Интернет желісінің студенттерге әсері мен үлесі

    1. Интернет туралы жалпы түсінік

 

INTERNET желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70-жылдар басында АҚШ қорғаныс министірлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған  бөліктері бұзылғанмен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта кұрылып, қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды.

Дегенмен INTERNET тек желі ғана емес, ол — желілердің желісі. INTERNET көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды.

Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.

INTERNET-тің бір ерекшелігі оның құрамындағы көптеген компьютерлер нақты BBS тәрізді жұмыс істейді (шындығында, INTERNET компьютерлерінің көпшілігі BBS сияқты істемейді, бірақ әркім одан файлдар алып, мәліметтер базасын пайдаланып, яғни оның ішкі мәліметтерін пайдалануға мұрсат алады). INTERNET - ке қосылу дегеніміз — басқа жерлерде тұрған 1000-даған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі  компьютерлерден үкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базаларындағы, жергілікті қорлар көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді және т.б. цифрлық түрге айнала алатын барлық информацияны ала аласыз.

INTERNET информация магистралына өте ұқсас, институт, мектеп терминалы арқылы оған жеңіл кіруге болады. Ол үшін INTERNET- тегі жүйенің нөмірін теру керек. Мұнан кейін керекті жердегі (қала, мемлекет) желі нүктесімен байланысып, өзіңізге қажетті материалдарға қол жеткізесіз. Керек етсеңіз, NASA құжаттарын да, айта берсек, соңғы оқиғалар көрсететіндей, ЦРУ кұпия архивтерін де оқуыңызға болады екен.

INTERNET желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты INTERNET компаниясы да тек біреу емес. Дүниежүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім ? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес, бұл жүйе өзара келісім  арқылы ортақ пайдалануға арналған. Дүниежүзіндегі ірі телефон компаниялары бірігіп, "телефон жүйесі" қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабел құнын -кімдер, қалай бөлісіп көтеретінін және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап отырады. INTERNET желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.

INTERNET-ті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы, сіздің Бурабайға барып дем алғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквалангпен жүзуге ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді дейік.

Олай болса , "scuba" (акваланг) жаңалықтар тобын қарап шығу керек, мүмкін сонда демалған біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда енгізіп, күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп қалар (үлкен ықтималдықпен жауап алатыныңызға сенгіміз келеді).

INTERNET- тің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.

INTERNET-пен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер әрбір компьютерді INTERNET -ке қосып бере алады. Желіге қосылудың бірнеше түрі бар, олар:

-  қосылып тұратын тікелей байланыстар (кіру жолдары);

-  тұрақты қосылып тұрмайтын  байланыстар;

-  почталық байланыстар.

Бұл атаулар әзірге түсініксіз шығар, енді олардың ерекшеліктерін карастырайық.

Тұрақты қосылып тұратын байланыс - мұнда жеке компьютер тікелей TCP/IP желісіне қосылған (Transmission Control Protocol/ Internet Protocol - жеткізуді басқару протоколы (интержелі протоколы) түрінде болады, бұл INTERNET -тің бір шеткі бөлігі, яғни жеке компьютер мекемедегі желімен тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұр. Мұндай байланыс ерекшеленген немесе тұрақты тікелей байланыс деп аталады.

Ерекшеленген немесе тұрақты тура байланыс тек ірі компаниялар мен корпорацияларда болады. Провайдер-компания осындай мекемеде бағдарлауыш орнатып, бағдарлауыш INTERNET -ке кызмет ететін компьютермен (хост-компьютері) қосатын телефон каналын жалдап алады. Телефон каналы мен Internet арасындағы байланыс тұрақты сақталады, сондықтан провайдер-компаниясының компьютерімен байланысуға телефон шалу кажет емес, ауқымды желіге әрбір адам өз компьютерімен кіреді де, қалаған жеріне Internet арқылы мәлімет жібере (алады) береді.

Қосылып тұратын тура байланыс көбінесе SLIP, Point-to-Point Protocol немесе РРР деп аталады (Serial Line Internet Protocol — тізбекті желі үшін Internet хаттамасы, Compossed Slip — тығыздалған Slip, Point-to-Point Proprotocol — "нүкте-нүкте" хаттамасы). Ал XRemote деп аталатын байланыс түрі сирек кездеседі, бұл да TCP/IP секілді, бірақ телефон каналын тұрақты пайдалануға негізделген, ыңғайлылығы жағынан бұл түр тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстан кейінгі орында тұр.

Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс қымбаттылығына қарай әр компьютерге қойылмайды да, оның орнына Slip (арзан болғандықтан) қолданылып келеді. Ол желіге телефон арқылы қосылатындықтан, модем мен бір телефон нөмірі қажет болады. Солар арқылы хост-компьютермен байланыс орнатылған соң, Slip-пен қосылып тұрмайтын байланыс аралығында (жылдамдығынан басқа) ешбір өзгеріс жоқ.

Почталық байланыс. Internet- пен қосыла алатын бірнеше почталық байланыс түрлері бар. Провайдері CompuServe болып келген компьютерлер бірден Internet-пен почталық байланысқа кіре алады. Олар өз почтасын Internet-ке беріп, одан да бірден хат-хабар ала береді. CompuServe жүйесінде почта адресі алдына Internet деп жазып қойылады. Бұл ортада әр түрлі тақырыптардағы дискуссияларға қатысу үшін LISTERV жүйесін пайдаланған абзал. Осы секілді почталық байланыстар желілік көмек (network gateways) деп аталады, олар Internet желісімен шектеулі тәсілдер арқылы байланысады.

Почталық қатынастың қолмен терілетін терминалдық байланыс түріндегі тағы бір түрі бар, бірақ ол тек почта жүйесімен ғана қосыла алады. Тағы да UUCP деген почталық байланыс түрі бар, онда байланыс тек осы мақсат үшін жұмыс істейтін программа арқылы орнатылады .

    1. Интернеттің пайдасы

 

Интернеттің пайдасы өте зор. Алдымен интернетке анықтама берейік. Интернет бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі . Қазіргі уақытта кез келген информациялық технологияның жаппай техникалық компоненті компьютер болып табылатыны белгілі. Компьютерлік телекоммуникацияны пайдалану – алыстағы компьютермен диалогтық режимде немесе электрондық почта режимде жұмыс істеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, электрондық почта өте қолайлы және аса қымбат емес. Интернеттің пайдалы жағын қарастыратын болсақ оның бірі қашықтықтан оқыту болып табылады.

Қашықтықтан оқыту (қашықтыққа арналған оқыту) - оқытудың электрондық және телекоммуникациялық  құралдары арқылы білім беру ұйымдарынан алыс тұратын оқу-танымдық қызметті және тұлғаларды дамытуды мақсатты және әдістемелік ұйымдастырылған түрдегі  басшылықтың  бір түрі.  Қазіргі таңда қашықтықтан оқыту өзіміздің университетімізде де қолданылуда.Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:  

1) Тьютор (Tutor) – білім алушылардың өзіндік жұмысына басшылық жасауды жүзеге асырушы қашықтықтан оқытудың оқытушы консультанты;  

2)  Контент – ақпараттық толықтыру – мәтін, графика, мультимедиа және өзгеде ақпараттық толықтыру;  

3) Тьюторлық сыныптар – компьютерлермен,  бейне мониторлармен және  басқа да ақпараттық коммуникативтік құралдармен жабдықталған сыныптар.  

Қашықтықтан оқыту нысаны негізгі үш технологиялар бойынша жүзеге  асырылуы  мүмкін:           

 Желілік технология (автономды желілік курстар немесе виртуалды кафедралар , Интернетті пайдаланатын университеттер);

Кейс-технологиялар негізінде қашықтықтан оқыту;   

ТВ-технологиялар негізінде қашықтықтан оқыту

Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады

1.Алысты жақындату

2.Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.

3.Сана-сезімді жоғарылату.

4.Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.

5.Қажеттілікті толығымен  қанағаттандыру.

6.Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.

7.Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.

8.Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.

9. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды  қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады; 
10.Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға; 
11.Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға; 
12. Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға; 
13.Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға; 
14.Қаржылық операциялар жасауға; 
15.«Maіl.Ru Агент», «Facebook», «Skype» т.б. арқылы реалды уақытта тіл қатысуға да, бейнебайланыс орнатуға да болады. Бұдан өзге біз біліп-біле бермейтін жаңа көкжиектерін айтып тауысу мүмкін емес… (материалдарды және моральді жағынан болсын).

