Еңбекақы төлеу шығындарың есебі
Мазмұны
Кіріспе....................... .............................. .............................. .............................. ......3
1 Өндірістегі шығындардың экономикалық мәні және оның топтастыру........5
1.1 Өндірістегі шығындардың
экономикалық мәні............. .............................. ...5
1.2 Өндірістегі шығындарды
топтастыру.................... .............................. ...........8
2 Еңбекақы төлеу шығындарың
есебі......................... .............................. ...........13
2.1 Еңбекақы төлеу шығынының
есебі және мақсаты............ ...........................13
2.2«Рауан» ЖШС-і негізінде
еңбекақы төлеу шығынын есептеу
тәсілдері...20
Қортынды...................... .............................. .............................. ............................. 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................ .............................. ..................28
Кіріспе
Курстық жұмыста
өндірістік шығындар есебі соның
ішіндегі еңбекақы шығындары
есебі қарастырылған. Жалпы айтқанда
өндірістік шығындар дегеніміз-
өнімдерді, тауарларды (атқарылған
жұмыс, көрсетілген қызмет) дайындауға
кеткен нақтылы және қоғамдық
еңбек шығындарының жиынтығы
деп айту қабылданған. Өнім өндірісімен
байланысты шығындар өзінің құрамы
жағынан да, экономикалық мазмұны
жағынан да, өнім өндірісіндегі
рөлі мен өнімнің өзіндік құнына
еңгізілу тәсілі бойынша да
біртекті емес. Әр түрлі өндіріс
саласы бойынша өнімді өндіру
үдерісінде шығындар пайда болады,
бұйымды жасау сипатына, жасалған
қызметке, технология мен еңбекті
ұйымдастыруына байланысты әр
түрлі экономикалық маңызы бар
шығындардан тұрады.
Курстық жұмыстың
аты: Еңбекақы шығындарының есебі.
Еңбекті өтеуге шығатын тікелей
шығындар қатарына тура, бірден
және үнемді түрде дайын бұйымның
белгілі бір түріне жатқызуға
болатын, жұмыс күшін төлейтін
барлық шығыстар: бұйым дайындаумен
тікелей шұғылданатын жұмысшылардың
еңбекақысы кіреді. Еңбек өтеу
шығындарын тікелей және жанама
деп бөлу едәуір дәрежеде нақты
жағдайға байланысты. Егер ұйымда
бір өнім шығарылса, онда тек
өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы
ғана емес, басқару қызметкерлерінің
де еңбекақысы да тікелей шығындар
ретінде жіктеледі.
Оқу, демалыс, жұмыс
тоқтап қалған кездері қосымша
еңбекақы, мерзімнен тыс жұмысқа
төлеу сияқты шығындарға байланысты
айтыстар туады. Әдетте бұл шығындарға
жанамалар ретінде жіктеледі. Бұл
қызметкерлерге қосымша төлемдер
аударымдармен бірге еңбекке
шығатын тікелей шығындар болып
саналады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қызметтің түрлері бойынша жұмыс уақытына кететін шығындарын анықтау; шығарылған өнім деңгейі немесе ауысымы (сменасы) бойынша тапсырмалардың орындалу деңгейі; еңбек ақынының есептелуінің айқындығы, жүмыс істеп жүрген қызметкерлердің еңбек ақысы бойынша есеп айырысу; жалақы қорының пайдалануьш бақылау т. б.. сияқты есептеулер мен бақылауларды көрсету.
Курстық жұмыстың
құрылымы 2 бөлімнен тұрады. Курстық
жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы
өндірістегі шығындар жіне олардың
топтастырылуы қарастырылған. Шығын – белгілі бір мақсатта
пайдаланылған ресурстардың ақшалай баламмен
көрсетілген шамасы; бірлестіктердің
кәсіпорындардың, ұйымдардың өнімді өндіруге
(жұмыстарды орындауға‚ қызметтерді көрсетуге),
айналысқа жіберу.
Шығындарды саралау төмендегі түрде жүргізіледі:
- Материалдық шығындар;
- Еңбекақыға кеткен шығындар;
- Әлеуметтік салықтарға аударымдар;
- Негізгі қорлардың амортизациясы;
- Басқа да шығындар.
Шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізделген жіктеудің мәні зор. № 7 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес шығындар былайша жіктеледі:
- пайда болу орнына
байланысты — өндіріс, цехтар,
- шығынды көтерушілер, яғни өнім түрлері бойынша — өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін қажет;
- өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі немесе шығын түрлеріне байланысты — экономикалық элементтер (өнім өндірісіне нақты не жұмсалғанын көрсетеді) мен калькуляция баптары бойынша.
Курстық жұмыстың екінші бөлімі- еңбекақы төлеу шығындарың есебі деп аталады. Онда еңбекақы төлеу шығындарын есептеу тәсілдері мен мысал келтірілді.
Негізгі еңбекақы
төлемі орындалған жұмыстан және
оны есептеулерден тұрады. Еңбек
шығындарын басқару- еңбекақы шығындарының
болашағын жоспарлау басқару
есебінің негізгі мақсаты болып
табылады. Берілген жоспарлауда
тексерістің барысында есептік
ақпаратпен жұмысшының игерушілігінің
нормалауларын салыстырылуы тиіс.
Өндірілген өнімнің көлеміне
байланысты жұмысшылардың санын
ескеру қажет.
Еңбек шығындары бұл
– өнімнің өзіндік құнының
маңызды көрсеткіші, алайда оған
жұмыскерлердің оқуының
Еңбек ақы–күрделілігімен
мөлшері және сомасына қарай
адам қызметіне төленетін
Сонымен жалақы - өндірісте
өнімді өндіру мен оны өткізуге жұмсалған
шығындардың бір бөлігінен тұрады. Сондықтан
еңбек пен жалақыны есептеу (есепке алу)
мекеменің (субъектінің) бухгалтерлік
есепке алу системасында ең маңызды орын
алады. Еңбек пен жалақыны есепке алудың
басты мақсаты еңбек шығындарымен оған
төленетін жалақы мөлшерін дұрыс анықтау
болып табылады.
1. 1 Өндірістегі шығындардың экономикалық мәні және оның топтастырылуы.
1.1 Өндірістегі шығындардың экономикалық мәні.
Шығын – белгілі бір мақсатта пайдаланылған ресурстардың ақшалай баламамен көрсетілген шамасы; бірлестіктердің кәсіпорындардың, ұйымдардың өнімді өндіруге (жұмыстарды орындауға‚ қызметтерді көрсетуге), айналысқа жіберуге және өткізуге ақшалай нысанда жұмсаған шығыстарының жиынтығы.
Өндірістік шығындар дегеніміз- өнімдерді, тауарларды(атқарылған жұмыс, көрсетілген қызмет) дайындауға кеткен нақтылы және қоғамдық еңбек шығындарының жиынтығы деп айту қабылданған. Өнім өндірісімен байланысты шығындар өзінің құрамы жағынан да, экономикалық мазмұны жағынан да, өнім өндірісіндегі рөлі мен өнімнің өзіндік құнына еңгізілу тәсілі бойынша да біртекті емес. Әр түрлі өндіріс саласы бойынша өнімді өндіру үдерісінде шығындар пайда болады, бұйымды жасау сипатына, жасалған қызметке, технология мен еңбекті ұйымдастыруына байланысты әр түрлі экономикалық маңызы бар шығындардан тұрады. Сондықтан өзінің сандық және сапалық жағынан әр түрлі саланың кәсіпорындарында ғана емес, бір саланың ішіндегі кәсіпорындарында өзіндік құн бірдей емес.
Осындай жағдайда жоспарлау, есептеу, калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын талдаудың барлық талабына сай келетін барлық шығындарды саралау қажеттілігі туындап отырады. Әр түрлі кәсіпорындарда өндірілетін біртекті өнімдерге кеткен шығындарды салыстыру үшін, жоспарлаудың әр түрлі сатысында жеке түрлерінің арасындағы шығындардың қатынасын анықтау үшін, сонымен қатар кәсіпорын ішіндегі есепті ендіру үшін шығындарды саралау қажет болады. Кәсіпорын бойынша өзіндік құнды есептеу кезінде шығындардың экономикалық элементтері бойынша шығындар дегеніміз қай жерде және не мақсатпен жұмсалғанына байланысты болмайтын біртекті шығындар түрі. Саралаудың мәні- өндіріс үдерісінде кейбір шығындар түрінің атқарымдық рөліне негізделген экономикалық біртектілігі бойынша сипатына шек қою болып саналады.
