Еңбекақы шығындарының аудиті. 2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Еңбекақы шығындарының аудиті»
АЛМАТЫ – 2011
Мазмұны
КІРІСПЕ.......................
І БӨЛІМ. ЕҢБЕКАҚЫ ЖӘНЕ ЖАЛАҚЫНЫҢ ЕСЕБІ....................5
1.1. Еңбекақы және оның түрлері, нысандары мен жүйелері.........5
1.2. Еңбекақыны есептеу тәртіптері және еңбекақыдан
ұсталатын ұсталымдар....................
ІІ БӨЛІМ. ЕҢБЕКАҚЫНЫ ЕСЕПТЕУДЕГІ АУДИТТІҢ
МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ....................
2.1. Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы және
жұмыс уақытын пайдалану есебінің аудиті........................
2.2. Еңбекақыны есептеудегі аудиттің
мақсаты мен міндеттері....................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................
КІРІСПЕ
ҚР-ның әр азаматы еңбек етуге құқылы, демек республикада әр адамның өз ықыласына, қабілетіне және арнайы дайындығына сәйкес еркін еңбек ету мүмкіндігі қарастырылған. ҚР-ның “Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы” заңына сәйкес: Еңбек деп адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған қызметтерді айтады, яғни нарықтық экономикаға көшу жағдайында Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге сәйкес еңбек ақы әлеуметтік қолдау және жұмысшыларды қорғау қорғау салалары елеулі өзгерістерге ұшырады. Бұл саясат жүзеге асыру бойынша мемлекеттің көптеген міндеттері кәсіпорынның құзырына беріледі. Олар өз бетінше еңбекақы мен еңбек нәтижесінің материалдық ынталандырудың түрлері мен жүйесін, олардың көлемін анықтау мүмкіндігіне ие болады.
Еңбекақы қызметкерлерге ақшалай және сирек (натуралды) түрде есептелуі мүмкн. Әр қызметкерлердің еңбек табысы кәсіпорын жұмысының соңғы нәтижесін ескере отырып оның жеке салымына байланысты анықталады. Ол салықтармен реттеледі және көлемі шектелмейді.
Кәсіпорын шаруашылық қызметін жүзеге асыру процесінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдап және жұмыстан шығарып отырады. Қызметкерлердің құрамындағы өзгерістерді кадр бөлімі жүргізеді. Кадр бөлімінің қызметкері кәсіпорынағы қызметкерлердің санын, жұмысшылардың категорияларын, кәсіпкерліктерін, мамандықтарын, қызмет орындарын, біліктілігін, жұмыс стажын, кәсіби білімін және бұдан да басқа мәліметтерді есепке алып отырады.
Жұмыс беруші жұмысшыларды жұмысқа қабылдаған кезде онымен жеке еңбек келісім шартқа отырады. Жеке еңбек келісім шарт ол жұмыс берушімен жұмысшы арасындағы жазбаша түріндегі келісім шарт. Аталған құжатта жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы келісімдер қарастырылады. Келісім шарт белгілі бір мерзімге құрылады. Аталған келісім шартта еңбек тәртібінің жағдайы, жұмысшының еңбекақысы, оның құқығы мен міндеттері және тағы сол сияқты мәліметтер көрсетіледі.
Кадр бөлімі жұмыскерлердің құрамының есебін келесі құжаттар негізінде жүргізіледі:
1. Жұмысқа жаңадан қабылданған жұмысшылар бойынша: “Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық” шығарылады. Осы бұйрық негізінде кадр бөлімінің инспекторы әр жұмысшыға жеке карточка толтырылады.
2. Жұмысшылардың кезекті демалысына: “Демалыс беру туралы бұйрық” шығарылады. Бұл бұйрық екі данадан толтырылады. Бір данасы бухгалтерияға өткізіледі, екінші данасы кадр бөлімінде қалады.
3. Қызметкерлер жұмыстан шығарылғанда: “Еңбек шартының тоқтатылуы туралы бұйрық” шығарылады. Бұл бұйрық та 2 данадан толтырылады. Бір банасы бухгалтерияға, ал екінші данасы кадр бөлімінде қалады.
