Инвестициялық саясаттағы мемлекетік реттеу

Инвестициялық қызмет 
 

 Қазына Капитал  Менеджмент  (ҚКМ)  - мемлекеттік  емес компания, қазақстандық тікелей  инвестициялар қоры нарығының  қатысушысы.

2007 жылдан бастап  ККМ қатысуымен   тікелей инвестициялар  қорларының (ТИҚ) 9 қоры құрылған, олардың  7  Қазақстанда инвестициялық қызметті жүзеге асырады:

 • Aureos Central Asia Fund

 • Falah Growth Fund

 • Kazakhstan Growth Fund

 • Macquarie Renaissance Infrastructure Fund

 • CITIC Kazyna Investment Fund I

 • ADM Kazakhstan Capital Restructuring Fund

 •  Kazakhstan Hong Kong Development Fund   

 ТИҚ-тің  қызметі  Қазақстан экономикасының шикізат емес секторларын дамытуға бағытталған. Бұл қорлардың қаржыландыру ауқымы  айтарлықтай кең: МСБ-ны  қолдаудан бастап  ірі инфрақұрылымдық жобаларды инвестициялауға дейін барады. 
 

АҚПАРАТ ХАБАР  

2010 жылғы 16 шілде 

 «ВТБ  АКТИВТЕРДІ БАСҚАРУ» ЖАҚ  ЖӘНЕ  «I2BF HOLDINGS LTD.» КОМПАНИЯСЫ  РЕСЕЙ-ҚАЗАҚСТАН ВЕНЧУРЛЫҚ НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР ҚОРЫН БІРЛЕСІП БАСҚАРУ ҚҰҚЫҒЫН  АЛАДЫ 

Конкурстық комиссия  «РОСНАНОТЕХ» МК және "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ мамандарының қатысуымен  Ресей-Қазақстан венчурлық нанотехнологиялар қорының мүлкін сенімгерлік басқаруға тапсыруға ниеттер туралы келісім жасауға арналған конкурстың қорытындысын шығарды.

 Конкурс қорытындылары  бойынша  бірлесіп бір тарап ретінде әрекет ететін,  ниеттер туралы келісім жасалғанда Ресей-Қазақстан венчурлық нанотехнологиялар қорының мүлкі оған сенімгерлік басқаруға тапсырылатын «I2BF Holdings Ltd.»компаниясы мен «ВТБ Активтерді басқару» ЖАҚ-қа   ниеттер туралы келісім жасауға арналған құқықты ұсыну шешімі қабылданды. 

 Қордың жалпы  мақсатты қаражатының мөлшері  жүз миллион АҚШ долларынан  кем емес болады. 

Инвестициялау қағидаттары 

"Қазына Капитал  Менеджмент" АҚ (ККМ)  мынадай талаптар  болған кезде  тікелей инвестициялар қорларына қатысу мүмкіндігін қарастырады:

 

 • басқарушы  компанияның жалғасып отырған  табысты тарихы;

 • мақсатты  табыстылық  15% кем емес;

 • қызметтің  айқындылығы;

 • корпоративтік  басқарудың жақсы жүйесі;

 • тәуекелдерді  басқа инвесторлармен бөлу мүмкіндігі және қор серіктестерінің жауапкершілігін шектеу;

  Серіктестер 

European Bank for Reconstruction and Development 

International Finance Сorporation 
 

CITIC Capital 
 

 Внешэкономбанк  (Государственная корпорация «Банк  развития и внешнеэкономической деятельности» 
 

Aureos Capital 
 

International Petroleum Investment Company (IPIC) 
 

Macquarie Group 
 

Renaissance Capital 
 

Wolfensohn Capital Partners 
 

АО «Корпорация «Ордабасы» 
 

Financierings-Maatschappij voor Ontwikkelingslanden (FMO) 

Development Bank of Japan 

Государственный Комитет  по инвестициям и управлению государственным  имуществом Республики Таджикистан 

Корпорация "Роснано"  

ADM CAPITAL

Өтімді портфельді басқару  

Өтімді портфельді басқарудың басты мақсаты –қысқа мерзімді келешекте  компания активтерінің сақталуын, өтімділігін және табыстылығын қамтамасыз ету.  

