Инвестициялық саясат. 5



10

 

жоспар

КІРІСПЕ

I. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты туралы түсінік

және оның мәні мен мазмұны

1.1. Инвестиция түсінігі және оның түрлері

1.2. ҚР-ғы кәсіпорындардың инвестициялық саясаты

1.3. ҚР-ғы инвестициялық саясатқа әсер етуші факторлар

 

II. ҚР-ҒЫ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

2.1. Инвестициялық қызмет және оны мемлекеттік реттеу

2.2. Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің тиімділігін анықтау жолдары

 

III. ҚР-ҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫНЫҢ ШЕТЕЛДІК  ТӘЖІРИБЕСІ

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

          

 

          

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Инвестициялық іс-әрекет – кәсіпорын жүргізетін құрылымдық саясатымен тығыз байланысты. Құрылымдық саясат экономиканың дамуының негізгі бағыттары және қызмет етудің жаңа ресурс үнемдеуші, жоғары технологиялы және экологиялық дұрыс моделіне көшуімен анықталады. Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекеттің басты механизімінің бірі – инвестиция тиімділігі болып табылады. Инвестиция тиімділігі – кәсіпорын экономиканың тиімділігін реттеу құралдарының басты комплексі болып табылады. Олар мемлекеттік бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан құрылады.

Ал Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде  инвестициялық саясат басым сипатқа ие. Елімізде шетелдік инвестицияларды  тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасалды.

Бүгінгі таңда Қазақстанның постиндустриялық тұрпаттағы  әлемдік экономикаға ене бастауына мүмкіндік бар. Бірақ ІТ-индустрияны дамытумен қатар әлемнің түрлі елдеріндегі неғұрлым көп пайда әкелетін кәсіпорындарға қаржылық қатысуға  негізделген экономиканы дамыту есебінен жүзеге асырылуы керек. Соңғысын «инновациялық тұрпаттағы  инвестор елдің  тұжырымдамасы» деуге болады. Аталған тұжырымдамада Қазақстан экономикасының дамуы шикізат секторынан қозғау алады, бұл оның қазіргі нақты жағдайына сай келеді. Сонымен қатар, белгілі бір дәрежеде мемлекеттің бақылауында болуға тиісті шикізаттық салалардан  алынған қаржыны тиімді және жоғары пайдамен инвестициялаудың  жәрдемі арқылы қол жеткізу көзделінеді. Бұлайша инвестициялауды мемлекеттік инвестициялық институттар жүйесін іске асыру керек.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның инвестициялық қызметінің еліміздің экономикасы дамуындағы функциялар мен жүргізетін операцияларын, ол қандай саясатты, құралдарды, шараларды қолдану арқылы өз қызметін  атқаратынын зерттеп, алдағы жылдардағы  бағыттарын болжап, соңғы жылдардағы негізгі көрсеткіштерге анализ беру болып табылады.

Сонымен еліміздегі инвестициялық саясат маңызды роль атқарады. Біз ТМД елдерінің ішінде бірінші болып шетел инвесторларын тартудамыз. Бұл саясат ел экономикасын көтеруге, кәсіпкерлік қызметті дамытуға, мемлекеттер арасындағы достастықты нығайтуға, экспорттық мүмкіндіктерді жоғарлатуға, кәсіпорындардың бәсекеге төтеп бере алуына  өз әсерін тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

 

1.2. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты

 

       Кәсіпорындардың инвестициялық саясаты олар таңдаған инвестициялық стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Инвестициялық стратегия кәсіпорындардың инвестициялық қызметінің ұзақ мерзімді мақсаттар жүйесін тұлғалайды.

Инвестициялық саясатты жүзеге  асыру барысында мақсатқа сай келесі белгілерді сақтау керек:

1.  Жоғары - экономикалық, ғылыми - техникалық, экологиялық және әлеуметтік тиімділікке жету;

2.  Салынған капиталдан кәсіпорындар қолайлы табыс табуы керек;

3.  Қаржылық ресурстарды оңтайлы пайдалану;

4.  Инвестициялар тиімділігін жоғарылату үшін мемлекеттің араласуын қолдау;

5.  Шетел инвестицияларынан несие жеңілдіктерін алу;

6.  Инвестициялық тәуекелділікті азайту.

