуға болады. Мысалы, өндірістік цехтерде жұмыс жасайтын, қызметкерлердің жалпы саны пайдаланушыға білу қажет болады. Бірақ жоғарыда көрсетілген кестелердің біреуіде бұл сұраққа жауап бермейді, себебі Pers кестесінде бөлімшелердің түрлері жайлы мағлұматтар, Dep кестесінде қызметкерлер жайлы мағлұматтар жоқ. Осындай сұраныстарға жауап алу үшін байланысқан кестелердің жиынтығын қарастыру қажет.
Байланысқан кестелерде әдетте бір кесте басты болады, ал басқасы немесе бірнеше басқа кестелер – көмекші кестелер болады. Басты және көмекші кестелер бір – бірімен кілт арқылы байланысады. Кілт ретінде екі кестеде де болатын алаң шыға алады. Мысалы, жоғарыда келтірілген кестелерде басты болып Dep кестесі, көмекші болып Pers кестесі бола алады, ал олар болса екі кестеде де бар Dep алаңы бойынша байланысады. Курсор басты кестенің индексі үстінен жүреді. Осылайша біздің мысалда егер басты кестенің Dep алаңындағы ағымдағы жазбада «бухгалтерия» деп жазылған болса, онда көмекші Pers кестесінде бухгалтерия қызметкерлерінің барлық жазбалары шығады.
Қарапайым мәліметтер қорының құрылымы
Базаға ешқандай мәліметтер енгізілмеген жағдайда да мәліметтерқоры болып қала береді. Өйткені ондай мәліметтер болмаған күннің өзінде де, қандай да бір ақпарат бар – бұл мәліметтер қорының құрылымы. Ол мәліметтерді енгізудің және сақтаудың әдістерін анықтап береді. Мәліметтер қоры көптеген объектілерден тұрады, бірақ солардың ең негізгісі кесте болып табылады. Ең қарапайым мәліметтер қоры бір ғана кестеден тұрады. Сәйкесінше, ең қарапайым мәліметтер қорының құрылымы сол кестенің құрылымымен анықталады.
Мәліметтер қорлары мен қосымшалар
Мәліметтер қоры мен қосымшалардың өзара орналасуларына байланысты келесі мәліметтер қорларын бөліп көрсетуге болады:
- Локальды мәліметтер қорлары;
- Жойылған мәліметтер қорлары.
Локальды мәліметтер қорларымен операциялар жасау үшін локальды қосымшалар, ал жойылған мәліметтер қорларымен операциялар жасау үшін клиент – серверлік қосымшалар дайындалады.
Мәліметтер қорының орналасуы көптеген жағдайда осы қорда бар мәліметтерді өңдейтін қосымшалардың дайындалуына әсер етеді. Осылайша, келесі қосымшалар түрлерін бөліп көрсетуге болады:
- Локальды мәліметтер қорын пайдаланатын қосымшаларды бір деңгейлі (бір буынды) қосымшалар деп атайды. Себебі, қосымша мен мәліметтер қоры біртұтас файлдық жүйені құрайды;
- Жойылған мәліметтер қорын пайдаланатын қосымшаларды екі деңгейлі (екі буынды) және көп деңгейлі (көп буынды) қосымшалар деп бөледі. Екі деңгейлі қосымшаларда клиенттік және серверлік бөлшектер бар;
- Көп деңгейлі (әдетте үш деңгейлі) қосымшалар клиенттік және серверлік бөлшектер мен қоса қосымша бөлшектерге ие. Мысалға үш деңгейлі қосымшаларда клиенттік бөлшек, қосымшалар сервері мен мәліметтер қорының сервері бар.
Бір және екі деңгейлі Delphi қосымшалары келесі механизмдерді қолдана отырып локальды және жойылған мәліметтер қорына қол жеткізе алады:
- BDE (Borland Database Engine – Borland фирмасының мәліметтер қорының процессоры) мәліметтер қорымен әрекеттесу үшін AP1 дамыған интерфейсін ұсынады.
- ADO (Active X Date Objects – Active X мәліметтерінің объектілері) OLE DB (Objects Linking and Embedding DateBase – мәліметтер қорының объектілерін байланыстыру мен ендіру) көмегімен ақпаратқа қол жеткізуді жүзеге асырады;
- dbExpress драйверлер жинағы көмегімен мәліметтер қорындағы ақпараттарға тез қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
- Interbase тікелей Interbase мәліметтер қорына қол жеткізуді іске асырады.
