Инвестиция операция есебі
ЖОСПАР
КІРІСПЕ-----------------------
І. БАНКТЕГІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ МӘНІ
1.1 Бағалы қағаздардың
мәні, бағалы қағаз қорларды
инвестициялау
ІІ.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР
ЕСЕБІ-------------------------
2.1 Қысқа мерзімді
қаржылық инвестиция есебі-----
2.2 Банктегі бағалы
қағаздармен операциялардың
ІІІ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАЛДАУ------------------------
3.1 Қазақстандағы
инвестициялар жағдайының
3.2 Халық Банкінің
инвестициялық есебі-----------
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР--------------------
ҚОСЫМШАЛАР--------------------
Кіріспе
Курс жұмысының өзектілігі. Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі салымдары қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.
Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасына Жолдауында өтпелі кезеңнің қиындығын және XXI ғасырдағы республиканың бет бейнесі айқын көрсетілді. Болашақта Орталық Азиядағы Барыс болу үшін, халықтың әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды жүзеге асырудың бір көзі – шетел инвестициясын пайдалану. Әрине Қазақстанның халықаралық байланыстары осы кезеңде де алдымен жақын көршілеріміз – Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа да ТМД елдерін қамтиды. Бірақ ірі трансұлттық капиталды, ҚХР, Батыс және Шығыс елдері, Мұсылман әлемімен де экономикалық қтынастар ұлғаяды. Мұны біздің республиканың геосаяси, геоэкономикалық, географиялық жағдайлары талап етеді.
«Қазақстан – 2030» стратегиясында Н. Ә. Назарбаев халықаралық қатынастардың мынадай маңызды бағыттары мен факторларын атады: - қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауға сөзсіз елеулі рөл атқаратын күннен-күнге өсе түскен ауқымдану мен ұлғайып келе жатқан өзара тәуелділік дәуірде өмір сүріп отырмыз; - шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу; - Ұлттық қауіпсіздікке Ресей, ҚХР, Орта Азия, Таяу және Орта шығыс елдерінің, АҚШ, БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік Азия, Еуропа, Ислам даму банктерінің, халықаралық институттардың қолдауларын барынша пайдалану. Курстық жұмыс мақсаты. Жұмыс негізгі мақсаты – банктегі инвестициялық операцияларды жасау, ұйымдастыру, қадағалау. «Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңында туынды бағалы қағаздар - басқа бағалы қағаздар арқылы өзінің құнын айырады деп айтылған. Туынды бағалы қағаздар - бұл әр түрлі базистік активтермен бейнеленген, мүліктік жағдайға негізделген ерекше әмбебап тауар, оны сатып ала отырып иесі, белгілі бір мерзімде кәсіпкерлік табыс алуға деген құқығын жүзеге асырады. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, опциондар, форварттар, варанттар, своптар, споттар, депозитарийлік куәліктер және тағы басқалар жатады. Туынды бағалы қағаздар қоғам капиталының белгілі бір бөлігіне тіркелетін меншік құқын тұрақтандыруға қарағанда, туынды бағалы қағаздарды пайдалана отырып, болашақ кезеңде орындалатын кәсіпкерлік табысты алуға құқықты тіркейді. Олардан пайданы бағамдар айырмашылығынан немесе әр түрлі нарықта бір активті бір уақытта сатып алу-сатудан алады.
«Қазақстан
Республикасындағы акционерлік
қоғам туралы» Заң негізінде
акционерлік қоғам
Курстық жұмыс міндеттері. Жоғарыда берілген курстық жұмыс мақсаттарына қарай мынадай міндеттер қойылды:
- Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция есебін анықтау,
- Банктегі бағалы қағаздармен операциялардың есебі анықтау;
- Қазақстан республикасындағы инвестицияларды талдау т.б
І. БАНКТЕГІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ МӘНІ
1.1 Бағалы қағаздардың мәні, бағалы қағаз қорларды инвестициялау
Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы туралы заңдылығы Қазақстанның Конституциясына негізделген және ҚР Азаматтық кодекісінен, 2-шілде 2003 жылғы «құнды қағаздар нарығы туралы» Қ.Р заңынан және басқа ҚР нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер де Қазақстан Республикасы қол қойған келісімшарттарда заңда қарастырылғаннан басқа ережелер бекітілген болса, онда халықаралық келісімшарт ережелері қолданылады.
Бағалы қағаздар бекітілген нысанда жәнв міндетті дервктвмелерді сақтай отырып оны ұсынған кезде ғана жүзеге асуы мүмкін болатын мүліктік құқықты куәландыратын құжат.
Бағалы қағаздардың экономикалық мәнін ашуда құжаттың бағалы қағаздар мәртебесіне ие болуы үшін қосымша сапаларын анықтау қажет.
Біріншіден, бағалы қағаздар өз кезегінде меншік дәрежесі нысанындағы мүліктік құқықты (корпорация акциялары, вексельдер, коносаменттер және т.б.) немесе құжат иесі мен оны шығарушы тұлға арасындағы корпорациялармен мемлекет облигациялары, сетификаттары, қарыздық қатынасты куәландыратын ақшалық құжаттарды білдіреді.
Екіншіден, бағалы қағаз қорларды инвестициялау туралы куәландыратын құжат ретінде қызмет етеді. Бұл әсіресе бағалы қағаздардың рөлі мен экономикалық мәнін түсіну үшін өте маңызды. Бұл жерде олар инвестицияның жоғары нысаны ретінде басты рөль атқарады.
Үшіншіден, бағалы қағаздар - бұл иақты активтерге (акцияларға, чектерге, коносаменттерге, тұрғын үй сертификаттарына және т.б.) талаптар көрсетілетін құжаттар.
Төртіншіден, бағалы қағаздардың экономикалық мәнін түсінудің маңызды сәті - олардың табыс әкелуі болып табылады. Иелері үшін олар капитал болып табылады. Алайда, мұндай капиталдың нақты капиталдан айырмашылығы бар: ол өндірістік үдерісте қызмет етпейді немесе қатыспайды.
Сонымен қатар бағалы қағаздардың өтімділік, айналымдылық, нарықтық сипат, стандарттылық, сериялық сияқты сапалық қасиеттерімен азаматтық айналымда қатысуын атамай өтуге болмайды.
Өтімділіктің астарында бағалы қағаздардың сатылуы нәтижесінде ақша қаражаттарына айналу мүмкіндігі жатыр. Ол үшін бағалы қағаз нарықта айналыста болуы қажет. Бағалы қағаздардың айналымдылық қасиеті сатып алу-сату негізінде (акция, облигация және т.б.) немесе басқа тауарлар нарығымен (чектер, вексельдер, коносаменттер, жекешелендіру құжаттары) айналымды байланыстырып, төлем құралы ретінде іске асырылады.
Бағалы қағаздар өзіне тиесілі ұйымдары және онда жұмыс істеу ережелері бар нарығы болатын ерекше тауар ретінде өмір сүреді. Алайда бағалы қағаздар нарығында сатылатын тауарлар ерекше тауарлар болып табылады. Себебі бағалы қағаздар — бұл тек меншік титулы, табыс алуға құқық беретін, бірақ нақты капитал алуға құқығы жоқ құжат. Бағалы қағаздар нарығының оқшаулануы олардың осы сапасымен анықталады, нарық көп жағдайда еркін және тез қол жеткізілетін құнды қағаздарды бір тұлғадан екінші тұлғаға берумен сипатталады.
Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтар сияқты техникалық циклдардың жоғары деңгейдегі толықтылығы мен аяқталғандылығы болатын күрделі ұйымдық және экономикалық жүйе болып табылады. Онда бағалы қағаздар баға кешенін қолдану арқылы сатып алу-сату заты ретінде пайдаланылады, бұл жай тауарлардан ерекшеленеді.
Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне байланысты олардың нарығы алғашқы және екінші болып бөлінеді. Алғашқы нарықта жаңадан шығарылған бағалы қағаздарды олардың алғашқы иемденушілеріне сатады; екінші нарықта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иемденушілерінің ауысуы. Бағалы қағаздардың атаулы (атаулы құн - оларды шығару кезінде анықталатын бағалы қағаздар құнының ақшалай көрінісі), эмиссиялық және нарықтық бағасы болады.
Атаулы баға дивиденттерді, пайыздарды есептеу базасы ретінде нақты есептік мәні бар және одан кейінгі есеп айырысуларда қолданылады. Эмиссиялық баға — бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру кезіндегі сатылу бағасы. Ол табыстылық және несиелік пайыз деңгейімен анықталады. Нарықтық баға — бағалы қағаздардың екінші нарықта айналу бағасы. Оның көлеміне сұраныс пен ұсыныстың нарықтағы арақатынасы әсер етеді.
Сонымен,
бағалы қағаздар шаруашылық қызметте
қолданатын әр түрлі құжаттардың
жиыны. Сонымен бірге олар өздеріне
тиісті жалпы бір белгі онда керсетілген
мүліктік құқықты өткізу үшін ұсыну
қажеттілігімен біріктіріледі. Бағалы
қағаздарды иемденудің мақсаты табыстылық,
өтімділік және қаржыландыру кезінде
қажеттіліктерді қанағаттандыру болып
табылады.
1.2
Бағалы қағаздардың
түрлері және олардың
жіктелуі
Бағалы қағаздардың түрі түсінігінде бағалы қағаздарға тиісті жалпы және бірдей белгілердің жиынпъіғы. Бағалы қағаздар жіктелуін және бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуін айыра білу керек.
Бағалы қағаздардың жіктелуі мен бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуін бөліп қарастыруға болады.
Бяғялы қағаздардың жіктелуі - бұл бағалы қағаздардың өздеріне тиісті белгілері бойынша бөлінуі.
Бағалы қағазздар түрлерінің жіктелуі — бұл бір түрдегі бағалы қағаздарды топтастыру; бағалы қағаздарды басқа да түрлерге бөлу. Өз кезегінде түрлерді одан әрі бөлуге болады. Әрбір тәменгі жіктеу жоғары тұрған жіктеудің құрамына кіреді. Мысалы, акция — бағалы қағаздардың бір түрі. Қарапайым акция бір дауысты немесе көп дауысты, номиналмен немесе номиналсыз болуы мүмкін.
Уақытша сипаттамасы:
• қызмет ету мерзімі: айналысқа қай уақытта шығарылған, қай уақыт кезеңіне немесе мерзімсіз;
• пайда болуы: басы өзінің бірінші негізінен келе ме немесе басқа бағалы қағаздардан.
Кеңістік сипаттамасы:
• қызмет ету иысаны: қағазды немесе заңды тұрде айтқанда құжатты нысан немесе қағазсыз, құжатсыз нысан;
• ұлттық белгісі: отандық немесе басқа мемлекеттік, яғни шетелдік;
• аймақтық белгісі: елдің қай аумағында шығарылған. Нарықтық сипаттамасы:
бағалы қағаздар негізінде жатқан актив түрі немесе оның шығу негізі (тауар, ақша, фирманың жиынтық активі және т.б.);
• иемдену тәртібі: ұсынушыға, атаулы, ордерлі. Атаулы бағалы қағаздар - онда көрсетілген тұлғаның құқығын куәландыратынын көрсетеді. Ұсынушы бағалы қағаздары -құқық оны ұсынушы адамға жатады. Ордерлі бағалы қағаздар — құқық онда аталған адамға тиесілі.
• шығару нысаны: эмиссионды, яғни ішінде барлық бағалы қағаздар өздерінің сипаттары бойынша бірдей болып келетін бөлек сериялар бойынша шығарылады немесе эмиссиялық емес;
• меншік нысаны және бағалы қағаздарды нарыққа шығарушы эмитент түрі: мемлекет, корпорациялар, жеке тұлғалар;
• айналыс сипаты: нарықта еркін немесе шектеулі айналады;
-бағалы қағаздар ұсынатын құқық түрі негізінде экономикалық мәні;
• тәуекел деңгейі: жоғары, төмен және тағы басқа;
• табыс көзі: бағалы қағаздар бойынша табыстың қандай да болса бөлігін төлей ме, жоқ әлде төлемей ме;
Бағалы қағаздар сонымен қатар мерзімді және мерзімсіз болып бөлінеді.
Мерзімді - оларды шығару кезінде мерзімі белгіленетін бағалы қағаздар. Әдетте мерзімді бағалы қағаздар екі түрге бөлінеді:
• қысқа мерзімді, айналымда бір жылға дейін жүретін;
• ұзақ мерзімді, айналымда бір жылдан жоғары мерзімде жүреді.
Мерзімсіз - айналым мерзімі шектелмеген бағалы қағаздор, яғни олар шексіз қызмет етеді және бағалы бағаздар шығару кезінде өтеу мерзімі көрсетілмейді.
Бағалы қағаздардың пайда болуының классикалық нысаны -қағаз, яғни бағалы қағаз құжат түрінде қолданылады. Бағалы қағаздар нарығының дамуы бағалы қағаздардың көп түрінің, ең алдымен эмиссиялық нысанын құжатсыз нысанға ауысуын талап етеді.
Инвестициялық (капиталдық) - капитал салымы үшін объекті болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облиғациялар, фьючерлік келісімдер және т.б.).
Инвестициялық емес - тауар немесе басқа нарықта ақшалай есеп айырысуға қызмет көрсететін бағалы қағаздар (вексельдер, чектер, коносаменттер).
Эмитеиттің құқықтық мәртебесін, инвестициялық және несиелік тәуекел деңгейін, инвесторлардың қызығушылығы мен басқа факторларды ескергенде қордың бағалы қағазы үш топқа бөлінеді:
• мемлекеттік;
• муниципалдық;
• мемлекеттік емес.
Мемлекеттік бағалы қағаздар - мемлекеттің ішкі қарыздарының нысаны; эмитенті мемлекет болып табылатын қарыздық бағалы қағаздар. Мемлекеттік бағалы қағаздар ішінде қазынашылық вексельдер мен міндеттемелер, мемлекеттік және жинақ қарыздарының облигациялары кең тараған.
Муниципалдық бағалы қағаздарға жергілікті өкімет органдарының қарыздық міндеттемелері жатады.
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар корпорациялық және жеке қаржы институттарымен ұсынылады. Корпорацияға кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің қарыздық міндеттемелері мен акциялары жатады. Жеке бағалы қағаздарға жеке тұлғалар шығаратын вексельдер, чектер жатуы мүмкін.
Нарықтағы айналым ерекшелігіне байланысты бағалы қағаздарды нарықтық (айналымды) және нарықтық емес (айналымсыз) деп бөледі.
Нарықтық бағалы қағаздар екінші нарықта биржалық және биржадан тыс айналыс шегінде еркін сатып алынуы және сатылуы мүмкін. Ол шығарылғаннан кейін эмитентке кезектен тыс ұсынылмайды.
Нарықтық емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін ауыспайды. яғни оларда екінші айналыс болмайды. Бұл мынадай бағалы қағаздарға жатады, мысалы, эмитент бағалы қағаздарды шығару кезінде тек эмитенттен басқа адамға сатылмауы тиіс деген шарт қояды.
Сонымен қатар, айналысы шектелген бағалы қағаздар туралы айтып кетуге болады. Сатып алу - сату мәмілесі бойынша шектеулер жабық акционерлік қоғамының акцияларына жатады.
Бағалы қағаздардың борышқорлық және иемденуші үлесіне бөліігуі өз кезегінде ақша қаражаттарын пайдаланудың екі мүмкін тәсілдерін көрсетеді:
• әр түрлі активті меншікке алуға;
• уақытша пайдалануға.
Егер бағалы қағаздар салынған ақша сомасын қайтарып беру шартымен шектелген мерзімге шығарылса, онда олар борышқорлық болып табылады. Бұл облигациялар, банктік сертификаттар, вексельдар және т.б. Иеленуші бағалы қағаздар активтерге сәйкес меншік құқығын береді. Бұл акциялар, варанттар, коносаменттер және т.б.
Эмиссиялық бағалы қағаздар ірі серияда және көп көлемде және әрбір серияның ішінде ұқсас шығарылады. Бұл — акция және облигация.
Эмиссиялық емес бағалы қағаздар аз серияда немесе санаулы түрде шығарылады.
Қазіргі әлемдік тәжірибеде қолданылатын бағалы қағаздар екі үлкен сыныпқа бөлінеді.
1-сынып — негізгі;
2-сынып - туынды.
Негізгі бағалы қағаздар - қандай да болса бір активке (тауар, ақша, капитал, мүлік, әр түрлі ресурстар және т.б.) мүлік құқығы жататын бағалы қағаздар. Негізгі бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады.
Варрант акционерлік қоғам шығаратын және варрантта бекітілген баға бойынша бағалы қағаздардың белгілі бір көлемін одан сатып алу үшін ұстаушы құқығын куәландыратын туынды бағалы қағаздар болып табылады. Қоғам акция және облигация эмиссиясымен қатар варрант шығаруға құқы бар. Варранттар бағалы қағаздардан оларды шығарғаннан кейін белінеді және оларда көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алғанға дейін нарықта өз бетінше айналыста жүреді. Варанттар бөлініп шыққаннан кейін бағалы қағаздардың сатылу құиы олардың бағасына азайтылады. Қоғам варрантты қоғамның болашақтағы бағалы қағаздар эмиссиясымен шығаруға құқы бар. Олар иемденушіге қоғамнан бағалы қағаздарын варрантта келісілген баға бойынша белгіленген кезең шегінде, кез келген уақытта алуға құқық береді. Варрант иемденушіге дауыс беру құқығын бермейді және олар бойынша дивидент есептелінбейді.
Қоғам басқару органының шешімі бойынша опцион жағына шығарылатын бағалы қағаздардың белгілі бір көлемін сатып алуға және сатуға артықша құқық беретін опцион жасауға құқығы бар. Опционды жасау жағдайы және тәртібі және олардың айналысы бағалы қағаздар нарығы туралы завдылықпен реттеледі.
Туынды бағалы қағаздар санатына ең алдымен депозитарийлік қолхаттар жатады. Депозитарийлік қолхат — бұл шетел эмитентінің бағалы қагаздар бойынша шыгарылған және елде еркін айналыста жүретін туынды багалы қағаз. Бұл инвесторлардың шетел эмитенттерінің бағалы қағаздарын иемдену үшін қаржылық құрал болып табылады. Эмитенттердің депозитарийлік қолхаттарын шығару шетел капиталының инвестициясының өсуімен, оларды тіркеу қажеттілігінін болмауымен, оларды жергілікті салықты төлеуден босатумен және барлық инвесторлар үшін қол жеткізілуімен байланысты. Депозитарийлік қолхаттардың келесі түрлерін бөліп қарастыруға болады:
• американдық (АБК);
• ғаламдық (СВК);
• халықаралық (ГОК).
АБК
АҚШ нарығында айналады және долларлы
номиналы болады, ал ОБК. американдық
нарықтан басқа бірнеше нарықта
сатылуы мүмкін және сонымен бірге
эмитентке дүниежүзілік нарық капиталын
жаулап алуға мүмкіндік береді. Әдетте
американдық банктер
Ғаламдық
депозитарлық колхаттарды шығару, бүкіләлемдік
эмиссияны жақсы бағдарлап
Шетелдік тэжірибе көрсетіп отырғандай, корпорацияны қаржыландырудағы сыртқы кездердің құрылымындағы маңызды орында құнды қағаздарды, атап айтар болсақ акция мен облигацияны эмиссиялау алып отыр. Әлемнің дамыған елдерінде, корпоративтік облигациялар, банктік сектордың несиелік ресурстарына баланатын инвестициялау көзі болып табылады. Англосаксондық елдерде және Оңтүстік - Шығыс Азияның кейбір мемлекеттерівде мемлекеттік емес борыштық құнды қағаздар, эканомиканың нақты секторын қарыз қаражаттарымен бірден-бір жабдықтаушы болып табылады.
Бірақта, корпоративтік облигациялар нарығының ең дамыған елі АҚШ, корпорациялар, 80% дейінгі қарыз қаражаттарын қорлық нарықтан алады.
Банк өзінің қызмет етуін жүзеге асыру үдерісінде айналымға бағалы қағаздардың келесі түрлерін шығарады:
• акциялар;
• депозиттік сертификаттар;
облигациялар;
• бағалы қағаздардың басқа түрлері.
Акция - бұл акция иемденушісінің акционерлік қоғам капиталына қатыскандығы туралы куәландыратын және оның иесіне осы қоғамның пайдасының белгілі бір бөлігін дивидент түрінде алуға құқық беретін акционерлік қоғам шығаратын бағалы қағаз.
Акциямен келесідей құқықтар байланысты:
-
белгілі жағдайда пайдаға
- акционердің жалпы жиналысына қатысу;
- акционердің жалпы жиналысында дауыс беру кұқығы;
-
капиталдың кебеюі кезінде
Акция ұсынатын құқық көлеміне қарай жай және артықшылығы бар болып бөлінеді. Жай акциялар акционерлерге жоғарыда аталған құқықтарды банктің заңы мен жарғысына сәйкес ұсынады. Артықшылығы бар акцияны ұстаушылардың жай акцияны ұстаушыға қарағанда біршама артықшылығы бар.
Акцияның түрін ажыратудың тағы бір критерийі өткізу тәсілі болып табылады. Ұсынушы және атаулы акциялары бөліп қарастырылды. Ұсынушы акциялары екі жақтың келісімі бойынша және акцияларды беру арқылы жүзеге асырылады. Атаулы акциялар екі жақтың келісімі бойынша және индоссаланған құжаттар арқылы беріледі.
Банктердің акцияларды айналысқа шығару тәртібі «Банктің меншікті қаражат есебі» тарауында қарастырылған.
Баиктік сертификаттар — ақша қаражаттарын салу туралы салымшыға онда белгіленғен салым мерзімі аяқталғаннан кейін, олар бойынша пайыз алу құқығын куәландыратын банктің жазбаша куәлігі. Сертификаттардың екі түрі болады: депозиттік және жинақтық. Депозиттік сертификат заңды тұлғаларға, ал жинақтық -жеке тұлғаларға беріледі. Депозиттік сертификаттар, депозиттік сертификатты ұсыну бойынша белгілі бір соманы тартуға құқық беретін талап еткенге дейінгі және салымды тарту мерзімі және тиесілі пайыз көлемі белгіленген мерзімді болып бөлуге болады. Депозиттік сертификаттардың экономикалық мәні нарықтық құрал және несие ресурстарының мультипликаторы ретінде қатысуында.
Депозиттік
сертификат бойынша пайыз түріндегі
алынған табыстар белгіленген тәртіпте
осы табыс көзіне салық салынады.
Банктердің ҚР Ұлттық банк лицензиясы
негізінде сертификаттарды
• жаңа шығарылған сертификаттарды иемдену жолы; салымның басқа түрлеріне қолма-қолсыз аударымдар;
• қолма-қол ақша.
1996
жылы 19 қыркүйектегі «ҚР депозиттік
(банктік) сертификаттардың
• сертификатты өтеу мерзімі аяқталғанға дейін кезең бойынша;
• сертификатты өтеу күнінде.
Банктік сертификаттық міндетті деректемелері келесілер болып табылады:
-
«депозиттік сертификат» атауы;

- Инвестиция саясаты
- Инвестиция саясаты
- Инвестиция туралы
- Инвестиция туралы
- Инвестиция түсінігі
- Инвестиция түсінігі және оның есебі
- Инвестиция ұғымы және оның жіктелуі
- Инвестицияның әлеуметтік – экономикалық мәні
- Инвестицияның құрылымы және оның экономикалық өрлеуге әсері
- Инвестицияның мазмұны
- Инвестицияның мәні, қажеттілігі
- Инвестицияның теориялық аспектілері және оны қолданудың шетелдік тәжірибесі
- Инвестицияның экономикалық коммерциялық және бюджеттік тиімділігін нығайту жолдары
- Инвестицияны тартудың халықаралық тәжірибесін Қазақстан жағдайында тиімді пайдалану