Шығындарды саралау төмендегі түрде жүргізіледі:
- Материалдық шығындар;
- Еңбекақыға кеткен шығындар;
- Әлеуметтік салықтарға аударымдар;
- Негізгі қорлардың амортизациясы;
- Басқа да шығындар.
Экономикалық мазмұнына қарай шығындар былайша топтастырылады:
материалдық шығын (қайтарылма қалдықтар шегеріп тасталады)
еңбекақыға жұмсалатын шығын
әлеуметтік мұқтаждарға аударым
тозымпұл (амортизация)
Өндірілген өнімнің босалқы қорлары өзіндік құн бойынша бағаланады.
Бұл орайда өнімнің
өзіндік құнына кіретін шығын
мен есепті кезеңнің шығыны
айқындалады. Өнімнің өзіндік құнына
негізгі материалдарға жұмсалған
шығын, еңбекақы төлеуге жұмсалған
шығын және өндірістік үстеме
шығын енгізіледі. Негізгі материалдар
– нақты өнім түрін өндіруге
тікелей жұмсалған материалдар.
Еңбек шығыны еңбекке ақы төлеуге жұмсалған шығыннан құралады, ол нақты өнімге жатқызылуы мүмкін.
Өндірістік шығын – өнім өндіруге тікелей жұмсалған шығын, жұмсалған уақытына қарамастан есепті кезеңдегі өнімнің құ-нына енгізіледі.
Бейөндірістік шығын – әкімшілікті ұстауға, өнімді өткізуге жұмсалатын шығын, есепті кезеңнің шығысына жатады және жұмсалған есепті айында көрсетіледі.
Өндірістік үстеме шығынға тозымпұлдық аударым; жалға төленетін төлем жатады, бұл ресурстар өнімді сатудан кейінгі шығын қатарына көшіріледі.
Өнімнің толық өзіндік құны – тікелей шығын (өнімді өндіруге, жұмыстарды орындауға‚ қызметтерді көрсетуге) байланысты жұмсалған шығыстар: шикізат‚ материалдар‚ өндірістік қызметкерлер құрамының жалақысы‚ т.б. мен оның үлесіне жатқызылатын жанама шығынының (өнімнің барлық номенклатурасын өндіруге, жұмыстарды орындауға‚ қызметтер көрсетуге байланысты жұмсалған және пайыздық арасалмақта бөлу арқылы өзіндік құнға енгізілетін шығыстар, жалпы цехтық шығыстар‚ жабдықты күтіп ұстауға және пайдалануға ұсталған шығыстар‚ т.б.) қосындысы.
Тұрақты шығын – өндірістің көлеміне тәуелді емес жанама шығыстар (әкімшілік және басқару шығыстары‚ т.б.);
ауыспалы шығын – шамасы өндірістің көлеміне тәуелді тікелей шығын Өзіндік құнға тек тікелей шығын мен ауыспалы үстеме шығын ғана енгізіледі‚ қалған шығын жалпы табысқа көшіріледі және өнімнің өзіндік құнына енгізілмейді;
Өнімді өндіруге еңбекті
өтеуге шығатын тікелей шығындар қатарына
тура, бірден және үнемді түрде дайын бұйымның
белгілі бір түріне жатқызуға болатын,
жұмыс күшін төлейтін барлық шығыстар:
бұйым дайындаумен тікелей шұғылданатын
жұмысшылардың еңбекақысы кіреді.
