Ежелгі Грецияның алғашқы философиялық мектептері. Ежелгі Грециядағы саяси және құқықтык ілім

Ежелгі  Грецияның алғашқы  философиялық мектептері 

(сократтыққа  дейін)  
 

1.      Сократтыққа дейінгі философиялық мектептердің жалпы түсінігі.

Ежелгі  Грецияның Сократтыққа  дейінгі философиялық мектебі б.э.д. VII-V ғ пайда болды. Ерте ежелгі грециялық полистерде пайда болды.

Ежелгі  Греция ең танымал философиялық  мектептері:

    - Мемлет мектепбі

    - Пифагорлар мектебі

    - Гераклит Эфесскийдің  мектебі

    - Элейстер мектебі

    - Атомистер 

    Ерекшеліктері :   Жарқын сипатталатын космоцентризм қоршаған табиғат құбылыстарын түсіндіру мәселелеріне деген өте жоғары көніл бөлу.Барлық алғашқы тіршілікті  тудырған бастаманы іздеу.

Гилозоизм (өлі табиғаттың тірілуі) Философиялық ілімнің дискуссиялық  емес сипаты  

2.      Милеттік мектеп (фмизиктер )- Фалес, Анаксимандр, Анаксимен.

Милетті мектеп Ежелгі Грецияда б.э.д 6 ғ әрекет етіп, өзі қалыптасқан  өаладан өз атауын алды. Милетта орта азиядағы ірі сауда  полисі .

Ерекшеліктері : Милет мектептің философтары материалистік көзқараспен жүрді. Тек философиямен ғана емес, басқа да нақты және естественный ғылымдар мен айналысады.Табиғат заңдарын  түсіндіруге тырысады (физика атауын осыған байланысты  алған) Қоршаған ортаның пайда болуын іздеді.  

Қайраткерлері:   

     Фалес (640-560 б.э.д.ғ)  Милеттік мектептің негізін қалаушы, әйгілі грек ғалымы, философиялық мұралар қалдырған.  

     Негізгі көзқарастар. Барлық  тіршіліктің негізі су дейді. Жерді тегіс диск ретінде көрсетіп, суда тыныш деп айтқан.

     Барлық  өлі табиғат пен заттардың  жаны бар деп есептеген көптеген құдайлар болуы мүмкін  деген.

     Жер жүзінің орталығы жер деп білген жылдың нақты ұзақтығын анықтады 365 күн. Бірқатар математикалық жаңалықтар жасады (Фалес теоремасы)Анаксимандр (б.э.д 610-540 ғ)  Фалестің ізбасары.  

     Негізгі көзқарастар. Барлық тіршілікті бастауы  Апейрон деп есептеген, яғни бәрі шексіз, мәңгілік, өлшенбейтін субстанция дейді.

     Материяның  сақталуының заңын ашты (заттың аталарлық  құрылымын айтты.) Барлық тіршілік атаулы заттар микроскопиялық элементтерден  тұрады.Тірі организмнің өлімінен  кейін заттар элементі (атомдар)  қалады, нәтижесінде жаңа заттар  организмдер  пайда болады. Алғашқы болып адамның басқа жануарлардың эволюциясының нәтижесінде қалыптасқан деген ойды ұсынған.  Анаксимен (б.э.д. 546-526 ғ) Анаксимандрдің оқушысы  

     Негізгі көзқарастар. Барлық тіршіліктің бастауы ауа деп есептейді. Жердегі барлық заттар  ауаның түрлі концен-нан туған деген  ойды ұстанды. (ауа қысылып суға, сосын жерге , тасқа айналды деген.Адам жаны мен ауа арасында паралельдер жүргізді) Құдайшылықты  табиғат күштерін қатар көрген.   

3.     Гераклит Эфесский 

     Гераклит  (6 ғ аяғы мен 5 ғ басы б.э.д)-философиялық бағыттың негізін қалаған ірі көне гректің материалист философ  алғашында  логикалық мектепке жататын.  

