Дүниетаным және оның түрлері (мифологиялық, діни, философиялық)
1. Дүниетаным және оның түрлері (мифологиялық, діни, философиялық).
Дүниетаным – құрылымы жағынан күрделі жүйе. Оның бастапқы және өзекті элементі – білім.Дүниетанымның құрылымдық жүйесі-не адамның негізгі принциптері мен рухани құндылықтары да кіреді.
Дүниетаным дегеніміз – дүниені түйсіну, түсіну арқылы адамның өзіне өзінің, сыртқы дүниеге қарым – қатынасын анықтаудың өзегі, күре тамыры. Жалпы, дүниетаным адамның тану функциясын орындайды. Бұл оның мәнінен туындайтын негізгі ролі. Сөйтіп, дүниетанымның әр түрлі түрі, қыры, типі бар.
Мифологоиялық дүниетанымның негізі – қиял, ойдан шығару. Г.Гегель миф дегеніміз – адам ақылының әлем алдындағы әлсіздігінің көрінісі деп жазған. Мифология ауқымды әрі жан – жақты құбылыс, ол әлем халықтарына түгел қатысты адамзат санасының өте ерекше қабаты.Миф - алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші, бөлінбеген формасы.
Діни дүниетаным құдыретті күшке, яғни құдайға сеніп, соған табынуға құрылған. Діннің дүниетанымдық принципі негізінде адам мен дүниенің жаратылуы туралы наным жатыр.
Ғылым, ең алдымен, ұғымдық дүниетаным болып табылады. Қарапайым дүниетаным адамдардың өзі және қоршаған дүние туралы күнделікті іс - әрекетінде пайда болып тұратын жекелеген білімдеріне негізделеді. Ол әркімнің жеке өмірлік тәжірибесінде көрініс табады. Қарапайым дүниетаным халық даналығына сүйенеді.
Философия ерекше дүниетаным және адамның рухани іс - әрекетінің көрнекті саласы ретінде аталған дүниетаным түрлерінің өзара қабысуының нәтижесінде қалыптасты. Бірақ ол олардан жоғары дәрежеге көтерілді, сонымен бірге, алғашқы бастауы, қайнар көзі ретінде олармен байланысын жоғалтқан жоқ.
Философия адамның дүниені тану тәжірибесін жинақтау, әлемнің біртұтас теориялық үлгісін жасау, әлемге қарым – қатынасты білдіру қажеттігінен туындаған ерекше феномен.
2. Философияның пәні: адам және дүние мәселесі.
Философия пәні деп философия қарастыратын мәселелер мен сұрақтарды айтады.Негізгі бөлімдері:
1. онтология (болмыс туралы ілім);
2. гносеология (таным туралы ілім);
3. антропология (адам туралы ілім);
4. аксиология (құндылықтар туралы ілім);
5. этика (мораль туралы ілім);
6. логика (ойлау заңдары туралы ілім);
7. эстетика (сұлулықтың заңдары мен канондары туралы ілім).
Адам мәселесі, оның ішінде шығу тегі, мәні, табиғаттағы орны және қоғамдық өмірдегі рөлі мәселелері фундаменталдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады. Адамды философиялық тұрғыда түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктер, идеялар, образдар мен ұғымдар негізінде және қалыптаса бастаған философия және мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Платон ілімі бойынша адамда мәңгілік жан және өткінші дене қосылады. Жан – денесіз идея әлеміне жатады. Адам болса дербес рухтың сақтаушысы.Адам жаратылыстың, табиғаттың туындысы және әлеуметтік феномен. Ол табиғат жасамаған заттар мен құбылыстарды өз қолымен, ақылмен жасайды.
Философиядағы маңызды мәселелердің бірі – дүние мәселесі. Ежелгі дүние дәуірінде дүниенің жоғарғы мәнін, яғни идеяларды еске түcipy арқылы дүние танылады делінді(Платон). Дүние сезімдік және рационалды таным арқылы танылады (Аристотель). Ортағасырлық дәуірде Табиғат (жаратылған дүние) танылады,ал Жаратушыны тану мумкін емес деген көзқарас болды. Қайта Өрлеу дәуірінде Жаратушы да, оның жаратқан дүниесі де интеллектуалды интуиция арқылы танылады (Николай Кузанский). Жаңа Заман Дәyipiнде Дүниеде танылмайтын нәрсе жоқ. тек әзірше танылмаған құбылыстар ғана бар (Ленин).
Философия дүниенің мәні және адам туралы білім «Дүние және адам» қарым қатынастарын зеттейді осы тұста болмыс және ойлау физикалық және психикалық материалдық және идеалдық рух және табиғат объективтік және субъективтік, яғни философия универсалды ілім.
3. Философияның негізгі атқаратын қызметтері мен қазіргі замандағы рөлі.
«Философия» термині
грек тілінен аударғанда «филео
- махаббат, құштарлық; софия – даналық»
деген мағынаны білдіреді. Философия қызметі - философия мақсатын, міндетін,
тағлымын жүзеге асырудағы философияның
атқаратын қызметі. Философияның негізгі
функциялары:Дүниеге көзқарастық
қызметі - дүниенің біртұтастық бейнесін
жасау, оның құрылымы жөнінде, дүниедегі
адам орны, оның қоршаған ортамен байланысы
туралы көзқарасты қалыптастыру.Методологиялық қызметі - философия коршаған дүниені,
шындықты, ақиқатты танудың негізгі әдістерін
жасайды.
