Интернет журналистика. 2

Кіріспе

 

Журналистика – өмір айнасы. Ол өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып  жатқан іс-әрекеттер жөнінде ой тастайды, қоғамға жол сілтейді, бағыт-бағдар алуына көмек етеді. Осылайша журналистика маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік  туғызып, шындықты ашып береді. Журналистік  қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Журналист бұл салада қоғамдық-саяси  қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен  белсене араласады.

Журналистика – халықтық болып саналады. Өйткені, журналистика – халықтың қамын ойлайтын, соның  қажетін қарастыратын сала. Қандай мәселені көтермесін журналистика соның  бәрін халықтық тұрғыда қозғауға, халықтың сөзін сөйлеуге күш салады. Әрқашан халықтың жағында болып, халықтық позиция ұстайды.

Тақырыптың өзектілігі –  Қазақстан Республикасының ақпарат  нарығының бәсекеге қабілеттілігін дамыту жөніндегі тұжырымдамада  отандық БАҚ-тардың бәсекеге қабілеттілігін дамытудың бірден-бір тетігі желідегі БАҚ сапасын арттыру деп көрсетілген. Сондықтан, отандық интернет–БАҚ-тың  санымен қатар сапасын арттыру  кезек күттірмейтін мәселе.

Курстық жұмыстың құрылымы – ақпарат нарығындағы қоғаммен байланыстың қазіргі технологиялары,  отандық алдыңғы қатарлы сайттар  мен порталдар туралы мәлімметтер  мен  зерттеулер, электронды ақпарат  көшіндегі ақпарат көзі жайында  көрсетілген.

Бүгінгі қоғамдағы бұқаралық  ақпарат құралдарының басты парызы бұқараның санасын билеу, оларға уақыт кезеңдерінің міндеттерін  жан-жақты түсіндіру, жас ұрпақты  тәрбиелеу т.б. толып жатқан сан-саладағы көкейкесті міндеттерді бойларына  сіңіру болуға тиісті. Осы сан-саладағы көкейкесті мәселелерді қоғамға  жеткізуде бұқаралық коммуникация құралдарының ішінде болжам бойынша  жетекші орынға ие болатын – интернет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Электрондық  ақпарат құралындағы интернет  көші

 

Интернеттің бірқатар коммуникация мен ақпараттық ерекшеліктеріне  байланысты интернетке сүйене отыра  жаңа бұқаралық ақпарат құралының  түрі интернет-БАҚ дүниеге келді. Дәстүрлі БАҚ-тан айырмашылығы бірден байқалды. Ол ақпаратты тарату оперативтілігі мен интерактивтілігі еді. Сондықтан  көптеген елдердің ғалымдары жаңа бұқаралық  ақпарат құралын зерттеу нысаны ретінде таңдауда. Интернет-БАҚ-тың  алғашқы нұсқасы 1987 жылы АҚШ-та пайда  болған. “The San Jose Mercury News” газеті тұңғыш рет көпшілік қауымға электронды нұсқасын ұсынған.  Қазіргі таңда, АҚШ-тағы күнделікті басылымдардың тиражы жарты жылда қазан айынан наурыз айына дейінгі аралықта 2,5%, ал апталық (жексенбілік) газеттердің тиражы 3,1% азайған. Керісінше, онлайн БАҚ күннен-күнге қарқынды түрде даму үстінде. Сауалнаманы Американың газет ассоциациясы (Newspaper Association of America, NAA)  770 күнделікті, 610  апталық газеттер бойынша жүргізген. Ассоциация мәліметтеріне сүйенсек, АҚШ-та газет сайттарын пайдаланушылар тоқсан ішінде 56 млн. немесе интернетке кіретін адамдардың 37% құраған.

Ал, Қазақстанда әзірге 3 мыңға таяу интернет сайттары тіркеліпті. Оның 20-25 пайызы БАҚ құралдарының меншігі  болса, қалғаны әр түрлі бағытта. Оның ішінде банк те бар, сауда нүктелері  де бар, ішінара жекелеген адамдардың сайттары да кездеседі. Ал қазақ тіліндегі  сайттар кенжелеп дамып келе жатыр  десек те, кей сәттері әжептәуір  үміт күттіріп қояды. [1]

Курстық жұмыстың мақсаты  – бүкіләлемдік желідегі түрлі сайттар  тарапынан аудитория назарына ұсынылып отырған ақпараттардың жаңа бұқаралық  ақпарат құралының түрі интернет–БАҚ-қа қандай белгілері бойынша жатқызуға  болатындығын теориялық тұрғыдан қарастыру  болып табылады.

Қазақ журналистикасы саласында жаңа медиа технология дәуірі басталды, яғни қазақтілді ақпарат  тәжірибесіне дәстүрлі журналистикадан  бірқатар ерекшелігі бар интернет-журналистика енді.