     Негізгі көзқарастар. Тіршіліктің бастауы  от деп білді.Қарама қайшылықпен күресу  мен тұтастықтың заңын алты диалектиканың басты заңы (Гераклиттің ең маңызды философиялық жаңалығы.) Бүкіл әлем үнемі қозғалыс пен өзгерісте болады  деп есептеді.Табиғаттағы заттар айналымда болады және тарих циклды болып келеді  деп айтқан.

     Қоршаған  әлемнің қатыстылығын мойындаған (теңіз  суы адамға  кір , балыққа таза, әртүрлі жағдайларда адамның бір қылығы жақсы да, жаманда юолуы мүмкін ) Ең құдіретті деп, әлемдік ақылды есептеген.

     Адамзат пен әлемдік рухтың , жанныңматериалдығын  қолдаған қоршаған шындықтың сезімдік танымын жақтаған барлық процестің  қозғаушы күші деп күресті есептеген.   

4.   Пифагорэйлер 

     Пифагорэйлер  ежелгі грек философы, математигі Пифагордың (6 ғ басы-5 ғ аяғы) ізбасарлары мен  жақтастары.  

     Негізгі көзқарастар Тіршіліктің  бастауы сандар деп білген  (барлық қоршаған шындықты, барлық болып жатқан дүниені санға келтіріп, сан арқылы өлшеуге  болады.)

     Өлемді, дүниені сан арқылы тануға шақырған бірлікті тұтастың ұсақ бөлігі деп  есептеген  әлемнің диалектикалық  бірлігін көрсететін , қарама- қарсы категорияларды анықтауға тырысты. (тақ-жұп , жарық- қараңғы, түзу- қисық)   

5.    Элеаттар 

     Элеаттар  – қазіргі кездегі Италия территориясындағы 6-5 ғ б.э.д. өмір сүрген  ежелгі грек Элеа деп  аталатын көне грек  полисінде өмір сүрген, Элеаттың философиялық мектептің қайраткерлері  Осы мектептің  әйгілі философтары.Парменид Зенон Элейский Мелисс Самосский  

     Негізгі көзқарастар  Таным мәселелерін  зерттеді .Сезімдік таным мен жоғары деңгейдегі рухани идеолгоияның танымды қатаң бөлектеген.Монизмнің жақтастары болған барлық құбылыстарың көптігін тұтас бастаудан шығарып отырған барлық тіршілікті ойдың материалдық сипаты деп есептеген. 

6.      Атомистер  

  Атомистер  қайраткерлері  барлық тіршіліктің құрылыс материалы , алғашқы кірпіш деп микроскопиялық бөліктер – атомдар деп есептеген, материалистік философиялық мектеп  (Демокрит, Левкипп ). Демокрит философиядағы материалистңк бағыттың негізін қалаушысы болып есептелінген. (Демокрит жолы, бағыты – Плотон бағыты-қарама қарсы бағыт.)  

     Демокрит  ілімінің негізгі  жағдайлары. Барлық материалды дүние атомдардан тұрады. Атом тіршілік  атаулының кішкентай бөлшегі, алғашқы кірпіші.

      Атом бөлінбейді (бұл жағдай ғылыммен бүгінгі таңда жоққа шығарылды)Атомның түрлі өлшемі бар, түрлі формасы бар.Атомдар арасында , бостықпен толтырылған кеңістік бар.Атомдар айналысы бар.Заттар тірі организмдер өмір сүреді.өледі, адам басқа, жақ заттар, организмдер қалыптасады.Атомдарды сезімдік таным арқылы көруге мүмкін емес.   
 
 

   Ежелгі  Грециядағы саяси  және құқықтык ілім.     

     Б.з.д. мың жылдыктың басында  Ежелгі Грецияда жеке және  тәуелсіз полистер формасы түрінде бірнеше қала-мемлекеттер пайда болды.  

