Инвестициялық саясат. 4

 
 

     КIРIСПЕ 

 
1-Бөлім.  Шетел инвестицияларын  тартудың теоретикалық  және методикалық  негіздері

1.1. ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

1.2 Отандық өндірістің  инвестициялық ахуалын  талдау 

1.3 Шетелдік капитал  инвестицияның негізгі  қайнар көзі ретінде 

2-Бөлім  Қазақстан Республикаксының  инвестициялық тартымдылығы  және оның перспективасы

2.1 Еліміздің инвестициялық  қал-ахуалы, мәселелері  және оларды шешу  жолдары   

2.2 Қазақстан Республикаксындағы  шетелдік инвестицияны  келтіру процесін  жетілдіру жолдары. 

2.3 Қазақстан Республикаксындағы  шетелдік инвестициялардың  тиімділігі

       

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымша 
 

 

КIРIСПЕ 

      Экономиканың  нақты секторларының дамуы бiздiң  Қазақстанның болашағына зор ықпал eтeтiнi белгiлi. Әрбiр елдiң экономикалық өcyi жаңа ірі масштабты жобалардың көмегiнсiз, инвестиция және инновация, саяси тұрақтылықтан және қаржылық жүйенiң тұрақтануынан, инвесторлардың сенiмдiлiгiмен, ұлттық өндiрiстiң тиiмдi дамуынсыз қалыптасуы мүмкін емес. Олар үшiн:  жетілген саяси құрылым; кәсіпорындар үшін кешенді стратегияны өңдеу; бәсекелiк жағдайын ғылыми-техникалық прогреске сай орындау; елдiң қауiпсiздiгiн нығайту; адамның тұлғa екендiгiн көрсете бiлу;  инвестицияны дұрыс пайдалану қажет.

    Әрбiр  мемлекеттiк iшкi құрылымының дұpыc дамуы өсуге алып келедi.

Ал бiздiң  елдегi инвестициялық хал-ахуал қандай соны жаза отырып, әр түрлi

экономикалық  оқулықтарды  және әдістерді қолдана  отырып шешiм қабылдау керектігін, кәсiпорынның ic-әрекетiне инвестициянық әcepi, Қазақстандағы  инвестициялық климат қандай, Әлемдегi инвестициялық тенденциялар қалай болған, соларды жазып көрсеткім келдi.

     Қазақставн  тәуелсіздікке қол жеткізген  күннен бастап экономикалық жағдайын тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті  қамтамассыз ету және инвестициялар  тарту жөніндегі  саясаты белсенді түрде жүзеге асырылуда шетел инвестициясын  тарту  республиканың инвестициялық процесінің жедел әрі тиімді дамуының бірден бір жолы болып табылады.                  Шетелдік инвестицияларды тарту отын энергетика, мұнай өндіру және өңдеу, алтын өңдеу өнеркәсіптері, көлік және коммуникация сияқты  басты салаларда құрылымдық -инвестициялық саясатты жүргізу қаржының жетіспеушілігімен ішкі нарықты тұрақтандырумен байланысты.

     Инвестициялық саясат елдің стратегиялық экономикалық мақсаттары мен мәселелерін анықтайтын ең маңызды элемент. Экономиакалық реформаларға сәйкес халықаралық капиталмен инвестиция тартудың мемлекеттік саясаты дағдарыс пен инфиляцияны тежеуге, жеке инвесторлардың инвестициялық белсенділігін арттыруға және өндірістік құрылымдық өзгерістерге септігін тигізуде. Шетел инвестицияларының Кен өндіру өнеркәсіптеріне келіп түсуі Қазақстан экономикасының шикізат секторын дамытуға жағдай жасайды. Республиканың өнеркәсіп құрылымында шикізат кешенінің үлесі 65% -ті құрайды. Мемлекет саясаты осы сектордағы шикізат ресурстарын ұлғайту мақсатында инвестиция тартуды, қосымша ынталандыруды жақсартуға негізделеді.

     Экономиканың  тепе –теңдік дамуын қамтамасыз ету  үшін мемлекеттің экономикалық басым  секторларына қаржы салған инвесторларға жеңілдіктер мен преференциялар бере отырып шикізаттық емес саланың  дамуына да қолдау жасайды. Осы мақсаттарды жүзеге асыруға байланысты  үкімет тарапынан  стратегиялық бағдарламалар мен  заң жобалары құрылуда. Тікелей инвестицияларды жүзеге асыратын орган инвестиция бойынша мемлекеттік комитет болып табылады. Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына жүзеге асыру әртүрлі нысанда жүзеге аырылады. Оған шетелдік банктері мен халықаралық ұйымдардан қарық алудан бастап кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторлврының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады.

     Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту  өте пайдалы процесс. Біріншіден  шетелдік инвестициялар елдің өндіріс  базасын жедел  жетілдіруге және оның өндірістік өндірістік мүммкіндіктерін  артыруға көмектеседі. Екішіден шетел фирмалары жаңа өндірістік кәсіпорындар шаумен қатар капиталдық бәсекелестікте мыңдаған еңбекпен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесін ала келеді.

