Инфляция. 76

Жоспар

 

Кіріспе

І. Инфляцияның  теориялық негізі

1.1. Инфляцияның  мәні, мазмұны, түрлері.

1.2. ҚР инфляцияның  ерекшеліктері

 

ІІ. ҚР инфляцияға қарсы саясаты және инфляция деңгейінің  талдауы.

2.1. ҚР инфляция  деңгейінің 3 жылдық көрсеткіштерінің  талдауы.

2.2. Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат шаралары.

 

 

Қорытынды.

Әдебиеттер  тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.  
Инфляция проблемасы экономикалық ғылымда маңызды орын алады оның көрсеткіштері мен әлеуметтік – экономикалық салдарлары елдің және бүкіл әлемдік шаруашылықтың экономикалық қауіпсіздігін бағалауда күрделі рөл атқарады. Қазіргі замандағы жағдайларда осы мәселенің өзектілігі инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның ерекшеліктері мен антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігімен анықталады. Менің курстық жұмысымның тақырыбын таңдауыма инфляция проблемасын жеткіліксіз зерделеу аспектісі елеулі әсерін тигізді.  
Дүниежүзінде ХХғ. екінші жартысында инфляция болмаған елдер тіпті жоқ. Егер 30-шы жылдары негізгі проблема жұмыссыздық болса, одан кейін негізгі проблема инфляция болды. Инфляцияның жылдық темпілері әлемдік экономикада 2,9%-дан 50-ші жылдары, 11%-ға дейін 80-ші жылдары өсті. Қазақстандағы макроэкономикалық құбылыстардың ерекшеліктеріне келсек, бұл «стандартты емес» нарықтық құрылым.  
Қазіргі замандағы инфляцияға бірқатар айырмашылықтар тән: егер бұрын инфляция локальді сипатта болса, ал қазір- күнделікті, барлық орамды;егер бұрын үлкен және кіші кезеңді қамтыса, атап айтқанда кезеңдік сипатта сонымен бірге ақшалай емес факторлардың да әсерінде тұрады.  
Осы курстық жұмыстың бірінші бөлімінде инфляция ұғымы, оның турпаттары, даму заңдылықтары беріледі. Мұнда бірқалыпты, қарқынды инфляция және гиперинфляция сияқты осындай маңызды ұғымдар қарастырылады. Сондай-ақ теңгерілген және теңгерілмеген, күтілетін және күтілмейтін, ашық және басыңқы инфляцияларға анықтамалар келтіріледі. Және осы бөлімде инфляцияның негізгі себептері ашылған.  
Екінші бөлімінде инфляцияның салдарлары: бағаның өсуі мен табыс нормалары, экономикалық және єлеуметтік шиеленістердің асқынуы, халықтың жинақтарының бағасыздануы, сондай-ақ инфляциямен күресудің әдістері туралы айтылады. болса, ал қазір- хроникалық; қазіргі замандағы инфляция ақшалай ғана емес, сонымен бірге ақшалай емес факторлардың да әсерінде тұрады.  
Осы курстық жұмыстың бірінші бөлімінде инфляция ұғымы, оның турпаттары, даму заңдылықтары беріледі. Мұнда бірқалыпты, қарқынды инфляция және гиперинфляция сияқты осындай маңызды ұғымдар қарастырылады. Сондай-ақ теңгерілген және теңгерілмеген, күтілетін және күтілмейтін, ашық және басыңқы инфляцияларға анықтамалар келтіріледі. Және осы бөлімде инфляцияның негізгі себептері ашылған.  
Екінші бөлімінде инфляцияның салдарлары: бағаның өсуі мен табыс нормалары, экономикалық және єлеуметтік шиеленістердің асқынуы, халықтың жинақтарының бағасыздануы, сондай-ақ инфляциямен күресудің әдістері туралы айтылады.  
Ал үшінші бөлімінде Қазақстан жағдайындағы инфляция ерекшеліктері туралы айтылады.  
1.1 Инфляцияның мәні, түрі, себептері

 

Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте, төтенше жағдайларға байланысты болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде қағаз ақшаларға  мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол айықпас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.

Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде бағаның  өсуі 10% -тен аспайды. Экономикалық теория, мысалы, кейнсшілер, мұндай инфляцияны экономикалық даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық саясат жүргізуші субъекті деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс пен сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік береді.

Жоғары қарқынды(галопирующая) инфляция тұсында бағаның өсуі 20-дан 200%-ке жетеді. Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ. Бірақ көптеген контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады.

Аса зор, шексіз инфляция (гиперинфляция) айналымдағы  ақша мөлшері мен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс  өсуін білдіреді. Мысалы, Никарагуада, азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300%- ке дейін жетті. Мұндай жағдайда халық үлкен зиян шегеді, тіпті қоғамның ауқатты тобына да қиын болады. Ұлттық шаруашылық бүлінеді. Гиперинфляцияны басынан өткізген бірқатар елдерде бағалардың өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары болады.

Инфляция балансталған, тепе-тендіктің болуы мүмкін, яғни бағаның өсуі баяу және ол барлық тауарлар мен қызметтерге бірдей өседі. Мұндай жағдайда бағаның жылдық өсуіне сәйкес ставка проценті көбейеді, бұл бағалардың тұрақтануы кезеңіндегі экономикалық ахуалды білдіреді.

Болжамды, күткен инфляцияны кенеттен өршитын инфляциядан  ажырата білу керек. Күткен инфляцияның  мерзімін анықтауға болады, үкімет оны “жоспарлайды”, мысал ретінде Ресей федерацияның, Қазақстанның 1991 жылы бағаны ырықтандыру алдында жасаған бағаны жоғарылату қарқынының бағдарламасын келтіруге болады.

Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген кезде өсуімен  сипатталады, ол ақша айналымына, салық  салу жүйесіне теріс әсер етеді. Егер экономикалық инфляция күтілген болса, халық өз табысының құнсыздануынан қауіптеніп артық тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет көрсету шығындарын шамадан тыс көбейтеді, сөйтіп экономикаға қиындық келтіреді. Қоғамдағы шын қажеттілік бүркемеленеді, шаруашылықтың қалыпты жайы бұзылпды. Бағаның тұтқиылдан шарықтауы инфляцияны күтуді одан әрі арандатып, бағаның өсуін өршітеді. Егер бағаның тұтқиылдан өсуі “инфляцияны күту ” басталмаған экономикада орын алса, онда халықтың бағаның өсуіне көзқарасы өзгеше болады. Бағаның күрт өсуі қысқа мерзімді құбылыс, ол төмендейді деген үмітпен, тұтынушылар нарыққа сатып алу қабілеті бар сұраныс ретінде ғана ақша жұмсайды, көбірек сақтап, жинауға тырысады. Сұраныстың көлемі азайған шақта бағаның өзіне оны төмендету мақсатында қысым жасалады. Экономика тағы да өзінің тепе-тендік жағдайына келеді. Біз нарықтық шаруашылық қызметінің әсерін, оңды нәтижесін көрсеттік. Мұны Пигу эффектісі деп атайды.

Инфляция ерекшелігі. Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақты экономикалық жағдайдар да әсер етеді. Ақша әсерінен тыс тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артыуна цикілдік және маусымдық толқуларға ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік реттеуге салықтың жаңа ствкаларын енгізуге ақша өлшемінің девалвациялануы мен ревальвациялануына рынок конъюнктурасының өзгеру мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына және т. б. байланысты. Демек бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері болады. Конъюктураның циклдік толқуынан болатын бағаның өскін инфляцияға жатқызуға болмайды. Циклдың түрлі фазаларынан өту барысында (әсіресе ХІХ – ХХ ғасырдың бас кезіне тән классикалық түрі) бағалардың динамикасы өзгеріп отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен дипресия фазасында төмендеп жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Еңбек өнімділігін арттыру бағаның төменденуіне әкелу тиіс. Циклдық толқулардың тағы бір көрінісі жалақының өсуі еңбек, өнімділігінен артып кетуінде. Мұндай құбылыс шығынның инфляциясы деп аталады. Ол өз кезегінде баға деңгейінің жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ апаттар да бағаның инфляциялық өсуіне көп әсер етпейді. Айталық су басып кеткен аймақтардағы құрылыс материалдарының бағалары өседі. Бұл құрылыс материалдарын шығаратын өндірісті ұлғайтады, ал олар рынокты толықтыру барысында баға төмендеуі тиіс. Сонымен баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз? Инфляция көп сәйкессіздіктерімен байланысты екенін еске ұстап, оның ішіндегі ең бастыларын атайық.

Біріншіден, мемлекеттік  шығыстар мен кірістердің тепе- теңдігінің бұзылуы баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді. Егер дефецит орталық эмисия банкісінің заем арқылы қаржыландырылса басқаша айтқанда ақша станогы белсенді пайдаланылса онда айналыста ақша массасы көбейеді.

Екіншіден, осындай жолмен әдіспен инвестицияны қаржыландыру жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе экономиканы милитариландыру мен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді. Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар – олар қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. әскери ассигнациялар бір сәтке ғана қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамазыс етілмеген ақша массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.

Үшіншіден, баға деңгңейінің  жалпы өсуі қазіргі арықтық экономиканың ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең  жетілген бәсеке кезіндегі нарықта  көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа  мүлдем ұқсамайды. Қазіргі нарық  белгілі дәрежеде олигопиялық нарық. Ал олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді. Олигопиялар бағаны бірініші болып бастамаса да, олар оны қолдауға ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері билік жүргізетін нарықта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі көмектеседі.

Инфляциялық күту жағдайындағы экономикаға ықпал етудің механизмі  қандай? Баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық бағаның одан әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер жалақыны көбейтуді талап етеді. Халық тауарларды көптеп алады, өйткені олардың бағасы ертең тағы да өсуі мүмкін ғой. Өндірушілер өз өнімдеріне жоғары баға бермейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикі зат, материал, қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Мысалы Ресей экономикасындағы (қаңтар-көкек 1992ж) инфляцияның жоғары қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жбдықтаушылардың бағаны көтеру мүмкіндігінен сақтанып, алдынала өз өнімдерінің бағасын жоғарлатты. Нәтижесінде ресей экономикасындағы басқа да ТМД елдеріндегі бағалар бұрыңғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгеінде ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден де асып түсті.

Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің сан түрлі себептері бар. Алайда бұл құбылысты қоздыратын факторлардың комбинациясы жекелеген елдердің нақты экономикалық жағдайына байланысты. Айталық Батыс Еуропада 2-ші дүниежүзілік соғыс біткеннен соң инфляция көптеген тауарлардың тапшылығынан пайда болады. Одан кейінгі жылдарда инфляциялық құбылыстың күшеюне мемлекеттік шығыстар, баға мен жалақының арақатысы, инфляцияның басқа елдерден клуі және т.б. факторлар себепші болды.

Ақшаның құнсыздануы  және бағаның көтерілуі бюджет шығыстарының көбеюіне, мемлекеттің шынайы кірістерінің төмендеуіне, салық ауыртпалығын күшейту қажеттігіне, мемлекеттік бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттік борыштың өсуіне ұрындырады. Инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қаржы ресурстарын құнсыздандырады, өйткені салықтық кірістер мен қарыздар оларды есептегеннен кейін уақыттың белгілі бір межелдемелері арқылы түседі, сондықтан мемлекеттің алу сәтінде олар құнсызданады. Осыған ұқсас мемлекеттік берешектің проблемасы шиеленіседі, өйткені қарыздарды тарту үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстылығын кредиттік пайыз деңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр болады, бұл мемлекеттік борыштың атаулы өсуін тудырады.

Қаржылық қатынастар мен инфляциялық үдерістердің бір  бағытты келеңсіз сипаты, бірін-бірі өзара толықтыра отырып, экономикалық жүйеде келеңсіз нәтижелерге апарады. Мәселен, инфляция бірқатар әлеуметтік-экономикалық проблемаларды тудырады: ақшалай табыстардың құнсыздануы, ұзақ мерзімді инвестицияларға деген экономикалық ынтаның түсуі, ақшалай жинақтардың құнсыздануы, нақтылы пайыздың төмендеуі, экономикалық байланыстардың бұзылуы және т.б.

Төмен инфляция немесе оның болмауы ұлттық шаруашылықтың түрлі  деңгейлерінің қаржылық көрсеткіштерін жақсартатыны секілді ұқсас жағдайда қаржылық қатынастардың оң бағыттылығы инфляция деңгейін төмендетеді.

Инфляцияны бағалау және өлшеу үшін бағалар индексінің көрсеткіші – Iб пайдаланылады. Бағалар индексі тұтыну тауарлары мен қызметтердің («рынок себеті») белгілі бір жиынтығының сатып алу бағасы мен базалық кезеңеңнің бағасы арасындағы арақатынасты лшейді.Ағымдағы жалдың индексінің қарқыны  былайша анықталады: ағымдағы жылдың бағалары индексінен өткен жылдың бағалары индексі шегеріліп, өткен жылды бағалары индексіне бөлінеді, сонан соң жүзге көбейтіледі.

 

Инфляцияның қарқыны =Iб1-Iб0*100/Iб0

Қазақстанда тұтыну тауарларының бағасы мен қызметтер  көрсетудің тарифтері өткен жылға  қарағанда былайша өсіп отырды (есе): 1990-1; 1992-2,5; 1993-30,6; 1994-22,7;1995-1,60;1996-1,39;1997-1,17;1998-1,07;1999-1,18;2000-1,13;2001-1,06;2002-1,07;2003-1,068;2004-1,069;2005-1,075.

Дүниежүзілік  практикада егер инфляцияның қарқыны  жарты жыл ішінде және одан көбірек  жағдайда айына 50 пайыз (немесе аптасына 11,5 пайыз)құрса,онда мұндай денгей әсіреинфляцияға  сәйкес келеді.Сөйтіп,Қазақстанда бұл денгей 1992-1995жж.ішінде айтарлықтай асып түсті.

Соңғы жылдардың  ішіде баға сферасында ең сәтті жыл 2001жыл болды,бұл жылы Қазақстанда  инфляция денгейі 6,4%-ға дейін төмендеді.Келесі жылдары оның денгейін 3-5%-ға дейін  төмендетуге сәті түседі деп ұйғарылды.Алайда 2002жылдан бастап бағалардың өсуін бәсендету үрдісі тоқатылды.Үш жыл бойына инфляцияның іс жүзінегі қарқыны берілген межелдемелердің жоғарғы шегінде боды және айтарлықтай шапшаңдады(кесені қараңыз).

 

Көрсеткіштер

жылдар

2001ж

2002ж

2003ж

2005ж

2006ж

2007ж

Тұтыну бағалары-ның  индексі

106,4

106,6

106,8

107,5

108,4

118,8

Соның ішінде:азық-түлік  тауарлары 

108,8

107,1

107,1

108,1

107,3

126,6

Азық-түлік емес тауарлар

104,5

106,3

106,9

105,9

107,1

110,5

Халыққа көрсетіле-тін  ақылы қызметтер

103,5

105,8

105,9

108,0

111,6

115,4




 

 

 

2007 жылы инфляцияның  орташа жылдық деңгейі 2006 жылғы  8,6%-бен салыстырғанда  10,8%-да қалыптасты. Оның денгейі бюджетте қаланған  және 2005-2007 жылдарға арналған ақша-кредит  саясатының негізгі бағыттарында  анықталған (орта есеппен жылына 4,9-6,5%) бастапқы болжамды көрсеткіштерден айтарлықтай асып түсті.Кейінгі болжамдарға сәйкес тұтыну бағаларының өсуін 7%-дан аспайтын деңгейде ұстап тұру ұйғарылған болатын, алайда  бұл болжамдардан да инфляция асып түсті. Инфляцияның денгейі баяу инфляцияның ауқымдарынан едәуір жоғары ( яғни жылына 3-4%), ал соңғы жылдары оның динамикасы өсуінің тұрақты үрдісі болды. Бұл тауарлар мен қызметтер турасында ұлттық валютаның құнсыздануының күшейіп отырған үдерісін білдіреді, осыдан – зейнеткерлер мен тіркелген табысы бар халықтын басқа топтарының тұрмыс құнының өсуі, инвестицияларға ынталандырмалардың төмендеуі және кәсіпкерлердің бағаларды жоспарлауға сенбеушілігінің қалыптасуы. Ақырында мұның бәрі экономикалық өсімнің қарқымдарында жағымсыз бейнеленеді.  

Инфляциялық үдерістің  қуаттылығын бағалауды және инфляцияның  түрлерін мынадай критерийлер бойынша  ажыратады:

бағалар өсуінің қарқыны бойынша:

баяу – баға жылына 10 пайыз өскенде; бұл кезде ақшаның номиналдық құны сақталады, кәсіпкерлік тәуекел болмайды;

өршімелі – баға 100 пайыз шегіне өскенде; ақшаның затталынуы өседі;

әсіреинфляция- баға жүздеген пайызға өскенде; баға мен табыстардың арасындағы алшақтық ұлғая бастайды;

бағалар өсуінің теңгерімділік дәрежесі бойынша:

баланстандырылған және баланстандырылмаған инфляция; баланстандырылған инфляция кезінде әр түрлі тауарлардың бағасы бір-біріне  қатысты өзгерусіз қалады, баланстандырылмаған инфляция кезінде олардың бір-біріне ара қатысы өн бойы өзгеріп отырады, оның үстіне әр түрлі үйлесімде;

болжаулық (болжап айтушылық) дәрежесіне қарай:

күтілген және күтілмеген;

шығу немесе пайда болу орнына қарай:

импортталған және экспортталған;

сондай-ақ дамудың  әркелкілігімен сипатталатын сатылы, баға шамалы өскен немесе өзгерусіз қалған, бірақ тауар тапшылығы күшейген кездегі тұқыртылған инфляцияны ажыратады.

Қаржы мен инфляцияның  өзар байланысын инфляцияның екі тұрпаты бойынша бақылап отыруға болады: сұраным инфляциясы (тұтынушылар инфляциясы) және шығындар инфляциясы (өндірушілер инфляциясы). Бірінші жағдайда ол заңи және жеке тұлғалардың ақша массасының өсуімен байланысты өнімге, тауарларға және қызметтерге сұранымның өсуінің салдары болып табылады. Екінші жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектілердің еңбекке ақы төлеуге, кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің көбеюіне, тұтынатын шикізатқа, материалдарға бағаның, қызметтерге (тасымалдауға, электр қуатына, ақпаратқа және т.б.) тарифтердің өсуіне жұмсалатын шығындардың көбеюі инфляцияны тудырады.

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

22.1. сызба. Инфляциның сипаттамасы және оның әдістері.

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

Нақты экономикалық өмірде инфляцияның жоғарыда аталған  түрлері және оларға ілеспелі салдарлар  тығыз тоқайласады, өзін өзара толықтырады, бұл инфляциялық шиыршық деп аталынатынды тудырады, бұл кезде өндірістің тұтынылатын компоненттері баға мен еңбекке ақы төлеудің өсуі нәтижесінде шығындардың көбеюі шығарылатын өнім құнының артуына соқтырды, мұндай өнімді тұтыну жалақының және экономиканың шектес секторларында материалдық шығындардың қосымша өсуін талап етеді және осылайша шексіздікке кете береді (22.2 сызбаны қараңыз).

Рыноктық экономиканың механизмі – бәсеке мен тиімсіз  кәсіпорындардың банкроттығы жеткіліксіз  қалыптасқанда, ал өндірістің жеке салаларында ол жоқ болғанда инфляция дамиды. Еркін бәсеке жағдайында, мемлекет шығыстарын немесе кредиттерді қысқарту жөніндегі шаралармен туындайтын сұранымның төмендеуі кезінде кәсіпорын не өндірістің көлемін қысқартуға, не оның шығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Макроэкономикалық деңгейде мұнымен қатар не іскерлік белсенділіктің құлдырауы, не бағалардың төмендеуі болады. Алайда фирмалар, компаниялар жағдайының жақсаруына үміттене отырып, рынокта тұра алуға тырысады және бағалар мен өндіріс шығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Үдерістің жаппай ауқымды әрекеті инфляцияның төмендеуіне мүмкіндік жасайды.

Монополияландырылған  экономикада бұл механизм әрекет етпейді, өйткені өндіруші-кәсіпорынның шикізаты, материалдары, шала фабрикаттарды, жинақтау бұйымдарын, жабдықты, саймандарды жеткізушілерді таңдай алмайды. Ол жеткізушілер тарапынан белгіленген бағалармен келісуге мәжбүр болады және жоғарылатылған бағаларды өзінің тұтынушыларына, тұтынушылар өз кезегінде әрі қарай технологиялық өзгертіп жасау бойынша түпкілікті тұтынушыға – халыққа аударып салады. Мұндай жағдайда бюджет шығыстары мен кредиттерді шектеу жөніндегі шаралар өндірістің құлдырауына жеткізеді.

Инфляция сыртқы экономикалық қызмет тарапынан арандатылуы  мүмкін, бұл – импортталатын және экспортталатын инфляция. Бірінші жағдайда ол шетелдік валютаның шамадан тыс түсімінен және импорттық бағалардың жоғарылауынан туады. Түскен шетелдік валютаны коммерциялық банктер орталық банкте депозиттейді, орнына ұлттық валютада баламалы сома алады; банк пассивтері артады, мұның өзі оларға кредит операцияларын және кредиттік экспансияны кеңейтуге мүмкіндік береді, ұлтық валютада номиналдандырылған ақша ауқымының көбейіп кетуіне қозғау салады.

Экспортталатын  инфляция тауарлар мен қызметтер көрсетуге экспорттық бағаның көтерілуінен туады, бұл тұтынушы-елдерде, соның ішінде дамып келе жатқан елдерде бағаның өсуіне соқтырады. Инфляциялар халықаралық корпорациялардың – рыноктардағы үстемдік жағдайды пайдаланатын монополиялардың қызметіне қозғау салады. Корпорациялардың валюталық операциялары олар болған елдерде кредит капиталының қосымша ұсынымын және сұранымының артуын жасайды; сөйтіп шетелдік валютаның қосымша ауқымы айналысқа түседі және коммерциялық және орталық банктер арқылы ұлттық ақша айналысқа шығарылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

22.2 сызба. Инфляциялық  шиыршық

Жалпы инфляцияның себептері базистік қатынастардың қарама-қайшылықтарынан, экономикадағы үйлесімсіздіктер мен дағдарыстан, оның өздігінен дамуға қабілетсіздігінен, бүкіл қоғамдық өндірістің төмен тиімділігінен болады.

Инфляцияның көріну нысаны – ақшаның құнсыздануы мен өнімге, тауарларға және қызметтерге бағаның көтерілуінде тұлғаланатын оның сатып алуға жарамдылығының тиісінше төмендеуі. *

__________________________________________________________________

*Басқа нысандары  да бар: шетелдік валюта бағамдарының  көтерілуі және тиісінше, ұлттық  валюта бағамының төмендеуі; қағаз  ақшаларда тұлғаланатын алтынның  нарықтық бағасының көтерілуі  (алтынның бұл санын атаулы  түрде көрсететін ақша-қағаз белгілерінің санымен салыстырғанда).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Инфляцияның классикалық  көзі – мемлекеттік бюджет тапшылығы  Қазақстан үшін де сипатты. Бюджет тапшылығы  инфляцияның қайталама факторы  болып табылғанымен, ол шығындардың  инфляциясынан және осыған байланысты мемлекет кірістерінің құнсыздануы туады.

Тапшылықты  ақша эмиссиясымен жабу оның инфляциялық  құнсыздануына ұшыратады және бұл  үдерістерде инфляция мен бюджет тапшылығы тұйық себеп-салдарлық  заңдылықты жасай отырып өзара күшейе түседі. Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің тапшылығы тіпті КСРО-ның кезінен экономиканың теңгерімсіздігінің тұрақты салдары болып табылады. Ол ірі жәрдемқаржыларымен, ал кейін одақтық бюджеттен субвенциялармен жабылып отырады. Бюджет тапшылығы Қазақстанның егемендігі жағдайында да сақталып отыр: ол 1991ж. Бюджеттің шығыстары бөлігінде 20,4%, 1992-8,6%, 1993-11,9%, 1994-10,2%, 1995-17,4%, 1996-15,4%, 1997-17,7%, 1998-18%, 1999-14,3%, 2000-0,5%, 2001-1,7%, 2003-4,3% құрайды. 2005 жылы республикалық бюджет профицитпен атқарылды.

Инфляциялық нәтижені тудырған жаңа салықтарды – алғашқы мөлшерлемесі 28% қосылған құн салығын, акциздерді, экспорттық және импорттық кеден баждарын енгізу, өнімнің өзіндік құнына қосылатын қаражаттар аударымдарын экономиканы жаңғырту қорына (бұрын – инвестициялық қор), халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорына аудару, әлеуметтік сақтандыруға аударылатын аударымдарды бірден көбейту сияқты қаржылық және әлеуметтік шараларды асығыс жүргізу инфляцияның дамуына мүмкіндік туғызды.

Инфляцияның дамуының қосымша факторы пайдаланылатын кредиттер бойынша пайыздарды жатқызудың тәртібі болып табылады; кредит үшін төлемақының өсуі жағдайында бұл өнімнің өзіндік құнының, оның ізін шала бағаның да өсуіне соқтырады.

Айтылған факторлар  өндіріс шығындарын - өндірушілер  инфляциясын арандатушы факторларға жатады.

Бағалардың  артуы жағдайында халықтың, әсіресе  жеке кәсіби және әлеуметтік топтардың  әлеуметтік дәмегөйліктерінің өсуін  инфляцияны жеделдету факторы деп  есептеуге болады.

 

Филлипстің  қисық сызығы

Инфляция жұмыспен қамтуға айтарлықтай әсер етеді. 1958 жылы ағылшын экономисі А. Филлипс оның ықпалын көрсететін, “с9раныс инфляциясы” деген үлгіні ұсынды. 1861-1956 жылдардағы Ұлыбритания санақтары деректерін пайдалана отырып, ол жалақы ставкасы өзгеруі мен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы тәуелділіктің кері әсерін қисық арқылы көрсетті. Сөйтіп, Англиядағы жұмыссыздықтың  2,5-3 проценттен артық көбейтуі баға мен жалақы өсуін күрт баяулататынын дәлелдеді.  Үкімет Филлипстің қисық сызығын сол күйінде экономикалық саясатты жасаудың құралы ретінде қолданды. Әсіресе ол толық  жұмыспен қамту және өндіріс бағасының тұрақтылығын анықтайтын жағдайда пайдаланылды.

Абцисса өсінде жұмыссыздық деңгейі, ординат өсінде тауар бағаларының өсу қарқыны  бейнеленеді. Қисық сызық өсі  параметрлердің көрінісі.


 

Егер үкімет жұмыссыздық деңгейі И1 (оған баға өсу қарқыны сай Р1 келеді) төтнше жоғары деп есептесе, онда оны төмендету үшін бюджеттік және ақша – несие шаралары қолданады, олар өз кезегінде сұранысты күшейтеді. Бұл өндірістің ұлғаюына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әкеледі. Жұмыссыздық нормасы И2 мөлшеріне дейін төмендейді, бірақ дәлсол мезгілде инфляция қарқыны Р2-ге дейін жоғарылайды. Мұндай жағдайлар экономиканың “қызып” кетуіне, дағдарысқа ұшырауына әкелуі мүмкін, сондықтан үкімет несие беруді тежеу, мемлекеттік бюджеттің шығыстарынкеміту және т.б. шаралар жүргізеді. Нәтижесінде бағаның өсу қарқыны Р3 деңгейіне төмендеп, ал жұмыссыздық өсіп, оның нормасы И3 болады.

Экономикалық  реттеу тәжірибесі көрсеткендей, Филлипстің қисық сызығы қысқа мерзімді экономикалық жағдайларда қолдануға келеді. Өйткені ұзақ мерзімді жоспарда ( 5-10 жыл) жұмыссыздықтың жоғары болуына қарамастан инфляция үдей береді, мұның бірталай себептері бар.

Филлипстің  қисық сызығын экономикалық талдау үшін тек қарқыны төмен, баяу инфляцияға ғана қолдануға болады деген де сөздер бар. Күтпеген экономикалық күйзелісте инфляцияның қарқыны кенеттен өседі және ол жұмыссыздықтың көбеюімен қабаттасады. Басқа сөзбен айтқанда Филлипстің қисық сызығы көрсететін статистикалық қатынас, ұзақ уақытқа тұрақты экономикалық заңдылық бола алмайды.

Мұның орнына жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деген теория шықты. Ол 1679 жылдан АҚШ-тың (рейган мен Дж. Буштың республикалық әкімшілігі) және Англияда ( М. Тетчер үкіметі) экономикалық талдауында қолданылды.

