Инфляция мәселелерін талдаудағы перспективалар
Жоспар
Кіріспе.......................
I.Инфляцияның теориялық негіздері.....................
1.1.Инфляция мәні мен пайда болу себептері.....................
1.2.Инфляцияның түрлері мен типтері.......................
1.3.Инфляцияның айқындалу формалары.....................
II.ҚР инфляциялық жағдайын талдау........................
2.1.ҚР инфляция даму ерекшеліктері.................
2.2.Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясат
шаралары......................
III.Инфляция мәселелерін талдаудағы перспективалар................
3.1. Инфляцияны бәсендету шаралары......................
Қорытынды.....................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұраныстың артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіруге болады, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі – тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні – кез-келген нарықтық экономикаға тән үлкен мәселелердің бірі – инфляция табиғаты, оның туындау себептері мен салдары, онымен күресу жолдары, Қазақстан Республикасының экономикасындағы инфляция қарқыны.
Курстық жұмыстың өзектілігі: «Инфляция: түсінігі, түрлері мен туындау себептері» тақырыбы қазіргі экономикалық жағдайда өзекті проблемалардың бірі болып саналады, бұл мәселе экономикалық ғылымда маңызды орын алып отыр, себебі инфляция көрсеткіштері және оның әлеуметтік-экономикалық салдары кез-келген мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің деңгейін айқындайды және бүкіл әлемнің экономикасын бағалауда маңызды роль атқарады. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі. Экономиканың интернациялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын қиындатады. Инфляция қалыпты инвестицияларды тартуға және теңгенің нақты толық айырбасталымдылығын жүргізуге кедергі келтіреді және ол сатып алушылардың сатып алу қабілеттігін одан әрі төмендетеді. Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайын уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты: инфляция түсінігін толығымен зерттеп, оның түрлері мен типтерін ашып көрсету, инфляцияға қарсы әдістерді қарастыру және туындау себептерін толығымен анықтап, оған баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіріп, инфляция қарқынының бәсендету шараларын көрсету, Қазақстан Республикасындағы инфляциялық ерекшеліктерін талдай отырып, оның болашақтағы перспективаларын анықтау.
Осы мақсатқа сәйкес курыстық жұмыста келесі міндеттер қойылады:
- Инфляцияның теориялық
аспектілерін зерттеп, оның
- Инфляцияның әлеуметтік-экономи
- Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайын талдау мен ерекшеліктерін айқындау;
- Мемлекеттің инфляцияға қарсы шараларын жүргізу барысында инфляция салдарын нейтрализациялау;
- Инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.
Курстық жұмыс кiрiспеден және үш тараудан тұрады. Бiрiншi тарау “Инфляцияның теориялық негіздері” деп аталады, онда жалпы инфляцияның мән-мағынасы анықталынды, оның түрлері мен айқындалу формалары қарастырылуда. Екiншi тарау “Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайын талдау ” деп аталады, бұл жерде Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бері келе жатқан инфляциялық қарқыны зерттелінді, сонымен қатар осы инфляцияға қарсы мемлекеттің қандай шаралары бары екендігін анықталды. Үшінші тарауда “Инфляция мәселелерін талдаудағы перспективалар” қарастырылады. Курстық жұмыс, сонымен қатар қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тiзiмi мен қосымшалардан тұрады.
Курстық жұмысты жазу барысында отандық әдебиеттер, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің деректері, статистикалық ақпарат көздері, нормативті актілер мен мерзімді басылымдар қолданылды.