Қорытынды
Мәліметтер
қорындағы ақпараттарға қол жеткізу
технологиясының вариантын
Үш
деңгейлі Delphi 7 қосымшаларын DataSnap механизмі
көмегімен құрастыруға болады. Мәліметтер
қорының үш деңгейлі қосымшаларын құрастыру
кезінде пайдаланатын компоненттер
DataSnap пен DataAccess беттерінде орналасқан.
Мәліметтер базасы бұл ақпараттарды сақтау
үшін арналған ұйымдастырылған құрылым.
Алғашқы кезде, яғни, мәліметтер базасы
түсінігі қалыптаса бастаған жылдары,
бұл базаларда тек қана мәліметтер сақталып
жүрді. Бірақ бүгінгі күнгі мәліметтер
базасын басқару жүйелері (МББЖ) өз құрылымында
тек қана мәліметтерді ғана емес, сонымен
қатар тұтынушылармен немесе басқа да
программалық-ақпараттық кешендермен
қарым-қатынас жүзеге асырылатын әдістерді
(яғни, программалық код) де орналастыруға
мүмкіндік береді. Осылайша біз қазіргі
заманғы мәліметтер базасында тек қана
мәліметтер ғана емес, сонымен бірге ақпарат
та сақталатындығын айта аламыз.
Егер, мысалы, ірі банктің мәліметтер
базасын қарастыратын болсақ, бұл анықтаманы
оңай түсіндіруге болады. Бұнда клиенттер
туралы, олардың мекен-жайлары, кредиттік
тарихы, есеп шоттарының жағдайы, қаржылық
операциялары және т.б. туралы мәліметтер
сақталады. Бұл базаға банктің көптеген
қызметкерлері кіре алады. Бірақ олардың
ішінде бұл базаға толықтай ие болып, оған
өзі жеке өзгерістер енгізе алатын адам
жоқ. Мәліметттерден басқа базада әр түрлі
әдістер мен жабдықтар бар, ол әрбір қызметкерге
оның компетенциясына кіретін мәліметтермен
ғана жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Базадағы мәліметтердің нақты қызметкерлерге
тиісті әдістермен өзара байланысы нәтижесінде
қызметкерлер пайдаланатын және өз компетенциясы
шеңберінде мәліметтерді енгізу мен редактрлеуді
жүргізетін ақпарат қалыптасады.
Мәліметтер базасы түсінігімен мәліметтер
базасын басқару жүйесі түсінігі тығыз
байланысты. Бұл жаңа базасының құрылымын
құру, оны мәліметтермен толтыру, мәліметтерді
редактрлеу мен ақпараттарды визуалдау
үшін арналған программалық жабдықтар
кешені. Базаның ақпаратын визуаладау
деп берілген критерилерге байланысты
көріністегі мәліметтерді іріктеуді,
оларды тәртіптеуді, толықтыру және шығару
құрылғысына беру немесе байланыс каналдары
бойынша жіберуді түсінуге болады.
Әлемде көптеген мәліметтер базасын басқару
жүйелері бар. Олардың әр түрлі объектілермен
әр түрлі жұмыс істеу мүмкіндігі мен пайдаланушыларға
әр түрлі функциялар мен жабдықтар ұсынатындағына
қарамастан МББЖ-нің көбі ортақ негізгі
түсініктердің тұрақты кешеніне негізделеді.
Бұл бізге бір жүйені қарастырып, оның
түсініктерін, әдістерін және тәсілдерін
МББЖ-нің барлық классына жалпылауға мүмкіндік
береді.
1.2. Мәліметтер базасының кең түрде қолданылуының
алғы шарттары.
МБ-ның айқын басымдылықтары мен объективті
алғы шарттары оның кең түрдегі қолданысына
әкелді. Оны қолданудың алғы шарттарына
келесілер жатады:
• нақты өмірдің объектілері өзара күрделі
қарым-қатынаста болады. Бұның бәрі олардың
ақпараттық көрінісі өзара байланысқан
бір бүтінді қалыптастыруды талап етеді;
• әртүрлі пайдаланушылардың ақпараттық
қажеттіліктері өзара қиылысады, ал бұл
бір мәліметтер базасын қолдануды және
әртүрлі пайдаланушылардың оған кіру
мүмкіндігін бір мақсатты қылады;
• ақпараттық қорды құру мен жүргізу функциялары
мен қажетті мәліметтерді ұсыну әртүрлі
тапсырмаларды шешуде универсалды және
жалпы болып табылады. Мәліметтерді басқару
үшін мамандандырылған программалық жабдықтарды
құру бұл функциялардың орындалу деңгейінің
өсуі мен ақпараттық жүйелерді құрудың
еңбек сыйымдылығының қысқаруына әкеледі;
• техникалық және программалық қамтамасыз
етудің дамуының қазіргі заманғы деңгейі,
ақпараттық жүйелерді құру теориялары
мен практикасы тиімді МБ-н құруға мүмкіндік
береді.
