Инвестицияны қаржыландыру қызметі
Кіріспе
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек.
Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздерін бастапқы түп тамыры қайдан алынады? Қалай жүзеге асырылады? Олардың әдістері мен бағыттары қандай? Деген сұрақтарға жауап жаздым. Сондай-ақ шетелдердегі күрделі қаржы салымдарының жүйесін қарастырдым. Дамушы мемлекеттердегі мұндай ұзақ мерзімді қаржыландыру көздері негізінен 60-шы жылдары олар саяси тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды. Бұл банктерді құруға дамыған елдердің банктерді белсенді қатысты. Дамушы елдердің инвестициялық банктері орта және ұзак мерзімді несиелеумен, бағалы қағаздармен операциялармен айналысады.
Екінші бөлімде мен инвестиция туралы заңдылықтар мен нармативтік актілерді сараладым. Қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздерін басқару аспекттілерін жаздым. Және де екінші бөлімнің соңғы бөлімшесінде Қазақстан Республикасының аумағындағы 2004-2006 жылдар арасындағы мәліметтер бойынша кәсіпкерліктердің ұзақ мерзімді қаржылық салымдарына талдау жасадым. Инвестициялық банктердін пайда болуын негізінен мемлекеттің бағалы қағаздарын орналастырумен байланысты деп көрсетеді.
Курстық жұмыстың соңғы бөлімінде ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерін басқаруда кездесетін бір қатар өзекті мәселелелерді талқыладым. Олардың алатын деңгейімен қаншалықты екенің анықтап, сондай-ақ қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздері, яғни инвестициялар мен лизингтер, бағалы қағаздарда тууы мүмкін мәселелердін шешу және оңтайландыру бағыттары мен жетілдіру жолдарын қарастырдым.
1 Инветициялық қызметтің экономикалық мәні, инвестицияның түрлері мен есептеу әдістері
1.1 Инвестицияның қызметі мен операциялары
Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор. Бұл тұрғыдан инвестициялық іс - әрекетті екі құрамдас бөлікке жіктеуге болады. Экономикалық құрылым мынадай элементтерден және инвестициялық іс-әрекеттің нәтижесінен тұрады:
1) Пайда табу. Түскен пайданың өзі екі аспектіні қамтиды: экономикалық, яғни инвесторлар пайда тауып оны қайта өндіріске жұмсайды – реинвестирование және әлеуметтік, тапқан пайданының белгілі бір бөлігі инвестордың әлеуметтік қажеттілігіне жұмсалады.
2) Жоғарыда көрсетілген пайданың негізінде жұмыскерлер де табыс тауып, соның негізінде өздерінің, жанұяларының әлеуметтік қажеттілігін өтейді.
3) Пайдадан түскен салық пен өтелімдер мынадай мақсаттарға жұмсалады:
- Міндетті медициналық қамсыздандыру қорына;
- Мемлекеттік зейнетақы қорына;
- Аймақтық бюджетке;
- Республикалық бюджетке;
4) Өнеркәсіптік әлеуметтік даму қорын құру.
Егер фирма салымдары бойынша ең жоғары тиімділікке жетуге тырысса, онда олардың басшылары инвестициялаудың базалық принциптерін есептеуі керек.
1) Инвестициялаудың шектеулі тиімділігі
2) "Замазкалау" принципі.
Сылап, бітеу жұмысына келетіндей инвестиция жүргіз. Шешімді қабылдап алғаннан кейін, инвестицияны іске асыру барысында ол еркіндікті енді оған бармау алмастырады, Мәселен, қандай станокты сатып алуға, не жалға алуға немесе өзің өндіргің келеді де, бұл операцияны жүргізу үшін қанша кредит аласың, оны қандай мерзімге және қанша проценттік мөлшерде алуға шешім жасауға еріктісіз. Ал, бұл операциялардың бәрін жасап болғаннан кейін, қайтадан қайту оңайға түспейді, өте қыйын болады. Бұл станокты көп жыл бойына пайдалану керек болады, алған кредит үшін проценттерді төлеу керек болады. Сөйтіп, сылап-бітеу процесінен шыға алмай, байланасың да қаласың, өйткені иңвестициялық жоба күшіне еніп алғаннан кейін еркін қимыл-әрекеттерге баруың шектеулі болып қалады[3; 157б].
Мұнан еркін шешімділікке және басқа әрекеттерге баруың мүлдем тиылды деуге болмайды. Әрине, сатып алған станокті қайтадан сатып жіберуге де болады немесе акциялардан да құтылуға болады да, "дезинвестирование" деп аталатынды жүргізуге болады. Көбінесе осыны жүргізеді. Қатені кейінге қалдырудан гөрі, тезірек түзетуге тырысу керек. Бірақ қатені тузеу үшін уақыт та кетеді, ақша да жұмсалады, басқару қызметінде шәлгездік туады, іскер серіктестермен байланыс үзіледі.
Мысалға, әлгі сатып алынған станокты алсақ, оны 1 жыл бойы пайдаланып келеген. Конъюнктура өзгеріп кетті де, енді оны пайдалануға мүмкіндік болмай қалды, оны 10 жыл бойы пайдаланбақ болған. Осы 10 жылға есептеліп кредит алып, әкеліп беруші және сатып алушылармен келісіп, амортизацияны да есептеп, тиісті ұзақ мерзімді келісім шарттарды жасап қойған. Дезинвестирование жүргізуге шешім қабылдап, қателіктерді жөндеуге бару керек болады, бірақ қателіктерді жөндеуге ештене төлемейтін болды. Кредит үшін (10 жыл) төлеу керек, әкеліп берушіге шартты бұзғаны үшін айып пүл төлеу керек, өйткені ол станоктың жетіспей қалған бөлшектерін әкеліп берген болатын, олар да 10 жыл бойы тиімді келісім бойынша пайда алатынына сенген болатын. Өнімді сатып алушыларға да 10 жыл бойы беріп тұру жөнінде шартқа отырғандықтан, оларға да төлеу керек. Өткізуші ұйымдарға да осы тәртіп бойынша төлеу керек. Мұнан да сорақы жағдай, жабдықтарды қайтадан сатқан кезде туады. Мұны рынокте әлі қалай сата алады? Қандай бағаға? Диллер саудалық-делдалдық үшін қанша алады?
Сөйтіп, қатені түзеу үшін қететін шығындар түгелімен кәсіпорын қалтасынан шығады. Осындай батпаққа батқаннан шығу өте қиын болады. Ал, егер осында "байланып қалу" бір уақытта 3-4 инвестициялық жоба бойынша болғанда не болады? Капиталды сіңіру саласы үлкен болып қалғанда, іскерлік серіктестіктер де мықтылар болады да, қатені түзеу үшін көп шығынға бататының анық болады. Міне, осыдан барып, инвестициялық жобаны іске қоспас бұрын, алдын-ала оның тиімділігін есептеп алған жөн. Тіпті 100 беделді фирмалар ақыл бергенімен, қате жібермеймін деп ойлауға болмайды. Нарықтың аты нарық. Бәрібір тәуекелділіктің аз болғаны дұрыс. Кәсіпорын басшылары тиісті шешім қабылдаудан қорықпауы керек, олар өздерінің жоспарларын жөндеуде өте икемді болулары қажет, конъюнктураның уақытша өзгеруіне және басқадай фактордарды көре біліп, тиімді істерді бастай алулары қажет.
3) Күрделі қаржыны салуда материалдық және тиімділіктерді бағалау үйлесімділік принципі. Тиімділікті бағалаудың үш варианты бар:
- Шығындар мен шығарудың салыстырмалы бағаларын салыстыру арқылы, яғни тек қана құндылық, ақшалай таддау.
Бірақ әлемдік инвестиция жасау тәжірибесі тек қана тиімділіктің ақшалай бағалануы жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр. Әсіресе, мұндай тәсілдік инфляцияның ауыздықсыз кеткен жағдайында, су түбіне мүлдем батырады. Сондықтан ақшалай бағалауды техникалық есептеумен толықтыру керек болады.
- Тиімділіктің ақшалай және техникалық белгілерінің үйлесімділігі. Бұл тәсіл сенімдірек болады. Өйткені инвестициялық жобаға салынған технологияға көп жағдай байланысты. Өндірістік күш-қарқынның артуының өзі тікелей технологияға қарай болады да, осыдан барып, инвестициялық мақсаттардың жүзеге асуына себебін тигізеді.
- Тиімділікті бағалаудағы таза түріндегі техникалық тәсіл. Бұл бизнестегі нарықтық бағалауды есепке алмайды, сондықтан оның қолданылуы: әзірше Қазақстан жағдайында басты орында болмай тұр.
4) Үйренушілік шығындар принципі.
Үйренушілік шығындар деген не? Бұл - жаңа инвестицяялық ортаға үйренуге байланысты болған барлық шығындар. Бұларды қайта құрудан және кадрларды қайта даярлаудан жоғалтқан өнім шығарумен өлшенеді, жаңа жабдықтар қойылғанда, оны конъюнктура өзгеруіне қарай, қайтадан өзгертіп, құрастыру керек болады[3; 167б].
Уақытша жоғалту деген - табысты да жоғалтумен бірдей деп есептелінеді.
Әрқашанда да жаңа инвестиция жөніндегі шешім мен оны іс жүзінде асыру, орнын толтыру арасында уақытша қалып қоюшылық «лаг» бола береді. Бірден үйренушілік болмайды. Қандай да болмасын үйренушіліктің өзінің шығындары болады: жаңа хабарлар керек, жаңа технология, кадрларды қайта даярлауға қаржы керек болады. Бұлай болмағанда, тездету үшін төлеу керек. Мысалы, жаңа заводты қайта салу керек болады, оны жарты жыл ішінде. Бірақ мұндай құрылыстың құны "алтынмен" тең болып кетеді.
Өндірістік инвестицияаудағы үйренушілік шығындары одан да асып кетеді. Жабдықтарды орнаттық делік, технологиясы да дұрысталды. Бірақ нарықтық конъюнктура өзгерді де, енді технологияны қайтадан өзгертіп, оған орай жабдықтарды да қайтадан жаңғырту керектігі туады.
Қол жұмыстарын машинамен ауыстырғыңыз келді делік. Бұл да белгілі үйренушілік шығындарды керек етеді (тура және жанамалық). Солардың кейбіреулерін ғана атайық: кадрларды қайта даярлау, ескі жабдықтарды сатып, жаңаларын орнату, жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істемеген уақыттары үшін төлеу керек (тиісті қысқартулар операцияларды), ескі келісім шарттардың орындалмай қалғандарына айыппұл төлеу.
Мұнан туындайтын қорытынды : үйренушілік шығындарды жаңадан өндірілген өнімдерді сататын бағаға қосып жіберу. Бұл баға өндіріске қажетті шикізат, материалдар, технологиялар, жабдықтарға кететін бағалардан жоғары болғанда ғана, бұл вариант бойынша капиталды салудың артықтығы айқын көрінеді. Сіздің өнімге сұраным көбейген сайын, үйренушілік шығынына да іркілмей бара беретін боласыз.
Сұраным бағасы ұсыным бағасынан көп болып, ең бастысы көп уақыт осылай тұра берсе, сіздің үйренушілік шығындарына қарамай-ақ , бұл инвестицияларыңыздың тиімділігін тәжірибе толық көрсетіп берді.
5) Мультипликаторлық (көбейткіш) принципі.
Мультипликаторлық принцип салалардың өзара байланыстылығына сүйенеді. Бұл дегенің, мәселен, автомобильге деген сұраным өзінен өзі келеді де оның технологиялық істеріне керек тауарларға да сұранымды арттырады: металдар, пластмасса, резина және тағы басқалар. Өңдіріс технологиясын білу арқылы өзара қатынастық коэфффициенттерді есептеп шығаруға мүмкіндік туғызады. Мысалы, егер биржалық баға белгілеуде машина жасаудың құны көтерілетіні белгілі болса, машина жасаудың технологиялық байланыстылығы бізге белгілі болғандықтан (басқа салалармен), алдын-ала бұл байланыстылықтың мультипликациялық күшті әсерін есептеп шығара аламыз. Мәселен, фирма машина жасауға пластмаса шығарады делік.
Сөйтіп, келешектегі кірістің қандай болатынын білесіз. Мультипликатор арқылы салалар арасында байланыстылықты анық көрсетіп, оны сан жағынан да білдіреді[2; 67б].
Күш беруші саланың мультипликатор арқылы нәтижесі әр түрлі және әр түрлі уақытта болады. Егер мысалы, ондай тасыңыз ауыл шаруашылық техникасы болса, онда мультипликатор және технологияны жақсы білуіңіз арқылы толқынның сізге қашан кәсіпорнына келетінін, кірісті көтере немесе азайта ма, бәрін есептеп аласыз. Инвестициялық стратегияда мұны да есептеу қажет болады.
Мультипликатордың күш әсерінің азаюы сіздің кәсіпорны саласының басқа саладағы - генераторлық сұраным мен кірісінен біртіндеп алыстай беруіне қарай болады. Кейіннен мультипликатордың күш әсері уақыты жеткен сайын әлсірей бастайды. Мұнан кейін күш беретін жаңа сала пайда болады да, инвестиция стратегиясын қайтадан түзеуге тура келеді. Өйткені рынок үнемі қозғалыста болып түрады.
6) Q - принципі
"Q" - принципі - бұл қор биржасындағы
бағалау мен актив құнын нағыз
қалпына келтіру арасындағы
Q ═ дің биржалық бағалануы (құндылығы) / бұл активтерді ауыстырудың (сатып алу) күнделікті шығындары.
Егер бөлшек бірліктен үлкен болса, онда инвестиция жүргізу тиімді болғаны (үлкен болған сайын, одан әрі тиімді болады). Мәселен, үйдің рыноктық (биржалық) құнының, оны салудағы күнделікті құнына қарағанда, артық болуына қарай, үй салуды ынталандырады, өйткені бұл үйді жаңа үймен ауыстыруға кететін шығындардан ол үйдің рыноктік бағасының артық болуы.
Сөйтіп, инвестициялау тиімділігі сұраным бағасы мен ұсыным бағасының өз ара қатынастарына байланысты болады. Егер тұтастай кәсіпорнын (фирманы) сатып алуға инвестицияны салуға есептегенде:
Q ═ фирманың барлық биржалық құны / оның материалдық бөліктерін орнына келтіру шығындары.
Тұтастай алғанда, бұл принциптің қолданылу деңгейінің аз болуы, мемлекеттік реттеушіліктің көп болуына қарай туады[16;138-144б].
1.2 Инвестицияның түрлері мен есептеу әдістері
Инвестициялар бірнеше түрге бөлінеді: венчурлық, тікелей, портфельдік, аннуитеттік түрде болады.
Венчурлық капитал - бұл тәуекелділік күрделі қаржыны салуды білдіруде қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде. Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да, салынатын қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі.
Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорның клиенттердің акцияларының бір бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол қарыздарын акцияға айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен салу жаңа технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға әртүрлі капитал түрлерін үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-өнертапқыштық фирмалардың-венчурлық деп аталатын құрылуына деддалдық жасайды.
Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін және осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие болу үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу.
Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін құрап алумен байланысты және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады. Портфель - бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жыйнақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі немесе әртүрлі инвестициялық бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жыйнақ және депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары кіреді.
Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Бұл зейнеткер болып кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын салымы. Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын қаржы.
Сақтандыру компаииялары және зейнетақы қоры қарыздық міндеттемелер шығарады да, оның иелері келешекте оны аяқ астынан болып қалған шығындарын жабуға пайдалана алады. Өзін-өзі сақтандыру арқылы, мезгілсіз қайтыс болған жағдайда, қаржылық қыйыншылыққа ұрынбайды. Зейнетақылық қор өз клиенттерін зейнеткерлікке шыққаннан кейін ақшалай қормен қамтамасыз етеді. Сақтандыру компаниялары өмірін қамсыздандырғандарға сақтандыру полисі бойынша бір уақытта алғысы келгендерге ақша немесе ануитетті беруі мүмкін[2;184б].
Инвестицияның орны толу мерзімі, тәуекелділік жағдайы, алдағы инфляция қарқыны, салық төлемдерінің жағдайына қарай келіп, оның тиімділігін қалай анықтауға болады? Сұрақтан сұрақ туып, басқадай тиімді тәсілдің болмағаны ма?
Ең тиімді, оңай тәсіл болып, ақшаны дұрыс пайдалану тек оны банкке салып, процент алу ғана. Осыдан келіп, ең бірінші ережеге айналғаны: ақшаны банкте сақтаудан гөрі қаржыны өндіріске жұмсап, бағалы қағаздарға және тағы басқаға беру арқылы, егер бұлардан таза пайданы (салықты шығарып тастағанда) көбірек алғанда.
Инвестициялық шешімге барғанда, онымен бірге инфляцияны да есепке алу қажет. Егер, біз жыл аяғында пайданы 100.000 теңге көлемінде аламыз деп есептесек, алдағы болатын инфляция қарқынын 10% деп есептесек, онда нағыз пайда 90 мың теңге ғана болады.
Егер инвестор 100 мың теңгені 15% жылдық өсіммен салғанда, инфляция болмаса, жыл аяғында 15000 кіріс алады. Сондықтан, 10% инфляция болғанда, инвестор жылдық процентті (15% + 10% = 25%) 15% кем салуына болмайды[15; 89б].
Тағы бір мысал келтірейік. Сіз бір шаруашылық объектісін салуға 500 мың теңге салатын болдыңыз. Егер инфляция деңгейінің болжамы жылына 8% болады делінгенде, онда сізді салған инвестицияңыздың тиімді болуы мына жағдайларға байланысты болады. Егер жылына алатын пайдаңыз 40 теңгеден асқанда, яғни 500 мың теңгеден 8% - түскен. Онда мұндай әдіспен баруыңыз сіздің инвсетицияны сақтауды және ұлғайтуды қамтамасыз етеді.
Мұнан кейінгі - екінші ереже: егер инвестициялау тиімділі инфляция қарқынынан асып жатса, қаржыны инвестициялау, мәні арта түседі.
Қайта орнына келуге мерзімі - бұл қаржы салымының басындағы көлемін жобадан түскен пайда есебінен орнына келтіруге қажетті кезең.
Мұндағы пайда деп отырғанымыз таза пайда яғни, салықты алып тастағаннан кейінгі, оған қаржылық шығынды, проценттерді және амортизацияны қосқандағы.
Пайданың жай нормасына негіз болатыны пайдалану жөніндегі есептесулер. Бұл бойынша бір жыл бойына пайдаланылған пайданың ең соңғы инвестициялық шығынға қатынасын есептеп шығаруға мүмкіндік туады. Сөйтіп, пайданың жай нормасының көлемі, пайда мен капиталдың қалай анықталғанына байланысты болады. Есептеп шығару варианттары:
1) Жалпы пайда немесе салық алынатын, жалпы инвестициялық шығынға жатқызылған пайда;
2) Таза пайда + жалпы инвестициялық шығынға жатқызылған амортизация.
Пайданың жай нормасының кемшіліктері болады:
а) негізге алатын белгілі бір жылды табу қыйын болады;
б) пайданың жай нормасы салықтық жеңілдік болған жылдарды есепке алмайды.
Компаундинг: бұл әдістің мәні мынада - жыл сайынғы кірістің өсуіне қарай, капиталдың базалық сомасының қалай өсетінін есептеп шығамыз.
Мұндай есептің тәжірибелік мәні: егер өсу процентін өзгерте алмасаңыз, онда келешек кірістің көлеміне қажетті болатын базалық соманы өзгерте аласыз. Егер алғашқы салынған салым сомасы сізге оңай болмаса, онда сіз жылма-жылға кірістің процентін көбейтуге тырысыңыз, сонан кейін бірнеше нақтылы жылдардан соң өзіңіз тілеген, өскен мөлшердегі сомаға жетесіз.
Үшінші варианттың мүмкіндігі бар: базалық сома да, процент те сізге байланысты емес. Онда сіз бәрібір, бірнеше жылдардан кейін барып, өзіңізге қажетті сомаға қолыңыз жетеді. Егер де, қандай да болмасын вариант бойынша, өзіңізге қажетті сомаға өзіңізге керекті уақытта жете алмасаңыз, онда бұл варианттан алдын-ала бас тарту керек те, инвестицияны басқа біреуіне салу керек болады.
Мына мысалды қарап көрейік. Сіздің старттық сомаңыз 10000 теңге. Әр жұма сайын, бизнестің кірісі - 23%. Базалық сома 1250 теңгеге өсу үшін неше күн керек болады? Мұнда қажетті өсуге жеткенше инвестициялауды жүргізе береміз. Осындай есуге қол жеткізу үшін қанша уақыт керек болады, егер осы соманы басқа бір бизнесменге әр жұма төлемін 15% кредитке берсек?
Инвестициялық процесс әр уақытта да тәуекелділікпен байланысты болады, өйткені уақыт анықтауды күшейте түседі, шығындардың орнын толтыру мерзімі ұзақ болған 1 жобаның тәуекелділігі қиындай түседі.
Сондықтан, шешім қабылдағанда уақыт факторын есепке алу қажет яғни, шығындарды бағалау, түсімді, пайданы қандай да болмасын жобаның іске асуындағы экономикалық тиімділікті уақытша өзгерістерді есептей отырып, бағалау керек. Бұл операция шығындарды дисконттау деп атайды да, мұны әдетте бірнеше бара-бар варианттарға жасайды, яғни мезгілдегі шығындарды белгілі бір уақытқа келтіру процесі.
Дисконттаудың негізі болатыны қандай да болмасын сома келешекте алына ма, бүгінгі күнінде де объективті пайдалылығы төмен болады, егер осы соманы айналысқа салып кіріс әкелуге жұмсасақ, онда ол бір жылдан соң, екі, үш жылдан кейінде де сақталып қана қоймай, ол өсе береді.
Дисконттау арқылы қазіргі соманың ақшалық эквивалентін келешектегі алынатын сомадан анықтауға мүмкіндік болады. Ол үшін, келешектегі күткен соманы, күрделі процент ережесі бойынша, белгілі мерзімдегі өсетін табысқа азайту керек. Егер, біз бүгін 100000 теңгені 10% жылдықпен инвестицияласақ, онда бір жылдан кейін біздің алатынымыз -100.000 теңге х (100%+ 10%), немесе, сондай - 100.000 теңгені х (1+0,1) = 110.000 теңге. Екі жылдан кейін: 100 000 теңге х (1 + 0,1) х (1 + 0,1) = 121.000 теңге және тағы әрі қарай осылай. Мұндай капиталды инвестициялауды, одан алынған табыспен қоса, тағы да келесі кезеңдерде көп табыс алу үшін жүргізілген процесті "проценттерді қосу" деп айтады да, оны мына формуламен көрсетеді:
КС = БСх(п + г), мұндағы -
КС - келешектегі ақша сомасы (келешек құн);
БС - бастапқы (қазіргі, күнделікті) құны;
г - процент төлемі немесе табыс нормасы;
п - табысты қосып есептейтін жылдар саны.
Келешек ақша сомасы мен проценттік төлемді білу арқылы, осы формула бойынша, осы ақша сомасының қазіргі кездегі құнын анықтауға болады, алдыңғыдан шығатын[17;168б].
Шетел инвестициясы Қазақстанға не үшін керек және қандай пайда келтіреді? Ірі инвестициядан алғашқы табысты ең кем дегенде үш-бес жылда ғана алуға болады. Қайтарым кезеңі бірнеше жылға созылған Қазақстандағы инвестиция инвесторлар үшін ешқандай қызықты емес, өйткені олар қысқа мерзімді инвестицияларға мүдделі. Әлемнің бұл ауданында өз нарығын кеңейткісі келетін компанияларға Қазақстан керек. Алайда Қазақстанның өзі де шетел инвестицияларын қажет.
Бірінші кезекте, шетел инвестициялары бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындар үшін берік валюта әкеледі.
Екіншісі және шетел инвестициясымен ере келетіндерің ең маңыздысы - технология мен кәсіпорын қызметкерлерін оқыту. Оқытылған жұмысшылар жақсы жұмыс істейді де, жоғары жалақы алады. Оның үстіне, оқытылған жұмысшылардың бизнесін ашу үшін жақсы мүмкіндігі бар. Оқыту - кәсіпкерлер қатарынан көбеюіне және шағын бизнестің қанат жаюына өріс ашады. Ақырында, қаншалықты қисыны байқалмаса да, инвестициясы елдің тәуелсіздігін нығайтуға қызмет етеді, Дербес жекешелендірудің жобасындағы бірінші оқиға болған темекі комбинатын Филип Морис компаниясының қолға алуы елге 300 млн. доллардың қолма-қол әрі инвестиция түрінде келуіне жол ашты.
Сөйтіп, инвестициялар - Қазақстан экономикасының қозғаушы күші екенін ұғынуымыз керек.
2 Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті қаржыландыру ресурстарын бағалау және талдау ерекшеліктері
2.1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті реформалау заңдары
Қазіргі кезде Казақстан Республикасының үкіметі басты назарды инвестицияның сапасына бөлу қажет деп санайды.
Қазақстан Республиканың
Геологиялық ізденіс жұмыстарына бағытталған инвестиция көлемі күрт төмендеді, егер 2011 жылы ол инвестицияның жалпы көлемінен 14 % кұраса, 2012 жылы тек 5 % құрады. 2013 жылдың 1 жартысында салынған инвестиция 121,7 млн. АҚШ доллар болды. Инвестицияның пайдалы қазбаларды геологиялық ізденіс жұмыстарына тек 3 % бөлігін құрады.
Қазақстан Республикасының үкіметі мемлекет саясатының минералды-шикізат ресурстарының корларын ұлғайту мақсатында ізденіс жұмыстарына инвестиция тартуда қосымша ынталандырушыларды жасақтауға негізделгенін көрсетеді. Оған Казақстан Республиканың үкіметі жасаған республиканың минералды-шикізат кешенінің даму бағдарламасы маңызды орын алуы тиіс. “Инвестициялар туралы” заң 2003 жылы 8 қантар №373-11 шыққан, кейіннен 2005 жылы 4 мамыр №48, және 2006 жылы 31 қаңтар №125 өзгертулер енгізілген.
Екінші жағынан бүгінгі күні жоғары косымша құны бар және өңдеуші салаларды жақсартуға барынша күш салу қажет. Осы мақсаттарды үкімет "Инвестициялар туралы" заң жобасын дайындады. Заң жобасының басты мақсаты экономикада отандық және шетел инвесторларының құқықтары мен мүмкіңдіктерін теңестіру болып, Қазақстан Республикада жасалған инвестицияларға қатысты мемлекеттік кепілдіктерді болашақта ұлттық экономиканы реформалау кезіңде инвесторлар мүдделерінде қайшылық туғызбайтын деңгейде үйлестіру болды. Бұл тұрғыда заң жобасының 6 бабы кайшылықты туғызды. Мұндай шетел инвесторларына берілген кепілдік конститутционалды экономикалық іс-әрекет субъектілерінің тең құқықтығы дәрежесіне күмән келтіретіні сөзсіз[19;28б].
Инвестициялық хал-ахуалды нашарлатпау мақсатында заң жобасына бұрын қойылған келісм — шарттардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін өтпелі қағидалар енгізілді. "Шетел инвестициялары туралы" занның 6 бабынан біртіңдеп бас тартуын, мемлекет әлемдік тәжірбиеде орын алған осындай саяси және реттемелі тәуекелділіктен сақтандыру жүйесін құруды ұсынуда. Саяси және реттемелі тәуекелділіктерді сақтандырудың құқықтық негіздері мен әрекет етуші механизмін жасақтау арқылы, Қазақстан мүмкін болатындау таластарды шешулін өркениетті әдістерін жасақтауға бір қадам жасады.
Одан басқа Қазақстан Республикада "Жер койнауы мен оны пайдалану" мен "Мұнай туралы" заңдарға өзгеріс енгізу туралы заң жобасы дайындалуда. Заң жобасы пайдалы қазбаларды пайдалану құқықтарын беру, мемлекет пен мердігерлер арасында табиғи ресурстарды тиімді және кешенді пайдалану аясынадағы нормаларға қатысты бір қатар кағидаларды жетілдіру көзделген.
Қазақстан Республикамыздың үкіметімен 2013-2013 жылдарға тікелей инвестиция тарту бағдарламасы жасалды. Оған жобаларды қоса қаржыландыру мен мемлекеттік үлеске ену сияқты инвестицияны ынталандыру формалары енгізілді. Бағдарламада капитал салымшыларды ынталандыру мақсатында жеңілдіктер жүйесі қарастырылып, оған тездетілген амортизация, шығынды қайтару нормасының ұлтайтылуы сияқтылары енген.
Қазақстан Республикасының Президентінің 2000 жылдың 6 наурызындағы № 349 жарлығымен «Экономикалық басты салаларына инвестициялық іс-әрекетті асырушы инвесторлар мен келісім — шарт жасауда жеңілдікпен преференциялар беру тәртібі» бекітілді.

- Инвестицияны қаржыландыру несиелеу формалары
- Инвестицияның әлеуметтік – экономикалық мәні
- Инвестицияның әлеуметтік – экономикалық мәні
- Инвестицияның құрылымы және оның экономикалық өрлеуге әсері
- Инвестицияның мазмұны
- Инвестицияның мәні, қажеттілігі
- Инвестицияның теориялық аспектілері және оны қолданудың шетелдік тәжірибесі
- Инвестициялық саясаттағы мемлекетік реттеу
- Инвестициялық саясаттағы мемлекеттік реттеу
- Инвестициялық саясаттағы мемлекеттік реттеу
- Инвестициялық тәуекелдіктер және олардың түрлері
- Инвестициялық тәуекелдіктер және олардың түрлері
- Инвестиция мазмұны
- Инвестицияны қаржыландыру және несиелендіру