I.Инфляцияның теориялық аспектілері
1.1. Инфляция мәні мен пайда болу себептері
Инфляция- ақшаның құнсыздануынан тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің көтерілуін сипаттайтын құбылыс. Бүгінгі таңдағы экономикалық әдебиеттерде инфляцияға көбінесе осындай анықтама берілген. Ақшаның құнсыздануы, оның сатып алушылық қабілетінің азаюы ерте заманнан белгілі. Оның пайда болуын монета түрінде алғашқы ақшаның шығуымен байланыстырылады. «Inflatio» (инфляция) – ежелгі медицина саласындағы ұғым. Оның мағынасы латынша Inflatio – «іштің қампиюы, ісініп өсуі» деген түсінік береді. Дүниежүзілік экономикалық әдебиеттерде бұл түсінікті бірінші рет қолданған американ экономисі А.Делман. Ол 1864 жылы Нью-Йорк газетінде АҚШ-тың Федералдық үкіметінің Азамат соғысы жылдары (1861-1865жж.) айналымға алтынға айырбасталмайтын көп мөлшерде қағаз ақшалар (green backs) шығарғанын сынап жазған. Ақшаның осындай шектен тыс көбеюін А.Делмар «Inflatio» («вздутие бумажного пузыря») деп атады. Кейіннен бұл ұғым ақша массасының тым көп өсуі мағынасында Еуропа елдерінің (Франция, Ұлыбритания, Германия) қаржыгерлері мен банкирлерінің арасында қолданалып, XX ғасырдың басынан бастап экономикалық әдебиеттерде орын ала бастады.
Медальдің екі жағы сияқты, ақша мен инфляция өзара тығыз байланысқан ұғымдар. Инфляцияны кредиттік ақшаның «сырқаты» деп айтуға болады. Ерте заманда, алтын монетамен сауда-саттық кезінде, инфляция өте сирек кездесетін құбылыс болған (тосын жағдайларда, мысалға, соғыс кезінде немесе жоғарыда айтылғандай құндылығы төмен ақша айналымға түскен жағдайда), яғни бағалар ұзақ уақыт тұрақтылығын сақтаған.
И.Фишердің айырбас теңдеуі MV=PQ инфляцияның «феноменін» бірінші рет түсіндіре бастады. Бұл теңдеу бойынша айналыстағы ақша массасы сатылған тауар көлеміне тең болуы тиіс. Алтын монеталық ақша айналымы кезінде бұл шарт «автоматты» түрде орындалды. Өйткені ол кезде айналымға тек қана сауда-саттық жүргізуге қажетті алтын ақша мөлшері болды. Тауар азайған уақытта артық ақша «қазына» ретінде жинақталып, «алтын сандықтарда» сақталды. Қажетті тауар көбейіп, ақшаға сұраныс өскенде, сақталған алтын ақшалар қайтадан айналысқа түсіп, тауар бағасының тұрақтылығын ұстады. Алтынға толық айырбасталатын қағаз ақша айналымында да осылай баға тұрақтылығы сақталып отырды.
Алтын монеталық стандарт
жойылғаннан кейін ақша айналымында
мүлдем басқа жағдайлар орын алды.
Айналымға алтынға
К.Маркстің классикалық анықтамасы [10,79б] бойынша: «...ақша- тауардың айырбас құны, ол тауардың өзіндік құнынан бөлінген, бірақ ол өз бетінше жеке тауар» деп айтқаны инфляцияның шығу тегін түсінуге шамалы болса да жарық түсіреді. Егер осы берілген анықтаманы негізге алатын болсақ, онда ақша тауардық құнынан бөлініп шығуымен бірге, өзінің өзіндік құнынан айырылған тауар. Сондықтан бүгінгі таңдағы ақша алтын монеталық дәуірдегі ақша айналымы сияқты жинақталу немесе қайтадан айналымға түсіп, кеңею қасиеттерінен «автоматты» түрде айырылған. Сұраныстан жоғары мөлшердегі қағаз ақша тауар айналымын толтырып, өз кезегінде тауарлар мен қызметтердың бағасының өсуіне әкеліп соғады. Бағаның өсуі инфляцияның алғашқы айқын көрінісі болып табылады. Қазіргі таңдағы инфляция феноменінің мән-мағынасын осылай түсіндіруге болады.
Инфляция күрделі әлеуметтік-
Қоғамдық өнімнің құндық және табиғи-заттай құрылымы арасындағы сәйкессіздік себептері туралы аз еңбек жазылған жоқ[13,120б]. Экономистердің пікірі бойынша Ресей экономикасының макроэкономикалық құрылымы (сол сияқты Қазақстан экономикасы да) ашық түрде инфляцияға бейімделген болатын.Бұған сол кездегі ауыр өнеркәсіптің жеңіл өнеркәсіпке қарағанда аса зор дамуы, өндіруші өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібімен салыстырғанда үлес салмағы көп артықшылығы, тауар өндірісінің тауар айналымынан, оны халыққа жеткізуден үнемі алда болуы, жалпы инфрақұрылымдардың барлық түрлерінің даму деңгейінің аса төмен болуы дәлел болды.
