Ежелгі Египет

                                      Кіріспе

 

        Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі.    Ежелгі Египет мемлекеті – әлемдегі көне мемлекеттердің бірі. Ол б.д.д. ІІІ мыңжылдықта Солтүстік Шығыс Африкада құрылды. Қазіргі уақытта Египет деп аталатын Араб Республикасы елінің жерінде бағзы заманда қазіргі кездегі барлық адамдардың назарын өзіне магнитше тартқан күшті және құпиялы өркениет пайда болған. Ежелгі Египеттің тарихын, құқығы мен мәдениетін оқып үйренуге, танып білуге деген құлшыны күн сайын өсуде. Египетке әлемнің түкпір – түкпірінен осы таңғажайып елдің мәдениеті мен көне ескерткіштері мен танысу үшін миллиондаған туристтер барып тұрады. Мен үшін де бұл елдің мәдениет мен өнері, пайда болу тарихы шынайы қызығушылық пәніне айналған. Сол себепті мен курстық жұмыс тақырыбын «Ежелгі Египет» деп таңдадымн. Ежелгі Египет әлемнің таңғажайып әрі көне елдерінің бірі. Және де осындай сиқыр мен таңғажайыпратға толы елдің мәдениетін, тұрмыс – тіршілігі мен салттарымен танысу – өзекті іс деп білемін.

      Курстық жұмыстың мақсаты: Ежелге Египеттің пайда болу үрдісін зерттеу, сонымен қатар Ежелгі Египеттің мәдениетін, дәстүрлерін, тұрмыс – тіршілігін жан – жақты қарастыру.

         Курстық  жұмыстың мақсатына жету үшін  мен келесі міндеттерге қол жеткізу керек деп білдім: Ежелге Египеттің мәдениетімен, пайда болу тарихымен және тұрмыс - тіршілігімен танысу, оның ерекшеліктерін анықтау.

    Египеттің Ніл өзенінің төменгі сағасына орналасуы суармалы егін шаруашылығын дамытуына қолайлы жағдай жасады. Бұл б.д.д. ІV мыңжылдықтың бірінші жартысында-ақ әлеуметтік жіктелуге және билеуші топтың бөлініп шығуына мүмкіндік берді.

    Б.д.д. ІV мыңжылдықтың екінші  жартысында Ежелгі Египетте бірінші  мемлекеттік құрылым – нома  қалыптаса бастады. Ол суармалы  егіншіліктің дамуына абйланысты пайда болды: ауыл қауымдары егіншілік жұмыстарын бірлесіп атқару үшін храмдардың айналысына топтасты. Біртұтас Египет патшалығы құрылғанға дейін номдардың саны отыз болды. Олар бастапқыда екі дербес мемлекетке – Жоғарғы (Оңтүстік) Египет және Төменгі Египетке бірікті.

       Курстық жұмыстың объектісі: ежелгі Египеттің пайда болу, оның мәдениетінің қалыптасу барысындағы қоғамдық қатынастар.

     Курстық жұмыстың пәні: Ежелгі Египет елі, оның тарихы мен мәдениеті.  
     Б.д.д. ІV мыңжылдықтың соңында Жоғарғы Египет патшалары бүкіл Египетті жаулап алып, өз билігіне қаратты.

        Ежелгі Египеттің  тарихы мынадай кезеңдерге бөлінеді:

        Ертедегі патшалық  кезеңі (б.д.д. 3100-2800 жж.);

        Ежелгі патшалық  кезеңі (б.д.д. 2800-2250 жж. Шамасы);

        Орта патшалық  кезеңі (б.д.д. 2250-1700 жж. Шамасы);

       Жаңа патшалық  кезеңі (б.д.д. 1575-1087 жж. Шамасы).

   Жаңа патшалық соңында  Египет күйреуге ұшырады. Оны  алдымен парсылар, кейіннен римдіктер  жаулап алып, Египетті Рим империясының құрамына қосты.

       Ертедегі патшалық кезеңінде Египет патшалығы ежелгі тайпалық одақты білдірді. Халықтың басым бөлігін еркін шаруалар-қауымшылдар құрады. Қауымдар қауымдық жер иелену негізінде жерді биледі. Мемлекеттік билік бүкіл жердің иесі деп есептеліп, еркін қауымдар кірісінің бір бөлігін өз пайдасына алып отырды.

   Бұрын Египетте басқа  елдерге қарағанда таптық құл  иеленуші қоғам қалыптасты. Бастапқы  патшалық кезеңінің өзінде-ақ  көптеген соғыстар жүргізу нәтижесінде  тұтқын құлдар пайда болды. Олар ірі шаруашылықтарға пайдаланылды. Ертедегі патшалық кезеңінде шаруашылық жоғары деңгейде дамыды. Халықтың әлеуметтік және мүліктік жіктелуі нақты анықталды. 
Мемлекет билігі перғауыннан бастап жекелеген адамдардың меншікті шоғырлануымен бекітілді.

