Инвестицияны қаржыландыру және несиелендіру
Мазмұны
Кіріспе |
3 | |
1 |
Инвестициялық қаржыландырудың орта мерзімді лизинг қолданылуының теориялық аспектілері |
6 |
1.1 |
Инвестициялық лизнгтің мән-магынасы, тірлері және қайнар көздері |
6 |
1.2 |
Инвестициялық лизингтік артықшылықтары мен кемшіліктері |
10 |
1.3 |
Қазақстан Республикасының лизингтік инвестицияның дамуы |
13 |
2 |
Тәжірибелік бөлім |
17 |
Қорытынды |
31 | |
Пайдаланған әдебиеттер |
33 |
Кіріспе
Көптеген экономикалық әдебиеттерде лизинг ұғымы туралы ғылыми негізделген пікірлердің болғанымен де, оның банк қызметімен байланысты зерттелген тұстары сирек кездеседі.
Лизингтік компанияның өзін
қаржыландыратын банктік
Лизинг пен несие арасында айырмашылық бар. Несие беру саласында инвестиция кез келген кәсіпкерлік іс-әрекетке бағытталады, ал лизингте өндіріс іс-әрекетін дамытуға бағытталады. Несиелік келісімді жасау барысында мақсатталған қаражат шығынын бақылау қиындық туғызады, ал лизингте жалға нақты бір мүлік беріледі.
Сонымен қатар, бірінші жағдайда
несиені қайтаруға және оны пайдаланғаны
үшін пайыздық мөлшерлемені қайтаруға
жүз пайыздық кепілдеме қажет,
ал екінші жағдайда сол объектінің
өзі кепілдеме болып
Несиелік келісім жасау
барысында иемденетін мүлік кәсіпорын
балансында тіркеледі, ал лизингтік
келісім жасау барысында
Соңында несие төлемі кәсіпорын
пайдасынан алынған салық төлемінен
кейін қалған кірістен төленеді. Лизингтік
төлемдер өнімнің өзіндік құнына
енеді және ол салық төлемін азайтады.
Қаржы лизингі кезінде
Қаржы лизингі несиенің бір нысаны ретінде қарастырылады. Халықаралық тәжірибеде қаржы лизингі – капиталды лизинг немесе лизингке берілетін активтің толық өзін-өзі өтейтін лизинг ретінде сипатталды. Қаржы лизингі жалгерлік, саудалық, несиелік және өзге де экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді. Бұл жерде қаржы лизингін несиенің нысаны ретінде, яғни оның қызмет етуімен және басқарылу ерекшелігімен байланысты несиелік қатынастар жиынтығы ретінде қарастырамыз.
Қазақстан мемлекеті бүгінгі күні лизингтің дамуына үлкен көңіл бөлуде. Ең бастысы лизингтік қатынастардың дамуына қажетті заңдылықтар базасы жетілдіріліп, салық салуға байланысты жеңілдіктер жасалды.
Коммерциялық банктерде бүгінгі күні өздерінің лизингтік компанияларын құру арқылы және лизингтік операцияларды жүзеге асыру арқылы мұндай үрдістің дамуына біршама өз үлестерін қосуда. Қазіргі кездегі Қазақстандағы жұмыс жасайтын 20-дан астам лизингтік компаниялардың 8-і отандық коммерциялық банктердің еншілес компаниялары болып саналады.
Лизинг бүгінгі әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында маңызы бар инвестициялық саясаттың құралы болып табылады. Лизингті дамытудың өзектілігі қазіргі кезде отандық кәсіпорындарды қаржыландырудың балама көзіне айналуымен сипатталады. Сондықтан да бұл қызмет түрі өзінің экономикалық табиғаты жағынан ұлттық экономикамыздың сауығуына және әрі қарай өркендеуіне үлкен үлес қосатын, ал екінші жағынан халықаралық деңгейде отандық өндірушілердің шетелдік серіктестермен жаңа байланыстар орнатуға, оны нығайтуға ықпал ететін қаржылық қызмет түріне жатады.
Лизинг – шетелден елімізге жоғарғы технологияларға ие құрал-жабдықтардың келуіне жол ашатын және кәсіпорынға қаржылық өтімділігін сақтай отырып, негізгі капиталға инвестиция жұмсаудың балама көзі.