    1. Іздестіру жүйелері

 

    1.   Іздестіру жүйелерінің түрлері

     1)Yahoo! (http://www.yahoo.com)

Yahoo– тез іздестіретін анықтамалықтардың бірі. Ақпараттарды жеке сөздер бойынша немесе классификатор бойынша іздеу мүмкіндігін береді.

    2)Aport! (http:\\www.aport.ru)

Апорт – ақпараттық іздестіру жүйесі алдыңғы қатардағы іздестіру жүйесіне кіреді. Бүгінгі күндері мәліметтер көлемін 20 млн индекстелген құжаттар құрайды.

     3)Яндекс http:\\www.yandex.kz

Яндекс  – ақпараттық іздестіру жүйесі 1997 жылы ашылған. Бүгінгі күндері қордағы индекстелген құжаттар көлемі 33 милионға жуық. Ақпараттық іздестіру жүйесі логикалық операторлармен белгіленген өзінің меншікті жүйесін қолданады, сонымен қатар көптеген түрлі іздестіру функцияларын ұсынады.

     4)Rambler http:\\www.rambler.ru

Rambler   –іздестіру жүйесінде Ресейдің және ТМД елдеріндегі  серверлерде орналасқан 12 миллионға жуық мәліметтер индекстелінген. Өзекті сөзбен қатар классификаторлар арқылы іздестіру мүмкіндігі қарастырылған.

      5)Google http:\\www.google.com

Google -  ақпараттық іздестіру жүйесі 1999 жылы қыркүйек айында ашылған. Бүгінгі күндері Searchenginewatch.com эксперттерінің айтуына қарағанда қордың көлемін 560 млн құжаттар құрайды. Жүйе қолданушыларға қарапайым және кеңейтілген іздестіру интерфейсін ұсынады. Көптеген тілдерде сонымен қатар қазақ тілінде ақпарат іздеу мүмкіндігі бар.

Google Компаниясын қызметін  білмейтін адам кемде-кем шығар.Бұл  компания әлемдегі ең үздік  “іздеу машинасы” болып табылады.және   Android ОС негізін қалаушы.

Бірақ Google бұдан басқа ондаған қызметтер көрсетеді.Және ол қызметтер іздеуден және Android-тан әлде қайда өзгеше.

1.Google Mars қызметі. Бұл қызмет Google Earth-қа ұқсайды.Басты ерекшелігі Марс планетасын қызыл түстілермен көрсетілген. Енді сіз үйіңізде отырып Марсқа барып қайтуыңызға болады http://www.google.com/mars/ 

Сурет 1. Google Mars  қызметі

 2. Google Scholar қызметі.Бұл қызмет ғылыми жобалар, ғылыми кітаптар, ғылыми мақалаларды іздеуге арналған. Былайша айтқанда ғалымдарға және ғылыми іздеушілерге арналған. http://scholar.google.com

Сурет 2. Google Scholar қызметі

3.Google Art Project қызметі.Бұл қызмет сізге әр қалада орналасақан музейлермен галереяларда виртуалды саяхаттауға мүмкіндік береді.http://www.google.com/culturalinstitute/project/art-project

Сурет 3. Google Art Project қызметі

4.Google Transliterate қызметі.Бұл қызмет сізге шетеле тілінде жазуға көмек береді. http://www.google.com/inputtools/cloud/try/

Сурет 4.Google Transliterate қызметі 

 

5.Build with Chrome қызметі. Бұл қызмет суретерді браузерде 3D форматта көруге мүмкіндік береді.http://www.buildwithchrome.com/static/map

Сурет 5.Build with Chrome қызметі

6.Google Think  қызметі.Міне нағыз қызмет көрсететін қызметкер.Бұл сайт маркетингтік идеялар алуға болады .http://www.google.com/think/

Сурет 6.Google Think  қызметі 

 

7.Power Searching with Google құралы. Бұл құрал қолданушылардың іздеу біліктілігін арттырады. http://www.powersearchingwithgoogle.com/

Сурет 7.Power Searching with Google құралы

8. Schemer қызметі. Бұл қызмет сізге достарыңызбен бірге атқаратын шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.Нағыз бізге керек қызмет. https://www.schemer.com/home?lo=1

Сурет 8. Schemer қызметі

9. Google Sound Search ерекше қызметі .Бұл қызмет сізге әннің қалай орындалып жатқанын   көрсетеді.  www.googlesystem.blogspot.com/2012/06/google-sound-search.html

Сурет 9. Google Sound Search ерекше қызметі

10. Google Moderator қызметі.Бұл қызмет форумдарға арналған.Қолданып көруге болады. http://www.google.com/moderator/

Сурет 10. Google Moderator қызметі

11.Encrypted.google.com-қауіпсіз іздеу машинасы. Бұл қызмет SSL протоклы арқылы жұмыс істейді.Сол үшін банк қызметкерлері көптеп қолданады. https://encrypted.google.com/

Сурет 11.Encrypted.google.com-қауіпсіз іздеу машинасы

 

2  Әлеуметтік желілер

Әлеуметтік желіні «әлеуметтік медиа» деп те атайды. Бұл – адамдардың бір-бірімен ғаламтор арқылы өзара байланысын қамтамасыз ететін интернет сайт(тар). Жалпыға ортақ сөзбен айтар болсақ, әлеуметтік желі дегеніміз бұл – адамдар мен олардың бір-бірімен қарым-қатынасы.

Сурет 12.Әлеуметтік желілердің түрлері

Baq.kz - Қазіргі таңда ақпарат тарату  мүмкіншілігі бойынша интернет  торабы алдыңғы қатарға шығып  отыр. Газет, теледидар, радионың түгелге  жуығы интернет торабында сайт  немесе өз парақшаларын ашып, электронды ақпарат құралдарының  саны күннен-күнге өсуде.  

Ал интернеттегі әлеуметтік желілердің қолданушыларының орта жасы 7-ден 48-ге дейін болып отыр. Қазір кез келген ұялы телефонда әлеуметтік желілерге қосылу үшін қосымша бағдарламалар орнатылатын болды. Кез келген компанияның өз тауарларын жарнамалау мақсатында әлеуметтік желіде парақшалары бар. Тіпті Үкімет мүшелері, көптеген лауазымды тұлғалар интернетте өз парақшаларын, блогтарын ашып, сол арқылы өздерінің қызметіне байланысты ақпарат беріп отырады.

2.1      Әлеуметтік желілердің  статистика мәліметтер

 

Massaget.kz сайтының мәліметтері бойынша: 
– Әр 20 минут сайын facebook-те бір миллион сілтеме таралады; 
– Әр сағат сайын facebook-те 4,5 миллион адам қандайда бір іс-шараға шақыру алады; 
– Әр минут сайын facebook-те 100 мың адам дос болып қабылданады; 
– Барлық қолданушылардың 50 пайызы аптасына 1-5 сағат уақытын әлеуметтік желілерде сөйлесумен өткізеді; 
– Әр секунд сайын 8 адам қандайда бір әлеуметтік желіге тіркеледі; 
– Google-дегі іздеу саны күніне 1 миллиардтан асады; 
– Адам саны жағынан Facebook Қытай, Үндістан елдерінен кейінгі әлемдегі үшінші «мемлекет»; 
– Орта есеппен алғанда әрбір қолданушы өз аккаунтына күніне 2 рет кіреді; 
– Жыл сайын әлемде шамамен 100 адам әлеуметтік желіде қалдырған хаты үшін өмірден озады; 
– Әлеуметтік желілер интернетте уақыт өткізудің тәсілі саналатын порнографиялық сайттарды басып озды; 
– Әлеуметтік желі әлемдегі әрбір үшінші жұптың айырылысуының басты себепшісі; 
– АҚШ елінде қиылған некелердің 10 пайыздан астамы әлеуметтік желілердің арқасы; 
– Балалардың 80 пайызында әлеуметтік желілерде өздерінің жеке аккаунты бар; 
– Жаңалықтар адамдарға басқа каналдар арқылы әсіресе, әлеуметтік желілер арқылы келетін болғандықтан, әлемдік 25 газеттің 24-інде тираж саны азайған; 
– Танымал әлеуметтік желілердің көбісі қолданушының өшірген суреттерін сақтайтыны анықталды; 
– Facebook бар болғаны бір жыл ішінде 200 миллион қолданушы жинаған, ал теле өндіріске 60 миллион көрермен жинауға 13 жыл уақыт кетті; 
– Бүгінде 5 компанияның төртеуі жұмысшыларды іздеу кезінде әлеуметтік желілердің көмегіне жүгінеді. 
         Ал Қазақстанда 5,6 миллион адам әлеуметтік желілерді күнделікті пайдаланады екен. Ең танымал әлеуметтік желілердің қатарында :

