География сабағында туристік өлкетану материалдарын пайдалану

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

«Болашақ» университеті

 

 

 

 

 


 

 

 

 

     Тақырыбы:География сабағында туристік өлкетану материалдарын пайдалану.

 

Қабылдаған: Баширова Жадыра

 

Орындаған: Жанахметова Гүлзат

 

 

 

          

 

 

 

 

Қызылорда 2008

 

 

Жоспары :

І. Кіріспе.

 

ІІ. Негізгі  бөлім.

 

      ІІ. 1. Туризм және өлкетану курсының күнтізбелік жоспары.

ІІ. 2. Өлкетану және туризм негізін қалау жолдары.

ІІ. 3. Туризм индустриясының рөлі мен маңызы.

ІІ. 4. Өлкетанудағы зеріттеушілік іс - әрекеті.

ІІ.5. Өлкетану ұстанымының өрісі кең.

 

ІІІ. Қорытынды.

 

 

 

 

 

   І.   Мектеп өлкетануы дегенде өзінің белгілі бір территориясын оқу – тәрбие мақсатымен оқушылардың әр түрлі деректерден, ең бастысы, мұғалімнің басшылығымен тікелей байқаулар арқылы жан –жақты оқып үйренуін түсіну керек. Мектеп өлкетанудың басқа өлке танудың формаларынан (мемлекеттік, қоғамдық, басқа айырмашылығы, мұнда өлкетанушылар, мұнда өлке танушылар өздерінің мұғалімдерімен мектеп оқушылары. Жұмыстың барлық түрлерін ұйымдастырып басқарушы да мұғалім болып саналады.Мектеп өлкетануда оның оқу процестеріндегі құндылығын есте сақтау керек. Өлкетану жұмысын жүргізу барысында оқушылар білімдік материалды жақсы біліп, одан әрі білімдерін кеңейтуге, практикалық жұмыстар мен байланысты дағдыларды да игереді. Өлке тану географияны оқытудағы негізгі құралдардың бірі – тәрбиелеу оқыту.

   Оқушылар  үшін өз өлкесі, сол сияқты  оны оқып үйренумен байланысты  жүргізілетін жұмыстары географиялық  ұғымдармен байланысты жүргізілетін  жұмыстарды географиялық ұғымдардың қалыптасуындағы –қайнар көзі; өз өлкесі туралы материалдарды және жергілікті халықтардың шаруашылық әрекетін ғылым негіздерін оқытқанда мысал, илмострация ретінде қолднуға болады. Ақырында, өз өлкесі – алған білімді практика жүзінде қолдана білуге ең қолайлы орын.

    Өлке  тануға сол туған жерге оқып  зеріттеу, оған сипаттама беру,

материал жинау  деп қана қарауға болмайды, ол сонымен  қатар 

географияны оқытумен өмірмен байланыстырудың  бір жағдайы.

«Географияны  оқыту әдістемесі» 21бет

Географияның  кез – келген курсын оқытуды оқушылардың өз өлкесін зерттеуден алған білім және дағдыларымен жүйелі түрде байланыстырып отыру – оқытудың өлке тану принципін жүзеге асырудың мәні болып табылады.

  ІІ.1 Туризм және өлкетану курсы халқаралық қатынастардың жақсарып, елдер арасындағы достықты күшейтуге ұмтылыс күшейген кезде, туризімді дамытудың қазіргікезеңі мен болашақтағы даму бағытымен ұштастыра жүргізіледі.

«Географияны  оқыту әдістемесі» 22 бет

 

    Туризм  әлемнің көптеген елдерінің өте көңіл қоярлық шаруашылық салаларының бірі болып отыр. Мамандардың болжауы бойынша, ХХІ ғасыр туризм ғасыры болмақ.

    Туризм  және өлкетану курсының мақсаты  – еліміздегі туристік жерлерді  табиғи күйінде дамыту және  басқа елдермен салыстыра отырып, туған елдің табиғатын аялай білетін, қоғамға қажетті ұлтжанды азаматқа білім мен тәрбие беру.