Стратегиясы  консервативті. 

Қаржы құралдары

 Өтімді қоржын  барлық  өтімділігі жоғары және  тәуекел деңгейі  төмен қаржы  құралдарын, сондай-ақ құрылымдық  өнімдер мен туынды құралдарды  қамти алады. Қаржы құралдарының әрбір тобының өзінің рұқсат етілген үлесі және ең төмен несиелік рейтингі бар. 

Өтімді портфельді басқару қағидаттары  

Активтерді басқару  қаржы нарығындағы инвестициялық  стратегиялардың әр түрін пайдалана  отырып өздігінен инвестициялау  арқылы, сондай-ақ активтерді сыртқы басқаруға тапсыру арқылы  жүзеге асырылады. 

 Өздігінен басқару:

 • тәуекелдерді  уақтылы баланстау

 • компанияның  өтімділігін тиімді басқару

 • активтердің  және тұрақты табыстардың сақталуын  қамтамасыз ету 

 Активтерді сыртқы  басқаруға тапсыру:

 • активтерді  басқаруға байланысты тәуекелдерді  диверсификациялау

 • инвестициялардың  табыстылығын өсіру

 • басқарудың  халықаралық тәжірибесінің трансферті

 • сыртқы басқарудың  аналитикалық материалдарына, зерттеулеріне және техникалық ресурстарына рұқсат алу

Ұйымдық құрылым

Директорлар кеңесі ЕСИМБЕКОВ САБР САЙЛАУБЕКҰЛЫ

"Қазына Капитал  Менеджмент" АҚ  Директорлар кеңесінің  Төрағасы

  
 

   

ССРО  СІМ  Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының  халықаралық қатынастар факультетін, ССРО Ғылым Академиясының Шығыстану институтын, Йокогам Мемлекеттік Университетінің (Жапония) халықаралық  экономикалық құқық факультетін  бітірді. 

"ҚазТрансОйл"  АҚ  Бас директорының тасымалдау  жөніндегі орынбасары,   "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы» АҚ атқарушы директоры болып жұмыс істеді. "Қазтрансойл" ЖАҚ Бас директорының орынбасары,  "Мұнай және газ тасымалы"ҰҚ"  ЖАҚ  Жаңа жобалар депаратаментінің директоры лауазымдарын атқарды.  "Қазтрансойл" ЖАҚ   Жобаларды басқару департаментінің директоры және "Қазтрансойл"  ЖАҚ президентінің кеңесшісі болды.

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқарушы директоры.

УЛЬФ ВОКУРКА

"Қазына Капитал  Менеджмент" АҚ тәуелсіз директоры

Deutsche  Bank (Германия) Басқарушы директоры 
 

   

Галл қаласындағы Мартин Лютер атындағы Университетті, Мәскеудегі ММХҚИ Халықаралық қатынастар факультетін бітірді. 

"Қазына Капитал  Менеджмент" АҚ тәуелсіз директоры  болып сайланғанға дейін  «Самұрық»  мемлекеттік активтерді басқару  жөніндегі қазақстандық холдингі»  АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі,  «Қазпошта» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Франкфурт-на-Майнедегі Дойче Банк АГ-да  экспорттық қаржыландыру жөніндегі бөлімнің директоры, сондай-ақ  Нью-Йорктегі Deutsche Bank Securities (Inc.)-те Жобалық және экспорттық қаржыландыру департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді. Лондондағы  Дойче Банктің «Шикізат секторын қаржыландыру» тобының менеджері болып жұмыс істеді.