Ақпарат таратудың басқа  көзіне қарағанда мүмкіндігі зор  жаңа медиа технологияның алғашқы  қарлығаштары ретінде бүгінде тұрақты  аудиториясы қалыптасып келе жатқан (қазақ тіліндегі) Abai.kz ақпарттық порталын, «Мінбер» (minber.kz) Ұлттық интернет газетін, «Замандас», «Алтын Орда», Masa.kz,  Аzattyq.org, т.б. бірнеше интернет ресурстарды айтуға болады. Электронды және баспадағы ақпарат құралдарының интернеттегі нұсқалары да жұмыс жасап жатыр[13].         Жаңа мыңжылдықтағы ақпараттық технологиялардың қарыштап дамуы нәтижесінде, ғаламтор әлемдік сипатқа ие болып, таралымы мен тағылымы зор құбылысқа айналды; заманымыздың бүкіл болмысын айқындайтын ортақ құндылық болып қалыптасты. Сөйтіп, ғаламтор қоғамдық өмірдің барлық саласына дендеп енді: саясат пен экономика, әлеумет, мәдениет пен өнер, тіпті, жұмырбасты пенденің күнделікті тұрмыс-тіршілігі де желімен тығыз байланысып, біте қайнасып кеткендей. Әсіресе, бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына ғаламат әсер етіп, соны сатыға көтерді. Ғаламтор ақпарат ағынының тиегін ағытты, әлемдік ақпараттық кеңістікті қалыптастырып, шеңберін кеңейтті, журналистиканың тың саласы – жаңа медианы жасады. Бұл үдеріс Қазақстанның ақпараттық кеңістігін де айналып өтпеді. Әлі өзіндік бет-бейнесі дұрыс қалыптаспай тұрып, отандық БАҚ интернет-журналистика, яғни, жаңа медианың оң және теріс әсерінен соңғы жылдары орасан зор өзгеріске ұшырауда. Алайда, әлемдік жаңалықты жақсы-жаманын сұраптамастан сіңіріп алғанымыз жарамас-ты. Сондықтан, жаңа медианың отандық БАҚ, ақпараттық кеңістікке ықпалын сараптап алу керек. 
Бұқаралық коммуникация құралдары ғасырлар иірімінде қарыштап дамыды. ХV ғасырда − кітап, ХVІ − газет, ХVІІ ғасырда журнал жарыққа шықты. ХХ ғасырда радио мен телевизияның жасалуы ақпарат саласында орасан зор толқыныс тудырса, ал, ХХІ ғасырда аталмыш коммуникация құралдарын бір арнаға тоғыстырған Интернет пайда болды. Бұл жайт БАҚ-ның дамуына катализаторлық ықпал етіп, өнімділігін, пәрменділігін арттырды, жаңа медиаға (ақпараттың компьютер мен коммуникациялық технологиялардың, компьютермен лайықталған құрылғылар мен Интернеттің интерактивті қызметтері арқылы таралуы -wіkіpedіa.org) жол ашты. Көне түркі жазулардан бастау алып, заман көшінен қалмай, өскелең дәуірге өзінше үн қосып келе жатқан қазақ журналистикасы да бұл жаңалыққа тосырқай қарамады. Қазақ интернет-журналистикасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, нақтырақ айтқанда, 1995 жылы қалыптасты. Сөйтіп ондаған жылдың ішінде отандық интернет желісі -Қазnet-тің үлкен бір саласына, бір сегментіне айналды. Қазnet-тің жандануы нәтижесінде жаңа медиа арналары дамыды: көптеген БАҚ дәстүрлі түрден заманалы мәтіндер мен құрылымдарға ауысты, қазақтілді контенттер мен аудиовизуалды ақпарат көлемі артты, таралу ауқымы кеңейіп, қолжетімді бола түсті. 
Жаңа медианың журналистикаға ықпал-әсерін екі тарапта қарастырған жөн. Ғаламтор арқылы қазақтілді ақпарат алаңдары: порталдар, сайттар, форумдар мен блогтар қазақ аудиториясына тікелей бағытталып жатыр. Қазақ тілді домендер мен хостингтердің саны күннен күнге артып келеді. Қазақтілді интернет-аудитория қалыптасып, бүгінде олардың саны молайды (100 адамға шаққанда 58 тұрғын ғаламторды пайдалана алады. – kzcontent.kz ). 
Жаңа медиа қоғамда журналистиканың жаңа формасын туғызды. Ол құбылыс азаматтық журналистика, интернет-журналистика деген атпен танымал. Жаңа медиа ақпараттың мәтінге тәуелділігін жойды. Себебі, мультимедиялық, графикалық ақпараттың таралуы мәтіндік жүйенің баламалы тенденциясына айналды. Түсінікті де қысқа гипермәтіндер, газет-журнал мәтіндерінің қатталуы, радиотелевизия және баспасөз мұрағаттың қолжетімділігі, іздеу жүйесінің ыңғайлылығы, интерфейстің тартымдылығы бұқаралық ақпарат құралдарын ыңғайлы ете түсті. Жаңа медиа қоғамдағы демократиялық үдерістердің дамуына оң үлес қосуда. Цензураның құрсауын белгілі бір межеге дейін жойды. Интернет БАҚ-тардағы аудиториямен байланыстың оңтайлы әдістерінің болуы ақпарат тұтынушыларының ой мен сөз еркіндігіне мүмкіндік берді. Аудиториямен тығыз қарым-қатынас орнату ісі: оларды медиа ісіне тарту, қоғамдық мәселелерді талқылауға қатыстыру жаңа медианың әлеуметтік маңызын арттыра түсті. Мәселен, тұрақты жұмыс жасап жатқан Abaі. kz ақпарттық порталы, «Мінбер» Ұлттық интернет газеті, «Замандас», Маsa.kz, Bag.kz секілді сайттардағы түсіндірме, түсініктеме (комментарий) жазушылардың өздері ашық пікірталасқа барып, айтысып жатады. Не болмаса, материал туралы өз ойларын ортаға салады. Мұның өзі белгілі бір деңгейде сөз еркіндігі бар екенін аңғартады. Бұрынғы кездерде кері байланыс тек хат немесе радиотелевизияда телефон қоңырауы арқылы ғана орнатылса, ғаламтор енген қазіргі кезеңде, он-лайн хат алмасу мен электронды пошталардың дамылсыз жұмыс істеуі, он-лайн тілдесулердің ұйымдастырылуы еліміздің демократиялық принциптерін жүзеге асырады. 