Үйлесімсіздіктер материялдық өндіріс саласындағы және ұлттық табыс бөлудегі сәйкессіздіктің нәтижесі болатын. Халықтың табысы өсіп, оларды материялдық жағынан қамтамасыз ету мүмкіндіктері артта қалып қойды. Бұл тауарлар мен тұтыну қызметтері бағасының өсуіне және сатып алу қабілетінің төмендеуіне әкеліп соқты.
Алайда бағаның өсуі айналымдағы тек қана ақшаның шектен тыс көп болуынан болған жоқ. Бағаның үнемі өсу процесі XX ғасырдың басынан байқалды (XIX ғасырда тауарлар бағасының өсуі мен төмендеуі үнемі алмасып отырған). Барлық дамыған капиталисттік елдерде тауарлар мен қызметтер бағасының деңгейі XX ғасырда елеулі түрде өсті (мысалға, АҚШ-та бөлшек сауда бағасы 17 есе өсті). Ғалым-экономистер бұл құбылысты олигополистік бағаның қалыптасуынан деп есептейді.
Бағалардың тұрақты түрде өсуіне: экономистердің айтуынша өндірістің және сұраныстың үнемі өзгеріп, өсіп отыруы, болашақ инфляцияны күту салдарынан тауарлық келісімшарттардың қымбаттауы, әлемдегі экономикалық саяси ахуалдың тұрақсыздығы себеп болды. Сонымен бағалардың өсуі бір жағынан өндірістің даму, өсу себептерінен болса, екінші жағынан сол тауарларға деген ұсыныстан туды. Соңғысында тауарлар мен қызмет бағаларының өсуі нарықтың өндіріс шығындарына және тауарлар мәмілесі құндарының жоғарылауына жауап ретінде болды.
1.2. Инфляцияның түрлері мен типтері
Экономикада инфляциялық құбылыстардың шығу себептері және оларды дамытуға ықпалын тигізетін барлық факторларды талдай отырып, экономистер инфляцияны сұраныс инфляциясы және шығын инфляциясы деп екі типке бөледі. Экономикалық әдебиеттерде бұларды кейде инфляция түрлері, пайда болу тәсілдері және т.б. атаумен атайды. Бірақ сұраныс, шығын инфляциясы деген ұғымдар олардың мәнін, тегін толық ашады. Өйткені әрқайсысы экономикадағы инфляциялық құбылыстарды туғызатын факторлардың жиынтығы болып табылады. Сұраныс инфляциясы- өндірістің макроэкономикалық құрылымының жетілмеуінен, нарықтың аймақтық құрылым талаптарына сәйкес орналаспау салдарынан пайда болатын (нарық өндірісі, тұтыну өндірісі, ақшамен қамтамасыздандыру және т.б.) үрдіс. Шығын инфляциясы XX ғасырдағы барлық капитализм дәуіріне тән, бағаның шарықтауына және оның қалыптасуына олигополиялық орталықтардың әсерін, кәсіпорындардың пайда табу үшін бағаны өсіру үрдістерін көрсетеді.
Кейде макроэкономикалық деңгейде инфляцияның үш типі қарастырылады: классикалық, нарықтық және тепе-теңсіздік (дисбалансовый)[11,142б]. Классикалық инфляция деп қағаз ақшалардың аса көп шығарулуына байланысты айналым саласында олардың шектен тыс көбеюін айтады; нарықтық инфляцияға шығарылған қағаз ақшалардың сомасы тұрақты болған жағдайда айналымдағы тауар массасының қысқаруы жатады; дисбаланстік инфляция типіне: экономикалық дамудың циклдік сипатынан шығатын макро- және микродеңгейде қалыптасқан үйлесімсіздіктерден туатын баға деңгейінің өсуін жатқызады. Инфляцияның типтерін бұлай үшке бөлудің негізіне сұраныс және шығын инфляцияларының факторлары алынған.