Бухгалтерияда жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс уақытын есептеу үшін, сонымен қатар жұмысшылар мен қызметкерлермен еңбекақы бойынша және басқа да төлемдер бойынша есеп айырысу үшін жұмыс уақыты есебінің табельі толтырылады. Табельді бір адам толтырып, тиісті құжаттармен бухгалтерияға өткізеді. Табельде жұмысшының жұмысқа келген күндері, жұмысқа келмеген күндері және оның себептері көрсетіледі. Егер жұмысшылар мерзімінен тыс түңгі сағаттарда, мейрам күндерінде еңбек етсе, онда “Үстеме төлемдерге” (“Лист на доплату”) жеке парақ толтырылады.
Кәсіпорынның құрамына қабылданған жұмысшылар жұмысқа қабылдау мерзіміне қарай: тұрақты, уақытша, маусымдық деп бөлінеді. Тұрақты жұмысшыларға жұмыс істеу мерзімінің аяқталу уақыты көрсетілмеген жұмысшылар жатады. Уақытша жұмысшыларға белгілі бір мерзімге қабылданған жұмысшылар жатады. Маусымдық жұмысшыларға маусымдық жұмыстарды орындау үшін қабылданған жұмысшылар жатады.
Курстық жұмыстың өзектілігі – кез келген кәсіпорынның бухгалтериясында еңбекақының мәні және оның дұрыс ұйымдастырылуы болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған, бүгінгі күннің талабына сай орындалған есеп жүйесі, яғни автоматтандырылған немесе компьютерленген жүйе кез келген кәсіпорынның бухгалтериясындағы жұмысты нақты орындауға кепіл.
Курстық жұмыстың мақсаты – еңбекақы және оның түрлерін, нысандары мен жүйелерін, еңбекақыны есептеу тәртіптері және еңбекақыдан ұсталатын ұсталымдардыұйымдастыру ерекшеліктерін қарастыру.
І БӨЛІМ
ЕҢБЕКАҚЫ ЖӘНЕ ЖАЛАҚЫНЫҢ ЕСЕБІ
1.1. Еңбекақы және оның түрлері, нысандары
мен жүйелері
Еңбекақы – қызметкерлердің орындаған жұмыс көлеміне, жұмыс істеген мерзіміне және еңбек шарттарында белгіленген міндеттері үшін төленетін төлемдер.
Еңбекақының 2 түрі бар:
1. Негізгі еңбекақы;
2. Қосымша еңбекақы.
Негізгі еңбекақы – жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек еткен уақытына немесе істелінген жұмысшылардың саны мен сапасына төленетін жалақы. Негізгі еңбекақының құрамына есептелінген жалақының барлық түрлері кіреді. Сонымен қатар сыйақылар, мерзімінен тыс жұмыс істеген уақытқа төленетін төлемдер, түңгі сағаттарда, мейра күндерінде еңбек еткені үшін есептелген төлемдер де кіреді.
Қосымша еңбекақы – жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек туралы заңына және ұжымдық келісім шартта ескертілген жұмыс істемеген уақытына төленетін төлемдер. Бұған жататындар кезекті демалысқа демалысақы, мемлекеттік және қоғамдық міндетті орындауға кеткен уақыттың ақысы, жасөспірімдердің льготалық сағаттарына төленетін ақы, аналардың сәбилерін емізуіне кеткен уақытына төленетін төлемдер.
Еңбекақының мерзімді және кесімді нысандары бар.
Мерзімді еңбекақы – еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлерге нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді, яғни жалақы жұмысшылар мен қызметкерлерге белгіленген тарифтік мөлшерлеме бойынша немесе нақты жұмыс істеген күніне төленеді.
Мерзімді еңбекақының төмендегідей жүйелері бар:
1. Жай мерзімді;
2. Сыйлықты мерзімді.
Жай мерзімді жүйе – бұл тарифтік мөлшерлеме немесе қызметкердің қызметақысы, жұмысшының жұмыс уақытының саны бойынша анықталатын еңбекақы. Еңбекақыны есептеудің бірнеше тәсілі бар:
Сыйлықты мерзімді еңбекақы – бұл жүйеде еңбекақы тек нақты жұмыс істеген уақытына ғана емес, сонымен қатар сыйақы төленеді. Кәсіпорында қолданылатын сыйақы жүйелері бойынша берілген сыйақының түрлері жатады (жоспарды орындаған үшін, мейрам күндеріне және тағы да басқа).
