Ежелгі Грекиядағы саяси-құқықтық ойы.Даму кезеңдері.Сократтың мемлекет және құқық туралы

Л.Н.Гумилев  атындағы ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

                   Халықаралық қатынастар факультеті

                              Саясаттнау кафедрасы 

               КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

                           

                           050502-Саясаттану 
 

ТАҚЫРЫБЫ:Ежелгі Грекиядағы саяси-құқықтық ойы.Даму кезеңдері.Сократтың мемлекет және құқық туралы.

                                                                   
 
 
 

                                                ОРЫНДАҒАН:С-21 тобының студенті

                                                              МАНСУРОВ А.Е.

                           ЖЕТЕКШІСІ:с.ғ.қ.,доцент

                                                       ІЛІПОВ М.Т. 
 

                                     АСТАНА 2009 ЖЫЛ

                                                   

Жоспар 

Кіріспе----------------------------------------------------------------------------------------3 

І. Ежелгі Грекиядағы саяси ойлардың рационалды кезеңі-------------------------5

1.Гомер, Гесиодтың саяси-құқықтық ойлары ----------------------------------------5

1.2 Солон , Пифагор саяси ойлары -----------------------------------------------------7 
 

ІІ. Грекиядағы саяси-құкықтық ойларының гүлденген кезеңі -------------------8

 2.1   .Аристотель,Платон,Демокриттің ойлары --------------------------------------8

2.2  Сократтың мемлекет және құқық туралы--------------------------------------17

2.3 Грекиядағы  саяси-құқықтық ойдың құлдырау  кезеңі-------------------------18

 

Қорытынды--------------------------------------------------------------------------------22

Пайдаланылған әдебиеттер-----------------------------------------------------------24 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                           КІРІСПЕ 

      Курстық жұмыс тақырыбының  өзектілігі.    Б.з.д. мың жылдыктың басында Ежелгі Грецияда жеке және тәуелсіз полистер формасы түрінде бірнеше қала-мемлекеттер пайда болды .

Ежелгі  грек полистерде саяси-құкықтық көзқарастьң  пайда болуы мен дамуында үш кезең  айқын байқалады. Epic кезсң- (б.з.д. IX—VI ғғ) ежелгі грек мемлекеттің пайда  болуына сәйкес келеді. Бұл кезеңде  саяси-құқықтық көзқараста рационациялау (Гомер, Гесиод, атақты "жеті данышпан") байқалады –және "мемлекет пен  құқық проблемаларына философиялық тұрғыдан қарау (Пифагор, Гераклит) қалыптасады  Екінші кезең — (б.з.д. V және IV ғасырдың бірінші жартысы) ежелгі грек философиясы  мен саяси-құкықтық ойларының гүлденген  кезеңі (Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель және т.б.) Үшінші кезең — (б.з.д. IV ғасырдың екінші жартысы мсн II ғасырлары)    эллинизм    кезеңі. Ежелгі  грек    мемлекетінің құлдырауы, грек полистерінің алғашқыда  Македония, кейіннен Рим билігіне көшуі (Эпикур, стоиктер. Полибий жәнс т.б.)

Тақырыптың  ғылыми зерттелу деңгейі.Ежелгі Грекиядағы саяси ойларының дамуы,оның кезеңдері. Гомердің "Илиада" және "Одиссея" поэмаларындағы оқиғалар (б.з.д. VI I ғ.) гректердін әскери және қоғамдық өмірінен көптеген құнды мәліметтерді, Б.з.д. VII ғасырдан ежелгі Грекияның саяси және қоғамдык өмірлік қатынастар, Б.з.д. V1-V ғасырларда Пифагор, Архит, Фклолай, Гераклит және тағы басқалар қоғамдық және саяси-құқықтық тәртіптерді философиялық негізде қайта құру қажеттігі туралы идеялар, Саяси-құқықтық тақырыпты көпшілік назарына талқылауға ұсыну б.з.д. V ғасырда антикалык демократияның нығаю және гүлдену жағдайындағы иофистердің атымен тығыз байланысты — "Софист" атауының мәні ашу, Платон идеалды мемлекет туралы еңбсгін, Мемлекет формасын Аристотель мемлекеттегі жоғары билікті білдіретін саяси жүйе ретінде ,мемлекеттің ең дұрыс формасы ретінде Аристотель политияны  терминнің ұғыну, Стоидизмдегі сияқты Эпикур философиясының басты міндеті максатқа ұмтылған адамның мінез-құлқы туралы ілімге талдау жасау.

     Курстық зерттеудің  мақсаты.Ежелгі Грекиядағы саяси ойларын,Аристотель ,Сократ,Платон Демокрит, Гомердің еңбектерін зерттеу

арқылы  толық мәліметтер жинақтап, тақырыптың мәнің ашу.

