Инвестицияның экономикалық коммерциялық және бюджеттік тиімділігін нығайту жолдары

                                   Жоспар. 

  1. Инвестиция,  түрлері және  экономикалық  мәні.
  2.      1.1  Инвестиция  және  оның  түрлері.
  3.      1.2  Инвестицияның  қызметі  және  инвестициялық  жобаның  эконо -  
  4.             микалық  мәні.                                                         
  5.      1.3  Инвестициялық  саясатты  жүргізудегі  шетелдік  тәжірибе.
 
  1. Қазіргі  кездегі  Қазақстан  Республикасының  инвестициялық  саясаты және  оның  талдауы.
  2.      2.1  Инвестициялық  жобаларды  іске  асыру  кезіндегі  техникалық -      
  3.             экономикалық  есептердің  сатылары  мен  түрлері.
  4.      2.2  Қазақстан  мен  Ресейдің  инфроқұрылымдық  қорларын  салыс -         
  5.             тырмалы  талдау.
  6.      2.3  Қазақстандағы инвестициялық қозғалыстар және  олардың   құ -  

           рылымдық  ойысулары. 

     3. Қазақстан  Республикасындағы  инвестициялық  ахуалды  жақсарту.

  •     3.1  Инвестицияның  экономикалық,  коммерциялық  және  бюджеттік  
  •            тиімділігін  нығайту  жолдары. 
  •     3.2  Қазақстан  экономикасының  шикізаттық  емес  секторына   тікелей
  •            шетелдік  инвестициялар  тарту   жөніндегі  ұлттық  жоспар.
  •     3.3  Қазақстан  мен  Еуропалық  одақ  арасындағы  инвестициялық  ын -
  •                 тымақтастық.

      
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

      1. Инвестиция  және  оның  түрлері.
     

           Практикада  қорлану күрлелі қаржыны (инвестиция)  тартумен  жүзеге  асады.  Күрделі  қаржы  (инвестиция)  -  бұл жаңа  құрылысқа,  жабдықтауға,  жұмыс  жасап  тұрған  кәсіпорынды  ұлғайтумен  техника -лық  қайта  жабдықтауға,  тұрғын-үй,  мәдени  тұрмыстық   құрылысқа  кеткен  шығындар.

            ‘Инвестиция’  немістің  ‘ investion’  деген  сөзі  және  бұл  кәсіпорын- ға  (фирма)  пайда  табу  мақсатында  ұзақ  мерзімге  салынған  капитал мөлшерін  көрсетеді.  Осы тұроғыдан ‘инвестициялау’  күрделі қаржы -

      ға қарағанда кең мағына  білдіреді. [Шеденов]

            ‘Инвестиция’  деген сөз латынның  ‘инвест’  (салу)  деген сөзінен шыққан. [Есполов]

           ‘Инвестиция’  термині латынның  investre  -  ‘жұмылдыру’  сөзінен алынған. Бұл термин  ғылыми және  публицистикалық әдебиеттерде  кеңінен қолданылады.  Ғылыми  әдебиеттерде  инвестицияны  анықтаудың  әр  түрлі тәсілдері бар. 

            Инвестиция – бұл ақшаны,  оның  сақталуына  немесе  құнының  артуына  және  табыстың  оң  шамасын  қамтамасыз  етуге  үміт  арта  отырып,  орналастыруға  болатын   кез  келген  құрал. Бос  ақша  құралдары  инвестиция  болып  табылмайды,  себебі  қолма-қол  ақшаның  құнын  инфляция  жеп  қоюы  мүмкін  және  ол  ешқандай  да  табыс  әкелмейді. [Әлжанова]  

           Батыс елдері  экономикалық  теориия мектептері  инвестициялау процесін  былай түсінген:  кез келген  қаржыны жұмсаудың мақсаты табыс,  пайда  немесе  пайдалылық  табу.  Бұған  акция,  облигация,   жинақ  сертификаттары,  сақтық  және  зейнеткерлік  қорға  және  басқаларға  жұмсалған  шығындар да  жатады. [Шеденов]