Қарап отырсақ, қазір «мен» деген БАҚ барлығында дерлік веб-сайт, портал, жекелеген журналистік блогтар мен форумдар, рейтинг-сауалнамалар тіпті әлеуметтік желілері де бар. Бұл дәстүрлі БАҚ-тың өзі жаңа медиа арқылы ақпарат нарығына шығып отыр дегенді білдірсе керек. Алайда, телевизия мен радионы былай қойғанда, баспасөздің веб-парақтары жаңа медианың қалыпына (стандарт) көп келе бермейді. Веб-беттердегі посттардың тым шұбалаңқылығы, визуалды ақпараттың жұтаңдығы байқалады. Мәселен, АҚШ-тың «USA Today», «New-York Тіmes» «Washіngton Post» секілді ірі басылымдарының веб-беттерінде үлкен көлемдегі материалдар аз, мұнда мәтіннің неғұрлым ықшам, оқуға жеңіл болуына аса мән беріледі. Ал, біздің елде газет бетін толтыру үрдісі ғаламторға да ауысып кеткендей. 
Ғаламтордың қазақтілді интернет сайттарға тигізетін кері әсері де баршылық. Ақпарат ағынының толассыздығы салдарынан басқа тілдегі контенттер қазақ тіліндегі ақпаратты ығыстырып шығаруда. Тіпті, өзіміздің елде де көбіне орыстілді ақпаратқа басымдық беріледі. Мәселен, Себебі, қазақтілді Қазnet-тің дәл қазіргі жағдайы орыстілді сайттармен текетіресе алатындай деңгейге жете алған жоқ. Тұтынушысы ең көп делінетін түрлі әлеуметтік желілер мен ақпараттық-сайттар, ақпарат агенттіктері көбіне орыс немесе басқа тілде ақпарат таратады. Тіпті, белгілі, ауқымы кең отандық интернет-порталдардың өзі басым бағытты орыс тіліне беріп отырады. 
Ғаламтор журналистиканы қоқысқа айналдырып та жібергенін коммуникативист ғалымдар мойындап отыр. Қаңқу сөздер мен жалған фактілер, моральдық сапасы төмен ақпараттар легінің толассыздығы, бір-біріне айдап салу, сыртынан ғайбат сөз айту деген секілді проблемалар біздің интернет-журналистикада да белең алып келеді. Бұл турасында профессор Кәкен Қамзиннің пікірі өте орынды: «Қазіргі қазақстандық ақпараттық кеңістікте блогтық жұтаң тіл, кибер ой жүйесі жедел қалыптасып келеді. Тіпті, аса бай, аса құнарлы қазақ тілінің варианты осы деуге сенгің де келмейді. Сауатсыздық пен білімсіздіктің көрінісін іздесеңіз, тап қазір блогосфераға жүгініңіз. Өтпелі, уақытша құбылыс болса да, қазіргі Интернет сауатсыздық резервациясына, шала сауаттылардың дау-дамай, байбаламы мен бетжыртыс алаңына айналды. Ол – индивидтер, жіктер, әлеуметтік топтар мәдениеті мен көзқарасының айнасы, сонымен қатар психологиялық терапия, тұрмыстық тауқыметтен, сыбағалы мифологемадан дистанциялық тілдесу, ақпарат алмасу арқылы арылудың әдісі. Белгілі бір дәрежеде көңілдегі кірді кетіру, психологиялық дерттен емделу тәсілі. Интернет – ортақ тарихи талқының, ортақ тарихи құлазудың да көрінісі» (Қамзин К. Мен ұлттық журналистикаға қызмет етемін! // http://abaі.kz). Шетелдік мас-медиа зерттеушілерінің: «Интернет – это социальная анархия. У системы нет никакого управляющего органа», – деуі тегін емес. Расында да, бас-көзі жоқ ақпарат алаңында не айтылып, не жазылып жатқанын реттеп жатқан ешкім жоқ. Мұның салдарының түрлі жағдаяттарға алып барып жатқаны да мәлім. Ұлтаралық дүрдараздық, діни экстремизм, адам ұрлау, адам саудасы, нәсілдік кемсітушілік, әлеуметтік теңсіздік секілді әлемдік проблемалардың бір ұшы ғаламтормен байланыстырылады. Онымен қоса, түрлі «тәртіпсіз» ақпараттар, көлеңкелі қызметтер, суицидке итермелейтін контенттер тағы бар. Мұның барлығы сұрыпталмастан қазақ аудиториясына сіңіп жатыр. Ертең зардабын Жаңа медианың дилетанттық, яғни, кәсіби емес журналистиканы қалыптастыруы журналистиканың болмысына нұқсан келтірді. Журналистердің кәсіби абыройы мен жұмысына кедергі келтіретін көзқарас қалыптасты. Блоггерлер, оқырман-авторлар журналистиканың тілдік, стильдік мән-мағынасын төмендетті. Публицистиканың эмоционалды-экспрессивті деңгейі әлсіреп, мәтіннің көркемдігі мен мәні, мазмұндық жүйесі арзандады. Ғаламтор тілі деген атауды иемденген «подокаффтық сленг» қазақтілді ақпарат кеңістігіне де теріс әсер етті. Тілдік нормалардан тыс немесе сленгтік мәтіндер қазақ тілінің күш-қуатын одан әрмен әлсірете түсті. Бұл ана тіліміздің тазалығы мен прогрессивті дамуын тежейтін жайт. Онсыз да мемлекеттік тіліміз тұғырына қона алмай отырған бүгінгі таңда ғаламтордағы қазақ тіліне мұндай кері әсері − «жығылғанға жұдырық». Германиялық RTL-дің бас редакторы Петер Клэппель: «Интернет жақсы журналисті ұшпаққа шығарады, жаман журналисті шыңырауға түсіреді» деуінің шындығы бар. Себебі, жаңа медианың соны мүмкіндіктері арқылы жетістікке жетіп журген журналистер аз емес.Интернет журналистің аудиториямен байланысын одан әрмен тереңдетіп, жан-жақты етеді. Ақпарат жинаудың белгілі бір айла-тәсілдерін меңгерген журналистке интернет таптырмас құрал. Ал, шыңырауға түсіретіні жалған ақпаратқа әуес, жалаң сөзге құмар, қабілет-қарымы төмен журналистердің сорына бітуі де мүмкін. Қазіргі кезде оқиға орнын барламай-ақ редакцияда отырып, интернет-ресурстарына арқа сүйейтін журналистер қаншама? Авторлық құқыққа қол сұғушылық, шығармашылық ұрлық (плагиаттық) жолмен өзгенің еңбегін пайдаланып, соңынан араздасып жататындар да жиі кездеседі.