   Ежелгі  грек полистерде саяси-құкықтық көзқарастьң  пайда болуы мен дамуында үш кезең  айқын байқалады. Epic кезең- (б.з.д. IX—VI ғғ) ежелгі грек мемлекеттің пайда болуына сәйкес келеді. Бұл кезеңде саяси-құқықтық көзқараста рационациялау (Гомер, Гесиод, атақты "жеті данышпан") байқалады –және "мемлекет пен құқық проблемаларына философиялық тұрғыдан қарау (Пифагор, Гераклит) қалыптасады. Екінші кезең — (б.з.д. V және IV ғасырдың бірінші жартысы) ежелгі грек философиясы мен саяси-құкықтық ойларының гүлденген кезеңі (Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель және т.б.) Үшінші кезең — (б.з.д. IV ғасырдың екінші жартысы мсн II ғасырлары)    эллинизм    кезеңі. Ежелгі  грек    мемлекетінің құлдырауы, грек полистерінің алғашқыда Македония, кейіннен Рим билігіне көшуі (Эпикур, стоиктер. Полибий жәнс т.б.) 

   Б.З.Д. IX—VIII ғасырларда ежелгі мифтік көзқарастар  архаистік поэзияда, одан кейін Гомер мен Гесиодтың поэмаларында өзінің алғашқы сипатын жоғалтып, этикалық және саяси-құқықтық өзгеріске ұшырайды.  

   Гомердің "Илиада" және "Одиссея" поэмаларындағы оқиғалар (б.з.д. VI I ғ.) гректердін әскери және қоғамдық өмірінен көптеген құнды  мәліметтер береді.  

   "Одиссея" поэмасында халық жиналысының ролі мен маңызы анық суреттелген. Бұл өкілдік органның қызметі туралы грек жауынгерлерінің Троя түбіндегі жиналысынан, "Илиада" поэмасындағы мысалдан, "Одиссеяда" Итака аралының тұрғындары жиналысының баяндалуынан білуге болады. Троя түбіндегі жиналыста қатардан жауынгер Тереитжауынгерлердің мүддесін қорғап, базилевтерге қарсы айтқан айыптау сөздерін лауазымды басшылардың ерекше атауы халық жиналысының ролін айкындай түседі. Ал халық жиналысы маңызының төмендеуі "Одиссеяда" айқын көрсетілген Итака аралында Одиссей болмаған жиырма жылда халык жиналысы бірде-бір рет шақырылмаған. Ал Одиссеидің ұлы Телемак жиналыс шақырған, тұрғындардың көпшілігі бұл жиналысқа мән бермеген. 

   Поэмада Гомер қолданған "дике" (әділдік) және "темис" (әдет, әдет-ғұрыптық құқық) ұғымдары Гомер дәуіріндегі саяси-құқықтық жағдайды түсінуге жәрдемін тигізеді. Гомердің әдеп (дикс) қалыптасқан дәстүр мен әдет-ғұрыптың құқықтық (темис) негізі мен принципі түрінде көрінеді, ал әдет-ғұрыптық құкык (темис) өмірлік әдептің, оның адамдар арасындағы қарым-қатынастарда сақталуының нақты көрінісін білдіреді. 

   Б.з.д. VII ғасырдан ежелгі Грецианың саяси  және қоғамдык өмірлік қатынастар Гесиодының "Еңбек жөне күндер" мен "Теотония" поэмаларында баяндалады. Беотияда туып өскен Гесиодтың бұл поэмаларында құдайлар кең дүниенің пайда болуындағы гректердің көзқарастары және адамгершілік-құқықтык принциптер сипатталады. 

   "Теогония" поэмасы бойынша Зеван Фемидамен  (мәңгі табиғи тәртіп пен әділдікті жаратушы) неке одағынан екі қыз-құдай Дике (әділдік) және Эвномия (ізгі заңдылық) өмірге келеді. Дике табиғи әділдікті күзетеді және әділетсіздікті жазалайды. Эвномия болса, қоғамдық құрылымдағы заңдылық бастауының құдайлық сипатын және полистік құрылымдағы заңдылықтың терең ішкі байланысын білдіреді. 