Айналымдағы ақшаның шектен тыс көбеюінен тауарлар мен қызметтерге жалпы сұраныстың өсуін сұраныс инфляциясы деп атайды. Немесе кейбір оқулықтарда көп кездесетін сұраныс инфляцияның анықтамасы бойынша: «... шектен тыс көп ақшаның тым аз тауар санына аңға шығуы». Классикалық экономикалық теория оқулықтарында сұраныс инфляциясының себептерін былай деп тұдырымдайды:
- Мемлекеттік бюджеттің аса үлкен тапшылығы және оны өтеуге үкіметтің қосымша ақша эмиссиясын жүргізуі.
- Еңбекақының өсуі еңбек өнімділігінің артуына байланысты емес, керісінше қоғамдық ұйымдардың бірлестіктер мен кәсіподақтардың үкіметке өздерінің талаптарымен қысым көрсету нәтижесінде болуы.
- Мемлекеттік шығындардың (әскери, әлеуметтік,т.б.) өсуі.
Сұраныс инфляциясының басқа да себептері болуы мүмкін. Ол әр елдің экономикасының дамуына байланысты. Қазақстандағы қазіргі кезде сұраныс инфляциясының негізгі көзі болып отырғандар: шетел валюталарының елге көп келуі (мұнай, газ, минералды шикізаттар сатудан), банк секторының, үлкен өндірістік бірлестіктердің сыртқы қарыздарды көп алуы, екінші деңгейдегі банктердің шектен тыс валюта айырбасын жүргізуі (бұл айналымға қосымша ақша шығумен бірдей) сияқты себептер. Бұл экономиканың біржақты, шикізат өндірумен дамып келе жатқандығының белгісі. Экономиканы әртараптандырып қана келтірілген сұраныс инфляциясының себептерін жоюға болады.
Шығарылатын өнім мен
көрсетілетін өнім өлшемінің қымбаттауына
байланысты тауар мен қызметтердың
бағасының өсуін шығын
- Кәсіподақтар және басқа қоғамдық бірлестіктердің талаптарын ескеріп, енбекақы мен табыстарды үнемі индекстеу.
- Бюджет, салық салу, ақща-несие саясатындағы заңдар базасының кемшіліктері, олардың жетілдірілмеуі.
- Экономиканы реттеуге әкімшіліктің араласуы.
- Энергия ресурстарының бағасының әлемдік баға нарығында өсуі, кейбір тауар нарығында монополист компаниялардың және делдал фирмалардың болуы, тұтыну тауарлардың ішінде импорттық тауарлар үлесінің басымдығы.
Сұраныс және шығын инфляция экономиканың дамуына, әсіресе оның макро- және инфрақұрылымдарына, оларға ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларының тұрақтылығына байланысты түрлі жылдамдықпен дамиды. Бұл өз кезегінде инфляцияны келесі үш негізгі түрге жіктеуге құқық береді [1,14б] :
- Баяу инфляция- оған
тұтыну бағасының орташа
Сондықтан коптеген дамыған
елдерде баяу инфляцияның деңгейін
1-2,5%-дан төмен түсірмейді[
-Қарқынды инфляция- бұл
жағдайда бағаның орташа
-Ұшқыр инфляция (гиперинфляция).
Әр елде ұшқыр инфляцияның
критерийі әр түрлі. Нарық
Гиперинфляция- экономикадағы
терең дағдарыстың белгісі. Ақшаның
құнсыздануы сонша тез
Қазақстанда бағаның ең көп шарықтауы 1992 жылы 3060%, 1993 жылдың қарашасында бір айлық инфляция деңгейі 56% болды. Халықаралық валюта қорының бағалауы бойынша 1992-1993жж. Экономикадағы жағдай гиперинфляцияға жақын.Ал батыс экономистерінің сипаттауы бойынша Қазақстанда 1992-1994жж. Гиперинфляция болды.