 

 

1.2  Қазақстандағы алдыңғы қатарлы сайттар мен блогтар

 

BAQ.KZ ақпараттық порталы  мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту  және Тілдерді қолдану мен  дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасын жүзеге  асыру мақсатында 2010 жылдың қараша  айында құрылған.

Мақсаты - интернет желісінде  қазақ тілді БАҚ-тың ықпалын  күшейту және барлық қазақ тілді  бұқаралық ақпарат құралдарына  бір ғана сілтемемен қол жеткізуге  мүмкіндік беретін ортақ алаң құру, қазақ тіліндегі контенттің көлемі мен сапасын, қазақтілді оқырманның белсенділігін арттыру.

Порталдағы 16 айдарда күнделікті әлемдегі және Қазақстандағы жаңалықтар ұсынылады. BAQ.KZ-те еліміздің қазақ  тіліндегі 75 газет, 22 журнал сайттары және 85 электронды БАҚ топтастырылған, сондай-ақ, Портал қолданушылары 12 радио мен 14 телеарнаны онлайн жүйесінде пайдалана  алады. «Аймақтық БАҚ» бөлімінде  сайттары жоқ 174 газеттің жеке парақшалары  ашылып жұмыс істеуде. «Блогтар»  бөлімінде 190 блогшы интернет-күнделіктерін  ашып, пайдалануда.

 «Аламан» ұлттық  спорт порталы

2009 жылдың 19 қарашасында  ашылған. Қазақ тіліндегі тұңғыш  спорт порталы. «2011 жылдың еңүздік  қазақ тіліндегі сайты» атағын, 2011 жылы «Нұр Отан» партиясының  ең үздік қазақ тіліндегі сайт  жүлдесін жеңіп алған. 

Порталдың негізін  қалаушылар: Рауан Оқас және Руслан Меделбек

Портал журналистері Парижде өткен ауыр атлетикадан  әлем чемпионатына, Аргентина мен  Испанияда өткен теннистен «Девис кубогына»,  Испаниядағы «Астана» велокомандасының тұсаукесеріне сапар  шеккен. 

«Жас Алашты» www.zhasalash.kz сайты. 2009 жылдың қыркүйегінде  сайт жаңарттылды. Безендірудің соңғы үлгілері мен навигациялық қолайлы жүйе, жеңіл де тартымды интерфейс сайтты бұрынғысынан едәуір жақсарған. Жарнама берушілерге қолайлы болу үшін баннерлердің көлемі де ұлғайтылды. Газеттің сайты — дербес интернет басылым. Басылым бетінде жарық көрген мақалалар интернетте де жарияланады. Сонымен қатар жедел жаңалықтар мен онлайн қызметі енгізілген. Материалдардың рейтингін анықтауға да мүмкіндік туып отыр.

«Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазАқпарат)» Ұлттық компаниясы - бұл  акциялар топтамасы 100% мемлекетке тиесілі  ашық акционерлік қоғам.

«ҚазАқпарат» бұл - ең сенімді  әрі нақты ақпараттық компас, ол Сіздің бизнестегі, қоғамдағы, саясаттағы, социумдағы жетістіктеріңіздің полюсына және жаһандық ақпараттық ой-санаңызға  бағдарланған. 

«ҚазАқпарат» жаңалықтары  агенттіктің - www.inform.kz веб-сайтты арқылы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде таратылады. Сонымен қатар қазақ тіліндегі жаңалықтар латын қаріптерімен де және төте жазумен (араб қарпімен) де  де беріледі. Осының арқасында шет елдерде тұратын және кирил әрпін білмейтін қандастарымыз өздерінің тарихи отандарында болып жатқан оқиғалардан хабардар болу мүмкіндігіне ие.

Тарих беттерінен: 

«ҚазАқпарат» ұлттық компаниясы»  АҚ-ы 1920 жылы РОСТА-ның Орынбор-Торғай бөлімшесі негізінде құрылды. 1925 жылы - агенттік аты ҚазРОСТ болып өзгертілді. 1937 жылы - ҚазТАГ деген атпен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қарауына берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылы 10 қыркүйектегі №3629 Жарлығымен «Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазААГ)»  республикалық қазыналық кәсіпорны  болып өзгертілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылы 8 қарашадағы №1186 қаулысына  сәйкес, ҚазААГ негізінде «Қазақ ақпарат  агенттігі» Ұлттық компаниясы («ҚазАқпарат» ҰК) құрылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылы 3 шілдедегі №668 қаулысына сәйкес, «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» акционерлік қоғамының құрамына кірді.

Әр  жылдары агенттіктің басшылары  болғандар:

Вятич-Кириллов Аркадий Иванович - ҚазТАГ-тың бірінші басшыларының бірі, журналист

Шәріпов Қасым - жазушы, қоғам  және мемлекет қайраткері

Қазыбаев Кәкімжан -  жазушы, қоғам және мемлекет  қайраткері

Ысмағұлов Жұмағали - филология  ғылымының докторы, профессор,  Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі

Амангелді Ахметәлімов - қоғам  қайраткері; Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген мәдениет қайраткері

Әренов Мұрат - Парламенттің ақпараттық-сараптамалық орталығының  бастамашысы және авторы

Шалахметов Ғаділбек -  «Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясының негізін қалаушы, Халықаралық журналистика академиясының академигі

Омаров Жанай Сейітжанұлы - мемлекет және қоғам қайраткері 

ҚазАқпарат - АТААҰ (Азия және Тынық мұхит елдерінің ақпарат  агенттіктері ұйымы), ТААҰ (Түркі елдері ақпарат агенттіктері ұйымы) сияқты халықаралық қауымдастықтардың  мүшесі.

ҚазАқпарат - РАТА-ТАСС, «Жаңалықтар» РАА, Синьхуа, Би-Би-Си, Кабар, БелТА, УкрИнформ,«НОВОСТИ - МОЛДОВА сияқты ақпарат агенттіктердің серіктесі. Бүгінде агенттік ТМД аумағында жұмыс істейтін 527 жаңалықтар веб-сайты рейтингінде алдыңғы қатарларға шығып отыр.