     Курстық зерттеудің міндеттері. Аталған мақсатты іске асыру үшін курстық  жұмысына  келесі негізгі міндеттер қойылды:

Ежелгі  Грекияның саяси-құқықтық ойларының  зерттеу; Гомердің "Илиада" және "Одиссея" поэмаларындағы оқиғалар (б.з.д. VI I ғ.) гректердін әскери және қоғамдық өмірінен көптеген құнды мәліметтер берді; Гесиодының "Еңбек жөне күндер" мен "Теотония" поэмаларын зерттеу; Драконт жазған заң нормалары демос пен евиатридтер арасындағы қайшылықтарды жоя алмауы анықтау; Мемлекеттік басқаруда халық билігі — демократияны жақтаған Демокрит сонымен бірге аристократияның пайдалы жақтары бар тауып, оны талдау; "Заң" деген шығармасында Платон мемлекеттік құрылымын зерттеу; әділдіктің өлшемі ретінде "арифметикалық теңдік" Аристотелдің теориясын талдау.

    Курстық  жұмысының  құрылымы. Курстық  жұмысы кіріспеден, екі  бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.  

                
 

   

                          I.Ежелгі Грекиядағы саяси және құқықтық ойлар

                    1.1Гомер мен Гесиодтың  саяси және құқықтық  ойлары

      Б.З.Д. IX—VIII ғасырларда ежелгі мифтік көзқарастар архаистік поэзияда, одан кейін Гомер мсн Гесиодтың поэмаларында өзінің алғашқы сипатын жоғалтып, этикалық және саяси-құқықтық өзгеріске ұшырайды.

      Гомердің "Илиада" және "Одиссея" поэмаларындағы оқиғалар (б.з.д. VI I ғ.) гректердін әскери және қоғамдық өмірінен көптеген құнды мәліметтер береді. Гомерлік кезеңнің IX—VIII ғасырда рулық қүрылыстың ор-нына біртіндеп таптық қоғам қалыптаса бастады. Бай зираттар-дан табылған мол дүниелер де грек дүниесінде әлеуметтік теңсіздіктің үстемдік еткеңдігін дәлелдейді.

     "Одиссея" поэмасында халық жиналысының ролі мен маңызы анық суреттелген. Бұл өкілдік органның қызметі туралы грек жауынгерлерінің Троя түбіндегі жиналысынан, "Илиада" поэмасындағы мысалдан, "Одиссеяда" Итака аралының тұрғындары жиналысының баяндалуынан білуге болады. Троя түбіндегі жиналыста қатардан жауынгер Тереиттік жауынгерлердің мүддесін қорғап, базилевтерге қарсы айтқан айыптау сөздерін лауазымды басшылардың ерекше шығара атауы халық жиналысының ролі айкындай түседі Ал халық жиналысы маңызының төмендеуі "Одиссеяда" айқын көрсетілген Итака ара-лында Одиссей болмаған жиырма жылда халык жиналысы бірдс-бір рет шақырылмаған Ал Одиссеидің ұлы Телемак жиналыс шақырған, тұрғындардың көпшілігі бұл жиналысқа мән бермеген.

      Поэмада Гомер қолданган "дике" (әділдік) және "темис" (әдет, әдет-ғұрыптық құқық) ұғымдары Гомер дәуіріндегі саяси-құқықтық жағдайды түсінуге жәрдемін тигізеді. Гомердің әдеп (дикс) қалыптасқан дәстүр мен әдет-ғұрыптың құқықтық (темис) негізі мен принципі түрінде көрінеді, ал әдет-ғұрыптық құкык (темис) өмірлік әдептің, оның адамдар арасындағы қарым-қатынастарда сақталуының нақты көрінісін білдіреді./1,19б./

       Б.з.д. VII ғасырдан ежелгі Грецианың саяси және қоғамдык өмірлік қатынастар Гесиодының "Еңбек жөне күндер" мсн "Теотония" поэмаларында баяндалады. Беотияда туып өскен Гесиодтың бұл поэмаларында құдайлар кең дүниенің пайда болуындағы гректердің көзқарастары және адамгершілік-құқықтык принциптер сипатталады.

     "Теогония" поэмасы бойынша Зеван Фемидамен (мәңгі табиғи тәртіп пен әділдікті жаратушы) неке одағынан екі қыз-құдай Дике (әділдік) және Эвномия (ізгі заңдылық) өмірге келеді Дике табиғи әділдікті күзетеді және әділетсіздікті жазалайды. Эвномия болса, қоғамдық құрылымдағы заңдылық бастауының құдайлық сипатын және полистік құрылымдағы заңдылықтың терең ішкі байланысын білдіреді./1,20 б./