     Аталған мәселелерді , соның ішінде, еліміздің  инвестициялық хал-ахуалы қандай, Кәсіпорынның, отандық өндірістің іс-әрекетіне инвестицияның әсері, Қазақстандағы инвестициялық климаты және әлемдегі инвестициялық жағдай қалай болған, солар кеңінен тоқталып,  ашып көрсеткім келді.

 

1 бөлім. Шетел инвестицияларын тартудың теоретикалық және методикалық негіздері

1.1 Инвестицияның әлеуметтiк-экономикалық  мәні 

       Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған  күннен бастап республика экономикасында  күрделі бұрын соңғы болмаған  өзгерістер болды. Реформа экономикада  әлеуметтік жағдайларда да бағыт  алуды өзінің мақсаты етіп қойды, оған жету, бұрын республикада қалыптаспаған экономикалық қатынастардың барлық жүйесін өзгертуді қажет етті, ал оны жүзеге асыру күрделі де ауыр процесс екені белгілі.

       Қазіргі уақытта Қазақстанның  әлемдік экономикалық жүйеден  бөлектенген болашағы жоқ, сондықтан республиканың дүние жүзілік капитал қозғалысына енуі үлкен жетістіктерге жеткізіп отыр деуге болады.

       Әлемдік тәжірибе дәлелденгендей, капиталдың халықаралық миграциясы, шаруашылық өмірі барлық ұлттардың  қарым-қатынасының теңдігінің тереңдеуіне келтіреді. Бұл жағдай капиталдың өзара қозғалысының дамуы, әсіресе өндірісі дамыған елдер арасындағы қатынастарда жақсы білінеді.

       Бір өнеркәсібі дамыған елдің,  басқа елге капитал шығаруының  өсуі, халықаралық еңбек бөлнісінің  тереңдеу заңдылығына сәйкес жүргізіледі. Қазіргі заман өндірісіне ҒТП-ң әсер етуі одан әрі күрделілікті көбейте түсуде. Өнімнің соңғы нәтижесін беретін өндірістер, қазіргі  кезде әртүрлі елдерде орналасқаны белгілі.Сондықтан өндірістің халықаралық мамандандырылуы мен кооперациясының дамуы одан әрі дами бермек.

       Капитал табиғаты ол бір елде  қозғалмай жата алмайды. өнеркәсібі  дамыған елдердің ірі компаниялары  ұлттық шеңберден өтіп, трансұлттық  сипат алады. Әртүрлі елдердің  кәсіпорындары бар, ірі трансұлттық  компаниялардың қалыптасуы халықаралық мамандандыру мен кооперацияның қалыптасуының тездетілуіне жеделдеуіне әкеліп соғады. Сондықтан трансұлттық компания капитал қоғалысы негізінде елдің экономикалық өзара байланысын тереңдететін фактор.

       Әлемдік тәжірибе көрсеткендей шаруашылық ісінде “шетелдік инвестиция” терминін пайдаланудың ұқсас еместігі әртүрлі айтыс-тартысты жағдайға соқтырады. Соның кесірінен оны реттеуге көп уақыт пен ақша жұмсауға тура келеді.

       Бұл категорияны талдағанда бұған  қаржы салудың мынадай түрлерін жатқызуға болады:

    а) материалды заттай – яғни, түрліше  өндіріс салаларында тауар өндіруге, қолданылатын құрал-саймандар, станоктар, механизмдер.

      б) қаржылық-бұған, несие-қаржылық  қызмет және бағалы қағаздармен  жұмыс жасау.

    в) ой еңбегінің өндірісті басқару тәжірибесін, мамандар дайындау, лицензиялау, біріккен ғылыми еңбектерді жасау “коу-хоу” және бұған букіл шетелден әкелінген капитал жасайды.

       Шетелдердегі әртүрлі экономикалық  мектептер шетел инвестицияларын  түрліше анықтайды. Ғылыми деңгейде  және күнделікті өмірде бұл жөніндегі түсініктер біркелкі емес. Мысалға, экономиктердің айтуынша “инвестиция сөзі барлық уақытта экономикадағы пікірдегідей мағына бере алмайды.” Біздің ойымызша, “таза инвестициялау” немесе капиталдың қалыптасуы, қоғамдағы нақты капиталдық ғимарат, құрал-сайман, материалдық өндірістік қор және т.б. таза өсуі есептеледі. Тұрғын адам пікірінше”инвестициялау” - ол жер сатып алса, айналыстағы бағалы қағаздар немесе меншіктің басқа түрлері. Ал экономистер үшін трансперттік (волютаны немесе алтынды 1 елден 2-ші елге аудару) іс-әрекеттер. Біреу инвестициялағанды басқа біреу рейнвестициялайды.

