Инфляция мәні, себептері және инфляцияға қарсы саясат
Кіріспе
Біз қысқаша талдауымыздан мынадай тұжырым жасауға болады, елімізде инфляцияға қарсы табысты болады. Ол үшін біріншіден, біздің халық шаруашылығын құрылымдық қайта құрудың шарттары мен барысын қамтамасыз ету,білімімізге байланысты, және екіншіден ақша көлеміне бақылау және келешекте халық тұтынатын тауарлар өндірудің өсуі және олардың бағасын тұрақтандыру, арқылы тізгіндеу мақсатында несие- ақша және бюджет- қаржы реттегіштерін кең көлемде қолданылатын боламыз. Тек, осылайша кешенді жағынан келу ғана инфляциямен күресте жеңіске жетуді, ең әрі кеткенде, оның қарқыны қажетті деңгейде ұстауды қамтамасыз етеді. Біз ақшаның шығуы мен инфляцияның қағаз - ақша түрінде көрініс табуының басты проблемасын қарастырдық.
Мұның өзі біздің қазіргі заманғы нарықтық экономиканың келесі проблемасы - баға белгілеу проблемасына көшуге әзір екендігімізді білдіреді. Бағалардың ұтымды жүйелерін қалыптастыру қатаң ақша- қаржы икемді салық саясатын көздейді. Мемлекет тапшылықсыз бюджетті қамтамасыз етудің және инфляцияға қарсы күрестің барлық қажетті шараларын қолдануға міндетті. Бұл шараларды мемлекеттік шығындарды қысқартудың, ақылға сыйымды шеңберде бюджеттің салық базасын ұлғайтудың, ең ары кеткенде халық шаруашылығының барлық салаларындағы тиімсіз өндірістерге жәрдемақы берудің шұғыл қысқартудың өзара байланысты қадамдары көзделеді. Ал мұндай шаралар өнім өндірушілердің ешқайысын да жігерлендіре қоймайтыны түсінікті. Ал, дербес өзіндік, шаруашылық қызметтің нәтижелері үшін толық жауап беретін бола тұрып, өндірісті дамытуға, өз қызметкерлерін материалдық жағынан ынталандыруға қажет ақша табу айтарлықтай қиын. Алайда егер алғашқы жолмен жүрсек онда «жұмыс істемейтін» ақша тасқыны ұлғайатыны сөзсіз. Осы жағдайда, тауарлардың қажетті саны болмағанда бағаның бақылаусыз өсуі сөзсіз орын алады да еркін бағаға белгілеу сияқты өзін-өзі реттеу механизміне қол жеткізе алмаймыз.
Бізде бағаларды үнемі өсіріп отыратын механизм қалыптасатын және әрекет ететін болады. Жоғарыда көрсетілген шараларды бір мезгілде және кешенді жүзеге асыру ділгерлікті жеңу еркін, нарықтық бағалар жүйесін өмірге енгізуге мүмкіндік береді. Әрине,бұл тез өте қоймайды. Нарыққа өтпелі кезеңнің өне бойында бірқатар өнім түрлерінің бағасын әкімшілік жолымен реттеп отыру оның нарықтық негіздерінің нығайтылуына қарай орталықтан белгіленетін мұндай бағалар шеңбері тарыла түспек.Болашақта мемлекеттік баға белгілеуді реформалаудың күрделі де қиындыққа, үлкен әлеуметтік тәуекелге толы жолы екендігін де мойындаған жөн. Әитсе де, қазіргі заманғы ділгерсіз, жоғары өнімді экономикаға жеткізетін бірден - бір жолы.