Коммерциялық тәуекелділіктің әсер етуі жобалау табысының өзгеруі және сәйкес тиімділіктің төмендеуі. Мұндай тәуекелдер тапсырыс берушілер арқылы азайтылу мүмкін. Қаржылық қордың құрылуын, коммерциялық сақтандыруды және инвестициялық қоржындардың әртараптандырылуы. Коммерциялық емес тәуекелділіктен қорғауды Қазақстан Республикасының үкіметімен қадағаланады.

Жалпы инвестициялық саясаттың мәні өте зор. Мұндай саясатты қалыптастыру қалдықсыз технологияларды кеңінен ендіре отырып, елдің табиғи байлықтарын тиімді игеру мүдделеріне де негізделеді. Бұл, республиканың экспорттық әлуетін арттыру - шетелдерге барлық жағынан әлемдік стандарттарға сәйкес келетін дайын өнім шығаруға мүмкіндік беруі қажет.

Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде  инвестициялық саясат басым сипатқа ие болды. Шетелдік инвестицияларды  тартуға бағдарлану негізгі бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган және ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасалды.

1997 жылы-ақ инвестициялар тартатын басым секторлар тізімі бекітілген болатын. Бұл өңдеу өнеркәсібі, жаңа елорданың нысандары, әлеуметтік сала мен туризм, ауыл шаруашылығы.

Қазіргі сәтте жан басына шаққандағы игерілген тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында көшбасшы екендігі сөзсіз. Қазақстанға бірінші болып инвестициялық деңгейдегі несие рейтингі берілген.

Инвестициялық тартымдықтың жоғары көрсеткішіне біз шетелдіктерге минералдық ресурстарды, соның ішінде мұнай - газ саласындағы ресурстарды игеруіне жол ашуымыз арқылы мүмкін болды. Қаржы-қаражаттың жетімсіздігі, негізгі қорлардың тозуы жағдайында Қазақстанның өзі орасан кен орындарын толық мәнінде игере алмады.

Алғашқы кезде шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі Батыстың іскер әлемінде экономикалық әріптес ретіндегі Қазақстанның болашақтылығы мен сенімділігі  туралы  түсінігінің болмауынан  күрделі күйде тұрды. 1993 жылы  «Шеврон» корпорациясының келуі және онымен бірегей Теңіз кен орны бойынша келісім жасалуы басқа трансұлттық корпорациялар үшін өзіндік белгі болды.

Инвестициялардың мұнай-газ саласына белсене келуі осыдан басталды. Бүгінде Қазақстанда әлемнің аса ірі мұнай кәсіпорындардың бәрі жұмыс істейді. Олардың Қазақстандық нарықта болуы елдің жоғары инвестициялық тартымдылығы секілді инвестициялардың мүдделері мен құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалардың тұрақтылығын да қуаттайды.

Ал инвестициялық саясаттың қажеттілігі жайында айтсақ, біріншіден инвестициялық саясатты жүргізу не үшін қажет, ол бізге тиімді ме деген сұрақтар туындайды. Әрине қажет, себебі:

  Кәсіпкерлік қызметті дамытуға;

  Елдің экономикалық және экологиялық қауіпсіздігін сақтау және нығайту;

  Мемлекеттер арасындағы достастықты нығайту үшін;

  Кәсіпорындар құру негізінде екі жақтың интелектуалдық потенциалын өзара байыту үшін;

  Экспорттық мүмкіндіктерін жоғарлату үшін;

  Ғылымды көп керек ететін салаларды басыңқы дамыту үшін;

  Импортты алмастыру өндірісін дамыту үшін.

 

               1.3. ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар

 

       Кез келген мемлекетке шетел инвестицияларының келуі және олардың тиімділігі инвестициялық жағдайдың қолайлығымен түсіндіріледі.

       Жалпы еліміздің бизнес - климатын талдау барысында күрделі қаржы бөлудің барлық параметрлерін ұпаймен (балл) бағалайды, содан кейін жалпы қорытындыға келеді. Қорытындысында инвестициялық тәуекел көрсеткішін немесе елдің инвестициялауға сенімділік көрсеткіші арқылы  инвестициялық климатты сандық жағынан өлшеу мүмкін болады. Бұл көрсеткіш инвестордың тәуекелі мен шығынын, сондай-ақ шетелдік капиталды тартуға тұтынушы елдің шығынын білдіреді.

