Еңбек ақыны төлеуге шығатын шығынды есептеу ерекшелігі
Есеп беру
Кіріспе
- Мойынқұм аудандық Қазынашылық бөлімінің құрылымы.
- Мойынқұм аудандық Қазынашылық бөлімінің жалпы ережесі
- Қазынашылық бөлімде заңдарда белгіленген тәртіппен орындалатын функциялар
- Қазынашылық бөлімдегі программалық құрылымның қолданылу тәсілі, операциялық жүйелер. Модернизацияланған «ORACLE» программасы
- Еңбек ақыны төлеуге шығатын шығынды есептеу ерекшелігі
- Еңбек ақы есебі
- Еңбекке ақы төлеудің негізгі жүйелері
- Еңбек ақыдан ұстап қалулар мен төлемдер
- Қызметкерлермен есеп айырысуды есепке алу тәртiбi
Кіріспе
Еңбек ақы – бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектестін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Еңбекақы тұтынушы кіріснің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Еңбек ақының номаиналды және шынай түрлері болады.
Номиналды еңбек ақы дегеніміз -жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды жалақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл – ауқаты жайлы айту мүмкін емес.
Шынайы еңбек ақы – алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады.
Жалақы өнімінің өзіндік
құнының негізгі элеметтерінің
бірі болып табылады, сондықтан
да жалақы есебінің дұрыс
1. МОЙЫНҚҰМ АУДАНДЫҚ ҚАЗНАШЫЛЫҚ
БӨЛІМІ ҚҰРЫЛЫМЫ
Мойынқұм аудандық Қазнашылық бөлімі Жамбыл облыстық Әділет басқармасында 1998 жылғы 12 маусымдағы нөмері 5261 бұйрығымен заңды тұлға ретінде тіркеліп, мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәлігі берілген .Қазақстан Республикасының әділет министрлігі Жамбыл облыстық әділет басқармасы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі № 7680-1919-ММ болып 2002 жылдың 09-шы шілдесінде қайтадан тіркелген. Заңды тұлғаның атауы: « Мойынқұм аудандық қазнашылық бөлімі » мемлекеттік мекемесі.Заңды тұлганың тұрған жері: Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Амангелді көшесі, 100-ші үй. Индексі 080600.
1.1. Мойынқұм аудандық Қазнашылық бөлімінің
жалпы ережесі төмендегіше:
- Мойынқұм аудандық Қазнашылық бөлім мемлекеттік мекемесі ҚР қаржы минстірлігі Қазнашылық комитеті бюждеттен кассалық атқарылуы және мемлекеттік бюджетте есеп айырысу- кассалық қызмет көрсету бойынша арнаулы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады .
- бөлім өзінің қызметінде ҚР Конституциясының, ҚР заңдарын , ҚР Прзиденті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Қазнашылықтың жоғарғы тұрған органдарының бұйрықтарын және де өзге нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
- Бөлім мемлекеттік мекеменің
ұйымдастырушылық құқықтық
- Бөлім өз қызметінде
- Бөлім қызметкерлері Республикалық бюджеттен қаржыландырылады . Бөлімде есеп қисап жұмыстары орталықтандырылған бухалтерияға қарайды . Яғни еңбек жалақы жоғарыдан төленеді. Бөлімде арнайы бір қызметкерге, табель өткізу; бұйрықтың көшірмесі, байланыс қызметі электр энергиясы, жанар жағар май мен есептеу қызметкерлердің еңбек өтімі туралы хаттама жасау, мекемеден негізгі активтерге кеңсе тауары, шаруашылық тауары, тез тозатын материалдарды инвестициялау, есепке алу, есептен шығару арнайы бұйрық бойынша жүктелген .
- Қазынашылық функциялары болып
табылатын міндеттерді орындау
- Бөлімнің негізгі міндеттері
республикалық бюджеттің
1.2. Қазынашылық бөлімі заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды орындайды:
1. Республикалық бюджеттің
2. Мемлекеттік мекемелерде ақша
лимиттерінің және кассалық шығ
3. Мемлекеттік мекемелердің
4. Мемлекеттік мекемелерді 2-ші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол ақшамен қамтамасыз етеді.