   Гомер мен Гесиод поэмаларына тән адамдар  әрекеті мен олардың өзара  қарым-қатынастарындағы адамгершілік-құкықтык, тәртіптер туралы көзқарастар Ежелгі Грециядағы "Жен данышпан" деп аталғандардың шығармашылығында одан әрі жалғасын табады. Оларға әдетте Фалес, Питгак, Периандр, Биант, Солон, Клеобул және Хилон енген. Олар полистік өмірде әділетті зандардың үстем болуын батыл жақтады. Олардың кейбіреулері билік және заң шығару қызметтерінде өздерінің саяси-құқықтык идеяларын жүзеге асыруға әрекеттенді. Биант, Солон. Хилон сияқты грек ойшылдарының пікірінше, ізгілікті полистік қоғамдағы заңның, сақталуы және салтанат құруы оның айрықша бөлімі больп табылады. Азаматардың тираннан қорқатындай заңы қалыптасқан мемлекетті Биант ең үлген мемлекет деп есептеді. "Өзіңді-өзің таны" қағидасының авторы спартандык, Хилонның "Заңға табын" дсген шақыруы Дельфадағы Апаллон храмына ойылып жазылды. Ең үлкені полис деп Хилон азаматтары шешендерден ірі заңдарды көбірек тындайтын полисті санады. 

   "Жеті  ғұламаның" қатарына қосылған Солон (б.з.д. 638—559 жж) тарихта атанды реформатор, мемлекеттік кайраткер және заң шығарушы ретінде де білген. Б.з.д. 621 жылы орхон Драконт жазған заң нормалары демос пен евиатридтер арасындағы қайшылықтарды жоя алмады, өйткені ол демостын экономикалық жағдайын қандай да болмасын дәрежеде өзгертпеді. Драконт заңдары сонымен бірге шектен тыс қаталдығымен де әйгілі болды. Сондықтан да Афин халқы полисті басқаруды және жаңа заңдар шығаруды елге ақындылығымен белгілі болған Солонға тапсырды. 

   Архонт  болып сайланған ол б.з.д. 594 жылы жаңа зандар шығарды. Оның реформаларын экономикалык және саяси деп бөлуге болады. Заң шығарушы ретінде Солон селолық және қалалык демостық және оған қосылған ешатридтердін, мүддесін қорғады. Оның ең басты реформасы "сисахфия"-("ауыр жүкті сілкіп тастау"), яғни кедейлердің кепілдікке алушы жер учаске-сіндегі қарыз тастарды жою еді. Бұл қарыз тастар бойынша қарызын өтей алмаған адамдар өзінің жеке бостандығын кепілдікке салған, яғни қарызын өтей алмағандар құлға айналдырылған. 

   Б.з.д. V1-V ғасырларда Пифагор, Архит, Фклолай, Гераклит және тағы басқалар қоғамдық және саяси-құқықтық тәртіптерді философиялық негізде қайта құру қажеттігі туралы идеялар ұсынды. Олар демократияны сынай отырып, ақыл және адамгершілік элитасының "озықтары" билігі — аристократиялық идеяалды жақтады. 

   Самос аралында туып өскен Пифагор Поликрат тиранның билігінен кейін туған жерін тастап, Египетте, Вавилонда, Үндістанда болып, ең соңында "Ұлы Элладаның" Критон қаласында өмір кешеді. Ол осы қалада, кейіннен басқа да полистерде өзінің мектебін ашады. Оның ілімі негізінде пайда болған пифагоршылдық гетрийлер рухы жөнінен аристократиялық құпия философиялық-саяси одақтар Грецияның көп бөлігі мен Оңтүстік Италияда үлкен ықпалға ие болады.  

   Б.З.Д- V ғасырда саяси-құқықтық ойлардың дамуына  қоғам, мемлекет, саясат және құқық  туралы проблемаларға философиялық және әлеуметтік талдаулардың терендеуі едәуір ықпал етті. Гректің ұлы ойшылы Демокрит б.з.д. IV ғасырдың бірінші жартысының алғашқы жылдарында адамның, адам қауымдастығының және қоғамның пайда болуы мен тұрақтауын әлемдік дамудың табиғи процесіндегі бір бөлшек ретінде қарастыруға талпынды. 