 Қазақстандағы  «Дойче Банк АГ» және «Morgan Grenfell & Co. Limited»  Өкілдіктерін басқарды. Франкфурт-на-Майнедегі «Дойче банк АГ»-де әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Алматы аумақтық қаржы орталығының (ААҚО)  Халықаралық консультативтік кеңесінің мүшесі болып табылады. 

  «Қазақстан даму  банкі» АҚ Директорлар кеңесінің Тәуелсіз директоры, Қазақстан тәуелсіз директорлар қауымдастығының мүшесі болып табылады. Франкфурт-на-Майне қаласындағы Metzler Asset Management GmbH басқарушы директоры болып жұмыс істеді.

2010 жылғы  қыркүйектен  бастап Қазақстан бойынша  Deutsсhe Bank AG –ның Басқарушы директоры, Бас директоры. 

Аудит жөніндегі  комитеттің төрағасы.

 Кадр және сыйақылар  жөніндегі комитеттің төрағасы.

 Стратегиялық  жоспарлау жөніндегі комитеттің  мүшесі.

 

ТИМ РАССЕЛ

"Қазына Капитал  Менеджмент" АҚ тәуелсіз директоры 
 

   

"Қазына Капитал  Менеджмент" АҚ тәуелсіз директоры

  1976 жылы  заңгер  мамандығы бойынша Кембридж Университетін,  Ұлыбритания,  (M.A.) бітірді. 1988 жылы  Окленд Университетін, Жаңа  Зеландия (M.B.A.) бітірді. 1972 жылы Окленд қ.  Кингс Колледжін бітірді. 

"Kazyna Capital Management" АҚ тәуелсіз директоры болып  сайланғанға дейін Каспий аймағындағы  Deloitte  компаниясында Серіктес, Корпоративтік  қаржылар мен компанияның бизнесін  бағалаудың басшысы болып жұмыс  істеді, Қаржылық консультативтік  қызмет практикасын басқарды, Жаңа Зеландиядағы ANZ Capital  компаниясының инвестициялар жөніндегі аға директоры, Жаңа Зеландиядағы Deloitte компаниясында корпоративтік қаржылар директоры, New Zealand Venture Capital Association қауымдастығының директоры, TS Russell және Со (Жаңа Зеландия) компаниясының директоры, Rural &Manufacturers Ltd компаниясының директоры,  Kupe Ltd Корпорациясының Басқарушы директоры,  Ord O'Connor Grieve компаниясында корпоративтік қаржылар басшысы болды.

 Сондай-ақ  Жаңа  Зеландия Банкінде,  Morgan Grenfell компаниясында, Turners & Growers Group of Companies компаниясында,  Davenports, Solicitors (Жаңа Зеландия) компаниясында әртүрлі басқарушы лауазымдарды атқарды. 

Стратегиялық жоспарлау  жөніндегі комитеттің төрағасы.

 Кадр және сыйақылар  жөніндегі комитеттің мүшесі.

 Аудит жөніндегі  комитеттің мүшесі.

 

 

КАРИМУЛЛИН АСҚАР  АМАНГЕЛЬДЫҰЛЫ 

"Қазына Капитал  Менеджмента" АҚ  Директорлар   кеңесінің мүшесі

 

  

   

Сэр Джон Касстың  Бизнес Мектебін (Сити Лондон Университеті, 2008), Қазақ  Мемлекеттік  Басқару Академиясының экономика және менеджмент факультетін (1997) бітірді.

 «Самұрық-Қазына  Инвест» ЖШС Басқарушы директоры,  ҚР Қаржы нарығын және қаржы  ұйымдарын реттеу мен қадағалау  жөніндегі агенттігінің  Сақтандыру  нарығының және қаржы ұйымдарының субъектілерін қадағалау департаментінің директоры болып жұмыс істеді. «Қазпошта» АҚ Қазынашылық департаментінің директоры және ҚР Ұлттық Банкінде бөлім бастығы лауазымдарын атқарды.

2011 жылғы маусымнан  бастап- "Самұрық-Қазына"ҰӘҚ"  АҚ Қаржы институттарын басқару жөніндегі директоры. 