Кесімді еңбекақы – жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатына қолданылады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің кесімді түрін қолданғанда жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті еңбекақы, олардың өндірген өнімінің көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылаған, яғни белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады. Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленеді. Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға керекті, яғни қажет болатын, адам/сағат, адам/күн өлшемінде көрсетілген уақыт болып саналады. Өнім өндіру мөлшері жұмысшылар мен қызметкерлердің белгілі бір уақыт ішінде жасап шығарылатын, өндірілетін өнімінің саны және көлемімен анықталады.
Кесімді еңбекақының мынадай жүйелері бар:
1. Тікелей кесімді;
2. Кесімді сыйлықты;
3. Үдемелі кесімді;
4. Аккордтық;
5. Жанама кесімді.
Тікелей кесімді – бұл жүйеде жалақы тек қана орындалған жұмыс, өндрілген өнімдер үшін төленеді. Бұл жүйеде әрбір өнім бірлігі бойынша бағасын кесу немесе қою арқылы еңбекақы есептелінеді;
Кесімді сыйлықты – бұл қосымша марапаттау төлемін қарастырады. Кесімді сыйлықты жүйеде жұмысшының кесімді еңбекақысын қоса, қол жеткізген сандық-сапалық көрсеткіштеріне сыйақылар есептелінеді;
Кесімді үдемелі төлемі (үстеме кесімді) – бұл жүйесі жұмысшының белгіленген жоспарын орташа өндңірілген өнімдер үшін көтермелеу бағамен еңбекақыны есептеуді қарастырады. Жоспар мөлшерінде дайындалған өнімдер үшін жұмысшыға төлемді тікелей кесімді бағалар бойынша есептелінеді, ал нормаларын асыра дайындаған өнімдер үшін үдемелі өсімді бағалар бойынша есептейді;
Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі – шаруашылық субъектісінде жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуде қолданылады. Кесімді еңбекақының бұл жүйесі жоғары сапалы өндірген өнімнің және орындаған жұмыстың санына, көлеміне қарай алдын ала кесімді баға қоюды қажет етеді. Сондай – ақ, бұл жүйе бойынша еңбекақы төлеу үшін алдын ала атқарылатын жұмыстың көлемі мен сапасы анықталуы тиіс. Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу көбінесе құрылыс салушы шаруашылық субъектілерінде, жөндеу жұмыстарымен айналысатын субъектілерде және жүктерді тиеп түсірумен айналысатын өнеркәсіп орындарында қолданылады. Бұл жүйе бойынша еңбекақы есептеу шаруашылықта жұмысшылар мен қызметкерлердің санын қысқартып, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіншілік береді;
Жанама кесімді жүйе – бұл жүйе қосалқы және басқа да жұмысшының еңбекақысы қызмет көрсететін учаскілерінің, цехтің негізгі жұмысшылардың төлемақысына шаққандағы пайызбен анықталады, яғни бұл көмекші өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы. Олардың жалақысы негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбекақысына пайыздық шамамен бнлгіленеді;
аккордты жүйеде алдын-ала істелінетін жұмыстың көлемі, оған төленетін ақы және сол жұмыстың аяқталу мерзімі анықталады. Бұл әдісте көбінде бригадалық әдіспен істейтін бригадаларға қолданылады.
1.2. Еңбекақыны есептеу тәртіптері және еңбек
ақыдан ұсталатын ұсталымдар
Еңбек есебінің маңызды элементі болып оның техникалық мөлшерленуі, яғни еңбектің күрделілігіне, жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандықтары дәрежесіне қарай жұмыстың әр түріне кететін жұмыс уақытының мөлшерін анықтау болып саналады. Жұмыстың күрделілігіне қарай еңбек ақының мөлшері тарифтік жүйеде қаралады. Тариф жүйесінің негізгі элементтері болып мыналар табылады:
1. Тарифтік кесте;
2. Тарифтік еңбекақы мөлшері;
3. Тарифтік мамандық анықтамалары.