Алайда көмекші
жұмысшылар, менеджерлер мен мастерлер,
қосалқы күрелі қызметкерлері
де өндіріспен байланысты. Олардың
еңбекақысы өндірістік шығындар
құрамына кіреді, бірақ бұл шығындарды
дайын бұйымның белгілі бір
түріне тікелей және үнемді
түрде жатқызуға болмайды, оларды
қосымша еңбек шығындары деп
атайды. Жанама қосымша материалдық
шығындар сияқты мұндай шығыстар
жалпы өндірістік шығындардың
бөлігі ретінде қарастырылады. Еңбек
өтеу шығындарын тікелей және
жанама деп бөлу едәуір дәрежеде
нақты жағдайға байланысты.
Егер ұйымда бір өнім шығарылса, онда тек өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы ғана емес, басқару қызметкерлерінің де еңбекақысы да тікелей шығындар ретінде жіктеледі.
Оқу, демалыс, жұмыс тоқтап қалған кездері қосымша еңбекақы, мерзімнен тыс жұмысқа төлеу сияқты шығындарға байланысты айтыстар туады. Әдетте бұл шығындарға жанамалар ретінде жіктеледі.Бұл қызметкерлерге қосымша төлемдер аударымдармен бірге еңбекке шығатын тікелей шығындар болып саналады.
Тікелей материалдық
шығындар мен еңбекті өтеу
шығындары өзгермелі болып табылады,
олардың шамасы өндіріс көлеміне
тура сай өзгереді. Жұмсалатын ағымдағы
шығындар (өзіндік құн, бұған қоса негізгі
капиталдың тозымпұлы), өндіріске не оның
айналысына ұсталған шығын (сауда, көлік
шығындары мен басқа да шығындарды қоса),
айналысқа ұсталған шығын. Экономика ғылымында
шығынды жеке меншіктік шығынға (өндірушінің
немесе тұтынушының белгілі бір игілікке
немесе әрекет, қызметке жұмсаған шығыны)
және қоғамдық шығынға (жалпы қоғамға
жатқызылатын) бөлу қабылданған. Экономикалық
қызметті талдау кезінде нақты шығынмен
қатар жүктелме шығын (өндіріс, ресурс
факторларын неғұрлым тиімді пайдалану
мүмкіндігінен айрылып қалу) да ескерілуге
тиіс. Шығын әдетте толық шығын, жиынтық
(қосындылы) шығын (мысалы, бір тоқсандағы,
бір жылғы), жеке-дара шығын (қаралып отырған
өнімнің бір өлшеміне шағып есептегендегі)
түрлеріне бөлінеді. Бұлардың әрқайсысы
өндірістің көлеміне байланысты емес
тұрақты шығынға (үймереттер мен жабдықтарды
ұстауға жұмсалатын шығыс, басшы қызметкерлерге
айлық ақы, сақтандыру жарналары көрсетілетін
коммуналдық қызметтер, жалға төленетін
төлемдер, т.б.) және өнімнің немесе сатудың
көлеміне орай өзгеріп отыратын ауыспалы
шығынға (материалдар мен шикізаттарды
сатып алуға, кесімді ақыға істейтін жұмыскерлердің,
қызметкерлердің жалақысы, сату алдындағы
және сатудан кейінгі көрсетілетін қызметтер,
кеден бажын төлеу, т.б.) ажыратылады. Тұрақты
шығын, тіпті өнім шығарылмаса да төленіп
тұрады. Әрбір қосымша өнім өлшемін өндіруге
жұмсалатын қосымша шығынды шекті шығын
деп атайды.
Шығын көрсеткіштерінің халықараралық тұрғыда танылып, таңбаланған кейбір стандарттық көрсеткіштері қабылданған, олар:
МС (margіnal cost) – шекті шығын;
АС (average cost) – орташа шығын;
FS (fіxed cost) – тұрақты шығын;
VC (varіable cost) – ауыспалы шығын;
AVC – орташа ауыспалы шығын
SMC (short-run margіnal cost) – қысқа мерзімді ауыспалы шығын
SAC – қысқа мерзімді орташа шығын
LAC (long-run average cost) – ұзақ мерзімді шығын
LMC – ұзақ мерзімді шекті шығын
Оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйымның өндірістік қызметінің барлық кезеңдеріндегі шығыстарды білу қажет. шығыстарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу-болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаны дұрыс есептеуге, шығындарды реттеу мен бақылауға, өндірістің пайда мен тиімділігін жоспарлауға көмектеседі.
Сондықтан
шығын басқару есебінің негізгі
объектілерінің бірі болып табылады.
Шығындар
– шаруашылық іс-әрекет барысында
тұтынылған материалдық, еңбек, қаржылық
және басқа ресурстардың, баланста
көрсетілген болашақта кіріс
әкелу мүмкіндігі бар кәсіпорын
активі ретінде көрсетілетін
құн. Бұдан шығатыны, “шығындар”
ұғымы “өндіріске шыққан шығындар”
дегеннен кең екені білінеді,
өндіріске шыққан шығындар —
өнімді өндіру барысында тұтынылған
ресурстар бөлігі.
Көбіне экономикалық әдебиетте шығыстар мен шығындар түсінігі ұқсастырылып, теңдестіріліп жүр, алайда бұлардың үлкен айырмашылықтары бар. Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес шығысқа шеккен зиян да шыққан шығын да кіреді. Қазақстан Республикасындағы 2010 жылдың 29 қазанындағы №542 «Қаржылық есепті дайындау мен ұсынуға арналған тұжырымдамалық негіздерге» сәйкес шығыстарға ұйымның және т.б. негізгі қызмет барысында туындайтын шығыстар кіреді. Активтердің азаюына немесе сенімді өлшенетін міндеттемелердің ұлғаюына байланысты болашақ экономикалық пайданың кемуі ұйымның шығыстары деп танылады.
Басқаша
айтсақ, шығыстарды ұйымның кіріс
алуына байланысты көтерген шығындарының
бөлігі деп түсіндіруге болады.
1.2 Өндірістегі шығындарды топтастыру.
Шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізделген жіктеудің мәні зор. № 7 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес шығындар былайша жіктеледі:
- пайда болу орнына
байланысты — өндіріс, цехтар,
- шығынды көтерушілер, яғни өнім түрлері бойынша — өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін қажет;
- өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі немесе шығын түрлеріне байланысты — экономикалық элементтер (өнім өндірісіне нақты не жұмсалғанын көрсетеді) мен калькуляция баптары бойынша.
Өндіріс шығындары
бірқатар басқа белгілер
1) Өндіріс процесіндегі экономикалық ролі бойынша:
Негізгі - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты шығындар (шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқада шығындар);
Қосымша - өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны басқаруға байланысты пайда болады.
2) Өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша:
Тікелей - өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тікелей кіретін шығындар;
Жанама — өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін.
3) Құрамы бойынша:
Бір элементтік – бір элементтен тұратын (еңбек ақы немесе материалдар шығындары);
Кешенді – бірнеше элементтен тұратын (құрамына еңбек ақы, материалдар, амортизация т.б. бір элементті шығыстар кіретін);
4) Өндіріс көлеміне байланысты:
Өзгермелі — мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура пропорционалды өзгеретін шығындар (еңбек ақы, отын энергия);
Тұрақты — өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне байланысты емес шығындар (жылыту, өндірістік бөлмеге жарық беру, жалға алу, жарнама шығындары);
5) Пайда болу мерзімділігі бойынша:
Ағымдағы — жиі мерзімде болып тұратын шығындар (шикізат, материал);
Бір жолғы – еңбек демалысы, жөндеу жүргізу шығындары;
6) Басқару міндеттері бойыша:
Өндірістік – тауарлық өнімді дайындауға байланысты және өндірістің өзіндік құнын құрайтын шығындар;
Әкімшілік – жалпы басшылыққа, жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы шығыстарға байланысты;
Коммерциялық — өткізу бойынша шығындар.
7) Тиімділігі бойынша:
Өнімді - жоспарланатын;
Өндіргіш емес – жоспарланбайтын;
8) Бақыланатын мүмкіндігі бойынша:
Реттелетін – егер атқарушы (еңбеккер) шығындар деңгейіне елеулі әсер ете алса;
Реттелмейтін – деңгейіне еңбеккер елеулі ықпал ете алмайтын шығындар;
9) Орташалау дәрежесі бойынша:
Жалпы — өндірілетін өнімнің барлық көлеміне шаққандағы;
Орта — өнімнің бір бірлігіне шаққандағы.
Басқару есебінде шығындарды жіктеу сан түрлі және қандай басқару міндетін шешу қажеттігіне байланысты. Басқару есебінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
- өндірілген өнімнің өзіндік құнын есептеу, қорлар мен алынған пайданың құнын бағалау;
- басқару шешімін қабылдау мен жоспарлау;
- жауапкершілік орталығының өндірістік қызметін бақылау мен реттеу.
Өзіндік құнды және алынған пайданы анықтау үшін шығындар былайша жіктеледі:
- кіретін және өтіп кеткен;
- тікелей және жанама;
- негізгілер мен қосымшалар;
- өнімнің өзіндік құнына кіретін және өндірістен тыс;
- бір элементті және кешенді.
Кіретін шығындар – баланста актив ретінде тіркеледі және келесі есепті кезеңнің пайда мен шығындар шотында шығыстар тобына көшеді.
Өтіп кеткен шығындар – ағымдағы есепті кезеңнің пайда мен шығындар шотында шығыстар ретінде тіркеледі.
Өнімнің нақты түрін өндірумен нақты жұмысты орындауға байланысты және тікелей олардың құнына кіре алатын шығындар тікелей деп аталады.
Өнімнің бірнеше түрін өндіру үшін жалпы сипат атқаратын және жасаған кезде нақты өнімге жатқызу мүмкін болмайтын шығындар жанамағажатады. Мұндай шығындар өнімнің жекелеген түрлері арасында жанама жолмен кәсіпорынның бөлу негізін таңдауына байланысты бөлінеді.
Өнім өндіруге тікелей байланысты шығындар негізгі болып табылады, кез келген кәсіпорында олар шығындардың маңызды бөлігін құрайды.
Қосымша шығыстар өндірісті ұйымдастыру, қызмет ету және оны басқаруға байланысты пайда болады.
Шығыстардың өндірістік, өндірістік емес болып жіктелуі ХБЕС жауап береді, соған сәйкес өндірілген өнім қорларын бағалау үшін тек қана өндірістік шығындар қосылуы тиіс.
Өндіріске жұмсалатын
біртекті шығындар
Бухгалтерлік басқару
есебінің мақсаты басқару
- өзгермелі, тұрақты, шартты-тұрақты — өндіріс (сату) көлемінің өзгеру әсеріне байланысты;
- бағалауда есепке қабылданатын және қабылданбайтын шығындар;
- қайтарымсыз шығындар (өткен кезең шығындары);
- жүктелген шығындар (немесе
кәсіпорынның пайдалана
- жоспарлантын және
- өсетін және шекті шығындар мен кірістер.
Өзгермелі шығындар өндіріс көлемі өзгергенде пайда болады, оның көлеміне тура сайма-сай өзгереді.Тұрақты шығындар уақыттың белгілі бір кезеңі ішіндегі өндірістің әр түрлі ауқымы үшін өзгеріссіз қалады.
Жартылай өзгермелі шығындарға тұрақтылар да, өзгермелі құрамдас бөліктер де кіреді. Шешім қабылдаған кезде қайтарылмайтын шығыстар мен есепке алынбайтын шығыстар түсінігін айыра білу керек.
Жүктелген (баламалы) шығындар – шешім қабылдағанда алдын ала қарастыру қажетті шығындар, бірақ олардың болашақта болмауы да мүмкін.
Жоспарланатын шығындар – мөлшерлеу, лимиттеу және смета негізінде белгілі бір өндіріс көлеміне есептелген шығындар. Олар өнімнің жоспарлы өзіндік құнына жатады.
Жоспарланбайтындар – қосымша, жоспарлы өзіндік құн шегінен шығатын, нормативтен тыс шығындар, яғни нақты шығындар. Олар өнімнің нақты өзіндік құнына әсер етеді.
Өсетін және шекті шығындар мен табыстар — өнімнің қосымша партиясын дайындау мен сату нәтижесінде пайда болған қосымша шығындар.
Шығындарды бақылау мен реттеу мақсатымен мынадай жіктеу қолданылады:
- реттелетін және реттелмейтін;
- тиімді және тиімді емес;
- мөлшер шегінде және мөлшерден ауытқулар;
- бақыланатын және
Реттелетіндер – сомасы менеджер тарапынан болатын ықпалға байланысты, жауапкершілік орталықтарында тіркелген шығындар.
Егер цехқа келіп түскен материалдардың сапасы төмен болса, онда өндірістік емес шығындар цех бастығымен реттелмейтіндер деп қарастырылады және жауапкершілік жабдықтау бөлімі бастығына жүктеледі.
|
.
Тиімділер – бұлар өнім өндіруге бағытталған шығындар; өткізу нәтижесінде табыс алынады.
Тиімсіздер — өнім өндірілмейтін болғандықтан, нәтижесінде табыс алынбайтын шығындар.Бұлар негізінде ақаудан,материалдарды бүлдіруден болған шығындар.
Шығындарды мөлшер шегіндегі және мөлшерден ауытқыған шығындардеп бөлуді бөлімшенің жұмыс тиімділігін анықтау үшін ағымдағы есепте нақты болған шығындарды нормативтілермен жалғастыру жолымен қолданады.
Бақыланатындарға кәсіпорында жұмыс істейтін адамдар бақылайтын шығындарды жатқызады. Бақыланбайтын шығыстар – кәсіпорын қызметкерлеріне байланысты емес шығыстар.
2. Еңбекақы төлеу шығындарың есебі.
2.1 Еңбекақы төлеу шығынының есебі және мақсаты.
«Еңбекақы » бабында
субьектінің негізгі өндірістік
персоналының еңбекақы шығындары,
соның ішінде жұмыскерлерге, қызметкерлерге
өндірістік нәтижелері үшін сыйақылар,
ынталандыратын төлемдер мен
өтемақылар, соның ішінде бағаның
өсуіне және табыстар индекстеуіне
байланысты еңбекақы бойынша
өтемдер, балаға қарауға байланысты
жартылай ақы төленетін демалыстағы
әйелдерге заңдарда белгіленген
мөлшерде төленетін өтемақылар,
содай-ақ ұйымның штатында жоқ,
негізгі қызметке қатысатын жұмыскерлерге
төленетін еңбекақы шығындары.
Іс жүзінде еңбекақыны ұйымдастырудың екі негізгі нысаны пайдаланылады – кесімді (өнім санына қарай ақы төлеу) және мерзімді (істеген уақытына қарай төлеу).
Мерзімді еңбекақысы деп – нақты істеген уақыты үшін еңбекақының мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге есептелетін жалақының нысанын айтады. Мерзімдік еңбекақының нысаны жай – мерзімділік және сыйақылы – мерзімдік болып бөлінеді.
Мерзімдік еңбекақы = 1 сағатқа төлемақы * істеген жұмыс сағаттарға.
Кесімді
еңбекақы төленген кезде алдын- ала
белгіленіп қойған деңгейде әзірленген
өнімнің немесе орындаған жұмыстың
әрбір бірлігіне есептейді:
Кесімді еңбекақы = 1 бірліктің төлем ақысы * бірліктердің санына
Кесімді еңбекақы нысаны келесідей еңбекақы жүйесіне бөлінеді:
тікелей кесімді еңбекақы жүйесі;
кесімді-сыйлық (қосымша марапаттау, белгіленген көрсеткіштерді орындаған кезде ғана пайдаланылады);

- Еңбекақы түсінігі және түрлері
- Еңбекақы шығындарының аудиті
- Еңбекақы шығындарының аудиті
- Еңбек дауларын сотта қарау
- Еңбек және еңбек ақы есебі
- Еңбек және еңбек құқығы
- Еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуларды тексеру кезектілігін анықтау
- Еңбекақының экономикалық мәні
- Еңбекақының экономикалық мәні
- Еңбекақының экономикалық мәні
- Еңбекақының экономикалық мәні және еңбекақының қағидалары,еңбекақыны саралаудың экономикалық негіздері
- Еңбек ақыны төлеуге шығатын шығынды есептеу ерекшелігі
- Еңбекақыны ұйымдастыру нысандары
- Еңбекақы төлеудің маңызы,түрлері