Теориялық қызметі - философия бүкіл дүниені, құбылыстарды
ұғынуды мейлінше жалпылайды, концептуалды
- логикалық жүйелер жасайды, теориялық
тұжырымдар түзейді.Гносеологиялық қызметі - философия қоршаған дүниені,
шындықты, дұрыс әрі айқын тануды (таным
тетігін) мақсат етеді.Сыншылдық қызметі - философия кез келген теорияны,
білім қағидаларын сыни ойлаудан өткізіп,
ондағы қайшылықтарды анықтап, мәнді тұстарын
айқындайды. Бұл функцияның міндеті - догмаларды
әшкерелеу, білімнің дәйектілігін пысықтау
және таным шеңберін мейлінше кеңейту.Аксиологиялық қызметі
- философия заттар мен құбылыстарды бағалағанда
оларды моральдік-әдептілік, этикалық,
әлеуметтік, идеологиялық, мәдени, рухани
және т.б. құндылықтар жағынан қарастырады.Әлеуметтік қызметі
- философия қоғамды зерттегенде, оның
пайда болу себептерін, дамуын, құрылымын,
қозғаушы күштерін, қоғамда болатын қайшылықтарды
айқындап, оны шешу жолдарын, жетілдіру
мәселелерін карастырады.Тәрбиелік қызметі - философия гуманистік құндылықтар
мен мұраттарды адам, адамзат пен қоғам
игілігіне жаратуды көздейді. Эвристикалық қызметі - философиялану, яғни философияны
оқып-үйрену процесінде адам дүниеге,
бүкіл болмысқа жаңаша көзқараспен қарайды,
оны бейне бір құлшыныс, шабыт сезімі,
инсайт билейді.
Философияның басты ерекшелігі
– әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады,
оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын
зерттейді. Дүниеге көзқарасты құратын
құбылысқа философия да кіреді. Дүниеге
көзқарастық проблемаларды шешуге философияның
атқарар рөлі орасан зор.
4. Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептері.
Ежелгі үнді философиялық мектептерін екі бағытқа бөліп қарастырамыз: 1)Ортодоксалды (Веданы мойындайтын) ф-лық мектептер.2) Бейортодоксалды емес (Веданы мойындамайтын)
1) Вайшешика – Мектептің атауы «вишеша» - «ерекшелік» деген мағынаны білдіреді. Вайшешик мектебі б. з.д.VI-Vғ.ғ. п.б. Вайшешик философиясы бүкіл дүниенің пайда болуы мен ыдырауын атом ілімі арқылы түсіндіруге көңіл бөледі. Ньяя - гносеологиялық мектеп. Ол б.з.д. III ғ. пайда болған. Ньяя философиясының негізі Готаманың (немесе Гаутаманың) «Ньяя- сутр» шығармасында қаланған. Ньяя философиясын көбінесе ойлану туралы және сыни талдау туралы ілім деп жатады. Йога – адам психологиясы, түрлену дөңгеленген азат болу ілімі. Негізін қалаушы болып кемеңгер Патанджали есептелінеді. Йога жүйесіндегі басты мәселе - жаттығу тәсілдері мен практикасы арқылы жеке адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін баулуға үйрету. Миманса – таным мәселесімен айналысты. Ол б.з.д. III ғ. пайда болды. Мимансаның негізі Джайминидің «Сутрасында» қаланған.Санкхья – қос реализмді, пуруша мен пракританы қабылдаған философиялық жүйе. Оның негізін қалаған Капила. Санкхья дегеніміз - сан, танымның объектілерін санау арқылы тану.Веданта философиялық толғаныс пен талдауға толы бағдар. Веданта идеясы мынандай қағидаға сүйенеді: тұтас және елестеулі дүниенің, күллі нәрсенің түп негізі – Абсолютті шындық, Брахман.
2)Буддизм – Үндістанда б.з.д. VII – Vғ.ғ. шамасында пайда болған. Буддизмнің негізін қалаған Сидхарта Гаутама. «Будда» термині «жарқырау», «сергу» деген мағынаны білдіреді. Жайнизм –б.д.д.. V ғ. діни ағым ретінде қалыптасады. Негізін қалаушы – Махавира. Жайнизм мына идеяларға сүйенді: Адамның жаны, рухы оның тәнінен, дене терісінен нәзік, биік, құдіретті. Оның басты мақсаты – қасірет деп түсінген, өмірден азат болу. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз қылықтарының теріс салдарын осы өмірде жеңуге болады. Чарвака-локаята терминін “материалист” терминімен синоним деп санауға болады. Негізін калаушы- Брихаспати.
Чарвака Ежелп Үнді ф-дағы жалғыз материалистік мектеп. Чарвака өз дамуының басында локаята(лока-бұл дүние) деп аталган. Локаята б.д.д 1-мың ортасында пайда болған.
5. Буддизм философиясы.
Буддизм Үндістанда б.з.д. 5-6ғ дүниеге келді.Цейлонда. Қытайда, Жапонияда т.б. ресми дін деп саналады.Нег.сал.Сидхартха Гаутама, будда дег.атқа ие болған. Жас шағында бақытты, төрт құбыласы тең болып өмір сүрген Гаутама өмірдің кәрілік, ауру, өлім секілді жағым-сыз құбылыстарымен кездескен соң адамды азап-қасіретке толы мұндай өмірден құтқару керек деп шешті. Азапты өмірден құтылу-дың екі жолы бар: сыртқы дүниені озгерту аркылы адамдардың бәріне ортақ утопия құру және өзіндік «Менді» өзгеріске, яғни, ішкі болмыстың қасіретіне ұшырамайтын «ішкі утопияны» құру. Будда екінші, экзистенциалдық жолды тандап, тақуалық өмір кешуге, адам-заттың рухани ұстазына айналуға бел байлайды. Әкесінің үйінен кетіп, Урувилланың маңындағы Бодхи ағашының астындағы оңаша жерге орналасқан Сидхартха ханзада жеті күннен соң қасіретті өмірден тазару жолдарын тауып, нұрланады.Будданның ілімінше адам баласы дүниедегі 4 ақиқатты түсінбей ж\е 8игі жолды игермей сансарадан құтыла алмайды.Сансара-өмірге қайта келу, карма-іс әрекетіне байланысты адамның болашағы анықталатын заңдылықтар. 4 ақиқаты 1)өмір азапқа толы, 2) азаптың себ.бар, 3) азапты тоқтатуға болады, 4) азаптарды тоқтататын жолдар бар.
Азаптан құтылу үшін 8 сатыдан тұратын талаптар орындау керек. 1)дұрыс қабылдау 2)д.ойлау 3)д.әрекет 4) д. Өмір сүру 5)д.Күш жұмсау 6)ақылды д. қолдану 7) д.ой шоғырландыру, 8) д.сөйлеу. Осы қасиеттерді сақтай отырып өмір сүру арқылы нирванага, тыныштыққа жетуге болады.
Буддизм өлі материяның, органикалық дүниенің және жанды дүние элементтерінің арасында себептілік бар екендігін мойындайды және соңғы себепті-лікті ерекше бөліп көрсетеді (карма теориясы). Буддистер карманы адамның өмірін ең басты бақылаушы деп есептемегенімен, адамдарды карманың бар екендігін ұмытпауға шақырады, сол арқылы ізгілікке жетелейді. Адамгершіліктік ластану ағынның барлық элементтерін кірлетеді, сондықтан оны бірте-бірте жойып, мүлдем тазару жолымен нирванаға жетуге болады. Нирвана – адамдардың көпшілігі үстіртін түсініп жүргендей жәй ғана рахатқа бөлену емес, зұлымдық пен нәпсіні тыю жолымен жансыз, сезімсіз абсолютке айналу, сананы өшіру. бір сөзбен айтқанда, абсолюттік тыныш күйге жету.
6. Ежелгі Қытай ойлау дәстүрі: дао мектебі, заңшылдар мектебі.
Дао ағымы. Конфуцнй іліміне қарсы шыққан тағы да бір атаулы философиялық мектептің ілімі даосизм деп аталады. Даоның қазақшасы «жол» деген сөз. Бұл ілімнің негізін қалаушы б.ж.с.д. VI ғасырда өмір сүрген Лао-цзы. Бұл «кәрі ұстаз» деген ұғымды білдіретін лақап ат. Лао-цзы 160-200 жыл ғұмыр кешкен дейді. Ол патша сарайында тарихшы, мұрағат меңгерушісі болып қызмет атқарған. Лао-цзы өзінің ілімінде, негізінен алғанда, үш қағидаға сүйенеді, олар - дао, дэ, у-вэй. Дао - әлемдегі заттар мен құбылыстардың сапасы мен қасиеттері. Дао тек дэ арқылы белгілі болуы мүмкін. У-вэй қағидасы әрекетсіздікті білдіреді. Ол - даоға кереғар қағида. Дао - өмірдің қайнар көзі, белсенділіктің үлгісі. «Дао» - заттардың өмір сүру заңы «цимен» бірігіп, әлемнің түпнегізін құрайды. Әлемде барлығы қозғалыста болады, олар үнемі өзгеріп отырады, тіпті, осы өзгерістердің нәтижесінде заттар мен құбылыстар өздерінің қарама-қарсылығына айналып отырады.
Заңгерлер мектебі.. Бұл мектеп Хань династиясының кезеңіне сай қалыптасқан. Негізін қалаған Шан Ян: «Кім ақылды болса, ол заң шығарады, ал кім ақымақ болса, ол заңмен шектеледі. Қабілетті тәртіпті өзгертеді, ал, қабілетсіз тәртіп арқылы шырмалады. Тәртіпке шырмалған адаммен іскерлік туралы, ал заңмен шектелген адаммен өзгерістер туралы әңгімелеудің жөні жоқ» депті. Заңгерлер мектебі тәртіп (ли), жақсылық (дэ), адамгершілік, инсандық (жэнь) категорияларын қалыптастырып, дамытқан. Билеуші заң (фа) немесе өкім (мин) шығарады, алайда олар қоғамның терең қатпарларына жетпейді (увэй). Себебі олар тек марапаттау мен жазалау жүйелеріне байланысты ғана шығарылған. Егер заң (фа) мен өкім (мин) өзгертіліп отырса, онда адамдардың да іс-әрекеті заман талабына сай өзгеріп отыруы тиіс. Өйткені, билеушінің орны көк тәңірінің қолдауымен белгіленген. Заңгерлер мектебінің негізгі
ф-лық тұжырымы «жаңа заманға ескі киім кигізуте болмайды» дегенге келіп саяды. Жаңа заман талаптарына сай жаңа заңдар шығарылуы тиіс. Жаңа тарихи шындық үшін басқарудың соны тәсілдері қажет. Конфуцийлік ілімнің нұсқауына ерік ескі тәртіпке қарайлай берудің пайдасы жоқ.
7. Конфуцийдің этикалық философиясы.
Конфуций ой-пікірінің негізгі мазмұны табиғат заңдарына сәйкес келетін, адамдардың бірлесіп өмір сүруіндегі парасатты реттілікті, тәртіпті қамтамасыз етудің аса маңызды шарттары болып табылатын қарапайым да ғаламат зор “5 ізгілікті” ұғындыруға арналған. Ол адам проблемасына, оның ақыл-ойына, адамгершілік кескін-келбетіне мол көңіл бөлді. Конфуцийдің саяси-этикалық маңызды ұғымы – адамшылық, адамның әділ, ақжүрек болуы (жэнь). Ұлдың кішіпейіл болуын, ата-ананы, жалпы үлкен кісілерді сыйлап жүруін анықтайтын “сяо” тұжырымдамасы да осы қатарда. Өте оңды, тамаша адам өзін-өзі жетілдіру нәтижесінде қалыптасады. Ойшыл ретінде Конфуций мұндай кісіні адамшыл (жень), әділ, адал, ақжүрек болу керек деп есептейді. Ол әрқашан білім ала беруге ұмтылып тұруға тиіс. Ата-анасына, жалпы қарт адамдарға айрықша ілтипатпен қарым-қатынас жасау ләзім. “Бүкіл өмірің бойы басшылыққа алуға тұратын сөз бар ма?” деген сұраққа орай Конфуций: “Бар, ол сөз – мейірімділік”, – деп жауап берген. Конфуций адамдар арасындағы мүлтіксіз қарым-қатынас заңын мынандай қанатты сөзбен тұжырымдаған: “Өзіңе тілемейтініңді басқаға жасама”.
Конфуций қатаң тәртіп болуын жақтады. Өз өмір–тіршілігінде Конфуций төрт принципті қатаң ұстады:
1)Бос қиялға салынбау. 2)«Мен білемін» дегендіктен аулақ болу. 3)Қасарыстық көрсетпеу4)Өзінің жеке басы жайлы ойламау. Конфуцийдің аса маңызды өсиеттерінің бірі – баланың әке-шешесіне деген махаббаты. Егер адам ата-анасын сүймесе және олардың алдындағы борышын мойындамаса, ол- делқұлы, есерсоқ немесе есі дұрыс емес адам. Ғұламаның тағы бір қыры оның халықты оқу мен білімге шақыруынан да байқалады. «Мені жұрт білмейді деп қынжылма, керісінше, мен жұртты білмеймін деп қынжыл» - бұл да қытай ойшылының аузынан шыққан дуалы сөз. Адамгершілік Конфуцийдің пікірінше, қарапайымдылықпен, әділдікпен, сабырлылықпен, жомарттықпен және адамдарға деген шексіз махаббатпен астасып жатыр. «Әбден жетілген» адам адал және мінсіз, ақкөңіл де ақжарқын, әрі өзінің сөйлеген сөзіне, ісіне мығым, көзі қарақты болуға тиіс. Конфуцийдің пікірінше, мемлекет басшысына тек «әбден жетілген» адам ғана лайық.
8. Ежелгі грек натурфилософиясы (иониялықтар, пифагоршылдар, элейліктер, атомистер).
Пифагоршылдар-б.д.д. 6-ғасырдың 2-жартысында пайда болған
ф-лық ағым. негізін қалаған көне грек философы, математик және астраном. Пифагордың философиялық теориясы біртұтас жүйе болып қалыптасты. Пифагоршылдар бастапқы негізді санмен таңбалап, осы бағытта жұмыс жасайды. Бірліктен ондыққа дейінгі сандық қатарды Пифагор дүниенің сандық алуан түрлілігінің түп негізі деп санаған.Сандардың қасиеттерін зерттей отырып, Пифагоршылдар жұп және тақ сандарды ашуымен бірге, тік бұрышты және үшбұрышты сандарды сипаттады. Олардың музыкалық интервал туралы ілімінде акустика мен аспан механикасының математикалық негіздері баяндалған.
Элей мектебі-б.д.д. 6-5 ғ.ғ. Элей қаласында (оңтүстік Италия) пайда болған философиялық мектеп. Басты өкілдері - Ксенофан, Парменид, Зенон, Мелисс. Элей мектебінің негізгі мәселесі-болмыс болды. Ксенофан (б.д.д. 6-5 ғ.ғ.)-Элей мектебінің негізін салушы. Дүние жер мен судан пайда болды деген көзқарасты ұстанады. болмыс-барлық жерде бірдей, өзіне тең, біртекті, өзгеріссіз деп санады.Парменид - «болмыс» ұғымын алғаш рет философияға енгізген, ежелгі грек философы, Элей мектебінің өкілі. Парменид дүниені қозғалмайтын, тұтас, толтырылған шар түрінде елестетті. Екі бастаманы көрсетеді-от, жарық және қараңғылық. Зенон (б.д.д. 490-430 ж.ж.)-Элей мектебінің өкілі. философияға тұңғыш рет диалог формасының қолданылуын енгізді. Ол қозғалыстың диалектикалық табиғаты туралы мәселелерді теріс формада қолданды. Зенон үшін болмсыста қайшылық жоқ, сондықтан қайшылықты болмыс-жалған (елес) болмыс. «Ахилл және тасбақа», «Жебе» т.б. апорияларымен белгілі.
Атомистер:Демокрит (б.д.д. 460-370 ж.ж.)-ежелгі грек материалист-философы, Левкипптің шәкірті, гректердің тұңғыш энциклопедист ойшылы. Демокрит-атомдық көзқарастың негізін салушылардың бірі. Ол дүниенің бастамасы ретінде екі негізді-атом мен бос кеңістікті алға қояды. Атомдар-болмыс, ал бос кеңістік болмыс емес.Демокриттің атомдық теориясы көптеген ғасырлар бойы ғылымға жол көрсеткен ілім болды. Демокриттің көзқарастарын Эпикур мен Лукреций Кар әрі қарай датытты.
9. Адамға қарай бет бұру (софистер, Сократ һәм оның тағылымы).
Антика философиясы тарихындағы ерекше орынды софистер алады. Әдетте, оларды теориялық тұрғыда тұрлаусыз, ақиқатқа жету жолындағы шынайылықтың орнына жеке мүддені ойлаушылар деп және тағы да басқа күналармен айыптайды. Софистер дәстүрдің орнына рух еркіндігін жариялап, бұрынғы әлеуметтік кестені бұзып, оның орнына тәрбие мәселесін алдыңғы орынға қойды. Софистер философиялық рефлексияны физис және космос мәселелерінен адам тақырыбына, оынң қоғам мүшесі ретіндегі өміріне бұрғаны дүниетанымдағы төңкеріс болып табылады. Софистиканың қарасытыратын басым тақырыптары этика, саясат, риторика, өнер, тіл, дін, тәрбие немесе басқаша айтқанда барлық мәдениетке қатысты мәселелер болды. Сондықтан да софистер антик философиясындағы гуманистік кезеңнің негізін қалаушылар болып саналады.Алайда софистер адамның бұзылған дәстүрлі өмір сүру тәртібінің орнына тартымды жаңашылдық ұсына алмады. Мұны іске асырған Сократ болды., сондықтан оны антик философиясы тарихының «кіндігі», «философияның бел отасы» деп те атайды. Сократ та софистер секілді өзінің басты назарын адам табиғатына аударғанымен қоймай, адамның мәні – ақыл-ойға негізделген белсенділік және адамгершілік бағдар ұстанған әрекет ретіндегі оның жаны деген түйінге тоқталады. Белгілі бір мағынада Сократ құныдылықтарды дәстүрлі жүйесінді төңкеріс жасалды. Байлық, даңқ, билік, денсаулық, сұлулық өз табиғаттарында ешқандай игілікке жатпайды, бірақ олар тек ғылыммен, таныммен және дұрыс пайымдаумен басқарылғанда ғана нағыз игілікке айналады. Сократ бойынша таным игілікті істің, қайырымды қылықтың қажетті алғы шарты ( « Ізгілік – бұл білім» ). Сократ сондай-ақ бақыттың жаңа ұғымын қалыптастырды: адам өз бақытының да, бақытсыздығын да ұстасы. Сократтың өзі күш көрсету төңкерісін теориялық тұрғыда өмір сыйлады. Жанды адамның мәнділігі ретінде белгілеу, танымды нағыз ізгілік ретінде, өзін-өзі билей алуды ішкі еркінділік ретінде бағалауы – оның этикасының осы тұжырымдары
10. Платон философиясы: «идея» теориясы, мемлекет жайлы ілімі.
Платон философиясының негізгі қағадалары мынадай:
1)материалдық заттар өзгермелі, тұрақты емес, уақыт өткен сайын құрдымға кетеді;2)айналадағы қоршаған орта да өзгермелі, уақытша, дербес субстанция ретінде өмір сүре алмайды;3)шын мәнінде тек таза идеялар ғана бар;4)таза идеялар мәңгі және тұрақты;5)кез келген зат пен құбылыс сол зат туралы алғашқы идеяның көрінісі, сұлбасы ғана; Платонның философиялық еңбектері сұхбат түрінде жазылған: «Сократ апологиясы», «Парменид», «Горгий», «Федон»,«Мемлекет», «Заңдар» Платонның пікірінше, әлем үш қабаттан тұрады. Ең жоғарғы және негізгі қабат – идеялар әлемі, екіншісі – адамдар тұратын материалдық әлем, ал үшіншісі түнек, яғни идеяның күйреуі.Ойшыл құрметтеген негізгі идеялар қатарына, этикалық сипаттағы Ақиқат, Игілік, Әдемілік және Әділеттілік идеялары жатады.Платон өз идеяларын екі немесе одан көп тыңдаушылар қатысатын сұхбат түрінде баяндаған. Олардың біреуі әруақытта Сократ болған, Сократ авторлық идеяны жеткізуші, түсіндіруші.
Платон өз шығармашылығында мемлекет мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Мемлекеттің бірнеше түрлерін анықтайды: Монархия – бір адамның әділетті билігі.Тирания – бір адамның әділетсіз билігі. Аристократия – азшылықтың әділетті билігі. Олигархия – азшылықтың әділетсіз билігі. Демократия – көпшіліктің әділетті билігі. Тимократия – көпшіліктің әділетсіз билігі.
Платон мемлекеттік құрылымның өзіндік бағдарламасын ұсынады. Бұл бағдарлама бойынша:1)мемлекеттің барлық халқы үш сословиеге – философтар, әскерлер, жұмысшылар – бөлінеді; 2)жұмысшылар ауыр қара жұмыспен айналысып, материалдық игіліктерді жасайды, аз көлемде меншік иесі бола алады;3)әскерлер ұдайы өзін - өзі шынықтырады, жетілдіреді, қоғамда тәртіп пен реттілікті қамтамасыз етіп отырады. 4)философтар әлемді таниды, мемлекетті басқаруды үйретеді, философиялық теориялар жасайды. 5)мемлекет тұрғындары бос уақыттарын бірге өткізеді, бірге тамақ ішеді, бірге демалады. Философтар мен әскерлер жеке меншік иесі бола алмайды.
11. Аристотель философиясы: «материя» және «форма» түсінігі.Аристотельдің көрнекті еңбектері: «Органон», «Физика», «Механика», «Метафизика», «Жан туралы», «Никомах этикасы», «Риторика», «Политика», «Поэтика».Аристотель дуалист: ол дербес eкi түпнегіздің - материя және форманың тіршілігін мойындайды. Дүниеде бар заттың барлығы материядан және формадан тұрады. Бірақ олардан Алғашқы материяны және Алғашқы форманы ажырату қажет. Алғашқы материя - адам үшін танылмайтын, ал бipaқ барлық заттардағы материя үшін негіз болып табылатын, формасыз, айқын емес зат. Жеке алғанда материя пассивті, тіршіліксіз және нәрселер мен заттарды жаратуға қабілетсіз. Ол - мәңгі: жаратылмайды және жойылмайды. Материя дегеніміз – формамен шектелген потенция (мысалы, мыс шар – бұл шардың формасымен шектелген мыс), яғни заттар пайда болуындағы таза мумкіндік. Материя кездейсоқтыктың, жиынтықтың, заттар пайда болуы мен жойылуының қайнары. Пайда болған кез-келген зат - материя мен форманың бірігуі, форманың материяға eнyi нәтижесінде ғана тіршілікке ие болады.Аристотельдің «форма» ұғымы Платонның «идея» ұғымына жақын. Форма – заттың тегін немесе түрін айқындайтын идеалды мән . Мысалы, мыстың бөлшегіне форма енгенде ғана біз құмыра, көзе, ыдыс, т.б аламыз. Форма – біртекті нәрселердің жалпыға ортақ мәні (мысалы, түрлі материалдардан түрлі конфигурацияда жасалған вазаларға – «ваза» мәні ортақ).ақты заттың материясы мен формасы диалектикалық түрде өзара байланысты: бірде форма ретінде көрінген нәрсе, келесіде материя түрінде де беріледі. Мысалы, балшық дегеніміз – форма берілген материя немесе балшық формасы берілген топырақ. Ал сол балшықтан жасалатын кірпіш үшін ол материал рөлін атқарады, кез-келген заттың формасы дәл осы зат үшін: оның мәні, қозғалыс көзі, себебі, мақсаты – болып табылады.Алғашқы форма – Аристотель пікірінше, болмыстың жоғарғы мәні, алғашқы қозғаушы, алғашқы себеп және жоғарғы мақсат. Сонымен қатар, алғашқы форма – өзін-өзі ойлай алатын әлемдік ақыл.Осы мәселе төңірегінде Аристотель мынадай ой қорытады:1)әлемдегі барлық болмыс материя мен формадан тұрады;2)материя мен форманың өзгерісі заттың мәнін өзгертеді;3)шындық материядан формаға және формадан материяға өту болып табылады;4)материя енжар, ал форма белсенді бастау.
12. Эллинистік кезеңнің философиялық мектептері.
Эпикуршілдік– атақты философ Эпикурдің есімімен аталған философиялық мектеп. Бұл ағым Демокриттің атомдық философиясын ілгері дамыта отырып, эллинизм дәуірінде адам туралы көптеген мәселелерджі көтерді. Эпикуршілдікті жаратылыстану саласын және этика мен эстетика мәселелерін көтерген бағыт деп қарауға болады. Атомдарды қарастыра отырып, солар арқылы адамдардың қоғамдық өміріне талдау жасады. Демокрит атомдар біркелкі және тура қозғалады десе, Эпикур атомдардың қозғалысындағы өзгерісті көрсетті. Сондай-ақ Демокрит атомдар қажеттіліктерге ғана бағынады, ешбір кездейсоқтық болмайды деп тұжырымдаса, Эпикур атомдар өмір сүруі мен қозғалысында кездейсоқтықтардыяң орын алатындығын көрсетті. Осы арқылы қоғам өміріндегі еркіндік пен бостандық мәселесін көтерді. Стой мектебінен қарағанда Эпикуршілдердің этикасы гедоникалық (грек- қанағаттану), этикасы бақытқа жеткізетін әрекет.
Стоицизм (стоя) мектебі – (stoa - афина қаласындағы философтар жиналатын ғимарат) негізін қалаған Китионнан шыққан Зенон. Адамның негізгі мақсаты – құмарлықтан құтылу, еркіндікте болу, самаурқаулық дәрежеге жету (apatia – самарқаулық). Бұны соңғы стоиктер даналық – София деп атаған. Натурфилософиялық көзқарастары Гераклит көзқарастарымен сәйкес келеді. Дүниенің негізі от.
Скептиктер (грек «қарапайым», «күдіктенемін») адамның ішкі дүниесін, рухани өмірін өзгерткен ойларды қамтыды. өкілдері Пиррон, Секст Эмпирик. Адамның ойы арқылы айналадағыларға кеңінен көз салу, оны жақсылап бағдарлау, өткенге қайта қарау, таным жетістігіне сын көзбен шолу болды.
Сонымен, көне грек философиясы адамның мәнін түсінуге үлкен қадам жасады.
Әрбір дағдарысқа ұшыраған әділеттілік жойылған қоғамда сондағы тіртіпке ашықтан-ашық қарсы шығатын белгілі бір философиялық саяси ойлар,я болмаса бүкіл өмір салтымен сол қоғамды айыптайтын әлеуметтік топтар пайда болады.XX ғасырдың екінші жартысында біз оларды «хиппи» қозғалысынан, «битниктерден », «кришнаиттерден» т.с.с.байқадық.
Міне,осындай дағдарысқа ұшыраған антикалық дәуірде философия мен этика саласында киниктер мектебі пайда болады.Оларды Грециядағы сократтық мектептердің өкілдеріне жатқызады.
Олардың атын біреулер Киносарг аталатын гимназиямен теңесе,келесілері «куоп» (ит)деген сөзбен теңейді,өйткені осы мектептің негізін қалаған Антисфен: «Адам ит сияқты өмір сүруі керек», — деген екен.Киниктердің тарихта аты қалған екінші тұлғасы – Диоген Синоптық.
Олардың мақсаты белгілі бір болмыс жөнінде ілім жасау емес,керісінше,жаңа өмір салтын жасап,оны сынау болда.Мысалы,Диоген теңіздің жағасында үлкен бөшкеде өмір сүреді,шалшықтан қолымен су алып ішеді,жұрттың көзінше дәрет алады;күндіз шам жағып жүреді. «Неге шам жағып жүрсіз?» — деген сұраққа: «Адам іздеп жүрмін », — деп жауап береді.Атақты Александр Македонский мұндай қызық адамды көрейінші деп оған келгенде,Диоген: «Былайырақ тұршы,күннің сәулесін жауып тұрсың ғой », — деген екен.
Киниктердің ілімі бойынша,адамның ең
соңғы талғамы – ізгілік.Ал оның өзі –
бақыт.Ізгілік дегеніміз – аз нәрсеге
қанағат ету,залымдықтан аулақ жүру;ізгілікке
үйренуге болады,бірақ оған білімнен гөрі
ерік керек;ізгілік адамның сөзінен емес,жүріс-тұрысынан
байқалады.Азға қанағат ету адамды біреулергетәуелді
болудан арылтады.Бірақ Киниктердің дербестігі
бүкіл мәдениет,әлеуметтік нормалар,өнер,отбасы,
Киниктер жекеменшікті, әлеуметтік айырмашылықты жою керек,адам әлемнің азаматы (космополит)болуы керек деген пікір айтты.
13. Ортағасырлық христиан философиясының негізгі кезеңдері: патристика және схоластика.
Орта ғасыр философиясының патристика және схоластика деп аталатын маңызды кезеңдері бар.
Патристика дәуірі I-VI ғасырларды қамтиды. Ұлы Василий, әулие Августин, Григорий Нисский, Тертуллиан, Ориген және тағы басқалары христиан дінінің негізгі догматтарын жасаған. Патристиканың негізгі мәселелері: Құдайдың мәні және ақылдың, грек даналығы мен христиан әулиелігінің өзара қарым – қатынасы, тарихты белгілі бір мақсатқа ұмтылушылық деп түсіну және осы ақырғы мақсатты анықтау, адамның ерік бостандығы және оның жанын құтқару, әлемдегі зұлымдықтың шығу себептері, оны құдайдың қабылдауының себептері. Шіркеу әкелерінің философиялық ілімдерінің қалыптасуына Платон философиясы ықпал етті. V-VIII ғасырдан кейін схоластика дәуірі басталады. Бұл уақытта Иоан Дамаский, Петр Ивер сияқты ойшылдар өмір сүрді.
IX-XV ғасырларда кейінгі схоластика дамиды. «Схоластика» сөзі «мектеп», яғни «оқу» философиясын білдіреді. Патристика дәуіріндегі негізгі мәселелер одан әрі зертеледі, толықтырылады, жүйеленеді.Схоластиканың өкілдері – Эриугена, ұлы Альберт, Фома Аквинский, Росцелин, Абеляр, Ансельм Кентербийский. Схоластикалық философия христиан ілімін тек сенім арқылы ғана емес, ақылдың көмегімен де игеру қажеттігін мойындайды. Философия ғылыми дәрежеге көтеріледі. Антикалық философияға көңіл бөлінеді, оның көптеген ұғымдары мен категориялары христиан философиясын дамытуда кеңінен қолданылады.
14. А.Августин мен Ф.Аквинскийдің діни философиясы.
Дін бәрінен жоғарғы жаратушы
күшке ж\е оның қоршаған орта
мен адам баласына әсер бар деп есептенйтін
сенім нанымға негізделген көзқарас формасы.Діннің
мифологияға ұқсастығы бар: әлемнің п.б.
жер тебіндегі тіршілік,этикалық мәселелерді
алға қояды.