Курстық жұмыстың мақсаты - инфляциялық процестің кейбір мәселерінде орнын алған түйіткісіздерге жұртшылықтың назарын аудару кейбір пікірлердің негізгі екендігіне көзін жеткізу. Қазақстаның тәуелсіз мемлекет болуына орай инфляцияға жүктелетін жауапкершілік күрт өсті. Біріншіден, оның алдына дербес даму жолына түскен елдің шын мәніндегі инфляция ахуалын анықтау қажеттігі көлденең тартылды. Екіншіден , егемен ел үшін оңтайлы инфляциялық дамудың қалыптастыру міндеті қойылды. Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде ұзақ жылдар отаршылдық тұзағына түскен ұлттық санамыз бен мінез-құлқымызда орын алып отырған кешегі өзгерістен айқын байқалады. Кейінгі жылдары инфляцияның деректерін білуге деген құлшыныс артып, қазақ ұлты үшін инфляция жаңа сапалық тұрғыдан қалыптастырудың тарихи маңызы зор.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Инфляцияның мәні себептері;
- Инфляцияның деңгейі мен зардаптары;
-
Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат.
I. Инфляция мәні, себептері
1.1 Инфляция экономикалық маңызы
Инфляция - бұл экономиканың айналым сферасында қажетті қағаз ақшалардың шамадан тыс толып кетуі. Шығарылған қағаз ақшалардың мөлшері өзгеріссіз қалып, ал өндіріс көлемі қысқарған жағдайда да инфляция болуы мүмкін. Бағаның өсуінен халықтың тұрмыс жағдайы, әл-ауқаты нашарлай түседі. "Инфляцияны бағаның тұрақты және үнемі өсіп отыруын;шығарылған өніммен салыстырған- да ақшаның артықшылығы нәтижесінде барлық уақытта және барлық жерде ақшаның феномені ретінде түсінемін"-дейді Нобель сыйлығы- ның лауреаты Милтон Фридмен. Монетаристік мұндай анықтама инфляцияның басты себебін айналыс сферасынан іздеуі. Осындай көзқараспен өндіріс процесіне мемлекеттің шектеулі түрде араласуына мүмкіншілік бар. Бұдан басқа, кейбір батыс елдерінің теориясының өзгешелігі сол, олар инфляцияны ұсыным жағынан да, сұраным жағынан да болатын сатып алушылық қабілет шамадан тыс артық болуынан ден түсіндіреді.
Инфляция - бұл қаржы процесінің бұзылуынан ойдағыдай өтуге деген, тауарлар мен ақша арасындағы тепе-теңдік жағдайды қалыптастыру бағытындағы экономикалық организмінің реакциясы.
Ақшаның тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер етеді. Мысалы, 70-жылдардағы энергетикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуінен (мұнай бағасы 20 есеге өсті) емес, басқа да тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты.
1973 жылы жалпы бағаның деңгейі 7%-ке, 1979 жылы — 9%-ке артты. Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына, циклдық және маусымдық талқылауға, ұдайы өндірістегі динамикасы өзгеріп отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен депрессия фазасында төмендеп, жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Енбек өнімділігін арттыру бағаның төмендеуіне әкелуі тиіс. Циклдық толқулардың тағы бір көрінісі жалақының өсуі еңбек өнімділігінен артып кетуінде. Мұндай құбылыс шығынның инфляциясы деп аталады, ол өз кезегінде баға денгейінің жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ апаттар да бағанын инфляциялық өсуіне көп әсер етпейді.Айталық, су басып кеткен аймақтардағы құрылыс материалдарының бағалары өседі. Бұл құрылыс материалдарын шығаратын өндірісті ұлғайтады, ал олар рынокты толықтыру барысында, баға төмендеуі тиіс.
1.2. Инфляцияның себептері
Сонымен,
баға өсуінің инфляциялық
Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығы- нан көрінеді. Егер дефицит Орталық эмиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса, басқаша айтқанда "ақша станогы" белсенді пайдала- нылса, онда айналыста ақша массасы көбейеді. Айырбастың сандық теңдігін MV = РО еске түсірсек, М мен Р көрсеткіштері өсуінің байланысы анық.
Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялык өсуі болады. Әсіресе экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді. Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар — олар қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. Әскери ассигнациялар бір сәтке ғана қосымша төлем кабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының есуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі рыноктық экономика- ның ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі рынокта көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа мүлдем үқсамайды.Қазіргі рынок белгілі дәрежеде олигопия- лык рынок. Ал олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді. Олигопиялар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауға ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап түру үшін өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту аркылы дефицит жасауға тырысады. Өздері билік жүргізетін рынокта бағанын төмендеуін болдырмау үшін олигополия мен монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа өндірушілердің келуін тежеу үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі көмектеседі.
Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында "импорттық" инфляцияның қаупі туады. Жоғарыда аталған 1979 жылғы энергияға бағаның шарықтауы (энергетикалық дағдарыс) сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп, технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасынын қымбаттауына әкелді. "Импорттык" инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине өз валютасын ревальвациялау ұлттық валюта- ның құнын жоғарылату арқылы мұнай импортын арзандатуға болады. Бірақ ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбаттатады, ал бұл дүниежүзілік рынокта бәсекелестік қабілетті төмендетеді.
Бесіншіден, инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол "инфляцияны күту" нәтижесінде орын алады. Батыс елдерінің көптеген экономистері және біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық пен өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою инфляция- ға қарсы саясаттың ең басты міндеті. Инфляциялық күту жағдайындағы экономикаға ықпал етудің механизмі қандай?
Баға денгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық, бағаның одан әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер жалақыны көбейтуді талап етеді. Халық тауарларды көптеп алады, өйткені олардың бағасы ертең тағы да өсуі мүмкін ғой. Өндірушілер өз өнімдеріне өте жоғары баға белгілейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикізат, материал, қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Мысалы Ресей экономикасындағы (қаңтар — көкек 1992 жылы) инфляцияның жоғары қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушылардың бағаны көтеру мүмкіндігінен сақтанып, алдын-ала өз өнімдерінің бағасын жоғарылатты. Нәтижесіңде Ресей экономикасындағы басқа да ТМД елдеріндегі бағалар бұрынғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгейінен ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден де асып түсті.
Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің сан түрлі себептері бар. Алайда бүл құбылысты қоздыра- тын факторлардың комбинациясы жекелеген елдің нақты экономикалык жағдайына байланысты. Айталық Батыс Еуропада II дүниежүзілік соғыс біткеннен соң инфляция көптеген тауарлардың тапшылығынан пайда болады. Одан кейінгі жылдарда инфляциялык құбылыстың күшеюіне мемлекеттік шығыстар, баға мен жалакының арақатынасы, инфляцияның баска елдерден келуі және т. б. факторлар себепші болды. Бұрынғы КСРО-ны алсақ жалпы заңдылықтармен қатар, соңғы жылдардағы инфляцияның себептеріне экономикадағы ерекше тепе-теңсіздік (диспропорция) жатады, ол әміршілдік-әкімшілдік жүйе салдары еді. Кеңес экономикасына тән жағдай ЖҮӨ-дегі әскери шығындар үлесінің көптігі,өндіру, бөлу және қаржы-несие жүйесін монополияланды -рудың жоғары деңгейі, үлттық табыстағы жалакы үлесінің аздығы және т. б. ерекшеліктер.