      Гомер мен Гесиод поэмаларына тән адамдар әрекеті мен олардың өзара қарым-қатынастарындағы адамгершілік-құкықтык, тәртіптер туралы көзқарастар Ежслгі Грециядағы "Жеті данышпан" деп аталғандардың шығармашылығында одан әрі жалғасын табады. Оларға әдетте Фалес, Питгак, Периандр, Биант, Солон, Клеобул және Хилон енгіш Олар полистік өмірде әділетті зандардың үстем болуын батыл жақтады. Олардың кейбіреулері билік және заң шығару қызметтерінде өздерінің саяси-құқықтык идеяларын жүзеге асыруға әрекеттенді. Биант, Солон. Хилон сияқты грек ойшылдарының пікірінше, ізгілікті полистік қоғамдағы заңның, сақталуы және салтанат құруы оның айрықша бөлімі больп табылады. Азаматардың тираннан қорқатындай заңы қалыптасқан мемлекетті Биант ең үлген мемлекет деп есептеді. "Өзіңді-өзің таны" қағидасының авторы спартандык, Хилонның "Заңға табын" дсген шақыруы Дельфадағы Апаллон храмына ойылып жазылды. Ең үлкені полис деп Хилон азаматтары шешендерден ірі заңдарды көбірек тындайтын полисті санады.

Гомерлік  кезеңнің IX—VIII ғасырда рулық құрылыстың орнына біртіндеп таптық қоғам қалыптаса бастады. Бай зираттардан табылған мол дүниелер де грек дүниесінде әлеуметтік теңсіздіктің үстемдік еткеңдігін дәлелдейді.

1.2 Солон , Пифагор саяси ойлары

     "Жеті ғұламаның" қатарына қосылған Солон (б.з.д. 638—559 жж) тарихта атанды реформатор, мемлекеттік кайраткер және заң шығарушы ретінде де білген. Б.з.д. 621 жылы орхон Драконт жазған заң нормалары демос пен евиатридтер арасындағы қайшылықтарды жоя алмады, өйткені ол демостын экономикалық жағдайын қандай да болмасын дәрежеде өзгертпеді. Драконт заңдары сонымен бірге шектен тыс қаталдығымен де әйгілі болды. Сондықтан да Афин халқы полисті басқаруды және жаңа заңдар шығаруды елге ақындылығымен белгілі болған Солонга тапсырды.

     Архонт болып сайланган ол б.з.д. 594 жылы жаңа зандар шығарды. Оның реформаларын экономикалык және саяси деп бөлуге болады. Заң шығарушы ретінде Солон селолық және қалалык демосгық және оған қосылған ешатридтердін, мүддесін қорғады. Оның ең басты реформасы "сисахфия"-("ауыр жүкті сілкіп тастау"), яғни кедейлердің кепілдікке алушы жер учаске-сіндегі қарыз тастарды жою еді. Бұл қарыз тастар бойынша қарызын өтей алмаған адамдар өзінің жеке бостандығын кепілдікке салған, яғни қарызын өтей алмағандар құлға айналдырылған./1,20б./

      Б.з.д. V1-V ғасырларда Пифагор, Архит, Фклолай, Гераклит және тағы басқалар қоғамдық және саяси-құқықтық тәртіптерді философиялық негізде қайта құру қажеттігі туралы идеялар ұсынды. Олар демократияны сынай отырып, ақыл және адамгершілік элитасының "озықтары" билігі — аристократиялық идеяалды жақтады.

     Самос аралында туып өскен Пифагор Поликрат тиранның билігінен кейін туған жерін тастап, Египстте, Вавилонда, Үндістанда болып, ең соңында "Ұлы Элладаның" Критон қаласында өмір кешеді. Ол осы қалада, кейіннен басқа да полистерде өзінің мектебін ашады. Оның ілімі негізінде пайда болған пифагор-шылдық гетрийлер рухы жөнінен ариетократиялық құпия философиялық-саяси одақтар Грецияның көп бөлігі мен Оңтүстік Италияда үлкен ықпалға ие болады. 

    ІІ Грекиядағы  саяси-құкықтық ойларының гүлденген кезеңі

        2.1   .Аристотель,Платон,Демокриттің ойлары

     Аристотель(б. д. дейінгі 384-322 ж.ж.) ежелгі грек философы, ойшылы, энциклопедияшысы, логиканың және басқа ғылымдардыц негізін қалаушы. Стагирде (Фракия) Македония патшасы III Аминтаның сарай дәрігерінің отбасында туған. Платонның Академиясына түсіп, әуелі оқып, кейіннен сабақ берген. Академияда ол жиырма жылдай болған. Аристотель тұңғыш рет саясат ғылымы туралы талдау жасауға талпыныс жасады. Аритотельде саясат ғылым ретінде этикамен тығыз байланысты. Оның көзқарасы, бойынша саясатты ғылыми тұрғыдан түсіну адамгершілік пен этиканың дамыған ұғымы болып табылады. Этика саясаттың бастауы, оньң кіріспесі ретінде көрінеді. Аристотель әділдіктің екі түрін — теңестіретін және үлестіретін түрлерін анықтайды. Теңестіретін әділдіктің өлшемі ретінде "арифметикалық теңдік" қарастырылады. /2,157б./

       Мемлекет формасын Аристотель мемлекеттегі жоғары билікті білдіретін саяси жүйе ретінде сипаттайды. Бұл жерде мемлекет формасы билеушілердің санымен (біреу, аз ғана топ, көпшілік) анықталады. Бүдан басқа мемлекеттін дұрыс және бұрыс формалары туралы да айтылады. Дұрыс формадағы билеушілер көпшіліктін мүддесін қорғаса, бұрыс формадағы билеушілер тек қана өздерінің жеке басының мүдделсрін көздейді. Аристотель пікірінше, дұрыс формадағы мемлекеттерге монархиялық, аристократиялық және подития, ал екінші формаға тирания, олигархия және демократия жатады. Мемлекеттің ең дұрыс формасы ретінде Аристотель политияны айтады. Политияда жалпының мүддесі үшін көпшілік билік құрады.