1 Инвестициялық
қаржыландырудың орта мерзімді
лизингтік қолданылуының
1.1 Инвестициялық лизнгтің мән-мағынасы, тірлері және қайнар көздері
Лизинг – ағылшын тілінің сөзі lease («мүлікті уақытша алу және беру») етістігінен туындайды.
Лизинг – бұл бір ұйымның (пайдаланушы-лизинг алушы) екінші ұйымға (лизингтік компания) қажетті мүлікті сатып алып, оны қолдануға беру өтінішімен байланысты мүліктік қатынастар.
Лизинг – уақытша бос
немесе тартылған қарыз қаражаттарын
инвестициялауға бағытталған
Лизинг объектісі ретінде негізгі қордың жіктеліміне жататын жылжыма және жылжымайтын мүлік бола алады. Тек, лизинг объектісіне жер учаскілері, табиғи объектілер, сонымен қатар нарықты еркін айналысқа тиым салынған объектілер жатқызылмайды.
Лизингке берілген мүлік
лизинг келісім шартының мерзім бойы
лизинг берушінің меншігіне
Лизинг алушының немесе лизинг берушінің балансына лизингтік мүлікті есепке алу шарты лизинг келісім шартымен анықталады.
Лизинг келісім шартында келісім шарт мерзімінің аяқталуынан кейін немесе оған дейін лизинг алушы лизингтік мүлікті сатып алу құқығы қарастырылуы мүмкін.
Егер лизинг келісім шартына
қайшы болмаса, онда лизинг беруші лизингтік
мүлікті кепіл ретінде
Лизинг беруші лизинг алушы үшін мүлікті сатып алған кезде мүлік сатушысына осы мүліктің анықталған тұлғаға жалға (лизингке) беруі туралы хабардар етуі тиіс. Лизинг алушыға мүлікті жеткізгеннен бастап, оған мүліктің сапасына, жинақталуына, құрылымына, жеткізілімі уақытына қатысты, сонымен қатар сатушы мен лизинг беруші арасындағы сату-сатып алу келісім шартын орындамаған жағдайларын талап ету құқығы да аударылады.
Лизингтік келісім шартына қайшы келмесе, онда лизинг беруші лизинг алушы алдында мүлік сатышының талаптарын орындауына жауап бермейді. Бірақ, егер сатышыны таңдау жауапкершілігі лизинг берушіде болса, онда сату-сатып алу келісім шартының сәйкессіздігі туралы мүлік сатушыға да, лизинг берушіге де талап етіледі.
Лизингтік қызмет нарығы лизингтің
әр түрлі нысандармен, лизингтік
келісім шартының әр түрлі үлгерімен
және лизингтік операцияларды
Лизингтің түрлері келесідей белгілері арқылы анықталады: жалға алынған мүлікке қатысы; лизингтік операцияны қаржыландыру түрі; лизингтік мүліктік мүліктің түрі; лизингтік мәміле қатысушылар құрамы; лизингке берілетін мүлік түрі; лизингтік мүлікті өтеу деңгейі;лизингтік операциялар жүргізілетін нарық секторы; салықтық, кедендік және амортизациялық жеңілдіктер мен преференцияларға қатысы; лизингтік төлемдердің тәртібі.
Жалға берілген мүлікке қатысы (немесе қызмет көрсету көлемі бойынша) лизинг жіктеледі:
- таза лизинг, мұнда мүліктің қызмет етуі бойынша барлық шығындар лизинг алушы төлейді. Лизинг алушы лизинг берушіге таза немесе нетто төлем аударады. Отандық нарықта негізінен таза лизинг көрініс табады;
- толық немесе «ылғалды» лизинг. Лизинг беруші мүлік бойынша барлық шығындар өзіне алады. Мұндай әдісте негізінен мүліктің өндірушілері қолданады. Құны бойынша толық лизинг ең қымбат қызмет түрі. Себебі, лизинг берушіде техникалық қызмет көрсету, білікті мамандарды тарту, жөндеу, қажетті шикізат пен құрылғы бұйымдарды сатып алу бойынша шығындар жоғарылайды;
- жекелей (жеке қызмет түрі), лизинг берушіге мүліктің қызмет етуі бойынша жекелей қызметтер аударылды;
Қаржыландыру түрі бойынша лизинг жіктеледі:
- мерзімді, мұнда мүліктің бір реттік жал орын алады.