    Бұл  бағдарлама – Елбасы жолдауында  көрініс тапқан еліміздегі туризмнің дамуын, оның жеке индустриалы болып қалыптасуын, өңірлеріміздегі экономикалық әлеуметтік – экономикалық дамудың ырғақтылығын көрсететін, қаржылық түсімнің көбеюін, туризм нарығындағы зерттеу жолдарының жаңа бағыттарын, ұстанымдарын ашып көрсететін бағдарлама.Қазақстан Республикасының туризмді дамытудағы 2007 -2011 жылға арналған бағдарламасында мемлекеттік бюджеттен бұл үшін 59318221 мың теңге бөлініп отыр.

   Қазақстан  Республикасының 2015 жылға дейінгі  Жалпы білім беретін мектептердің  мемлекеттік білім беру тұжырымдамасында  «Орта білім берудің жоғарғы  сатысында функционалды қызметтің  басым бағыты оқушылардың тереңдетілген кәсіптік білім беруге даярлығын жүзеге асыру үшін бейімдңлңк оқытуды енгізу болып табылады» - деп атап көрсетілген. Яғни, 8 сыныптағы «Қазақстанның физикалық географиясы» пәнінен білім

«География  және табиғат» журналы 30-31 беттер5/2007ж

ала отырып, еліміздің  табиғатын, байлығын, әсем жерлерін санасына сіңіре білген бала болашақтағы елінің тұтқасы бола алатындай азамат болып  қалыптасады.

   Туризм  дамуының жаңа старатегиясы еліміздің  экономикалық өсуі мен өркендеуінің  кепілі болып табылады, сондықтан, бұл курстың міндеті – Қазақстан туризмінің сәтті дамуына кепіл болатын жоғары білікті оқушыларды даярлау және білім беру.

     Туризм және өлкетану курсының  мазмұны – туризм тарихының және халқаралық туризмнің дамуындағы жаға тенденциялар мен халқаралық туризм салалары туралы кең мағлұмат алу. Туризм кең ауқымдылығымен халқаралық және әлеуметтік сипатымен қоғам өмірінің әлеуметтік және экономикалық жағдайларына әсер етеді. Ол ғалымдардың да назарын аударып, маңызды қоғамдық – экономикалық құбылысқа айналып, тереңдеп бара жатыр.

    Туризм  және өлкетану курсы туризмді  біртұтас жүйе ретінде бейнелеп, зерттеп отырады. Рекрециялық  географиямен қатар туризм географиясынның  мәселелерін шешіп, туризмологияның  теориялық негіздерін құрайды. Оқушылар пән арқылы туризмді басқару, ұйымдастыру, оның құрамын, тарихын, дайндық кезеңін саяхаттарда, сабақтарда ұйымдастырып өткізе білуге талпынып, өз бетінше іздену іс - әрекеттерін қалыптастыра отырып шыңдайды.

        Бұл курс негізінен, төрт бөлімнен тұрады.

    1. Бөімде. Дүниежүзілік туризмнің даму тарихы мен туризмнің классификациясын жалпы сипаттама беру.
    2. Дүниежүзілік туризм дамыған аймақтармен таныс болу.
    3. Қазіргі кездегі Қазақстандағы туризмнің дамуының алғышарттары.
    4. Туған өлкенің туристік мүмкіндіктері (Қазақстан Р –сы өңірінің туризмді дамытудағы қолайлы аймақтары) туралы оқушыларға өз бетінше ізденіп, дайындалуға арналған ғылыми конференцияларын ұымдастыру.

ІІ.2. Туризм – бәсекеге қабілетті, қаржыны көп талап ететін сала. Туризм, негізінен, 3 –ке бөлінеді.


 

 

 

 

 

  Оның өзін - өзі ақтауы үшін ең іуелі  насихат жұмысын пәрменді ұйымдастыру  керек. Теледидардан көрсетіліп  жүрген Көлсай туралы бейнефильм  сияқты, танымдық бағыттағы бейнетаспалар  мен бейнероликтерді апарып, мектеп  оқушылары, білім саласы қызметкерлері бас қосқан жиындарда көрсетуге, теледидар бағдарламасына енгізуге болар еді.Әсіресе, ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану

«География  және табиғат» журналы 58-59 беттер6/2007ж

 

 

арқылы ауданның, мектептің туризм салаларындағы имиджін қалыптастыруға қол жеткізуге мүмкіндігі бар. Осы негізде мен ұсынғалы отырған туризм бағыттары мынадай:

  Мәдени  – танымдық бағыттары туризмді  әуелі мектеп базасында да  ұйымдастыруға болады. Оқушылар  серуенге шығып, тау бөктерімен, қырқа жоталарымен бірнеше шақырым жол жүріп қайтаса ауада кеуделерін кере демалып, мезгіліне қарай түрлі жемістердің пісіп –жетілуіне, толысқан кенде дәл келсе, саңырауқұлақ, тас жуа, тау сарымсағы, т.б. жинап, мыңтамыр, шайқурай, алтынтамыр сияқты таулы өңірде қсетін, т.б. дәрілік өсімдіктердің неше түрін көріп, қасиеттеріне қанығады.

     Бүгінгі оқушылар пальма, бамбук, папоротник сияқты өзге құрылықта  өсетін ағаштар жайлы көп білгенмен,  біздің аймақта өсетін тобылғы,  жыңғыл, т.б. туралы түсінігі аздау. Мысалы, әсемдік үшін өсірілетін тамориск бұтасының кәдімгі жыңғыл екені кейбірулерді таңқалдыруы да мүмкін.

  Тау жолдарымен  жорыққа шыққандар аз уақыт  болса да ерте тұру, от жағу, қазан асып, ас әзірлеу, шатыр  тігу, жолға қамдану, жол қиындықтарында бір –біріне көмектесу сияқты жағымды әдеттерге машықтанады.Сонымен бірге бұлақ көзін ашу, көшет отырғызу жұмыстары табиғатты аялауға жетелесе, жол жүру мен түрлі ойындар денелерін шынықтырады. Жорық барысында достық қарым – қатынас, өзге де адамгершілік дәстүрлер нығая түседі. Ең бастысы қиындық – кедергілерді бірлесе жеңуге құлшынады.

  Табиғаты әсем, қолат – қолат сайлары аң – құсқа бай тарихи жерлер «Табиғат – олардың тағдыры», «Алтыннан да қымбат - атамекен», т.б. тақырыптарда танымдық телефильмдерге, бейнероликтерге сұранып тұрғаны аян. Табыс әкелер туризм саласын дамытуға шетелдіктер қызығатындай бай табиғатымыз да, бағалы аң –құстарымыз да, өткеннен сыр шертер тарихи орындарымыз да қызмет істейді.

  Болашақта  туризмге арнап қонақүйлер, балалар үшін демалыс лагері мен сауықтыру нысандары, сонымен қатар түрлі қызмет көрсету мекемелері қажет. Мұны елімізде 2007 – 2011 жылдарға арналған туризді дамыту бағдарламасы аясында осы ауданнан шыққан іскер азаматтардың демеушілігімен жүзеге асыру жоспары керек. Ал оқушылар үшін мәдени – танымдық кешендер, ұлттық салт – дәстүр тарихына арналған мұражай, ауданның өсімдіктер мен жануарлар дүниесінен хабар беретін қызықты орындар болса туристерді өзіне тартатыны сөзсіз.

   Ал  экологиялық туризмнің керектігі  қазіргі өнеркәсіпке негізделген өркениетті модернизациялау үрдісі нәтижесінде адамдардың қоршаған ортаға ықпалының теріс бағытының болуында. Егер табиғатқа қамқорлық болмаса жабайы өсімдіктердің, орман – тоғайдың қалғандары да құрып бітпек. Жабайы жануарлар да ығыстырылып кетті. Мысалы, осыдан 30 жыл бұрын көрінетін аю қазір алыста болмаса жақын маңда жоқ.Экологиялық сауатсыздық, табиғатта болып жататын заңдылықтарды білмеу, оларды жоққа шығару, табиғат байлығына жаны ашымау тылсым табиғат заңдылығын бұзу болып табылады.


Туриз- тиімді әрі түсімді кәсіпкерлік. Бүкіл  әлемдік туризм индустриясы өркендеп келеді. Біз де туристік бизнесті дамытудан  пайда алуға тиіспіз. Өзімізде туризмді дамытудың бағдарламаыс жасалынды.

  Туризмді  дамытуға әлеумет бар. Әрқилы географиялық ландшафт, Жалаңаш, Алғабас, Торыайғыр өңірлеріндегі өте бай флора, фауна, ұлттық төлтума мәдениет осы индустрияны дамытудың алғышарттары болмақ.