«ҚазАқпарат» жаңалықтары  агенттіктің - www.inform.kz, www.nkkazinform.kz, www.kazinform.kz - веб-сайттары арқылы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде таратылады. Сонымен қатар қазақ тіліндегі жаңалықтар латын қаріптерімен де және төте жазумен (араб қарпімен) де  де беріледі. Осының арқасында шет елдерде тұратын және кирил әрпін білмейтін қандастарымыз өздерінің тарихи отандарында болып жатқан оқиғалардан хабардар болу мүмкіндігіне ие. Сонымен қатар ағылшын тіліндегі сайтты пайдаланушы елдердің қатарында Венгрия, Бельгия, Франция, Түркия, Польша, Нидерланд, Украина, Қырғызстан, Жапония, Сингапур, Израиль, Австрия және тағы да басқа мемлекеттер бар.

Қазіргі уақытта ҚазАқпараттың www.foto.inform.kz,  фотосайты жұмыс істейді. www.foto.inform.kz қызметінің негізгі бағыты - фотоөнімдерді дистанциялық сату. ҚазАқпарат бүгінде On-line режимінде қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі қазақстандық және әлемдік жаңалықтардың шұғыл, обьективті және эксклюзивті таспасы.

Қазақстан Республикасы Президентінің  Әкімшілігі, Үкімет, Мәжіліс, аумақтық мемлекеттік органдар, ұлттық қаржылық және өнеркәсіптік құрылымдар сияқты - мемлекеттік құрылымдардың қызметі  туралы толық және нақты ақпарат  беріп отырады.

Қазақстанның барлық аймақтарының, Орталық Азияның және әлемдік  қоғамдастықтың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінің барлық салалары бойынша анық та сарапталған  нақты ақпараттар береді. «ҚазАқпарат агенттігі» жоғары билік буындарындағы тағайындаулар мен өзгертулер, Президент жарлықтары мен Үкімет қаулылары жөнінде мейлінше дәл ресми ақпарат беріп, республиканың барлық облыстарының экономикалық, мәдени ең соңғы жаңалықтарын ұсынады.

Агенттіктің орталық кеңсесі  Астана қаласында орналасқан.

«ҚазАқпараттың» Алматыдағы филиалы ірі мегаполистің, еліміздің  қаржы және мәдени орталығының тіршілігінен жедел ақпарат беретін тәжірибелі журналистермен қамтылған. Қазақстан, Орталық Азия, ЕурАзЭҚ, ТМД және Балтық жағалауы елдері жаңалықтары қазақ, орыс тілдерінде, Қазақстан мен Орталық Азия жаңалықтары ағылшын тілінде жедел таратылып тұрады.

«ҚазАқпарат» Қазақстандағы  ең ірі және таралымы жоғары ақпарат  агенттігі болып табылады. Елдің  барлық облыстарында, Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Байқоңыр, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Тараз, Талдықорған, Орал, Өскемен және Шымкент қалаларында меншікті тілшілері  бар. Республикамызға стратегиялық маңызы бар таяу және алыс шетелдердің  астаналары мен қалаларында, атап айтқанда Нью-Йорк, Мәскеу, Бейжің, Брюссель, Ташкент, Бішкек және Санкт-Петербор мен Түменде  арнайы тілшілері жұмыс істейді. Агенттік шет елдердегі тілшілер желісін одан әрі кеңейтуді жоспарлап  отыр.

«ҚазАқпарат» ҰК» АҚ-ның  негізгі ақпараттық өнімдері, жаңалықтар таспасы, сатып алушыларға жіберілетін  негізгі ақпараттық топтамалар: «Таңғы жаршы», «Ресми жаршы», «ҚазАқпарат», «Қазақстан-бизнес», «ҚазАқпарат-анонс», «ҚазАқпарат-фото»  фотожаңалықтар таспасы, «Атаулы күндер. Оқиғалар, Есімдер» ақпараттық күнтізбесі [9].

 

 

 

 

2  Қазақстанда  әлеуметтік желілердің дамуының  жалпы сипаттамасы

Бүгінгі күні қазақстандық интернет-пайдаланушылардың арасында «ВКонтакте» және «Мой мир» ресурстары кең түрде пайдаланылады.

Себептері:

1. Қазақстандық ақпараттық кеңістіктің әлі де ресейлік ресурстарға бағытталуы. Сондықтан, Қазнеттің әлі де болса ресей интернет-кеңістігінің бөлігі болып отырғанын мойындауға тура келеді;

2. бұл ресурстардың ойын-сауық қосымшалары интернет-пайдаланушылар үшін неғұрлым тартымды (қазнет желілеріне қарағанда) болып табылады.

Әлеуметтік желілерде  тіркелген интернет-пайдаланушылар «Мой мир» желісінде 3 миллионнан астам қазақстандық пайдаланушылардың аккаунттары тіркелген, бұл елдің интернет-пайдаланушыларының шамамен 70%-ын құрайды.

«ВКонтакте» ресурсында – 1,5 миллион шамасында, яғни интернетке қолы жетімді қазақстандықтардың 35%-ы  мөлшерінде.

«Facebook» желісінде 270 мың  қазақстандық тіркелген (қазақстандық интернет-пайдаланушылардың жалпы  санының 6,3%-ы).

Қазақстан мен Орталық  Азия елдерін салыстырсақ (ел тұрғындарының жалпы санымен салыстарғанда)

«Facebook» желісінде тіркелгендер: 

ҚАЗАҚСТАН 1,62%

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ елдері бойынша  1,42% «ВКонтакте» желісінде тіркелгендер:

ҚАЗАҚСТАН 8,86%*

ҚЫРҒЫЗСТАН – 2,1%

ТӘЖІКСТАН – 0,96%

ТҮРКІМЕНСТАН – 0,98%

ӨЗБЕКСТАН – 0,88%

БАРЛЫҒЫ – 4,92%*

Қазақстанның әлеуметтік желілерді пайдаланушыларының басым  көпшілігі, яғни 80%-дан жоғары тұтынушы орыс тілінде қарым-қатынас жасайды.