-күніне 1 млн 125 мың рет қаралатын «Мой мир» 
(3 миллионнан астам қазақстандықтар тіркелген);

- 558 мың рет қаралатын «Одноклассники»;

-252 мың рет қаралатын «В контакте»;

-410 мың рет қаралатын «Facebook» -ті жатқызуға болады. Өкінішке қарай, қазақстандық ешбір сайт, портал мұндай кең аудиторияны әлі күнге дейін қамти алған жоқ. Күніне 350 мың қазақстандық ұялы телефонмен «mail.ru agent»-ті тұтынады. Әлеуметтік желілердегі әрбір екінші адам өзі жайында өтірік мәлімет жазатын көрінеді. Тарқатып айтсақ, олардың 29 пайызы есімі мен жасын, 23 пайызы отбасылық жағдайын, 22 пайызы түр-әлпеті және қызығушылықтары туралы, 17 пайызы білімі мен жұмысына қатысты жалған ақпар беретін болып шыққан. 
Қазақстанда интернет қолданушылар көбіне ресейлік сайттарды қарайтыны және бұл жайттың тұрақты өсіп келе жатқаны алаңдатады. Мысалға, Казнеттің ең танымал сайттарын қарау күніне 100 мыңдай ғана болады екен.       Ал МойМир@Маіl.ru сайтын қолданушылар саны екі жылда 185%-ға жеткен.

2.2  Зерттеу жүргізу

Сурет 13.Зерттеу диаграммасы

 

Осы жүргізген зерттеуімде мынадай қорытындыға келдім:

В контакте әлеуметтік желісі ең ауқымды желі екен. Қолданушылардың 58%-ң тек 20%-ы құжаттармен алмасу яғни, сабаққа керекті ақпараттар алу, ал қалған 38%-ы адамдармен қарым-қатынас жасау үшін пайдаланылады екен;

Mail.ru Agent-ң 5%- ң   4,5%-ы  ақпараттар алмасу үшін яғни, “почта” арқылы құжаттар жіберу  үшін қолданылады екен, ал қалған 0,5%-ы хат алмасу үшін яғни , адамдармен қарым-қатынас жасау  үшін қолданылады екен.

3. Бұлттық құжат сақтау

Бұлттық құжат сақтау — бұл құжат сақтау модельі, интернетте ақпаратты көптеген серверлерде құжаттарды бөліп сақтау арқылы өзінің тұтынушыларына қалаған уақытта құжатпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл құжатты сақтау жүйесінде сіздің ақпаратыңыз бір серверді жалға алу немесе сатып алып меншіктеп сақтау емес. Бұнда сіздің құжаттарыңыз көптеген серверлерде бөлініп сақталынады. Ақпарат әр түрлі серверде сақталынғанмен бірақ тұтынушы түсінігінде үлкен бір виртуалды серверге жинақталынып ақпарат өңделініп, құжатыңыз сақталынып отырады.Ал енді нақты төбеде айтып кеткен мүмкіншіліктерді сізге тегін түрде құжаттарыңызды сақтауға мүмкіндік беретін 5 сайтты назарларыңызға ұсынамын.

1) Google Drive – бұл Google атты алпауыт компанияның шығарған бұлтты құжат сақтау жүйесі. Бұл бұлтты құжат сақтау сайтын қосу туралы ақпарат сонау 2006 жылдары шыққанымен, жақында ғана іске қосылды.  Басқа бәсекелестеріне қарағанда бастапқы кеде Google Drive сізге тегін 5 Гб орын, қосымша одан бөлек Gmail поштасына 10 Гб, Picasa сурет сақтауға 1 Гб орын береді.

