Инфляция: мәні, себептері және әлеуметтік экономикалық салдарлары

Инфляция: мәні, себептері және әлеуметтік экономикалық салдарлары

МАЗМҰНЫ

 
 

КІРІСПЕ...................................................................................................................3 

I.   ИНФЛЯЦИЯНЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара  байланыстары.......5 

II. ҚР  – ДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЛАРЫН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстандағы 1999-2010 жж. кезеңіндегі инфляциялық процесстер         динамикасы...........................................................................................................9

2.2 Инфляфияны таргеттеу негіздері мен алдын – алу шараларын жетілдіру................................................................................................................16 

III. ҚАЗАҚСТАН  ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ   ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК  САЛДАРЫ.

3.1 Қазақстан  жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктері.............................19

3.2 Инфляцияға қарсы саясаттың күрес жолдары.............................................22 

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................28                        

                                         
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Кіріспе 

     ҚР  Президенді Н.Назарбаев 2010 жылғы Қазақстан  халқына арнаған Жолдауында: «Ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты —  инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік  Ұлттық банк пен Үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар.

     Ақша-кредит саясатының келесі міндеті — қаржы  нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын  төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап түру.

     Осы орайда Ұлттық қор маңызды рөл  атқаруға тиіс. Үкімет Қор қаражатының  ашықтығын және ұтымды құрылуы мен  пайдаланылуын қамтамасыз етуге  тиіс деп санаймын»[1]- деп атап көрсетті.

    Инфляция  – күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Бүгінде ол көптеген дүние  жүзі мемлекеттерінің үкіметтері мен  орталық банкілерінің басты экономикалық проблемаларына айналып отыр. Инфляция экономикалық өрлеу қарқынын бәсеңдетеді, инвестициялық белсенділікті төмендетеді, ал өзінің шектен шыққан түрлерінде қоғамда әлеуметтік және саяси шиеленістер туғызады.

      Экономикалық құрылыс ретінде  инфляция көптен бері өмір  сүріп келеді. Оның тіпті ақшаның  шығуымен бірге пайда болды  әрі ақшаның қызметімен тығыз  байланысты деп санайды. Инфляция – бұл күрделі де көп факторлы құбылыс: ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.

    Инфляция   ең    алдымен    тауар    бағаларының   өсуі    және    шетел валюталарының   қымбаттауы    ретінде    көрінеді.  Инфляцияға   қарсы күресті  күшейту   қажет.   Инфляцияның   жаһандық    экономикалық үдерістер   тарапынан   болатын   қысымның   күшейе   түсуінен      де ұлғайып   отырғанын   ескеріп,   Үкімет    тарапынан   ойластырылған және   сол   әрекеттерге   сәйкес   іс-шаралар    қабылдануы    қажет.

    Инфляция  құбылысының пайда болуына әсер ететін факторлардың алдын алу шаралары, яғни инфляция процесін зерттеу және оған қарсы саясатты жетілдіру жолдарын зерттеу болып табылады. Экономикалық категория ретінде инфляция, ұлттық табысты, қоғамдық өндіріс сфераларының, халық шаруашылығы аймақтары мен салаларының, халықтық таптық және әлеуметтік топтарының араларында бөлуді білдіреді.

         Баға тауарлар мен қызметтердің  құнының ақшалай нысаны болғандықтан, инфляция айналымдағы қағаз ақша бірліктері санының тауар бағасынан артып кетуі нәтежесінде пайда болады және бағалардың өсуінде, ақша бірлігінің сатып алушылық қабілетінің төмендеуінен көрінеді. Демек, айналымдағы ақша белгілерінің саны мен жылдамдығы инфляцияның деңгейі мен қарқынына елеулі әсер етеді.

    Бағаның өсуі, инфляцияның ең маңызды, бірақ  жалғыз көрсеткіші болып табылмайды. Сонымен қатар ақша шығаруды, ақша массасының өсуін, мемлекеттік бюджет тапшылығын, оның индикаторы деп есептеуге болады.

   Зерттеу мақсатынан туындайтын міндеттер:

  • инфляцияның экономикадағы қаржылық тұрақтылыққа әсерін айқындау;
  • инфляцияны қаржылық тұрақтандыру және қаржылық реттеу бойынша шетел тәжірибесінің негізінде осы тәжірибені Қазақстан экономикасында қолдану мүмкіндігін дәлелдеу;
  • Қазақстандағы  1998-2009 жж. кезеңіндегі  инфляциялық  процестер         динамикасын қарастыру;
  • АТФ банкіндегі инфляция мәселесін анықтау;
  • Инфляция құбылысына әсер ететін факторларды алдын-ала шараларын жетілдіру;
  • Жаһандану жағдайындағы  Қазақстан Республикасының экономикасындағы инфляциялық процесі және оған қарсы саясатты жетілдіру.

     Инфляция – күрделі және көп  жоспарлы әлеуметтік-экономикалық  үдеріс. Оны зерттеуге бай әлемдік  және отандық экономикалық әдебиет  арналған. Берілген күрделі әлеуметтік-экономикалық үдеріске тән қарама-қайшы құбылыстарды және негізгі ойды зерттеуге Д. Юм, А. Маршалл, Дж.М. Кейнс, А. Филлипс, П. Самуэльсон, Р. Солоу, М. Фридмен, Р. Дорнбуш, С. Фишер сияқты шетелдік экономист ғалымдар айтарлықтай үлес қосты.

   Өтпелі  экономикалардағы және жаңадан дамып  келе жатқан мемлекеттердегі инфляцияны М.А. Афанасьев, А. Белоусов, Р.Н. Евстегнеев,  
А. Илларионов, Г. Колодко, Я. Корнаи, М.Ю. Малкина, С.М. Никитин, С. Пекур, Я. Ростовски, Дж. Сакс, В.В. Усов, В.Н. Шенаев және т.б. ғалымдар зерттеді.

   Қазақстандағы инфляцияны қарастыратын жұмыстарға Р.А. Алшанов,  
Т.А. Әшімбаев, М.Б. Кенжегузин, К.А. Сағадиев, Ғ.С. Сейітқасымов, А.Қ. Қоша-нов, Р.А. Қамшыбаев, Н.К. Күшікова, В.Д. Мельников, Ә.Д. Челекбай, Ұ.А. Те-кенов сияқты ғалымдардың зерттеулері жатады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 

          I.   ИНФЛЯЦИЯНЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 

    1.1 Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланыстары

          Экономикалық құбылыс  ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның  шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.

          «Инфляция» термині (латынның inflation сөзінен шыққан –  кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды  және АҚШ – тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865жж) қағаз долларының «гринбектердің» қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. XIX ғасыр бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы XX ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрыңғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20-сыншы жылдары жазыла бастады.

          Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының  қажеттілігімен айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, оның құнчыздануы және соның нәтижесі ретінде – тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдықөндіріс процесінің алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.

          Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай-күйі.

          Ақшаның құнсыздануына  мына факторлар себепші болады:

          Айналысқа артық  ақшаның шығарылуы;

          Қолайсыз төлем  балансы;

          Үкіметке сенімнің жоғалуы.

          Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп  санай отырып, ол ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп келді. Әлі де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар бағасының өсуінде көрінгенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға болмайды. Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Инфляция әлемнің көптеген елдеріндегі экономиканың қазіргі дамуының  ең өткір проблемаларының бірі болып есептеледі.

          Бүгінде инфляция бағаның  өсуі нәтижесінде ақшаның сатып  алу жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экононмикалық  дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен  де байланысты. Инфляцияға өндіріс  пен өткізу сферасындағы әртүрлі факторлар тудырған өндіріс процесінің қарама-қайшылықтары себепші болды. Инфляцияның әуел бастағы себебі –ұлттық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы жинақтау мен тұтыну, сұраным мен ұсыным, мемлекеттің кірістері мен шығыстары, айналыстағы ақша массасы мен шаруашылықтың ақшаға қажеттілігі арасындағы алшақтықтар.

          Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын (себептерін) айыра  білу қажет. Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай –  монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындар – бұл шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдық дамуы, өндірістің монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік-саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік қаржының дағдарысы бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша эмиссиясы, сондай-ақ несие жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде несие құралдарының өсуі және басқалары жатады.

          Дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар (шикізат, энергетика, валюта дағдарыстары), басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған мемлекеттік валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады.

          Сөйтіп, көпфакторлы  процесс ретінде инфляция – бұл  ақша айналысы заңының бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндіріс дамуындағы алшақтықтың көрінісі.

          Инфляцияның іс-әрекетін қаржы проблемаларымен байланыстырып  отыру қажет, өйткені инфляция құбылысы мынандай қаржылық факторларға тәуелді  болып келеді:

  • Белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдану;
  • Инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырудың ауқымы;
  • Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері;
  • Мемлекеттік берешектің көлемі.

          Нарықтық экономика  кезінде қаржы инфляциялық процеске бірқатар факторлар арқылы айтарлықтай әсер етеді (инфляциялық тенденцияларды күшейте түседі).

          Бірінші фактор –  мемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше төлейалушылық сұранымының артуына  жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді. Тауарлар мен қызметке бағаның  көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы бюджет шығыстарының көбеюіне соқтырады, ал оның кірістері, ең алдымен, салық түсімдері қажеттіліктен артта қалып қояды. Бұл сөзсіз болатын ұзақ уақытқа созылған тапшылыққа ұрындырады.

          Екінші фактор –  табысқа (пайдаға) салынатын салықтың көбеюі. Салықтың едәуір бөлігі баға механизмі арқылы тұтынушыға ауысады және рыноктағы бағаның көтерілуінің басты себебі болады.

          Үшінші фактор –  бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары (өндірістік емес шығындардың неғұрлым өсуімен байланысты).

          Инфляция қаржы  қатынастарын да өзгерістерге ұшыратады. Біріншіден, инфляция тауарлар мен  қызметтерге бағаның өсуі салдарынан мемлекет шығыстарының өсуін жандандырады.

          Екіншіден, инфляция қаржы ресурстарын құнсыздандырады  және салық түсімдерін арттырудың қажеттігін тудырады.

          Үшіншіден, инфляциялық  процесс мемлекеттің берешегі проблемаларын  шиеленістіреді.

          Сөйтіп, қаржы мен  инфляция өзара тәуелді болып  келеді қаржы инфляциялық процестердің тездеткіші бола алатыны сияқты, инфляция да қаржы қатынастарына әсер етеді. Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі мемлекеттің шынайы кірістерін төмендетуге, бюджеттің шығыстарын көбейтудің қажеттігіне, салық ауыртпалығының күшеюіне, мемлекеттік бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттік борыштың өсуіне ұрындырады. Инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қаржы ресурстарын құнсыздандырады, өйткені салықтық  кірістер мен қарыздар оларды есептегеннен кейін уақыттың белгілі бір межелдемелері арқылы түседі, сондықтан мемлекеттің берешектің проблемасы шиеленіседі, өйткені қарыздарды тарту үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстыылығын несиелік пайыз деңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр болады, бұл мемлекеттік борыштың атаулы өсуін тудырады.

          Қаржы қатынастары  мен инфляциялық процестердің бір  бағытты келеңсіз сипаты, бірін-бірі өзара толықтыра отырып, экономикалық жүйедегі келеңсіз нәтижелерге апарады. Мәселен, инфляция бірқатар әлеуметтік-экономикалық проблемаларды тудырады: ақшалай табыстардың құнсыздануы, ұзақ мерзімді инвестицияларға деген экономикалық ынтаның түсуі, ақшалай жинақтардың құнсыздануы, нақтылы пайыздың төмендеуі, экономикалық  байланыстардың бұзылуы және т.б.

          Төмен инфляция немесе оның болмауы ұлттық шаруашылықтың  түрлі деңгейлерінің қаржылық көрсеткіштерін жақсартатыны секілді ұқсас жағдайда қаржы қатынастарының оң бағыттылығы инфляция деңгейін төмендетеді.

    Сөйтіп, қаржы мен инфляция өзара тәуелді  болып келеді. Қаржы инфляциялық  процестердің тездеткіші бола алатыны  сияқты, инфляция да қаржы қатынастарына  әсер етеді. Ақшаның құнсыздануы  және бағаның көтерілуі мемлекеттің шынайы кірістерін төмендетуге, бюджеттің шығыстарын көбейтудің қажеттігіне, салық ауыртпалығының күшеюіне, мемлекеттік бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттік борыштың өсуіне ұрындырады. Инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қаржы ресурстарын құнсыздандырады, өйткені салықтық кірістер мен қарыздар оларды есептегеннен кейін уақыттың белгілі бір межелдемелері арқылы түседі, сондықтан мемлекеттің алу сәтінде олар құнсызданады. Осыған ұқсас мемлекеттік берешектің проблемасы шиеленіседі, өйткені қарыздарды тарту үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстылығын несиелік пайдеңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр болады, бұл мемлекеттік борыштың атаулы өсуін тудырады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

II. ҚР – ДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ  ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЛАРЫН ТАЛДАУ 

    2.1 Қазақстандағы 1999-2010 жж. кезеңіндегі инфляциялық процестер  динамикасы 

    1999-2000 жж. бастап Қазақстан экономикасы  тұрақты өсу траекториясына шықты.  Нарық реформаларының ішінде  қаржы секторындағы реформа экономикалық белсенділікті жоғарылатуға мүмкіндік жасайды. Республикада қазіргі талапқа сай банк жүйесі құрылған, несие нарығы серпінді қарқынмен дамуда. Республикада нарықтық инфрақұрылым құрылды. Олар өз қарамағына шағын және орта бизнеске қызмет көрсететін банкілер жүйесін, инвестициялық және сақтандыру компанияларын, аудиторлық фирмалар мен басқа субъектілерді қамтиды.

    Бірақ жалпы макроэкономикалық жағдай жақсарып, экономика тұрақты өрлеуге  бет бұрғанмен, осы 2007 жылдың екінші жартысында тауарлар мен қызметтерге бағалардың өсуі байқалды. Әрине қазіргі жағдайдағы бағалардың өсуін 1990 жылдардағы инфляциялық процестермен салыстыруға болмайды.

    Ағымдағы  жылдың 8 айында  Қазақстанда инфляция деңгейі 8,2 пайызды құрап, жоспарланған деңгейден асып түсті. Бұл туралы үкіметте өткен отырыста, премьер-министр Кәрім Мәсімов мәлім етті. Оның айтуынша, биылғы жылғы қаңтар мен тамыз айы аралығында айналымдағы қолма-қол ақша 36 пайызға және ақша массасы 24 пайызға өскен. Сондай-ақ бағаның көтерілуі Шымкент, Алматы, Тараз, Астана, Атарау қалаларында орын алған.

    Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәліметіне қарағанда, аталған инфляцияның 52,1 пайызы азық-түлік тауарларының қымбаттауы есебінен өскен. Экономика  және бюджеттік жоспарлау министрінің  сөзіне қарағанда, тұтынушылар бағасы индексінің құрылымында азық-түлік тауарлары тобының қымбаттауы 7,6 пайызды құраған. Ал өткен жылғы сегіз айындағы көрсеткіш 4,6 пайыз болатын. Мұнымен қоса азық-түлік емес тауарларының бағасы 4,9 пайызға көтерілген.[45]

    Төмендегі 2-кестеде көрсетілгендей, Қазақстанның қысқа мерзімді сыртқы қарыздағы резервтер үлесі өте жоғары. 2004 жылы резервтік активтер қысқа мерзімді сыртқы қарыздан екі есе асып кеткен. Бұл Қазақстан қажет болған жағдайда бір жылға дейінгі қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға дайын екенін көрсетеді. Бірақ 2005 жылы жағдай күрт өзгерді. Елде жиналып қалған қысқа мерзімді сыртқы қарыз көлемін резервтер енді жаба алмайтын болды.  
 
 
 
 
 
 
 

Кесте 4 – Халықаралық инвестициялық  ахуал бойынша өтімділік көрсеткіштері  

Млн. АҚШ  долл.

  Жылдар
Көрсеткіштер 1999 2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006
Резервтік активтер 2003 2096 2508 3141 4962 9280 7070 19113
Жалпы сыртқы қарыз 12081 12685 15157 18251 22920 32946 43539 73455
Сыртқы  қарыздағы резервтер үлесі, % 17 17 17 17 22 28 16 26
Қысқа мерзімді сыртқы қарыз 1805 1021 1366 2360 3771 3941 8020 7253
Қысқа мерзімді сыртқы қарыздар бойынша резервтер  үлесі, % 111 205 184 133 132 235 88 264
ЖІӨ-ге ағымдағы шот балансының үлесі, % -1.41 2.00 -6.28 -4.16 -0.88 1.34 -0.97 -2,3
Экспорттағы сыртқы қарыздың үлесі, % 175 123 148 157 153 145 142 177
 

   Дағдарыстар қысқа мерзімді сыртқы қарыздағы  резервтердің жоғары үлесі бар елдерде  де, мысалы Венесуэлада, Малайзияда, Колумбияда орын алғандығын атап өткен жөн.

   1994 жылы Венесуэлада болған дағдарысқа дейін осы көрсеткіш Қазақстанға қарағанда елеулі жоғары болды және ол 250%-ды құрады. Бірақ Венесуэланың тауар мен қызмет экспортындағы сыртқы қарызының үлесі Қазақстанға қарағанда екі есе жоғары болды, яғни экспорттық түсім елдің қарызын 280%-ға қамтамасыз ете алмады, ал осы уақытта Қазақстанда бұл көрсеткіш 177%-ды құрады.

   Халықаралық инвестициялық позиция (көзқарас) мәліметтері  бойынша нетто-позиция елдің төлем  қабілеті тәуекелділігінің көрсеткіші болып саналады. 3-кестеден көрініп  тұрғандай, Қазақстан 1998 жылдан бастап, жарамсыз нетто-позицияны сақтап келеді. Сыртқы міндеттемелердің ел активтерінен шапшаң артуы 2000 жылы орын алды және сол уақыттан бері жағымсыз өсім үрдісіне ие.  
 
 
 
 
 
 
 

    Кесте  5 – Қазақстанның халықаралық нетто-позициясы

Млн. АҚШ доллары

  Жылдар
Көрсеткіштер 1998 1999 2000 2001 2002 2003 2004 2005
Сыртқы  активтер 2391 2599 4613 6117 9322 14284 23071 30159
Ішкі  міндеттемелер 3596 3669 15727 19192 23056 29042 38773 50436
Нетто-позиция -1205 -1070 -11114 -13075 -13735 -14758 -15702 -20277
Нетто-позицияның өсімі, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда, % -3866 11 -939 -18 -5 -7 -6 -29
 

   Сөйтіп, Қазақстанға сыртқы қарыздар, қарыздық бағалы қағаздар шығарылымы түрінде  келетін капитал ағымы Қазақстанның сыртқы қарызының көлемін одан әрі  ұлғайтады.

   Ұлттық  Банк үкіметке несиелер бермейді, өзінің мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынын мүлдем ұлғайтпайды. Коммерциялық банктерді  қайта қаржыландыру мардымсыз көлемдерде жүргізіледі. Валюталық резервтерді  арттыру нәтижесінде туындайтын ақшалай ұсыныстардың артықшылығын залалсыздандыру мақсатымен Ұлттық Банк коммерциялық банктерден депозиттер тартады.

   Басқа да тауарлар тәрізді бағасы өсетін доллар бағамы инфляцияға әсер етеді. Бұл фактор импортталушы инфляция түрлеріне  қатысты. Сатып алынатын долларлар елдегі тауарлар мен қызметтер бағасының сомалық көлемін көтереді, яғни кәсіпорындар, банктер және тұрғындар тарапынан ұлттық валюта мен қосымша төлем төлеуге қабілетті сұранысқа қажеттілік бар. Экономиканың «долларизация» жағдайында мемлекет инфляцияны монетарлық әдіспен бақылау мүмкіндігінен айрылады, өйткені тауарларға ұсыныс тек теңгеге ғана емес, өткізілетін көлемі белгісіз долларға да болады.

   Долларға  қарағандағы теңге бағамының  төмендеуі бағаның инфляциялық  өсуінің белсенді факторы болды, өйткені импорттық тауарлар Қазақстан тұтыну нарығының жартысын құрады. Импортталатын инфляцияның тетіктері доллар мен басқа да шетел валюталарына жоғары сұраныстың пайда болуынан айқын көрінді.

   Соңғы уақытта Үкімет пен Ұлттық Банк өзінің ақша-несие саясатында екі мақсатқа жетуге ұмтылуда. Бірінші мақсат – инфляцияны төмендету, екіншісі – экономиканың нақты секторы жағдайының нашарламауы үшін теңгенің тиімді бағамын ұстап тұру болып табылады. Бұл мақсаттар іс жүзінде бір-біріне қарама-қайшы. Бюджет тапшылығы мен мемлекеттің ірі қарызды тұтыну мүмкіндігі жоқ кезде инфляцияны төмендету өте қиын емес. Ұлттық банктің нарықтан валютаны сатып алуын және өзінің алтын-валюта қорын көбейтуін тоқтату қажет. Мұндай жағдайда ақша көлемі баяу өседі, одан кейін ол мүлдем тоқтайды. Бұл инфляцияның төмендеуін ең соңында нөлге дейін алып келеді.

   Сонымен бірге бұл нақты, атаулы құнында  көрініс табатын теңге бағамын  білдіреді, ол өз кезегінде импорттың  өсуіне, экспорттаушылар жағдайының нашарлауына және өндірістің құлдырауына  әкеліп соқтырады.

   2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда еңбекақы 19,7%-ға, нақты көріністе – 10,2%-ға  өсті. Еңбекақының өсуі елдегі  экономикалық белсенділіктің артуымен  айқындалады. Экономиканың бюджеттік  секторындағы еңбекақы өсуінің  артынша басқа салаларда да  сонымен мөлшерлес өсім ере жүрді.

   Экономикада инфляциялық көріністің сақталуы ақша агрегаттарының елеулі өсуіне себеп  болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықаралық таза резервтерінің  өсуі 2006 жылы оның қаржылық базасының 26,5 пайызға, яғни 1501,5 млрд. теңгеге дейін кеңеюіне мүмкіндік жасады (4-кесте).

   Инфляцияның төмендеуін тізгіндеу инвестициялық  белсенділік пен тұтынушылық  сұранысы жоғары экономиканың елеулі өсуіне қарсы әрекет етеді. Экономикалық көтерілу экономиканың ақша көлеміне толығуын туындатады. Мұндай толығудың ең маңызды критерийі ақша көлемінің МЗ агрегатының ЖІӨ-ге қатынасы арқылы танылады. 1995–2006 жылдардағы бұл қатынастар келесі жағдайда қалыптасты (6-кесте).

   5-кестеден  көрінгендей, ЖІӨ-нің өсуі экономиканы  монетизациялау деңгейінің көтерілуінен орын алды.

   Елге  шетел валютасының ағылып келуі  қуат көздеріне әлемдік бағаның  жоғары болуымен байланысты еді, олар Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылуының есебінен тазаланды. 2008 жылдың аяғында ҚР ҰҚ-ның активтері 13 млрд. АҚШ долларынан асты.

    Кесте 6 – ҚР-ның кезең аяғындағы  ақша агрегаттары 

Млн. АҚШ  теңге

  Жылдар
2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007 2008
Қаржылық  база (резервтік ақшалар) 126749 134416 174959 208171 316962 577841 662971 1501500
Өткен кезеңмен салыстырғандағы өзгерістер, % 55,7 6,0 30,2 19,0 52,3 82,3 14,7 26,5
МО (айналымдағы қолма-қол ақша) 103486 106428 131175 161701 238730 379273 411813 600800
М1 162115 195442 224234 287293 411646 680632 799401 874502
М2 237260 290643 337980 498071 692844 1175491 1515962 1754861
М3 (ақша жиыны) 273880 397015 576023 764954 971213 1650115 2065340 3716000
Өткен кезеңдермен салыстырғандағы өзгерістер, % 84,4 45,0 45,1 32,8 27,0 69,9 25,2 79,9
Инфляция: мәні, себептері және әлеуметтік экономикалық салдарлары