Осыларға негізделіп жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы мөлшерінің үлгілі кестесі жасалынады. Тариф жүйесінің көмегімен жұмыстың барлық түрі күрделілігіне және көп еңбек сіңіруді қажет ететіндігіне қарай топтастырылады және жұмысшы қызметкерлердің мамадық дәрежесіе қарай оларға тариф бойынша әртүрлі еңбекақы мөлшері белгіленеді. Тарифте мамандықтар бойынша өндірістің қай саласында болмасын негізгі жұмыстың әр бір түріне, жұмыстың күрделілігімен қаншалықты еңбек етуіне керекті ұқыптылық пен жауапкершілікке қарай берілген разрядтар көрсетіледі. Сонымен қатар тарифте атқаратын әрбір жұмыстың нақты түрлеріне мінездеме беріледі және жұмысшы – қызметкерлердің өзіне берілген разрядқа ие болуына керекті еңбек дағдысы мен біліміне де мінездеме береді.
Тарифтік кестеде – жұмысшылар мен қызметкерлердің әрбір топтарының арасында төленіге тиісті еңбек мөлшерінің арақатынасына айқындалады. Тарифтік кестеде: тарифтік еңбекақы (сағаттық, күндік, айлық) осы өндіріс саласында өте қарапайым және жеңіл бірінші дәрежелі болып саналатын жұмысқа төленетін мөлшерде бекітіледі. Жоғары дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы бірінші дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы мөлшерімен осы қарастырып отырған дәрежелі еңбектің арақатынасының тарифтік коэффициентін, бірінші дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы мөлшеріне көбейту арқылы анықталады.
Тарифтік кестеде тарифтік еңбекақы жұмыстың түріне қарап кесімді және мерзімді еңбекақы болып екіге бөлінеді.
Тарифтік мерзімді еңбекақыға мөлшері бір сағатқа белгіленеді. Кесімді еңбек бағасы белгілі тарифтік баға бойынша бір сағатқа белгіленген немесе бір сағатқа тиісті еңбекақы мөлшерін сол сағатта өндірілген өнімнің көлеміне, орындылған жұмыстың мөлшеріне бөлу арқылы табылады немесе бір өнімге кеткен уақытқа көбейту арқылы табылады. уақыт мөлшері мен өндірілетін мөлшері, көлемі, барлық өндіріс саласында техникалық мөлшерлеу процесін жүргізу кезінде анықталады.
Нарықтық экономикалық жағдайда жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеуде елеулі өзгерістер болып жатыр. Жұмысшылар мен қызметкерлерге жалақы төлеу, материалдық көмек көрсету, сыйақы төлеу жұмыс берушінің құзырына беріледі. Экономикалық бюджеттік салаларда, өндірістік салаларда еңбекақы тарифтік кестеде енгізілген мөлшерлеме негізінде есептеледі, яғни бірыңғай тарифтік кесте қолданылады. Бірыңғай тарифтік кестеде 21 разряд көрсетілген, әр разрядқа өзіндік тарифтік мөлшерлемесі белгіленген. Қандай да бір разрядқа ие болған жұмысшыға жалақысы еңбекақының ең аз мөлшері тарифтік мөлшерлемеге көбейту арқылы анықталады.
Тарифтік кестесі
Тарифтік сетканың бірыңғай разряды | Тарифтік коэффиценттің бір разрядқа қатынасы | Тарифтік сетканың бірыңғай разряды | Тарифтік коэффиценттің бір разрядқа қатынасы |
1 | 1,0 | 12 | 2,20 |
2 | 1,02 | 13 | 2,37 |
3 | 1,15 | 14 | 2,55 |
4 | 1,24 | 15 | 2,74 |
5 | 1,33 | 16 | 2,95 |
6 | 1,43 | 17 | 3,17 |
7 | 1,54 | 18 | 3,41 |
8 | 1,66 | 19 | 3,67 |
9 | 1,78 | 20 | 3,94 |
10 | 1,91 | 21 | 4,24 |
11 | 2,05 |
|
|
Мерзімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлерге нақты жұмыс істеген уақытына тағайындалған қызмет ақысына сәйкес есептеледі. Мерзімді еңбекақы өндірістік күнтізбеде белгіленген жұмыс күнінің жоспарлы уақытына сәйкес есептеледі. Мысалы, жұмысшы 18 күн еңбек етті, оған тағайындалған қызмет ақы 90000 теңге жұмыс күнінің жоспарлы балансы 21 күнге тең.