Арнайы Google Drive-пен жұмыс жасау үшін PC, Mac, Linux немесе мобильді құрылғыларға арналған бағдарламасын жүктеп, орнатып, еркін бұлтты құжат сақтау серверіндегі құжаттармен жұмыс жасай беруіңізге болады. Басып атап көрсететіні бәсекелестеріңнің алдындағы артықшылығы сақтаған құжаттарыңыз Google-дің басқа да ұсынатын қызметтері арқылы құжатты өңдей беретіндігіңізде. Мысалы: Мәтіндік немесе кестелік құжаттарыңызды Google Docs  арқылы онлайн өңдей бересіз. Өңделген құжат үлкен виртуалды бұлтты құжат сақтау жүйесі серверінде сақталынады. Одан бөлек құжатты қарапайым браузер арқылы құжатты жүктеп, өңдеп қажет болса өшіріп тастауыңызға болады. Барлық құжаттарды жүктелген, өңделген күні бойынша немесе құжаттың түрін кесте бойынша сорттауға болады.

Ал сіз естімеген болсаңыз мына Google Drive туралы ақпаратты оқып сонда толықтай көшіп кетсеңіз таң қалмаймын. Google Drive-та сканерленген құжаттағы мәтіндерді автоматты түрде танып(распозновать) мәтінге айналдырып беретін мүмкіншілігі қарастырылған.Сайтты қолдану үшін тек Gmail-ға тіркелген логин және құпия сөзіңіз жарай береді. Google Drive-тың веб-беті: https://drive.google.com

Қазіргі таңда Google Drive үш тарифтік жоспарын ұсынады. 
Free – 5 Гб тегін.  
Pro 25 – 25 Гб – айына $2.49 төлеуіңіз керек. 
Pro 100 – 100 Гб – айына $4.99 төлеуіңіз керек.

2) Dropbox – бұл бұлтты құжат сақтау

жүйесінің ең танымал әрі көшбасшысы болып санады. Мұнда құжатпен жұмыс істеу синхронды түрде жүреді. Яғни сіз өзгертке құжат автоматты түрде серверде де өзгертілініп, сақталынып отырады.

Dropbox арнайы бұлтты құжатты сақтау сайтымен жұмыс істеу үшін PC, Mac, Linux немесе мобильді құрылғыларға арналған бағдарламасын жүктеп, орнатып, еркін қалаған уақытыңызда қажеттілігіңізге қарай қолдана бересіз.

Басқа бұлтты құжат сақтаудан  Dropbox артықшылығы жеңіл орнатылып, тұтынушыға түсінікті, қолдануға ыңғайлылығында.  Құжатты  алып Dropbox істеген арнайы Бумаға (Папка)  салсақ жеткілікті. Dropbox-тың басқа бәсекелестерінен басымдығы оның құжатпен жұмыс істегенде барлық құжатты толықтай қайта жүктемей,тек құжаттың өзгертілген бөлігін ғана жүктеп өзгеріс енгізіп сақтап қояды. Құжатты сақтауға жүктегенде сығылып жылдам жүктеледі, соның есебінен жұмыс істеу жылдамдығы жоғары. Осындай ерекшелігімен Dropbox  басқа бәсекелестеріне қарағанда өте танымал. Dropbox –тың сайты: http://www.dropbox.com

Basic – 2 Гб – тегін. Арнайы жеңілдіктер арқылы тегін арттыруға болады; 
Pro 50 -  50 Гб – айына $9.99 төлеуіңіз керек немесе жылына $99.00; 
Pro 100 -  100 Гб – айына $19.99 төлеуіңіз керек немесе жылына $199.00;

3) Яндекс.Диск – бұл ТМД бөлігінде

кеңінен тараған өте мықты іздеу жүйесі Яндекс компаниясының өнімі болып саналады. Яндекс ұсынатын бұлтты құжат сақтау сервисін 2012 жылдың 5 сәуірінде іске қосты. Бірақ әзірге бұл қызмет түрін тек арнайы шақырту арқылы қолдана аласыз. Толық тексеруден кейін жалпы барша қолданушыға жалпы қолданушыларға ашық түрде қолдануға беріледі.

“Яндекс.Диск” –та өзіндік ерекшелігімен тұтынушыларының көңілінен шықпақ. Мұнда сіз құжаттың қалаған түрін сақтай аласыз. Мұнда ән, сурет, видео және құжаттардың қалаған түрін сақтай аласыз. Сізге бұлтты құжат сақтау серверлерінен 10 Гб тегін орын беріледі. “Яндекс.Диск” арнайы бұлтты құжатты сақтау сайтымен жұмыс істеу үшін PC, Mac немесе мобильді құрылғыларға арналған бағдарламасын жүктеп құжаттармен жұмыс жасай аласыз.  Құжаттарды браузер арқылы да емін-еркін қолданып, қажет болса достарыңызбен де бөлісе аласыз. Егер тез арада сайттың мүмкіншілігін қолданып, құжаттарыңызбен синхронды түрде осында сақтағыңыз келсе шақырту алып тез арада сайттың мүмкіншілігін бағалағыңыз келсе онда өзіңіздің Е-Майл мекеніңізді көрсетілген бөлікке жазып шақырту қалдыру батырмасын басыңыз.“Яндекс.Диск”  –тың сайты: http://disk.yandex.ru