2.3. Қазақстан Республикасының туризм жүйесінің дамуы қарастырылып, еліміздің халық шаруашылығы рөлі мен маңызы анықталған. Еліміздің экономикалық өсуіне бір бағыт болып саналатын туризм индустриясының дамуының тежелу себеп –салдары баяндалған.

   Туризм  тарихы ертеден басталады. Ол  ХІХ ғасырдың аяғында пайда  болып, осы қалпында қалыптасты. Қоғамдық қарым – қатынас пен техника мен технологиялық қарқынды даму кезеңінде – ХХ ғасырдың екінші жартысында туризм гүлдене дами түсті. Бүгінде туризм ірі капиталдарды және еңбек ресурстарының ауқымды бөлігін іске қосқан, әлемдік вальдық өнімнің 11 пайызына дейін орын алып отырған ірі әлемдік сала. Бұл жаһандану деңгейдегі салмақты саясат, үлкен ақша және ірі бизнес болып саналады. Туризм үш ең ірі экспорттық салалардың құрамына автомабиль жасау және мұнай өндіру өнеркәсібінен кейін енеді.Туризм өз кезегінде әлемдік шаруашылықтың ең қарқынды және өз шығынын өзі өтей алатын түрі болып саналады. Франция, Испания, Грекия, Түркия, Венгрия және Египет елдерінде туризм мемлекет бюджетіне өте үлкен кіріс кіргізетін негізгі экономиканың саласы болып табылады.

   Егеменді  Қазақстан да туризмнің дамуына  мемлекет экономикасы мен қоғамында дәрежесін көтеруге көңіл бөлуде. Әлемдік нарықта

«География және табиғат» журналы 22-26 беттер3/2005ж

Қазақстанның  тур өнімдерінің қозғалысына  әсер ететін туризм индустриясының дамуына және бұл мәселелерді қалыптастыру жөніндегі зерттеулер, сонымен қатар 1992 жылдан бері көптеген заңдар енгізілді. Қазақстанның қазіргі экономикасында туризм рөлі үздіксіз өсуде. Тек соңғы 2003 жылы елімізге келген туристер саны 229 014 адамды құрайды. Өкінішке орай, Қазақстанда туризм саласының әлі де тиімсіздеу екенін айта кетуге тиіспіз. Шығу туризмі бойынша қызмет көрсетілген туристердің жалпы саны – 44990. Бұны пайыз тұрғысынан қарасақ, шығу туризмі – 48% тең, ал келу туризмі тек 19% ғана көтерілген. Шығу және келу туризмінің арасында үлкен айырмашылық бар екенін сандар көрсетіп отыр, бұл Қазақстанда келу туризмін дамытудың қажеттілігін білдіреді.

   Осы таңда Қазақстан Республикасында туризм индустриясын өркендету жөніндегі үлкен проблема туып отыр. Туризм саласы және жүйесі әлі қалыптаспаған кезде бүтін индустрия туралы не айтуға болады? Қоғам бұл мәселені айтып, жоғарғы денгейге дейін сұрақ көтеруге тиіс.

  Осы заманғы  туризм индустриялды формасы  бар,ұлттық экономиканың дамуының  негізгі катализаторы болып табылады, жаңа жұмыс орнын пайда болдыратын, ұлттық кірістің өсуіне әсер ететін жергілікті халықтың тұрмысын көретін экономикалық құбылыс. Туризм саласында алдыңғы қатардағы шетелдің туризм индустриясын мысалға алсақ, оған салынған инвеститциялардың тез өзін өзі ақтауының ең жоғарғы тиімділігін көреміз. Бұл дегеніміз, туризм өзі жетілген мемлекеттің экономикасына оң ықпалын тигізеді дген сөз.