5. Бюджеттік бағдарламалар
6. Мемлекеттік бюджеттердің
7. Жергілікті бюджеттердің
Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыратын мемлекеттік мекемелердің шығыстар сметасын жасау мен бекіту оларға өзгеріс енгізу.
- Шығыс сметасы республикалық
және жергілікті бюджеттерден
мемлекеттік мекемелерді
- Смета әрбір бюджеттік
- Бюджетте әрбір бюджеттік
- Егер бағдарлама (кіші бағдарлама)
бірнеше мемлекеттік
- Жиынтық және жеке сметалар
ҚР Үкіметі белгілеген
Смета жасаған кезде мемлекеттік мекемелер:
- ҚР бірыңғай бюджеттік жіктемес
- Бюджеттік бағдарламаларды
- Тауарларды (жұмыс,қызмет) мемлекеттік сатып алуға шарттар жасаудың мерзімдерін;
- Тиісті жылға арналған
Сметаны бекіту тәртібі
- Жиынтық және жеке сметаларды бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әрбір бюджеттік бағдарламалар шығыстарының болжамды көлемдерін бөледі.
- Жиынтық, жеке сметаларын бекіту
жоғары оң бұрышында смета
бойынша шығыстардың жалпы
- Бөлімдегі программалық құрлымның қолданылу тісңлң, операциялық жүйелер.
Модернизацияланған «O R A C L E» программасы
Қазнашылық бөлімінде барлық жұмыс жүйесі компютерде модернизацияланған «O R A C L E» программасы бойынша жүргізіледі.
Мемлекттік бюджеттің шығыс кірістерін басқару, Міндеттемелерді тіркеу, төлеу мақсатымен шоттарды Жуйеге енгізу, толем шоттарын бекіту, төлемдерді бақылау
басқармасы, мемлекеттік ұйымдар мен жұмыстарды басқару, ішкі бақылауды басқару, есептілік және жеткізуші фирмалар туралы анықтама жургізу, қаржымен қамтамасыз ету бөлімі, ақпараттық қауіпсіздік пен қазналық жуйесін техникалық қолдау жұмыстары ORACLE программасы бойынша қазнашылық
қызметкерлерінің жургізуімен іске асырылып отыр. Бөлімде ақпараттық жуйемен істелінген Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасы ( единная бюджетная классификация) негізінде қызмет ететін біркелкі қазнашылық шоттар ашылған. Мемлекеттік мекемелермен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу, сондай-ақ инкассалық өкімдерді орындау, зерттеу обектісі бойынша құжат жинау аталған программалық жуйе бойынша жуктелінген мінтеттеме бойынша атқарылады. Мойынқұм аудандық қазнашылық бөлімінде жалпы Қазнашылық органы өздері қызмет корсететін Мемлекеттік мекемелерге төмендегі құжаттар Нысандарын дайындайды:
5-15 Мемлекеттік мекемелер бойынша өткізілген Төлем шоттар тізілімі нысаны;
Қазнашылық мемлекеттік мекемелерге 4-20 арнаулы нысанын ұсынады.
Ал мемлекеттік мекемелер осы 4-20 нысанындағы ерекшеліктерге түскен қаржыларды мақсатты жұмсауға тиіс.
Қазынашылық бөлімі осы қаржының мақсатты жұсалуына ҚР Қаржы министрлігі 13-ші наурыз 2013 жылы бекіткен №71 «ҚР Біріңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» бұйрығын негізге ала отырып бақылау жасайды. Негізгі еңбек жалақы, жәрдем ақы, төлем ақы, бюджетке төленетін төлемдер (табыс салығы, әлеуметтік салық ), зейнетақы жарнасы, іс-сапар шығындарына шарт жасалынбайды.
Бұл 111,113,112,121,161 ерекшеліктерді қамтиды.Бұл аталған шығыстар төлеуге берілетін шот арқылы (счет к оплате) қабылданады.
Ал, 149-159,411,414,416,421 ерекшеліктерде қаралған қаражаттар, яғни тауарларға, көрсетілген қызметтерге қаттама жасалынып, шарт жасасып Қазнашылыққа өтінім (заявка на регистрацию обязателств) өткізеді.