  • 4) Windows Live SkyDrive – 2007 жылы ашылған Microsoft  компаниясының басқаруындағы, Бұлтты құжат сақтау интернет-сервисі арқылы құжат алмасу үшін жасалынған. SkyDrive ұсынатын сервис Microsoft Office- пен байланыстырылған. Арнайы бағдарламалар арқылы Excel, OneNote, PowerPoint және Word-тағы құжаттарды  Windows Live SkyDrive –қа онлайн сақтауға болады.
  • SkyDrive арнайы бұлтты құжатты сақтау сайтымен жұмыс істеу үшін PC, Mac немесе мобильді құрылғыларға арналған бағдарламасын орнатып жұмыс істеуіңізге болады. Аталған Бұлтты құжат сақтау сервистерінің ішінде мобильді құрылғылармен өте жақсы, әрі жеңіл істейтіні осы SkyDrive-тың қызметі болып саналады. SkyDrive сервисі Windows-тың бумалары секілді, құжатарды бөліп-бөліп сақтауға болады. Ол үшін тегін 7 Гб орын қарастырылған. Суреттеріңізді слайд түрінде жылдам көре аласыз. Құжаттар орналасқан бумаларға арнайы шектеу қою немесе шектеусіз етуге болады.  Яғни басқа адам көріп жүйтей алуатын және жүктей алмайтындай етіп.
  • Windows Live SkyDrive –тың сайты: https://skydrive.live.com
  • Қазіргі таңда SkyDrive төрт тарифтік жоспарын ұсынады: 
    7 Гб – тегін; 
    45 Гб – жылына  $10;  
    75 Гб – жылына  $25; 
    125 Гб – жылына  $50;

 5) Box.net  – Қазіргі таңда қолдану

жағынан ең тиімді бұлтты құжат сақтаудың бірі болып Box.net саналады. Тек жеке тұтынушы қолданушыларға ұсыныстарынан бөлек, бизнесін жүргізіп отқан ірі компанияларға бизнеске қолайлы файл сақтау жүйесі болып отыр. Сервисті жасаған мамандар API жүйесін де жақсы жетілдірген, сондықтан Box.net сервисін корпоративті жүйемен байланыстыруға болады.Box.net жасаушылардың ақпараты бойынша 120 мыңнан жоғары компаниялар қызметті пайдаланатын көрінеді. Тиісінше басты назарда құжаттардың ұқыпты, артық ешкім сіздің рұқсатыңсыз құжаттарға қол жетпейтіндей болуының қауіпсіздігі басты назарда ұсталады.Box.net-та қазіргі таңда қалаған кеңейтілімді құжатты браузер арқылы көріп, қажет болса офистік құжаттарға браузерде ашып қойып өзгертулер мен толықтырулар енгізіп сақтап қоя аласыз. Қызметті қолдану үшін арнайы бағдарламаны жүктеп оны орнатып отырудың қажеті жоқ, барық іс-әрекеттер браузер арқылы іске асырылына береді.

Жаңа мүмкіншіліктер арқылы сіз құжаттарды көріп ғана қоймай, ол құжатты блогыңызда жариялауға немесе басқа достарыңызға көру, пікір қалдыру немесе өңдеуге рұқсат бере аласыз. Бұл қызмет түрі егер сіз өзіңіздің клиенттеріңізге бір құжатты көрсету немесе түсіндіру үшін өте ыңғайлы болып саналады.Box.net –тың сайты: http://box.com

Box.net бір тегін және екі ақылы тарифтік жоспары бар: 
Personal 5 Гб – тегін;  
Business – $15 айына; 3 тен 500 қолданушы қолдана алады,  500 Гб орын беріледі; 
Enterprise – қолданушы саны мен берілетін орынға қарай баға бекітіледі.

 


Интернет желісінің студенттерге әсері мен үлесі