Ежелгі унді мадениеті
Мында өту: шарлау, іздеу
Үнді — будда мәдениеті. Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі — Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті. Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды.
"Будда"
Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б.з.б. 2000 жылы шыға бастаған көне мәдени мұралардың бірі — Ведаларды ала келіп, оны жергілікті халықтың арасына кеңінен тарата бастады. Ведалар дегеніміз — діни сарындағы дұғалардың, құрандардың, құрбандық шалу кезінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы. Үндінің атақты жазушысы Рабиндранат Тагор ведалық гимндерді «Халықтың қуанышшаттығы мен оның өмірге деген сүйіспеншілігі мен қорқынышының поэтикалық куәгері» деп өте жоғары бағалаған болатын. «Жаратушы әні» гимнінде бізді қоршаған дүние былай деп сипатталады: «Ең алғашқы кезеңде дүние хаос жағдайында болды. Бірақ, уақыт өткен сайын адамзат баласының тіршілік етуге деген құлшынысы байқалды, соның нәтижесінде жарық, одан кейін аспан мен су патшалығы пайда болды. Міне, дәл осы кезден бастап жер бетінде тіршілік қалыптасты, ал құдайлар дүние жаратылғаннан кейін барып пайда болды». Шамамен, б.з.б. 800 жылында қалыптасқан упанишадтар үнді-арийлердің діни көзқарастарының дамуындағы басты қадам болып саналады. Өйткені, упанишадтар адамның ішкі жан дүниесі, оның өмірінің мән-мағынасы, адамды ақиқат пен шындыққа апарар жолдар мен олардың бұл өмірдегі маңызы, өлім мен мәңгілік ғұмыр жайындағы діни-философиялық толғауларға толы болып келеді. Ең бастысы — упанишадтарда Брахман мен Атман идеялары кеңінен көрініс тапқан. Брахман — абсолютті шындық, абсолютті руханилылық, бұл дүниеде одан тысқары еш нәрсе де жоқ, олай болса бізді қоршаған ортаның мәні де осы Брахманда. Ол Атман болса осы жағдайларды ескере отырып — жеке тұлғаны мойындау. Упанишадтар діни философиялық ой-сананың дамуына түрткі болды, сөйтіп көп ұзамай-ақ оның алты мектебі қалыптасты.
Үнді-будда мөдениетіне тән қасиет дін мен философияның өзара тығыз байланыста болып, ұштаса білуінде. Бұл туралы Гегель былай деп жазды: «Үнді мәдениеті — жоғары дамыған сан-салалы құдіретті мәдениет, бірақ олардың философиясы дінмен сабақтас, өзара тығыз байланыста болып келеді. Философия ғылымы айналысатын мәселелерді діннен де көптеп кездестіруге болады. Сондықтан да болар, ведалар — діннің ғана негізі емес, сонымен қатар философияның да негізі болып саналады»
Бір-бірімен өзара тығыз
байланыста, ірі табиғи бірлікте болуына
қарамастан үнді философиясының алты
классикалық мектебі де адамның
әлемге дүниетанымдық қарым-
«Веданта» брахманизмде ерекше орын алады,
тіпті қаншама ғасыр өтсе де оның
бүгінгі таңда да көптеген жақтаушылары
бар. XIX ғасырда Веданта мәселелерімен
үндінің атақты ғалымы Вивеканада,
ал XX ғ. Р. Тагор, тіпті мемлекет қайраткері
Д. Нерудің өзі де айналысқан. Веданта
дүниенің жаратылуын Брахманмен байланыстырады. Бұл күйді
Атман деп атайды, ол адамды ажалдан құтқарады.
Сөйтіп өліп бара жатқан тіршілік иесі
қайтадан жаңғырады.
«Санкхья» материалдық дүниені
де, рухани дүниені де мойындайды. Бұл
ағым бойынша материя үнемі
«Ньяя» логика зандарына сүйенеді,
оны үғынып-білу — адамның жан
дүниесін тазартуға себепкер болатын
ой-пікірлердің қалыптасуына көмектеседі.