Стратегиялық жоспарлау  жөніндегі комитеттің мүшесі. 

 

АЛПАМЫСОВ АБАЙ ӘБДІСӘМЕТҰЛЫ

Директорлар кеңесінің  мүшесі

"Қазына Капитал  Менеджмент" АҚ Басқарма Төрағасы

      М.В.Ломоносов  атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің  есептеуіш математика және кибернетика факультетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. 

"Қазына Капитал  Менеджмент" АҚ Басқарма Төрағасы  қызметіне тағайындалғанға дейін  «Қазына» тұрақты даму қоры»  АҚ басқарушы директоры, Басқарма  мүшесі болып істеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде жұмыс тәжірибесі бар. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігінде мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры, Қазақстан Республикасының Есеп комитеті аппараты басшысының орынбасары лауазымында істеген. Басшы қызметтерде жұмыс істеп, «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ компаниялар тобының және «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ Басқарма мүшесі болып істеді. Қазақстан Республикасының Тұрғын үй құрылысы мемлекеттік банкі, «БТА Банк» АҚ сияқты екінші деңгейдегі банктерінде басшы қызметтерде істеді. Үздік экономикалық зерттеу үшін Бүкіләлемдік банктің сыйлық ақысымен марапатталған.

Басқарма АЛПАМЫСОВ  АБАЙ ӘБДІСӘМЕТҰЛЫ

Басқарма Төрағасы

      М.В.Ломоносов  атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің есептеуіш математика және кибернетика факультетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. 

"Қазына Капитал  Менеджмент" АҚ Басқарма Төрағасы  қызметіне тағайындалғанға дейін  «Қазына» тұрақты даму қоры»  АҚ басқарушы директоры, Басқарма  мүшесі болып істеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде жұмыс тәжірибесі бар. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігінде мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры, Қазақстан Республикасының Есеп комитеті аппараты басшысының орынбасары лауазымында істеген. Басшы қызметтерде жұмыс істеп, «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ компаниялар тобының және «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ Басқарма мүшесі болып істеді. Қазақстан Республикасының Тұрғын үй құрылысы мемлекеттік банкі, «БТА Банк» АҚ сияқты екінші деңгейдегі банктерінде басшы қызметтерде істеді. Үздік экономикалық зерттеу үшін Бүкіләлемдік банктің сыйлық ақысымен марапатталған. 
 

 ЖАНГУРАЗОВ БОРІСБИЙ  ЫБРАЙЫМҰЛЫ

Басқарма Төрағасының Oрынбасары

      Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжау Институтын (ҚМЭБИ) бітірген, экономика магистрі.

 КСМ АҚ-на дейін  «Ұлттық Инновациялық қор» Басқарма  Төрағасының орынбасары, «Қазына»  тұрақты даму қоры» АҚ корпоративтік  қаржылар бойынша департаментінің  директоры лауазымдарында, ERNST AND YOUNG (Қазақстан — Украина — Грузия) аудит бойынша аға менеджері, GREYWORLWIDE, Қазақстан қаржылық директоры, DELOITTE, Қазақстан аудит бөлімінің синьоры болып істеген. 

 БЕГУЛИЕВ ТИМУР  ЕРКІНҰЛЫ

Басқармасы Төрағасының  Орынбасары

  

Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (ҚМЭБИ) Іскерлік әкімдеу және бухгалтерлік есеп бағдарламасы  бойынша бітірген. 2007 жылы  «Болашақ» бағдарламасы бойынша Джордж Вашингтон Университетінде (Вашингтон қ., АҚШ) қаржы саласындағы магистр дәрежесін алды.

Procter&Gamble компаниясында,  «Ұлттық инновациялық  қор» АҚ- да жұмыс тәжірибесі бар, бұл  жерде ол инвестициялық  жобаларды  қаржыландыру мәселелерімен айналысты  және шетелдік инвестициялық  қорлармен өзара іс-әрекет  жасады.