1.3 Инфляцияның түрлері
Экономикалық теорияда инфляцияның мынандай келеңсіз салдары да аталады:
- ұлттық табыс пен ұлттық байлықтың қайта бөлінуі;
- салық мөлшері мен шкаласының бұрмалануы;
- енбекшілердің нақты жалақысы мөлшерінің төмендеуі;
Инфляция ашық және басыңқы деп ажыратылады. Біріншісі, бағаның өсуімен, ал екіншісі, тауар тапшылығына байланысты. Сонымен қатар, инфляция бағаның өсу қарқынымен де байланысты. Инфляцияның үш түрін атауға болады. Олар: баяу (ползучий, умерен- ный), секірмелі (галопирующий) және гиперинфляция. Баяу инфляция барысында баға жәй өседі, әдетте жылына 10 пайыздан төмен. Ақшаның құны өзгермейді. Номиналды бағамен келісімге отыруға бизнестің қаупі жоқ. Секірмелі инфляция кезінде баға 20 пайыздан 200 пайызга дейін өседі. Көптеген келісімдер бағаның өсуіне немесе шет ел валюталарына, мысалы, АҚШ долларын, байланыстыра әрі ескере отырып жасалына-ды. Ақшалар тезірек тауарға айнала бастайды және де бұрынғы пайыз мөлшерлемесімен қарызға берілмейді.Гиперинфляция кезінде айналыста- ғы ақшаның саны тез қарқынмен, астрономиялық мөлшермен өседі. Қоғамның, тіптен ауқатты азаматтардың өздері де қиыншылыққа ұшырайды. Инфляцияның баяу түрінен гиперинфляцияға дейін баруы міндетті емес. Гиперинфляция өте сирек кездесетін оқиға. Ал секірмелі инфляция көптеген елдерде ауқын-ауқын кездесіп тұрады. Гиперинфля -цияға байланысты мысалға, екінші дүниежүзілік соғыстың Венгрия мен Жапониядағы инфляцияның баға деңгейіне әсерін қарастырып көрелік.
Венгриядағы инфляция бұрынғы белгілі көрсеткіштерден асып түсті. 1946 жылы тамызда құнсызданған 829 актильон (22 нолі бар ) форинттер соғысқа дейінгі бір форинттің бағасына теңесті. Америка доллары 3x1022 (22 нөлі бар 3) форинтке бағаланды. 1947 жылы жапондардың балықшылары мен фермерлері санап әуре болмас үшін валюталар мен ұсақ тиындарды таразыға тартып есептеген болатын. 1938 жыл мен 1948 жылдар аралығында бұл елдегі баға 116 есе көтерілді.
Ал Германиядағы инфляция да өте ауыр сипат алды. 1922 жылы Германияда баға деңгейі 5470 пайызға көтерілді. 1923 жылы жағдай одан да нашарлап кетті: баға деңгейі 1300000000000 есеге өсті. 1923 жылы Германиядан Құрама Штатқа хат жіберу 200 мың маркаға теңелді. Бағаның тез өскендігі соншалық, даяшылар ертеңгі тамақты беріп жатып, дастархан мәзіріндегі тағамдардың бағасын бірнеше рет өзгертіп жатты. Мейрамханаға кірген қонақтар түскі тамақтарын жеп болып, берген тапсырыстарынан екі есе көп ақша төлеуге дейін барған. Өкінішке орай инфляцияның жоғары деңгейін Қазақстанның да басынан кешуіне тура келді. 1993 жылы республикамыздың егемендік алып, өз алдына отау тігіп, тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін, экономикалық және саяси дайындықтың жоқтығы өте ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайға әкеліп соқтырды. Осының нәтижесінде секірмелі инфляциямен катар жүріп, ақырында 1994 жылы гиперинфляцияға жетті.
Баға деңгейі 1000 пайызға дейін өскен кездері болды. Осындай қиын жағдай өкіметті бір мезгілде экономиканы ырықтандырумен қатар қатаң монетарлық саясат жүргізуге мәжбүр етті. 1999 жылы инфляция 11,7 пайыз болды. Ол 1994 жылмен салыстырғанда 100 есе аз. Қазақстан өкіметті "Стратегия-2030" сәйкес инфляцияның қарқынын жыл ішінде 5-6 пайыз шамасында болуына ұмтылыс жасап отыр.