1.3. Инфляцияның айқындалу формалары
Бүгінгі танда инфляция негізінен көп факторлы құбылыс ретінде анықталады. Инфляцияның монетарлық және монетарлық емес факторларының әсерінен бағаның жалпы өсуін біртұтас инфляциялық процесс деп қарастырады. Бұл орайда инфляцияның шығу себептері күрделі шиеленіс үстінде болып, шешуші фактор ретінде алға біреуі немесе бірнешеуі алмасып шығып отырады. Нарықтық экономикада инфляция айқындалу формасы бойынша бөлінеді. Қазіргі уақытта инфляцияның мынадай түрлері қалыптасқан: ашық, тұқыртылған (подавленная), сырттан әкелінген, күтілетін, баға біркелкі өсетін және біркелкі өспейтін, стагфляциялық. Инфляцияның аталған айқындалу формаларын қарастырайық.
Ашық инфляция жинақталған ұсыныс пен жинақталған сұраныс арасындағы теңсіздіктен туатын және бағаның жалпы деңгейінің өсуімен айқындалатын инфляция. Бағаның өсу қарқынына байланысты бұл инфляция: баяу, қарқынды немесе ұшқыр инфляцияға айналуы мүмкін.
Тұқыртылған (байланған) инфляция баяу немесе қарқынды инфляция формаларымен айқындалады. Нарық экономикасы жағдайында үкімет инфляцияны теңгеру үшін айналымдағы ақша массасын қысқарту, еңбекақы және басқа төлемдерді уақытынан кешіктіру, бюджеттік ұйымдарды шектеу сияқты шаралар жүргізеді. Бұл жағдайда айтып отырған инфляция үлкен төлемдік борыштармен, шаруашылық жүргізу барысында «бартердің» кең дамуымен, өндірістің құлдырауымен сипатталады. Орталықтандырылған экономикада тұқыртылған инфляция тауар тапшылығымен, қажетті тауарларға бағаның өсуімен, алып-сатар нарықтардың пайда болуымен айқындалады. Осынын бәрі ақшаның құнсыздануына, тұқыртылған инфляцияның дамуына әкеледі.
Сырттан әкелінген немесе импортталған инфляция елдегі шектен тыс тауарлар импортына және ішкі нарыққа шетел валютасының көп құйылуына байланысты. Жергілікті тауарлардың тапшылығына байланысты шетелдің тауар өндірушілері өз тауарларына бағаны жоғарылатады да, импортталған тауарлармен нарыққа бағасы өскен импорттық бағалар келеді. Сонымен қатар импорттық тауарларды «шоп-туристтер» де әкеледі. Бұл да ішкі нарықтағы тауарлардың бағасының өсуіне ықпалын тигізеді. Шетел валютасының экономикаға көп құйылуы ақша айналымын долларға түсіріп, оны тұрақсыздандырып бағаның өсуіне әкеледі. Банкілер мен айырбас орындарынан сатып алынатын шетелдік валюта тауарлардың және көрсетілетін қызметтер бағасының сомасын арттырады. Ал оның ақшалай баламасы ішкі нарықта сұраныс инфляциясын күшейтеді.
Күтілетін инфляция- болашақ шығындардың өсуін күту нәтижесінде тауарлар мен қызметтердің ағымдағы бағасын өсіріп сату. Күтілетін инфляция тауар өндірушілерге болашақта сатып алынатын шикізаттар, материалдар, жабдықтаушы құралдардың өсім бағасын ағымдағы сатылатын тауар мен қызметтердің бағасына қосып сатуға мәжбүр етеді. Осылайша болашақта бағаның өсуін күту тауардың, қызметтердің ағымдағы инфляциясының көзі болуы мүмкін, әсіресе қарқынды және гиперинфляция жағдайларында. Бұл инфляцияға негізінен адам баласына тән психологиялық фактор әсер етеді.
Стагфляцияда тауарлар мен қызметтер бағасының жалпы деңгейінің жоғарылауымен қатар, өндіріс өнімдерінің, көрсетілген қызметтердің көлемі төмендейді, яғни олар қарама қарсы бағытта өзгереді. Экономистер стагфляция себептерін әр түрлі түсіндіреді. Осыған қатысты мынадай пікірлер бар:
- Экономиканың құрылымдық жағынан жетілмеуі. Экономикада нарық механизмін жақсы жолға қою үшін нарықтық тепе-теңдік сақталуы қажет деп есептеледі. Бәсекелестік қажетті деңгейде болмағандықтан жоғарылаған тауар бағасы белгілінеді, осының нәтижесінде өндіріс көлемі төмендейді.
- Фирмалардың монополизмі және олардың нарықтың үстінен қарауы. Нарықта сатылатын тауарлар мен қызметтер көлемі олардың бағасы төмендегенде көбейетіндігі белгілі. Бірақ көбінесе монополистер пайда табу үшін тауарларды аз шығарып, қымбат сатуды қалайды. Бұл өндіріс көлемі төмендеп, тауарлар бағасының жоғарылауына әкеледі.
- Тауар өндірушілердің болашақта инфляцияның әсерінен табыс азаятындықтан бағаны өсіріп, өндіріс көлемін төмендетуі. Бұл саясат стагфляцияға алып келеді.
- Баға біркелкі өсетін және біркелкі өспейтін инфляция. Біркелкі өсетін инфляцияда тауарлар мен қызметтерге жалпы бағалар бір уақытта бір деңгейде өседі. Бірақ бұл тек теориялық түрде болуы ғана мүмкін. Іс жүзінде ақша массасының өсуіне байланысты тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі әр түрлі деңгейде болады. Кейбір бағалар тұрақты түрінде қалса, кейбіреулері көп өзгеріске ұшырайды. Кейде тіпті алдын ала болжанбаған өзгерістерге ұшырап отыруы мүмкін. Бағаның осындай өсуі әсіресе өтпелі кезеңде, экономика тұрақтанбаған жағдайда байқалады. Мұндай инфляцияны бағалары біркелкі өспейтін немесе баланстанбаған инфляция деп атайды.
II. Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайын талдау
2.1. Қазақстан Республикасындағы инфляция даму ерекшеліктері
Инфляция – қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктен туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады. Ұзақ мерзімді болашақта, сондай-ақ ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде, инфляцияның басты факторы ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.
Қазақстандағы және басқа да ТМД елдеріндегі қазіргі инфляцияның себептеріне: 30-жылдардан басталған өндіріс құралдары мен тұтыну заттары өндірісінің дамуындағы аяқ асты орын алған сәйкессіздік; қорғанысқа кететін үлкен шығыстар; Қазақстандағы өнеркәсіптердің өндіру салалары мен ауыл шаруашылығының дамуына салынған капитал жұмсалымдарының тиімсіздігі; баға белгілеудегі қателік пен бағаның өзіндік құннан өте көп мөлшерде алшақ болуы. Бағаны ырықтандырмайынша нарықтық қатынастар өту мүмкін еместігінің салдарынан, бағаның бірден өсуі инфляцияға жол берілді.
1991-1993 жылдары Ресейден тауарлар алу үшін алынған несие көлемі бір жарым млрд. доллардан артып кеткен болатын. 1993-1998 жылдары Қазақстандығы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы 2000% - тен 20% - ке төмендеді. Бұл кездері Қазақстанда гиперинфляция қалыптасты, тек өзіміздің ұлттық валютаны (тенгені) енгізгеннен кейін ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде 100 есе төмендетті. Бұл өтпелі кездегі Қазақстанның макроэкономикалық деңгейдегі айтарлықтай жетістігі болды. Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс тегіннен тегін келген жоқ, оның нәтижесінде ұлттық өндіріс күрт құлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп пен машина жасау көлемі 90 % - ке, ауыл шаруашылық пен азық – түлік шаруашылықпен азық – түлік өндірісі – 50-60% -қысқарды.
1993 жылы бұрынғы кеңестік республикалардың “егемендіктер парадының “ басталуы және эканомикалық жағдайларға ешқандай дайындықтардың болмауы Қазақстанда өте ауыр әлеуметті-эканомикалық жағдайларға әкеп соқтырды. Өндіріс көрсеткіштері іс жүзінде экономиканың барлық сферасында құлдырады. Мұның бәрі шоқырақтау инфляциясымен қатарласа жүріп 1994 жылдың жазында гиперинфляцияға өсіп жетті. Саяси және экономикаллық себептер 1993 жылдың қараша айында республиканы жедел түрде ұлттық валюта – теңгені ендіруге мәжбүр етті, оның өзі алғашқы тоғыз ай ішінде аса тездікпен салмағын “ жоғалтып “ жатты. Осындай қиын жағдай бір мезгілде эканомиканы ырықтандырумен қоса қатаң монетарлық саясатты жүргізуге бағыт берді.