   Мемлекеттік басқаруда халық билігі — демократияны жақтаған Демокрит сонымен бірге  аристократияның пайдалы жақтары  бар екендігін айтады. Оның пайымдауынша, "Ақымақтардың ел басқарғанынан бағынғаны артық. Табиғатты да үздіктер мен саналылардың басқаратыны мәлім, сондықтан да жоғары ақыл мен адамгершілік касиеттері бар адамдардың билігі дұрыс болып табылады". Демокриттің айтуы бойынша, заңдар адамдардың қоғамдағы қалыпты өмірін қамтамасыз етуге және соңдай нәтижеге жетуге қажетті жағдай жасауы тиіс. 

   Саяси-құқықтық тақырыпты көпшілік назарына талқылауға ұсыну б.з.д. V ғасырда антикалык  демократияның нығаю және гүлдену  жағдайындағы софистердің атымен тығыз байланысты — "Софист" атауы "софос" ("данышпан") деген сөзден шыққан. Софистер өз заманында данышпандықтың және мемлекет пен құқық мәселелері жөніндегі ақылыды мұғалімдер болды.  

   Ежелгі  дәуірдің өзіндe-aқ софистердің екі  ұрпағы: аға ұрпақ (Протагор, Горий, Продик, Гиппий, Антифопт және т.б.) және кіші ұрпақ (Фрасимах, Калликл, Ликоон, Алкидам Элейский және т.б.) ерекшеленеді. Аға ұрпақ софистерінің көпшілігі демократиялық көзқараста болса, кіші ұрпақ, софистерінің едәуір бөлігі аристократия мен тиранияны жақтады. 

   Б.з.д. 481- 411 жылдары өмір сүрген Протагор өзінің асқан білімділігімен, үздік  сөз сайыскерлігімен және тамаша шешендігімен әйгілі болды. "Бардың бар екендігін, ал жоқтығын жоқ екендігін білдіретін барлық, заттың өлшемі — адам" деп айтқан Протагордың бұл негізігі қағидасын көптеген софистер де жақтады. Осы жағдаяттан Протагор демократиялық құрылыстың әділетілігі мен қажеттілігі туралы ой түйеді. Адам мен адам кауымдастығының пайда болу туралы мифтік идеяны оның қолдамауы бұған дәлел бола алады. 

   Халкидон  қаласынан шыққан Фрасимах софистердің  кіші ұрпағының ең тандаулы және әйгілі ойшылдарының бірі болып саналды. Фрасимахтың айтуынша, саясат — құдайдың іс-әрекеті емес. ол адам күштері мен мүддесінің әрқилы болуынан. Билік принципі мен саясатты жүзеге асырудың нағыз өлшемі ретінде Фрасимах күшінін пайдалылығы туралы кағиданы жақтады. Оның айтуынша күш бар жерде ғана әділдік болады, өйткені әділдікті күштілер ғана орната алады. Өзінің бұл ойын Фрасимах әр мемлекет заңдарды өз мүддесіне қарай жасайды деп түсіндірді. Заңдарды осылай бекіткен олар бұл заңдарды әділетті деп жариялайды. Билікке ие болу үлкен артықшылық береді. Фрасимах осылайша мемлекеттік кызметте күштеу мен зорлықтын ролін және саясат пен заңның авторитарлык сипатын атап көрсетті. 

   Платон  — антикалық заманның ғана емес, бүкіл философия, саяси және құқыктық ілімдер тарихындағы ұлы ойшылдардың бірі. Ол ірі ақсүйек отбасында дүниеге келді. Жас кезінде ол (б.з.д. 407—399 жж.) Сократтың шәкірті және тындаушысы болды. Сократтың қазасынан кейін, Платон басқа шәкірттермен бірге Афинадан кетеді. Алдымен Мегораға келген жас ойшыл кейін талай ел мен жерге, Египетке, Парсы елдеріне, Ассирияға, Финикияға, Италия мен Сицилияға барады. Б.з.д. 387 жылы грек батыры Академның атымен аталған Академиядан өзінің философиялық мектебін ашады. Бұл мектептін өмірі ұзақ болып, өзінің өмір сүрген мың жылдай тарихында философтар мен математиктердің ғылыми ордасы ретінде жұмыс істеді. 

   Өзінің  еңбектері мен шығармаларында ұлы  ойшыл абсолюттік социализмді жақтады. Оның айтуынша, әрбір идея жеке заттың немесе барша заттың абсолюттік мәнін білдіретін ерекше идеялар әлемін құрайды, яғни идеялар мәңгілік, олар жоғалып кетпейді, жаңадан пайда болмайды.  

   Платон  идеалды мемлекет туралы еңбегінде әділдікті әркімнің өз ісімен айналысуынан және басқаның ісіне араласпауынан көреді. Адамдардың әлеуметтік топқа бөлінуі мен олардың арасындағы мүлік теңсіздігін қалыпты жағдай ретінде қарастырады және олардың бір топтан екінші топқа өту мүмкіншілігін жоққа шығармайды. 

   Платон  идеалды мемлекет құру туралы жобасында  аристократиялық мемлекеттік құрылымды  жақтайды және өз жобасын қиындықпен болса да жүзеге асатынына сенеді. Идеалды мемлекеттің өзі де, Платонның ойынша, мәңгі өмір сүре алмайды.  

   Платон  адамдардың жан дүниесіне мемлекеттік  құрылымның бес түрінің сәйкес келетіндігі  туралы (аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания) айтады. Олардың  әрқайсысы биліктерін өз мүдделеріне  қарай іске асырады. Тимократияда әскери адамдар билікте болады, олар жиі соғысады, соғыс мемлекеттің басты байлығы болып есептелінеді. Олигархияда байлар билікке ие болғандықтан, өздеріне дұшпандық ниеттегі кедейлермен үнемі қақтығыста болады. Бұл мемлекетте кедейлердің наразылығы нәтижесінде кез-келген уақытта мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін. Тирания — мемлекеттік құрылымның заңсыздық пен зорлық-зомбылық үстемдік еткенең нашар түрі. 

   "Заң" деген шығармасында Платон мемлекеттік қүрылымнын. екінші жобасын ұсынады. Екінші мемлекеттің бірінші мемлекеттен басты айырмашылығы оның 5040 азаматы жеребе бойынша жер учаскслерін алады. Бұл жер оларға жеке меншік түріңде емес, пайдалану құқығы түрінде ғана беріледі де, мемлекеттін жалпы меншігі болып саналады. Мүлік санына қарай барлық азаматтар төрт топқа бөлінеді. Қайыршылық пен байлыктың заң шеңберіңдегі шегі анықталады.  

   Антикалық саяси-құқықтық ойдың одан әрі дамуы  және тереңдеуі Платонын шәкірті  және сыншысы Аристотельдің (б.з.д. 384—322жж.) есімімен тікелей байланысты.  

   Аристотель  тұңғыш рет саясат ғылымы туралы талдау жасауға талпыныс жасады. Аритотельде  саясат ғылым ретінде этикамен тығыз  байланысты. Оның көзқарасы, бойынша  саясатты ғылыми тұрғыдан түсіну адамгершілік пен этиканың дамыған ұғымы болып  табылады. Этика саясаттың бастауы, оның кіріспесі ретінде көрінеді. Аристотель әділдіктің екі түрін — теңестіретін және үлестіретін түрлерін анықтайды. Теңестіретін әділдіктің өлшемі ретінде "арифметикалық теңдік" қарастырылады.  

   Мемлекет  формасын Аристотель мемлекеттегі жоғары билікті білдіретін саяси жүйе ретінде  сипаттайды. Бұл жерде мемлекет формасы  билеушілердің санымен (біреу, аз ғана топ, көпшілік) анықталады. Бүдан басқа  мемлекеттін дұрыс және бұрыс  формалары туралы да айтылады. Дұрыс  формадағы билеушілер көпшіліктін  мүддесін қорғаса, бұрыс формадағы  билеушілер тек қана өздерінің жеке басының мүдделсрін көздейді. Аристотель пікірінше, дұрыс формадағы мемлекеттерге  монархиялық, аристократиялық және подития, ал екінші формаға тирания, олигархия және демократия жатады. Мемлекеттің ең дұрыс формасы  ретінде Аристотель политияны айтады. Политияда жалпының мүддесі үшін көпшілік билік құрады.  