Елде инвестициялық климат нашар болған сайын күрделі қаржыны тарту шығыны жоғары болады. Демек, инвестициялық климаттың жағдайы дерексіз түсінік емес, керісінше өзінің материалдық көлемін білдіреді. Айта кететін жайт, бүгінде шетелдік кәсіпорындар өздерінің салалық, өндірістік кешенін қосымша жетілдіріп ұлғайту үшін шетелдерде қызмет атқарып жатқан кәсіпорындарға күрделі қаржы енгізу арқылы жүргізіп жатыр. Сондықтан инвестициялық климатты бағалауға республика салаларының жағдайына ғана емес, экономикадағы құрылымдық өзгерістер, мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесі, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды игеріп алу мүмкіндігі де әсер етеді. Шетелдік инвестицияны тартуға өте үлкен әсер ететін себеп ол-ұлттық экономиканың  даму деңгейі болып саналады.     Мемлекетке қолайлы инвестициялық климат жасау - бұл әртүрлі шаралардың кешені:

1.мемлекет нарығының әлеуетті сипаттамасы;

2.табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі;

3.экономикалық реформалардың жағдайы мен оның жүзеге асырылуы;

4.инвестициялық қызметке арналған заң шығарушы базасы;

5.нарықтық инфрақұрылым мен валюталық нарықтың дамуы;

6.банктік жүйенің тұрақтылығы;

7.саяси климаттың тұрақтылығы мен бағыттылығы.

Қазақстан өзінің табиғи байлығымен жақсы қамтамасыз етілген - шикізат және энергия. Қазақстан территориясы (2,7млн..км) ЕЭО (2,3 млн.км) кіретін мемлекеттердің территориясынан үлкен. Сонымен қатар, территорияның қолдануының қарқындылығы салыстырмалы түрде аз.

Отын-энергетика комплексі кен орнының потенциалды бағасы: көмір бойынша - 685,5 млрд., мұнай-222,5 млрд. АҚШ доллар.

Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, біздің кең-байтақ жерімізде 7 триллион доллардың минералдық шикізаты шоғырланған. Мұнай өндіруден 2015 жылға қарай 180 млн.тоннаға жетуді межелеп отырған елімізде қазір жыл сайын оның 50 млн.тоннасы өндірілуде. Яғни Қазақстан - ресурстарына бай, инвестиция салуға тұрақтылығы басты кепілдік бола алатын ел. Нақты деректерге арқа сүйесек, ҚР-ның ішкі қаржы ресурсы мен шетелдік капиталды қоса есептегенде негізгі капиталға түскен инвестиция мөлшері 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 19%-ке өсіп, 119 млрд.теңгеге жетті.

Инвестицияның жоғарғы қарқынмен дамуының жақсы экономикалық көрсеткіштердің халықтың әл-ауқатына тікелей әсері мол. Бұған дәлелді инвестициямен жан-жақты қамтылған батыс аймақтардан көптеп келтіруге болады. Мысалы, Маңғыстау облысындағы «Өзенмұнайгаз» кәсіпорыны мен Өзен қаласы әкімшілігі арасында 2000-2004 жылдарға арналған екіжақты келісімшарт негізінде әлеуметтік инфрақұрылымды  қаржыландыру  көздері анықталып, іске асырылды. Осы келісім ауқымында балалар үйі және барлық спорттық ғимараттар жөндеуден өтіп, қала іргесіндегі Теңге ауылында жаңа мектеп салынды.

Қазақстан Республикасына инвестиция салуға қызығушылыққа саяси тұрақтылық пен шикізаттың және табиғи ресурстардың байлығы себеп болып отыр. Шетелдік инвестицияларды мұнай өңдеу өнеркәсібінде пайдалануды талдау барысында, саланың тартымдылық деңгейі және жобалардың экономикалық перспективалары бойынша орташа разрядқа жататыны анықталды, сондықтан шетел инвесторлары осы бағытта инвестициялау шараларын жүргізуге сақтықпен қарайды. Мұнай өңдеу мекемелерінің шетелдік инвесторлары үшін перспективаларының жағымсыз болуы технологиялық қондырғының моральдық және физикалық тозуы, өндірілетін өнімнің төмен сапасы, экологиялық жағдайды нашарлатушы жоғалулар әсерімен түсіндіріледі. Қазақстан Республикасына инвестиция тарту келесі негізгі мемлекеттік инвестициялық принциптерін орындауға негізделуі қажет.

1.  Тұрақтылық және болжау мүмкіндігі. Елдің инвестициялық климатының сапасы берілетін жеңілдіктер мен преференциялар мөлшері және түрімен емес, әлеуметтік-саяси және макроэкономикалық тұрақтылықпен анықталады. Тұрақтылық, алдын-ала болжау және мемлекеттік саясаттың инвестициялық жобаны жүйелі жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай туғызады.