 «Қазына» тұрақты  даму қоры» АҚ  Инвестициялық жобалар департаментінде және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның Тәуекелдерді басқару және қазынашылық департаментінде жұмыс істеді.

ADM Kazakhstan Capital Restructurung Fund  
 

Инвестициялық артықшылықтар 

шикiзат  емес секторлардағы шағын және орта бизнес 

Инвестициялау географиясы   

Қазақстан   

Қордың мақсатты мөлшері 

225 миллион АҚШ   доллары

 

ҚКМ үлесі  94,5 миллион АҚШ доллары 

Инвесторлар 

ҚКM, EBRD 
 

050059, Қазақстан

 Алматы қ,

 Фурманов к, 240 в 

 БЦ "CDC 2"

 тел/факс: (727) 334 04 44, 334 40 00

[email protected], [email protected]

Aureos Central Asia Fund L.L.C.  

2007 жылғы 13 қарашада КСМ  Директорлар кеңесі қорға қатысу туралы шешім қабылдады.

 Қордың бірінші 50 миллион АҚШ  доллары сомасына жабылуы 2007 жылғы 27 қарашада өтті. Қазына Капитал Менеджмент (ҚКM),  Халықаралық Қаржы Корпорациясы  (IFC),  Ұлттар Ынтымақтастығы елдерін дамыту жөніндегі корпорация (CDC) және Нидерландты дамыту жөніндегі қаржы  компаниясы (FMO) инвесторлар болып бой көрсетті.

  2008 жылдың екінші жартысында қордың екінші және үшінші жабылуы өтті. Инвесторлар қорына Жапония даму банкі  (DBJ) және Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі  (EBRD) қосылды.

 Қордың активтері  Aureos Central Asia Managers  басқарушы компанияның басқаруында тұр . 

  

Инвестициялық артықшылықтар 

  

Инвестициялау географиясы  

Қазақстан (қордың 50% кем емес), Орта Азия және Кавказ

   

Қордың капитализациясы 

70 миллион АҚШ   доллары

 

ҚКМ үлесі  10 миллион АҚШ доллары 

Инвесторлар 

ҚКM, IFC, CDC, FMO, EBRD, DBJ 
 
 

050059, Қазақстан

  Алматы қ,  әль-Фараби даңғылы, 7

"Нурлы Тау", блок 4А, офис 14, 

 тел (727) 311 02 87

 факс (727) 311 02 88

[email protected]

CITIC Kazyna Investment Fund I L.P. 

2007 жылғы 17-18 тамызда Қытай Халық Республикасы (ҚХР) Мемлекеттік кеңесінің Төрағасы   Ху Цзиньтаоның Қазақстан Республикасына сапары кезінде бірлескен қор құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілген болатын.

2008 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің қатысуымен  КСМ басшылары мен  CITIC Capital Қытай инвестициялық компаниясы Қорды құру туралы ниеттер хаттамасына қол қойды.

2008 жылғы 20 қазанда Қазына Капитал Менеджмент  (ҚКМ) қорға қатысуы туралы шешім қабылданған болатын.

 Қордың болжамалы жалпы капиталдандыруы  бірінші кезеңде 200 миллион АҚШ долларын құрайды. Келешекте  барлық қорлар бойынша жалпы капиталдандыруды 1 млрд. АҚШ долл. Дейін өсіру мақсатында екі кейінгі  қор құру жоспарланып отыр.

2009 жылғы 26 мамырда қорды құру жөніндегі құрылтайлық құжаттарға қол қойылған болатын.

 Қордың активтерін басқаруды ҚКМ және  CITIC Capital Қытай инвестициялық компаниясының өкілдерінен тұратын  бірлескен кәсіби команда жүзеге асырады. 