- жаңаратын (ренвольвердік), мұнда лизинг келісім шартының бірінші аяқталу мерзімінен кейін лизинг келісімі келесі кезеңге жалғасады. Белгілі бір уақыттан кейін, тозуға және лизинг алушының қалауы бойынша лизинг объектісі жетілдірілген үлгілерге ауыстыруы мүмкін. Лизинг алушы мүлікті алмастыру бойынша барлық шығындарды өтейді. Лизинг обектілер саны және оны қолдану мерзімі лизингтің тараптары арасында алдын-ала қарастырылмайды.
Қайталанатын лизингтің түрі бас лизинг болып табылады. Бас лизингте жаңа келісім шартын жасаспай-ақ лизинг беруші жалға алу мүлігінің тізімін толықтыра алады. Мұндай жағдай үзіліссіз өндірістік циклді кәсіпорындары үшін маңызды. Бас лизинг лизингтік мүлікті жедел жеткізу немесе ауыстыру, ал жаңа келісім-шартты жасасуға уақыт жоқ кезде қолданылады. Бас лизинг шартына сәйкес, лизинг алушы жоспарланған жылдам қажеттілік туындаған кезде лизинг берушіге қосымша мүлікті жеткізуге туралы сұранысты жіберу жеткілікті болып табылады. Келісім-шарт жасалған кезең аяғында лизинг беруші шығындарының әр түрлігіне байланысты лизингтік төлемдер қайта есептеледі және жаңа келісім-шартқа отырады.
Мәміленің қатысушылар (субъектілер) құрамына байланысты лизингтік келесідей түрлері бар:
- тура лизинг – мүліктің меншік иеленушісі (жеткізуші) объектіні лизингке (екі жақты мәміле) береді. Аталған мәмілені дәстүрлі лизингтік мәміле деп айту қиын, себебі мұнда лизингтік компания қатыспайды;
- жанама лизинг - лизингке мүлікті беру делдал арқылы жүргізіледі. Аталған мәміле дәстүрлі лизингтік мәмілеге жатқызылуы мүмкін, себебі, мұнда жеткізуші, лизинг беруші және лизинг алушы қатысады;
- бөлінген лизинг (көп жақтың қатысуымен лизинг) – «левердж лизинг». Лизингтің түрі күрделі, ірі масштабты обектілерді қаржыландыруда танымал болып келеді: авиатехника, теңіз бен өзен кемелері, теміржол, бұрғы тұғырнамасы және т.б. Мұндай лизингті топтық немесе акционерлік лизинг деп те атайды. Оның сипаты – бірнеше компаниялардың (жеткізуші, лизинг беруші) қатысуы, бантерден несие қаражаттарын тартуы, лизингтік мүлікті сақтандыру және сақтандыру пулдары арқылы лизингтік төлемдердің қайтаруы. Лизингтің бұл түрі күрделігімен тән. Сонымен қатар, бөлінген лизингтің ерекшелігі ретінде лизинг беруші лизинг объектісін сатып алу үшін тек соманың бір бөлігін қамтамасыз етуін атап өтуге болады. Бұл қаражаттар акциялар шығару, оларды мәмілені қаржыландыруға қатынасын лизинг берушілер арасында тарату арқылы тартылады және шогырландырады. Лизинг объектісінің қалған құны қарыз ьерушілепмен (банктер, басқа инвсеторлар) қаржыланады. Қарыз берушілерде лизинг берушінің несиелері бойынша берешекті талап ету құқығы жоқ. Өз кзегінде, қатысушылар тараптардың көп болуына байланысты мұндай мәмілелерде қарыз берушінің сенімді тұлғасы (қарыз берушілердің әрекетін координациялау үшін) және лизинг берушінің сенімді тұлғасы (контрагенттердің біріккен іс-әрекетін ьасқару) қатысады. Лизинг берушінің сенімді тұлғасы номиналды лизинг беруші ретінде қызмет атқарады және мұліктің меншік иеленуші мәртебесін алады. Сондай-ақ, ол акция ұстаушылар арасында пайданы бөледі.