            Күрделі  қаржының  жүзеге  асуы,  кәсіпорынның  клиенттердің  акцияларының  бір  бөлігін  сатып  алу  арқылы  немесе  оған  қарыз  беріп,  оның  ішінде  ол  қарыздарын  акцияға  айналдыруымен  жүргізіледі.  Капиталды  тәуелділікпен  салу  жаңа  технологияны  енгізген  ұсақ  инновациялық  фирмаларды  қаржыландыру  қажеттілігінен  туады.  Тәуелсіздік  капиталға  әртүрлі  капитал  түрлерін  үйлестіре  береді:  қарыздық,  акционерлік,  кәсіпкерлік.  Ол  сондай-ақ  ғылыми-өнертапқыштық  фирмалардың-винчурлық  деп  аталатын  құрылуына  делдалдық  жасайды.  [Саясат  май  2009]    

            Инвестиция  теориясын  ағылшын  экономисі  Дж.  Кейнс  өзінің  ‘Еңбекпен  қамту,  пайыз  және  ақшаның  жалпы  теориясы’  (1936ж.)  еңбегінде қарастырды,  онда  ол  инвестицияны  өндіріске жан бітіретін және  тиімді  сұранымның  басты факторы  ретінде  анықтайды.  Инвестицияның  өсуі  ұлттық  табыстың  ұлғаюына,  өндіріске  қосымша  жұмыскерлерді  тартуға  ықпал  етеді,  яғни  жұмыссыздықты  жояды. [Шеденов]

             Пол  Самуэльсон  инвестицияландыру  туралы  былай  жазады:  ‘Біз  қоғамның  нақты  капиталының  таза   өсімін  білдіретін  нәрселерді  (ғимараттар,  қондырғылар,  өндіріс-материалдық  запастар  және т.б.)’ ‘таза  инвестицияландыру’  немесе  капитал қалыптасуы  деп атаймыз.  Тұрғындар үшін  жерді,  қолданыста  жүрген  құнды қағаздарды  немесе  меншіктің кез келген  түрін сатып алу инвестицияландыру болып табылады.Экономистер үшін  бұл тек таза  трансферттік  операциялар.  Яғни біреуі инвестицияландырса, басқа біреуі  дезинвестицияландырады.  Таза  инвестицияландыру  тек жаңа  нақты капитал қалыптасқан кезде ғана  орын  алады.     

           У. Шарп  инвестицияны  былайша  анықтайды:  ‘Нақты  инвестицияларға  әдетте  қандай  да  бір  материалдық-көрнекті  активтер  түріне  инвестициялау  кіреді,  мысалы,  жер,  қондырғылар,  зауыттар  сияқты.  Қаржылық  инвестициялар  қағазда  жазылған  келісім-шарттарды, мысалы,  кәдімгі  акциялар  мен  облигациялар  сияқтыны  білдіреді.  Қарапайым  экономикаларда  инвестициялардың  негізгі  бөлігі  нақтыға  жатқызылса,  қазіргі  дәуірдің  экономикасында  инвестициялардың  үлкен  бөлігі  қаржылық  инвестициялар  болып  табылады.  Қаржылық  инвестицияландыру  институттарының  жоғары  дамуы  нақты  инвестицияның  өсуіне  едәуір  дәрежеде  ықпал  етеді.  Әдетте,  бұл  екі  форма  бәсекелес  емес,  бір-бірін  толықтырушы  болып  табылады.  В. Бочаров  инвестицияны  табыстың  тұтынуға  жұмсай  алмайтын  бөлігі  деп  түсінеді.  Инвестициялық  ресурстар  инвестициялық  іскерліктің  капиталдық  құнның   табыс  немесе  әлеуметтік  әсер  түріндегі  өсімі  алынатын  объектілеріне  трансформацияланады.’ [Әлжанова] 

             Экономикалық  теорияда  инвестицияның   мынадай  түрлері  анықталады:

    1. қаржылық  (финанстық)  және нақтылы;
    2. кеңейтілген  және  жетілдірілген;
    3. тікелей  және  қоржындық; 
    4. ұзақ  мерзімді  және  қысқа  мерзімділік.

       Инвестицияның  финанстық  және  нақтылы  болып  бөлінуі қаржыны

      салу  жолдарына  байланысты.  Қаржылық  (финанстық)  инвестициялар- бұл жеке  компаниялар мен мемлекет  тарапынан   шыққан  акциялар,  облигациялар,  т.б.  құнды  қағаздар  арқылы  жүргізілетін  салымдар.  Олар  нақтылы  капиталдың  өсуіне  ықпал  етеді.