Бөлім 4 топқа бөлінген:
- Бюджеттік мекемелерден азаматтық, құқықтық мәмілесін тіркеуге арналған өтінім (заявка) оған келісім шарт, шот фактура тіркеледі. Сондай-ақ төлем шоттары қабылданып олардың дұрыс бұрыстығы,яғни барлық реквизиттері тексеріледі. Сонымен қатар жергілікті қаржы бөлімі бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарын өткізеді. Бұл бағдарламаны (жергілікті бюджет) қондыру қазнашылық бөлімінде жүргізіледі.
- Екінші топ төлем шоттарын енгізу тобы болып саналады. Ол топтың міндеті арнайы программа бойнша мемлекеттік мекеменің аударған ақшасын ақша алушының шотына аударады. Мемлекеттік мекеме яғни аударушы әр ерекшеліктен аударылады.
Мысалы: 111- ерекшелік- еңбек жалақысы, табыс салығы,
кәсіп одақ
112 - сый ақы
113 –сауықтыру
149 –кеңсе тауары
151 –ауыз су, жарық (электр энергиясы)
152 – байланыс қызметі
144 – отын (сұйық отын,сексауыл)
159 – қызмет көрсету
161 – іс-сапар
Осы ерекшеліктен аударылған төлем шоттарын тиесілі алушының шотына түсуі ықпал жасайды.
3.Үшінші топ енгізілген төлем шоттарын барлық реквизитін тексере отырып
(контроль) арнайы программа бойынша бекітеді.
4.Төртінші топ арнайы 5-02 форма бойынша өткізілген төлем шоттарын
салыстыра отырып бір күндік жұмысты қорытындылайды. 5-02 формасы әр жұмыс күніне шығарылады. Яғни әр күнге бухгалтерлік құжат болып тігіледі.
Бақылау бөлімінің жауапты орындаушысы күн сайын бірінші орында (ИИСК- Интегрированная информационная система казначейства), яғни Қазнашылық жуйесіндегі ақпараттар шоғыры- ҚЖАШ –қа енгізілген жэне бекітілген төлем шоттарын 5-02 нысанымен барлық деректемелер бойынша салыстырады.
- Төлем шотының нөмірі және сомасы.
- Келісім шарт бойынша тіркелген төлем тапсырмасының жазбаша нөмірі яғни ( номер уведомление).
- КБК түсімдері
- Ақша алушы банктің ЖСН
- Ақшаны алушы банктің БИК
- Ақша алушы банктің ЖСК
- Мемлекеттік мекеменің коды
Бақылау тобының жауапты орындаушысы жоғарыдағы барлық деректемелерді 5-02 нысанымен тексере келе алдыңғы топтың жауапты орындаушыларының қабылданған, енгізілген, сондай-ақ бекітілгені туралы қойған мөртабан мен қойған қолдарын өз мөртабанын және қолын қойып растайды.Алайда нысанмен төлем шотты салыстыру кезінде үйлеспеушілік болған жағдайда бақылау тобының жауапты орындаушысы басшыға хабарлауға тиіс.
Ал, сағат 10.00 – нан кейін бақылау тобының жауапты орындаушысы құжаттарды тігуге әзірлейді. Бастапқы экземплярды, яғни қабылдау тобының, сондай-ақ операциялық топтардың мөртабан және қолдары қойылған құжаттарды, осы құжаттарға қоса тіркелінген статусы тупкі болған жағдайда уведомлениені, есеп-фактуралар, шот-хабарламаларды, істелінген жұмыстың актілері, инкассалық өкімдер, қандайда болмасын атқарылған жұмысты растайтын құжаттар төлем тапсырмасының артына қоса тігіледі.
Ал, төлем шоттарының екінші экзямплярі тиісті белгі соғылып, қол қойылғаннан кейін 5-15, 5-15а нысандарымен бірге қабылдау тобының жауапты орындаушысына қайтарылып беріледі.
- ЕҢБЕК АҚЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
- Еңбек ақы есебі
Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарына толтырлған алғашқы құжаттар мен жұмыс ұақытының табельдері оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерінен, бригадаларынан кәсіпорынның әкімшілігі белгіленген мерзімде бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептеу үшін толтырылатын алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі. Сондай ақ бұл құжаттағы еңбек бағасының дұрыс қойылуы олардың жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес келуі және шифраларының дұрыс қойылуы тексеріледі. Тексеріліп болғаннан кейін бұл құжаттар бойынша кәсіпорынның жұмысшылар мен қызметкерлеріне еңбекақы есептелінеді.