Ньяя негізінен брахманизмнің соң-
ғы жүйесі — вайшешикаға жақын
болып келеді. «Вайшешика» адам өміріне
пайдалы шындықтың алты түрін
көрсетеді (субстанция, сапалылық, іс-қимыл
(карма), жалпылық, ерекшелік мәнділік).
Вайшешика бойынша, физикалық дүние
атомдардан түрады жөне ол мәңгілік болып
саналады. Бірақ физикалық дүние
атомдардан түрғанымен, оның басты
қозғаушы күші карма заңдарына сәйкес
әрекет ететін құдай болып саналады.
Брахманизмде о дүниемен салыстырғанда адам
өмірінің өткінші екендігі және оның мәнсіздігі
туралы идеялар басты орын алған. Адамның
о дүниедегі тағдыры оның бүл дүниелік
ғұмырындағы адамгершілік іс-әрекеттеріне
байланысты. Ендеше, бүл дүниеде күнәкар
болғандар, атап айтқанда: адам өлтірушілер
— жыртқыш аңдарға, ет үрлаушылар — қаршыға-
ға, астық үрлаушылар — сабауқұйрыққа,
брахманды өлтірушілер — ит пен есекке,
ал маскүнемдікке салынған немесе үрлық
жасаған брахманның өзі де сарыбас жыланға
айналады. Брах- мандарды сыйлап-құрметтеу,
күншіл болмау, адамның өзін-өзі үстай
білуі, мейірімді бола білу және т.б. қасиеттер
қоғамның әрбір мүшесінің өз орнын табуына
мүмкіндік беретін басты шарттар болып
саналады.
Б.з.б. VI ғасырда үнді елінде, кейіннен дүниежүзілік
дінге айналған, будда діні қалыптаса
бастады. Оның негізін қалаушы ханзада,
кшатрийлер варнасына жататын Будда болды. Оның шын аты — Сиддахартха,
ал оның анасы әйел патша Майя еді. Ұлы
ханым Майяның шапағаты жер жүзіне тарады,
оның жүрегінің тазалығы, өз-өзіне сенімділігі,
парасаттылығы мен салмақтылығы, бүл қасиетті
ананың қадір-қасиетін арттыра түсті.
Буддизммен қатар джайнизм ағымы да дами
бастады. Оның негізін қалаушы — Махавира (Вардамана) болады. Бұл сектаның жолына түсушілер кармадан
азат болудың басты құралы ретінде — аскетизмді насихаттады. Нағыз джайнистердің
фанатизмінде шек болмады. Олар бүл өмірдің
барлық рахатынан саналы түрде бас тартты,
басқаны былай қойғанда, олар өмірлерінің
соңғы сәттерінде тамақтанудан да бас
тартты. Джайнизм брахманизммен ымыраға
келудің арқасында осы уақытқа дейін Үнді
мемлекетінің қоғамдық-саяси өмірінде
өз ықпалын сақтап отыр. Махавираның жолына
түскендер негізінен саудагерлер болды.
Будда өзінің діни
уағыздарында брахманизмді де, джайнизмді
де сынға алады. Брахманизмдегі байлық
пен сән-салтанатты өмірге бойүрушылық,
ал джайнизмдегі аскетизм Будданы қана-
ғаттандырмады, сондықтан да ол орталық
межені қалап алады. Ол өзінің негізгі
діни көзқарастарын «Бенерес уағыздары»
атты еңбегінде жүйелі түрде баяндап берді.
Онда былай делінген: «Рухани тіршілігі
таза адам бүл өмірде екі нәрседен арасын
аулақ салу керек. Оның біріншісі — сауық-сайран
мен думанды қызыққа толы өмір, бүл адамның
рухына қарама-қайшы келетін бейшаралық,
өткінші өмір, ал екіншісі — ерікті түрде
қалап алынған азапты, қатыгез өмір, бүл
өмір де мөнсіз, мағынасыз. Рухани дүниесі
бай адамдар өмірдің аталған екі жағынан
да өздерін алшақ үстағандары жөн. Ең бастысы,
адамдар танымға, білімге бастайтын, олардың
ақыл-ой өрісін кеңітетін дүрыс жолға
түсулері кажет» . Бұл жол тармақтары көп
сегіз салалы жол. Олар: адал сенім, әділ шешім, шындық сөз, шындық өмір, шыншыл ұмтылыс, шындықпен еске алу
және адамның өз бойындағы қасиеттерін
үнемі байыту болып табылады.