       Жоғары билік заңын емес, демостың қолында деп есептеген Аристотель демократияны сынға алады. Ол мүліктік дсмократияны ғана мақұлдайды және демократияның екі түрін — заңға негізделген және жоғарғы үкіметке билік жүргізетін демократияны анықтайды.

       Аристотельдін  айтуынша, саясаттың мәні оның алдына қойған мақса-тына қарай анықталады. Дұрыс саясаттың негізі — адамдардын тәрбиешісі болып табылады. Адамдар дұрыс тәрбиенің нәтижесіндс ғана жақсы қасиеттерді бойларына сіңіріп, саяси мақсаттарын игілікке қарай бұрады, осының арқасында ғана әділдік орнайды./2,191б./

    Платон қайтыс болғаннан кейін көп жылдар бойы Грекияның түрлі жерлерін кезіп шыгады. 340-жылдардың аягында Македония патшасы Филипптің шақыруымен оның ұлы Александрдың, болашақ Александр Маке донскийдің тәрбиешісі болады. Қолбасы өзінің ұстазын былай сипаттайды: "Мен Аристотельді өзімнің әкеммен бірдей құрметтеймін, өйткені мен өмірге келгенім үшін әкеме қа-рыздар болсам, Аристотельге сол өмірдің құнын ұқтырғаны үшін қарыздармын". 50жасында Аристотель қайтадан Афинага оралып, онда өзінің философиялық мектебін - Ликейді (Лицей) ашады. Ол өмірінің соңына дейін сонда сабақ береді. Саяси ғылымныц пайда болуы Аристотелъдің ісімімен байланысты. Оның "Саясаты" құқықты, экономикалық, әлеуметтік және саяси өмір салаларын қамтиды, олар этикамен табиғи байланысты. Платоннан өзгеше, ол мемлекеттің пайда болуына тарихи тұрғыдан келіп, оның дамуындағы  әртур лі кезеңдерді  анықтайды. Адам - қоғамдық, саяси тұлга. Ол қашанда бірлесе өмір суруге , ұмтылады.    Мұндай    бірлесіп өмір сүрудің алғашқы пошымы - отбасы, онда үш түрлі: ерлі- зайыптық,   ата-аналық  және билеп-төстеушілік   қарым-қатынас қалыптасқан. Патриархтық отбасы қатынастарының бұл турлерін Аристотелъ тұтасымен отбасы эволюциясы,, қажеттіліктер мен айырбастардың өсуі барысында пайда болған мемлекетке де көшіреді. Егер, Платон бойынша мемлекеттік құрылыс пошымы билік басында кімнің тұруымен байланыстырылса, Аристотель олардың   әрқайсысын   мұқият зерттей келіп, оларды тек дұрыс және надұрыс дегенге ғана саюға болмайды деп атап көрсеткен. Белгілі бір тұста аралас  пошымдар  да   туындауы мүмкін. Мәселен, тирания мен демократияның көптеген турлері болуы мумкін.  Ол тиісті принциптермен (аристократия принципі - жақсылық, олигахиянікі - байлық, демократиянікі — еркіндік)  байланыстыратын мемлекеттік құрылыс пошымдары туралы ілім Аристотельдің  саяси  көзқарастарында басты орын алады. Мемлекет   гулдену,   әділет   және азаматтарының жақсы өмірі үшін керек. Аристотелъ өзінің саяси ілімін "Саясат", "Афина политиясы",    "Этика"   атты жұмыстарында  ашып  көрсетеді. Ежелгі дөуірдің де, Орта гасырлар мен Жаңа заманның да рухани  өмірінің  дамуында Аристотельдің маңызы орасан зор. . Мемлекеттік құрылыс дегеніміз мемлекеттік басқару тәртібі дегенді де білдіреді, мұның соңғысы мемлекеттегі жоғарғы биліктен көрінеді жөне жоғарғы билік міндетті түрде біреудің, не азшылықтың, не көпшіліктің қолында болады. Және бір адам яки азшылық, яки көпшілік қоғамдық пайданы көздеп билеген кезде, әрине, мемлекеттік құрылыстың мүндай түрлері дұрыс болады, ал олардың тұсында не бір адамның, не азшылықтың, не көпшіліктің пайдасы кезделсе, ауытқу болып табылады. Екеудің бірін мойындау керек қой: не мемлекеттік аралас-құраластыққа қатысатын адамдар азаматтар емес, не олардың барлығы ортақ пайдаға үлес қосуы керек.  Ортақ пайданы көздейтін монархиялық билікті біз әдетте патшалық билік деп атаймыз; азшылықтың, бірақ біреуден көп адамның билігін - аристократия (немесе ең жақсылар билегендіктен, немесе мемлекет пен оған кіретіндердің жоғары игілігі көзделетіндіктен) дейміз;