Инфляция ның мынадай себептері белгілі:
1. Мемлекет алдын-ала күтілетін табыс пен шығынды белгілі бір мерзімге шамалап есептейді. Мемлекеттік бюджет шығыны оның табыс бөлігінен артық болса, онда бюджеттің тапшылығы туындайды. Мемле- кет өзінің шығынының орнын толтыра алмайтындығы себепті ақша басуды тездетеді.Бұл қағаз ақшаның алтын мен салыстырғанды да, құнсыздануына әкеліп соқтырады да, ол бағаның өсуімен қатар нақты жалақының төмендеуімен (қызметкерлердің алатын номиналды жалақы-сына ала алатын тауарлар мен қызмет )қатар жүреді. Өнім көлемінің қысқаруы, яғни өндіріс төмендейді. Бұл процесс экономикадағы екі құбылыс пен қатар жүреді. Біріншісі стагнация, яғни өндірістің тоқыра- уы бір мезгілдер жұмыссыздар санының артуы мен инфляцияның өсуімен қатар жүруі; екіншіден - стагфлияция, яғни өндіріс пен сауданың тоқырауы инфляциялық процестердің дамуымен қатар жүретін экономикалық жағдай.
2. Сұраным ұсынымнан артық артық. Бұл рынокта тауардың жетіспеушілігі мен ақша қорының артық болуының әсері. Сұраным мен ұсыным заңына сәйкес баға өседі, ал бұл инфляцияны туғызады. Өндіріс шығыны артады, яғни өнімді дайындауға кететін нақты еңбек пен затқа сіңген еңбек жиынтықтары-шикізат, материалдар, отын, яғни өндіріс шығыны артады. Инфляцияның әлеуметтік- экономикалық салдары.
- Қолда бар ақшаның құнсыздану ; инфляцияның өсуімен халықтың мөлшері төмендейді.
- Табыс пен байлық әр топтардың арасында қайта бөлінеді.
- Еңбекшілердің тұрмыс жағдайының нашарлауы өмір сүру құнының артуынан, бағаның өсуімен, өмір сүру деңгейінің төмендеуінен, жұмыссыздықтың өсуінен көрініс табады.
Еңбекшілердің
өмір сүру деңгейінің төмендеуі
мен жалақының азаюы жұмыссыздықтың
ең басты себептерінің бірі. ХХ
ғасрдың 80 жылдарыда 40 пайыздың
артық адамның «кедейшіліктің шегіне
» жетудің олардың жұмыссыздыққа ұшырауымен
түсіндіруге болады.Инфляция өткенен
кейін де жұмыссыздық ұзақ уақыт
бойына сақталады. Фллипс қисығы
бойынша, инфляцияның өсуі мен жұмыссыздықтың
өсуі арларында белгілі бір заңдылық
бар. Инфляция деңгейін 1 пайызға
төмендету үшін жұмыссыздық мөлшерін
2 пайызға арттыру қажет екен.Мемлекет
инфляцияға қарсы қатаңдау ақша
саясатын, табысты реттеу, бағаның
өсуін тежеу және т.б.әртүрлі шаралар
қолданылады.