Қазнет каталогы 6 997 сайттан құралған, олардың ішінде 617-і – мемлекеттік тілде немесе сайттардың жалпы көлемінің 8,8%-ы

(ҚР Байланыс  және ақпарат министрлігінің 2010 жылғы қыркүйек айының соңындағы  ресми деректер)

Қазақстан Республикасындағы  баспасөз БАҚ-тарының жалпы саны 2 427-ні құрады, олардың 437-і қазақ тілінде немесе елдегі БАҚ-тардың жалпы санының 18%-ы. 
(2010 жылғы 25 маусымдағы ресми деректер бойынша)

Қазақ блогосферасының сипаттамасы

Біріншіден, қазір қазақстандық блог саласы дамудың бастапқы кезеңінде  тұр. Зерттеуге алынған блогтардың жартысынан көп бөлігінің соңғы  жылда ашылғаны да осының айғағы.

Екіншіден, блогтарда жеке сипаттағы мәселелер, сонымен бірге жалпы ақпараттық жобадағы басылымдар, оның ішінде елдерге жасаған саяхаты туралы, күнделікті өмірде қажетті пайдалы кеңестер басым. Осы сипаттағы блогтар ең белсенді болып табылады – жиі жаңартылады, адамдар көп қарайды және түсініктер береді.

Үшіншіден, блог авторлары көтеретін қоғамдық-саяси сала мәселелері, оқырмандарда әдетте онша қолдау таппайды. Кейде тіпті оқырмандардың пікірлері де болмайды. Осыдан қазақ тіліндегі блогтардың қоғамдық-саяси пікір алмасу алаңы болмағандығын түйіндеуге болады. Мысалы көрші Ресейдегі секілді (А. Навальныйдің блогы).

Төртіншіден, қазақ блогы саласы сонымен қатар, қазақ журналистикасы секілді руханилық, мәдениет мәселелеріне бағдарланған. Авторлар мемлекеттік тілді дамыту мәселелеріне, сонымен қатар дін тақырыбын көп көтереді.

Бесіншіден, ең белсенді блоггерлер – журналистер,  оның ішінде журналистика факультетінде оқитын студенттер басымырақ келеді.

Қазақ блогы саласында, қазақ  және орыс тілді баспасөзде талқыланатын ең танымал тақырыптардың салыстырмалы талдауы:

Әлем елдеріне саяхат (алған  жеке әсерлері, суреттер) – 234;

Жеке фотосуреттерді талқылау, өздері туралы түсінік – 115;

Дін (хиджаб және пәренже, Құраннан үзінді және т.б.) – 49;

Қазақ тілінің, қазақ әдебиетінің  дамуы (жазушылар мен ақындардың өмірі туралы ақпараттардың басылымы) – 28;

Киноиндустрия, шоу бизнес жаңалықтары – 24;

Өңірдің өмірі, өңірлік қозғалыстар (жастар, дебаттық) – 23;

Қазақ блоггерлерінің құрылтайы  – 19;

Мемлекеттік мейрамдар туралы (тарихы, құттықтаулар) – 12;

Қазақ тіліндегі басылымдардың  басты тақырыптары:

Азиада – 269;

Президенттің Жолдауы – 97;

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы – 34;

Мемлекеттік тіл – 23;

Білім беру саласы – 21;

Денсаулық сақтау – 20;

Жұмыспен қамту – 19;

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы  – 17;

Индустриалдық-инновациялық даму – 13;

Ауыз су мәселесі – 13;

Экологиялық мәселелер –  12

Орыс тіліндегі басылымдардың басты тақырыптары:

Азиада – 408;

Президенттің Жолдауы – 317;

Отандық медицинаның сапасы – 130;

Жұмыспен қамту бағдарламасы – 100;

Білім беру сапасы – 97;

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы – 71;

Партияның қызметі – 62;

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы – 52;

Әлеуметтік қорғау – 51;

Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы – 45.

Қазақ блогының кейбір ерекшеліктері

Баспасөз бұқаралық ақпарат  құралдарына қарағанда (басылым тіліне қарамастан), қазақ блогы саласы өзекті қоғамдық-саяси оқиғаларды, елдің әлеуметтік-экономикалық саласындағы жаңалықтарды талқылауға бағытталмаған. Бұл түрлі себептерге байланысты болуы мүмкін – аудиторияның бағдары, блоггерлердің пікірінің тәуелсіздігі мен олардың тақырыпты таңдаудағы еркіндігі.

Блог материалдары баспасөз БАҚ-тарын контент-талдауға қарағанда, қандай да бір дәрежеде қолданбалы әлеуметтанулық маңызға ие. Болашақта блогтар қоғамдық көңіл-күйді әлеуметтік өлшеу немесе маркетинктік зерттеулер үшін қажетті құрал болуы мүмкін.

Қазақ блогы саласы және қазақ тіліндегі БАҚ үшін ортақ тақырыптың бары байқалады – ол қазақ тілінің жағдай мен дамуы мәселелері. Қазақ блогы саласы мен орыс тіліндегі баспасөз арасы мүлдем түйіспейді.

Блогтар – азаматтық қоғамның бір ошағы деп қарастыруға болады. Қазақ блогы саласы болашақта – бұл адамдардың тәуелсіз қауымдастығы, және маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру алаңы бола алады [10].

 

 

2.1  Жаңа ақпараттық технологиялар қоғаммен саяси байланыстың құралы ретінде

 

Электрондық үкімет жобасы 2005-2007 жж. Қазақстан Республикасында  «электрондық үкімет» қалыптастырудың  мемлекеттік бағдарламасы аясында  жүзеге асуда. 2006 ж. 12 сәуірде 377 ақпараттық қызмет қоры бар «электрондық үкімет»  веб-порталы – www.e.gov.kz ашылды.  Бұл жоба «бір терезе» принципімен жұмыс істейтін мемлекеттік кызметті жүзеге асыру тұжырымдамасының жүзеге асуы десе болады.  Қазақстан Үкіметі жыл соңына дейін портал бойынша түрлі анықтама мен лицензиялар алу мүмкіндігі мен 2008 ж. пайдаланушылар Интернет арқылы мемлекеттік мекеме қызметтеріне ақы төлей алатындығын мәлімдеді. Бағдарлама аясында интернетті пайдаланудың 2000 пунктін ашу арқылы тек «э-үкімет»  порталға ену мүмкіндігін де қарастыруда.