    Тирания дегеніміз, біз айтқандай, саяси аралас-құраластық саласындағы деспоттық монархия; олигархия дегеніміз мемлекеттік басқаруда жоғарғы билікті меншік иелері ауысына ұқсайтын түр; керісінше, демократия тұсында бұл билік мол дәулет иелерінің емес, ештеңесі жоқтардың қолына тиеді. Міне, осы жерде олардың жігін ажыратуда бірінші қиындық көлденеңдейді: егер мемлекеттегі жоғарғы билікті көпшілік алып, олар дөулетті адамдар болса (ал демократия дегеніміз жоғарғы билік кепшіліктің қолында түрған кезде болады ғой), екінші жағынан, тап осылайша, бір жерлерде қолында ештеңесі жоқтар, дәулеттілермен салыстырғанда азшылық болса да, басқарудағы жоғарғы билікті қолға түсірсе (ал, біздің тұжырым бойынша, жоғарғы билік саны аз адамның қолында түрған кезде - олигархия болады), онда мемлекеттік құрылыс түрлерінің жігін бұлай ажырату жаңсақ болып шығар еді. Бірақ, айталық, әлдекім мүліктік әл-ауқат пен азшылық және, керісінше, мүліктік кемістік пен көпшілік деген белгілерді ұштастырып және осы белгілерге сүйеніп мемлекеттік құрылыс түрлеріне атау бере бастаса былай болып шығар еді: олигархия - мемлекеттік құрылыстың сан жағынан аз, дәулеттілер мансаптарға ие болатын түрі; демократия - мансаптар сан жағынан көп, ештеңесі жоқ адамдар қолындағы түрі. Онда басқа қиындық келденеңдейді: егер жоғарыда аталғандардан басқа ешқандай мемлекеттік құрылыс жоқ болса, онда біз жаңа ғана аталған - жоғарғы билік дәулетті көпшіліктің қолына жиналған және ол ештеңесі жоқ азшылықтың қолында түрған мемлекеттік құрылыс түрлерін қалай нобайлаймыз? Сонымен, келтірілген мысалдардан, тегінде, мыналар туындайтын болар: жоғарғы биліктің не азшылық қолында, не көпшілік қолында болғаны олигархия не дегенді айқындаған кезде де, демократия не дегенді айқындаған кезде де кездейсоқ нышан болып шығады, өйткені барлық жерде де дәулеттілер азшылық, ал ештеңесі жоқтар көпшілік; демек, бұл нышан жоғарыда аталған айырмашылықтарға негіз бола алмайды. Демократия мен олигархияның айырым белгісі - кедейлік пен байлық; міне сондықтан да билік - азшылықтың қолында бола ма, көпшіліктің қолында бола ма, бәрібір - байлыққа негізделген жерде біз олигархияға тап боламыз, ал жарлылар билейтін жерде алдымыздан демократия шығады. Ал, бірінші жағдайда біз азшылықпен, ал екіншіде - көпшілікпен ұшырасамыз деген нышан, қайталап айтамын, кездейсоқ нышан. Дәулеттілер көп емес, ал еркіндікті азаматтардың барлығы пайдаланады; басқалар да мемлекеттегі билікке дәмесін тап осыған негіздейді./2,211б./

      Платон(6. д. дейіигі 437-347 ж.ж.) ежелгі грек философы және әлеуметтік ойшылы, саясат ғылымының негізін қалаушылардың бірі. Бай аристократтар әулетінен. Өзінің еңбектері мен шығармаларында ұлы ойшыл абсолюттік социализмді жақтады. Оның айтуынша, әрбір идея жеке заттың немесе барша заттың абсолюттік мәнін білдіретін ерекше идеялар әлемі құрайды, яғни идеялар мәңгілік, олар жоғалып кетпейді, жаңадан пайда болмайды.

      Платон идеалды мемлекет туралы еңбсгінде әділдікті әркімнің өз ісімен айналысуынан және басқаның ісіне араласпауынан көреді. Адамдардың әлеуметтік топқа бөлінуі мен олардың арасындағы мүлік теңсіздігін қалыпты жағдай ретінде қарастырады және олардың бір топтан екінші топқа өту мүмкіншілігін жоққа шығармайды./2,96 б./

     Платон идеалды мемлекет құру туралы жобасында аристократиялық мемлекеттік құрылымды жақтайды және өз жобасын қиындықпен болса да жүзеге асатынына сенсді. Идеалды мемлекеттің өзі де, Платонның ойынша, мәңгі өмір сүре алмайды.