     Ірі құл иеленуші қомақты жер иелігіне ие болды және қоғамда жоғары билік иеленді. Сарайда және мемлекеттік басқаруда жоғары лауазымда отырды. Шаруалар мемлекеттегі негізгі жұмыс күші болып қала берді. Ежелгі патшалық кезеңінде құлдар нарығы болғанымен, құлдар әлі де болса аз еді.  
Египет қоғамында жрецтер ерекше жағдайда болды. Олар үлкен құрметке ие болды. Өйткені олар қабыр өмірі туралы ілімді білді, дәрігерлік өнерді игерді, күрделі сәулет құрылыстарын салуды, жер учаскелерін есептеп бөлуді білді. Жрецтер патша билігінің сүйеніші болды. Храм шаруашылығы салықтан босатылды. Перғауын тек жоғары билеуші болған жоқ, сонымен бірге ол жрец те болды. Кейіннен бұл функция бөліне бастады.  
Орта ғасыр кезеңінің гүлдену дәуірі мынадай сипаттармен ерекшеленеді: 
жеке шаруашылықтарда құл иелену едәуір өсіп, жер иеленушілердің жағдайы өзгерді. 

     Египетті ежелгі заманда "Қара жер" деп атаған. Өйткені  Ніл алқабын қап-қара құнарлы  тұнба басып жатқан. Египет Африканың  солтүстік-шығыс бөлігіне орналаскан. Африка жері ұшы -қиырсыз шөл далалар болып келеді. Осы жерді әлемдегі ең үлкен, әрі ұзын өзен Ніл басып өтеді. Оның ұзындығы 5589 км. Ніл өзені оңтүстіктен солтүстікке карай ағады. Солтүстікке қарай, өзеннің Жерорта теңізіне құйылар жерінде ұшбұрышты үлкен атырау құрайтын бірнеше тармақтарға бөлінеді.

    Қазіргіге карағанда  ежелгі заманда өсімдіктер өте  көп болған. Әсіресе құрма ағашы, папирус жақсы ескен. Өзен аңғары  жап-жасыл болғандықтан, ежелгі египеттіктер  қара және жасыл түсті жақсы  көрген екен.

      Орталық Африкадағы тауларда қардың еруінен және нөсер әсерінен жазға қарай Ніл тасып, арнасынан шығып, өзен аңғарын түгел дерлік су басады.              Ал қараша айында су қайтып, өзен өзінің арнасына түседі. Қатты аққан су жер бетінің қыртыстарын, өсімдік шірінділері мен лай-батпақтарды шайып өтеді. Аңғардағы топырақ тек суға ғана қанығып қоймай, сонымен бірге оның бетін тұнба басады. Дегенмен, Нілдің кемерінен асып-тасуы бұл алқапты дүние жүзіндегі ең құнарлы жерге айналдырған. Египет жерінің топырағы су жайылып, тартылған соң жұмсақ та, ылғалды болды. Сондықтан да оны ағаш тесемен де, соқамен де өңдей беруге болатын. Адамдар еңбегі Ніл аңғарын түлетті. Египет адам тұруға жарамсыз дерлік жерден б. з. б. IV мыңжылдықта-ақ халық тығыз қоныстанған елге айналды. Египеттіктер үшін Ніл тасқынының маңызы зор болды.

1. Ежелгі Египеттің пайда болуы. 

Ежелгі шығыс елдерінде мемлекет алғаш ұлы өзендер аймағында пайда болды. Себебі тұщы су, өзен жағасындағы аңдар,жабайы астық тұқымдас әр түрлі шөптердің мол болуы өзеннің теңізге құяр сағасында (атырау) адамдардың көптен шоғырлануына әсер етті.Бұл жағдай адамдардың көптеп шогырлануына әсер етті.Бұл жағдай адамдардың ахуалын жақсартып қана қойған жоқ, сонымен бірге бала туудың өсуінеде әсер етті.Адам саны көбейген сайын теріп жейтін және аулайтын аңдар белгілі бір территорияда азая бастағандықтан адамдардың бір тобы біртіндеп егіншілікке көшуге мәжбүр болды. Әдетте өзен арнасы кей жерлерде (әсіресе атырауда) бірнеше арнаға бөлініп, баяулай бастайды. Осындай табиғи каналдардың негізінде адамдар өзен суын бұруды,тоған салуды үйрене бастады.Тың жерге егін салған адамдар тобы тез байып,басқалардан ерекшелене бастағандықтан өз жерін қорғауға көбірек көніл бөліп,қамалдар мен шіркеудар салуға кіріседі Міне осылайшіркеудар мен қамалдарнегізінде кала-мемлекеттер пайда болды. Суару жүйесінің ролі басым болгандықтан  Ежелгі Шығыс елдерінде осы жүйені ұйымдастырушы мемлекеттің меншігі басым еді. Шығыс елдерінде ұжымдық еңбектің басым блуына  еңбек-құрал  жабдықтарының мыстан және тастан жасалуы да әсер етті.