2.  Инвестициялық қызметті реттеуші, әлемдік стандарттарға сай ашық және бір мағыналы құқықтық нормалар. Инвестициялық “ойын ережелері” анық және түсінікті болуы керек. Олар бюрократия мен сыбайластықты есептен шығаруы қажет. Инвестицияның, өндіріс пен сауданың дамуына кедергі келтіретін барьерлердің алдын алуы инвестициялық саясаттың құрамды бөлігі болып табылады.

3.  Инвестициялардың заңды құқықтарын қорғау. Биліктің барлық деңгейінде инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.

4.  Отандық және шетел инвесторларының қызметі үшін тең шарттар. Қазақстан Республикасы Заңымен қарастырылған, бірақ бұл принципті орталық және жергілікті атқарушы органдардың тәжірибе барысында ұстануы қажет.

5.  Келісімшарттар мен халықаралық келісімдердің шарттарын сақтау Қазақстанға деген сенім деңгейін жоғарылатып, тікелей инвестициялардың ағымының өсуіне әкеледі.

6.  Тікелей инвестициялардың пайдалылығы мен нәтижелілігі. Инвестор пайда алуға құқығы бар және оны Қазақстан экономикасына дамуы үшін еркін репатриациялау мүмкіндігі болуы тиіс.

7.  Экономиканың басымды салаларына тікелей инвестицияларды ынталандыру.

8.  Әр инвесторлар тобына қызметі үшін ішкі қор нарығының ақпараттық анықтығы мен тең жағдайды қамтамасыз ету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II-БӨЛІМ. ҚР-ҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

 

2.1. ҚР-ғы инвестициялық қызмет және оны мемлекеттік реттеу

 

Инвестициялық қызмет – шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыратын табыс алу және меншік капиталын өсіру мақсатындағы қаражат жұмсалымы. Инвестициялық қызмет ерекше маңызды мағынаға ие, себебі экономиканы толығымен, оның басқа да салалары, шаруашылық субъектілерінің тұрақты дамуына негіз болады.

Инвестициялық қызметтің субъектілері болып инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмысты жүзеге асырушылар, инвестициялық қызметтің объектісін пайдаланушылар, сонымен қатар жабдықтаушылар, заңды тұлғалар және басқа да инвестициялық қызметтің қатысушылары табылады. Тапсырыс берушілер инвесторлар және инвестор инвестициялық жобаны жүзеге асыруға уәкіл етілген кез келген заңды және жеке тұлғалар, соның ішінде шетел азаматтары және де мемлекет немесе халықаралық ұйымдар болуы мүмкін. Инвестициялық қызметтің объектілерін пайдаланушылар инвесторлар және басқа да жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік және муниципалдық органдар, инвестициялық қызметтің объектісі арналған шетелдік мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы мүмкін. Инвестициялық қызметтің субъектілері инвестицияның іске асырылуы тәжірибелік түрде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық салада іс-әрект жасайды.  Инвестициялық салалар құрамына қосылады:

  Капиталды құрылыс саласы, яғни салалардың негізгі және айналым өндірістік қорларына инвестицияның салынуы;

  Инновациялық сала, яғни ғылыми-техникалық өнім және интелектуалдық потенциялдың жүзеге асырылуы;

  Қаржылық капиталдың айналым саласы.

Инвестициялық қызмет «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Заң, «ҚР Президенті Жарлығын өзгерістері мен толықтырулары туралы» Заң күшіне ие, «Бюджетке төленетін салық және басқа міндетті төлемдер туралы», «Шетел инвестициялары туралы» Заң және «Банкроттық туралы», «Коннцессия туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «ҚР –ның инвестициялық қорлары туралы» және де басқа да нормативтік актілермен реттеледі.

Айтылып кеткен заңдар және нормативтік актілермен сәйкес Қазақстандағы шетел капиталын тартудың негізгі мақсаттары:

1.  ішкі ресурстар жеткіліксіз болғандықтан экокномиканы инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету қажет;

2.  үздік технологияларды тарту, ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын енгізу және өндірісті басқару, «ноу-хау»;

3.  Қазақстанның  халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын күшейту, әлемдік шаруашылық жүйесінде өз экономикамыздың интеграциялық процесін жандандыру;

4.  серіктестер мен шетел инвесторларының қазақстандық экономиканы экономикалық ынтымақтастық бойынша сенімді қамтамасыз ету.