    Платон адамдардың жан дүниесіне мемлекеттік құрылымның бес түрінің сәйкес келетіндігі туралы (аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания) айтады. Олардың әрқайсысы биліктерін өз мүдделеріне қарай іске асырады. Тимократияда әскери адамдар билікте болады, олар жиі соғысады, соғыс мемлекеттің басты байлығы болып есептелінеді. Олигархияда байлар билікке ие болғандықтан, өздеріне дұшпандық ниеттегі кедейлермен үнемі қақтығыста болады. Бұл мемлекетте кедейлердің наразылығы нәтижесінде кез-келген уақытта мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін. Тирания — мемлекеттік құрылымның заңсыздық пен зорлық-зомбылық үстемдік еткенен. нашар түрі.

"Заң"  деген шығармасында Платон мемлекеттік  қүрылымнын. екінші жобасын ұсынады.  Екінші мемлекеттің бірінші мемлекеттен  басты айырмашылығы оның 5040 азаматы  жеребе бойынша жер учаскслерін  алады. Бұл жер оларға жеке  меншік түріңде емес, пайдалану  құқығы түрінде ғана беріледі  де, мемлекеттін жалпы меншігі  болып саналады. Мүлік санына  қарай барлық азаматтар төрт  топқа бөлінеді. Қайыршылық пен  байлыктың заң шеңберіңдегі шегі  анықталады. /2,131 б./

    Платонның саяси көзқарастары  Афина қоғамының белең алған  дағдарысы, құлдырауы мен азып-тозуы  жағдайын-да қалыптасты. Классикалық полистің (қала-мемлекеттің) гүлденуі мен жойылуы, қарқынды әлеуметтік жіктелуі, қоғам мен мемлекеттің дамуы барысында билік тұрпаты өзгерді: аристократия олигархияға айналып бара жатты. Демократия саяси теңдікті көздейді, ал іс жүзінде аристократиялық және олигархиялық жайсаңдар билеп-төстеді. Платон "идеал " ягни "мінсіз" мемлекеттің  үлгісін әзірледі, бұл орайда оған оның идеялар туралы, жан, инсаният (адамгершьіік) және әділет туралы ілімі негіз етіп алынды. Платон бойынша, мемлекет жасағанның - идея иесі, ғарышты жаратушы Қүдайдың құдіретімен пайда болады. Ол үш нөрседен - ақылдан, жаннан және тәннен құралады. Төн - өледі, ал парасатты, сұрапыл және опасыз бөліктерден құралатын жанбақи, мәңгі. Платонның мінсіз мемлекеті өзінің фішософтарымен - дана, сақшыларымен ержүрек, қол еңбегі адам-дарының бағыныштылығымен -байсал. Байсалдылық, ержүректік және бағыныштылық секілді қасиеттердің ұштасуы әділетті мемлекеттік құрылысты сипаттайды. Осылайша, ойшылдың инсаният (этика) туралы және мемлекет (саясат) туралы ілімдері өзара етене байланысқан. Мемлекет дегеніміз -"біздің әрқайсымыз өзімізге өзіміз жеткіліксіз болып, көпке мұқтаж болғанымызда өсіп шыгатын ортақ мекен. Платонның саяси көзқарастарының серпіні "Мемлекет", "Саясаткер", "Заңдар" деген еңбектерінен аңгарылады. Платонның философиялық және әлеуметтік-саяси идеялары жалпы адамзаттық мәнге ие болып, ол ежелгі кезең шеңберінен көп ұзап шығып біз дің заманда да сақталып отыр. Объективті идеализм атасының көзқарастар жүйесі діни дүниетанымға бейім. Ол дүниені құдайдың құдіретімен ор-натылған тәртіп,асқар парасат жайып салған"заттардынң тамаша түзілімі" деп қабылдайды. Бүл микродеңгейде әлеуметтік, мемлекеттік тұрғыдан ұйымдастырылған дүниеге де, макродеңгейде ғарышқа да қатысты. Алайда, Платонның қоғам мен мемлекетке деген көзқарасын христиандықтың, ой-шылдың қазасынан кейін үш жарым ғасырдан соң пайда болатын әлемдік діннің рухани, абсолютті еркін және жеке сипаттағы Құдайына деген сеніміне негізделген спиритуалистік көзқарас деу қиын.

     Платонның іргелі идеясы - тұтас алғанда осы "түзілімнің" кез-келген сатысында: ғаламда, мемлекеттік өмірде, адамның өзінде болатын тәртіп пен жарасымдылық идеясы. "Мейлі мүлік, тән, жан немесе кез-келген тіршілік иесі болсын -әрбір заттың құндылық қасиеті өзінің барша сұлулығымен кездейсоқ пайда болмайды, ол соның бойындағы жинақылық арқылы, соған жұмсалған өнер арқылы көрінеді... Яғни, бұл әрбір затқа тән, әрбір зат үшін ерекше, әрбір затты жақсы ететін қандай да бір тәртіп"./3/

     Грек философтарының көпшілігіне дүниені біртұтас деп синтетикалық қабылдау тән болса Платонда ол сымбатты да артық-кемі жоқ тәртіп ретіндегі универсум туралы ұғымға айналады. Тәртіптің платондық принципі нақ саяси түрғыдан хатталған қоғамдық болмысқа, мемлекеттілікке - ал антик ойшылы үшін қоғам көбіне-көп мемлекеттің синонимі -барынша тікелей қатысты, ол тәртіп бәріне өзек: "аспан мен жерді, құдайлар мен адамдарды аралас-құраластық, достық, ізгілік, қанағат және қаяусыз әділет біріктіреді; сол себепті де олар біздің ғаламды "тәртіпсіздік", "жүгенсіздік" демей, "ғарыш" деп атайды".