II. Инфляцияның деңгейі мен зардаптары
2.1. Инфляцияның деңгейі өлшемі
Инфляцияны баға индексі арқылы өлшенеді. Есімізге түсірелік, жалпы базалық мерзім баға индексі арқылы анықталады.Инфляция деңгейін мына жолмен есептеп шығаруға болады. Осы жылдың (1999 жылдың) баға индексін алдынғы жылдың (1998 жылдың) баға индексінен шығарып, айырмасын алдыңғы жылдың (1998 жылдың) индексінен бөліп, содан кейін оны пайыз түрінде шығару үшін 100-ге көбейтеміз.Мысалы, 1998 жылғы тауар тұтыну баға индексі 154,5 тең болса, 1999 жылы- 158,2 болды. Сонымен, 1999 жылдың инфляция деңгейі мына жолмен анықталады:
инфляция қарқыны =158,2-154,5 х 100 =2,3%
Мүлік иелері. Инфляция мүлікті сақтаушыларға да үлкен зардап әкеледі. Баға өсуінен нақты тауардың бағасы төмендейді. Мысалы, бір ксі 1980 жылдан бастап 1995 жылға дейін 1000 долл,тығып қойды делік, сонда нақты баға құны жартысына дейін төмендейді. Бірақ сақтау формаларының бәрі пайыздық табыс әкеледі. Егкр инфляция пайыздық мөлшерлемеден жоғары болса, онда сақтап қойған тауардың құны төмендейді.Инфляция 13% -ға өсті. Жылдың соңында 1000 долл, құны 938 долл. болады.Сонда ақша салушы 1060 алады (1000 долл.+ 60 долл. % )
Қарыз алушы және несие беруші (дебитор және кредитор). Қарыз алушы және беруші арасында инфляция табыстарды үйлестіреді. Болжамды инфляция қарыз алушыларға несие берушілер арқылы пайда әкеледі. Мысалы, сіз банктен 1000 долл. алдыңыз, оны 2 жылдан кейін қайтаруыңыз керек; егер осы 2 жыл ішінде 500 доллардай бересіз; сонымен инфляция кезінде бағаның құны төмендейді.
Тұрақты атаулы табыс алушылар. Атаулы және нақты табыс арасындағы айырмашылық бізге белгілі. Тұрақты атаулы табыс алған адамдарға инфляция жазалаудың бір түрі. Инфляция тұрақты табыс алушылар арқылы, басқа адамдар тобына табысты жіктейді. Классикалық мысалы зейнеткерлерді алуға болады, оларға тұрақты зейнетақы атаулы табыс әкеледі. 1995 жылы зейнеткерлікке шыққан адамның тауарларды мол сатып алуға мүмкіншілік бар еді, ал 1998 жылы сатып алу қабілеті жартысына дейін төмендеп кетті, бұған жалдау төлемақысын жатқызуға болады.
2.2. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары
Инфляция зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарлатып, уақытша коньюктураны жаңдандырады. Процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиленістерді тереңдетеді. Инфляция аттың текіртеп шауып, бой бермеген кезіндегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп, экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын бүркемелеп, ішкі рынокта тауарлар өткізуді қиындатады.
Мұндай инфляция тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, бұл процесті таудан аққан тасқынға айналдырып, тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны жойып, ақша- несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы құнсызданады, банктер, несие беретін мекемелер зиян шегеді. Өндірістің интернационалдануы инфляцияны және несие қатынастарын күрделендіреді. Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта бөледі, халыққа салық үстіне салық болып, номиналды және тауар бағасының күрт өсуінен кейін қалдырады. Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп иелері, зейнеткерлер т.б. басынан өткізеді.
2.3. Филлиптің қисық сызығы
Инфляция жұмыспен қамтуға айтарлықтай әсер етеді. 1958 жылы ағылшын экономисі А. Филлипс оның ықпалын көрсететін,"сұраныс инфляциясы" деген үлгіні үсынды (61-сурет). 1861 —1956 жылдардагы Ұлыбритания санақтары деректерін пайдалана отырып, ол жалақы ставкасы өзгеруі мен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы тәуелділік- тің кері әсерін қисық сызық арқылы көрсетті. Сөйтіп, Англиядағы жұмыссыздықтың 2,5—3 проценттен артық көбейтуі баға мен жалақы өсуін күрт баяулататынын дәлелдеді.
А. Филлипс есебінің теориялық негізін экономист Р. Липси жасады. Бұдан әрі американ экономистері П. Самуэльсон және Р. Солоу Филлипстің қисық сызығына өзгерістер енгізіп, жалақы ставкасын тауар бағалары өсуі қарқынымен ауыстырды. Үкімет Филлипстің қисық сызығын сол күйінде экономикалық саясатты жасаудың құралы ретінде қолданды. Әсіресе ол толық жұмыспен қамту және өндіріс бағасының тұрақтылығын анықтайтын жағдайда пайдаланылды.