       Қазақстан аумағында туризмнің барлық түрін дамытуға мүмкіндіктер бар. Бастауын б.д.д. үшінші мың жылдықтан алатын Ұлы Жібек жолының пайда болуы мен дамуы тарихи негіз болып табылады. Табиғи климаттық жағдайларына байланысты, Қазақстан рекреациялық ресурстарға, ерекше әсем табиғи ескерткіштерге бай және қазақ даласында ата – бабамыздан  келе жатқан баға жетпес құнды мәдени мұралары да шексіз. Айтарлықтай туристік – ресурстық потенциялы, түрлі табиғи ортасы және жануарлар әлемі бай елдің экологиялық туризмдідамытуға үлкен мүмкіндік бар. Экотуризмнің дамуы республикадағы барлық табиғи- шаруашылық кешенінің дамуына, сонымен қатар, елдің әлеуметтік – экономикалық басты мақсаты тұрғындарды салауатты өмір сүру үшін қоршаған ортаның жақсы жағдайда болуын қамтамассыз етеді. Дәл осы уақытта шетелдерде туризмнің экстермалды және экзотикалық бір түрі болып есепте,летін ғарыштық туризм қарқындап дамып келеді. Қазақстан аумағында атақты «Байқоңыр» космодромы болғандықтан шетелдің ғарыштық мүмкіндіктерінен еш кем түспейді. Аталған туризм түріне дұрыс қарап, дамуына жағдай жасаса, Қазақстан өз байлығын көбейтіп, түскен пайданы экологиялық проблеммаларды шешуге және табиғатты қорғау шараларына жұмсар еді.

    Қазақстан  тәуелсіздік алғанға дейін, туризм  басқа да экономикалық салалар  секілді жоғарыдан қатты шектеулі  болатын. Толықтай тарихи атхитектуралық, археологиялық, мәдени және табиғи көз тартар ескерткіштері жарнамаланбады және керек болмады. Кеңес одағы кезінде Қазақстанда туризмнің жоғары рөліне қарамай, идеологиялық қызмет атқаратын, мәдени – таныту жұмыстары жүйесінің бір ғана элементі болып, экономикалық маңызы жоқ болып келді. Қазақстанда туризм индустриясының бір саласы ретінде мақсататты түрде ешкімде айналыспады.Туризмді кешенді болжауға, ұзақ уақытты жобалауға, аумақтық ұйымдастыру және  мемлекеттік емес туристік құрылымдарға жете көңіл бөлінбеді. Саланың дамуының тежелуіне себеп болған жағдайдың бірі, жергілікті органдардың туристік қызметі, одан түскен қаржының үлкен бөлігі жергілікті бюджетке түсетініне сенбеуі. Қазақстан тәулелсіздік алғалы Қ.Р. заңдарынжетекшілікке алып, туристік қызметтің басқарылуына және халықтың тарихи, мәдени мұрасының қайта құрылуына негіз қаланды. Сонымен қатарқабылданған заңдар, бұйрықтар мен ережелер халаққа шынымен де қызмет етуі тиіс. «Қ.Р. туризм туралы» заңының көптеген пунктері түбірімен дұрыстауды талап етеді, өйткені, ол туристік қызметті барлық жағынан қамтымайды. Тек қана қаржылық жағдайларды, лицензияланған қарым – қатынасты, туристердің міндеттері мен негізгі құқықтарын ғана ашып бере алады. Біздің көзқарасымыз бойынша, мықты туризм индустриясын құру үшін туристік қызметтің заң шығару – нормативті базасын қатайтуымыз керек.Қазақстанның туристік нарығы әлемдік және халқаралық стандарттар бойынша бәсекеге қабілетті емес. Жергілікті рекреациялық және сауықтыру мекемелерінің, турагенттіктерінің ұсыантын турөнімі шетелдің орташа қамтамассыз етілген саяхатшысының сұранысын қанағаттандыра алмайды. Бұл жерде мемлекет тарапынан туризм индустриясының дамуы туралы үлкен бағдарламаны енгізіп, осы бағдарламада қойылған мақсаттарға жету және тапсырмалардың орындалуы қатаң қадағалануы қажет. Ең бастысы, келу туризмін белсенділендіру үшін елдің үлкен сеніміне иек артуымыз керек.Бұл туризмнің өн бойын қалыптастыратын туристік индустрияның «Клон - дайгы» болып табылады.

    Нақ  осы сәтте, Қазақстан Республикасында 713 туристік фирмалар мен агенттіктер жұмыс істейді. 2004 жылдың басынан 107,2 мың туристер мен экскурсанттарға қызмет көрсетілген. Бұл қызметтен кірген кіріс 1 млрд. 156,8 млн. теңгені құрай отырып, өткен жылмен салыстырғанда 1,6 есеге көбейген.1-сыбада Қазақстанға шетел туристерінің келуі және Қазақстан азаматтарының шетелге шығу динамикасы көрсетілген.