Қазақстанда   Интернет көбінде жеке мүдделерін ұсыну мақсатында веб-сайттарын ашатын әуесқойлардың қызмет алаңына айналып келді. «Э-үкімет» жобасын  дамыту үшін тұтас алғанда, елдегі Интернеттің дамуына инвестиция тартылып, кәсіби мамандар мен мемлекет тарапынан қолдаулар қажет.  Интернет дамуындағы маңызды фактор – «бүкіләлемдік желі» қызметіне бағаның төмендеуі болмақ. Дегенмен бұл тек  интернет порталдарындағы kz. доменінің дамуына айтарлықтай әсер етпейді. Интернет пайдаланушыларының саны ұлғайғанымен, доменннің белсенділігі артпай отыр. Отандық Kaznet-тің проблемасы «э-үкімет» дамуымен де тығыз байланысты.

Бүгінде Қазақстанда IT-индустриясы  дамуы мен космосқа шығудың алып жобалары жүзеге асуда. «Kazsat» серігінің  ұшырылуы мен Alatau-city ақпараттық технологиялар  паркінің ашылуы «э-үкіметтің»   перспективалық бағыттарын болжауға мүмкіндіктер беріп отыр /25/. Мемлекеттің байланыс және хабар тарату, телекоммуникациялық қызметтердің тиімді де қолайлы жолдарын іздестіру жобалары болашақта қазақстандық бұқараның жаңа технологияларды меңгеру мен пайдаланауына мол мүмкіндіктер тудырады.

Әйтсе де жаңа институционалдық құрылымның пайда болуы еліміздегі бұрынғы саяси институттардың функциясын жеңілдете қоймайды. Ақпараттық қоғамда  азаматтық қоғам мен мемлекет, тура және өкілетті демократия арасындағы байланысты тасымалдау механизмінің қандай болу керектігі де әлі де шешімі табыла қоймаған проблема болып отыр. Интернеттің бұқаралық саяси  коммуникация құралы ретінде азаматтардың электоралды мінез-құлқына әсерін де бір жақты бағалауға болмайды. Ақпараттық  қоғамда демократияның қай түрі қалыптасатындығы саяси сарапшылар үшін әзірге беймәлім. Міне, осылайша, бүкіл әлемде, сондай-ақ Қазақстанда да ақпараттық технологиялардың дамуы демократия теориясында қызу пікірталас тудырып отыр.

Соңғы кезде қоғамда көп  айтылып жүрген мәселелердің бірі “Электронды  үкімет” мәселесі. Қазіргі замандық ақпараттық технологиялардың өмірді өзгертудегі  ықпалына тоқтала келе, Елбасының  бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің  қатарына кіру стратегиясын жария еткен  Жолдауына сәйкес Үкімет тарапынан  еліміздің бәскелестік қабілетін  арттыруға қызмет ететін “Электронды  үкіметті” құру жөнінде үлкен  жұмыстар жүргізіліп жатқанын баршаға  мәлім.

Қазақстандағы “электронды  үкіметті” құру төрт кезеңге бөліп  қарастырылған: Бірінші кезең – 2005-2006 жылдар аралығындағы уақытты  қамтиды. Ақпараттарды жариялау мен  таратуға арналған бұл кезеңнің нормативтік-құқықтық базасы қалыптасты деп айтуға болады. Мемлекеттік органдардың қазіргі  таңда 95 пайызының өзіндік веб-сайттары бар.

Екіншісі – 2006-2007 жылдар аралығындағы интерактивтік кезең. Бұл кезеңде мемлекеттік органдармен азаматтар арасындағы электрондық тікелей және кері байланыс жолға қойылуы тиіс. Біз қазіргі күні мұндай қызметтердің де алғашқы нышандары байқала бастағандығының куәсіміз. Ал оның негізгі нәтижелері электрондық түрдегі құжаттарды (анықтамалар, мен лицензиялар және басқа да рұқсат беру құжаттарын) беру болып табылады.

Үшінші, яғни 2008-2009 жылдар аралығындағы Транзакциялық кезеңде азаматтарға мемлекеттік қаржы қызметтерін көрсету ісі жүзеге асып, түрлі төлемдерді электрондық түрде де жүргізе беруге жол ашылады.

Төртінші соңғы кезең  – 2010 жылдардан басталып, одан арғы уақыттарды қамтитын ақпараттық қоғамды  қалыптастыру кезеңі. Бұл уақыттары  мемлекет пен қоғам арасындағы қазіргі  рәсімді қарым-қатынастың негізгі  түрі болып есептелетін қағаз  құжаттардың орнына негізінен электрондық  құжаттар басым сипатқа ие болады. Өмірдің барлық салалары бойынша  электрондық байланыс пен қызмет көрсету түрлері тереңдей еніп, қоғамды  жаңа сапалық дамуға қарай бастамақ. Бұл жағдай қазіргіге қарағанда  адамдардың қолын едәуір жеңілдетіп, уақытты үнемдеуге жеткізетін болады [6].