Ежелгі Шығыстағы қала-мемлекеттерде бастапқыда діни билік басым болды. Себебі егіншілікпен айналысушы халықтың табиғаи ортаға тәуелділігі ерте заманда тіпті күшті болатын. Сондықтан табиғи куштерге табыну кең етек алды. Сонымен бірге жердің тез тұздану,балшықтану процесі жаңа жерлерде каналдар салу арқылы игеруді қажет еткендіктен ұжымдық еңбекті керек етті. Ал коллективтік еңбекті ұйымдастыруда шіркеуның ролі ерекше болды. Шіркеу сонымен бірге қамал және қойма функциясын да атқарды. Сондықтан бастапқы кезде шіркеу  басшысының беделі жоғары және шіркеу жері көп болса, бірте-бірте территорияларға талас күшейіп, соғыстардың жиіленуінің әсерінен әскери басшы-патша діни билікті өз қолына шоғырландырды. Патша негізгі ұйымдастырутырушыға   айнала бастады. Ежелгі Шығыстағы мемлекеттің ішкі бөліктерінің өзара байланы сының да діни сипаты басым болды. Каналдар салу,су бөлу, ирригациялық жүйелерді қалпына  келтіру-қоғамдық істер мекемесінің пайда болуына әсер етті. Бұл мекеме патша бұйырығымен жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу үшін халықтарды  қоғамдық еңбекке мәжүбірлеп отырған. Мысалы, Египеттегі пирамидалар, Қытайдағы Ұлы қорған осындай жолмен салынған. Қоғамдық істер мекемесі және жерге мемлекет меншігінің болуы-ежелгі Шығыстағы мемлекеттің басты ерекшеліктерінің бірі.

Адам санының өсуі өмір сүру үшін табиғи ортамен күрестің күрделенуіне алып келді. Осы мәселені шешу барысында басқару жүйесі де күрделене бастады және бірте-бірте шектен шыға бастады. Бастапқыда патша билігін  мойындату үшін құдайдың баласы немесе құдай қалаған адам сияқты уағыздар айтылса, кейіннен патшаны құдай қатарына қосып қойды. Басқарудың күрделенуіне әлеуметтік топтардың арасындағы күрестің шиеленісуі де әсер етті. Мемлекетті басқаруға экономикалық жағынан ық палды    топтар-ақсүйектер, әскерибасшылар, дінбасылар,сауда адамдары ара ласуға мүдделі болды. Себебі олардың жағдайын жақсартуға,байлығын көбей туге мемлекет жүргізіп отырган саясат тікелей әсер етіп отыргандыктан,олар осы баскаруға қатысуға тырысты және патшаға ықпал ету үшін өзара таласып отырды. Патшалар және олардың арасындағы ықпалды топтар бұл мәселені ушықтырмау үшін діни жолмен қиындықтан шығуға тырысты. Осы топтардың қоғамдағы ролі діни қағидалар бойынша бекітілді. Ежелгі Үндістанда әлеуметтік топтпрдың  ролі  дін және заң арқылы бекітілді. Қоғам төрт үлкен топқа бөлінді; дін адамдары-брахмандар,әскери басшылар-кшатрийлер, егіншілер-вайшилер және құлдар-шудралар. Осы топтардың қоғамдағы ролін бекіту үшін брахмандар құдайдың аузынан, кшатрийлер қолынан, вайшилер-санынан, ал шудралар табанынан жаралды деген аңыз пайдаланылды.

Ежелгі Шығыстағы мемлекетке  тән тағы да бір ерекшелік-барлық жерге мемлекет меншігінің болуы.Жерге мемлекет меншігінің болуы өте күрделі жолмен бекітілді және бұл процесс биліктің қалыптасуымен тығыз байла нысты.

Бірақ билік әр түрлі айсақта әр түрлі жағдайлардың әсерінен қалыптасқандықтан сипаты жағынан ерекшеліктері болды. Сондай ерекшеліктер шығыстағы билік жүйесінен айқын көрінеді. Мемлекет билігі мен діни биліктің күрделі байланысының нәтежесінде пайда болған ежелгі Шығыстағы билікті шығыс деспотиясы  деп атаймыз. «Деспотия, деспотизм»сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда шексіз билік ұғымыны білдіреді.Бұл сөз ХVІІ Ғ. аяғы мен ХVІІІ ғ. басында өмір сүрген француз жазушысы Ф.Фенелонның романындағы адамдардың барлығы қорқынышта өмір сүргетін және заңмен қорғалмаған қоғамды атаған болатын. Әдетте шығыстағы мемлекеттік басқаруды деспотия деп атайтын себебі  патшаның діни, азаматтық, әскери, атқару және сот билігін қолына шоғырландыруына және халықтың негізгі бөлігінің құқықтық жағынан қорғалмауына байланысты.

Ежелгі Египетте мемлекеттің пайда болуы және қезеңдерге бөлінуі. Ежелгі Египет (Мысыр) Африка құрлығының солтүстік-шығыс бөлігінде, Ніл өзенінің тар алқабында, яғни Ніл өзенінің бастауынан Жерорта теңізіне құятын атырау сағаларының аралығында орналасқан. Египетте алғашқы мемлекеттік құрылымдардың қашан пайда болғаны туралы деректі мәліметтер жоқ. Бірақ та, б.з.д. ІІІ мың жылдықта Египет мемлекеті өмір сүрген.