            Нақтылы  инвестициялар  дегеніміз  -  негізгі  капиталға  және  материалдық-өндірістік   байлықтарды,  қорларды  (запасы)  сатып алуға жұмсалатын  қаржы. 

            Инвестицияның  кеңейтілген   және  жетілдірілген  болып   бөлінуі  негізгі капиталдың  мақсатына  байланысты.  Кеңейтілген   инвестиция  дегеніміз  -  өндірісте   жұмыс  істеп  тұрған  кәсіпорындардың   өндірістік   қуатын  және  негізгі   капиталды  кеңейту  мақсатында  жаңа  өндіріс   қуатын,  негізгі  капиталдың  жаңасын  жасауға  жұмсалған  қаржылар.  Жетілдіру  инвестициясы  дегеніміз -  амортизациялық  қаржылар  арқылы өндірістік  капиталды  қалпына  келтіруге  және  жетілдіруге  жұмсалатын  шығндар. 

            Инвестицияның  тікелей  және  қоржындық  болып  бөлінуі   бұл  инвестициялардың  өндірісті   басқару  процесіңе  қатысуына   байланысты  орын  алады.  Тікелей  – бұл  инвестордың  компанияға  бақылау  жасаған  және  10% - дан кем емес  акцияға  ие  болған  жағлайындағы  капиталдың  салымдарын  айтады. 

            Қоржындық  инвестиция  дегеніміз  -  шетел  акциясына,  облигациясына   және  басқа  құнды  қағаздарға  салынған  шетел  капиталы.  Мұндай  инвестицияның  мақсаты   салық  жеңілдігі  арқылы  және  валюта  курсының  өзгеруі  арқылы  көтеріңкі  пайда,  табыс  алу. 

            Құнды  қағаздар  қоржыны   жеке  адамның  немесе  мекеменің   құнды  қағаздарға  ие  болуының  дәрежесін  анықтайды.  Құнды   қағаздар  қоржынына   акциялар,  облигациялар,  құжаттық  акцияларжәне  басқа  құнды  қағаздар  кіреді.

          Сонымен,   қоржындық инвестициялар деп -  шетел компаниясының акцияларын  ұстаушыларға  өндірісті басқару құқығын бермей  капиталдың  салымдарын  жүзеге  асыру  құқығын  айтады.

            Инвестицияның  ұзақ  мерзімді  және  қысқа  мерзімді  болып  бөлінуі  инвестицияларды  ақшаға  айналдыру  мерзіміне  байланысты.  Ұзақ  мерзімді  инвестициялар -  ол  инвесторлар  үшін  стратегиялық  маңызы  бар  және  келешекте  жұмсалатын  шығындардың  қаржысын  қайтаратын,  орнын  толтыратын  ірі  объектілер  арқылы  жұмсалған  капитал   салымдары.

             Ұзақ  мерзімді  инвестиция  дегеніміз  -  мемлекеттік  программа   бойынша  іс  жүзіне  асатын  рыноктық  инфрақұрылым  және  шетел  инвесторларын  ынталандыру  ретіндегі  іріленген  объектілерге  жұмсалатын  капитал. 

              Қысқа  мерзімді  инвестиция  дегеніміз -  қысқа  мерзім  ішінде  пайда,  табыс  табу  үшін  жұмсалған  қаржы.  Мұндай  инвестиция  көбінесе  тұтыну  заттарына,  сұраныстың  өсуіне,  өндірісті  техникалық  және  технологиялық  қайта  құру  процестеріне  байланысты 

              Қысқа  мерзімді  инвестициялар   деп -  өндірістік  жағдайлардың  кілт  өзгеріске  ұшырауына   байланысты,   коммерция  талабына  сай  қысқа  уақыт  ішінде  шығынның  орнын  толтыра  алатын  капиталдың  салымдарын  айтады.  Инвестициялық  қызмет  деп -  инвестицияларды  ақшаға  айналдыру  үшін  мемлекеттің,   жеке  адамдардың  практикалық  іс-қызметінің  жиынтығын  айтады. [Есполов]   