Шетел туристерінің Қазақстанға келуі  және Қазақстан азаматтарының шетелге  шығуы.

 


                                      3677921

                                                                                                         3236788

Саны                2692590              2374021

                            229378     2274702

Жылы

Берілген сызбаға сәйкес, 2001 жылы Қазақстанға келген шетел туристерінің саны 2 692 590 адамды құрайды. Туристердің келуінің ең жоғарғы көрсеткіші 2002 жылы байқалды. Соңғы 2003 жылы шетел туристерінің біздің елге сапарының күрт төмендеп кеткенін байқаймыз. Осылайша, 2001 жылмен салыстырғанда 2002 жылы келген туристер саны 1 млн. адамға көбейген, ал өз кезегінде 2003 жылы 2002 жылмен салыстырғанда адам саны жарты миллионға кеміген. Мұндай көрсеткіштер 2001 жылы жалпы әлем практикасында туризм үшін қиын болғанын көрсетеді. АҚШ – тағы 11 – қыркүйекте болған лаңкестік әрекеттің салдары барлық әлемге, Азия аумағына, мұсылман елдеріне кіретін Қазақстанға да әсерін тигізеді. 2002 жылы, керісінше Қазақстанның туризм саласына жақсы болды, өйткені біздің елімізге келген туристердің ең көлемі 2005 жылы байқалды.Бұл әлеуметтік – экономикалық деңгейдің көтерілуімен және саяси жағдайдың бір қалыптылығымен байланысты.Қазақстанға туристердің келу санының көбеуі шетелдермен іскерлік қарым – қатынастың жоғарылауымен байланысты.Қазақстанның көрікті жерлерін, туристік обьектілерін шетелге кең түрде насихаттайтын жарнамалар да елімізде жоқ. Қазақстанның туризмі әлемнің көптеген елдерінде туристік өкілдіктер мен тур орталықтарға және әлемдік нарыққа қазақстандық тур өнімдерін енгізуге кең ауқымды жұмыстарға зәру.Амал не, бүкіл мұсылман жұртының екінші Меккесі аталған Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Маңғыстау, Атырау, Алтай, Жетісу мен Сыр өңіріндегі мыңдаған қорымдар мен тарихи ескерткіштерді әлемге таныта алмай отырғанымызға күйзелеміз.

  Қазақстанда  шетелге шыққысы келетіндердің саны жыл сайын арта түсуде. 2001 жылы 47% құрады. 2003 жылы бұл сан 48% көтерілді, яғни, кетушілер саны 2 374 021 адамды құрады. Мұндай динамика біздің азаматтардың жағдайының жақсарғанын көрсетеді. Олар өз елінің табиғи обьектілеріне емес, шетелдің тур өніміне қызығушылық танытады. Бұл өз кезегінде Қазақстанның инфрақұрлымының төмендігін, ал шетел қызмет көрсету деңгейінің жоғары дәрежеде екенін көрсетеді.

   Қазақстандықтардың  көп баратын шет мемлекеттері  Қытай – 30 105 адам, Түркия – 21 682 адам, Германия – 11 736 адам, БАӘ - 5 465 адам, Литва – 2 879 адам, Тайланд – 1 759 адам, Франция – 1 420 адам, Египет 1 046 адам елдері болып табылады.

   Нақ  осы сәтте Қазақстанның туризм  дамуының айтарлықтай жақсарғанын  көре алмай тұрмыз, жыл сайын шетел туристерін тарту үшін әр түрлі іс – шаралар мен жәрмеңкелер ұйымдастырылып тұрса да, бұл тек теңіздегі тамшыдай ғана. Туризм дамуына байланысты сұрақтарды мемлекет дәрежесінде шешіп, оның әрі қарай дамуына барлық жағдай жасалуы тиіс.

  Осы мәселеде, біз, туризм жүйесін дамытуға арналған келесі критерийлер мен қызметтерді ұсынамыз.

