Дүние жүзінің отын-энергетика кешеніне сипаттама
Қостанай
Мемлекеттік Педагогикалық
Жаратылыстану - математика факультеті
Жаратылыстану ғылымдарының кафедрасы
Арғынбайқызы Таңшолпан
Дүние жүзінің отын-энергетика кешені
Ғылыми жетекші: Баймағанбетова Қ.Т аға оқытушы
Қостанай
2014
Жоспар
КІРІСПЕ
1 Отын-энергетика
кешені........................
1.1 Отын-энергетика
кешені құрамы, құрылымы маңызы...............
1.2 Отын-энергетика
кешенінің орналасу талаптары.....................
2 Дүние жүзінің
отын-энергетика кешеніне
2.1.
Мұнай өнеркәсібі....................
2.2 Газ өнеркәсібі....................
2.3 Көмір өнеркәсібі....................
2 тарау
2.4Электр энергетикасы..................
2.4.1 Атом
электростанциялары............
2.4.2 Жылу электростанциялары............
2.4.3 Су электростанциялары............
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Дүниежүзілік
шаруашылық жүйесінің негізгі салаларының
бірі — отын-энергетика кешені. Бастапқы
энергетика байлықтарын дүние жүзі
бойынша өндіру және тұтыну ұдайы
өсіп келеді. Ол 1900 жыл 1 миллиард тонна
шартты отыннан 1990 жыл 10 миллиард тоннаға
дейін өсті, ал 2000 жыл 14 миллиард тоннаға
жетті.
Соңғы 200 жыл ішінде дүниежүзілік отын-энергетика
өнеркәсібі өзінің дамуында басты екі
кезеңнен өтті. 19 ғасырдың өн бойында және
20 ғасырдың 1-жартысында көмір кезеңі болды,
яғни дүниежүзілік отын-энергетика балансының
құрылымында көмір отыны басым болды.
Одан кейін мұнай-газ кезеңі келді. Бұл
— қатты отынмен салыстырғанда неғұрлым
тиімді энергия көзі. 20 ғасырдың 80-жылдары
дүниежүзілік энергетика өз дамуының
3-кезеңіне өтті, ол бірнеше ондаған жылдарға
созылмақ. Бұл уақыт ішінде, негізінен,
сарқылатын минералдық отын байлықтарын
пайдаланудан гөрі қалпына келетін және
сарқылмайтын байлықтарға (Күн, жел, атом
энергиясы, т.б.) негізделген энергетикаға
біртіндеп көшу жүзеге асуға тиіс.
Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінде мұнай
өнеркәсібінің орны ерекше. Мұнайды дүние
жүзінің 80 елінде (жылына 3,5 миллиард тонна)
өндіреді. 2000 жылғы дерек бойынша ірі мұнай
өндіретін елдер (миллион тонна есебімен):
Ресей (385), АҚШ (365), Сауд Арабиясы (325), Мексика
(145), Ирак (100), Қытай (140), Біріккен Араб Әмірлігі
(90), Иран (115), Канада (95), Ұлыбритания (95),
Венесуэла (95). Қазақстан мұнай өндірудің
көлемі жағынан (35 миллион тонна; 2000) дүние
жүзінде 18 орында, ал мұнайдың барланған
қоры жағынан 5 орында. Дүние жүзіндегі
мұнайдың барланған қорының 65%-і ОПЕК-ке
(мұнайды экспорттаушы елдер ұйымы), оның
ішінде Парсы шығанағы елдерінің үлесіне
тиеді. Дүниежүзілік газ өнеркәсібі 20
ғасырдың 2-жартысында айтарлықтай дамыды.
90-жылдардың ортасында дүние жүзінде орта
есеппен 2 триллион тонна газ өндірілді.
Ол жақын уақытқа дейін, негізінен, экономикасы
дамыған елдерге шоғырланған болатын.
Бірақ, соңғы 20 жыл ішінде газ өндіру дамушы
елдерде де өсе бастады. Бұл елдер газды
сұйытылған күйінде, сондай-ақ, құрлықаралық
су асты газ құбырларымен экспортқа шығаруды
жолға қойған. Ірі газ өндіретінелдер
(миллиард/м3): Ресей (640), АҚШ (500), Канада
(120), Нидерланд (75), Ұлыбритания (50). Қазақстан
газ қорының көлемі (1,4 триллион/м3) жағынан
дүние жүзіндеалдыңғыорындардыңбірінд
1.1 Отын-энергетикалық кешеннің құрамы, құрылымы және маңызы.
Отын-энергетикалық кешен (ОЭК) отын өнеркәсібі мен электр қуатын біріктіреді.