Инвестициялық артықшылықтар 

шикiзат емес секторлар  

Инвестициялау географиясы  

Қазақстан, ҚХР 

Қордың капитализациясы 

200  миллион АҚШ  доллары

 

ҚКМ үлесі  100 миллион АҚШ доллары

   

Инвесторлар 

ҚКM,CITIC Capital Holdings, CITIC Group

   
 
 

Алматы қ., 050040, Қазақстан

 Әл-Фараби даңғылы, 77/7, БЦ “Esentai Tower”

 тел. +7(727) 356 5566, факс +7(727) 356 5566 (ішкі 201) 

[email protected]

Falah Growth Fund L.P.  

2007 жылғы 7-11 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Біріккен Араб Эмираттарына (БАЭ) сапары кезінде  Абу-Даби инвестициялық аппаратымен және БАЭ мен Қазақстанның басқа инвестициялық ұйымдары  арасындағы ынтымақтастықты дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізілген болатын.

2008 жылғы 26 тамызда КСМ қорға қатысуы туралы шешім қабылданған болатын.

 Қордың 500 миллион АҚШ доллары сомасына бірінші жабылуы 2008 жылғы 10 қыркүйекте өтті, ал  Қазына Капитал Менеджмент, «Ордабасы» корпорациясы»  АҚ және БАЭ мемлекеттік инвестициялық компаниясы- Халықаралық мұнай инвестициялық компания  (IPIC) - инвесторлар болып  бой көрсетті.

 Қордың активтері  AL Falah Investment Management Ltd басқарушы компанияның басқаруында.

   

Инвестициялық артықшылықтар 

энергетика, жылжымайтын мүлік, қаржы секторы, сақтандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және басқа

   

Инвестициялау географиясы  

Қазақстан және ТМД-ның басқа елдері

   

Қордың капитализациясы 

500  миллион АҚШ  доллары

 

ҚКМ  үлесі  50 миллион АҚШ доллары 

Инвесторлар 

ҚКM,IPIC, "Ордабасы" корпорациясы

   
 

Қазақстандағы инвестициялық  кенесшiсi 

050059, Қазақстан

 Алматы қ, 

 Наурызбай Батыр  к, 31

 БЦ "Premium",  8-й қабат 

 тел  (727)  278 01 17

факс  (727)  2792700

[email protected]

www.afcp.kz

Kazakhstan Growth Fund L.P.

2008 жылғы 28 қарашада  Қазына Капитал Менеджмент  қорға қатысуы туралы шешім қабылданған болатын.

2008 жылғы 3 желтоқсанда  Астана қаласында Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі (EBRD) мен «Самрұқ-Қазына»  қорының   басшылығы арасында Бірескен қор құру  мәселелері жөніндегі  ниеттер туралы хаттамаға қол қойылған болатын.

 Қордың  80 миллион АҚШ доллары сомасына жабылуы  2008 жылғы 31 желтоқсанда жүзеге асырылды.

 Қазына Капитал Менеджмент  және Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі (EBRD) қордың  бастапқы инвесторлары болып бой көрсетті.

 Қордың активтері  KGF IM басқарушы компанияның басқаруында. 

Инвестициялық артықшылықтар 

тамақ өнеркәсібі, өндіруші салаға арналған жабдық шығару, қызмет саласы, металлургия, ағаш өңдеу және текстиль өндірісі  

Инвестициялау географиясы  

Қазақстан, Ресей және Орталық  Азия елдері  

Қордың мақсатты мөлшері 

125 миллион АҚШ доллары

 

ҚКМ үлесі  40 миллион АҚШ доллары

   

Инвесторлар 

 ҚКM, EBRD 
 

050059, Қазақстан

  Алматы қ,  әль-Фараби  даңғылы, 19

"Нурлы Тау", блок 1B, офис 502, 

 тел    +7 (727)  3111598

 факс +7 (727)  3110987

Cанджар Тажибаев s.tazhibaev@kgf.kz

Kazakhstan Hong Kong Development Fund 

Инвестициялау географиясы  

Қазақстан

   

Қордың капитализациясы 

400 миллион АҚШ   доллары 

 

ҚКМ үлесі  100 миллион АҚШ доллары

   

Инвесторлар Қазына Капитал Менеджмент 

 Cheung Kong Holdings Limited 

Chow Tai Fook Enterprises Ltd.