Мәліметтер
базасын пайдаланушылар. Пайдаланушылар
категориялары.
Мәліметтер базасымен оның құру мен функционалдау
процесінде әр түрлі категориядағы пайдаланушылар
бірге іс-әрекет жасайды. Пайдаланушылардың
негізгі категориясы болып түпкілікті
пайдаланушылар, яғни, олардың қажеттіліктері
үшін мәліметтер базасы құрылатын пайдаланушылар
табылады. Құрылушы мәліметтер базасының
ерекшеліктеріне байланысты оның түпкілікті
пайдаланушылар әр түрлі бола алады. Бұл
мәліметтер базасына мезгіл өткен сайын
көңіл аударатын кездейсоқ пайдаланушылар
болуы мүмкін немесе тұрақты, яғни, әрдайым
пайдаланатын пайдаланушылар болуы мүмкін.
Түпкілікті пайдаланушылар бір-бірінен
есептеуіш техниканы меңгеру дәрежесімен
де ерекшеленуі мүмкін. Түпкілікті пайдаланушылардан
есептеуіш техника мен тіл жабдықтары
саласында арнайы білім талап етілмеуі
керек.
Мәліметтер базасын функционалдау мәліметтер
базасын құруды, функционалдауды және
дамытуды қамтамасыз етуші мамандардың
қатысуынсыз мүмкін емес. Мамандардың
бұндай тобы мәліметтер базасының администраторлары
(МБА) деп аталады. Мамандардың бұл тобы
мәліметтер базасының құраушы бөлігі
болып есептелінеді. Мәліметтер базасы
әкімшілігінің функциялары. Мәліметтер
базасының администраторларының тобының
құрамында олардың атқаратын функцияларына
байланысты әртүрлі топшаларды бөліп
көрсетуге болады. Әкімшілік топтың құрамының
саны, олардың атқаратын қызметі мәліметтер
базасының масшатабына, онда сақталатын
ақпараттың спецификасына, мәліметтер
базасының типіне, қолданыстағы бағдарламалық
жабдықтар ерекшеліктеріне және кейбір
басқа факторларға белгілі-бір дәрежеде
тәуелді болады.
Мәліметтер базасының әкімшілігінің
құрамында жүйелік аналитиктер, мәліметтер
базасына қатысы бойынша сыртқы ақпараттық
қамсыздандыруды жобалаушылар, мәліметтерді
өңдеудің технологиялық процесстерінің
жобалаушылары, жүйелік және қолданбалы
программистер, операторлар, техникалық
қамсыздандыру бойынша мамандар болуы
керек. Егер әңгіме коммерциялық мәліметтер
базасы жөнінде болса, онда бұл жерде маңызды
рольді маркетинг бойынша мамандар ойнайды.
Мәліметтер базасының администраторлары
жан-жақты функциялардың үлкен шеңберін
орындайды. Әрі қарай олардың кейбіреуін
қарастырып өтуге болады. Бұл функциялардың
негізгілері келесідей:
1. Пәндік облыс анализі: пәндік облысты
жазбаша суреттеу, толықтылықты шектеуді
табу, ақпарат статусын анықтау, пайдаланушылар
қажеттіліктерін анықтау, пайдаланушылар
статусын анықтау, "мәліметтер - пайдаланушы"
сәйкестігін анықтау, мәліметтерді өңдеудің
уақыттық - көлемдік мінездемесін анықтау.
2. Мәліметтер базасының құрылымын жобалау:
мәліметтер базасының файлдарының құрамы
мен құрылымын анықтау, олардың арасындағы
байланыстарды анықтау, мәліметтерді
тәртіптеу әдістері мен ақпаратқа енуі
әдістерін таңдау, мәліметтер базасы мен
мәліметтерді жазбаша суреттеу тілдерінің
құрылымын жазбаша суреттеу.
3. Мәліметтер базасы мен МБ-н өңдеу шараларының
құрылымын жазбаша суреттеу кезінде толықтылықты
шектеуді беру: пәндік облысқа жататын
толықтылықты шектеуді беру, мәліметтер
базасының құрылымымен шақырылған толықтылықты
шектеуді анықтау, мәліметтерді енгізу
мен корректировкалауда МБ-ң толықтылығын
қамтамасыз ететін шараларды құру, көп
пайдаланушылар режимінде пайдаланушылардың
параллельді жұмысында толықтылықты шектеуді
қамтамасыз ету.