90000 / 21 * 18 = 77142 теңге 48 тиын
Кесінді еңбек ақы нақты өндірілетін өнімнің санына есептеледі, яғни өндірілетін өнімнің саны көбейтіледі бір өнімге төленетін бағаға. Мысалы, жұмысшы 20 дана өнім өндірді, өндірілетін өнімнің бір данасына 1000 теңге төленеді. Жұмысшының еңбек ақысы 20000 теңгеге тең.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге кәсіпорындарда бекітілген сыйақы төлеу тәртібіне сәйкес сыйақылар және басқа төлемдер төленуі мүмкін. Сыйақының сомасы төлеу мерзімі жұмыс берушінің құзырына берілген. Жұмысшылар мен қызметкерлерге мерзімнен тыс түнгі сағаттарда, демалыс және мереке күндерде еңбек еткені үшін төлемдер төленуі тиіс. Түнгі сағаттарда еңбек еткені үшін әр сағатқа еңбек ақы 1,5 есе мөлшерден кем болмауы керек. Демалыс және мереке күндеріне жұмыс уақыты еңбек ақының 2 есе мөлшерден кем болмауы тиіс. Мезгілден тыс жұмыстарға еңбек ақы күндік ақының мөлшерінен кем болмауы керек.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге негізгі еңбек ақымен қатар қосымша еңбек ақы есептелуі тиіс. Соның ішінде демалыс күндерге төлем ақы демалыс күндерге төленетін еңбек ақы жұмысшылардың орташа еңбек ақысының негізінде есептелінеді, яғни демалыс ақы келесі жолдармен есептеледі.
Жұмысшының есепті кезеңде тапқан табысының сомасы есепті кезеңде нақты істелінген жұмыс күнінің санына бөлінеді. Сөйтіп жұмысшының орташа күндік еңбек ақысы табылады. Орташа күндік еңбек ақы демалыс күнінің санына көбейтіледі.
Мысалы: жұмысшы қыркүйек айында демалысқа жіберілді. Есепті кезең бойынша жұмысшыларға есептелінген еңбек ақы сомасы 1000000 теңге жылына, есепті кезеңде жұмыс істеген саны 180 күн, жұмысшының орташа күндік еңбек ақысы 5556 тенге. Қыркуйек айында жұмыс күнінің саны 21 күн. Жұмысшының демалыс күніне төленетін төлем ақысы 116667 теңгеге тең.
1000000 / 180 * 21 = 116667 теңге
Жұмысшылар мен қызметкерлерге уақытша жұмысқа жарамсыздығымен байланысты жәрдем ақы төленуі тиіс. Оның сомасы жумысшыларға 15 АЕК мөлшері шегінде төленуі тиіс.
Осы күнгі қолданылып жүрген ережелерге сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысынан тек заңмен белгіленген ұсталымдарды ғана ұстап қалуға болады. оларға мыналар жатады:
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақысынан жинақтаушы зейнет ақы қорына 10 мөлшерінде келесі жолмен ұсталынады. Жұмысшының табысынан 10 мөлшерінде ұсталымдар шегеріледі. (100000 – 10000 = 90000). Жұмысшының жалақысынан жеке табыс салығы келесі жолмен есептелінеді. Жұмысшының есепті кезеңде тапқан табысынан 10 мөлшердегі зейнет ақы қорынан жарналар шегеріледі, еңбек ақының ең аз мөлшері, содан қалған сома салық кодексінде бекітілген жеке табыс салығының мөлшеріне көбейтіледі.
Мысалы, жұмысшының есепті кезеңде тапқан табысы 100000 теңге, жеке табыс салығы:
((100000 – 10000 – 12025) * 10 = 7797; 90000 – 7797 = 82203).