    Христиан шіркеуі аталарының ғасырлар өткеннен кейін түжырымдалған көзқарасынан өзгеше, Платон бойынша мемлекет қоғамды ұйымдастырудың өткінші, уақытша пошымы емес, тату тұруға және бірлескен күш-жігермен инсанияттың (адамгершіліктің), әділеттің және руханилықтың салтанат құруын орнықтыруға қабілетті адамдардың ортақ өміріне бастайтын пошым...

    Платонның әлемдік жанның бір бөлігі ретінде танитын, сезетін және қалайтын үш құрамдас бөліктен тұратын адамнің  жиынтық жаны туралы, біртұтас қоғамдық ұйымда таптардьң немесе сословиелердің бөлінуі туралы, сондай-ақ жанның жоғарыда айтылған бөліктеріне сәйкес келетін ізгіліктер туралы ой-толғамдарының барысын оқырман оп-оңай аңдап, ізерлей алады.

     Демокрит(б. д. дейінгі 460-370 жылдар) - ежелгі грек философы әрі ғалымы, атомизмнің алғашқы өкілдерінің бірі. Демокриттің өмірі туралы сақталып қалган үзік-үзік мәліметтерден  оның әртурлі елдерге (соның ішінде Мысырга, Бабыл еліне, Иранга,Үндістанга, Эфиопияға) саяхаттары, оның танымының энциклопедиялық сипаты белгілі. Ол сол кездегі барлық ғылымдармен - философиямен, математикамен, медицинамен, филологиямен және тағы басқа ғылымдармен айналысқан.  Оның толып жатқан шығармаларынан жеткен. Беделді антик деректерінде философтың өзінің поэтикасы жағынан Платонның стиліне жақын қарапайымдыгы, жеңілдігі мен сұлулығы мадақталады. Мемлекеттік басқаруда халық билігі — демократияны жақтаған Демокрит сонымен бірге аристократияның пайдалы жақтары бар екендігін айтады. Оның пайымдауынша, "Ақымақтардың ел басқарғанынан бағынғаны артық. Табиғатты да үздіктер мен саналылардың басқаратыны мәлім, сондықтан да жоғары ақыл мен адамгершілік касиеттері бар адамдардың билігі дұрыс болып табылады". Демокриттің айтуы бойынша, заңдар адамдардың қоғамдағы қалыпты өмірін қамтамасыз етуге және соңдай нәтижеге жетуге қажетті жағдай жасауы тиіс. Демокриттің тарихи орны ежелгі грек натур-философиясының индивидуализм, ара болмыс ұғымдарын талдап, орнықтыруга бет-бұруымен    байланысты. Бұл атом туралы бөлінбейтін, әлдене дара бастау ретіндегі бастапқы қағидадан көрінеді, атом пайда болмайтын және жоғалып кетпейтін, ыдырамайтын, қандай да болсын сыртқы ықпалдан ықпайтын, абсолютті ештеңе, абсолютті бейболым ретінде бос кеңістікке қарсы турған шынайы болмыс деп танылады. Этиканы тұңгыш рет ғылымға айналдырган Демокрит. Ол адамның ең ғажап рахаты, барлық сезімдік және кездейсоқ нәрселерден арылу, рухтың мамыра айқындығы деп біледі. Идеялардың пайда болуын, ғылымдар, өнер мен кәсіпшіліктер саласындагы тарихи прогресті ол адамдардың мұқтажымен, қажетімен түсіндіреді. Демокриттің саяси ойы оның билік пен мемлекет, демократия мен бостандық туралы, қоғамдагы әділ сот және басқалар туралы терең толғамдарынан аңғарылады. Оның антик дүниесінің рухани дамуына айтарлықтай ықпал еткен негізгі идеялары біздің заманымызда да қызықтыра алады./10,24 б.//

     "Бостандық құлдықтан қаншалық жақсы болса, демократия тұсындағы кедейшілік патшалар тұсындағы азаматтардың алаңсыз өмірі дейтін- 
нен соншалық артық". "Мемлекеттің мүддесін барлығынан да жоғары қоюға және оның жақсы басқарылуын күйттеуге тиіс; бұған жәрдемдесемін деп әділетке қарсы күш қолданбау және өз пайдасы үшін ортақ игілікке қарсы зорлық жасамау керек. 
Өйткені жақсы басқарылатын қала - ұлы тірек; барлығы да 
сонда және ол аман болса, барлығы да дін аман, ал ол қаусап қалса,сонымен бірге барлығы да құриды".Өйткені, Демокрит айтқандай, "ортақ балықта сүйек болмайды"."Заң адамдардың өмірін жақсы жайғастырғысы келеді. Ал мұны ол өздеріне жақсы болуын адамдардың өздері қаласа ғана істей алады. Өйткені заң өзіне бағынғандарға ғана игі ықпал ете алады".