4. Мәліметтер базасын алғашқы жүктеу мен
жүргізу: мәліметтер базасын алғашқы жүктеу
мен жүргізу технологиясын жасау, енгізу
формаларын жобалау, мәліметтерді дайындау,
енгізу және енгізуді бақылау.
5. Мәліметтерді қорғау.
5.1. Жүйеге пароль арқылы кіруді қамтамасыз
ету: пайдаланушыларды тіркеу, парольдарды
тағайындау және өзгерту.
5.2. Нақты мәліметтерді қорғауды қамтамасыз
ету: пайдаланушылар топтарының және жеке
пайдаланушылардың ену құқықтарын анықтау,
жеке пайдаланушылар үшін мәліметтерге
жасалатын рұқсат етілген операцияларды
анықтау, мәліметтерді қорғаудың программалық
- технологиялық жабдықтарын таңдау/құру.
5.3. Мәліметтерді қорғау жабдықтарын тестілеу.
5.4. Ақпаратқа енудің қарастырылмаған
жолдарын анықтау/тіркеу.
5.5.Мәліметтерді қорғауды бұзудың пайда
болған жағдайларын зерттеу және оларды
жою мен алдын-алу бойынша іс-шаралар жүргізу.
6. МБ-н қайта қалыптастыруды қамтамасыз
ету: МБ-н қайта қалыптастырудың программалық-технолгиялық
жабдықтарын құру, жүйелік журналдарды
жүргізуді ұйымдастыру.
7. МБ-на пайдаланушылардың жолдауның анализі:
пайдаланушылардың МБ-на жолдауының статистикасын
жинау, оны сақтау және анализдеу.
8. МБ-ның жұмыс жасау тиімділігінің анализі
мен жүйенің дамуы: жүйенің жұмыс жасу
көрсеткіштерінің анализі (өңдеу уақыты,
жадының көлемі, құндық көрсеткіштер),
мәліметтер базасын қайта ұйымдастыру
мен қайта құрылымдау, мәліметтер базасының
құрамын өзгерту, программалық және техникалық
жабдықтарды дамыту.
9. пайдаланушылармен жұмыс жасау: пәндік
облыстағы өзгерістер туралы ақпарат
жинау, пайдаланушылардың МБ-ң жұмысын
бағалау туралы ақпарат жинау, пайдаланушыларды
оқыту, пайдаланушыларға кеңес беру.
10. Жүйелік программалық жабдықтарды дайындау
және қолдау: МББЖ және ҚПП туралы ақпарат
жинау және анализдеу, программалық жабдықтарды
иемдену, оларды орналастыру, жұмысқа
жарамдылығын тексеру, жүйелік кітапханаларды
қолдау, программалық жабдықтарды дамыту.
11. Ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс:
МБ-н жобалау әдістемесін таңдау немесе
құру, жүйенің даму бағыттарын және мақсаттарын
анықтау, МБ-ң даму кезеңдерін жоспарлау,
ұйымдастырушылық-әдістемелік материалдарды
жасау және шығару.
Әдебиеттерде жиі-жиі пайдаланушылардың
тәуелсіз категориясы ретінде қолданбалы
программистерді бөліп көрсетеді. Мамандардың
бұл тобын ерікті категорияға қоспау керектігі
ойластырылуда. Одан да оларды мәліметтер
базасының администраторларының құрамына
қосу керек.
2.3. Мәліметтер базасы администраторының
байланыстары.
МБ-ң администраторы өз қызметінің барысында
мәліметтер базасының басқа пайдаланушыларымен,
сонымен қатар МБ-ң пайдаланушылары болып
табылмайтын "сыртқы" мамандармен
де қарым-қатынасқа түседі.
Ең алдымен егер мәліметтер базасы қандай
да бір кәсіпорынды немесе ұйымды ақпараттық
қамтамасыз ету үшін құрылса, онда осы
ұйымның әкімшілігімен қарым-қатынас
қажет. Жоғарыда көрсетілгендей МБ-сын
енгізу ақпаратты өңдеу жүйесінде ғана
емес, сонымен бірге ұйымды басқарудың
бүтіндей жүйесіне де өзгеріс енгізеді.
Бұндай үлкен жобалардың ұйым басшылығының
белсенді түрде араласуынсыз және қолдауынсыз
орындалмайтыны анық. Ұйым басшылығы МБ-мен
ұсынылатын мүмкіндіктермен танысуы керек,
оның басымдылықтары мен жеткіліксіздіктері
туралы хабарлануы тиіс, сонымен қатар
МБ-ның құрылуы мен функционалдануы барысында
пайда болатын мәселелер туралы ақпарат
алуы тиіс.