Буддизм бойынша, өмірдің азаптары жайындағы қасиетті шындық мынандай: өмірге келу — азап, қартаю — азап, жүрегің қаламайтын адаммен қосылу — азап, жақсы көрген адамыңнан айрылысу — азап, көздеген мақсатыңа жете алмау — азап. Ал аталған осы азаптардан құтылудың басты жолы — сегіз салалы қасиетті өмір жолын тандап алу.
Будда
ілімі адам бойындағы ізгілік, адамгершілік қасиеттерді одан әрі дамытуды
насихаттайды. Онда былай делінген: «Бұл
дүниеде өшпенділікті өшпенділікпен жеңуге
болмайды, адам ашу-ызасын ақылға жеңдіріп,
зұлымдықты қайырымдылықпен ауыздықтауы
қажет. Ұрыста мың адамды жеңіп шығуға
болады, ал нағыз жеңіс адамның өзін-өзі
жеңіп шығуы болып табылады».
"Будда ескерткіші"
Будда дін жолына шын берілген
адамдарды төрт қағиданы мүлтіксіз
орындауға шақырды. Олар: зұлымдықтың
алдын алу, зұлымдық пен қатыгездікке
жол бермеу, ізгілік пен қайырымдылыққа
даңғыл жол ашу, адамгершілік қасиеттерді
батыл қолдау. Будда ілімі үнді
халқының сүйіспеншілігіне бөленіп, кең
қолдау тапты. Будда өз шәкірттеріне
арнаған сөзінде былай деді: «Сендер
бүл ілімді дүние жүзінің барлық
елдеріне таратыңдар. Оларға кедейлер
мен бұл өмірден жәбір
Будда дінінің кеңінен таралуы
жағдайында оның екі тармағы өмірге
келді. Оның біріншісі — махаяна,
Бирма мен Тайландта, ал екінші тармағы
— хинаяна Цейлонда қалыптасты.
Махаянаның қалыптасып, дамуына ерекше
еңбек сіңірген Нагарджуна болды. Будда
дінінің бүл саласында Будда
құдай дәрежесіне жеткізіліп, оған
құдайдай табыну уағыздалды. Ендігі жерде
адамдардың барлық саналы іс-әрекеттері
Буддамен байланыстырылды. Мұндай жағдай,
бір жағынан, брахманизмге білдірілген
үлкен құрмет болатын, сөйтіп буддизм
үнді халқының бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі
діндерімен одан әрі жақындаса түсті.
Қытайда будда дінінің идеялары
б.з.б. I ғасырда тарай бастады. Будда
дінімен бірге Қытайда үнді өнерінің
де ықпалы күшейе бастады. Ол Қытайға
ғана емес Кореяға, одан әрі Жапонияға
да қанатын кең жайды. Тибетте
буддизм ламаизм түрінде
Қытайда буддизм конфуцийлік-даосистік
дінмен қатар өмір сүрді. Буддизм
мен даосизмнің өзара ұштасуының
нәтижесінде дзэн-буддизм
Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, махаяна үнді халқының дәстүрлі діни
наным-сенімдеріне өте жақын болып шықты.
Әрине, будцизмнің пессимистік сарыны
үнді халқына ұнаған жоқ, шындығында, халыққа
брахманизмнің жарқын идеялары одан гөрі
жақындау болатын. Бірақ, бүл жағдайға
қарамастан үнді қоғамы буддизмнен де
мүлде бас тартқан жоқ. Сөйтіп буддизм
мен брахманизмнің біраз қағидаларының
өзара сабақтас- тығының нәтижесінде жаңа
индуизм ағымы пайда болды.
"Будда паркі"
Өкімет тарапынан барынша қолдау тауып, қаншама шіркеулер тұрғызып, үнді қоғамында айрықша беделге ие болған будда дінінің өз позициясын (беделін) ешбір қарсылықсыз индуизмге бере салуын қалай түсіндіруге болады екен? Бұл сұраққа мәнді жауап беру үшін будда дінінің рухани дәстүрлерінің әлеуметтік негіздерімен толығырақ танысуымыз қажет. Үнді еліне келген арийлер варналарға бөлудің (брахмандар, кшатрийлер, вайшьилер және шудралар) негізін қалады, ал құлдар мен шетелдіктер варналарға кірмеді. Варналарға бөлу — үнді қоғамының негізі болып табылатын село қауымының беделін бүрынғыдан да көтере түсті. Оларды ақсақалдар бас- қарды, қауымдар өз іштерінде туындаған мәселелерді өздері шешті және өкіметке белгілі бір мөлшерде салық төлеп түрды. Өкімет тарапынан болатын озбырлықтардан оларды қатаң діни наным- сенімдер, салт-дәстүрлер және т.б. қорғап қалып отырды. Мұндай қауымдар шаруашылығы — натурадцы шаруашылық болды, онда жалдамалы еңбек кеңінен қолданылды. Қауымдар өмірінің тұйықтық сипатта болуы, олардың саяси қактығыстар мен толқулардан тысқары қалуларына себепкер болып отырды. Қауым басшылары өзгеріп отырғанмен, қауым тіршілігінің қаймағы бүзылмады. Бүл жайында Д. Неру былай деп жазды: «Үндістанның саяси құрылымының негізі — өзін-өзі басқаратын село қауымы болды. Қоғамдағы өзгерістер бүл құрылымға ішінара өзгерістер енгізгенімен, оның тамырына балта шаба алмады. Ел билеу- шілерінің бірде-біреуі село қауымының құқығын бүза алмады және оларға берілген жеңілдіктерді орындауға мәжбүр болды».
Мемлекеттің басшылық орындарында кшатрийлер отырды, бірақ олардың билігін селолық қауымдар дер кезінде тежеп отырды. Әрі діндар, әрі білімді брахмандар кшатрийлерден жоғары түрды жөне қоғамда үлкен роль атқарды. Демек, брахмандар да, кшатрийлер де өз варналарында қалды, брахманның отбасында өмірге келген жас сәби брахман болып қала берді, өйткені ол еш уақытта да кшатрийге айнала алмады. Касталық құрылыс жүйесінің келесі өкілдері вайшьилер (диханшылар, қолөнершілер мен саудагерлер) және шудралар (жалдамалы жүмыскерлер, жалшылар) болды. Осы аталған төрт варна Үндістанның касталық құрылысының негізін қалады. Ал Үндістанға қоныс аударып келген түрлі халықтардың өкілдері бүрынғы касталарды толықтырып отырды немесе өздерінің дербес касталарын құрды. Мысалы, кәсіптеріне сәйкес тас қалау- шылардың, үсталардың, тері илеушілердің касталары құрыла бастады.
Касталық құрылыс жағдайында қалыптасқан ережелерді мүлтіксіз орындау талап етілді. Мысалы, касталар арасында үйленуге қатаң тыйым салынды, тіпті түрлі касталар өкілдері дастархан басында бірге отырып тамақ та іше алмайтын болды. Буддизм осы касталардың ішінде кшатрийлердің дүниета- нымы ретінде қалыптасты, сондықтан да болар, брахмандардың озбырлықтарынан зардап шеккен қарапайым халықтың басым көпшілігі кшатрийлерді батыл қолдап отырды. Осы орайда село қауымдарының буддизмнің әлсіреуіне себепкер болғандығын атап өтпеске болмайтын сияқты. Буддизм мен джайнизмнің күштемеу принциптеріне ерекше көңіл бөлінуінің арқасында диханшылыққа деген көзқарас өзгере бастады. Бір кездерде үнділер мен арийлердің мақтанышына айналған егін шаруашылығының қоғамдағы рөлі төмендеді, соның салдарынан шаруашылықтың бүл саласымен айналысушы диханшылар қоғамдық өмірде төменгі сатыдан орын алды. Сөйтіп, селолық қауымдар ешбір діни соғыстарсыз, айтарлықтай қарсылықсыз буддизмнен индуизмге бет бұра бастады. Бірақ, олар будда дінінің көптеген діни-адамгершілік қағидаларын өз бойларында сақтап қалды.
"Шиваға табыну"
Индуизм — бір-бірінен тәуелсіз бірнеше
діни наным-сенімдерден тұратын діни-мәдени
ағым. Оның негізінде — Брахманға, Вишнуға, Шиваға табыну мен тантризм жатыр.
Осы- лардың ішінде Вишну мен Шиваның мерейі
үстем болды.
Вишну — адамдардың
адал қамқоршысы, көмекшісі. Ол адам- дарды
зұлымдық пен қатыгездіктен қорғайды,
оларды қауіп- қатерден сақтайды және
адамдарға шындықты жариялап оты- рады.
Ал оны жүзеге асырушы Будда. Сөйтіп Будданың
беделі көтеріліп, құдай дәрежесіне жеткізілді.
Шива — қатал
да, қорқынышты құдай. Оның үш көзі бар,
денесіне жыландар жабысқан, мойнында
— бас сүйектер. Шива — өнер мен ғылымның,
салтанатты өмір мен махаббат сайранының
құдайы. Үнді халқының санасындағы құдайлардың
басқа діндердегі (христиан, ислам) құдайлардан
басты айырмашылығы — олардың Жер бетіндегі
тіршіліктің қайнаған ортасында болуы
және оған белсене араласуы болып саналады.
Вишнудің әйелі Лакшми әсемдік пен бақыт
құдайы, ал Шиваның әйелі Кали қырып- жою
мен өлім құдайы.
Үнді-будда дініндегі
бүл дүниеге көзқарастар
Дхарма — будда дініндегі моральдық заңның басты бөлігі болып есептеледі. Үнділердің қасиетті кітаптарында (смрити) дхарманың тізімі, яғни түрлі касталардың міндеттері мен функ- циялары атап көрсетілген. Касталық жүйеде бүл парыз- міндеттерден ауытқуға жол берілмейді.
Артха — адамның күнделікті түрмыс-тіршілігіндегі іс- әрекеттердің нормалары болып табылады.
Кама — адамның
көңіл-күйінің талаптарын қанағаттандыру
құндылықтарын анықтайды, солардың жолдарын
белгілейді.
Мокша — торығып-түңілуден,
жалғыздықтан қалай құтылу жайындағы
ілім.
Дхарманың құндылығы — шындық пен ахимасқа шын берілгендікке тығыз байланысты. Ол зорлық-зомбылыққа мүлде қарсы. Сонымен бірге ашу мен жек көрушілік сезімдерді ауыздықтау, өзін-өзі ұстай білу, пайдакүнемдік пен зұлымдық мақсаттардың болмауы — дхарманың басты қағидалары. Адамдар- дың бұл өмірдегі табиғи іс-әрекеттері қандай болу керек деген сұраққа дхарма былай деп жауап берді: «Жауыздыққа жауыздықпен жауап берме, әрқашанда әділетті істердің жаршысы бол. Әлсіздер сенің өктемдігіңді ешқашан да кешірмейді, сондықтан да мұндай әділетсіз қылықтарға жол берме. Адам өмірде өз жолын таба білуі қажет».
Бұл дүниедегі өмірдің рахаты мен
қызығын, мән-мағынасын түсіндіруде
индуизм мен буддизмнің арасында
пікір алшақтықтары аңғарылады. Мысалы,
Кама адам өмірінің мән-мағынасына, ондағы
қызықтар мен шат-шадыман өмірдің
сан-саласына баса назар аударса, ал
Будда діні сабырлылық пен үстамдылық-
ты, түрақты махаббат пен орташа
өмір сүруді уағыздайды. Үнді-будда
мәдениетінің қалыптасып, одан әрі
дамуына касталық құрылыс үлкен
ықпалын тигізді. Өйткені әрбір
варна — өздеріне ғана тән салт-дәстүрлері
мен дүниетанымы қалыптасқан
жәй ғана түйық әлеуметтік топ
қана емес, олар белгілі бір мөдени
құңдылықтардың ортасы болып саналады.
Брахман болу, брахманға қызмет ету,
брахманнан оқып-тоқу үнді қоғамындағы
басты құндылық болып саналады, өйткені
брахмандар — даналықтың, өулиеліктің,
киелілік пен ізгіліктің жаршысы.
Үнді елінде әлеуметтік құндылықтарды
бағалауда адамдардың қоғамдағы
іс-әрекеттеріне айрықша назар аударылды.
Ел басшылары мен әскери адамдар
брахмандардан төмен түрғанына
қарамастан, қоғамда пайдалы қызметтер
атқарғандықтан үлкен құрметке ие болды.
Мысалы, көне заманда өз елін сыртқы
жаулардан қорғауда батырлығымен даңқы
шыққан Викрамды үнді халқы осы уақытқа
дейін мадақтап, қастерлейді. Бір
таңқаларлық жағдай, Үндістанда оның
дана басшылығы мен көзсіз батырлығы
ғана емес, сонымен қатар оны үнді
күнтізбегін жасаушы ғалым
Будда діні бойынша халық
құрметіне ие болу — байлыққа байланысты
емес, демек бұл дінде адамның
өз бақытын байлық — мансаптан
іздеп, баюды мақсат етіп қоюы ешбір
қолдау таппайды. Олай болса, бүл өмірдің
мән-мағынасы жинаған ақша^ мен немесе
байлықпен емес, керісінше, адам бойындағы
адамгершілік-ізгілік
Үнді қоғамында ғасырлар бойы қалыптасқан
мүндай жағдай, дәлірек айтқанда, үйымдасқан
өлеуметгік қарсылықтың болмауы
— үнді халқының сыртқы күштердің
басқыншылық әрекеттеріне тегеурінді,
батыл түрде әлеуметтік-саяси
қарсылық көрсете алмай, дәрменсіздік
көрсетуіне әкеліп соқты. Соның салдарынан
үнді елі алғашқыда мұсылмандардың,
ал одан кейін ағылшын империализмінің
үзаққа созылған азапты шеңгеліне түсті.
Ол аз болғандай монғолдардың үстемдігі
кезінде Үндістанның көптеген касталары
мұсылмандық жолға көшті. Әсіресе,
төменгі касталар ойланбастан-ақ өздерінің
мәдениетінің діни негіздерін өзгертіп
жіберді. Тоқымашылар, саудагерлер, қасапшылар,
тігіншілер және т.б. ислам дінін
қабылдады, ал кейіннен мүндай жағдай
индустар мен мұсылмандар арасындағы
күрделі шиеленістердің орын алуына
әкеліп соқты.
Ағылшындардың үстемдігі кезінде
шетел басқыншылары өз армияларын солтүстік
Үндістандағы жоғарғы каста өкілдерінен
толықтырып отырды: «әскери касталар»
деп аталатын бүл үнділер өз Отанының
жауларына қызмет жасады. Индуизм
мен буддизмнің бір-бірімен өзара
тығыз байланыс- тылығына жөне олардың
үнді-будца мәдениетінің басты бағыт-
тары болғандығына қарамастан олардың
өздеріне тән айтарлықтай
Буддизмнің касталық құрылыстың мүдделерін
қорғау мәселесіне ешбір қатынасы жоқ,
сондықтан да болар бүл діни ағым
саяси-өлеуметтік мәселелерді шешуде
үлкен икемділік танытады. Тіпті
кей жағдайда оның үлт-азаттық және
әлеуметтік қозғалыстың саяси авангарды
дәрежесіне дейін көтерілген кездері
де болды. Осы орайда, американ отаршыларының
Оңтүстік Вьет- намды жаулап алу
әрекетіне қарсылық ретінде көптеген
будда монахтарының өздерін өртеп
жібергендіктерін еске алсақ та жеткілікті
сияқты, бірақ буддизмнің қоғамдағы
саяси-әлеуметтік мөселелерді шешудегі
мүмкіндіктері шектеулі болғандығын
да естен шығармаған жөн. Үнді-будда
мәдениетінің қойнауында Үндістанда Махатма
Гандидің (1869—1948) реформаторлық қозғалысы
туындады. Ол бүл қозғалыс барысында
өзінің табиғатта әрекет ететін «махаб-
баттың өнегелілік» заңына үдайы
сүйеніп отырды. М. Ганди бұл жайында былай деп жазды:
«Махаббат заңы біздің санамыздан тыс
өмір сүреді. Табиғат заңдылықтарына сүйенген
ғалым қандай ғажайып жаңалықтар ашты,
махаббат заңын өз өмірінде үлкен сүйіспеншілікпен
қолдана білген адам да бүл өмірде айтарлықтай
табыстарға жетері сөзсіз, ал кейде ғалымдардың
жеткен межесінен асып та түсуі мүмкін».
М. Ганди сатьяграха («сат» — шындық, ал «аграха»
— табан- дылық деген мағыналарды береді)
қозғалысының дем беруші, басшысы болды.
Ол өзінің ізбасарларының көмегіне сүйене
отырып, халықты талай ғасырларға созылған
қалың үйқысынан ойтты, Үндістанда саяси-этикалық
қайта құруларды жүзеге асырудың қажеттігін
діни-этикалық түрғыдан негіздеп, дәлелдеп
берді. Ендеше, Ганди тарих сахнасына ірі
саяси қайраткер ретінде ғана емес, сонымен
қатар діни-реформаторлық қозғалыстың
беделді басшысы ретінде де шықты деп
толық сеніммен айта аламыз. Гандидің
бүл қозғалысты үйымдастырудағы басты
мақсаты — халықты өздерінің әділетті
ісі үшін табанды күрес жүргізуге баулып,
үйрету болды. О л ондаған жылдар бойы
тәуелсіз үнді мемлекетін құру мақсатында
дхарманы, ақиқатты және күш көрсетпеуді
уағыздады. Ганди: «Күш қолданбау, әділеттілік,
қайырымды л ық, жан тазалығы, ізгілік
сияқты қасиеттер — ағылшын отаршыларын
елімізден қуып шығып, қанау- шылық пен
отаршылдық бүғауынан босануға толық
мүмкіндік береді» деген сөздерді жиі
қайталайтын. Бірақ үнді қоғамын қайта
құру мақсатындағы езінің жасампаздық
қызметінде Ганди өзі де мүлде күтпеген
қиындықтар мен адам жанын түршіктіретін
талай сүмдық уақиғаларға тап болды. Мәселе
ағылшын империализмінің арсыз саясатында
ғана емес еді, мәселе үнді халқының өзінде
де болатын. Өйткені, бүл кезеңде индустар
мен мұсылмандар арасында жан түршігерлік
қанды шайқастар басталып кеткен болатын.
Бүл қатыгез қақтығыстардың бары- сында
адам қаны көп төгілді, үлттың бірлігі
мен мемлекеттің мүдцесі діни-қауымдық
фанатизмнің құрбандығына шалынды. Біртүтас
Үндістан мемлекеті екіге қақ жарылып,
бір-біріне қас екі мемлекет пайда болды
(Үндістан және Пәкістан).