Египет мемлекет және құқығы тарихының кезеңдерге бөлінуі. Жоғарғы және төменгі Египет қосылған соң Ертеректегі патшалық атауына ие болады (шамамен б.э.д.3100-2800жж).Бұл кезеңде біртұтас мемлекетке бірікті. Екінші кезең-Ерте немесе Ескі патшалық (шамамен б.э.д.2800-2250жж)-Египетте өркениеттің (пирамидалардың салынуы) айқын көрініс тапқан уақыты. Ескі патшалықтан кейін бірінші өтпелі кезең (шамамен б.э.д.2160-2134жж) келеді. Осы уақытта Египет өзара жанжалдасушы бірқатар номдар және уақ мемлекеттер болып ыдырайды.Фараон билігі әлсіреп, елде тұрақсыздық және соғыстық күй қалыптасты,ном билеушілері өздерін патшадай сезініп және Египеттегі ірі билікке таласады.

Осы кезеңнің соңында Фива қаласының билеушілері жеңіп, Египет қаласы бірігеді.Үшінші кезең келеді-Орта патшалық уақыты (шамамен б.э.д.2050-1700жж). Содан кейін Египет екінші өтпелі кезеңді (шамамен б.э.д.1700-1580жж), бұл кезең елдің қайта тарауымен және Египет бөлігін гикостардың басып алуымен сипатталады.

Төртінші кезең-Жаңа патшалық (шамамен б.э.д.1575-1087жж). Осы кезеңде ХҮII династия фараондарының билігінде Египет бірігеді.Египет ірі империяға айналады және олардың билушілері Ерте Шығыстағы  саяси және әскери гегемонияға ұмтылады.

Осы кезеңнің соңында Египет мемлекеті құлдырауға келеді.Оны парсылар,кейін Александр Македонскидің әскері жаулап алады, ал б.э.д.30 жылы Египет Рим империясының провинциясына айналады.

Ежелгі Египет (Мысыр) мемлекетінің қоғамдық және мемлекеттік құрылысы.

 

1.Қоғамдық құрылымы:

1. Египеттік қоғамның жоғарғы тобын абыздар, шенеуніктер мен əскери ақсүйектер құраған. Абыздар Египеттегі əртүрлі діндердің санына қарай таптарға бөлінген. Əрбір топтың  басында жоғарғы абыз тұрған.                     2. Египеттік қоғамның артықшылықты тобына рулық — тайпалық ақсүйектердің ұрпақтарынан құралған египеттік аристократия мен мемлекеттің жоғары əскери жəне азаматтық шенеуніктері жатқан.                   3. Ерекше орынды хатшылар иеленген,  олардан жоғарғы шенеуніктер шыққан.                                                                                                                     4. Еркін шаруалар —  олардың кейбіреулері мемлекеттік жерде өмір сүрді, өз жерлері болды жəне сол үшін рента-салық төлеген;  кейбіреулері шенеуніктің немесе əскери тұлғаның жерінде жұмыс істеп,  күндізгі тамақтарын ішіп,  өте ауыр жұмыстарды орындаған.                                                                                  5. Қолөнершілер — мемлекеттік қазбаларда жұмыс істеген. Ерекше басқарушылардың бақылауындағы 10 адамнан тұратын топтарға біріккен.         6. Қоғамдық баспалдақтың төменгі буынын құлдар құраған. Құлдықтың негізгі қайнар көздерін əскерге тұтқындық пен борышкерлік қарыздың нəтижесіндегі құлдық табылған. 

2. Мемлекеттік құрылым.

Египеттегі мемлекет деспотия

нысанында болған, мұнда биліктің барлығы тек бір адамға — патша перғауынға тиесілі болатын.  Перғауындардың барлығы бір рудан тарайтын жəне бір-бірін тақты мұрагерлікпен иемдену тəртібі нəтижесінде ауыстыратын.  Египеттегі деспотияның ерекше белгісі болып мемлекет басшысы —  патша перғауынның діни культы табылатын.

3. Лауазымды тұлғалар:

1)  перғауынан кейін басты лауазымды тұлға болып уəзір, патшаның жақын көмекшісі табылды, оның өкілеттіктер ауқымы өте кең болған:  мемлекетті басқарған,  сотта басқарушы болған,  жоғарғы сот органы болып табылатын ондық кеңесті басқарған, шаруашылықты басқаруға қатысқан, əскери күштердің басында тұрған, нотариустың міндеттерін орындаған;                    2) келесі лауазымды тұлға — мөрді сақтаушы немесе бас қазынашы —  табиғи сыйлықтар сақталатын мемлекеттік қоймаларды меңгерген;                 3)  барлық патшалық жұмыстардың басшысы —  еркін халыққа жүктелген міндеттердің орындалуын бақылаушы жəне сəулетшінің лауазымын орындаған. Жергілікті басқару. Египеттің бүкіл аумағы номдарға бөлінген,  олардың басында перғауынға тəуелді лауазымды тұлғалар —  номархтар басқарған.  Номарх жоғарғы сот жəне əкімшілік билікті иеленген. Əкімшілік өкілеттіктерді, сонымен қатар, шіркеулер де иеленген. Жергілікті жерлерде басқарудың төменгі органдары болып ауылдық общиналар табылған. 