“Егемен Қазақстан” газетінде  бұл тақырып төңірегінде көптеген мақалалар жарық көрді. Солардың бірі журналист  Сұңғат Әліпбайдың “Электронды үкімет құру: тәжірибе және нәтиже” мақаласында “электронды үкімет” құру мәселелері жан-жақты айтылған, сонымен қатар Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары Қуанышбек Ескеевтің баяндамасынан үзінділер келтірген /26/. Әрине, елiмiздегi  ақпараттық  технологиялардың одан  әрi серпiндi дамуына,  Қазақстандағы “электронды үкiметтiң” қалыптасуы мен өркендеуiне елiмiзде Республика Президентi Н. Назарбаевпен алғаш рет 7 маусымда ұйымдастырылыған Интернет-конференция ерекше маңызға ие болғанын айта кету керек.  Бұндай Интернет-конференция елiмiзде алғаш рет  өткiзiлдi және екi сағаттан астам уақытқа  жалғаты. Н. Назарбаев Интернет-аудиторияның дауыс беруi нәтижесiнде ең  таңдаулы  отыздыққа  енген сауалдарға,  сондай-ақ Интернет-конференция  сайтының поштасынан  iрiктелiп алынған жаһандық  желiнi пайдаланушылардың сұрақтарына жауап бердi.  Конференцияға орай  арнайы ашылған веб-порталға 5195  сұрақ  келiп түскен.  Жаһандық желi  арқылы өткен конференцияға жас мөлшерiне қарай 16 мен 26 жас аралығындағы азаматтар (1197 сұрақ), ал әлеуметтiк  мәртебесi бойынша – мемлекеттiк қызметкерлер (1131 сұрақ)  белсене қатысқан [7].

Бүгінде халықаралық жаһандық желі ретінде Интернет миллиондаған адамдарды біріктіріп отыр. Ал Қазақстанда  ақпараттандыру жөніндегі алғашқы  бағдарлама 2005 жылы бекітілді, осы жылдан оны іске асыру басталды.

«Бүгінде біздің коммуникациялар  рыногымыздың екі негізгі даму векторы  бар. Біріншіден, осы заманғы инфрақұрылымды құру және одан әрі дамыту, осының негізінде  сапалы байланыс қызметі ұсыныла  алады. Екіншіден, тұтынушылар санын  ұлғайту, бұған сапа мен төмен  бағалар есебінен қол жеткізіледі».  Қазір Интернетке қол жеткізу  қызметін 388 ұйым көрсетеді. Өткен жылмен салыстырғанда пайдаланушылар саны бір жарым есе дерлік ұлғайып, 820 мың адамды құрайды. 2006 жылы Интернет тарифтері күндізгі уақытта 2 есеге, кешкі уақытта 4 есеге төмендетілді. Жылдың аяғына дейін тарифтердің  төмендеуі тағы 23%-ды құрайды. Дамыған  ақпараттық технологияларсыз кез келген басқа ел секілді Қазақстан да өзін бәсекеге қабілетті санай алмайды. Сондықтан Алматы облысының Алатау кентінде біз ІТ-технологиялардың арнаулы  паркін құрдық, мұнда әлемнің 25 аса  ірі компаниясы заманауи бағдарламалар  жасай отырып, жұмыс істеуін бастады. Бұл компаниялардың әрқайсысы біздің 100-200-ден азаматтарымызды үйретеді.

Жуырда Үкімет 7 жаңа портал ашты, олардың қатарында білім  беру, медицина порталдары, “электрондық кітапхана”, құқықтық тұлғалардың  порталы, шағын және орта бизнестің  порталы бар.  
Биылғы жылы менің тапсырмам бойынша “Самғау” холдингі құрылды, ол ақпараттық технологияларды дамытуға қатысты мәселелермен айналысады. Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттік осы мәселелерді реттеумен шұғылданады. Мен былай деп санаймын, біз өте үлкен де қызықты істі бастап отырмыз. Адамдар жаңа технологияларды игеруге мүдделі болуы тиіс, өйткені бүкіл әлем көп кешікпей біз оларсыз тұрмыста да, жұмыста да, өз мамандығымызда да бола алмайтындай жағдайға ілгерілеп барады.

Қазақстан жылдан-жылға экономикасы  дамып, әлем елдерінің алдында өзінің азулы да қуатты Мемлекет екенін нық  дәлелдеп келеді. 2006 жылдың 18 маусымында Қазақстандық тұңғыш жер серігі, хабар  тарату және геостационарлық спутнигінің  сынағы ақталғаннан кейін, сондай-ақ Қазақстан аумағында байланыс мониторингі  жүйесі мен жерден басқару кешенін  “ҚазСат” «Байқоңыр» айлағынан «Протон» зымыран алып жүрушісімен геостационарлық  орбитаға табысты алып шығарылды.       Телевизиялық хабар тарату мен белгіленген спутниктік байланысты қамтамасыз ету және деректерді беру үшін арналған ғарыштық аппарат, жаңа технологияларды және жинақталымды пайдаланумен құрылған. Спутниктің дабылын сенімді қабылдау аймағына Орта Азия, Кавказ, Ресей Федерациясының орталық бөлігі, оның ішінде Москва облысы кіреді.  
Қазақстанға В.Путиннің ресми сапары шеңберінде, қазақстандық алғашқы геостационарлық спутнигін М.В.Хруничев атындағы МҒҒӨО-мен жасап шығару мен ұшыруына 2004 жылы қаңтарда келісім шартқа қол қойылды.  Оның жасап шығарылуына 15 астам шетел фирмалары, оның ішінде борттық телекоммуникациялық құралдардың жетекші өндірушілері - Boeing, Alcatel Alenia Spazio Italia, ComDev қатысты. Мамандардың пікірінше КазСат жерсерігінің жасалуына кеткен 65 миллион доллорды, Қазақстан екі-үш жылда бірнеше есе қылып қайтарып алады. Ал кейбір мамандардың пікірінше, бұл республиканың имиджі үшін жасалған жоба дегенді айтуда. Қалай десек те, ғарышта өз жер серігі бар Мемлекеттер санаулы ғана, Қазақстан биылғы жылдан бастап сол Мемлекеттердің арасынан ойып тұрып орын алды. Сонымен қатар Ресей үкіметі мен Қазақстан үкіметі арасында КазСат 1, КазСат 2 жер серіктерін ғарышқа ұшыру  жобалары жасалуда. Бұл жобаға сәйкес Қазақстанның Ғарыштық айлағын Ресейлік және отандық мамандар 2015 жылға дейін бірігіп игерудің бірлесіп жұмыс жасамақ. Мұндай қадамдарды Қазақстанның әлем елдері алдында имиджінің көтерілуіне жасалған маңызды қадам десек қателеспейміз [5].

Интернет журналистика. 2