Индустар қауымы діни фанатизмге жан-тәнімен
беріліп қана қоймай әлеуметтік теңдікке
де жауыға қарады. Қалыптасқан касталық
жүйе үнді азаматтарының мемлекеттік
заң алдындағы теңдігін бүзды, ал
мүндай келеңсіз жағдай мемлекеттің
ғана емес, сонымен қатар бүкіл
үнді халқының тағдырына да өз әсерін
тигізді. Қоғамдағы қалыптасқан
ахуалға байланысты сорақы қылықтар
белең алды. Тіршілік иесі атаулыға
жамандық жаса- мауды уағыздаған қайырымды,
ақкөңіл индустар мұсылмандар- ды көргенде
кірпіше жиырылып, қатыгездік көрсетіп,
мүлде басқаша қарым-қатынастар
жасады. Брахман өзінің кедейлігіне
қарамастан, басқа касталардың өкілдеріне
өз қызын беруден үзілді-кесілді
бас тартты. Діни фанатизм мен касталық
дәстүр- лер салдарынан туындаған
қоғамдағы келеңсіз мүндай қубы- лыстар
Гандиді қатты толғандырды. Ол «Мен
индустар мен мұсылмандар арасында
болып жатқан жыртқыштық әрекеттердің
дәрменсіз куәгері болып
Үнді өнері брахманизмнің, буддизм
мен индуизмнің діни- өнегелік құндылықтарының
тікелей ықпалымен дамыды. Алғашқы
дүниеге келген көркем шығармалардың
мазмүны адам- затты қоршаған дүниенің
мән-мағынасын шындық түрғысы- нан
көрсетуге бағытталды. Ведалар да,
упанишадтар да көне үнді тілінде (санскрит)
жазылған әдеби ескерткіштер қатарына
жатады. Олардың көркемдік құндылығы
бүгінгі күннің тала- бына да сай
келіп отыр. Д. Неру үнді халқыньщ көркемдік
мәдениетін Батыс Еуропа өнерімен өзара
салыстыра отырып, олардың бір-бірінен
басты айырмашылықтарын да атап көрсетеді.
Біріншіден, үнді халқының көркемдік мөдениеті дінмен және философиямен тығыз байланысты болып келеді. Бүл байланыстардың тамырының тереңдігі соншалық, үнді халқының көркемдік мәдениетіне сай келетін діни-философиялық идеалдарды білмей түрып, бүл мөдениетті түсініп, бағалау мүмкін емес. Үнді мәдениетінің қай туындысын алып қарастырсақ та, оларда діни сарынның бар екендігін аңғарамыз.
Екіншіден, үнді
өнері қарапайым шаруаларға өте жақын
болып келеді, өйткені мәдениеттің бүл
саласының басты мақса- ты — қарапайым
халықтың жүрегіне діни-философиялық
идея- ларды жеткізу, карма заңдарын, дхарма
талаптарын түсіндіру болып табылады.
Үшіншіден, поэзиямен,
прозамен, драмамен, музыкамен айналысушы
өнер адамдары өздерінің бойындағы қасиеттерді
табиғат әлеміндегі құбылыстармен салыстырады
және адамның табиғатпен, әлеммен өзара
үндестігін ашып көрсетуге тырысады.
Төртіншіден,
үнді өнерінің дамуына құдайларды мадақтауға
қарсы бағытталған діни парасаттылық
ерекше ықпал жасады. Ведалар құдайлар
бейнесіне құлшылық жасауға қарсы болды,
ал Будданың мүсін өнері мен кескіндеме
өнері салаларында бейнеленуі буддизмнің
дамуының тек соңғы дәуірінде ғана мүмкін
болды.
Б.з. VII—VIII ғасырларында Үндістанда
Эллора үңгірінде Кайлас ғибадатханасы
салынды және Элефант үңгірлерінде
Брахманның, Вишнаның және Шиваның
түлғалары сымбатта- лып жасалды.
Ал, монғолдардың үстемдігі кезінде
мүсін өнері саласындағы мүндай
дәстүрлерге қатаң тыйым

- Ежелгі халықтардың құқықтары
- Ежемесечные денежные выплаты отдельным категориям граждан
- Ежемесячное пособие по уходу за ребенком
- Еженедельный журнал
- Ежимы и способы хранения зерновых масс на примере ЗАО «Коноваловское» Макушинского района
- Езработица в рыночной экономике
- Е.И. Тихеева о задачах и способах развития речи дошкольника
- Ежелгі Грек философиясы
- Ежелгі Грецияның алғашқы философиялық мектептері. Ежелгі Грециядағы саяси және құқықтык ілім
- Ежелгі дүниедегі саяси және құқықтық ілідер
- Ежелгі Египет
- Ежелгі Египет мәдениеті
- Ежелгі Египет мәдениетінің қалыптасуы
- Ежелгі мемлекеттердің құқықтары мен бостандықтары