Жүзеге асыру процесінде шетел инвестицияларын тартудың негізгі мақсаттары келесі экономикалық - әлеуметтік мәселелерді шешу қажет:

  экономикадағы құрылымдық өзгерістерге және нарықтық қатынастардың дамуына  жәрдемдесу;

  өндірісте бәсекелік сфераны дамыту;

  ғылыми-техникалық деңгейін жоғарлату және жаңа техника мен технологияға негізделіп, бәсекеге қабілетті үлесті үлкейту;

  өндірістік және өндірістік емес тұтынуға шығарылған өнімнің дайындылығы жоғары дәрежедегі толық және аяқталмаған технологиялық циклдардың жасалуы;

  депрессивті, алыстағы, экологиясы нашар аудандарға жәрдемдесу;

  жаңа жұмыс орындарын жасау.

2008 жылы Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің нәтижесі – қаржы емес активтерге жұмсалған 1409,3 млрд.теңге инвестициясы негізгі капиталға жұмсалған.Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлесі 84,2% құрады.

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлеміндегі ірі кәсіпорындардың үлесі – 47,0%-ды құрады, бұл 2009 жылғы көрсеткіштен 9,6 проценттік пунктке артық.Тұрғын үйлерге салымның үлесі 0,6 проценттік пунктке өсіп, 408% құрады.

Инвестициялық қызмет - «Заңды тұлғалардың, азаматтардың және мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі практикалық іс-әрекеттердің жиынтығы» болып табылады. Олар төмендегідей сфераларда жүзеге асырылады:

  Күрделі инвестиция;

  Инвестициялық сфера;

  Қаржы капиталын пайдалану сферасы;

  Қозғалатын және қозғалмайтын мүлік нарығында мүліктік құқықтарды жүзеге асыру сферасы.

Инвестиция туралы шешім қабылдаудағы негізгі мәселе –инвестициялық жобаларды объективті бағалау. Жобаларды бағалау оңай шаруа емес, себебі сөз жалпы экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекет деңгейінде жүргізілетін жобалар туралы болып отыр. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауға таза ағымдағы құн, рентабельділік, ішкі табыстылық, өтелу мерзімі сияқты көрсеткіштерді есептеумен қатар, ақшаның қазіргі және келешек кезеңдегі құнының айырмасын да анықтау керек.

Бұндай есептеулер не үшін керек? Өйткені, ақшаның қазіргі кездегі құны бойынша есептелген шығындарды табыспен салыстыру мүмкіндігін туғызу керек. Сол себепті, жобаны жүзеге асыру кезіндегі ақша құны бойынша есептелген табыстар, инвестициялау жөнінде шешім қабылдаған кезеңдегі ақша құнымен қайта есептелуі тиіс.

1-кесте

Күрделі құрылысқа жұмсалған инвестициялар нақты бағамен, млн.теңге

 

Жылдар

Күрделі құрылысқа жұмсалған инвестиция

                      Оның  ішінде

 

Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарға

Мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдарға

Тұрғындарға жеке меншікті үйлер мен пәтерлер салуға.

 

млн теңге.

%

млн теңге

%

млн.теңге

%

млн.теңге

%

2000

2005

2010

13059

148590

404175

100

100

100

12541

66780

53755

95,3

44,9

13,3

383

80029

342188

2,9

53,8

84,6

225

1781

8232

1,7

1,2

2,0

 

Кесте мәліметтерінен байқайтынымыз, соңғы 10 жылда күрделі құрылысқа жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінде мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың үлесі өте азайған, керісінше мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың үлесі жоғарылаған. Бұндай жағдайдың қалыптасуына, әрине, жекешелендіру нәтижесінде көптеген мемлекттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың жеке меншікке өткендігі себеп болып отыр.

Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттырудың тек екі жолы ғана бар: қымбатырақ және көбірек сату немесе арзанырақ өндіру. Өте қарапайым осы ереже, инвестиция тиімділігін стратегиялық жоспарлауда, жобаны талдау мен басқару барысында ете маңызды болып саналады. Кәсіпорын басшылығы тиімділікті арттыру мақсатында қандай іс-әрекеттер жасаса да олардың түпкі нәтижесі жоғарыда аталған шарттарды орындау болады.

Жобаның үш түрлі вариантының «Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы» талдауын қарастырып өтелік.