Мәліметтер базасы пәндік облыстың динамикалық
ақпараттық көрінісі болып табылатындықтан
МБ-ның администраторлары өз кезегінде
ақпараттық жүйе құрылатын объектінің
даму переспективасы туралы уақытында
хабарлануы тиіс.
Ұйым басшылығы мен МБ-ның администраторы
МБ-н құрудың негізгі бағыттары мен уақыты
және оның дамуы, пайдаланушыларды қосу
кезектілігі туралы келісуі қажет.
МБА-ның МБ-ның бүкіл өмірлік циклінің
кезеңдеріндегі өте тығыз байланыс түпкілікті
пайдаланушылармен байқалады. Бұл қарым-қатынас
пайдаланушылардың қажеттіліктері зерттелген
кездегі, пәндік облыстың ерекшеліктері
анықталған кездегі жүйені жобалаудың
алғашқы кезеңдерінде басталады және
жобалау процессі мен жүйенің функционалдануы
кезінде де қолдау табады.
Соңғы уақыттарда мәліметтер базасының
түпкілікті пайдаланушылары мен администраторлары
арасында функцияларды қайта бөлу жүріп
жатқандығын айта кеткен жөн. Бұл ең алдымен
түпкілікті пайдаланушыларға бағытталған
тілдік және программалық жабдықтардың
дамуымен байланысты. Бұған қарапайым
және соған қоса күшті сұрау салу тілдері,
сонымен қатар жобалауды автоматтандыру
жабдықтары жатады.
Егер мәліметтер базасы қандай-да бір
оны қосушы автоматтандырылған ақпараттық
жүйенің (мысалы, АБЖ-да) құрамында функционалданса,
онда МБА-а бұл жүйеде мәліметтерді өңдеу
бойынша мамандармен қарым-қатынаста
жұмыс істеуі қажет.
МБ-ның администраторлары оған қатысты
мамандардың сыртқы топтарымен де және
ең алдымен МББЖ және ҚПП жеткізушілерімен,
басқа МБ администраторларымен қарым-қатынасқа
түседі.
МБ-сын мамандандырылған жобалық ұжымдармен
бүтіндей немесе МБ жобалаудың өзіндік
нысаны ретінде жиі құрылады. Бұл жағдайда
МБ-ның әкімшілік қызметі ұйымдық-өндіруші
ретінде де, ұйымдық-тапсырыс беруші ретінде
де құрылуы керек.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Акопянц А. Системы управления Web
- контентом. Издательство "Открытые системы. Ж-л "Мир электронной коммерции". 2000. - Вып.2.-
14с. http://www.osp.ru/ecom/2000/
02/052.htm - Федоров В.В. Сервер своими руками. Электронный ж-л "Компьютер Бизнес Маркет". 08.12-15.12.2000. Вып.50 (79).-10с. http://www.atlant.ru/comar
- Когаловский М. XML: Возможности и перспективы. Издательство
"Открытые системы". Электронный ж-л "Директору информационной службы". 2001. Вып.2.
- 11с. http://www.osp.ru/cw/cio/2001/
02/016.htm - Вавилов К., Щербина С. Web - Интеграция. Издательство "Открытые системы". Электронный ж-л "Открытые системы. 2001. Вып.01. -12 с. http://www.osp.ru/os/2001/01/
043.htm - Байков В. ИНТЕРНЕТ: Поиск информации и продвижение сайтов. - Саект-Петербург. БХВ- Петербург, 2000. 288 с.
- Настольная книга Web-мастера - 2-е издание отличного руководства по сайтостроительству. Книга посвящена современным интернет-технологиям - таким, как HTML 4 и XHTML; CSS уровней 1 и 2; JavaScript и DHTML.
- Ноутон П. Шилдт Г. Java 2. Наиболее полное руководство в подлиннике. Перевод с англ. СПБ.: БХВ - Петербург. 2000. - 1072 с.
ниями.

- Деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) ақпараттарды кестелік өңдеу
- Деректер қорын жобалау, жалпы түсінік
- Держава і міжнародні організації в міжнародному приватному прав
- Держава і право Західноукраїнської Республіки (ЗУНР)
- Держава і право Скіфії
- Держава і право у період відродження української державності (1917-1920 рр)
- Держава та ринок
- Деревянные конструкции из дерева и пластмасс
- Деревянные конструкции покрытия промышленного здания
- Деревянные конструкции промышленного здания
- Деревянные перекрытия
- Деревянный каркас одноэтажного промышленного здания
- Деревянный мост
- Деревянный мост под автомобильную дорогу