Қазақстан Республикасында 1992-ші жылға дейін жасырын инфляция басым болып, ол кейінірек ашық қарқынды инфляциялық сипатқа ие болып, сосын ұшқыр инфляцияға айналды. Республикада 1993-ші жылы инфляция 2260 % құраса ,1994 -те - 1258, ал 1 995-тің аяғында “ теңге” тұрақтана бастап , инфляция төмендеді және 60,3 % - ға қысқарды. Инфляция 1996-шы жылы 28,7% -тың маңында болса, 1997-ші жылы – 11,2 %, 1998-ші жылы- 1,9 %, 1999-шы жылы - 17 ,8 %, 2000- ші жылы – 9,8 құраса, ал 2003-ші жылыдың аяғында 5,9-ға тұрақтады (1-график)
1-график
Инфляция көрсеткіштері 1993-2003жж.
Ескерту: ҚР Статистика жөнінде агенттігі
Тұтастай алғанда 2004 жыл Қазақстан экономикасында елеулі инфляциялық аяның сақталуымен сипатталды, ал соңғы бірнеше жылда жекелеген салаларда баға өзгерістері барынша жоғары болды. Осы кезеңде (2003 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2004 жылғы желтоқсанда) тұтыну бағалары 6,7% ұлғайды (соңғы 4 жыл ішінде олардың өсуі 6,4-6,8% аралығында қалыптасты). Өндіруші кəсіпорындардың өнеркəсіп өнімдері бағаларының өсуі соңғы 5 жылда ең жоғары деңгейде қалыптасып, 23,8% жетті. Жүк тасымалдары тарифтерінің өсуі 11,4% (соңғы 4 жылдағы ең жоғары деңгей) болды. Ауыл шаруашылығы өнімінің бағалары 4,0%, құрылыста – 5,6% өсті. Бағалар 6,3% төмендеген бір ғана сала заңды тұлғаларға байланыс қызметін көрсету болды (2-график).
2004 жылғы 4-тоқсанда тұтыну тауарлары секторында, өнеркəсіптік өндірісте (өсу тиісінше 2,8% жəне 2,6%) жəне заңды тұлғаларға байланыс қызметін көрсетуде (төмендеуі 6,6%) бағалардың айтарлықтай қозғалысы байқалды, басқа секторларда бағалардың өзгеруі 1,0%-дан аспады.
2-график
2005 жылғы 4-тоқсанда
өткен тоқсанмен
2006 жылғы 4-тоқсанда өткен тоқсанмен салыстырғанда азық-түлік тауарлары бағасының маусымдық жоғарылағаны байқалды, бұл ретте инфляция деңгейі 2,4% деңгейінде қалыптасып, 2005 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өзгерген жоқ. Тұтыну бағаларының құрылымында бағалардың негізгі өсуі азық-түлік тауарларына жəне ақылы қызметтерге тиесілі - тиісінше 2,7% жəне 2,5%. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар 4-тоқсанда 1,7% қымбаттады (3-график).

- Инфляция мәселесі. Инфляцияға қарсы саясат
- Инфляция мен жұмысыздықты мемлекеттік басқарудағы жолдары
- Инфляция мен жұмысыздықты мемлекеттік басқарудағы жолдары”
- Инфляциямен күресу шараларын жетілдіру жолдары
- Инфляциямен күресу шараларын жетілдіру жолдары
- Инфляция: метод учета и расчета
- Инфляция: механизм, причины, последствия
- Инфляция: кейнсианский и монетаристский подходы
- Инфляция:макроэкономиқалық теориясы және инфляцияға қарсы саясат
- Инфляция мәні мен зардаптары
- Инфляция: мәні, себептері және әлеуметтік-экономикалық саладары
- Инфляция: мәні, себептері және әлеуметтік экономикалық салдарлары
- ИНФЛЯЦИЯ: МӘНІ, СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЛАРЫ
- Инфляция мәні, себептері және инфляцияға қарсы саясат