       Дж. Кейнс өзінің “жұмыспен қамту,  процент ақша туралы жалпы  теория” еңбегінде инвестицияны  “бағалы капиталды мүліктің негізгі,  айналмалы, өтімді капиталдан құрылуына қарамастан оның өсуі” деп анықтама береді.

       Э.Дж.Долан және Д.Е.Мендсей өздерінің  “Рыноктан микроэкономикалық үлгі  кітабында инвестицияны экономикалық  жүйедегі қызмет атқарып жатқан  капиталдық” яғни адамдардың  жасаған өндіріс құрал-жабдықтарының ұсынылған санының көлемінің көбейіп өсуі- деп анықтала береді.

       Варсей И. және Цовентлу Д.  “Инвестиция” термині өте кең  тараған. тұрмыстың дәрежеде инвестицияны  үй, көркемөнер еңбектерін, асыл-әсемдік  бұйымдарды сатып алу ретінде  түсіндіріледі. Сонымен қатар инвестиция деп акция, облигация салынған затқа берілетін қарыздарды айтады. Кәсіпорындарда машиналарға қаржы, құрал-жабдықтар инвестицияланады- дейді.

       В. Фельзенбаумның айтуынша, “инвестиция”  түсінігі нақты инвестиция аталатын  мәні бойынша “күрделі қаржы салу”, “қаржылықты” портфельді инвестиция, яғни акцияға, облигацияға және басқа бағалы қағаздардың меншіктің тікелей табыс алуға байланысы бар бөлігіне қаржы болу деп түсіндіріледі. 

       В.В Бочаровтың пікіріне “Инвестицияға  белгілі бір кезең ішінде инвестициялық қызметтің соңғы өнімінің және меншік түрінің өзгеру процесінің тек тіркеп есептеуі ғана емес оның өсіп дамуы ретінде түсінген дұрыс дейді. Демек пайдалануға болмайтын бөлігі”- дейді.

       Инвестицияның анықтамасы ғылыми  әдебиеттерде сан алуан. “Жекешелендіру және инвестициялық еңбектерінің жиынтығы” жұмысының авторлары инвестицияны әртүрлі (материалдық және материалдық емес) активтерге бухгалтерлік болаттың сол жағына қарсы ресурстарын салу ретінде қарайды. “Инвестицияның –қаржылық жинағы” кітабында инвестиция деп ұлғаймалы ұдайы өндіріске жұмсалған ақша қаржысын, яғни күрделі қаржыны ұлғайтуды айтады.

       Р. Кареновтың терминдік сөздігінде  инвестиция деп мүлік заттардың  барлық түрлері, кәсіпкерлік обьектері  және басқа қызметтерге жұмсалған нәтижесінде табыс қалыптасатын немесе әлеуметтік тиімділікке жеткізетін ойды көздеген құндылықтар. Бұл құндылықтарға автор ақшаны, құнды қағаздарды, мүліктерді, мүлікке құқықты, авторлық құқықты, нау-хау, яғни өнеге-тәлім және өндірістік тәжірибе тұрғысында әзірлеген техникалық және технологиялық сауда, коммерциялық т.б. бөлімдер жиынтығы жатқызады.

       Біздің ойымызша инвестиция туралы  кең тараған ұғым күрделі қаржы  салу. Мысалғы: “Экономикалық теория  негізін” белорусь авторлары  қор жинау процесі тек инвестиция және күрделі қаржы арқылы жүзеге асады деп есептейді. Инвестиция дегеніміз - жаңадан жасауға және бұрынғы кәсіпорындарды қайта жаңартуға жұмсаған шығындар жиынтығы.

       Бұл категорияны белгілі “экономикс”  кітабының авторлары Кэмбелл  Р, Макконелл және Стекли Р, Брюл анықтамасы бойынша. Инвестиция дегеніміз-өндіріске жұмсалған шығын, қор жинау және материалдық қорды ұлғайту, яғни шын мәнінде өндірістің барлық шығыны мен қорының бөлігі.

       Ғалымдардың көпшілігі тек инвестицияның  мәніне және оның мақсаты мен бағытына көп көңіл бөледі.

    Инвестициялар ЖҰӨ-нің ең маңызды және ең өзгермелі  компоненттерінің бірі болып табылады. Қашанда болмасын құлдырау кезінде  тауарлар мен қызметтерге деге шығын  қысқарады, бұл қысқарудың үлкен  бөлігі инвестициялық шығындар көлемінің құлдырауына қатысты.

    Инвестициялық шығындардың үш типі ерекшеленеді:

    Кәсіпорынның  негізгі қорларына инвестициялар  болып – кәсіпорындардың өздерінің  өндірістік қызметтеріне пайдаланулары  үшін алған ғимарат, құрылыс және құрал-жабдықтары саналады.

    Тұрғын  үйлер құрылысы инвестициялары –  тұру үшін алынған үйге, сондай-ақ жалға  беру үшін алынған үйлерге шыққан шығындарды қамтиды.

    Сақтық  қор инвестициясы – фирмалардың  сақтауға қалдырған тауарларын, оның ішінде шикізаттар мен материалдарды, бітпеген өндіріс пен дайын өнімді қамтиды.

    Сондай-ақ практикада инвестиция деп капиталдың екі бағытта пайдалануын айту қабылданған:

    Нақтылы инвестиция – материалдық активтерге қаржы жұмсау;

    Қаржылық  инвестиция – құнды қағаздарға қаржы  жұмсау.

    Инвестицияның бірыңғай анықтамасының жоқтығынан бүгінгі күні көптеген инвесторлар қорлық көруде, мұның өзінде нақты қаржылық тұрғыда зардап шегүде. Әртүрлі ой-толғамдарға жол бермейтіндей «инвестицияның» базалық анықтамасы жасалынса, ода Қазақстандық заңнаманың барлық салаларында және инвестициялық барлық қызыметтің қатысушыларына бұл нормативтік актінің реттеуші болуына жағдай тур еді.

    Белгілі болып отырғандай кәсіпкерлік инвестициялаудың екі негізгі формасы айқындалуда: тікелей инвестициялар және портфельді инвестициялар.

    Тікелей инвестиция – тікелей өндірістік кәсіпорындарңа жасалынған инвестициялауды сипаттайды.

    Портфельдік инвестиция – пайда табу үшін инвестордың  кәсіпорындардан акция, облигация, басқадай құнды қағаздарын сатып  алуларын білдіреді. Олар халық қаржысын қайта бөлуде айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Инвестициялық қорға адамдар пайда алу үмітімен ақша слады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде капиталдың ішкі құйылысында тікелей секілді, портфельдік инвестициялар да белсенді түрде қатысады.

      
Инвестицияның көптеген анықтамасында осы ақша құралдарын алу деп белгiлейдi. Бұл трактатпен де келiспеймiз, өйткенi капиталды инвестициялау ақша түрiнде ғанa емес, сонымен қaтap қозғалмалы және қозғалмайтын мүлiк, әртүрлі қаржы құралдары, материалды емес активтер, лицензия, ноу-хоу және т.б. түрiнде де болады. Жекелеген авторлар инвестицияның негiзгi капиталға және ағымдағы шикізат, материал, энергия сатып алуға кететін шығындарға салым ретінде қарастырады. Мысалы, Г.П.Журавлева мен Ю.И.Малышева: «инвестиция-дегенiмiз жаңа технологиялар, материалдар және басқа да еңбек құралдары мен заттарын енгiзуiмен байланысты өндiрiстi кеңейту мен жаңартуға кететін шығындарға деп есептейдi». Бұл пiкiрге кейбiр қазақстандық экономистер, инвестициялық қызметтiң негiзгi обьектiсi болып айналым құралдарын толтыру үшiн негiзгi капиталға салымдар бiрге пайдалануында деген кepi пікір айтады.

    Жеткiлiктi толық болмаса да едәуiр нақты болып бiздiң ойымызша келесiлер табылады: «Инвестициялар егер ағымдағы өндiрiстiң белiгi негiзгi капиталды ұлғайтуға  пайдаланылатын болған жағдайда орын алады» «Инвестициялар-бұл капиталды қайта өндiруге бағытталған ақша қаражаттарыны шығыны..

    Қазақстан Республикасының «Шетел инвестициялары туралы» заңында «Инвестицияға» кеңейтiлген анықтама бере отырып оны осылайша капитал салымы түсінігімен шектемеу шарттары жасалған. Онда былай делiнген: « Инвестициялар - инвесторлар кәсiпкерлiк қызмет обьектiлерiне пайда табу мақсатында салған барлық мүлiктi құндылықтар және оларға құндылықтар мен қaтap интеллектуалдық меншiкке құқықтардың түрлерi» жатады. Бiрақ та бұл анықтама толық емес, өйткенi мұнда тек кәсiпкерлiк қызметте қолданылатын құндылықтар ғана айтылып өтiлген, әлемдiк тәжiрибеде инвестицияны тиiмдi бағалау кезiнде тек қаржылық эффект ғана емес сонымен қaтap жалпы қоғамды еске алатын экономикалық, қоғамдық құндылықтардың материалдық  емес сипаттағы мақсаттарды да ескеріледі.

    Осылайша, Қазақстан Республикасының «Шетел инвестициялары туралы» заңында анықтама жеткiлiктi толық емес, өйткенi инвестициялардың барлығын қарастырмайды.

    Негiзгi қорларға капитал салымдарының процесi «инвестиция» түсінігін қолдану кезiнде кең көлемде пайымдалуы керек: Инвестициялау-бұл инвестициялық ресурстардың материалдық байлыққа және материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтарға ауысу процесі.  