      Адамға  дұшпан хайуандар мен сұмырайларға қарсы заңдар қалай жазылса, менің  ойымша, адамдармен де солай істелуі керек. Ескі заңдар бойынша кез-келген мемлекеттік құрылыс түсында заң тыйым салмайтын болса, ел жауы өлтірілуі керекті. Тек кейбір жергілікті иелер, шарттар мен анттар ғана мүны істеуге тыйым салады."Көрінген қарақшы мен пиратты сұраусыз өлтіру әркімге рұқсат етілуі керек; ол өз бетімен немесе біреудің айтақтауымен яки соттың шешімімен жасалса да бұл өлтіру сұраусыз кетуге тиіс".

    "Егер бір адам басқа біреуге зиянын тигізбесе, заңдар әркімнің өз қалауынша өмір сүруіне бөгет болмас еді. Адамдардың арасында ұрыс-керістің басталуына қызғаныш себепші."

Жетесіз азаматтар өздеріне тапсырылатын құрметті мансаптарға неғүрлым лайықсыз болса, соғұрлым масайрап, ақымақтық пен арсыздыққа бой алдырады"."Егер бақуат адамдар жарлы-жақыбайға қарызға ақша беруге, оларға көмектесіп, жақсылық жасауға бел байласа, бұл осы қоғамда азаматтардың өзара жанашырлығы, бірлігі, бауырмалдығы, бір-біріне қорған болуы, пікірлестігі және барлығын санап шығу мүмкін емес басқа да көптеген игіліктер бар деген сөз"."Азамат соғысы жауласқан екі жақ үшін де қасірет.

2.2 Сократ мемлекет және құқық туралы

             Сократ б.э. дейінгі 469-399 жылдары өмір сүрген .Ол азшылықтың  билік құруын қорғай келіп, билік жүргізу патша өнері оған  тек білімді , жаратылысынан  ақылды,ерекше тәрбиеленген  адамдар  ғана жіберіліу керек дегенді айтады.Ол Афинада , мүсіншінің  отбасында  дүниеге келген . Бұл дүниедегі дәм-тұзы  таусылар шақта , данагөй қарт  Жастарды рухани аздырды деген жаламен сотқа тартылып ,өлім жазасына кесіледі.Ақырында  Афинаның билеушілері оған у ішкізіп өлтіреді.Мемлекетті басқарғың келсе,,алдымен  өзіңді өзің басқаруды үйрен ,дейді данагөй.Философтары:Өзіңді-өзің таңы! –деген ұраны ,міне ,осылай туған.Оның осы бір қанатты сөзі  Дельфадағы Аполлон храмына кіреберістегі ұстыңға ойылып жазылған.Ол ғылыми трактаттар жазды,жазбады ол белгісіз.Сірә,оның жазғандарының бізге жетпеуі де ықтимал.Әйтсе де  Сократ айтты ,Сократтың калған сөз дегендерді біз Аристотель мен Платон еңбектерінен  бұлармен  тұтас ,замандас  ғалымдарының туындыларынан жиі кездестіреміз.Ол әңгімелесу ,сұхбаттасу ,сұраққа жауап қайтару  аркылы  ақиқатқа жетудің жолын ашқан.Мұның  өзі Сократты философияда диалектиканың негізін салушы ғұламалар  деңгейіне көтерді.Саясатқа келгенде ғұлама әділетсіздікке  негізделген  баскару тәсілдерінің  бәрін  монархияны ,тиранияны ,аристократияны ,плутократияны түгелдей катал сынға алады.Тіпті Афинадағы демократияның кейбір нышандарына да күдікпен қарайды.Алайда ұлы ойшыл әділетке негізделген мемлекетің кажеттігін мойындайды.Яки оның саяси көзкарасы, мемлекет билігі игі жаксылардың , екінші сөзбен айтканда ,акыл-ой түзу , алысты болжап,ертенің көре білетін, баскару өнеріне жетік, халыкты аздырып-тоздырмайтын іскер де беделді кайраткерлердің қолында  болу керек  деген тұжырымға келеді.Аристотельдің айтуынша,Сократ индукциялық, дефинициялық тәсілдерді кодана отырып ақиқатты анық таныған.Индукция дегеніміз күнделікті өмірдің ,жекелеген  мысалдарының  неғұрлым кең ұғымдар  мен түсінікке  карай көшу тәсілі./10/

Ежелгі Грекиядағы саяси-құқықтық ойы.Даму кезеңдері.Сократтың мемлекет және құқық туралы