Инвестиция тиімділігін стратегиялық жоспарлаудағы жобаның үш вариантын талдау негізінде жасалған қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы есеп

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің жартысынан астамын меншіктің жекеше нысанындағы кәсіпорындар жүзеге асырған (54,2%). Шетелдік меншік кәсіпорындарының үлесі 2008 жылмен салыстырғанда 0,5 проценттік пунктке төмендеді. Мемлекеттік кәсіпорындардың  үлесінің 0,6 проценттік пунктке өсуі, басымды экономика салалары: көлік - коммуналдық кешенді нығайту және дамыту, аграрлық  - өнеркәсіптік кешенді қолдау және инфрақұрылымды дамыту, сумен жабдықтау, экология, әлеуметтік сектордыдамыту жекеше бизнес үшін тартымсыз болып табылады.

 

2-кесте

Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы есеп

 

 

 

 

Баптың атауы

 

Инвестициялық жобаның варианттары

бірінші

екінші

үшінші

1.

Өнімді өткізуден түскен түсім (млн. теңге)

2000

2000

2000

2.

Айналым шығындары негізінде есептелген өткізілген өнімнің өзіндік құны

1400

1000

600

3.

Жалпы табыс

600

1000

1400

4.

Кезең  шығындары  (тұрақты шығындар)

580

800

1000

5.

Негізгі қызметтен түскен табыс

20

200

400

6.

Негізгі емес қызметтен алынған табыс

4

10

20

7.

Қызметтен  алынған табыс

24

210

420

8.

Табыс салығы

7

63

126

9.

Таза табыс

17

147

294

 

Ықтимал табыстар мен шығындарды сипаттайтын варианттарда кестенің кез келген жолында байқалған өзгеріс, соңғы жолдағы мәнді міндетті түрде өзгертеді. Жалпы табысы өте үлкен кәсіпорынның шығындары өте төмен болады. Басқаша айтқанда, жоспарлай отырып, кәсіпкер өзінің барлық шығындарын жауып, пайда әкелетіндей табыс табу болып табылатын басты міндетін шешуі тиіс. Егер кәсіпкер өз бәсекелестеріне қарағанда аз шығын жұмсап өнім өндіріп отырса, оның өнімді нарыққа шығару жөніндегі шығындарын арттыруға немесе бағаны төмендетуге мүмкіндігі бар.

Тек осы екі құжатты - «Бухгалтерлік баланс» пен «Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы есепті» пайдалана отырып кәсіпкер халықаралық іскерлік тәжірибеде анағұрлым жиі қолданылатын кәсіпорын тиімділігін сипаттайтын табыстылық, төлем қабілеттілігі жөне өтімділік көрсеткіштерін есептеуге мүмкіндік алады. Бұл құжаттардан өзгешелігі, Кэш-Флоу әдісіне негізделген, ақша қаражаттары ағымының жоспарын жасауда «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» ақша қаражаттарының қозғалысын сипаттайды және кәсіпорын қызметін кезең-кезеңімен қарағандағы динамикасын көрсетеді. Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарының қалдығы ақша қаражаттарының келуі мен кетуі есебінен қалыптасады. Барлық түсімдер мен төлемдер «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте» осы төлемдердің жасалған күніне сәйкес уақыт аралығында көрініс табады. Бұл арада айта кетер бір жайт, еркін айырбасталатын валютамен келген барлық түсімдер мен төлемдер, курс айырмасы бойынша теңгеге ауыстырылуы қажет. Шоттағы ақша қаражаттарының қалдығын кәсіпорындар төлемдер жасау үшін, алдағы кезеңдердің өндірістік қызметін қамтамасыз ету үшін, инвестицияларға, қарызды өтеуге, салық төлеуге және жеке тұтынуға пайдаланады.

«Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте» кәсіпорын қызметі үш негізгі салаға белінген:



10

 

1) операциялық;

2) инвестициялық;

3) қаржылық



10

 

.

«Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептің» әр бөліміндегі ақша ағымының сомасы сәйкес кезеңдегі өтімді қаражаттардың қалдығын құрайды.

Әрине кәсіпорын капиталсыз жұмыс істей алмайды. Меншікті және тартылған капиталдың мөлшерін, Кэш-баланс кәсіпорын қызметінің барлық кезеңінде оң болған жағдайда, жеткілікті деп санауға болады. Кез келген уақыт аралығында теріс шаманың болуы кәсіпорынның банкрот екендігін көрсетеді.

Инвестицияның тиімділігін стратегиялық жоспарлауды талдауға қатысатын негізгі факторлар болып, операциялық қызметтен алынатын ақша ағымының және басқа табыстардың қосындысы және инвестицияға жұмсалған шығын мөлшері танылады.