                
       
       

      1. Инвестицияның  қызметі  және  инвестициялық  жобалаудың                         

        Экономикалық  мәні. 
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         

      ҚЫЗМЕТІ 
     
     
     
     
     
     
     
     
     

              Инвестициялық  жоба -  бұл   экономикалық  пайда  табу  мақсатымен  ұзақ  мерзімге  жұмсалатын  ақшалай  және  басқа  да  ресурстар 

              Бұл  пайданы  есептеп   шығару  мен  бағалау  үшін  басқарушы  есептің  пайдаланатын  экономикалық  есептеулер  жүйесінің   біршама  элементтері  қолданылады. 

              Демек,  инвестициядағы  басқарушы  есеп   алға  қойылған  мақсаттарға  қол  жеткізу  үшін  және  соның  негізінде  басқарушылық  шешімдерді  қабылдау  үшін,  бірқатар  инвестициялық  жобаларды  талдауға  және  оларды  бақылауға  тура  келеді. 

              Тап  осыған  байланысты  жаңа  экономикалық  шындыққа  сәйкес  ұзақ  мерзімді  инвестициялардың  тиімділігін  бағалау  мен  талдау  жүйесі  ең бір  өзекті  мәселеге  айналып  отыр.

               Бүгінгі  таңда,  өмірлік   маңызы  бар  шаруашылық саласында   дұрыс  және  оптималды  басқарушылық  шешімдерін  қабылдауға  мүмкіндік  беретін,  шынайы  дәрежеде  экономикалық  белсенділік  деңгейін  көтеретін  және оны  сапалы  әдістемелік  тәсілмен  қамтамасыз  ететін  есептеулердің  қажеттілігі  пісіп  жетіледі. Ұзақ  мерзімді  инвестицияларды  талдау   және  есептеулурді  жүргізудің  барлық  бағыттар  бойынша  зерттеулер  жүргізудің  көкейтестілігі,  көптеген  қаржылық  ұйымдардың  да  (банктер,  сақтандыру  компаниялары,  инвестициялық  және  зейнетақы  қорлары  және  т.б.),  және  бірқатар  жеклеген  инвесторлардың  да,  алдында  тұрған  тауқыметті  мәселесі  болып  тұр.  Ал  бұдан  алынған  зерттеулерді  одан  әрі  іске  асыру,  одан  да  қиын  мәселе  болып  отыр.[ЕВР  СООБЩ.  -Тасмағанбетов]

            Жақын  уақыттан бері  ұзақ  мерзімді  инвестицияларды  талдау  мен  есептеуге,  яғни  Қазақстанның  экономикасына  батыс  компанияларының   қаражаттарын  тартуға  байланысты,  инвестицияның  мәнісін  ашуға  біршама  талпыныстар  жасалып  жатыр.

             Осы  кезге  дейін  инвестициялық   есеп   пен  талдау  бойынша  жүргізілген  зерттеулер  кешенді  сипатта  болған  жоқ,  өйткені  ол  жөніндегі  әлістемелік  зерттеулер  қажет   деңгейінде  нығайтылмады.  Қазіргі  кезде  Қазақстанның  экономикасына  тартылатын  ұзақ  мерзімді  инвестицияларды тиімді  бағалау,  талдау  және  шаруашылық  субъектісінің    қаржылық  қызметін  басқару барысында,  әлі де  болса есептің кейбір  жекелеген әдістері  жете  зерттелмеген.

            Осы  күнге  дейін  негізгі   қорларды  жаңғыртуда  инвестициялаудың  оптималды  көздерін  таңдау,   күрделі  қаражаттардың  тиімділігін  бағалау,  тәуелділіктің  сезімталдығын  ‘және  дағдарыстың  әсерін  жаңаша  принципте  дисконттау,  ‘икемді’  мөлшерлемені  табу  және  оны талдау  мәселелері  өз  шешімдерін  толығымен тапқан  жоқ.’

