Инвестицияның мәні, қажеттілігі



Мазмұны

 

Кіріспе...................................................................................................3

І Корпоративтік инвестициялық саясаттың теориялық негіздері

1.1 Инвестицияның мәні,қажеттілігі..............................................................4

1.2 Инвестициялық  саясаттың  корпорация қыз-

метіндегі ролі, түрлері.....................................................................................7

1.3 ҚР корпоративтік бірлестіктердің инвести-

циялық саясатының жағдайы........................................................................11

ІІ Корпоративтік инвестициялық саясатты жасаудағы опциондық әдістердің қолданылуын талдау

2.1 Опциондық келісімдер..............................................................................14

2.2 Опциондық әдістерді пайдалануды талдау.............................................17

2.3 Опциондарға баға белгілеу теориясы......................................................20

Қорытынды.....................................................................................................25

Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Курстық жұмыс тақырыбын таңдау сәтінде осы инвестициялық саясатқа тоқталуымның бірнеше себептері бар. Капитaлды шетке шығaру, қазіргі дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастарының маңызды бағыты. Капиталды шетке шығaру дегеніміз - капитaлдың бір бөлігін ұлттық айналымнан шығaрып тауар немесе ақшалай нысанда басқа бір елдің өндірістің пайызы мен айналымына кіргізу. Капитaлды шетке шығaрудың негізгі себебі және алғышарты елдегі капиталдың салыстырмалы молдығы шамадан тыс қорлануы капиталды әлем елдерінде пайдаланудың негізгісі мыналар:

1.      Инвестициялаушы елдегі капиталдың мол қорлануы;

2.      Дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы ;

3.      Капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы  күшінің болуы ;

4.      Саяси тұрақтылықтың және қолайлы инвестициялық ахуал.

Капитал экспорты, әсіресе оның тікелей инвестицияны саны ұлттық өндірісті халықаралық өндіріске айналдырып, халықаралық өнім шығаруды ынталандырады .Яғни, инвестициялар ел ішіндегі капиталдың шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.

Бұл мақсатарға жету барысында мынадай міндеттер шешілуі тиіс:

      Инвестиция жайлы жалпы түсінік алып, оның қажеттілігін білу керек;

      Корпоративтік бірлестіктердің инвестициялық саясатынының жағдайымен танысу;

      Опциондық әдістердің қолданылуын қарастырып, білу;

      Жалпы опцион дегеніміз не, соны анықтау қажет.

 

 

 

І Корпоративтік инвестициялық саясаттың теориялық негіздері

 

1.1 Инвестицияның мәні, қажеттілігі

 

Инвестициялар кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде қайта қаралатын немесе әлеуметтілік тиімділіккке қол жеткізетін қызметтің басқа түрлерінің обьектілеріне мүмліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрлері. Капиталдың ел ішіндегі шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.

Инвестициялар тұрақты және қаржы инвестициялар болып табылады.

Нақты инвестицияларға капиталдардың ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке, құрылысқа және т.б. жұмсалуы жатады.

Қаржы инвестициялары мемлекетке басқа да кәсіпорын инвестициялық қорларын бағалы қығаздарын акцияны сатып алуға бағытталатын, сонымен қатар тікелей және жанама болып табылады.

Қ.Р. тікелей инвестициялы мемлекет қорғау заңы бойынша тікелей инвестициялар республиканың тәуелсіздік кепілдігіне байланысты және арнайы техникалық көмекпен грантқа арналған инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері жанама инвестиция қоржынындағы инвестициялар басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар.

Әрбір фирманың іс әрекеттің маңызды бір бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады. Яғни жобаларды іске асырудағы жіберілген ақша қаражаттары жайлы операциялар. Коммерциялық тәжірибеде мұндай инвестицияның түрлері бірнеше табиғи активтерге инвестициялар, екінші ақша активтеріне инвестициялар, үшіншісі материалдық емес активтерген инвестициялар.

Табиғи активтерген өндірістік ғимараттар мен құрылымдар, қызмет ету уақыты бір жылдан асатын әртүрлі машиналар мен жабдықтар және өндірістік процесстерде қолданылатын басқа да мүліктер жатады.

Ақша активтеріне жеке және заңды тұлғаланған ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады. Мысалы: банктегі депозиттер, облигациялар, акциялар.

Материалдық емес активтерге фирма жұмысшыларын қайта жеке оқыту және біліктілерін жоғарылату арқылы сауда белсенділігін арттыру, потенттік лицензия алу, сертификат алу, жерді қолдануға құқық алу арқылы алынған құндылықтар жатады.

Нақты активтерге байланысты активтер келесі топтарға бөлінеді:

1.                  Тиімділікті арттыруға арналған инвестициялар. Олардың негізгі мақсаты: жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту, өндіріс қуатын өндірістің тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы фирманың шығындарын азайтуға жағдай жасау.

2.                  Өндірісті кеңейтуге арналған инвестициялар. Олардың мақсаты: өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту.

3.                  Жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған инвестициялар. Бұл жаңа өнімге тауарлар шығаратын жаңа кәсіпорындар салуға негізделген.

4.                  Мемлекетті басқару  ұйымдарының талаптарын орындауға бағытталған инвестициялар. Бұл инвестиция кәсіпорынның немесе мемлекеттік ұйымдардың, экономикалық стандарттар, өнімнің қауіпсіздігі және басқа да жағдайларға байланысты талаптарын орындауға мәжбүр болған жғдайларда қолданылады.

Инвестициялық жобалауды құру және іске асыру мынандай кезеңдерден тұрады:

1.                  инвестициялық ұғымды қалыптастыру;

2.                  инвестициялық мүмкіншіліктерді зерттеу;

3.                  жобаны техникалыө кономикалық негіздеу;

4.                  жер учаскесін алу немесе жалғау;

5.                  келісім құжаттарын дайындау;

6.                  экономикалық көрсеткіштердің мониторингін жасау.

 

Инвестициялардың негізгі мақсаттарына жататындар:

1.                  салымдардың қауіпсіздігі;

2.                  салымдардың табыстылығы;

3.                  салымдардың өсуі;

4.                  салымдардың өтімділігі.

Инвестициялық жобаларды орындап, есептеп, олардың тиімділігін жобаға кеткен шығындар мен жобаның іске қосу нәтижелерін салыстыра отырып, талдау нәтижесін анықтау негізгі мақсаттарының бірі. Инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау жіне бағалауды, материалдық жіне заңды түрде тікелей жауап беретін инвестициялар жүргізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Инвестициялық саясаттың корпорация қызметіндегі ролі, түрлері

Осы замандағы әлем инвестициясының ерекшеліктерінің басты  көpініcі, ол қарыз, портфельдік инвестиция т.б. нысандағы капиталдар қозғалысына кедергілердің болуы және оны жоюдың қажеттілігі. Экономикадағы ұлттық мүддені қорғау үшін, өнеркәсібі дамыған мемлекеттер қажет болғанда, тікелей шетел инвестициясына тосқауылдар да қоя біледі. Айта кететін нәрсе, капиталды  шетке шығару процесі, капитaлды  тартy процесімен салыстырғанда кемдеу реттеледі. Капиталдар қозғалысын реттеу үшін мемлекет мынадай шаралар қолданады: Қаржылай әсер ету әдістері: жеделдетілгeн амортизация мен салық жеңілдіктeрін беру, несиелерді қамсыздандыру, қарыз беру т.с.с; қаржылай емес әсер ету әдістері: жер учаскелерін бөлу, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, техникалық көмек көрсету.

              Шетелдік инвестиция дегеніміз – қабылдаушы  елдердегі компаниялардың қызметін бақылап, басқару үшін капиталдың мақсатты  түрде ауысуы .

Тікелей инвестиция деп – капиталды экспорттаушының қабылдаушы  ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтамыз. Мұның ішіне жергілікті тұрғындардан жұмысшы күшін дайындау мен оқыту, әлеуметтік жағдайларды орнықтыруда кіреді. Тікелей инвестициялар арқылы  халықаралық корпорациялар дүниежүзілік рынокта өз биліктерін жүргізеді. Тікелей инвестицияның көмегімен халықаралық корпорациялар шетелдік кәсіпорындарға толық иелік етеді.

Шетелдік инвесторлардың елдер мен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі қазіргі халықаралық экономикалық құрылымына айтарлықтай әсер етеді. Сонымен қатар дүниежүзілік шаруашылықтың жекелеген бөліктерінің арақатынасынкөрсетеді. Тікелей инвестиция саласында жетекші рольді өнеркәсібі дамыған елдер атқарады. Тікелей инвестициялардың 4/5 бөлігі солардың үлесінде. Сондықтан дамыған елдер бір мезгілде капиталды ірі импорттаушылар да, экспорттаушы лар да болып отыр.

Шетелдік инвестицияларды тартудың маңызды көзі – портфель инвесторлары. Олар ірі корпорациялардың, мемлекеттік және жеке меншік банктерінің облигациялық қарыздарын қаржыландырады .

Шетелдік күрделі қаржыландыруды реттейтін маңызды құжат 1994 жылы Джакарта қаласында қабылданған "Азия - Тынық мұхиты ынтымақтастығының" тікелей шетелдік төмендегі              инвестициялар жөніндегі "Epікті кодекс". Бұл "Кодексте" төмендегі инвестициялық принциптeр жинақтaлған:

                                                                                                                                                                                         шекралaрдың ашықтығы ;

                                                                                                                                                                                         донор елдерді алаламау;

                                                                                                                                                                                         инвестицияларды  ынталандырудың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны  қорғаумен оның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қатаң талаптарына сай келуі;

                                                                                                                                                                                         инвестицияларды  реттейтін талaпттар санының мөлшерде болуы ;

                                                                                                                                                                                         ұлттық заңдар мен халықаралық құқық нормаларына сай келетін инвестицияяларды  тұтқындамау,  тартып алмау;

                                                                                                                                                                                         тіркелуін және еркін айналымын қамтамасыз ету;

                                                                                                                                                                                         капитaлды  шетке шығаруға кедергілерді алып тастау;

                                                                                                                                                                                         қосарланған салық салуды болдырмау;

                                                                                                                                                                                         шетелдік инвестицияларды қабылдаyшы елдің заңдарына сәйкестендіру;

                                                                                                                                                                                         инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін шетелдік мамандардың келіп-кетуіне кедергі жасамау;

                                                                                                                                                                                         талас, егес жағдайында оларды келіcсөздер немесе төрелік арқылы шешу.

Капиталды  шетке шығарудың іс-тәжірибесі көрсетіп отырғандай, оған инвестицияларды тартуды ынталандыру саясатынан гөpі, рынотық факторлар көбірек әсер етеді. Экономикалық epкіндік,               рыноктық механизмдердің кедер-гісіз қызмет eтyі сыртқы инвестицияларды тартудың маңызды тұтқасы  болып отыр. Американдық экономистер жасап шығарған экономикалық еркіндіктің он түрлі нақты көрсеткіштері бар. Бұл көрсеткіштeр мемлекеттің реттегенін қызметінің деңгейін анықтайды. Олар:

1.   сауда саясаты ;

2.   салық  салу;

3.   монетарлық саясат;

4.   банк жүйесінің қызметі;

5.   шетелдік инвестицияларды  құқықтық реттеу;

6.   жеке меншік құқы ;

7.   елде өндірілетін тауарлар мен қызмет көрсету көлеміндегі мемлекеттік тапсырыстың үлесі;

8.   экономикалық ынталандыру саясаты ;

9.   елдегі "көлеңкелі рыноктың" көлемі;

10.        баға жасау мен еңбек ақыны  peттey;

Аталған он көрсеткіш бойынша әрбір елге 1-ден 5 балға дейін баға қойылады, сөйтіп мемлекеттің реттеуші ролі анықталады .

1995 жылдардағы зерттеудің нәтижесінде Ганконгтың экономикасы  ең epкін эканомика болып шықты. Ал, Қытай болса ең coңғы оpынды шетелдік инвестициялардың ондаған миллиард саласын тартуына кедергі болып отырған жоқ. Бұдан шығатын қорытынды: экономикалық epкіндік дәрежесі шетел капиталы н тapтyғa шамадан тыс кедергі кетіpe алмайды .

Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы секторының бірі қаржы саласы болып табылады. Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі – қаржы жүйесін халықаралық стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкестендіру. Ол әрине, халықтың жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикасы тұрақты өсуіне әсер етеді.

Капитaлды  шетке шығaру, қазіргі дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастарының маңызды  бағыты. Капиталды  шетке шығaру дегеніміз - капитaлдың бір бөлігін ұлттық айналымнан шығaрып тауар немесе ақшалай нысанда басқа бір елдің өндірістің пайызы  мен айналымына кіргізу. Капитaлды  шетке шығaрудың негізгі себебі және алғы шарты елдегі капиталдың салыстырмалы молдығы шамадан тыс қорлануы капиталды әлем елдерінде пайдаланудың негізгісі мыналар:

5.   Инвестициялаушы елдегі капиталдың мол қорлануы;

6.   Дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы ;

7.   Капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы  күшінің болуы ;

8.   Саяси тұрақтылықтың және қолайлы инвестициялық ахуал.

Капитал экспорты, әсіресе оның тікелей инвестицияны саны ұлттық өндірісті халықаралық өндіріске айналдырып, халықаралық өнім шығаруды ынталандырады .

Капиталды  шетке шығару мынаны сандарда жүргізіледі: өнеркәсіп, сауда т.б. кәсіпорындарына тікелей инвестициялар; портфельдік инвестициялар (шетелдік облигацияларды, акцияларды  және басқа да құнды  қағаздарды  алу үшін); орта және ұзақ мерзімді халықаралық несиелер мен қарыз капиталдарын өнеркәсіп және сауда корпорацияларына, банктерге т.б. мекемелеріне беру; капиталдың ауысуы мен шетелдік инвестициялардың айырмашылығын ажырата білу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 ҚР корпоративтік бірлестіктердің инвестициялық саясатының жағдайы

Іскерліктің  корпоративтік түрі заман талабына сай пайда болған жаңа ұғым. Корпорация - дамыған шет елдерде кең тараған, үлестік жеке меншікті, жалданып жұмыс істейтін кәсіпкерлігі жоғары басқарушылар қызметтеріне  сүйеніп, кәсіпкерлік қызметті ескеретін ұйымдастырудың бір түрі. Кәсіпкерліктер мемлекеттік те, жеке меншік те болады. Кәсіпкерліктің заңды дәрежесі түсім салығын реттеу жүйесін анықтайды. Корпоративтік бірлестіктер  мемлекеттік басқару бөлімдерінде тіркелген  тікелей өз атынан  іс жасай алатын заңды тұлға. Олар да өз меншіктерінде үлестері де болады, қарыздануы да мүмкін және де олар біреуді айыптауы немесе  істі болулары да мүмкін.

Қаржылық жүйе теориясы тұрғысынан қарасақ, корпоративтік басқару дегеніміз, индустриялық аймақтағы альтернативалық қолданушылар арасында қорларды ретімен бөлуді және жинақтарды инвестиция ретінде қолдануды қанағаттандыратын келісімдер деуге болады. Ал заң тұрғысынан, корпоративтік басқару – кәсіподақты құру және ұйымдастыру негізіндегі заңды концепциялар мен істердің, дәлірек айтқанда, акционарлердің құқығына қатысты әрекеттердің жалпы атауы.

Алайда, корпоративтік басқаруды анықтауда ең негізгі екі бағыт бар.

Олардың бірі корпоративтік басқаруды шешім қабылдаудың көпірі ретінде бағаласа, екіншісі – іскерліктің корпоративтік түрінен, яғни, жеке меншік иелері институттары мен басқарушылар институттарын бөлуден туындаған салдарға негізделген және корпоративтік келісімдерге қатысушылардың қандайда бір тобының құқықтарын менеджерлердің тиімді емес іс-әрекеттерінен қорғауға бағытталған анағұрлым жиі қолданылатын көзқарас. Екі жағдайда да корпоративтік басқарудың мәні корпоративтік келісімдердегі есепке алынатын қатысушы жақтардың мөлшеріне тәуелді. Нақтырақ, бұл акция иелерінің құқығын қорғау болып табылады. Келесі бір көзқарас бойынша, мұнда акция иегерлерімен қатар, қаржылық инвесторлар тобын құрайтын несие берушілерді де жатқызады. Сонымен, корпоративтік басқару – бұл әрі қаржылық инвесторлардың (мемлекет, жұмысшылар, кәсіпорындар мен серіктестер), әрі қаржылық иегерлердің (несие берушілер, акция иегерлері) құқығын қорғау.

Акция иегерлері корпоративтік басқарудың туындауына қажетті қаржылық қордың көзі болып табылады. Несие берушілер де қаржылық инвесторлар болып табылады, алайда, акция иегерлері кәсіподақ түсімділігі мен құнының артуын көздесе, несие берушілер оның қаржылық жағдайының тұрақтылығын бақылайды. Бірақ, кәсіподақ істеріне қаржылық инвесторлармен қатар, қаржылық емес инвесторлар да қызығушылық танытады. Көптеген экономистер қаржылық емес инвесторларға мыналарды жатқызады:

            кәсіподақ жұмысшылары,

            кәсіподақ серіктестері,

            бүкіл қоғам (мемлекет, тұтынушылар).

Акционерлік компанияларда акционерлік меншіктің иегерлері мен оларды басқарушылар корпорациялық қатынастардың негізі болып табылады. Корпоративтік қатынастарға қатысушылардың әртүрлі топтары бір салада бірдей қызығушылық танытса, екіншісінде әртүрлі болады. Сонымен, корпоративтік қатынастарға қатысушылардың әртүрлі топтардың қызығушылықтарының ең елеулі қайшылықтарын бөліп көрсетуге болады екен:

Қ.Р. өндіріс шаруашылығы әрекетінің маңызды бір бөлігі оның өндірістік экономикалық потенциалын сақтау және әрі қарай дамыту мақсатында жүзеге асырылады. Кәсіпорынның бұл саладағы әіс әрекеттері инвестициялық әрекеттер деп аталады. Қ.Р. кәсіпорынның инвестициялық әс әрекеттері нақты инвестициялық мемлекеттік қолдау туралы заң күші жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы салықтар және бюджетке міндетті түрдегі төлемдер туралы шетел инвестициялары туралы жарлығымен, т.б. нормативтік актілермен реттеледі. Қ.Р. инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың методологиясы мен әдістері, меншік формасына қарамастан, Ресейде жасалынған және 31 наурыз 1994 жылы бекітілген инвестициялық таңдап алу жайлы Методикалық нұсқауларды қолдану арқылы негізделеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ Корпоративтік инвестициялық саясатты жасаудағы опциондық әдістердің қолданылуын талдау

2.1 Опциондық келісімдер

Опцион еңбек ұжымының мүшелеріне тегін берілетін немесе жеңілдік шартымен сатылатын және кейіннен жазылым құнының беретін бағалы қағаздар. Опциондар кез келген активке берілуі берілуі мүмкін, алайда жылжымайтын мүлік пен бағалы қағаздарға берілетін опциондар өте кең таралған. Опционды иеленуші тұлға оны сатуға немесе сатып алуға құқылы, бірақ міндетті емес, опционның ең негізгі сипаттамасы да осы қасиеті болып табылады. Осылайша, егер опционды орындауда келеңсіз жағдайлар туындаса, опционның иегері оны орындаудан бас тартуға құқылы. Опциондар пайда болғалы бірнеше жылдар өтсе де, олар әлі кең таралған жоқ. Осыған дейін опциондық келісімдер шарттары сатушы мен сатып алушы арасында келісімдердің әрқайсысында тікелей қарастырылатын. Сондықтан 1973 жылы ең бірінші болып «Chicago Board Option Exchange» опциондық биржасы пайда болды.

Опциондық келісімдердің пәніне мыналар жатады:

1.      кәдімгі акциялар;

2.      фондтық индекстердің мәні;

Сонымен қатар, фьючерстік опциондар да кеңінен қолданылады. Олар келесі активтердің біріне бағытталған қандайда бір фьютерстік опциондарды сатып алу немесе сату құқығын береді:

      вексель немесе қазыналық облигациялар сияқты ұзақ мерзімді құралдар;

      бидай немесе алтын типтес тауарлар;

      шетел валютасы.

Енді опциондық келісімдер жүргізудегі негізгі ұ,ымдарға тоқталсақ. Опцион колы деп, арнайы келісілген мерзімде қандай да бір бағамен белгілі бір опциондарды сатып алу құқығы. Опцион путы - арнайы келісілген мерзімде қандай да бір бағамен белгілі бір опциондарды сату құқығы. Опцион бағасы деп, опционды сатып алушының сатушыға беретін төлем мөлшері алынса, орындау құны деп, опционды ұстап тұрушының 100 акцияны сату немесе сатып алуына болатын акциялардың құнын айтады.

Мысалы, IBM акциялараының опцион колдарын орындау құны 100 доллар болған. Әдетте, опциондық биржадағы айналымдағы опциондардың опциондық құндары әртүрлі путтері де, колдары да бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Опциондық әдістерді пайдалануды талдау

Экономикада опциондық әдістерді пайдалану барысында нарық қатысушыларының барлығына таныс бірқатар терминдер қолданылады. Солардың бірнешеуіне тоқталып кетейік.

Колл опцион – белгіленген мерзім ішінде нақты бір бағамен акциялардың берілген санын сатып алуға құқығы. Мысалы, IBM компаниясының 100 доллар тұратын акциясына 90 күндік колл опцион оны ұстаушыға 90 күн ішінде 100 доллармен оның акциясын сатып алуға құқық береді

Пут опцион – келісілген мерзім ішінде белгіленген бағамен нақты бір акция санын сатуға құқық береді

Опцион бағасы – опционды жазып берген тұлғаға сатып алушы төлеуі қажет сома. 1991жылы 22 қарашада «Ford» компаниясының акциясына пут опцион бағасы 5.375 доллар құраса, IBM компаниясының акциясына колл опцион бағасы  4.625 долларды құрады. Биржадада айналыста болатын акцияға опциондық келісімдерді 100 акциямен сатады, яғни IBM компаниясының акциясына колл опционына төленетін соманың ең төменгі бағасы 100 акцияға 4.625 доллар болады.

Орындалу бағасы – опционды ұстаушы 100 акцияны сатуға немесе сатып алуына болатын акция бағасы. IBM компаниясының акциясына колл опционның орындалу бағасы 100 доллар болса, «Ford» компаниясының акциясына пут опционның орындалу бағасы 30 долларға тең. Әдетте, опциондық биржаларда айналыста болатын акциялар орындалу бағасы әртүрлі болатын колл және пут опциондарды иеленеді.

Опцион уақытының өтуі – опцион орындалуы мүмкін болатын соңғы күн. Опциондық биржаларда опцион уақытының өту күні болып, опциондық келісімдер бітітін ай қарастырылады.

Европалық және американдық опциондар . Европалық опциондар Опцион уақытының өтіп кетуі сәтінде орындалуы мүмкін. Басқаша айтқанда, ол опционды ұстаушыға қарапайым акцияны нақты белгіленген күні сатып алуына құқық береді. Американдық опциондар нақты белгіленген күні немесе сол мерзімгі дейінгі кез –келген уақытта орындалуына құқық береді.

Опциондық баға белгілеу теориясын талқылаудан бұрын мына мысалды қарастырайық. Тез бұзылатын азық – түліктер бойынша лицензия берумен айналысатын «Butler» компаниясының акциясына біржылдық колл опцион сатылады дейік. Әрбір опционның 35 доллар орындалу бағасы бар, бірақ «Butler» акциясы 40 долларға сатылады. Егер бір жылдан кейін опцион мерзімі бітететін болса, онда «Butler» акциясын не 30 не 50 доллардан сатады. Бұл жағдайда колл опцион бағасы қандай болады? Осыған жауап берейік.

1.Опцион мерзімі өткен сәтте түсу мүмкіндігін талдау. Бұл сәтте акция бағасы не 30 не 50 долларға тең болады, және опцион бағасы мерзімі өткен сәтінде «Butler» акциясының бағасына тәуелді болады. Осылай, мерзімі өткен сәтінде мынадай жағдай белгілі болады:

 

Акция бағасы.               Опцион құны

Төмен                                  30                                  0

Жоғары                                50                                15

Бағаны шашу                      20   ..                           15

3.      түсімдердің варияциялық теңдеуі. 1 пункте көрсетілгендей түсғмдер вариациясы 20 долларға тең, акцияға инвестиция салған жағдайда 15 долларға тең. Вариация көлемі бірдей болар еді егер «Butler» компаниясының акциясын 0.75 пайызын сатып алынса. Онда түсімдер мына жағдайда болатын еді:

 

 

Акция бағасы.       0.75 акция құны                  Опцион құны

Төмен                  30                            22.50                                       0

Жоғары               50                           37.50                                      15

Инвестицияның мәні, қажеттілігі