1.2 Отандық өндірістің  инвестициялық ахуалын  талдау 

   Дағдарыстан шығудың  ең маңызды құралы –  инвестициялық қызметтің белсенділігі болып саналады. Инвестициялық қызметтің  ең негізгі шарты жағымды инвестициялық  жағдайдың қалыптасуы деп айтуға болады, ал бұл жағдай мынадай қажеттіліктер болуын болжап береді:

  • Инвестициялық ауқымның қалыпты тұрақтануы мен кезекті жандануының өндірістегі бәсекеге икемді бөлігін, тірек ету арқылы жүзеге асуы;
  • өндірістік өсімді икемдейтін жағымды салық тәртібін жасау;
  • төлем-ақылық және қаржылық тәртіпті реттеудің, нормалаудың комплексті шегін қалыптастыру;
  • Іс-жүзіндегі нақты банкілік алғашқы төлемнің пайызын белгілі бір деңгейге дейін, яғни өндірістік сектордан капитал ағымын тоқтатуға икемдейтін және нақты инвестицияны жандандыруға әкелетін деңгейге дейін төмендету;
  • Тиімді мемлекеттік кепілдіктер жүйесін дамыту;
  • Инвестициялық инфрақұрылымдар дамуы мен тиімділігін арттыру;
  • Толық салмақты шаруашылықтық механизмді жаңа технологиялық құрылымдағы өндірістік – техникалық жүйеде болашағы күңгірт өндірістер, ресурстарын бөлу үшін, ресурстар шоғырын олардың өндірілетін жерлеріне шоғырландыру, экономиканы модернизациялау үшін құрып шығу.

     Біркелкі  салықтық реттеудің жүйесін өндірістік ұйымдарға мемлекеттік және жергілікті жеңілдіктер арқылы қалыптастыру, мекенжай тұрғысынан, жекеше, болжау жағынан салықты жақсарту тәсілінің көптеген факторларға тәуелділігі - әртүрлі аймақтағы қызметтердегі кіріс нормасын инвесторланатын капиталға жақындастырады және капитал құйылымын реттейді, ал бұл инвестиция белсенділігін күшейтуге әкеліп, барлық инвестициялық инфрақұрылымдардың жандануына әкеліп соқтырады.

Салықты реттеу жүйесін қарастыруға мына мәселелерді  ескеруіміз тиіс:

  • Өндірістің сипаты және құрылымы айналымға түскен өнімнің қосымша құнының үлесі, өндірістің еңбектік сыйымдылығы және ақшалай сыйымдылығы, құрылымы;
  • өнімдегі орташа өсімдік пайда;
  • ұйымның мүліктік көлемі, сонымен қатар бұның ішінде консервіленген және қолданылған өндірістік мақсаттағылары бар, амортизацияланған саясат;
  • Өндірістік ұйымның инвестициялық жоспарлары және олардың жаңашылдығы.

   Қазақстан  қазіргі шетелдік инвесторлар қызыметіне әлеуметтік экономикалық құқықтық ережелер жасап, олардың мүдделеріне сәйкес инвестициялық климатта өте ыңғайлы  жасауға ұмтылып отыр, сонымен  қатар өзіндегі экономикалық  қиындықтарды шешіп алдына қойылған мақсатқа жетуді көздейді.  

 

1-сурет. Өндірістік  ұйымдағы инвестициялық белсенділіктің  бағасын шығаратын функционалдық  арақатынастың үлгі схемасы 

     

     

      Республикада  саясаткерлер мен экономистердің  пікірінше шетелдік күрделі қаржының қатыстыруымен төмендегі проблемаларды шешуге мүмкіндік туадырады:

     - сыртқа шығару мүмкіндігінің  тиіміділігін арттыру, оны шикізаттық  сипатынан арылту;

     - елдің сыртқа шығар у қызыметтерін күшейту және сыртқы рыногтағы өз орнын табу;

     - сырттан әкелетін өнімдерді ауыстыратын  өндірісті дамыту;

     - өндірісітің ғылыми-техникалық деңгейі,  жаңа техника мен технология, басқару әдісін өнім  өткізу  арқылы көтеру;

     - дайын өнімді шығарудың технологиялық бөлігінің қалыптасуын бітіру;

     - артта қалған және тоқырап  ыдыраған аудандардың дамуына  көмектесу;

     - ұлттық экономикада жаңа жұмыс  орнын жасау;

     - қазіргі замаңғы өндірістік және  басқару тәжірибелеріне кадр  мамандарды оқыту, дайындау;

     - қазақстанның экономикалық өз дербестігін қамтамассыз ету.

     Осы айтылған мақсатты белгілерді барлық дамыған және дамышу елдер пайдаланды. Кейбір жағдайда қаржы министрлігі  немесе басқада мекемелер өздерінің  қалауы бойынша шетелдік үлес қосушыларға  жоба жағдайына өзгеріс еңгізу, оны бастауды кейінге қалдыру, кейбір жағдайда келісімді талдауды талап ете алады. 

   Сыртқы  инвесторлар үшін инвестициялық  шешім қабылдау күрделі іс-әрекеті  қаржылық – шаруашылықтық аспектілердің  барлығын, сыртқы және ішкі аймағын  бағалау қажет. Шешім қабылдап болғаннан кейін тұрақты бақылау қажет, сонымен қатар жобанынң жүзеге асуының алдында да бақылауға тиіспіз. 4-суретте инвесторлар әрекетінің тізбегінің үлгісі берілген. Әрбір этапта (деңгейде) инвестордың жобаны ары қарай жалғастыруы мен айналдырудан бас тартуы мүмкін. Егер инвестор инвесторлау үшін мүмкіндіктер көп екенін білсе, (сұраныс ұсынысты арттырады), сыртқы инвестор алға қарай үш қадам жасайды, яғни өзіне ұнаған нақты өнеркәсіпті таңдайды, бизнес-жоспарын алады және финанстық құжаттар көлемін қарастырады, өзінің ісінің аймағының инвестициялық приоритет (алғашқы мәні) сәйкестігін бағалауды өткізеді, талап етілетін және бар болған ақшаларды салыстырады, ақшаның қайтарымының негізгі кепілдерін байқайды; инвестициялық белсенділігін бағалауды жүргізеді (бұған фактор құраушы қосылады).

   Бағалаудың  осы деңгейлерінің негізінде, көптеген мүмкіндігі бар инвестициялық ұсыныстар  ішінен ең қызықты дегендерін таңдауңа болады, бұл арқылы біз қарастыратын ұсыныстар азаяды, және олармен жұмыс  істеуге аз ресурс жұмсалады.

2-сурет.  Төмендегіүлгі сызба нұсқасын  нәтижелерді бағалауды қалыптастыру  мен қолданудың негізгі тәсілдері,  осы сипаттамасының методикасы (әдістері  көрсеті 

                       Тұтынушы 

                               Ақпарат көзі           

Не қызықтырады

Тұтынушыда  болатын іс әрекеттер
Өндірістік  ұйымның директорлар кеңесі Фирма ішіндегі ақпараттық сараптамалық қызымет,статегиялық  жоспарлау бөлімі өзінің ұйымының, оның аймақтық бөлімдерінің жұмыс ортасы ұйымдарының инвестикалық әрекетін бағалау Инвестикалық  жоспарларды түзету, жұмыс ортасындағы  ұйымдармен қатынасты қайта қарастыру, ішкі ортаға биліктік тұрғыдан әсер ету
Аксионер Директорлар кеңесінің  есебі инвестициялық әрекеттер нәтижелілігі, жаңа инвестициялық  жобаның пайдалылығы және перспективалылығы акцияны қосымша  сатып алу, акция пакетін немесе оның бір бөлігін сату
әлеуетті  инвестор Ресми есептер, сырқы сараптамашылар көзқарасының басылуы Ұйымның инвестициялық  қызықтырушылығы, инвестициялық жаңа жобалардың пайдалылығы және перспективалылығы Акцияны сатып  алу, акцияларды сатып алудан бастарту
Ұйым- бәсекелес ресми және ресми  емес мәліметтер есебінің жарыққа шығуы ұйым-бәсекенің  және оның бағыттылығының инвестициялық  әрекетінің масштабы менг қарқыны Жеке инвестициялық  жоспарлауды түзеу
Ұйым-әріптес
    ресми және ресми  емес мәліметтердің есебінің жарыққа  шығуы
Инвестиция  әректтің нәтижелігі жаңа инвестициялық  жобалардың пайдалығы және перспективалылығы  әлеуметті және ағымдағы серіктестіктің инвестивтілігін  түзету
Биржалық  сараптамашы
    ресми және ресми емес мәліметтердің есептерінің жарыққа шығуы
Ұйым-әріптестің инвестициялық әрекеттің қарқыны  Болжамдар жасау, акцияның бағасын белгілеуде көтеру немесе түсіру бойынша ұсыныс жасау
 
 
 
Үкімет  сараптамашысы
 
 
 
    ресми мәліметтердің  есептерінің жарыққа шығуы
 
 
 
Ұйым-әріптестің инвестициялық әрекеттің қарқыны
 
 
 
Өтіп  жатқан өзгерістер көзқарасы бойынша  мемлекеттік билік ету ұйымның  ұсыныстары, болжамдар жасау 
Сыртқы  кеңесші ,аудитор бухгалтерлік  құжат Ұйым-тұтынушының  оның аймақтық бөлімдерінің инвестициялық әрекетін бағалау Инвестициялық жоспарлау, ішкі ортаға оңтайлылықты түзеуге  ұсыныстар жасау
 

    Бұрынғы КСРО елдеріне шетел капиталдарының тартылу бағыттарын анықтау үшін шетелдердің тәжірибесін зерттеу  маңызды. Түрлі даму елдер топтарына  жатуына қарамастан Қазақстан Республткасы Жапония, Германия мен ортақ ұқсастықтарға ие:

    - өндіріс құлдырауы, жұмыссыздықтың  өсуі, инфлияцияға әкелген терең  дағдарысытың басталуы;

    - бұрынғы әлеуметтік жүйенің күйреуі  және қоғамдық санада жаңа  ойлауды қалыптастыруды қажеттігі;