Абцисса осінде жұмыссыздық деңгейі, кординат осінде тауар бағаларының өсу қарқыны бейнеленді. Қисық сызық осі параметрлердің көрінісі. Егер үкімет жұмыссыздық деңгейі И\ (оған баға өсу қарқыны сай Р, келеді) төтенше жоғары деп есептесе, онда оны төмендету үшін бюджеттік
және ақша-несие шаралары қолданады, олар өз кезегінде сұранысты күшейтеді. Бұл өндірістің ұлғаюына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әкеледі. Жұмыссыздық нормасы Иг мөлшеріне дейін төмендей- ді, бірақ дәл сол мезгілде инфляция қарқыны Рг-ге дейін жоғарылайды. Мұндай жағдайлар экономиканың "қызып" кетуіне, дағдарысқа ұшыра- уына әкелуі мүмкін, сондықтан үкімет несие беруді тежеу, мемлекеттік бюджеттің шығыстарын кеміту және т. б. шаралар жүргізеді.
Нәтижесінде бағаның өсу қарқыны Рз деңгейіне төмендеп, ал жұмыс- сыздық өсіп, оның нормасы И3 болады.Экономикалық реттеу тәжірибесі көрсеткендей, Филлипстің қисық сызығы қысқа мерзімді экономикалық жағдайларда қолдануға келеді.Өйткені ұзақ мерзімді жоспарда (5—10 жыл) жұмыссыздықтын жоғары болуына қарамастан инфляция үдей береді, мұның бірталай себептері бар.
Бұлардың ішіндегі жиынтық сұранысты ынталандыру мәселесін бөліп көрсету керек. Үкімет инфляция арқылы жұмыссыздықтың төмен деңге- йін тұрақтандыру үшін еңбекшілерді "жалған күту" дегенге сендіре алса діттеген мақсатына жетеді. Мысалы, жалдамалы жұмысшылар номиналды жалақы ставкасының өсуін байқап, еңбек ұсынысын көбейтеді. Мұнда Филлипстің концепциясы бойынша инфляцияның өсуі (мұнымен байла - нысты номиналды жалақының өсуі) жұмыссыздықты азайтуы мүмкін. Бірақ, бір кезде халық номиналды жалақының жоғары ставкасының шын бағасын біледі. Өйткені, инфляция тұсында нақты жалақынын жоғарылауы оның номиналды дәрежесінің өсуімен бірдей емес, оған сәйкес келмейді. Егер адамдар алған ақшаларына қызмет пен тауар сатып алуды бірте-бірте азайтса, үміттің үзілгені, онда ешкім де жалақының өсуіне қарамастан еңбегін ұсынбайды.
Мұндай өзара тәуелділікке 60-жылдары американ экономисі М. Фридмен ерекше назар аударды. Ол жұмыссыздықпен күресуде жиынтық сұранысты инфляциялық шаралармен "толтыру" тиімсіз деп көрсетті. Сонымен, халық өзінің "жалған күтуін" сезіп, номиналды ставканы жоғарылату жалақыны сатып алу қабілетін жоғарылатумен сәйкес еместі- гін түсінгенде ғана инфляцияның өсуі енбекті ұсынудың өсуімен жүрмей оның азаюы, яғни жұмыссыздықтың өсуінен жүреді. Филлипстің кисық сызығын экономикалык талдау үшін тек карқыны төмен, баяу инфляция- ға ғана қолдануға болады деген де сөздер бар. Күтпеген экономи- калық күйзелісте (мысалы 70-жылдардағы энергия кездеріне бағаның кенеттен есуі)инфляцияның қарқыны кенеттен өседі және ол жұмыссыз- дықтың көбеюімен қабаттасады. Басқа сөзбен айтканда Филлипстің қисық сызығы көрсететін статистикалық қатынас, ұзақ уақытқа тұрақты экономикалык заңдылық бола алмайды.Мұның орнға жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деген теория шықты. Ол 1979 жылдан АҚШ-тың (Рейган мен Дж. Буштың республикалық әкімшілігі) және Англиияда (М. Тэтчер үкіметі) экономикалык , талдауында қолданылды.