Тура лизингтің қайтарымды лизинг түрі бар. Қайтарымды лизинг – өзара байланысты келісім шарттар жүйесін білдіреді; фирма (ғимараттың, құрылыстың немесе құрал-жабдықтың меншік иеленушісі) өз меншігін қаржылық институтқа сату және осы мүлікті лизинг шартымен өзіне ұзақ мерзімді жалға алуын рәсімдейді. Қаржылық институт ретінде банк, сақтандыру компаниясы, инвестициялық қор, лизингті оперциларды жүргізетін арнайы мекемелер болып табылады. Қайтарымды лизинг бұл жағдайда кепілдік операцияның балама әдісті ретінде көрініс табады. Меншік сатушысы (мәміле қорытындысы бойынша жал алушы болады) сатып алушыдан келісілген қаражатты алады, өз кезегінде сатып алушы жал беруші ретінде оперцияға қатысады. Қайтарымды лизинг үлкен көлемде және тез уақытта айналым қаражаттарына қажеттілігі бар шаруашылық жүргізуші сібъектілер үшін қажет. Қайтарымды лизингтің артықшылығы – бұл қолданып жүрген қаржыландыру көзі ретінде болуы, лизингтік операциялардың қатысушылары үшін ұсынылатын салықтық жеңілдіктерді қолдануы болып табылады.Қайтарымды лизинг банктік несиелерге қараганда аз шығынмен капитал жымсалымын қайта қаржыландыруға мүмкіндік береді. Қайтарымды лизинг кезінде жал төлемі келесідей кесте бойынша бекітіледі: инвестордың мүлігін саиып алу сомасы және инвестициялық капиталдың орташа пайда нормасы.
Мүлікті өтеу деңгейіне байланысты лизинг жіктеледі:
- толық өтеумен лизинг – лизингтік келесім-шартына сәйкес мүліктің толық немесе оған жақын деңгейде амортизацияның жүргізілуі, сәйкесінше лизинг ьерушіге мүлік құнын төлеу;
- толық емес өтеумен лизинг – лизинг келісім-шартфнфң мерзімі бойы мүліктің жекелей амортзациясының жүргізілуі және сәйкесінше мүліктің тек бір бөлігінінің өтелуі. Өтеу бөлігіне байланысты (мүліктің амотризация шартына қатысты) қаржлық және жедел лизинг түрлері анықталады;
Қаржылық (капиталдық, тура) лизинг келісім уақытына сәйкес тараптардың өзара байланысын білдіреді. Оның ерекшелігі – мүліктің толық құнын немесе оның үлкен бөлігін амортзациясын жабатын лизингтік төлемдерді төлеу; қосымша шығындарды жабатын лизингтік төлемдерді төлеу; лизинг берушінің пайда алуы. Аталған лизингтің негізгі белгілері:
- лизинг беруші мен лизинг алушыдан басқа үшінші тараптың (мәміле объектісінің өндірушісі немесе жеткізушісі) қатысуы;
- жалдың негізгі мерзімі ішінде (яғни жал берушінің шығындарының өтеуге қажетті мерзімі бойынша) келесім-шартты тоқтату мүмкіндігінің болмауы;
- лизингтік келесім мерзімінің ұзақтығы (көбінесе мәміле объектісінің ызмет ету мерзіміне жақын).
Лизингтік келісім-шартының мерзімі аяқталмағаннан кейін лизинг алушы мәміле аяқталғаннан кейін лизинг алушы мәміле объектісін қалдық (нарықтық емес) құны бойынша сатып алуға болады; аз уақытқа және жеңілдік мөлшерлемесін жаңа келісімге отыру; лизингтік компанияға мәміле объектісін қайтару. Өзінің шешімін лизинг алушы лизинг берушіге хабарлауы керек. Егер келісімде мәміле пәнін сатып алу (опцион) қарастырылса, онда тараптар лизингке берілетін объенктінің қалдық құнын алдын ала анықтайды.
Жедел лизинг - лизинг берушінің объектіні сатып алумен және ұстаумен бацланысты шығындар бір келесім-шарт бойында лизингтік төлемдермен жабылмаған жал қатынастары. Мұндай лизинг түрі 2-5 жылдарға келісімге отырады. Жылдам лизингте объектінің сыну немесе жоғалту тәуекелі лизинг берушінің мойында. Шығындардың қайтарылу кепілдемесінің жоқтығынан, лизингтік төлемдердің қаржылық лизингке қараганда жоғары сипатқа ие. Жылдам лизингтік келісім-шартының аяқталуы кезінде лизинг алушыда келесідей құқықтық таңдау бар: тиімді шартымен келісім-шартты ұзарту, лизинг берушіне мүлікті қайтару, келісім-шарт (опцион) болған жағдайда лизинг берушіден нарықтық құны бойынша мүлікті сатып алу.