   Жоғары  билік заңда емес, демостың қолында деп есептеген Аристотель демократияны сынға алады. Ол мүліктік дсмократияны ғана мақұлдайды және демократияның екі түрін — заңға негізделген және жоғарғы үкіметке билік жүргізетін демократияны анықтайды. 

   Аристотельдін  айтуынша, саясаттың мәні оның алдына қойған мақса-тына қарай анықталады. Дұрыс саясаттың негізі — адамдардын тәрбиесі болып табылады. Адамдар дұрыс тәрбиенің нәтижесінде ғана жақсы қасиеттерді бойларына сіңіріп, саяси мақсаттарын игілікке қарай бұрады, осының арқасында ғана әділдік орнайды. 

   Философиялық  көзқарасы жағынан Эпикур (б.з.д. 341—270 жж.) Демокриттің атомистік иілімдерін жалғастырушы болды. Самос аралынан шыққан ол мүғалімнің отбасында дүниеге келді. Кейіннен Афиныға қоныс аударған Эпикур шәкірттерді шағын топқа бөліп (оның ішінде құлдар да болды) өзінін жеке бағына жинап алып, оқытты. Демокриттың атомдық теориясын негізге алған ол шешім дүниесінің мәні мен заңдылығын түсіндірді. 

   Стоидизмдегі  сияқты Эпикур философиясының басты  міндеті максатқа ұмтылған адамның  мінез-құлқы туралы ілімге талдау жасау болды. Эпикур ілімі бойынша, табиғат құдайлардың араласуынан, өз заңдары бойынша дамиды. Сондықтан да ол табиғатты оның зандарын ашу арқылы танып білуге болалы деді. Бірақ адамдардың табиғатты, оның ішкі заңдылыктары мен құбылыстарын танып білуі басты міндет емес дей отырып, Эпикур табиғат туралы білім адамдарды жалған сенім мен қараңғылықтан құтқаруға және өмір үшін арпалыстағы қорқынышты женуге, олардың бақытты өмір сүруіне мүмкіндік туғызады деп санады. 

   Эпикур  бойынша, мемлекеттік биліктің басты мақсаты адамдардың өзара қауіпсіздігін сақтау, олардың бір-бірінен қорқу сезімін жою және олардың бір-біріне зиян келтіруіне жол бермеу. Нағыз қауіпсіздік адамдар қауымдастығынан бөлініп жеке дара өмір кешкенде ғана мүмкін.  

   Эпикурдын түсіндіруінуінше, заңдар ақылдыларды тобырдан қорғау қызметін аткарады. "Заңдар,— деп жазды ол,— ақылдылардың зұлымдык жасауы үшін емес, шараға қаталдық жасалмауы үшін шығарылған. Эпикур заңдарды барлық адамның құқығын қорғайтын құрал ретінде емес, жекелеген топтардын ғана мүддесін қорғайтын құрал деп білді. 

   Индивидуализмді бар жан-тәнімен қорғаған ол демократияны жақтамады. Ол "данышпан адамды" "тобырға" карсы қойды Адамдар атомдардан тұратын болғандықтан, өзінін жеке-дара белсенділігінің көмегімен жақсы  сөзге толы мақсатқа жете алады. Егер стоиктер өмір сүріп отырған қоғамды  ақтай отырып, барлық адамдарды тағдырдың  жазғанын орындауға шақырса, Эпикур бұдан қарама-қарсы түрлі әдіспен жеке адамға бостандық әпере отырып, оларды қоғамдық қатардан бойларын аулақ ұстауға және өзін-өзі жетілдіруге шақырды. 

   Стоицизмнің негізін салушы Китоннан шыққан Зенон (б.з.д. 336—264 ж.ж) болды. Ол өзін тыңдағысы келетіндердің бәрін — Афиныдан адам көп жиналған жерде — агорода — үй артындағы қабырғасы жоқ, жан-жағы ашық қалқа астына шақырып, өзін осылай тыңдауға (философиялық ағымның аты да осыдан келіп шыққан) дағдылаңдырды. 

   Стоишим белгілі дарежеде сирек және шығыс  көзқарастарының бірыңғай жинақталған  қосындысы еді. Ол ең көп тараған  философиялық мектеп болып қана қойған жок, сонымен қатар ең ұзақ өмір сүрген эллиндік философиялық мектеп те болды.

   Стоиктер  дүниенің бәрін, оның ішінде ойды, сөзді, отты және тағы басқаларды дене деп  атады. Дүниеде пайда болған және жүзеге асқан нәрсенің бәрі заңды да қажетті құбылыс. Әлемдік бұл заңдылықты стоиктер тағдыры деп атады. Олардың көзқарасы бойынша, бүкіл әлем тағдыр арқылы басқарылады және тағдыр құдайылық сипаты мен ұғымы бар "табиғи заң" ретінде карастырылады. Зенонның айтуынша "табиғи заңдар құдайылық болып келеді және дұрыс нәрсені орындататын және дұрыс емес нәрсеге тиым салатын күшке ие". 

   Стоиктердің оиынша, әрбір адам табиғатқа сәйкес өмір сүруген және табиғат алдындағы өз борышын орындауға тиіс. Яғни әркім өзінің өмірден тағдыр белгілеген орнына, тұрмыс-тіршілігіне риза болуға тиіс. Бостандық ұғымын да стоиктер "тaғдыр" арқыльт түсіндіруге тырысады, өмірден алдын-ала шешіліп қойылған тағдыр белгісі болғандықтан, бостандықтың болуы да  мүмкін емес. 

   Стоиктердің табиғи — құқықтық көзқарастарының  мәні бойынша, құлдықты ақтауға болмайды. Бірақ олар (құлдар) да тағдырдың  жазғанына көнуге тиіс, олар да тағдырдың  бергенін орындай отырып, рақымшылдық  пен ізеттілікке жете алады деп  есептеді. 

   Адамдардың  табиғи және тарихи қауымдасуын Полибии  олардың жануарлар сияқты қорғансыздығы  мен әлсіздігінен, осыдан келіп тобырға  басшылық жасауды қажегтілігін түсінунен  деп ұғындырады. Алғашкы кезде  өзінің күшімен және батылдылығымен тобыр көсемі болғандар бірден билікті  өз колдарына алып, бұл билікті  табиғи заңдылық ретінде пайдаланды. Мемлекеттің демократиялык басқару  формасының алғашқы кезеңінде бостандық  пен еркіндік жоғары бағаланады. Бірақ  басқалар есебінен өмір сүруге дағдыланған  тобыр өздерінің көсемін сайлап, демократиялық билікті құлатады және мемлекет билігінен бойын аулақ  салады. Демократия охлократияға айналады. Бұл жағдай ізгілікті мемлекеттің  ең назар түрі ретінде көрінеді және басқару формаларының ең соңғы сатысы болып есептеледі. Мемлекеттік билік  формаларының ауысуын сипаттай келе, Полибий басқарудың ең тиімді формасы  ретінде патшалық биліктің, аристократияның  және демократияның ең жақсы тұстарының араласқан формасын ұсынады. Оның баскарудың аралас формасы туралы ойлары мемлекет, құқық және билікті  бөлу теориясында одан әрі дамтылды.  
 
 
 
 
 
 
 

   Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

1.   Саяси құқытық ілімдер тарихы \Мусаева Э.А.\ Қарағанды - 2009

2.  Алексеев С.С.\Философия права.\ –М.; 1997.

3.      История полттических и правовых учений. Домарксистский период\ Под ред. О. Э. Лейста. – М.;\ юрид. Лит. 1991.

4.      История политических и правовых учений. \Древний мир.\ – М.; 1985.

5.  Керимов Д.А.\Филослфские основания политико-правовых ииследований.\ –М.; 1986.

6.  Кохановский В.П. Философия и методология наки: Учебник для высших учебных заведений. – Ростов н\Д.; Феникс. 1999.

                                                  
 

Ежелгі Грецияның алғашқы философиялық мектептері. Ежелгі Грециядағы саяси және құқықтык ілім