Міндеті
Халықты, шаруашылықтың барлык салаларын отынмен және энергия қуатымен қамтамасыз ету.
- отынды үнемдеп пайдалану.
ОЭК отынды өндіру мен оны алғашқы
өңдеуді, электр қуаты мен жылу өндіру,
оларды тұтынушыларға құбыр және
электр желісі арқылы жеткізу (ЭЖЖ) процестерін
қамтиды.
Қазакстанның ОЭК жоғары өсу қарқыны, күрделі жұмсалымға тартымдылығы, баска салааралық кешендермен тығыз байланысымен айқындалады.
ОЭК - өсіресе металлургия және құрылыс машиналары кешендерімен тығыз байланысады. Отын тасымалдауда жетекші жұмысты құбыр, теңіз және темір жол көлігі атқарады.
ОЭК - бұл елімізге ең негізгі табыс көзін, яғни экспорт түсімінің 3/4 бөлігін әкелетін кешен.
Құрамы
Кешеннің
табиғи негізін энергетикалық
'''Қалпына келмейтін түріне''' - минералдық отын (мұнай, табиғи газ, көмір) жөне ядролық отын (уран) жатады. '''Қалпына келетін''' ресурсқа cy ресурсы (өзеннің кұлама суының куаты), күн, жел куатының мол қазынасы және жердің ішкі жылуы. Бүларды өмірде колдану атмосфераға зиянды газ шығармайды, экологиялық ортаға тиімді.
Қазақстандағы минералдық отын қоры, 2008
Минералдықотын |
Қоры |
Әлемдегіорны |
Әлемдегі қордағы үлесі, % |
Көмір, млрд т |
31,3 |
7 |
3,8 |
Мұнай, млрд т |
5,3 |
8 |
3,2 |
Табиғи газ, млрд м3 |
3 |
10 |
1,6 |
Уран, млн т |
2,5 |
2 |
19 |
Негізгі сипаттары
- Ол отынның ірі ресурстары мен энергия қуатына сүйенеді. Оның көлемі жөнінен дүние жүзінде жоғарғы орындардың бірін алады.
- Отынды өндіру ішкі тұтынудан бірнеше есе асып түседі.
- Өте тиімді отын түрі табиғи газ бен мұнайды пайдаланудың үлесі кебейді. Бірақ негізгі энергия көзі көмір болып саналады.
- Органикалық отынды атмосферада жағудың нәтижесінде қоршаған ортаны ластайтын заттар мен булы газдар көбірек бөлінеді.
Еліміз отынды ысыраппен пайдалануда.
Сондықтан болар Қазақстан экон
Еліміздің ОЭК-і - шетелдік компаниялармен ынтымақтастықтың басты саласы.
1990 жылдары
олар кешеннің барлық
Қазакстанның отын өнеркәсібінің өзіне төн даму және орна- ласу ерекшеліктері бар.
1.2 Дүниежүзілік отын-энергетика кешеніне теориялық сипаттама
Бастапқы
энергетика байлықтарын дүние
жүзі бойынша өндіру және
Соңғы 200 жыл ішінде дүниежүзілік отын-энергетика өнеркәсібі өзінің дамуында басты екі кезеңнен өтті. 19 ғасырдың өн бойында және 20 ғасырдың 1-жартысында көмір кезеңі болды, яғни дүниежүзілік отын-энергетика балансының құрылымында көмір отыны басым болды. Одан кейін мұнай-газ кезеңі келді. Бұл — қатты отынмен салыстырғанда неғұрлым тиімді энергия көзі. 20 ғасырдың 80-жылдары дүниежүзілік энергетика өз дамуының 3-кезеңіне өтті, ол бірнеше ондаған жылдарға созылмақ. Бұл уақыт ішінде, негізінен, сарқылатын минералдық отын байлықтарын пайдаланудан гөрі қалпына келетін және сарқылмайтын байлықтарға (Күн, жел, атом энергиясы, т.б.) негізделген энергетикаға біртіндеп көшу жүзеге асуға тиіс.