Лизинг жүргізілетін нарықтың секторына баланысты келесідей жіктелім сипат алады:
- ішкі лизинг – мәміленің барлық қатысушылары бір мемлекеттен болғанда;
- сыртқы (халықаралық) лизинг- мәміленің кем дегенде бір қатысушысы басқа мемлекеттен болғанда. Бұл лизинг түріне сондай-ақ бір қатысушы (не лизинг беруші, не лизинг алушы) өз қызметін шетелдік фирмасын жүргізгенде және біріккен капиталды иемдегенде де жатқызылады. Өз кезегінде сыртқы лизинг импорттық және экспорттық түрлері ажыратылады. Лизинг беруші шетелден болса, онда бұл импорттық лизинг. Ал лизинг алушы шетел компаниясы болғанда бұл экспорттық лизингке жатқызылады.
1.2Инвестициялық лизингтік артықшылықтары мен кемшіліктері
Активке меншік құқығы және
активті пацдалану құқығының
бөлінуі – лизингтік
Жал алушылар үшін лизингтің артықшылықтары.
Лизинг 100 % қаржыландыруды қарастырады және борыштың барлық сомасын тез қайтаруы талап етпейді.
Жал қардылық активтер қажеттілігіне сәйкес жал алушының қаржыландыруын қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе кішігірім қарыз алушылар үшін тиімді. Себебі, олар ірі компаниялар сияқты несие арқылы қаржыландыру ыңғайсыз, икемсіз. Лизингтік келісім жал алушының ерекшеліктері ескеріле отырып жасалуы мүмкін.
Көптеген жал алушыларда ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлары бар. Олар жоспарды орвндау бойы қаржылық мүмкіндіктері шектелген. Лизинг осындай шектеулерді жеңуге көмектесе отырып, инвестициялық пен қаржылық жоспарлауда жоғары жылдамдықпен жүргізуге мүмкіндіктер береді.
Лизинг кезінде активтерді иемдену мен қаржыландыру сұрақтары бірге шешіледі.
Лизинг арқылы активтерді иемдену кезінде лизинг алушы (қаржыландырудың алтын ережесін» орындайды. Ережеге сәйкес, қаржыландыру активті қолдану мерзімі бойы жүргізілу қажеттілігін анықтайды. Егер активті сатып алса, онда қарыз капиталы қолданылады. Ал бұл активтің жойылу мерзіміне қараганда қарызды жылдам өтеуді талап етеді.
Лизинг жал алушының шешім қабылдауының икемділігі жоғарылайды. Өз кезегінде сатып алу кезінде тек бір балама шешім – «сатып алмау» бар. Ал лизинг кезінде таңдау нұсқалары бар. Әр түрлі шарттағы лизингтік келесім-шарттардың ішінен жал алушы оның қажеттілігіне және мүмкіншілігіне сай болатын нұсқаны таңдай алады.
Лизингтік төлемдер бекітілген
кесте бойынша
Активтерді сатып алу үшін қарызды алуға қарағанда, сол мүлікті лизинг келісім-шарты арқылы алу ыңғайлы.
Активтерді сатып алуға қарағанда, лизингі пайдалану кезінде жал алушыда өндірістік қуатты қолдануы жоғары болады. Уақытша бос қаржылық ресурстарды басқа мақсаттарға жұмсауға бағвттары бар.
Лизинг ұзақ уақыт бойы өндірістің өнімін өткізу құралыболғандықтан, мемлекеттік саясат лизингтік операцияларды қолдауға және дамытуға бағытталады.
Төмен табыстылықтың сипат алуы кезінде жал алушы қайтарымды лизингті қолдануына болады. Қайтарымды лизинг пайдаға салық салу кезінде бірқатар салықтық жеңілдіктерден тұрады;
Лизинг қомақты қаржылық ресуртсы жоқ жал алушыға жаңа жобаны бастауға мүмкіндік береді.
Келісім-шарттың аяқталуынан кейін лизинг пәнәнің жоғары жою құнын алу мүмкіндігі жал алушылардың лизингке қатысудың шешуші факторы болып есептеледі.