Августин Аврелий
Әулие(354-430) христиан дінбасы және неоплатонизмге
жақын фил.- Мистик, патристиканың ықпалды
өкілі. Оның дүниетанымы фиденстік сипатта,
яғни «нанымсыз білім де, ақиқатта жоқ»
деген қағида бағынады. «Құдайдың қаласы»
(426) атты шығармасында Августин тарихты,
адам тағдырын фаталистік (теологиялық
фатализм тарихтағы оқиғалар мен адам
өмірі құдайдың құдыретімен анықталатын
негізгі алу) тұрғыдан түсіндіретін христиандық
концепциясын ұсынды. «Жердегі қалаға»,
«Күнәһар» зиялы мемл.те ол «Құдайдың
қаласын», яғни шіркеудің бүкіл дүниежүзілік
үстемдігін қарама қарсы қойды. Авг.ң христиан
теологиясының әрмен қарай дамуына жасаған
ықпалы орасан зор. Августин ілімі б.ша,
адам дүниеге келмей тұрып т.б. оның әрекеттері,
қылықтары құдайдың ерік жігерімен белгіленіп
қойған.
Фома Аквинскийдің философиясы. Құдай, зерде және сенім проблемасы.Ортағасырлық ф.ң белді өкілдерінің бірі Фома Аквинский (1225-1274) ортағасырлық католик дінінің теологі , доминикандық монах, ортадоксальдық схоластиканы жүйеге келтіруші. Ұлы Альберттің шәкірті. Негізгі еңбегі «Теология суммасы»(жиынтығы) Аквискийдің объективтік идиалистік ф.сы Аристотель ілімін теологиялық тұрғыдан түсіндіру, аристотелизмді христиан дініне сай ықшамдау нәт.де п.б. Аристотель фил.н Аквиский материалистік идеяларын алып тастап, идеалистік элементтерін (жаратқан иенің қозғалыссыздығы жайындағы ілімін) күшейту бағытында әрекет етті. Аквинский б.ша универсалдардың үш түрі бар:1)Жеке заттарға дейінгі (құдайдың құдіреті).2)Заттардың өздеріндегі (жекедегі жалпылық).3)Заттардың кейінгі түрі (адам санасында танылатын) Фоманың нег.принципі сеніммен сананың үйлесімділігі. Оның пайымдауынша ақыл Құдайдың болмысын саналы түрде дәлелдеп, сенімнің ақиқаттағы қарсы пікірді қабылдамайды, барлық өмір сүретін заттар құдайдың құдіретті б.ша қалыптасады.
15. Ислам мәдениетіндегі ғылым мен өнер философияcы. Ислам философиясының даму ерекшеліктері
Ислам Ф-сы – ислам өркениетіне тән рухани және тәжірибелік дүниетаным жүйесі. Ислам өркениетінің өзіндік сипаты және айрықша ерекшелігі – ислам дінімен тікелей байланысты. Ислам ф-сы мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құранда тұжырымдалатын “дүниені қабылдау” ауқымында қалыптаса келіп, ислам өркениетінің жалпы мән-мазмұнын бейнелейді. Ислам ф-сының даму жолына қарағанымызда мынадай негiзгi ф-лық ағымдардың пайда болғанын көремiз:1-Дәһриййұн: Ф-лық материализмнiң уәкiлдерi. Бұл ф-лық ағым мұсылманшылықтан емес, мұсылмандар жаулап алған Орта Шығыс елдерiндегi йаһұди, христиан яки басға дiндердегi философтардың әсерiнен пайда болған. Басты өкiлдерi Әбу Әли Рижа, Әбу Иса әл-Уаррақ, Башшар Бұрдұлы және Ахмед Йахйаұлы Исхақұлы әл-Рауанди.2-Табиғиййұн: натуралистiк ф-ның өкiлдерi. Мутазиланың рационалды ф-сының дамыған түрi болып саналады. Бұларды ампиристер десе де болғандай. Негiзгi өкiлдерi әл-Серахси, Әбу Бәкiр Мұхаммед Зәкарияұлы әл-Рази.3-Тiл және аналитикалық ф-я: Құран Кәрім аяттары мен хадистердiң мағыналарын дұрыс түсiну үшiн араб тiлiнiң морфологиясы уә синтаксы жөнiнде көптеген жұмыстар жасалған. Осы салада қомақты еңбектер жазған ғалымдар Әбу Бишр Амр Османұлы Сибеуейх, Әбу Мұса Жәбир Хаййанұлы, Әбу Абдұррахман әл-Халил Ахмедұлы. Белгiлi хакім Әбу Хамза әл-Хасанұлы әл-Исфаһани оларды «әл-Фәласифат-ұн нахуиййұн», яғни тiлбiлiмi саласының хакімдері деп атаған.

- Дұрыс және тиімді тамақтану денсаулық негізі
- Дхарма - центральная категория буддизма
- Дыбысты айту кемістігінің түрлері мен оны түзету жұмыстарының бағыттары
- Дымковская игрушка в контексте развития истории глиняной игрушки
- Дымовая труба для водогрейной котельной
- Дымовые извещатели
- Дыхание
- Дүниежүзілік сауда ұйымы
- Дүниежүзілік Сауда Ұйымы
- Дүние жүзілік соғыстан кейінгі дамуы
- Дүниежүзілік шаруашылық
- Дүниежүзілік экономика
- Дүние жүзінің отын-энергетика кешеніне сипаттама
- Дүниетану ПӘНІ сабақтарында 2 - сынып оқушыларының адамгершілік мӘдениеттерін қалыптастыру