Еңбек ақы негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі-еңбек ақыны қызметкерге фактілі істелген уақыты мен кәсіпорында орындалған барлық жұмыстар үшін шағады. Қосымша- кәсіпорында орындалмаған уақытқа, заңмен негізделген, еңбек демалысы, жұмыстан шығу кезіндегі жәрдем ақы т.б.
Экономиканың барлық салалары мен меншіктің барлық нысандарында тарифтік ставкалар. Олар қызметкерлердің біліктілік топтарға дифференциалайды. Қорытынды құру базасы біртекті тарифті ставкаларды есептеу мен экономиканың барлық салаларында жұмыскерлердің қызмет еңбек ақысы республикада заңмен бекітілген төмен гі еңбек ақы көлемімен алынады.
Еңбек ақы ақшадай және натуралды нысанда шағылады және төленеді.
Еңбек ақыны ақшалай төлеу еңбек ақыны төлеудің негізгі және қосымша түрі және еңбек ақы жүйесіне сәйкес іске асады.
Еңбек ақы жұмыскерлерге мекеменің кассасында және олар өндірістік жағдайы мен жұмыс істеуші қызметкерлердің дәрежесіне қарай төленеді-5 бөлімі №50 нұсқау. Жалдамалы жұмыскерлердің саны мен еңбек ақы статистикасы, екі топқа бөлінеді, жұмыскерлер және қызметкерлер еңбек ақыны төлеуді ұйымдастыру практикасын екі негізгі нысан қолданылады. Келісілген еңбек ақыны төлеу- негізіне жұмыс көлемінің есебі және келісілген бағаа, яғни орандылған жұмыстың күрделігі бірлігі еңбек ақыны төлеуге негіз болады, жұмыс күнделігіне байланысты, уақыт бойынша еңбек жалақысы тарифтік ставка мен кесімді қызметақы, яғни фактілі орындалған уақытқа байланысты жүзеге асады. Тарифтік еңбек ақы мөлшері уақыт бірлігіне байланысты ( сағат, күн, ай).
Нарықтық экономика жағдайында еңбек ақыны дәстүрлі емес нысандар арқылы төлеу пайда болды, яғни түскен пайдадан пайыз арқылы есептеу, төлеу.
1. Келісілген еңбек ақыны төлеу орындалған жұмысына төлеу (өнім дайын болған жағдайда), келісілген бағамен, өнім санына байланысты.
2. Келісілген сыйақылы еңбек
ақы белгілі көрсеткішке
3. Келісілген пргрессивті еңбек
ақы төлеу еңбек ақы
4. Аккордты еңбек ақыны төлеу
әртүрлі мамандықтардан
5. Фактілі еңбекақы бригададағы адамдарға бөлінеді, әрбіреуінің орындалған уақыты бойынша, жұмыскерлердің разряды бойынша.
Сыйақы немесе сый бұл жағдайда жұмыс уақытының қысқарғанына байланысты сапа үшін төленеді. Аккордты жүйе белгілі бір адамдар тобына есептелінеді, материалды мақсатты көздеген және жұмыс уақытын қысқартқан жағдайда, нарядпен жабылады.
2.2. Еңбекке ақы төлеудің негізгі жүйелері
Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу уақытына, істеген жұмысына қарай немесе еңбекке ақы төлеудің өзге жүйелері бойынша жүргізіледі. Еңбекақының негізгі жүйелері лауазымдық, уақыттық, еңбегіне қарай ақылар (ставкалар) болып табылады.
Лауазымдық ақы (ставка) тұрақты ақша мөлшерінде жұмыс берушімен анықталады, бірақ ол еңбекақының ең аз мөлшерінен төмен болмауы керек. Еңбекке ақы төлеудің уақыттьіқ жүйесінде жалақы мөлшері тұрақты айлық, күндік немесе сағаттық тарифтік ставка бойынша жұмыс уақытының ұзақтығына байланысты анықталады.
Қызметкерлер үшін еңбекке ақы төлеудің уақыттық жүйесі көбіне айлық қызмет ақысы түрінде белгіленеді. Еңбегіне ақы уақыт бойынша төленетін жұмысшылар үшін қызмет көрсету нормалары, қызметкерлер санының нормативтері және олар жұмыс атқаратын агрегаттар мен станоктар санының нормативтері жасалып, қолданылады.
Жалақыны еңбегіне қарай төлеу—алдын ала белгіленген бағалауларға қарай нақты шығарған өніміне сәйкес жүргізіледі. Ақыны істеген еңбегіне қарай төлеу жүйесі — жұмысшының алатын жалақысын оның еңбегінің нәтижесімен тікелей байланыстыра отырып, қызметкердің еңбек өнімділігін арттыруға материалдық мүдделілігін көтереді, қызметкердің жалақы мөлшері еңбегіне қарай ақы төлегенде оның өнім өндіру номаларын орындауына ғана байланысты болады және оған ешқандай шек қойылмайды.
Еңбекақыны еңбегіне қарай төлеу жүйесі жеке және ұжымдық (бригадалық) болып бөлінеді.
Еңбекке ақы төлеудің жеке жүйесінде ақы төлеу әрбір жұмысшының жеке өндірген өніміне қарай анықталады. Ұжымдық еңбек ақы төлеу технология жағдайына қарай, жұмысты бір адам атқаруға болмайтын уақытта немесе қызметкерлердің өзара алмасып отыруын қамтамасыз ету үшін кәсіптерді кеңінен ұштастыру қажет болған жағдайда қолданылады. Ұжымға (бригадаға) бұл жүйе бойынша жалақы есептегенде ол ұжым (бригада) мүшелері арасында олардың разрядтары мен жұмыс жасаған уақытына қарай бөлінеді.
Уақыттан тыс атқарылған жұмысқа еңбекақы бір жарым мөлшерден кем төленбейді. Сонымен заң уақыттан тыс жұмысқа ақы төлеудің ең аз деңгейін ғана айқындап, екі жаққа шарт жасасу тәртібімен уақыттан тыс атқарылған жұмыс үшін неғұрлым жоғары мөлшерде ақы белгілеуге мүмкіндік береді.
Уақыттан тыс атқарылған жұмыстың демалыс беру арқылы орнын толтыруға болмайды.
Жұмыс қай кәсіпорынның мүддесіне орай жасалғандығына қарамастан
ол қай жұмыс берушінің бұйрығымен орындалса,
уақыттан тыс атқарылған жұмысқа еңбекақыны
сол төлейді. Бұл арада өкімнің қай түрде
(жазбаша не ауызша) берілгендігінің маңызы
шамалы. Жұмыс берушініңөкімінсіз қызметкерді
Мереке және демалыс күндері жасалған жұмысқа еңбекақы екі есе мөлшерде төленеді: еңбегіне қарай төленетіндерге — екі еселенген бағалау бойынша; ақы еңбегіне сағаттық немесе күндік ставкалар бойынша төленетін қызметкерлерге — егер мереке күнгі жұмыс, жұмыс уақытының айлық нормасы шегінде істелсе, еңбекақысының үстіне бір сағаттық немесе күндікставка мөлшерінде, егер жұмыс айлық нормадан тыс жасалған болса, онда еңбекақысының үстіне екі сағаттық немесе күндік ставка мөлшерінде төленеді. Барлық қызметкерлерге мереке немесе демалыс күндері жұмыс істеген нақты сағаттары үшін көтеріңкі мөлшерде еңбекақы төленеді.
Жұмыс ауысымының бір белігі мереке немесе демалыс күнімен тұстас келетін болса, онда мереке немесе демалыс күндері жұмыс істеген нақты сағаттары үшін екі еселенген мөлшерде еңбекақы төленеді (0-ден 24 сағатқа дейін).
Қызметкердің қалауы бойынша мереке немесе демалыс күндері атқарған жұмысы үшін төленетін үстеме ақыны қосымша демалыс күнімен алмастыруға болады. Бұл жағдайда мереке күні істелген жұмысқа ақы дара мөлшерде төленеді.
Түнгі уақыттағы жұмысқа еңбекақы бір жарым мөлшерден
кем төленбейді. Бұл арада түнгі уақыттағы
жұмысқа төленетін ақының аз мөлшері көрсетіліп
отыр. Заңда тараптарғаэкономиканың салалар
Бір кәсіпорында (мекемеде, ұйымда) жеке еңбек шартына байланысты өзінің негізгі жұмысын атқарумен қатар басқа қызмет бойынша (қызмет көрсету аймағын кеңейту) қосымша жұмыс немесе өз қызметінен босамастан уақытша жұмыста жоқ қызметкердің міндеттерін атқарғаны үшін қосымша ақы төленеді. Қызметтерді ұштастырғаны (қызмет көрсету аймағын кеңейту) немесе жұмыста уақытша жоқ қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін төленетін қосымша ақының мөлшерін қызметкермен келісе отырып, жұмыс беруші белгілейді. Алайда қызметкердің жұмыс уақыты ішінде жұмыспен толық қамтылмауы салдарынан оның келісімімен жұмыс берушінің тапсыруымен басқа жұмысты орындағаны үшін оған қосымша ақы төленбейді.
2.3. Еңбек ақылардан ұстап қалулар мен төлемдер
Еңбек ақыдан ұстап қалу тек заңда көзделген жағдайларда жүргізіледі. Әрбір жалақы төлемі кезінде барлық ұстап қалулардың жалпы мөлшері еңбек ақының 50% - нен аса алмайды.
Қызметкердің еңбек ақысынан бухгалтерия ұсталымдарының мынадай түрлерін ұстап қалады:
- Табыс салығын;
- Орындаушы қағаздар бойынша;
- Несие сатып алынған тауарлар үшін тапсырмалар мен міндеттемелер бойынша;
- Жазбаша тапсырмалар, жеке сақтандыру шарттары бойынша;
- Егер шаруашылық субъектісі кәсіподақтардың немес тәуелсіз кәсіподақтардың федерация кеңесінде тіркелегн болса, 1% - тік кәсіподақ жарнасы;
- Еңбек ақы есебінен берілген авансты өтеу;
- Жеке тұрын – үй құрылысына берілген несиені өтеу есебінен;
- Жұмысшының жазбаша келісімі бойынша шауашылық субъектісіне тиесілі тұрғын үй үшін пәрет ақы төлеу;
- Демалыстың өтелмеген күндері үшін;
- Кәсіпорынға келтірілген зияндыөтеу;
- Айыппұлдар мен мойнындағы ақша;
- Ведомстволық мектепке дейінгі мекемелерде балаларды ұстау үшін.
2.4. Қызметкерлермен есеп айырысуды есепке алу тәртiбi
Қызметкерлермен есеп айырысу бойынша операцияларды есепке алу үшiн
мынадай шоттар арналған:
1260 «Қызметкерлердiң қысқа мерзiмдi дебиторлық
берешегi»;
3240 «Қызметкерлерге қысқа мерзiмдi кредиторлық
берешек».
1261 «Есеп беретiн сомалар бойынша қызметкерлердiң
қысқа мерзiмдi дебиторлық берешегi» қосалқы
шотында қолма-қол ақшасыз есеп айырысу
және корпоративтiк төлем карточкасын
қолдана отырып, бюджеттiк ақша қаражаты
есебiнен есеп айырысу жолымен жүргiзiлмейтiн
шығыстарды төлеуге оларға берiлетiн iссапар
шығыстарына берiлетiн аванстар бойынша
есеп беретiн тұлғалармен есеп айырысу
ескерiледi. Есеп беруге аванс осы мемлекеттiк
мекемеде жұмыс iстейтiн тұлғаларға ғана
басшының ұйғарымы бойынша берiледi. Есептiлiкке
сома берген кезде, бухгалтерлiк қызметтiң
қызметкерлерi өткен аванстар бойынша
есеп беруге жауапты тұлғаның берешегiнiң
жоқ екендiгi туралы белгi жасалады.
Есептiлiкке берiлген ақша оларды беру
кезiнде көзделген мақсаттарға ғана жұмсала
алады. Есептiлiкке жауапты тұлғалар жүргiзiлген
шығыстарды растайтын құжаттарды қосу
арқылы аванстық соманың жұмсалуы туралы
есеп ұсынады. Аванстық есепке қоса берiлген
құжаттардi оларды есепте жазу тәртiбiмен
есеп беретiн тұлға нөмiрлейдi.
Қызметкер iссапардан оралғаннан кейiн
бес жұмыс күн iшiнде, аванстық есеп беруге
мiндеттi. Аванстың пайдаланылмаған қалдығын
есеп беретiн тұлға аванстық есептi тапсырғаннан
кейiн, үш жұмыс күннен кешiктiрмей қайтаруы
тиiс. Есеп беретiн тұлғаға жаңа аванстар
беру бұрын берiлген авансты қайтарған
кезде ғана жүргiзiле алады.
Корпоративтiк төлем карточкасы бойынша
ағымдағы шоттан ақша қаражатын пайдалану
туралы есеп беретiн тұлғалар корпоративтiк
төлем карточкасын қолдана отырып жүргiзiлген
төлемдердiң растауы болып табылатын құжаттарды
қоса бере отырып аванстық есептi ұсынады.
Бухгалтерлiк қызметте аванстық есептер
арифметикалық түрде тексерiледi, сондай-ақ
құжаттарды ресiмдеудiң дұрыстығы мен
қаражаттың мақсатқа сай жұмсалуы тексерiледi.
Тексерiлген аванстық есептердi мемлекеттiк
мекеменiң басшысымен бекiтедi.
Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне
еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен
бекiтiлген Бюджеттiң атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету ережесiнде анықталған
тәртiппен жүргiзiледi.
Айдың бiрiншi жартысына қызметкерлерге
еңбек ақысының 50%-ы мөлшерiнде аванс берiлуi
мүмкiн, бұл сомадан Қазақстан Республикасының
салық заңнамасында белгiленген тәртiппен
ұстауға жататын салықтар сомасы алынып
тасталады.
Есептелген еңбекақы сомасына 3241 «Еңбекақы
төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзiмдi
кредиторлық берешек» қосалқы шотының
кредитiне және 7010 «Еңбекақы төлеуге арналған
шығыстар» шотының, 8012 «Еңбекақы» қосалқы
шотының дебетiне жазба жүргiзiледi.
Төленген еңбекақы сомасы 3241 «Еңбекақы
төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзiмдi
кредиторлық берешек» қосалқы шотының
дебетiне және 1010 «Кассадағы ақша қаражаты»
шотының кредитiне, 1080 «Республикалық
бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк
мекеменiң мiндеттемелерi бойынша жеке
қаржыландыру жоспарына сәйкес мiндеттемелерiн
қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары»,
1090 «Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын
мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерi бойынша
жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес мiндеттемелер
қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары»
шотының тиiстi қосалқы шотының, 1042 «Ақылы
қызметтер ҚБШ» шоты қосалқы шотының кредитiне
жазылады.
Белгiленген мерзiмде алынбаған еңбекақы
сомасы 3243 «Депоненттелген сома бойынша
қызметкерлерге қысқа мерзiмдi кредиторлық
берешек» қосалқы шотының кредитiне және
3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге
қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы
шотының дебетiне жазылады.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасының
және Қазақстан Республикасында зейнетақылық
қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына
сәйкес мемлекеттiк мекеме қызметкерлер
мен қызметшiлердiң жалақысынан мынадай
есептеулер мен ұстап қалуларды жүргiзедi:
жеке табыс салығы - есептеу мынадай тiзбекпен
көрсетiледi: 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша
қызметкерлерге қысқа мерзiмдi кредиторлық
берешек» қосалқы шотының дебетi және
3121 «Жеке табыс салығы бойынша қысқа мерзiмдi
кредиторлық берешек» қосалқы шотының
кредитi;
мiндеттi зейнетақы жарналары: 3241 «Еңбекақы
төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзiмдi
кредиторлық берешек» қосалқы шотының
дебетi және 3142 «Жинақтау зейнетақы қорларына
зейнетақы жарналары бойынша қысқа мерзiмдi
кредиторлық берешек» қосалқы шотының
кредитi.
Мемлекеттiк мекеме қызметкердiң жазбаша
өтiнiшi негiзiнде, кейiннен мақсатына сай
аудара отырып қызметкерлер мен қызметшiлердiң
жалақысынан мынадай ұстап қалуларды
жүзеге асырады:
мүшелiк кәсiподақ жарналарын төлеуге:
3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге
қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы
шотының дебетi және 3245 «Кәсiподақтық мүшелiк
жарна сомаларын қолма-қол емес аударымдар
бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек»
қосалқы шотының кредитi;
банктерге салымдар бойынша шоттарға:
3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге
қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы
шотының дебетi және 3247 «Банктерге салымдар
бойынша шоттарға аударылған қолма- қол
ақшасыз аударымдар бойынша қызметкерлерге
қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы
шотының кредитi;
сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру
төлемдерiн төлеуге: 3241 «Еңбекақы төлеу
бойынша қызметкерлерге қысқа мерзiмдi
кредиторлық берешек» қосалқы шотының
дебетi және 3248 «Қызметкерлерге өзге қысқа
мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы
шотының кредитi;
Қазақстан Республикасының банктiк заңнамасында
белгiленген тәртiппен банктен алынған
несиенi өтеуге: 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша
қызметкерлерге қысқа мерзiмдi кредиторлық
берешек» қосалқы шотының дебетi және
3248 «Қызметкерлерге өзге қысқа мерзiмдi
кредиторлық берешек» қосалқы шотының
кредитi.
Ұстап қалулар сомасын аудару 3121 «Жеке
табыс салығы бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық
берешек», 3142 «Жинақтау зейнетақы қорларына
зейнетақы жарналары бойынша қысқа мерзiмдi
кредиторлық берешек», 3245 «Кәсiподақтық
мүшелiк жарна сомаларын қолма-қол емес
аударымдар бойынша қысқа мерзiмдi кредиторлық
берешек», 3247 «Банктерге салымдар бойынша
шоттарға аударылған қолма-қол ақшасыз
аударымдар бойынша қызметкерлерге қысқа
мерзiмдi кредиторлық берешек» шотының
тиiстi қосалқы шотының кредитi бойынша
көрсетiледi.
Атқару парақтары мен басқа құжаттар
бойынша жалақыдан ұсталған сома 3241 «Еңбекақы
төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзiмдi
кредиторлық берешек» қосалқы шотының
дебетiне және 3242 «Атқару құжаттары бойынша
қызметкерлерге қысқа мерзiмдi кредиторлық
берешек» қосалқы шотының кредитiне жазылады.
3242 «Атқару құжаттары бойынша қызметкерлерге
қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы
шотының дебетiне аударылған сома жазылады,
бұл ретте 1040 «Түсiмдер мен есеп айырысуларды
есепке алу үшiн ҚБШ», 1080 «Республикалық
бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк
мекеменiң мiндеттемелерi бойынша жеке
қаржыландыру жоспарына сәйкес мiндеттемелерiн
қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары»,
1090 «Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын
мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерi бойынша
жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес мiндеттемелер
қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары»
шотының тиiстi қосалқы шоты кредиттеледi.
Қызметкерлерге демалысақы төлеу 3241 «3241
«Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге
қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек» қосалқы
шотының дебетi және 1010 «Кассадағы ақша
қаражаты», 1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» шоттарының,
1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын
мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерi бойынша
жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес мiндеттемелерiн
қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары»,
1090 «Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын
мемлекеттiк мекеменiң мiндеттемелерi бойынша
жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес мiндеттемелер
қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары»
шоттары қосалқы шоттарының кредиттерi
бойынша көрсетiледi.

- Еңбекақыны ұйымдастыру нысандары
- Еңбекақы төлеудің маңызы,түрлері
- Еңбекақы төлеу шығындарың есебі
- Еңбекақы түсінігі және түрлері
- Еңбекақы шығындарының аудиті
- Еңбекақы шығындарының аудиті
- Еңбек дауларын сотта қарау
- Еңбек ақының тоериялық негізі
- Еңбек ақының формалары және жүйелері
- Еңбек ақының экономикалық мәні
- Еңбекақының экономикалық мәні
- Еңбекақының экономикалық мәні
- Еңбекақының экономикалық мәні
- Еңбекақының экономикалық мәні және еңбекақының қағидалары,еңбекақыны саралаудың экономикалық негіздері