Əскер. Алғашқыда тұрақты əскер перғауынның жеке күзетімен жəне мемлекет ішіндегі көтерілістерді басуға міндетті топтармен ғана шектелген. Соғыс болған жағдайда рекруттың жүйе бойынша жинақталған əскер жиналатын.  Жаңа патшалықта жалданбалы əскер жүйесі кеңінен дамыған.  Сот өндірісі. Ежелгі Египеттегі сот өндірісі алқалы түрде жүзеге асырылатын.  Жаңа патшалық кезеңінде 30  судьядан құралған орталық соткенбет құрылған болатын.  Жергілікті жерлерде округтер мен жекеленген қалалардың кенбеттері енгізілген. Ежелгі Египеттегі сот əкімшіліктен бөлінбегендіктен,  лауазымды тұлғалар мен номархтар бір мезетте жоғарғы судьялар болып табылатын.  Жоғарғы сот инстанциясы перғауын болатын.

4. Құқықтың негізгі сипаттары. Ежелгі Египеттің құқығы белгілі бір дəрежеде алғашқы қауымдық құрылымның қалдықтарын сақтап қалған болатын, сол себепті де құқықтың негізгі қайнар көзі болып əдет-ғұрып табылатын.  Алғашқы жазбаша заңдарды жазу б.э.д. 3000 жылы жүзеге аса бастаған. Менес перғауын дін мəселелері бойынша қылмыстық заңнаманы құрастырса,  Бокхорис перғауын қаржы мен сауда саласындағы кодексті қабылдаған, ал Амасис пайғамбар жергілікті əкімшілікті заңнамалық түрде реттеуді жүзеге асырған.

Міндеттемелер:Қарыз,жалдау,сауда-саттық,жерді жалға беру сияқты бірнеше келісім түрлерін ежелгі Египет құқығы білген.Египетте жер негізгі байлық болғандықтан оның қолдан қолға өтуінің ережесі,тәртібі жоғары болды.Бұл тәртіп мынадай үш актілі көріністі құрастырды:бірінші,шарт заты және төлемді жүзеге асыруы туралы сатушы мен сатып алушының бір шешімге келуі,екінші акт,діни сипатта,яғни жерді сатушы адамның ант беруімен шартты бекітті;үшінші акт,сатып алушыны иелігіне еңгізу,бұл жер жеке меншік құқыққа өткендігін көрсетті,Уақыт өте екінші акт қолданыстан шықты.

Неке және отбасы қатынастары:Неке күйеуі мен әйелінің келісім негізінде жүзеге асты.Бұл келісім әйелінің әкелген төсек орыны мен енші мүлкінің де құқықтық режимін анықтаған:Бұл мүліктер әйелінің жеке меншігі болып қалдырылып және отбасының барлық мүлкін әйеліне аударуға болатын.Египетте көптеген уақыт матриархаттық қалдықтары болған,бұл отбасында әйелдін орны жоғарылығымен көріні тапқан.Уақыт өте күйеуінің құқығының нығайып,ер отағасы құқыққа ие болып,әйел адам бұрынғыдай еркекпен тең құқығы болмаған.Египетте екі жақтың келісімімен жүзеге асырылатын.

Египет құқығы бойынша мұралық заң және өсиет бойынша қалдырылған.Заң бойынша мұрагер ұл да,қыз да бола алады ал,өсиетті күйеуі де,әйелі де құра алады.

Ежелгі Египетте туыстар ішінде неке құруға тыйым салынды,бірақ  перғауын апа-қарындастарына үйлене алды.Ер  адам бірнеше әйел алуға құқығы болды,ал әйел адамнын адалсыздығы өлім жазасына тартылып отырды.Кейбір әдебиеттерде күйеуне адал емес әйелдерді отқа өрттеген,ал кейбір мәліметтер бойынша күйеуі адалсыздығы үшін әйелін өлтіріп,итке тастаған.

Қылмыстық құқық және процесс: Египет құқығы бойынша қылмыс болып табылатын әрекеттердің шеңбері кең болды.Ен ауыр қылмыстардың қатарына мемлекет және қоғамдық құрылысқа төндіретін әрекеттер жатады(опасыздық,сатқындық,көтеріліс жасау,мемлекеттік құпияны жария ету сияқты әрекеттерді жатқызған).Бұндай жағдайларда тікелей кінәлімен қоса отбасы мүшелері жауапқа тартылды.Діни сипаттағы қылмыстар өтеауыр жазаланған(қасиетті жануарларды өлтіру:мысық,үкі).