Жоғарыда аталғандармен қатар жал алушыда жалға алатын мүлікті есепке алғанда келесідей артықшылықтар болады. Атап айтқанда:
- жал алушы төлейтін лизингтік төлемдер өзіндік құнда ескеріледі, яғни оны төлеу үшін қаражаттар пайда салынатын салыққа дейін қалыптасады;
- жал алушының балансында лизинг борышты жоғарлатпайды және меншік пен қарыздық қаражаттардың қатынысына араласпайды. Осыған сәйкес, қосымша қарызды тарту бойынша мүмкіндіктерді төмендетпейді;
- лизингтік мүліктің есебі мен амортизациясы лизинг берушінің балансында жүргізіледі. Лизингтің мерзімі лизинг пәнін амортизациялау кезеңіне сай келеді, бірақ лизингтік келісім-шарт мерзімі төмен болады. Лизинг мерзімі жоғары болған сайын, соғұрлым мүлікті жою және оны ары қарай қолдану шарттары жоғары болады.
Лизингтік компаниялар үшін лизингтің артықшылықтары:
- лизингке берілген мүліктің меншік құқығына салықтық жеңілдіктер беріледі;
- лизингке берілген мүлік лизинг беруші меншігінде қалғандықтан, лизинг беруші осы мүлікті өндірістік емес мақсаттарда (мысалға, несие ресурстарын қайтарудың қосымша ққамтамасыз ету кепіл ретінде) қолдануға мүмкіндігі бар;
- жылдам амортизациясынан кейін лизинг пәнәнің жоғары жою құнының болуы. Лизинг пәнәнің ауқымды бөлігі қайтарылуы жоғарғы пайдаға әкелуі мүмкін;
- лизинг беруші тарапынан саиушыға лизинг пәнін сатуға көмектесу. Осындай келісімдерге сәйкес, лизинг беруші атынан сатушы клиенттерге лизинг арқылы өз өнімнің жеткізілімін қаржыландыруға ұсыныс береді;
- мүлік формасындағы инвестициялар ақша несиесіне қарағанда қаражаттардың қайтарылмау тәуекелін төмендетеді, себебі, лизинг беруші лизингке берілген мүлік меншігін құқығын сақтайды;
- лизингтік операцияларды дайындау мен жүргізу кезінде негізгі рөлді лизинг берушіде болады. Аталған қызмет құны лизинг берушінің комиссиялық сыйақысында улкен бөлігін алады;
- лизинг беруші өз қызметін жалғастыру мен кеңейту үшін қосымша қаржылық ресурстарды табу мүмкіндігін береді;
- лизинг қаржылық ресурстарды материалдық активтерді сатып алуға тікелей бағыттайды, осыдан несие қаражаттарының мақсатсыз қолдану мәселесін шешеді;
- лизинг арқылы өндірістік құралдарға инвестициялау лизинг бойынша міндеттемелерді жабатын табыстарды генерациялау, табысты жинауға көмектеседі.
Лизингтік мүлікті сатушы үшін лизингтің артықшылықтары:
- лизинг пәнінің сатышысы өз өнімін өткізудің қосымша мүмкіндігін алады;
- сатушы үшін мәміле тәуекелі төмен, себебі лизинг беруші лизингтік төлемдер арқылы мүлік құнын қайтару тәуекелін өзіне алады.
Лизингтік операцияларға қатынасатын банктер үшін келесідей артықшылықтар бар:
Ең біріншіден, мәміле құнын төмендетуге әкелетін салықтық артықшылықтардың болуы. Осы фактор мемлекеттерде лизингтің дамуына үлес қосты. Мәміле құнының төмендеуі – жобаны жүзеге асырудың ықтималдылығын жоғарлатуға мүмкіндік береді, қарыз алушылар үшін борыш ауыртпалығын төмендетеді, ұсынылған қарыздардың сапасын жоғалатады.
Лизинг – біздің еліміз үшін қаржыландырудың жаңа түрі. Лизинг ұйымдарға (банк клиенттеріне) айналым қаражаттарынан ақша ресурстарын алмай, өндірістің қайта ұ»ымдастыруына көмектеседі.
Жал алушының мемлекетті үшін лизингтің артықшылықтары:
- лизинг қаржыландыру көздері арасында бәсекелестікті жоғарлатады;
- лизинг капитал жұмсалым деңгейін жоғарылатады;
- лизингтік мәмілелер сомасы ұлттық берешекті есептеуде ескерілмейді, яғни жекелей мемлекеттер үшін Халықаралық валюта қоры бекіткен неселік берешек лимитінен асыруға мүмкіндік бар.