Бұл теориның мәні мынада: қарқыны баяу, орта, яғни қоғамға  қолайлы инфляция деңгейі тек  жұмыссыздықтың табиғи дәрежесінде  ғана мүмкін болады. Ал табиғи жұмыссыздықтың дәрежесі әр түрлі кәсіп иелерін  жұмыспен қамту жөніндегі ақпараттарға сүйене отырып, олардың фрикциондық және құрылымдық түрлерін есептеу арқылы анықталады. Жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі мен инфляция қарқынын баяулатуға, тұрақтандыруға бағытталған экономикалық саясат мақсатына жете бермейді. Оның оңды нәтижелерімен қатар ( 80-ші жылдардың 2-ші жартысында АҚШ-та инфляция қарқыны едәуір төмендеді), мынаны атап өту керек, жұмыссыздық табиғи деңгейіне жеткенде инфляция біраз уақыт энерциямен қозғалады да содан кейін оның қарқыны жедел төмендейді. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі соңғы он жылдықта барлық батыс елдерінде дерлік өсті .

                       

 

1.2. ҚР инфляцияның  ерекшеліктері

Осы күндері  Қазақстанда қалыптасып отырған  инфляцияның ерекшеліктерін және негізгі  себептерін бұрынғы Кеңес Одағының тарихи-экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің кұрылымдық диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.  
Қоғамдық өндіріс кұрылымы қаржы баға жүйелерін анықтайды. Өндірісте диспропорциялар қалыптасса, қаржы мен баға жүйелерінде де сәйкессіздіктер пайда болады.  
Реформаның барлық кезеңінде инфляцияға арналған өршімелі инфляция экономикалық дағдарыстың дәлелді сипатыты болып табылады. Тұтыну бағалары 1992 ж. 3006 %-ды, 1993 ж. 2266 %-ды құрады. Инфляцияның айлық қарқыны көбіне 30 % мөлшерінен асты, ал 1993 ж. қараша айында ол 55 %-ға жетті. Бұл жағдай стагфляция деп аталады. 1994 ж. сегіз ай мерзімінде инфляция деңгейі 1993 ж. осы мерзіммен салыстырғанда 608 %-дан 759 %-ға көтерілді.

ҚР Ұлттық банкісі  жүргізген қатаң монетарлық саясат арқасында жағдай өзгеріп, инфляция айына 18-19 % деңгейінде тұрақтанды. Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 1997 ж. - 11,2 %; 1998 ж. - 1,9; 1999 ж. - 17,8; 2000 ж. - 9,8; 2001* ж. -6,4 %-ды құрады.

Жалпы алғанда, инфляцияға қарсы саясаттың ұзақ мерзімдік  стратегиялық  жєне  күнделікті  жүргізіліп  отыратын ағымдық,  тоқтаусыз  тактикалық  түрі  болды.   Монетарлық саясат негізінен күнделікті жүргізіліп отыратын, айналымдағы  ақша  көлемін кадағалап реттейтін тактикалық саясат түріне жатады. Әрине, белгілі бір жағдайларда, мысалы, гиперинфляция кезінде,  бұл әдіс негізгі реттеу әдісіне айналуы занды. Бірақ, жалпы алғанда, дамыған Батыс елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, күнделікті тактикалық, ақша-несие арқылы экономиканың дамуын реттеу саясаты үзақ мерзімдік стратегиялық даму саясатының шеңберінде жүргізіліп отырады екен. Қазақстанда 2001-2003 жж. арналған Ұлттық өндірісті дамыту бағдарламасы жасалған. Осы жылы Қазақстандағы Аграрлық саясаттың бағдарламасы жасалуда. Жақында Қазақстан Үкіметі 2001-2005 жж. арналған қысқа мерзімдік Ұлттық өндіріс салаларын қолдау бағдарламасын бекітті. Сонымен қатар, Қазақстанның барлық әкімшілік-экономикалық аймақтарының (облыстарының) экономикалық-әлеуметтік бағдарламалары жасалып, іске асырылуда. Осы бағдарламалардың барлығын стратегиялық саясаттың құралы ретінде қарастыруға болады. Енді Қазақстанда да монетарлық-қаржы саясаты ұзақ және орта мерзімдік реалды экономиканы қолдау және дамыту бағдарламаларының   шеңберінде жүргізілетін болады.