Yung’s Enterprise Limited

C.A. Resources 
 
 

Адрес: 050059, Қазақстан

 Алматы қ,

 Әл-Фараби данғылы

 БЦ "Нурлы Тау", блок 4В, 10 қабат

 тел + 7 ( 727)  311 17 14

[email protected]

Macquarie Renaissance Infrastructure Fund L.P.  

2008 жылғы 7 маусымда Санкт-Петербург қаласындағы Халықаралық экономикалық форумның барысында  қорға бірлесіп инвестиция жұмсауға ниет білдірген Ресейдің Внешэкономбанкі, Еуразиялық Даму Банкі, Қазына Капитал Менеджмент,  Macquarie Group және  Renaissance Group арасында Өзара түсіністік туралы хаттамаға қол қойылған болатын.

2008 жылғы 26 тамызда КСМ қорға қатысуы туралы шешім қабылданған болатын.

 Қордың бірінші жабылуы  2009 жылғы 27 ақпанда  KСМ, Халықаралық Қаржы  Корпорациясы (IFC), Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі (EBRD), Macquarie Group и Renaissance Group қатысуымен жүзеге асырылды.

 Қордың активтерін басқаруды екі беделді халықаралық компания – Macquarie Group и Renaissance Group- жүзеге асыратын болады.

 

 Инвестициялық артықшылықтар Құрылыс және  ақы төленетін  автомобиль мен теміржол жолдарын, әуежайларды, порттарды және энергиямен жабдықтау көздерін  пайдалану саласындағы инфрақұрылымдық жобалар

 Инвестициялау географиясы Қазақстан (қордың 20% кем емес), Ресей (қордың 50% кем емес) және ТМД-ның басқа елдері

 Қордың мақсатты мөлшері 1-1,5 миллиард АҚШ доллары

 Қазына Капитал  Менеджмент (ҚКМ)  үлесі  30 миллион  АҚШ  доллары

 Инвесторлар ҚКM, IFC, EBRD, ВЭБ, Macquarie Group, Renaissance Group 

Инвестициялық артықшылықтар 

құрылыс және  ақы  төленетін автомобиль мен теміржол жолдарын, әуежайларды, порттарды және энергиямен жабдықтау көздерін  пайдалану саласындағы инфрақұрылымдық  жобалар 

Инвестициялау географиясы   

(қордың 20% кем емес), Ресей (қордың 50% кем емес) және ТМД-ның басқа елдері

   

Қордың капитализациясы 

630 миллион АҚШ  доллары

 

ҚКМ  үлесі 30 миллион АҚШ доллары

   

Инвесторлар 

ҚКM,  IFC, EBRD, Внешэкономбанк (ВЭБ), Macquarie Group, Renaissance Group

   
 
 

Адрес: Россия, г. Москва 123317

 Башня на набережной, блок С

 Пресненская наб, 10

 тел. + 7 926 109 7492  

Damian Secen 

Chief Executive Officer

Email damian.seсen@maсquarie.com

Wolfensohn Capital Partners L.P.  

Wolfensohn Capital Partners L.P.

2008 жылғы 20 қазанда Қазына Капитал Менеджмент  (ҚКМ) қорға қатысуы туралы шешім қабылданған болатын.

 Қордың кезекті жабылуы ҚКM қатысуымен  2009 жылғы 23 ақпанда өтті.

 Қордың активтері  Wolfensohn Fund Management L.P. басқарушы компанияның басқаруында.

 

 

Инвестициялық артықшылықтар 

 баламалы энергетика, қаржылық қызметтер және бөлшек бизнес

Инвестициялық саясаттағы мемлекетік реттеу