1.3. Еңбек ақының синтетикалық және
аналитикалық есебі
Жұмысшының еңбек ақы бойынша есеп айырылысудың синтетикалық есебі пассивті 3350 шотында жүргізіледі. Аталған шоттың кредитінде жұмысшылар мен қызметкерлердің есептелген еңбек ақының сомасы көрсетіледі, ал дебитінде жұмысшылар мен қызметкерлерге төленген еңбек ақы сомасы және еңбек ақысынан ұсталымдары көрсетіледі. Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақы келесі құжаттар негізінде есептелінеді:
* жұмыс уақытының есебінің табелі;
* кесімді жұмыстарға наряд;
* үстеме төлемдерге парақша.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақы есептелгенде кәсіпорын бухгалтериясында келесі бухгалтерлік өткізблер құрылады:
1. Негізгі өндіріс жұмысшыларына еңбек ақы есептелінгенде:
дт кт
8110 3350
2. Көмекші өндіріс жұмысшыларына еңбек ақы есептелсе:
дт кт
8310 3350
3. Сату - өткізу процесінде еңбек ететін жұмысшыларға еңбек ақы есептелсе:
дт кт
7110 3350
4. Әкімшілік персоналға еңбек ақы есептелсе:
дт кт
7210 3350
5. Аяқталмаған құрылыста еңбек етіп жатқан жұмысшыларға еңбек ақы есептелсе:
дт кт
2930 3350
6. Кәсіпорынның жұмысшыларына сыйақы есептелсе; кезекті демалыс күндеріне төлем ақы есептелсе:
дт кт
8110 3350
8310
7410
2930
7. Жұмысшылар мен қыметкерлердің еңбек ақысынан жеке табыс салығы ұсталынса:
дт кт
3350 3120
8. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақысынан кәсіподаққа жарналар, сату шешімі бойынша, яғни атқару қағидалары бойынша ұсталымдар, банк несиелері бойынша ұсталымдар ұсталынса:
дт кт
3350 3390
9. Материалдық зиянның орнын толтыру бойынша ұсталымдар есептелсе:
дт кт
3350 1250
10. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақы қорынан әлеуметтік салық есептелгенде, келесі бухгалтерлік өткізбелер құрылады:
дт кт
3150 1030
3150 3350
8110 3150
8310
7210
2930
7110
ІІ БӨЛІМ
ЕҢБЕКАҚЫНЫ ЕСЕПТЕУДЕГІ АУДИТТІҢ МАҚСАТЫ
2.1. Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы және
жұмыс уақытын пайдалану есебінің аудиті
Еңбек жайлы есеп беруде көп салалы қызмет атқаратын шаруашылық субъектісінің жұмысшылары мен қызметкерлерін негізгі қызмет атқаратындар және негізгі емес қызмет атқаратындар деп екі топқа бөлінеді.
Ал өнеркәсіп орындарында қызмет істеушілер мынадай екі топқа бөлінеді:
1. Өнеркәсіптің өндірістік жұмысшылары мен қызметкерлері;
2. Өнеркәсіптік шаруашылық субъектісінің балансындағы өндіріске жатпайтын ұйымдардың жұмысшы қызметкерлері.
Атқаратын қызметтеріне қарай кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни шаруашылық субъектісінің жұмысшылары мен қызметкерлері жұмысшылар мен қызметкерлер болып екіге бөлінеді.

- Еңбек дауларын сотта қарау
- Еңбек және еңбек ақы есебі
- Еңбек және еңбек құқығы
- Еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуларды тексеру кезектілігін анықтау
- Еңбекке баулу сабағында кіші мектеп оқушыларының шығармашылығы мен еңбек біліктерін дамытудың жолдары
- Еңбекке оқыту кезіндегі оқушыларды тәрбиелеу
- Еңбек қатынастарын ресімдеу
- Еңбекақының экономикалық мәні және еңбекақының қағидалары,еңбекақыны саралаудың экономикалық негіздері
- Еңбек ақыны төлеуге шығатын шығынды есептеу ерекшелігі
- Еңбекақыны ұйымдастыру нысандары
- Еңбекақы төлеудің маңызы,түрлері
- Еңбекақы төлеу шығындарың есебі
- Еңбекақы түсінігі және түрлері
- Еңбекақы шығындарының аудиті