Бұл теорияның мәні мынада: қарқыны баяу, орта, яғни қоғамға колайлы инфляция денгейі тек жұмыссыздықтың табиғи дәрежесінде ғана мүмкін болады. Ал табиғи жүмыссыздык дәрежесі әр түрлі кәсіп иелерін жұмыспен қамту жөніндегі ақпараттарға сүйене отырып, олардың фрикциондық және құрылымдық түрлерін есептеу арқылы анықтала- ды.Жұмыссыздықтын табиғи дәрежесі мен инфляция қарқынын баяулату- ға, тұрақтандыруға бағытталған экономикалық саясат мақсатына жете бермейді. Оның оңды нәтижелерімен қатар (80-жылдардың екінші жартысында АҚШ-та инфляция қарқыны едәуір төмендеді), мынаны атап өту керек, жұмыссыздық табиғи деңгейіне жеткенде инфляция біраз уақыт инерциямен қозғалады да содан кейін оның қарқыны жедел төмендейді. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі соңғы онжылдықта барлық батыс елдерінде дерлік өсті (АҚШ-та 60-жылдары 4% болса, 80-жылдары 6-7%-ке дейін өсті).
III. Инфляцияны төмендетудің жолдары
3.1. Инфляция және нарықтық экономикаға көшу
Орталықтандырылған экономикадан еркін базар экономикасына көшер жолында қоғам тап болатын күрмеуі аса қиын проблемалардың бірі- инфляция проблемасы. Алайда олар нарықтық экономика бере ала- тын игіліктердің жемісін татқысы келсе инфляцияға байланысты тауқымет- ті көтеріп алуға тиіс. Инфляция дегеніміз не ? Бұл - экономикада өндіріліп, сатылатын товарлар мен қызмет түрлерінің орташа бағасының артуы. Нарықтық экономика жағдайында инфляция екі себептің бірінен қабына- ды: өндірушілер қажетті товарлармен, қызмет түрлерімен жабдық тауды ұлғайтып үлгергенше жұрт өзінің ақшасын жаратып та болады; не тұтыну- шыларды яки өндірушілерді товармен, қызмет түрлерімен жабдықтау қысқарып кетеді, мұның өзі бағаның өсуін қоздатады. Инфляцияға кейде: товар санының қысқаруын қуып жетпек болып, ақша санының көбеюі деген де анықтама береді. Инфляция әсіресе өтпелі кезеңде тұрған экономикаға ерекше ауыртпалық артады, бұл бағаға ырық беруден- бағаға мемлекеттік бақылау жасауды қоюдан, нарықтық экономика бағытындағы аса маңызды қадамнан басталады. Бағаға мұндай ырық берудің белгілі нәтижесі мынадай: ылғи да тапшы болып келген товарлар бағасы қаулап өседі.

- Инфляция мәселелерін талдаудағы перспективалар
- Инфляция мәселесі. Инфляцияға қарсы саясат
- Инфляция мен жұмысыздықты мемлекеттік басқарудағы жолдары
- Инфляция мен жұмысыздықты мемлекеттік басқарудағы жолдары”
- Инфляциямен күресу шараларын жетілдіру жолдары
- Инфляциямен күресу шараларын жетілдіру жолдары
- Инфляция: метод учета и расчета
- Инфляция: кейнсианский и монетаристский подходы
- Инфляция: кейнсианский и монетаристский подходы
- Инфляция:макроэкономиқалық теориясы және инфляцияға қарсы саясат
- Инфляция мәні мен зардаптары
- Инфляция: мәні, себептері және әлеуметтік-экономикалық саладары
- Инфляция: мәні, себептері және әлеуметтік экономикалық салдарлары
- ИНФЛЯЦИЯ: МӘНІ, СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЛАРЫ