Интернет желісі. Rambler.ru серверінде ақпарат іздеуді ұйымдастыру тәсілдерін талдау



Интернет желісі. Rambler.ru серверінде ақпарат іздеуді ұйымдастыру тәсілдерін талдау

Интернет желісі. Rambler.ru серверінде ақпарат іздеуді ұйымдастыру тәсілдерін талдау

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті механика-математика факультеті

Информатика пәнінен «Интернет желісі. Rambler.ru серверінде ақпарат іздеуді ұйымдастыру тәсілдерін талдау» тақырыбы бойынша курстық жұмыс

Орындаған:Оспан Әсел

ИС 2-топ

Тексерген: Бөрібаев Б.Б

Алматы 2009

КІРІСПЕ

 

Барлығымыз пенде болғандықтан әрқашанда өзіміз сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреміз. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен толықтыруда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазір де INTERNET жалпыға бірдей информациялық қор тәрізді ертектегі "хашдалардан" күнделікті "күніңізге" айналып барады. Оның қүрамында миллиондаған компыотерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. INTERNET желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен.ІSОС (Іnternet Society-Іnternet қоғамдастығы) президентінің жақында INTERNET желісін пайдаланушылар саны бір милиардқа жетеді деуі де бекер емес шығар. Мүнда таңданарлық ешнәрсе жоқ. Сол себепті INTERNET бізге "даналық көзі" болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдалатынымызды білген артық болмайды.

Internet (бас әріппен жазылса)кез келген компъютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік Желі. Оны дүниедегі ең үлкен ауқымды (глобальный) желі деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компыотерлер бір-бірімен ТСР/ІР хаттама (протокол) ережелерімен мәлімет алмасады, оларды бір нұсқада, яғни бір тілде «сөйлейді» деп айтса да болады. Дүниежүзілік Халықаралық телефон желісі сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкімнің жеке меншігі емес. Міне, осы Интернет желісі көмегімен басқа компьютерлердегі ақпаратты көріп, қашықтан телеконференцияларға қатынасу жүмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.

“Рамблер” орыс тіліндегі әлемдік аудиториялық Интернеттің көшбасшыларының бірі Rambler.ru сервері - бұл 1996 жылы Пущино қаласында құрылған алғашқы орыс тіліндегі Интернет желісінің Іздеу жүйесі.

  

  1. ІNTERNET ЖЕЛІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ

 

ІNTERNET желісінің алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70 жылдар басыңда АҚШ қорғаныс министірлігінің АРRANET компьютерлік жүйесі болып саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір - бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері бұзылғанмен, сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды.

Дегенмен INTERNET тек желі ғана емес, ол желілердң желісі. INTERNET көптеген байланыс желілерін бір - бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды.

Оның қарапайым желілік  нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.

INTERNET-тің бір ерекшелігі  оның құрамындағы көптеген компьютерлер нақты BBS тәрізді жұмыс істейді (шындығында, INTERNET компьютерлерінің көпшілігі ВВS сияқты істемейді, бірақ әркім одан файлдар алып, мәліметтер базасын пайдаланып, яғни оның ішкі мәліметтерін пайдалануға мұрсат алады). INTERNET-ке қосылу дегеніміз басқа жерлерде тұрған 1000 - даған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден өкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базаларындағы, жергілікті қорлардағы көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді және т.б. цифрлық түрге айнала алатын барлық информацияны ала аласыз.

 

  1. Компьютерді желімен жұмыс істеуге даярлау.

 

Интернет желісімен  жүмыс істеу үшін компьютер, модем, телефон арнасы, осыларды байланыстыру ісін аткаратын программалық жасақ  қажет және белгілі бір провайдермен байланысу керек. Интернетпен жүмыс істеуге мүмкіндік беретін компьютердің ең кіші (шгаималды) параметрлері мынадай болады:

Windows 95 операциялық жүйесі (желі жұмысына Windows 98 ыңғайлырақ);

486/66 МГц DХ процессоры немесе одан жоғарғы модельдердің бірі;

компьютердің жедел жады (RАМ) көлемі - 8 Мб немесе одан жоғары;

қатты магниттас диск (HDD) көлемі - 500 Мб немесе одан жоғары;

модемді қосуға арналган СОМ РORТ болуы тиіс;

SVGА мониторы;

модем (модулятор-демодулятор);

тышқан тетігі,

Қазіргі кездегі желімен  жұмыс істейтін ең кең тараған компьютер құрамы:

Pentium 2 /350 МГц немесе АМD К6-2 /350 МГц;

RАМ көлемі — 64 Мб;

HDD көлемі - 5000 Мб;

LG не Samsung фирмаларының SVGA мониторы;

дыбыстық карта мен акустикалық жуйе;

UR Robotics модемі, мәлімет алмасу жылдамдығы 33,6 Кбит/сек.

Модем дегеніміз — провайдер торабымен дербес компьютердің байланысын қамтамасыз ететін арнайы құрылғы. Модемнің негізгі сипаттамасы болып ол аркылы бір секундтагы тасымалданатын биттер санымен өлшенетін оның мәліметтерді қабылдау/жөнелту жылдамды-ғы (бит/с немесе кбит/с - b/s, kb/s) саналады. Модемнің жылдамдығы жоғары болған сайын оның бағасы да өсіп отырады. Модемдер орналасуларына қарай ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі модемдер арзанырақ болады, оларды сатып алу кезінде провайдерлермен ақылдасқан абзал. Бірақ Алматыда көптеген провайдерлер 50 кбит/с-тан жоғары жылдамдықты қамтамасыз ете алмайды, оның үстіне біздегі телефон желілері де әлсіз келеді, сондықтан жылдамдығы 56 кбит/с модем алудың қажеті шамалы.

 

 

  1. Internet-пен қатынас Құру

 

Бізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік және оның қай жерде екені бізге белгілі болсын. Ол файл тегін берілетін программа, жүмысқа керекті ақпарат (құжат), сурет немесе кітап та болуы мүмкін. Енді сол файлды өз компьютерімізге қалай әкелу жолын қарастырайық.

Мүндай мақсат үшін файлды жеткізу хаттамасы деп аталатын жүйе қолданылады (File Тransfer Ргоtосоl — FТР). Практикада FТР не ftp термині жиі ұшырасады. Каталогта немесе почталық хабарда "файлды алу үшін компьютерге оны жеткізу" деген сөздер кездесуі мүмкін. Ол осы файлды алу үшін FТР жүйесі қолданылатынын білдіреді. FТР арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер FТР-сервер деп аталады. Көптеген FТР-серверлер барлық адамдар үшін ашық болады, кез келген адам одан администратор рұхсатымен әртүрлі мәліметтер ала алады. Бүл тәсіл анонимдік ftp деп аталады, өйткені мәлімет алу үшін ешкім өз атын айтпайды, белгісіз (аноним) болып қала береді. Көбінесе пароль ретінде әркім өз почталық адресін енгізеді. Ал кей кезде мәліметті пайдалану үшін (кіру үшін) кіру атауын және паролін (разкшогй) білу қажет болады.

FТР-серверінің мәліметтерімен қатынас құру үшін әркім стандартты кіру сұқбатын орындауы керек. Оның бір мысалы мынадай болуы ықтимал:

ореn ftp.relcom.su nameid passworol — FТР-серверге кірердегі сұраныс тізбегі, мүндағы:

ореn FТР-сервермен қатынас  құру сұранысы;

ftp.relcom.rsu — FТР-серверінің қажетті информациямен толықтырылған аты;

nomeid — пайдаланушының кіру аты немесе аnоnіmоus;

раsword — сүраушы адамның паролі немесе оның почталық (Е-mаіl) адресі;

Парольді немесе өз атын дұрыс енгізбегенде, FТР-сервер тек  шектеулі командалар жиынын орындай  алады, атап айтқанда:

ореn

hеlр — сервер командалары бойынша анықтама беру;

quit — сеансты аяқтау.

Пароль мен атау дұрыс болса, қатынас құру қүқығына байланысты командалар орындауға болады. Олардың қүрамына мыналар кіреді:

сd каталог_аты — каталогты  ауыстыру;

сd.. — жоғарғы деңгейдегі каталогқа қайту;

gеt файл_аты — FТР-серверден файл алу;

 

binary — екілік файлдарды жіберу/алу режиміне ауысу (типтері ехе, соm, аrj, rаr, tаr, zір және т. б.)

dir — ағымдағы каталог файлдары тізімін беру.

FТР-сервермен байланысу сеансында пайдалануға болатын командалар жиынтығын НЕLР командасы арқылы алуға болады.

FТР-серверден файлдар алу кезіндегі әдеттегі командалар жиынтығынан мысал келтірейік.

сd рub/ — барлық FТР- серверін пайдаланушыларға ашық РUB каталоган (директориын) пайдалану;

dir — сол каталог файлдары тізімін беру;

get Оіndех.txt: — FТР-серверден аты көрсетілген мәтіндік файлды алу;

bіnаrу — екілік файлдарды өндеуге өту;

get FТР 140b.ziр — FТР-серверден екілік файл алу;

quit — FТР-серверден ажырау (байланысты үзу).

Осы мысалдан командалық интерфейстің қолайсыз екені көрініп  түр. Ал егер әртүрлі каталогтардан  файлдар алу керек болса және олар ішкі деңгейлерде орналасса, олардың аттары да ұзақ 256 символға дейін созылса, бір сеанстағы жұмыс өнімділігінің онша болмайтынына көз жеткіземіз.

Netscape Navigator және Іnternet Ехрlоrеr тәрізді ыңғайлы графикалық интерфейсі бар браузерлердің шығуына байланысты әрбір адамның жүмысы керек кезінде "тышқан" тетігінің батырмасын басуға ғана тірелгенін айтуға болады.

Мысал ретінде Місrosoft Іnternet Ехрlоrеr 3.01 программасын пайдалану кезіндегі FТР-сервермен ftр:/ftp.rе1kom.ru қатынас қүру сеансын талқьшап шығайық.

Браузерді іске қосу үшін жүмыс столынан немесе есептер тақтасынан Іnternet Ехрlоrеr пиктограммасын табу қажет, соған курсорды алып барып, тышқанның негізгі батырмасын екі рет шерту керек.

Бұл мысалы Internet Ехрlоrеr жұмысын Windows 95 ортасында көрсетеді, сондықтан оның іс әрекетгері осы операциялық жүйеге сәйкес баяндалады Windows З. х ортасында жүйенің хабарлары мен терезе бейнелері басқаша болады, бірақ негізгі жүмыс кезендері мен орындалатын әрекеттер бірдей.

Іnternet Ехрlоrеr - ді іске қосар алдында желімен алыстан қатынас құру программасы іске кіріседі, ол провайдер серверімен сіздің компьютеріңізді байланыстырады.

Мұндайда үш терезеге мәліметтер енгізілуі тиіс .

Сіздің желідегі аты-жөніңіз және пароль (бұлар сізге провайдер-компания арқылы Іnternet-ке қосылып тізімге тіркелген кезде бекітіледі), оған қоса провайдер серверімен байланыстыратын олардың телефон нөмірі. Сіздің сеанс алдындағы ең соңғы әрекетіңіз "Байланыс орнату" (Установить связь) батырмасын басу болып табылады.

Осы сәттерде сіздің экраныңызға алыстағы компьютермен қатынас қүрған программаның бірнеше терезелері шығады (1-сурет). Сеанс кезінде кез келген сәтте "Болдырмау" (Отмена) батырмасын басу арқылы байланысты үзуге болады.

 

1-сурет. Алыстан қатынас жасау программасының терезесі 

 

Жүйелік хабарлар терезелері барлық әрекеттерді дұрыс орындаса, экранға Іntеrnet Ехрlоrеr терезесі шығады. Одан әрі жүмыс істеу барысында сізге аспаптар тақтасында бірнеше батырмалар мен меню жолдарын пайдалану керек болады. Соларды қарастырып өтейік. Батырмалар астындағы жазулар олардың қызметін көрсетеді, бірақ қай кезде оларды басу керектігі онша түсінікті бола бермейді. Ал, сеанс кезінде оқып үйрену оңай емес, өйткені желідегі байланыс орнатылған сәттен бастап, ол біткенше уақытқа ақы төленеді.

Алдымен "Адрес" өрісін қарастырайық, бұл өрісте ҒТР адресі былай теріледі: Qр://Qр.rе1cot.ru.

Адрес терілген соң, "Еntег" пернесі басылады. Осы сәттен бастап сеанс соңына дейін пернелер қажет болмайды, өйткені барлық әрекеттер тышканмен орындалады.

Адрес енгізілген сәттен бастап, Іnternet терезесінің жоғарғы оң жақ бұрышындағы жер шарының бейнесі көрсетілген сурет қозғалып айнала бастайды. Қозғалып тұрған сурет бейнесінің Іnternet Ехрlогег эмблемасына айналуы FТР- сервермен байланыстың толық орнатьлып, тікелей қатынас басталғанын мәлімдейді. 

  1.  RAMBLER.RU СЕРВЕРІ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ


“Рамблер”бұл 1996 жылы Пущино қаласында құрылған алғашқы орыс тіліндегі Интернет желісінің Іздеу жүйесі. Уақыт өте келе,іздеу жүйесін, пошталық және локальдық қалалық байланыстардың басқа сервистерін қосқаннан кейін “Рамблер” орыс тіліндегі әлемдік аудиториялық Интернеттің көшбасшыларының бірі болды.

“Рамблер” бүгін–бұл ашық портал,іздеу жүйесінің мінсіз үйлесімділігі және Интернеттегі дәстүрлі көкжиектік іздеуді өзіне біріктірген (Баға, Жаңалықтар, Вакансиялар, Афиша, Википедия, Авто және т.б) сервер. Әрқашан жаңалық жолақтары жаңарып тұрады және сервистердің өте ауқымды түрлері, яғни аудио және видео, фото және  ашық хат , танысу және хабарлама, сату және финанс, саяхат және спорт, сондай-ақ ашық араласу мүмкіншілігі –пошта және ICQ.

Рамблер мақсатына ресейліктердің Интернетке “кіру нүктесі” болу. Тағы да Іздеу, коммуникация,медиа және ойынның ең жақсы үйлесімділіктерін ойлап тауып , көптеген  мөлшерлі тұтынушыларға қол жеткізу болып табылады (2-сурет).

 

 

2-сурет. Rambler серверінің бас беті.

 

  •  
     

4.1 RAMBLER серверінің даму тарихы 

1991 жылы Мәскеудегі Пущино қаласында коммуникациялық Интернет орталығына қызыққан біройластар тобы пайда болды. Творчестволық ,батыл,жаңа технологияға құштар және белсенді кісілер Д.Крюков, С.Лысаков, В.Воронков, В.Самойлов, Ю.Ершов дәл осы “Рамблер”-дің негізін қалаушылар болды.

С.Лысаков басқарған “Стек” компаниясы локальдық байланыспен және Интернетке қосылумен айналысты.“Стековшылар” өздері қала ішінде байланыс орнатты, Пущино қаласын Москвамен байланыстырды және сол арқылы әлемдік интернетке қосылды.Бұл Ресейдегі алғашқы IP-арнасы болды. 1992 жылы осы компания өзінің меншікті ftp - және mail - серверін жіберді. Екі жылдан кейін өзінің алғашқы www-серверін жіберді.

Программист Д.Крюков проектке ат қоюдан бастады.Ол үшін ағылшынша-орысша сөздікті ашады,сонда көзі Rambler сөзіне түседі. Дмитрийге “ел кезуші” сөзі ұнайды.1996 жылы күзде 26 қыркүйекте rambler.ru домені тіркелді, 8 қарашада “Стек” жүйені іске қосты.Осы кезден бастап “rambler” дамып, эволюцияланды.

1997 жылы Rambler’s Top 100 деген мінсіз рейтинг-классификатор пайда болды.Осындай мінсіз есептеуіштің пайда болуы ресейлік интернетте белсенді, динамикалық бәсекелестік ортаны құрды.Rambler’s Top 100 тезарада әмбебап байланыс барометріне, жалпы стандарттық медиаизмеренияға айналды.

2003 жылы маусым айында компания іздеу көлігінің жаңа версиясын жіберді.Rambler орыс тілін түсінеді, “б/у” , “у. е” және “а/я” не екенін біледі. Осы жылы “Rambler”-дің поштасы жаңарды.

2004 жылы қазанда Rambler Vision –ның жаңа жобасы жіберілді .Бұл Ресей интернетіндегі алғашқы интерактивті мультимедиялық портал.Осы жылдың жазында “Знакомства” жобасы пайда болды.

2004 жылы 26 қарашада Рамблер “Инновация рунета” және “Бесплатный сервис Рунета” номинациясының жеңімпазы аталды.

2005 жылы “Рамблер Медиа” тобы Ресейде ICQ –дің ресми өкілі болды.

2006 жылы желтоқсанда «Рамблер –медиа» және ICQ Inc. жаңа мамандандырылған Rambler –ICQ 5.1 жаңа версиясын ұсынды.

2007 жылы “Рамблер Медиа” “Бегун ” жарнамасының негізгі акционері болды.

2008 жылы “Рамблер” төрт белсенді бағытта –Іздеу, Коммуникация, Медиа, Ойын бағыттарында дамыды.

2008 жылы аудиторияның орташа айлық көрсеткіші 40 млн.нан асты.

2008 жылы мамырда “Рамблер” ICQ-мен жаңа серіктестік келісімге қол қойды.Мақсаты Rambler-ICQ да ICQ арқылы тегін хаттар жіберуді ұйымдастыру.

“Рамблер-Медиа” Google-мен стратегиялық маңызды келісімдерге қол қойды.Мақсаты Google-дағы Іздеу және жарнамалық технологияларды Рамблер сервисінде қолдану.Сонда Рамблер Google–дің жарнамалық блоктарын Іздеу нәтижесінде көрсетіп отырады.

Қазіргі таңда “РамблерМедиа” - ның президенті Марк Опзумер.

4.2 Rambler серверінің негізгі қосымшалары

 

Rambler-дегі ақпараттық - іздеу жүйесі – бұл www.rambler.ru ресурсын тұтынушыға жеткізетін бағдарламалық - аппараттық комплекс, және Интернет байланысындағы ақпарат іздеу қызметін қолдану мүмкіншілігі. Бұл сервис Интернет байланысында мына адрес бойынша орналастырылған: http:// www.rambler.ru.

Rambler HELP жобасы Рамблер жобасын тұтынушы қолданған кезінде пайда болатын сұрақтарына жауап беру үшін арналған. Қолданушыны қызықтырған кез-келген жобаның сипаттамасымен Rambler HELP-тың бас бетінде керекті мәліметті таңдау арқылы таныса аласыз.

Тұтынушыларға ыңғайлы  болу үшін Rambler HELP ішінде терминдік сөздік бар. Ол жерде тұтынушы Интернеттегі өзіне түсініксіз термин сөздердің мағынасын таба алады.

Ассистент-бұл Рамблердің Internet Explorer және Mozilla FireFox браузерлеріне арналған тегін саймандар тақтасы және осыларды қолдану мүмкіншіліктерін мейлінше кеңейту жобасы. Ассистентке жататындар: саймандар тақтасынан іздеу және іздеу нәтижелерімен қосымша жұмыс істеу функциялары; жаңалықтар; курс валютасы; сіздің қалаңыздың ауа райы және жұлдызжорамал; жаңа достар табу; жаңа суреттер алу және т.б.

Вакансиялар. Рамблер: “вакансия іздеу “ арқылы Рамблерге кіргендер Ресейдің бүкіл қалаларынан жұмыс іздеуіне мүмкіншіліктері бар. Рамблер: “вакансия іздеу “ ірі,орта және шағын кадрлық агенттіктердің және Интернет порталдардың жұмыс жайлы ұсыныстарын көрсетеді. Бұндай жоба жұмыс іздеушінің уақытын үнемдейді және өз мамандығы бойынша көптеген жұмыстарды қарастыруына көмектеседі.

Пошта. Рамблердегі пошта қызметіне тіркелгеннен кейін сіз мөлшері 1000 мегабайтқа дейін жететін өзіңіздің дербес пошта жәшігіңізді аласыз. Осының көмегімен сіз кез-келген Интернетке қосылған компьютер арқылы электрондық поштаңызбен жұмыс істей аласыз. Ең бастысы сіз тіркеуді қажет ететін Рамблердің барлық ресурстарына кіре аласыз. Пошта адресі: [email protected].

Фото. Рамблер-фото – фотографиялармен алмасу үшін арналған интернет –бірлестік. Тұтынушыларға фотоальбом құруға және фотолар енгізу мүмкіншіліктерін беретін сервис. Бұл жерде фотоальбом жасау өте оңай және жылдам.

4.3 Rambler’s TOP 100 серверінің сипаттамасы

Rambler's Top100 –бұл Ресей Интернетінің ресурсындағы өте күшті рейтинг-классификатор. Желі қолданушылары Рамблер Топ 100-ді ең жақсы деген сайттардан әрдайым көреді. Бұл рейтинг Ресей байланысының орталығы. Бұл жай қолданушылармен қатар мықты мамандарға бүкіл ресейлік әмбебап киберкеңістіктің панорамасын ұсынады. Топ100 Ресей Интернетін қарапайым қолданушылармен  ресурс басшыларына және жарнама берушілерге түсінікті әрі қарапайым болып келеді.

Топ100 интернет-жарнама кеңістігінде Байланыс кеңістігінің көшбасшысы. Осы сервисті құру үшін арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету ойлап табылды және оған қойылған талап нәтиженің тез және нақты болуы. Мақсаты вебмастер емес қолданушыларға өздерінің беттерінде неше болғанын тез әрі нақты көрсетіп береді. Аталмыш сервер көптеген параметрлерді тіркейді.

Рамблер компаниясы жаңартылған Rambler TOP 100 дің рейтинг-классификатор версиясын жіберді. Бағдарламалық қамтамасыз етудің сервисі енді 64-биттық AMD64 процессорымен екі “айналық” серверімен жұмыс істейді. Операциялық жүйе ретінде FreeBSD/amd64 қолданылады.

Rambler TOP100 әрдайым даму үстінде. ТОР 100 де тіркелген 500 мың сайттың 100 мыңы әрдайым жаңарып тұрады ,ал күн сайын ТОР 100 110млн. “хиттарды” тіркейді.(3-сурет)

 

 
 

 

3-сурет. Рамблер Топ 100–дің бас беті.

4.4 Rambler ICQ бағдарламасымен жұмыс жасау

 

ICQ WAY SMS–бұл Rambler –ICQ бағдарламасынан ұялы телефондарға хат жолдау мүмкіншілігі және тікелей ICQ - ден жауап алу.

Егер ICQ - дан досыңызға хат жолдағыңыз келсе ,менюдегі диалогтық терезесіндегі “СМС–хат жолдау” пернесін басыңыз да, текстіңізді теріп, “Жолдау” пернесін басыңыз.

RAMBLER ICQ Рамблер сервисі мен ICQ арасында көптеген хаттамалармен алмасып отыруға болатын артықшылықтар жүйесінің орыс тіліндегі сервисі. Тұтынушылар бір-біріне хаттамалар жолдай алады және қарапайым хаттамаларды қабылдай отырып, ашық флеш - роликтер арқылы бір-бірімен араласып, дыбыстық және видео байланыстарды қолдана алады. Іздеу арқылы сіз ірқашан да жаңа достар таба аласыз.

Тағы бір мүмкіншілігі Rambler ICQ арқылы Интернетте отырғандар достарымен түрлі ойын ойнай алады. Ойын түрлері: Аркадный, Карточный, Логический (5-сурет), Камень судьбы (4-сурет), Шахматная планета (6-сурет), Чудо шарики (7-сурет), Бегалки және т.б.

     

 

4-сурет  5-сурет 6-сурет 7-сурет

4.5 Ferra.ru сайтының жалпы сипаттамасы

Компьютер немесе техниканың басқа  түрін таңдау оңай жұмыс емес. Әдетте техника дүкеніндегі сатушылар әр модель бір-бірінен қалай ажыратылатынын білмейді , және керекті кеңес бере алмайды. Сондықтан ақшасын сапалы техникаға жұмсағысы келген адам ақпарат іздейді. Ол әрине біріншіден Интернетке кіреді. Арнайы осындай ақылды тұтынушылар үшін Рамблер әр түрлі гаджеттер, ноутбуктерден бастап фотоаппаратқа немесе ұялы телефонға дейін таңдауға болатын бірнеше бағдарламалар ұйымдастырды. Осы бағдарлама тұтынушыларға дұрыс таңдау жасауына көмектеседі. Бұл бағдарлама әр техниканы сипаттап, атқаратын функцияларына шейін көрсетеді.

Мынаған назар аударайық, FERRA.RU сервері(8-сурет) компьютерлерді немесе басқа да техника түрлерін сатумен немесе осы техникаларды шығаратын фирмаларды жарнамалаумен айналыспайды.

Жалпы сұрақтар үшін–[email protected]

Пресс-релиздер үшін–[email protected]

Жаңа авторлар үшін–[email protected]

Статья ішінде жіберілген қателерді хабарлау үшін–[email protected]

Техникалық проблемаларды хабарлау үшін–[email protected]

 сайттарына кіру керек. Бас редакторы Михайл Панюшкиннің адресі [email protected] .

 

 

8-сурет. Ferra.ru сайтының бас беті.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Internet (бас әріппен жазылса) - кез келген компъютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік Желі. Оны дүниедегі ең үлкен ауқымды (глобальный) желі деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компыотерлер бір-бірімен ТСР/ІР хаттама (протокол) ережелерімен мәлімет алмасады, оларды бір нұсқада, яғни бір тілде «сөйлейді» деп айтса да болады. Дүниежүзілік Халықаралық телефон желісі сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкімнің жеке меншігі емес. Міне, осы Интернет желісі көмегімен электрондық почта арқылы хабар алып (беріп), басқа компьютерлердегі ақпаратты көріп, кашықтан телеконференцияларға катынасу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.

ТСР/ІР—Интернет желісіне қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.

ІР (Internet Ргоtосоl)—мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін желіаралық хаттама.

ТСР (Transmisson Control Protocol)—мәліметті жөнелту ісін басқаратын хаттама, ол желідегі ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады.

Rambler.ru 1996 жылы Пущино қаласында құрылған алғашқы орыс тіліндегі Интернет желісінің Іздеу жүйесі. Рамблер әлемдік аудиториялық Интернеттің көшбасшыларының бірі болды.

Рамблердің бірнеше  сервистары бар. Олар : Rambler HELP, Rambler TOP100, Rambler Ferra және Rambler mail.

Rambler HELP жобасы тұтынушы Рамблер сервисін қолданған кезінде түсінбеген жайттарына жауап беру үшін арналған.

Rambler Ferra жобасы тұтынушыларға дұрыс техникалық құрал таңдауына көмектеседі.

Rambler mail жобасы тұтынушылар бір-біріне хат жолдау үшін немесе хат қабылдау үшін арналған және бұл жерде олар өздеріне жаңа достар таба алады.

 

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Информатика: Учебник/ Под ред. Н.В. Макаровой / -М.: Финансы и статистика, 1997.-360 с.
  2. Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере / Под ред. Н.В. Макаровой. -М.: Финансы и статистика, 1997.- 457 с.
  3. Информатика для юристов и экономистов / Учебник для вузов под редакцией С.В. Симоновича. -С-Пб. –2001. – 688с.
  4. Острейковский В.А. Информатика: Учеб. для вузов / –М.: Высш. шк. - 2000. –511с.
  5. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б.Б., Дәулетқұлов А.Б. Жаңа ақпараттық технологиялар: информатикадан 30 сабақ. Жоғары және орта оқу орындарына арналған оқулық / - Алматы: ЖТИ.- 2004. – 440б.
  6. Кенин А., Кенина Л. Самоучитель по IBM PC или как научиться работать на компьютере: Научно-популярное издание. -Екатеринбург: Изд-во «Планета»,2004.–496с.
  7. Фигурнов В.Э. IBM PC для пользователя. -М.: Финансы и статистика, 2004.-347 с.
  8. Экономическая информатика. Учебник для вузов. Под ред. Проф. В.В.Евдокимова. СПб.: Питер, 2005.-153 с.
  9. Интернет желісіне кіріспе. Әдістемелік құрал.//Балапанов Е., Бөрібаев Б.Б., т.б.-Алматы,ЖТИ.-2004.-24 б.
  10. www.rambler.ru сайты.

 

 

Мазмұны 

Оспан Әсел ИС 2-топ


Интернет желісі. Rambler.ru серверінде ақпарат іздеуді ұйымдастыру тәсілдерін талдау