    - жоғары білікті және арзан  еңбек ресурстары орын таба  алатын ішкі рынокты кеңейтудің  потенциалды мүмкіндіктері;

    - шетелден инвестициялар ағымы  көбейуге қажетті объективті  алғышарттардың болуы (заңдық  режим, инвесторлардың ұлттық  режиммен тең қарастырылуы, жеңілдіктер жүйесінің болуы);

    Қазақстандық  қоғамның тұтастығы, халықтың сабырлығы, үкіметтің шетелдік инвесторларға  жағдай жасауы және оппозициялық партиялардың толық қалыптаспауы көрініс тапқан жағымды әлеуметтік – психологиялық  ортаның болуы.

    Инвестициялық саясаттың әлеуметтік – экономикалық салдарын есепке ала отырып Қазақстан  төмендегі бағыттарды қамтитын экономиканың қаржылық тұрақтану кезеңінің бастапқы уақытында қажетті қатаң методтарды қолданды: үкіметтік кредиттер мен  кепілдіктерді шектеу (себебі үкіметтік кредиттер алдын-ала төлемді, кепілдік беруді және соманы прцентімен қайтаруды талап етеді). Мұндай жағдайда елге келетін инвестицияларды көбейту мүмкіндіктері кеңейеді. Инвестицияларды тарту жолының бұл түрі төмендегі факторлармен басым:

    - тіке шетелдік инвестициялар  донордың келешектегі мүдделерінің  іске асырлуына мүмкіндік береді;

    - өндіріс үрдісін басқару донорлық  қатысу құқығын иелену мүмкіндігі;

    - сыртқы қарыздың сомасына тәуелсіз  үлкен көлемде қаржы ресурстарын  тартуды қамтамасыз етеді;

    - іскерлік және шаруашылық беле  шаруашылық белмасыз ететін өндірістік  және ғылыми – техникалық ынтымақтастық  түрлерін кеңейтуге мүмкіндіктер  қалыптастырады;

    Мұның барлығы Үкіметтік инвестициялық  бағдарламаны қабылдау бағытын қалыптастырады: құрлыс және объекттерді сатып алумен қатар біріккен кәсіпорындар және филалдар салу,  объекттерді шетел компанияларына басқаруға беру, акционерлік және банктік мекемелердің инвестициялары арқылы донорладың кәсіпорындарды жекешелендіру үрдісіне қатысуын кеңейу. Пайдаланудағы бағыттардың сипатында өзгерістер байқалуда. Мысалы біріккен кәсіпорындар алып сату іскерлігінен өндірістік, банктік, құрылыстық және ауылшаруашылығында көбейе бастады. 1997 жылы жұмыс істеп жатқан біріккен кәсіпорындар саны 1388 жетіп, оның ішінде шетелдік инветорлар басқаратын кәсіпорындар саны – 100 болды. Серіктестер мүдделерінің өзгеруі олардың өндірістік мақсаттарды іске асырып, өнімнің рыногын сақтауға ұмтылысын анықтайды; Қазақстан Республикасы экономикасына салынған айналыстағы капиталдардың көбеюі жеке жобалар бойынша жекешелендіру үрдісіне әсер етті.  

      1.3 Шетелдік капитал  инвестицияның негізгі  қайнар көзі ретiнде 

    Инвестицияның негізгі көзi - жинақ болып табылады. Бiрaқта жинақты бiр шаруашылық агент орындаса, инвестицияны басқа да топ мүшелерi немесе шару ашылық субъектiлер орындайды. Сондықтанда,  ғалымдар aнықтaу барысында инвестицияның мағынасына емес, соншалықты оның  мақсатты бағыттануына көңiл аударуыды қажетдеп санайды.

    Капитал құнының өcуiнe байланысты инвестициялық  процестi Кейнс қарастырды. Оның анықтамасы бойынша инвестиция - берiлген кезеңдегi өндipicтiк іс-әрекет нәтижесiнде капиталды мүлiк құндылығының ағымдық өсуi немесе берiлген кезеңдегi табыс бөлiгi, яғни, қолданысқа берiлмеген табыс.

    В.Фельзенбаум  айтады инвестиция түсінігі "капитал ағымдары" түсінігіне және "қаржылық" портфельдi инвестиция түсінігін мағынасына жақын нақты инвестицияны көpceтeдi. Яғни, акцияға, облигацияға және басқа да бағалы қaғаздарға салу табыс алу үшiн меншiк құқығын беретiн меншiк иесiн бiлдiретiн құжат. Бұл жағдайда инвестициялық іс-әрекеттiң объективтiлiгiн бiлдiредi.

    Тәжiрибе жүзiнде әр түрлi зерттеушiлер арқылы инвестиция түсінігінің мәнін бередi. Жалпы осы кезге дейiнгi тұрмыстық  сана деңгейiнде инвестиция түсінігіне жер сатып алу үшiн жұмсалынған салымдар жылжымайтын мүлiк, акция, құрылыс үшiн, техника және тағы басқалары.