Көмір өнеркәсібінің (жылына орта есеппен 4,5 миллиард тонна көмір өндіріледі) дамуы мұнайдың арзан кезеңінде баяулады, бірақ одан кейін қайтадан жеделдеді. Көмір дүние жүзінің 60 елінде өндіріледі, әрі, негізінен, сол елдердің өзінде тұтынылады, дүниежүз. рынокқа 1/10 бөлігі ғана түседі. Көмірмен халықар. сауда жасау, негізінен, теңіз жолдарымен іске асырылады. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің отын-энергетика кешеніндегі негізгі салалардың бірі — электр энергетикасы. Жылына дүние жүзінде 12,0 триллион кВт/сағ электр энергиясы өндіріледі (1999). Ол, әсіресе, 20 ғасырдың аяғында қарқынды өсті. Электр энергетикасы жылу, су және атом энергетикаларына бөлінеді. Дүние жүзінде минералдық отынмен жұмыс істейтін ЖЭС-тердің жалпы электр энергиясын өндірудегі үлесі 63%. Әдетте, ЖЭС-тер көмір алаптарына немесе энергияны тұтынатын аудандарға жақын орналасады. Су энергетикасының үлесі — 20%. Бірақ, СЭС-тердің үлесі барған сайын кеміп келеді. Энергетиканың тағы бір саласы — атом энергетикасы. Дүние жүзінде 29 елде 50-ге тарта ірі АЭС-тер жұмыс істейді. Оның дүниежүз. энергетикасындағы үлесі — 22%. Электр энергиясын басты экспорттаушы елдер: Ресей, Украина, Венгрия, Франция, Швейцария, Канада; импорттаушы елдер: Италия, Нидерланд, АҚШ. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесін минералдық шикізаттармен қамтамасыз ету тау-кен өнеркәсібінің үлесіне келеді. Ол көптеген елдерде дамыған, алайда оның өнімінің 65%-ін ТМД елдері, АҚШ, Қытай, Австралия, Канада, Оңтүстік Африка республикасы өндіреді. Кейінгі 10 жыл ішінде дүниежүз. кен өнеркәсібінде дамушы елдердің рөлі артып отыр. Кез келген елдің экон. қуатын металлургия өнеркәсібі анықтайды. Оның қара металлургия саласы көп уақыт бойы тас көмір алаптарында ғана дамыды. АҚШ-тағы, шетелдік Еуропадағы, Ресейдегі, Украинадағы, Қытайдағы басты металлургия базалары осылайша пайда болған. Темір кені қазір 50 шақты елде өндіріледі. Дүние жүзіндегі ірі темір кенін өндіретін елдер (млн. т): Қытай (160), Ресей (105), АҚШ (55), Канада (40), Австралия (110), Украина (100), Бразилия (160), Үндістан (55), Қазақстан (18 млн. т). Болат қорытудан (млн. т): Жапония (110), Ресей (90), АҚШ (90), Қытай (60), Украина (50), Германия (50). Қазақстанда жылына ора есеппен 5 млн. т болат қорытылады. Дүние жүзіндегі түсті металлургия өндірісінің көлемі қара металлургиядан 20 есе аз. Мұнда ауыр, түсті, легирленген және асыл металдар металлургиясы, әдетте оларды өндіретін елдер мен аудандарда дамыған. Қазақстан түсті металлургия өндірісі бойынша дүние жүзінде жетекші орын алады. Нақты айтқанда, хром және барит кентастарын өндіруден 1-орынды алса, мыс, хром, қорғасын, мырыш, вольфрам, молибден, тантал, титан, ниобий, цирконий кентастарының қоры жағынан алдыңғы 5 елдің құрамына кіреді. Алтын, күміс кентастарынан 6-орындарды алады. Сонымен қатар, дүние жүзінде өндірілетін 29 металл шикізаттарының 23-і Қазақстанда өндіріледі.
Отын-энергетика кешені
Аталған кешен құрамына казіргі заманғы шаруашылықтың негізін құрайтын отын (мұнай, табиғи газ, көмір және т.б.) мен электр энергиясын өндіру, оларды тасымалдау енеді. Өндірістің дамуы отын мен энергия түрлерін игерумен тығыз байланыста жүреді. Адамзат қоғамы дамудың неғүрлым жоғары сатысына көтерілген сайын өндірістің отын мен энергияға сұранысы арта түсті.
Бастапқы энергия көздері (БЭК) қатарына жататын мұнай мен табиғи газдың, көмірдің отын-энергетика құрылымындағы арасалмағы XX ғасырда күшті өзгеріске түсті. Дүниежүзілік отын-энергетика балансында көмір ұзақ уақыт бойы басым болып келсе, XX ғасырдың ортасынан бастап мұнай жетекші орынға шықты (38-сызбанұсқаға қараңдар).
1.3 Мұнай өнеркәсібі
Мұнай өнеркәсібі— дүниежүзілік шаруашылықтың Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қарқынды өркендеген саласы. Дүниежүзіндегі басты мұнай алаптары дамушы елдер аумағында орналасқан. Әлемдік нарықта бағасының ұдайы өзгеріске түсетіндігіне қарамастан, мұнай мен одан алынатын өнімдер стратегиялық маңызы бар ресурс болып отыр. Мұнайды көп мөлшерде өндіріп, шетке шығаратын елдердің халықаралық деңгейде айрықша орны бар, тіпті олардың геосаяси жағдайына мұнай қоры елеулі түрде ықпал етеді деуге болады.