Жеке тұлғаға қарсы қылмыстар ішінде кісі өлтіру қылмысы ауыр қылмыстар қылмыстар қатарында болды;соның ішінде әкесін өлтіру қатаң жазаланған.Бекітілген емдеу өнер ережесі бұзылу нәтижесінде сырқат адам қайтыс болған жағдайда ауыр қылмыс қатарына жатқызған.

Қайнар көздердің көрсету бойынша мүліктік қылмыстар қатарына ұрлық,артық өлшеу,артық таразылау жатқан.Ар-намыс және абыройға қарсы бағытталған қылмыстарға көрсеқызарлық,зорлау жатады.Қатаң жазалар қорқыту мақсатын көздеді.Ең көп тараған жаза өлім жазасы.Сонымен қатар мүшесінен айыру,мүшесіне  жарақат түсіру жазалары:мұрын,құлақ кесу,таяқпен ұру және түрмеге қамау,құлдыққа беру,ақшалай айыппұл төлеу.Қылмыстық және азаматтық істер бойынша процесс бірдей жүзеге асты және жәбірленушінің шағымы бойынша ғана басталды.                                                                                                         Куәгерлердің жауабы,берген анттары дәлелдемелер болыптабылған.Азаптау әдістері кеңінен қолданылған.Іс жүргізу жазбаша жүргізілген.                                                                                                                                                                       Қылмыстық құқықта аса ауыр қылмыстар ретінде перғауынның билігіне қол сұғу мен мемлекеттік төңкеріс жасау табылатын.                                              Жазалар айрықша қатаңдықпен ерекшеленген. Өлім жазасы екі нысанда қолданылатын:  жай түрі басты шабу жəне дарға асу, ерекше түрі — отқа өртеу, ағашқа керу жəне тірідей көму.                                                          Сонымен қатар, талион түріндегі жазалар да қолданған: бірінші түрі — кінəлінің қылмыс жасаған мүшесіне зақым келтірілетін,                                екінші түрі —  кінəлінің жəбірленушіге зиян келтіруі өзіне қатысты жасалатын.

2. Ежелгі дәуірдегі Египеттің мәдениеті мен тұрмыс тіршілігі

туралы ескерткіштер

   Египет көптеген  жылдар бойы еуропалық саяхатшылар  мен зерттеуші лерді өзіне  тартты. Оған деген қызығушылық  әсіресе, қайта өрлеу кезеңінде  көңіл бөлінді. ХҮІ ғасырдағы  философ Дж. Бруно ежелгі Египет  мәдениетін ерекше бағалап, грек, рим, еврейлердің ұстазы болғанын атап өтеді. ХІІІ ғасырдың ортасында Покок, Норден, Брюс Египетте болып, патшалар жазығындағы пирамидалар туралы сипаттайды. Бірақ 1798 жылы Напалеон Бонапарттың әскери экспедициясынан кейін ғана, ежелгі Египет мәдениетінің мұралары шынайы зерттеле бастады. Бұл экспедициядан кейін «Описание Египта» деген көп томдық еңбек жарық көрді. Кейбір зерттеушілер египеттік жазулар құпиясын ашуға кірісті. Олардың қатарында француз филологы Ф. Шампальонды ерекше атауға болады. Ол жазу құпиясын ашып, египтологияның негізін қалады. Зерттеуші алғашында әр түрлі фактілік материалдарды-жазулар, суреттерді жинастырды. Ол Мысыр халқының шаруашылығы, мемлекеттік құрылысы, ғылымы мен білімінің дамуы, қолөнері туралы да зерттеді. Ғалым Египетте сақталған барлық «этнографиялық рельефтерді, астрономиялық суреттер» иероглифтік жазулардың көшірмесімен қалдырды. 1828 жылы ол Египетке 1,5 жылдық экспедициямен келіп, «Памятники Египта и Нубии» атты еңбегін шығарды. Ол алғаш болып египет тілінің грамматикасы мен сөздігін құрастырды.

     ХІХ ғасырдың  ортасында неміс ғалымдары Лепсиус  және Бургум барлық Египетті  және Синай түбегіне жақын  аймақтарды-Палестина мен Нубияны  зерттеді. Экспедиция барысында  көптеген археологиялық ескерткіштер  жиналды. Лепсиус және оның серіктерінің зерттеулері нәтижесінде «Памятники из Египта и Эфиопии» атты монументальды еңбегі жарияланды.

      Табыну текстері  – өлілер кітабы (қақпалар кітабы, күн кітабы, түн кітабы) Әдебиет: хордың Сетпе дауы, Аменемопе  ілімі, екі ағайындар туралы ертегі, Унамунның Библияға саяхаты.

      Ежелгі кезеңнен  бүгінгі күнге дейін ең ескі  құжат –Библия жеткен еді. Ортодоксальды  шіркеу дәстүрінің айтуы бойынша  Пятикнижьені Моисей, Иисус Навина  кітабын Иисус Навик, Руфь, Судия, І мен ІІ патшалық кітаптарын  Самуил, Притча, Экклезиастаны Соломонға жүктейді. Ал Ветхий Заветтің басқа қалған кітаптарын атауларына сәйкес Исайя, Даниил, Иускиил жазды деп тұжырымдайды. Библия Израиль, Египет және жақын аймақтарының тарихынан көптеген мағлұмат береді. Бұл мағлұматтарды дәлелдеу немесе жоққа шығару қазіргі таңда археологияның бір бөлігі болып табылады. Библиялық археологияның зерттеу аймағы бірінші ретте Палестинада, ерте христиандық тез тараған деп санайтын – Египет болып келеді. Сонымен қатар, объектер қатарына Ежелгі Қосөзенді құраған Ассирия мен Вавилон жатады. Кіші Азиядан Ветхий Завет жайлы көптеген мәлімет алуға болады. Ал Италия территориясы «Новый Завет» жақын болғандықтан библиялық археология зерттеу жұмыстары өтпеген. ХІХ ғ. ортасында Месопотамияда археологиялық зерттеу қазба жұмыстарының пионерлері ретінде ағылшын Рич, Лэйярд және Францияда қызметте жүрген итальян Ботта алдыңғы орынға шықты. Олар кез келген қаржы көздеріне қазба жүргізіп, қызығушылар қатарына жатты. Себебі, біріншісі-коммерсант, ал қалған екеуі консулдық және дипломатиялық аппарат қызметкерлері еді. Әр қазба орындарына ставка қойып, пайда табу мақсатында қала орындарын тапса, оларды Библия қалаларының атауларына сәйкестірді. Библия елдерін археологиялық зерттеу үшін арнайы ұйымдасқан қорлар мен одақтар құрыла бастады. Солардың қатарына 1865 жылы құрылған Палестиналық зерттеу қорын жатқызуға болады. Қазіргі күнде, осындай ұйымдар саны жиырмаға жетті: Израильдік зерттеу қоғамы, Ватикан библиялық институтының Иерусалим филиалы және т.б. Аталған елдер территориясында қазба жұмыстарын жүргізу, әрине, қызықты, бірақ та негізгі мақсат библияда жазылған тұжырымдамаларды заттай түрде дәлелдеу керек екенін ұмытпаған жөн. Осындай пікірді ұстанған ағылшын зерттеушісі Пол Илтон былай дейді: «Великие учителя… вдохновили меня на то, чтобы заняться археологией со специальной целью: подтверждение Библии». Библиялық археолегияда ірі зерттеуші ретінде танымал американ Уильям Олбрайт: «не может быть сомнений в том, что археология подтверждает существенную историчность ветхозаветной традиции» деп жазса, Нельсон Глюк: «почти невероятно точных исторических свидетельствах Библии нет никакого археологического свидетельства» – деген пікір білдірді.

      Төменде  іс жүзінде археологиялық мәлімет  саны көбейген сайын, Библияны дәлелдеу қиынға соғуда. Енді қандай дәрежеде археология шындық екенін көрейік.

      Ной қайығының шындығы. Бізге Ной қайығының Кавказдағы Арарат тауына тоқтағанына және суық ауа-райының нәтижесінде оның сақталғаны белгілі. Вернер Келлердің мәліметі бойынша Арарат тауының жанындағы армян селосы Вайзитте шопанның тау басынан ағаш қайықты көргені жайлы аңыз кең тараған. 1833 жылы түрік экспедициясы жаз уақытында ағаш қайықты көргені, ал 1892 жылы Ефрат өзенінің көзін анықтауға шыққан доктор Нури бастаған экспедицияның мәңгілік мұздар арасынан қайықтың қалдықтарын аңғарып: «Внутри он был полон снегом, наружная стена –темно –красного цвета» деп сипаттаған. Сонымен қатар, І Дүниежүзілік соғыс кезінде орыс офицер-авиаторы Росковицкий самолет бортынан қайық қалдықтарының барын айтады. ІІ Николай бұл хабарды естіп, жіберген экспедициясының оны тек қана көрмей, фотаға түсіргені де белгілі. Осы мәселені зерттеп жүрген американ тарихшысы және миссионері Аарон Смит 80 мың ғылыми жұмыс жазып, 1951 жылы оны іздеуге шығады. Арарат шыңында 12 күндей жүріп, бірақ ешнәрсе таппайды. 1952 жылы осындай мақсатпен Жома де Рике жетекшілігімен жүргізілген іздеу жұмысы сәтсіз аяқталады. Бұл факт Библияда атап көрсетілген географиялық пункттер мен оқиғалардың тарихи шындықпен жанасатындығы немесе жанаспайтындығы туралы мәселенің тек кішкентай ғана бөлігі.

     Соддам және  Гонар. Библия аңызына сәйкес  Соддам мен Гонар қалалары  толығымен талқандалғаны жайлы  мағлұмат береді. Кейбір жағдайда  бұл оқиғаны, космостан келген  бейтаныстар қаланы ядролық жарылыспен жер бетінен жоғалтты, дейді. Алайда, өлі теңіздің оңтүстік бөлігінде 400 м. тереңдікте ағаш қалдықтарына ұқсас үгінділер табылған. Американ археологы Д. Финегану, кейін В. Кеплер Соддам мен Гонар апатты өртпен байланыстырып, ал қалдығы теңіз түбіне түскені жайлы тұжырымға келеді. Бірақ та, Библияда, құдай Соддам мен Гонарға күкірт пен отты жауын сияқты жаудырды, дейді.

3. Ежелгі Египеттің мәдениеті 

  Ежелгі Египеттің мәдениетінің  тарихы көптеген және әр түрлі  деректердің негізінде көптеген жылдар бойы зерттеліп келе жатыр. Қазіргі кезге дейін көптеген жазба ескерткіштердің түрлері, әдет-ғұрыптары, рухани өмірлері, тілі, материалдық мәдениеті дерек көздері арқылы құнды мәліметтер береді. Деректерді үлкен жеті топқа бөлуге болады:

1. Жазбаша түп-деректер: тарихи еңбектер, көркем әдебиеттер, ғылыми және діни мәтіндер, әр түрлі құжаттар.

2. Материалдық мәдениеттің ескерткіштері: қалалардың, храмдардың, мазар лардың, тұрғын үйлердің қалдықтары, керамика, статуя, табынушылықтың әртүрлері  және заттар т.б.

3. Халықтың ауыз әдеби шығармалары  бойынша ескерткіштер: өлеңдер, ертегілер, мақал-мәтелдер, аңыздар, жаңылтпаштар  т.б. жатады.

4. Тілдік мәліметтерге: басқа тілдердің  осы әдебиетте қолданылуы жатады.

5. Этнографиялық материалдарға: әдет-ғұрыптар және салт-дәстүрлер.

6. Антропологиялық мәліметтерге: мумиялар, ежелгі адамдардың бейнелері, қаңқалар, фрескалар мен рельефтегі бейнелер  т.б.

7. Географиялық ортаның және  табиғи ландшафттардың өзгеруіне  байланысты: каналдардың қалдықтары, жолдар т.б. жатады.

Ежелгі және ертедегі Египет деректері: материалдық мәдениеттің ескерткіштері

Египеттегі қазба жұмыстарының нәтижесінде табыттар мен храм қабырғалары, жерлеу ескерткіштері, тас плиталар, саркофаг, папирустардан Египет тарихынан мәлімет беретін жазулар табылды. Бұл жазулар тарихшылар үшін аса маңызды. Ежелгі кезең тарихы туралы Нармер патшаның теңіз жазбасында айтылады. Онда шенеуліктер титулы, патшаның жеңістері, шайқастар туралы жазылған. Ежелгі патшалық кезеңіне пергама тасына қашалған жылнама жатады. Онда Ү династия перғауындарының аттары, қысқаша оқиғалар аталып өтіледі.

Египеттің сыртқы саясаты туралы Эхнатон патша салдырған Ахет-Атон қаласындағы клинопистік жазбаларда ХҮІІІ династияның саясаты, дипломатиялық байланыстар, Рамзес ІІ келісім шарттары сақталған.

Ежелгі патшалық дәуірінен патшаның бұйрықтары сақталды. Ежелгі Египеттің жеке хаттары да сақталған. Зират қабырғаларында ақсүйектердің өмірін суреттейтін еңбектер көп мөлшерде сақталған. Рехмир уәзірдің өмірбаянында Египеттің шаруашылық өмірі және әкімшілік басқару жүйесі, уәзірдің атқаратын қызметі, міндеті баяндалған.

Египеттен тыс жерлерден табылған жазулар да ерекше қызығушылықты тудырады. Олар Нубия, Палестина, Финикия, Сирия, Крит, Грециядан табылған. Бұл жазбаларда Египеттің көрші елдермен экономикалық және мәдени байланыстары туралы айтылады.

Ежелгі Египеттің тарихы мен мәдениеті туралы мол ақпаратты көптеген жазба деректерден табуға болады. Көрнекті француз египтологы Ж.Ф. Шампальонның иероглифтың жазба құпиясын ашқаннан соң, ғалымдар ірі мөлшердегі әр түрлі жазба деректерді тауып, аудара бастады. Тарихшылар үшін ең алдымен ежелгі египеттіктердің тарихи шығармалары аса қызықты болып табылады. Қазіргі күнге дейін Палермода сақталған, палермдік тас деген атпен белгілі ежелгі шежірелер үлкен плиталарда сақталған. Шежіреде династиялық кезеңге дейінгі уақыттан Ү династияға дейінгі патшалық құрған перғауындардың аты-жөндері, ірі жорықтар туралы қысқаша сипатталып жазылған. Карнактағы Амон-ра храмының қабырғаларында жазылған «Анналы Тутмоса ІІІ» (ХҮІІІ династия) тарихи сипаттағы ескерткіш болып табылады. Автор Тутмос ІІІ әскери жорығы мен патшалық құрған жылдарындағы маңызды оқиғаларды ғана жазып қойған жоқ, сонымен қатар патшалық еткендегі тұжырым тарихын дамытты. Ол Египетті ерекше құдайдың қарамағындағы, сол кездегі әлемнің орталығы ретінде қарастырды.

Ежелгі Египет