    • Мемлекет және үкімет тарапынан туризмнің дамуына көмек және демеу көрсетуді қамтамассыз ету.
    • Осы мақстаттарға жету үшін заңда көрсетілген нормативті құқықтық базаны нығайту және тапсырманың орындалуын қатаң қадағалау.
    • Аталған саланы ең жоғары дәрежеде қаржыландыру және материалдық –техникалық базаны көтеру.
    • Туризмге инвеститция ағымынкөбейту үшін қаржы – несиелік жүйені күшейту.
    • Туристік инфрақұрылымдарды халқаралық стандарттар дәрежесіне көтеру.
    • Шетелдерде өкілеттіктер мен елшілер көмегімен еліміз туралы толық ақпараттармен қамтылған тур отталықтар ашу. Қазақстанның мәдени – тарихи, этнографиялық мұраларын, табиғат әсемдігін танытатын БАҚ – та, INTERNET – те кеңінен жарнамалар беріп, кеңінен насихаттау.
    • Болашақта Қазақстан туризмінің сәтті дамуына кепіл болатын жоғары, білікті, кәсіби шебе маман даярлау.
    • Осы заманғы – бәсекеге қабілетті туризм индустриясын қалыптастыру үшін ұйымдастырушылық және инноватциялық негіздерді дамыту.
    • Экономиканың негізгі секторы ретінде елдің туристік имиджін қалыптастыру.

 Осы таңда  Қазақстан туризм индустриясы  қалыптасу кезеңінде болғандықтан, көптеген өзгерістерге ұшырау  үстінде. Барлық туристік қызмет  саласында еңбек бөлінуі, туристік  фирмалар жұмысының мамандандырылуы секілді жаңа ұйымдастыру қызметі ізденіс үстінде.

  Қазақстан  туризмінің дамуы, оның жеке  индустрия болып қалыптасуы аймақтардағы  экономикалық дам удың ырғақтылығы,  еліміздің элеуметтік – экономикалық  жағдайының қалыптылығын көрсететін бір бағыт - валюталық түсімдердің көбеюі- туризм нарығындағы зеріттеу жолдарының жаңа бағыттарын талап етеді.

  Сонымен,  мемлекеттік сауатты  саясаты,  туризм дамуының жаңа  стартегиясы  еліміздің экономикалық өсуі  мен өркендеуінің кепілі болып  табылады. 

ІІ.4. Мектеп географиясының құрылымы мен мазмұнын оқытуда жеке тұлғаның қабілеттерін дамытуға көңіл бөледі. Ол оқыту кезінде тұлғаның ғылыми және қолданбалы білімді қабылдау, түсіну қабілеттерін есепке алып талап етеді. Географияны оқыту оқушыға белгілі бір білім қорын берумен қатар оқулықтармен оқытудың жаңа формаларының көмегімен оның ізденушілік, зеріттеушілік, өз бетінше жұмыс жасау дағдыларында қалыптастыруды көздейді. Қазіргі таңда білім беру нәтижесі болып тек оның мөлшері ғана емес, сонымен қатар алған білімді тәжірибе жүзінде пайдалану, жеке басының қабілеттерін дамыту мақсатында қолдана білу мүмкіндігі де есептеледі.

География және табиғат» журналы 46-47 беттер2/2006ж

  Мектеп  географиясын дамыту процесіндегі  де орыны да ерекше. Географияның қазіргі білім беру жүйесіндегі қоғамдық  және жартылыстану ғылымдары арасындағы «көпір» рөлін атқаруды оның мүмкіндіктерін арттырады. География сипаттаушы ғылым стериотипін әлде қашан бұзып, конструктивті ғылым ретінде танылып келеді.

  Қазіргі  таңда сағат санының қысқаруына байланысты оқытудың әдісі, тәсілі жән формалары тиімділік, қорытынды нәтиже алу бағытында жүргізілуі қажет. Бұл жағдайда тәжірибеге педогогикалық технологияның жеке тұлғаға бағытталуын енгізу уақыт талабына айналып отыр.

    Көптеген ғылымдардың зеріттеулері жеке тұлғаны дамытудағы маңызды бағыт, ол тұлғаның жеке ерекшеліктеріне көңіл бөлу. Бірақ, қазіргі мектептерде бұл жұмыс оқушылардың сыныптағы санының көп болуымен қиындап отыр. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыстардың басым көпшілігі, оқушылардың жас және жеке бас ерекшеліктерінен ескере отырып сыныптан тыс жұмыстарда жүзеге асырылады.