Мұнай өнеркәсібі
— күшті монополияланған
Жан басына шаққанда мұнай өндіруден дүниежүзінде Кувейт 1-орын алады
(2008 жылы — 54,6 т). Қазақстан Республикасында 2008 жылы 70,7
млн т мұнай өндірілді; жан басына шаққандағы
көрсеткіш 4,36 т болды.
Мұнай — аса маңызды
экспорттық тауар, дүниежүзінде өндірілетін
мұнайдың 45%-ға жуығы сыртқа сатылады.
Мұнайды өндіретін (Парсы шығанағы елдері, Латын Америкасы мен Африка елдері) және
тұтынатын аудандардың (Еуропа, АҚШ, Жапония) аумақтық алшақтығына
байланысты мұнай тасымалы күрделі көлік
жүйесіне айналып отыр. Қазіргі заманғы
ірі порттар мен жүк сыйымдылығы аса жоғары
танкерлер, қуатты мұнай құбырлары осы
мақсатқа жұмылдырылған. Негізгі тасымал
жолдары Парсы шығанағынан Батыс Еуропаға
және Жапонияға, АҚШ-қа бағытталған. Сонымен
қатар Венесуэла мен Мексика мұнайы АҚШ
порттарына жеткізіледі. Аса ірі мұнай
құбырлары Ресейдің мұнайлы аудандарын
Еуропа елдерімен байланыстырады. Канада
мұнайы АҚШ-қа құбыр арқылы жеткізіледі.
Теңіздегі қайраңдық (шельф) кен орындарында
өндірілген мұнай құрлыққа суасты құбырлары
арқылы тасымалданады. Қазіргі кезде олар
500 м-ден төмен тереңдікте орналастырылған.
Мұнай өндіру мен тасымалдау қоршаған
ортаға зиянды әсерін тигізуде. 1977 жылы
Оңтүстік Африка жағалауында әрқайсысының
жүк сыйымдылығы 330 мың т болатын екі мұнай
таситын танкер соқтығысып қирады. 1989
жылы Аляска жағалауында қайраңға тұрып
қалған "Вальдес" танкерінен суға
40 мың т мұнай ағып жайылған. 2002 жылы күзде
Испания жағалауларында (Галиссия) болған
мұнай апаты да қоршаған ортаға зор зиян
тигізді.
Мұнай өңдеу кәсіпорындары, әдетте, шикізат көзіне жақын жерде немесе аса ірі портты қалаларда орналасады. Қазіргі кезде дүниежүзінде ірілі-ұсақты 700-ден астам мұнай өңдейтін зауыттар жұмыс істейді. Олардың 30-ға жуығының қуаттылығы жылына 15 млн т-дан асып түседі. Мұнай өнімдеріне қатысты экологиялық талаптардың күшейтілуі бұл салада ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен қолдануға итермелейді. Мысалы, дүниежүзінде өндірілетін бензиннің жартысынан астамының құрамында зиянды қорғасын жоқ, ал АҚШ пен Германияда, Жапонияда тек осындай бензин ғана пайдаланылады.
Мұнай өнеркәсібі отын өнеркәсібіндегі жетекші рөлді атқарады. Сонымен бірге негізгі стратегиялық шикізат көзі болып есептелінеді. Мұнайды өңдемей қолдана алмайды.
Одан 300 түрлі өнім алады: ең, қажетті өнімдерінің бірі машиналарға арналған отын (бензин, керосин) және химия өнеркәсібіндегі шикізаттар.
1960 жылдардың
ортасында осы аймактағы Маңғыс
Кейінірек алып Қарашығанак, Теңіз мұнай кен орындары ашылды.
1980 жылдардың басында республикамызда үшінші алап - Оңтустік Торғай ірі кен орны Құмкөл пайда болды.
1990 жылдардың басында ең үлкен мұнай кен орны Қашағанды ашты.
Мұнай қоры жағынан (4,8 млрд т) Қашаған дүние жүзінде бесінші орында.
Қазакстаннан
түрлі маркадағы мұнай
Мұнай мен
газды ірі компаниялар
- «Шеврон-Тексако» (Теңіз)
- ҚӨБ консорциумы (Қарашығанақ)
- Қытай ұлттық мұнай компаниясы (Жаңажол, Құмкөл).
«Қазмұнайгаз»Қазақстаннын, ең ірі ұлттық мұнай компаниясы. Осы компаниялардың жұмыс істеу нәтижесінде мемлекетіміздегі мұнай өнеркәсібінің даму каркыны жылдан-жылға өсу үстінде.
1970 жылдары республикамыздағы барлық мұнайды үш облыс (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе) өндіретін, казір 6 облыс өндіріп отыр.
Көш бастаушы Атырау облысы.
Өндіріс ауданынан тұтынушыға темір
жол аркылы цистернада және Каспий
теңізі арқылы танкермен тасымалданады.
Бірақ негізгі бөлігі құбыр арқылы
тасымалданады. Мұнай тасымалдауда
кұбырдың рөлі тиімді болғандықтан жыл
өткен сайын оның үлесі артуда.
Құбырдың мұнайды өткізу мүмкіншілігі жоғары. Диаметрі 83 см болатын құбыр жылына 10 млн тонна өткізе алады. Сонымен бірге өрт шығу қаупі құбырларда сирек болады. Қазақстандағы магистральді мұнай құбырының ұзындығы 7000 км-ден артық. Ең ірілері Атырау-Новороссийск, Атырау-Самара, Атасу- Алашаңкоу және Омск-Павлодар-Шымкент.
Мұнайды мұнай өңдейтін зауыттарда (МӨЗ) өңдейді. Мұнай өңдейтін зауыт көбінесе тұтынушыға негізделген. Қазақстанда 3 ірі мұнай өңдейтін зауыт (Атырау, Павлодар, Шымкент) және кішігірім отын жанар-жағармай зауыты Қарашығанақта жұмыс істейді.
1.4 Газ өнеркәсібі
Дүниежүзі бойынша
газ өндірісі XX ғасырдың ортасынан
бастап өркендей бастады, содан бері
оның өндіру көлемі 10 есеге артты. Табиғи
газбен қатар, мұнайға серік газды
өндірудің де маңызы зор. Газ энергетикалық
мақсатта ғана емес, химиялық шикізат
ретінде азот тыңайткыштары мен
полимер өндірісінде
Газ өнеркәсібі – табиғи газ кен орындарына барлау жүргізуді, мұнай, көмір мен тақтатастан жасанды газ өндіруді, өңдеуді, газды тасымалдау және оны өнеркәсіп пен коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта пайдалануды қамтитын отын өнеркәсібінің бір саласы. Газ өнеркәсібі әсіресе, АҚШ-та, Канадада, Мексикада ерте кезден дамыған. Англия, Франция, Бельгия, т.б. елдер 18 ғасырдың соңында тас көмірден жасанды газ өндіру ісін жолға қойды. Ресей мен Қазақстанда 20 ғасырдың алғашқы жартысына дейін табиғи газ өндірілген жоқ, тек мұнай кәсіпшіліктерінен аздаған газ алынып тұрды.
Газ - калориясы жоғары, тасымалдануы жеңіл, бағалы химиялық шикізат. Өндірісте пластмасса, химия талшықтарын, синтетикалық каучук, азот тыңайткыштарын алуда қолданылады. Газ өндіру (1920 жылында) жекелеген сала ретінде Маңғыстау алабын игер- ген кезде пайда болды. Оның серпіліп, кең көлемде өндірілуі Қарашығанақ кен орнын игеруімен байланысты болды.
Қазіргі кезде республикамызда 100-ге жуық газ қоры барланды. Бірақ оның 2/5 бөлігі Қарашығанақ кен орнының үлесінде. Келесі ірі кен орындарына - Қашаған, Теңіз, Жаңажол жатады. Газдың негізгі қоры көбінесе мұнай-газ кен орындарында мүнаймен бірге кездеседі. Оңтүстігімізде Шу-Сарысу газ алабы біртіндеп колға алынып, игеріле бастады.[1]
- Республикада табиғи газ 1960 жылы «Өзен» (Маңғыстау облысы) кен орнында өндірілді. Қазақстанның газ өнеркәсібі мұнай өңдеу өнеркәсібімен тығыз байланысты. «Маңғышлақмұнай», «Қазақгаз» кәсіпорындарын өнеркәсіптік мақсатқа пайдалану 1966 жылдан басталды.
- 1973 жылы табиғи және ілеспе газ өңдеумен, газ конденсатын сұйылтатын және құрғақ газ, газ бензинін алумен айналысатын Қазақ газ өңдеу зауыты (Жаңаөзен қ.) іске қосылды.
Қазір Қазақстанда 4 газ өңдеу зауыты істейді Олар:
- Қазақ газ өңдеу зауыты
- Теңіз газ өңдеу зауыты
- Жаңажол газ өңдеу зауыты
- Қарашығанақ өңдеу кешені.
Қазақстан газ өнеркәсібіне республикалқы аумағы арқылы өтетін Бұхара – Орал – Орта Азия – Мәскеу, Бұхара – Шымкент – Тараз – Бішкек – Алматы магистральды газ құбырлары, сонымен бірге газ пайдалану бірлестігін реттеп отыратын Бозой, Полторацкий және Ақыртөбе жер асты газ сақтау қоймасы кіреді. Сондай-ақ республикада жекеленген газ құбырларымен газ тасымдалдап, жеткізу жұмыстарын «Қазтрансгаз», «Қазтрансойл», т.б. компанияларының бөлімшелері атқаруда (2006). Қазақстан uаз өнеркәсібінің дамуы 1991 жылдан жаңа деңгейге көтерілді. Сол жылы «Қазақгазөнеркәсіп» мемлекеттік газ концерні құрылды, кейін ол «Қазресгаз» ұлттық газ компаниясы деп аталды. Қазақстан жері газға бай. Каспий, Мойынқұм, Шу – Сарысу ойпаттарында, Қарашығанақ пен Теңізде газдың мол қоры бар. Барланған табиғи газ қоры 4,0 трлн. м3 болса, жасанды газ қоры 1,2 млрд. м3. Қазақстандық Каспий т. секторы мен құрлықтағы газдың жобалық ресурстары табиғи газ бойынша 6 трлн. м3, ал жасанды газ қоры 2,2 млрд. м3.
1.4 Көмір өнеркәсібі
Дүниежүзі бойынша
көмір өндірісінің қарқыны
Көмір өнеркәсібі – еліміздегі пайдаланатын отынның 1/2 бөлігі-көмірдің үлесіне тиеді. Елдің халық шаруашылығындағы және минералдық-шикізат кешеніндегі базалық салалардың бірі. Ол энергетиканы, металлургияны, химия өндірісін, өнеркәсіптік және коммуналдық қазандықтарды, ауыл шаруашылығын, халықты отынмен қамтамасыз етеді, сондай-ақ қазба көмірді өндіру және өңдеу (байыту мен брикеттеу) шараларын да қамтиды. Көмірден түрлі әдістермен шаруашылықтың әр саласына қажетті 350-ден астам құнды заттар алынады.
Қазақстандағы көмір өнеркәсібі
Қазақстанда көмір өнеркәсібі шаруашылықтың ең көне саласына жатады.
Тарихы
- 1833 ж. қойшы Байжанов АппақҚарағанды мекенінен “отқа жанатын қара тасты” кездейсоқ тауып алған. Бірақ 23 жыл өткеннен кейін ғана өнеркәсіп иелері кен орнына назар аудара бастады. Қарағанды кенінен алғашқы 30 жылда (1857 – 87) 303 мың т немесе әр жылы орта есеппен 10 мың т көмір өндірілді. Ал, кейінгі 21 жылда (1899 – 1920) мұнда 860 мың т көмір қазылды.
- 1905 ж. Қарағанды көмір кеніне француздар, сонан соң ағылшындар қожалық етті. Ол кезде көмір қазатын құрал қайла, күрек болды, тасымалдауға сүйретпе шана пайдаланылды. Көмір, негізінен, “Кариб”, “Карно”, “Герберт” секілді шағын шахта-кәсіпорындарда қазылды. Мұнда небәрі 1 қызмет үйі, балшықтан қаланған 3 үй, кірпіштен салынған 1 үй, 2 бу қазаны және 1 желдеткіш қана болды.
- 1920 ж. кен орнында 125 жұмысшы істеп, олардың әрқайсысы айына 26 т-дан көмір өндірді.
- 19 ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында тағы да бірнеше кен орындары, соның ішінде Екібастұз көмір кеніші де ашылды. Бірақ олардың барлығынан алынған көмір небәрі 500 мың т-дай ғана болды.
Қазақстанда кеңестік көмір өнеркәсібі 1930 жылдан құрыла бастады. Осы жылы Қарағандыда алғашқы 4 шахта ашылды. Қарағанды көмір алабында көмір өндірісін дамытуға үкімет тарапынан ерекше көңіл бөлінді.
- 1937 ж. Қарағанды көмір тресі 3,5 млн. т-дан астам көмір өндірді, мұның өзі 1936 жылмен салыстырғанда 10,1% артық еді. 2-дүниежүзілік соғысқа (1941 – 45) дейінгі кезеңде 23 шахта ашылып, олардан 6 635 мың т көмір алынды. Осы жылдарда Қазақстан Кеңес Одағында өндірілген көмірдің 4%-ын берді. Көмірді қазу, қопару жұмыстары толық механикаландырылып, жұмыстың 80%-дан астамы көмір қопарғыш машиналармен атқарылды. Жер астынан көмірді тасып шығару жұмыстарын механикаландыру деңгейі артты. Жұмысшылардың еңбек өнімділігі айына 42,6 т-ға дейін жетті.
- Соғыс жылдарында Қазақстанда көмір өндіру көлемі шұғыл артып, жылына 12 млн. т-ға дейін (одақ бойынша 8%) өсті. Бұл кезеңде Қарағанды Кеңес Одағының негізгі отын базасына айналды.
- 1945 ж. 39 шахта мен 3 тілік жұмыс істеді.
- Соғыстан кейінгі 10 жылда (1946 – 55) Қарағанды алабында жаңа шахталардың салынуы, Саран, Шерубайнұра тіліктерінің игерілуі, сондай-ақ, шағын шахталарды біріктірудің және көмірді ашық әдіспен алудың дамытыла бастауы нәтижесінде көмір өндіру 2 еседей артып, жылына 28 млн. т-ға дейін жетті. Салада аса өнімді комбайндарды, жер астынан дүркін-дүркін көмір таситын электровоздардың орнына толассыз конвейерлерді, механикаландырылған құралдарды пайдалану нәтижесінде көмір өндіру қарқыны арта түсті. Көмір тіліктерінде алымы аз бір шөмішті экскаваторлардың орнына, сағатына 5 мың т көмір өндіретін көп шөмішті роторлы экскаваторлар, паровоздардың орнына электровоздар қолданылды.
- 1955 жылдан бастап Қазақстанда көмір өнеркәсібінің дамуы елеулі кезеңге аяқ басты. Осы жылы Екібастұз алабында 3 тілік пайдалануға берілді. Солардың бірі – жылына 50 млн. т көмір өндіретін дүние жүзіндегі ең ірі “Богатырь” тілігі. Екібастұз алабындағы көмір қоры (10 млрд. т) жер бетіне таяу жатыр әрі көмір қабаты 200 м-ге дейін жетеді. Осыған орай мұнда көмір ең тиімді ашық әдіспен қазылып алынады.
- Қазақстанда көмір өнеркәсібі орындары 1980 ж. 115 млн. т, 1985 ж. 131 млн. т көмір өндірді.
- Көмір өндіру көлемінің ең жоғары деңгейіне 1988 ж. қол жеткізілді (143 млн. т). Экономикалықреформалар жағдайында жүргізілген құрылымдық өзгерістерге байланысты көмір өндіру көлемі республикада 1989 жылдан бастап (138 млн. т көмір өндірілген) азая бастады.
- 1990 ж. республикада 131 млн. т көмір өндірілген болса, 1997 ж. өндірілген көмірдің көлемі 72,6 млн. т болды.
Дағдарыс кезеңі
1990 – 97 ж. елде көмір өндіру көлемі 44,6%-ға құлдырады.
Нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңіндегі қайта құру барысында көмір өнеркәсібі саласындағы мұндай дағдарыстың өзіндік объективті себептері болды:
- отын-энергетика кешенінің (ОЭК) жұмыс істеудегі мақсаты өзгерді. Бұрын сандық көрсеткіштер көмір кәсіпорындарының әрқашан басты сипаттамалары болып есептелді, өйткені көмір стратегиялық шикізат қоры болып саналатын еді. Өнімнің сапасына назар аударылмады. Көптеген жылдар бойына бұрын іске қосылған шахталарды сақтай отырып, жаңа шахталар кең ауқымда салынып келді;
- ОЭК жаппай мемлекеттік меншіктен (олардың қорларын, мүлкін, өнімін қоса) меншіктің түрлі нысандары мен қатынастарына (жекеше, ұжымдық, мемлекеттік, аралас) көшіріле бастады. Нарықтық экономика талаптарына орай, көмір өндіретін кәсіпорындардың санын қысқарта отырып, басқару қайта ұйымдастырылды, көптеген тиімсіз, залалды шахталар жабылды;
- кәсіпорындар мен саланың қысқа және орта мерзімді саясатын әзірлеу кезінде сұраным мен оның ауытқуы негізгі нысанға айналды, яғни өндіріс көлемін анықтау үшін төлеуге қабілетті сұранымның ықпалы күшейді;
- ОЭК өнімінің сапасы, оның экологияға тигізетін әсері бірінші орынға қойыла бастады;
- саланы мемлекет тарапынан қаржыландырудың тоқтатылуына, төлемнің төленбеу дағдарысына байланысты салаға жекеше және сыртқы инвестициялар тартуда қиындықтар туды;
- энергетикалық саясатта және тиісінше елдің отын-энергетикалық балансының құрылымында да өзгерістер болды, көмірдің бұрынғысынша отын-энергетикалық баланста жетекші орын алатынына және оның экономикада стратегиялық маңызы зор екеніне қарамастан, экономиканы дамытудың жаңа басым бағыттарын белгілеуде және экспортқа бағдарланған салаларды басым дамытуда көмір өнеркәсібіне жете назар аударылмады.Саланың жағдайы 1999 жылдың 2-жартысынан бастап жақсара бастады.
Көмір өндіру
көлемінің өсу қарқыны 1999 жылмен
(58,2 млн. т) салыстырғанда 2000 ж. (74,8 млн.
т-дай) 28,5%-ға өсті. 1995 – 2000 ж. кезеңінде
Қарағанды көмір алабында көмірді
ашық және жерасты тәсілдерімен өндірудің
арақатынасы айтарлықтай
2001 ж. көмір
экспортының жалпы көлемі 27 млн.
т-дан асып түсті. Көмір
Қарағанды, көмір алабы
Орталықта орналасуымен
және жоғары сапалы, аз күлді, кокстелетін
тас көмір ретінде қолайлы
және тиімді. Негізінен технологиялық
отын-кокс ретінде өнеркәсіпте
Екібастұз, көмір алабы
Тас көмір
болғанымен, күлі көп (орташа күлділігі
43%), сапасы төмен, өте ауыр байытылады
және кокстеуге келмейді. Сондықтан
да тек қана энергетикалық отын ретінде
пайдаланылады. Алаптың ерекшелігі
- көмір қабатының қалыңдығы 150 метр
және жер бетіне жақын орналасқандықтан
ашық әдіспен өндіріледі. Соған сай
өндіру құны арзан болып келеді.
«Богатырь», «Восточный» жәнө «Северный»
кесінділерінде ашық әдіспен өте
мықты роторлы экскаватормен
қазып алады. «Богатырь» кесіндісінің
қуаттылығы өте жоғары. Жылына 50 млн
тонна өндіріліп, дүние жүзіндегі
жетекші кесінділердің біріне жатады.
Екібастұз көмірі республикамыздағы
өзіндік құны ең төмен көмір. Соның
нөтижесінде жан-жақты
Қазіргі кездегі көмір өнеркәсібі
Қазіргі кезде Қазақстанда 100-ден астам көмір кеніштері орналасқан, олардың геологиялық қоры 176,7 млрд. т. Олардың ішінде барланған қор – 38,63 млрд. т және қазіргі кезде өндіруге жарамды көмір қоры 34,1 млрд. т. Республика бойынша тас көмірдің қоры 14,33 млрд. т, соның ішінде 12,39 млрд. т – А+В–С1 санатына, 1,94 млрд. т – С2 санатына жатады. Тас көмірдің негізгі кеніштері – Қарағанды, Екібастұз алаптары, Қошеке кеніші. Кокстелетін көмір Қарағанды алабында өндіріледі және көмір өндіру көлемінің 50%-ын құрайды. Кокстелетін көмірдің жалпы қоры 6,12 млрд. т-ға тең, олар, негізінен, А+В+С1 (5,82 млрд. т) және С2 (0,31 млрд. т) санатына жатады. Қоңыр көмір қорлары – 24,3 млрд. т, олардың 21,55 млрд т-сы – А+В+С1 және 2,55 млрд. т-сы С2 санатын құрайды және Торғай, Төменгі Іле алаптарында, Майкөбі кенішінде шоғырланған. Республика аумағы бойынша көмір қорлары мынадай тәртіппен орналасқан:

- Дүниетану ПӘНІ сабақтарында 2 - сынып оқушыларының адамгершілік мӘдениеттерін қалыптастыру
- Дүниетаным және оның түрлері (мифологиялық, діни, философиялық)
- Дұрыс және тиімді тамақтану денсаулық негізі
- Дхарма - центральная категория буддизма
- Дыбысты айту кемістігінің түрлері мен оны түзету жұмыстарының бағыттары
- Дымковская игрушка в контексте развития истории глиняной игрушки
- Дымовая труба для водогрейной котельной
- Дүниежүзілік сауда ұйымы
- Дүниежүзілік сауда ұйымы
- Дүниежүзілік сауда ұйымы
- Дүниежүзілік Сауда Ұйымы
- Дүние жүзілік соғыстан кейінгі дамуы
- Дүниежүзілік шаруашылық
- Дүниежүзілік экономика