Артықшылықтармен қатар,
лизингте бірқатар кемшіліктер бар.
Ұзақ мерзімді несиеге қарағанда
қатысцшылар санының көп
Жал беруші үшін лищинг келесідей кемшіліктер беруі мүмкін:
- моральдік тозуға (ҒТП-тің садарынан ескеруі) қарамастан, қаржылық лизинг кезінде жал төлемдері келісім-шарттың аяқталуына дейін тоқтатылмайды;
- жал алушы мүліктің қалдық құнының жоғарлануынан ұтпайды;
- салықтың негізге негізделген қайтарымды халықаралық лизинг беруші мемлекет үшін шығынға ұшыратады;
- халықаралық мульти валюталық лизингтік мәмілелерді жүргізуде валюталық тәуекелдің толық кепілдеменің жоқтығы.
Негізгі артықшылықтары мен
кемшіліктерін қарастыра
1.3 Қазақстан Республикасының лизингтік инвестицияның дамуы
Барлық кәсіпорындар инвестициялық қызметпен байланысты болғандықтан, жобаны іске асыру бірқатар факторлардың әсерінен қиындауы мүмкін: инчестиция түрі, инвестициялық жоба құны, жетімді жобаның көп болуы, қаржылық ресурстардың жеткіліксіздігі, шешімді қабылдаумен байланысты тәуекелдер. Сондықтан да инвестицияны қаржыландыру көздері туралы шешімді қабылдау жобаның болжаулы табыстылығына ғана байланысты емес, сондай-ақ ол абсолюттік пен қатысты сипаттағы шектеулепмен байланысты болады.
Жеке кәсіпорындар үшін инвестицияны
қаржыландырудың негізгі
- кәсіпорынның меншік қаражатының жоқтығы және жетіспеушілігі;
- кісіпорынның жағымсыз қаржылық жағдайы салдарынан несиелік қаражаттарды беруден бас тарту;
- қор нарығында акция бағамының кенеттен түсуі;
Осыған орай, Қазақстанға отандық кәсіпорындар үшін инвестициялардың қол жетерлігі кәсіпорын-қарыз алушының қаржылық жағдайында байланысты.
Елдің стратегиялық маңызды инвестициялық жобалары үшін абсолюттік шектеулер экономика, сала ауқымында қаржылық ресурстардың бар болуы (жоқтығы) анықталады. Қазақстанда инвестициялық жобаларды ұлтты даму институттары , ұлттық компаниялар және басқа заңды тұлғалар қаржыландырады. Олар «Самұрық-Қызына» ұлттық әл-ауқат қор АҚ құрамына жатады. Олар: «Қазақстанның даму банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестицялық қоры» АҚ, «Даму» кәсіпкерліктің даму қоры АҚ, «Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөнінде мемлекеттік сақтандыру корпорация» АҚ, «Самрук Инвест» ЖШС, «Самрұқ-Қазына Контракт» ЖШС және т.б. Қордың және компаниялардың негізгі бағыты ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы, Қазақстан республикасының Индрустриялық-инновациялық дамуының 2003-2012 жылдарға арналған стратегиясы, «Қазақстанның 30 көшбасшылар» бағдарламасы тұсында ұлттық экономиканы жаңарту және әртараптандыру болып табылады.
ҚР-да лизингтік қатынастарды
құру қағидаларын толық

- Инвестицияны қаржыландыру қызметі
- Инвестицияны қаржыландыру несиелеу формалары
- Инвестицияның әлеуметтік – экономикалық мәні
- Инвестицияның әлеуметтік – экономикалық мәні
- Инвестицияның құрылымы және оның экономикалық өрлеуге әсері
- Инвестицияның мазмұны
- Инвестицияның мәні, қажеттілігі
- Инвестициялық саясат
- Инвестициялық саясаттағы мемлекетік реттеу
- Инвестициялық саясаттағы мемлекеттік реттеу
- Инвестициялық саясаттағы мемлекеттік реттеу
- Инвестициялық тәуекелдіктер және олардың түрлері
- Инвестициялық тәуекелдіктер және олардың түрлері
- Инвестиция мазмұны