    Инвестицияны  нақты және қаржылай деп бөледi. Нақты  инвестициялар жаңа, жабдықтау мақсатында немесе кәсiпорынды техникамен жабдықтау  мақсатында салынады. Қаржылық салымдар мемлекеттiң, басқадай кәсiпорндардың, инвестициялық қорлардың бағалы қағаздардың және акцияларын сатып алуғ а жұмсалынады.

    Бiрiншi жағдайда инвестор өндiрiстiк негiзгi қopдың және айналым құpалдарын  қалыптастыру maқcaтында өзiнiң өндiрiстiк  капиталын көтepeдi.

    Екiншi жағдайда инвестор бағалы қағаздардың  табысын дивидент алу арқылы өзiнiң  қаржылық капиталын көтередi. онымен қaтap, тiкелей және портфельдi инвестицияны бөледi. Қазақстан Республикасы "тiкелей  инвестицияларды мемлекеттiк қолдау" туралы заңында тiкелей инвестициялау қазақстан республикасның егемен кепiлдiктерiне байланысты және қазақстан республикасына берiлетiн ресми техникалық көмек немесе гранттар шеңберiне кipeтiн инвестицияларды қоспағанда, инвестициялардың барлық түрi деп көрсетiлген.

          Тiкелей  инвестицияларды  мемлекеттiк  қолдаудың мақсаты: экономикалық басым секторларында тауарлар өндipудi, жұмыс aтқapу мен қызмет көpceтудi, жеделдете дамытуды қаматамасыз ету үшiн қолайлы инвестициялық ахуал жасау болып табылады. Портфельдi инвестиция - бұл жалпы айтқанда портфельге, бағалы қaғаздар немесе мүлктердiң құндылығына салынады.

    Мысалы, инвестор әртүрлi фирмалар шығарған бағалы қағаздар жиынтығын немесе бiрыңғай қордың акцияларын сатып алады. Инвесор  сатып алғаннан кейiн компания бағалы қағаздар портфелiндегi үлесiне талап қояалады.

2-бөлім.  Қазақстан Республикасының  инвестициялық тартымдылығы  және оның перспективасы 

    2.1 Еліміздің инвестициялық  қал-ахуалы, мәселелері, және оларды шешу  жолдары. 

    Қазақстан экономикасына салынған инвестициялар көлемі 1993-2000ж. арасында 12 млрд. дол. асып түсті. Тек 1999ж. Қазақстанға 1,5 млрд. дол. көлемінде инвестициялар тартылса, ал 2000ж. республикаға салынған инвестициялар 2,7 млрд. дол. көрсеткішіне жетті.Қазақстанға салынған инвестициялар көлемі бойынша жетекші орындарды АҚШ (36%), Ұлыбритания (17%), және Италия (13%), иеленді.2001ж. қазақстан 60-70 млрд. дол. сомасында инвестициялар күтті.Қазір еліміз инвестициялар бағытын мұнай және кен өндіруден машина жасау, өңдеуші салалар транспорттық және әлеуметтік құрлымдарға бұруда.

    Түрлі салықтық және кедендік жеңілдіктерге  мүмкіндік беретін Қазақстан  экономикасының басымдылық секторларына: өндірістік инфрақұрлым, өңдеуші өнеркәсіп, Астана қаласының обьектері, тұрғын үй, әлеуметтік сфера объекттері, туризм және ауыл шаруашылығы жатады.

    Инвесторларға экономикалық жігер беруге бағытталған 1997ж. “Тіке инвестицияларды мемлекеттік  қолдау туралы” Заңның қабылдануынан  кейін Қазақстан экономикасының басылымдық секторларында инвестициялық  жұмыспен айналысушы инвесторларға салықтық және кедендік жеңілдіктер беру туралы 233 контрактке, оның ішінде 2000ж. 77 контрактке қол қойылды.

    2001ж.  еркін нарықтық экономика қағидаларын  бекітіп, барлық шаруашылық субьектеріне  жағымды шарттар қалыптастыратын  жаңа салық кодекс қабылданды. 2001 жылдың 1 шілдесінен бастап қосымша құн салығы 20 дан 16% және әлеуметтік салық 26% дан 21% төмендетілді.

    Қазақстанда шетел компанияларының жетекшілері  және өкілдердің кіріп-шығу мәселелерін  жеңілдету мақсатымен арнайы “инвесторлық виза” беру практикасы енгізілді. Мұндай визалардың иегерлері ішкі істер органдарында тіркелмей, құжаттық және кедендік бақылауды жеңілдікпен өтеді.

    Қазақстанда инвесторлардың жұмысына жағымды әсер ететін бірқатар саяси факторлар  баршылық: саяси және әлеуметтік тұрақтылықтың сақталуы және дамуы, шетедік инвесторлар үшін ұлттық режимнің қамтамасыз етілуі яғни пайданы репатриациялау құқығы берілген.