  Өлкетану  жке тұлғаны тәрдиелеуде маңызды  орын алады. Алдыңғы қатарлы  шығармашылықпен жұмыс жасайтын  мұғалімдер көп аспектілі өлкетануды  дамытуда, себебі өлкетану жұмыстары оқушының зеріттеушілік, танымдылық қабілеттерін дамытып, отансүйгіштікке, мәдениетке,қайырылымдылыққа, әсемдікті бағалауға тәрбиелейді.Өлкетанудағы зеріттеушілік – ізденушілік жұмыстардың аспектілерін былай жүйелеуге болады.

1.  Өлкетанудың білім беру және тәрбиелеу маңызын анықтау.

2.Өлкетанудың  дәстүрлі аспектілерін жаңарту,  жаңа аспектілерді жасау, әлеуметтік, экономикалық, этнографиялық, экологиялық,  эстетикалық.

3. Туристік - өлкетану  жұмыстарындағы зеріттеушілік жұмыстар  элемен.

ІІ.5. Қазақстан Республикасы дамыған бәсекеге қабілетті 50  ел қатарына ену туралы алдына мақсат қойған тарихи кезеңде «Қазақстан Республикасының географиялық» курсын өткенде, қазіргі уақытта өзгеріп жатқан Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық мәселелері бойынша оқу материалы толықтырылып, әлемдік білім қорына Қазақстан географиясына не қосылды, қандай жаңас технологиялық жаңалық ашылды, ғалымдарымыздың мақтан тұтатын еңбектері қайсы, міне, осы мәселелердің төңірегінде әдістемелік ізденістер жасалып, нәтижесі оқу үрдісінде көрініс тапқаны дұрыс. Ұлт жанды ел азаматтарын тәрбиелеуде өлкетену ұстанымы – географияны оқытуды өмірімен жақындастыруға қолдау көрсететін маңызды ұстанымдардың бірі.

   Жалпы  орта білім беретін мектептердің 8 -9 сыныптарында оқытылатын «Қазақстан Республикасының географиясы» курсын оқытудың дұрыс жолға қойғанда және алдыңғы курстарда алған өлкетанушылық білімде арқа сүйей отырып өз облысының (ауданның) аумағындағы табиғаты неғұрлым  тереңірек тануға және сезінуге қол жеткізуге мүмкіндік пайда болады.

  Курстың  осында құрлымдық негізінде белгіленген  физикалық –географиялық байланыстарды  және олардағы табиғи жағдайды  өзіндік ерекшеліктерін түсіндіруде  географиялық жалпы ұғымдар мен  заңдылықтарды пайдалану және  тереңдете оқыту әрбір келесі аймақ табиғатынын қарастыруға өз мүмкіндігін ұсынады. Осы мүмкіндікті игергенде игергенде ғана табиғат құбылысының мәнін неғұрлым тереңірек зеріттеу, олардың ғаламшарлық ауқымында (6- 7 сыныптар), сосын елді тұспа – тұсымен, ірі табиғат аймақтарын (8 -сынып) талдауға арналған жағдай жас алады.

    Оқытудағы  өлкетану ұстанымы оқушыларғас  географиялық білімдерін өз жерінің  табиғатын бақылауға мүмкіндік  береді.

  Мұндай  курс құрылысы оқушылардың пәнге  қызығушылығын дамыту міндетіне  де жауап береді. Оқытудағы өлкетанушылық ұстаным- жаңа білімді игеру үрдісіне оқушылардың өзін қоршаған өмірде бақылаған айғақтарды тұрақты және органикалық қосу болып табылады.

  Мұндай  курс құрлысы оқшылардың пәнге  қызығушылығын дамытады.

   Өлкетану  ұстанымын жүзеге асыру – төл оқулықтың маңызды қызметі, міндеті.

   Соңғы  10-15 жылда өз облысының (туған  өлке) географиясы зеріттеу «Қазақстан Республикасы  географиясы» курсының жүйесіне мықтап енді. Бұл бөлік курстың құрамдас бөлігіне айналады және педогогтық қауым арасында кеңінен танылуда.Курс бойынша және ОЭК жаңа тұжырымдамасында өлкетану мәселесі мектеп географиясы территориясындағы белгілі жетістік ретінде қарстырылады.

География сабағында туристік өлкетану материалдарын пайдалану