           Тәжірибеде,  инвестициялық  талдаудың   екі  әдісі  бар,  онда  мөлшерлеменің  ең  төменгі   шегін  капиталдардың  орташа  құны  бойынша  анықталса,  ал  екінші  әдісінде  тәуелділіктің   ең  жоғарғы  сатысы  бойынша   есептелінеді.  Бұл  арада,  капиталдардың  орташа  құнын  дисконттау  мөлшерлемесін  оның  түпкілікті  варианты  деп  есептеуге  болмайды,  өйткені  ол  нақты  жағдайды  толық  көрсетуі  мүмкін,  сондықтан  да  оған  жиі  түзетулер  енгізіледі.  Бүгінге  дейін  әлемдік   тәжірибеде  инвестициялық  жобаларды  бағалау  мен  есептеудің  ‘қолайлы’  әдісі табылған  жоқ.

           Бірақта,  қазіргі  нарықтық  экономика  жағдайларында   ұзақ  мерзімді  инвестицияларды   есептеу  қажеттілігі  және  оған  тиісті  ғылыми  зерттеулер  жүргізудің  керектігі  күннен  күнге  артып  келеді. 

           Сондықтан,  осы  мәселелер   туралы  экономикалық  әдебиеттерде  әр  түрлі  пікірлер  бар. 

            Бұл  пікірлер  үлкен  үш  топқа  біріктіріледі:

      1. Күрделі  қаржыны  бөлу  концепциясын  бухгалтерияда  пайдаланатын  түсінікті  қолданғанды  қалайды,  яғни  бухгалтерлік  баланс  мәліметтері  бойынша; 
      2. Күрделі  қаржыны  бөлу  концепциясы  кезінде,  қажет  түзетулерден  кейін,  танылуы  керек  деп  санайды; 
      3. Инвестиция  элементі  ретінде  активтің  кез  келген  элементтерін  қарастыратын -  ұлғайтылған  тұжырымдаианы  пайдаланғанды  қалайды;

      Бірінші  топтағы  ұғым  бойынша  таза   инвестициясы   болып,   негізгі 

    құралдарға   жұмсалатын  (жұмсалған)  және  баланстың активінде көрініс тапқан  (материалдық,  материалдық  емес,  қаржылық)  күрделі қаржының  өзгерісі  бойынша анықталады.  Оның  басымдылығы,  тек пайдалануында ғана,  бірақ осыған  қарамастан  осы бойынша инвестиция  санайды.

            Ал  түзетулерден  кейін  қолданатын  күрделі  қаржы  тұжырымдамасының  басты екі кемшіліктері  бар,  атап  айтсақ:

    • біріншіден,  бухгалтерия  есебінде  тек  шаруашылық  субъектісінің  меншігіндегі  инвестицияларды  ескереді;
    • екіншіден,  бухгалтерия  есебінде  материалдық  емес  активтерді  инвестиция  ретінде  ескермейді,  себебі  оның  есебінде  көптеген  дүдәмалдықтың  бар  екендігі   анық. 

      Мұндай  жағдайда, талдаушылар   күрделі   қаржы   қатарына   жалға

    алынған  негізгі  құралдарды  (лизинг  бойынша)  және  материалдық емес  активтердің   амортизацияланбаған  шығындарын  активтерге  қосу  арқылы  түзетулер  енгізеді.  Тек  осындай  түзетулерден  кейін  таза  инвестициялар  деңгейі  анықталады.

           Талдаушылардың  аз  ғана  тобы  ұлғайтылған  тұжырымдаманы   пайдаланады,  бұл  тұжырымдамаға   сәйкес  активтің  (капиталдың)  барлық  элементтері (кейде  пассивтері де)  субъектінің табыстылығын  анықтау үшін  инвестиция  ретінде қарастырылады. 

           Бұл  анықтама  негізінен   шағын  кәсіпорын  үшін  сәйкес  келетін  сияқты,  өйткені   инвестицияны  бұндай  кең  мағынада  қарау  кәсіпорындардың  мақсатына  сай  келе  бермейді.  Олар  ‘инвестицияға  салынған  қаржының’  түрлеріне (яғни,  өздерінікі  немесе  қарызға  алынғанына),  қарамастан  күрделі қаржыны бөліп қарауды мақсат  тұтпайды,  ондағы  салымдар,  тек жалпы салымдар  бойынша өлшенеді.  Инвестицияларды,  негізінен барлық  инвестициялаған капиталдардың жиынтығы  ретінде қарастырады.  Демек,  инвестицияның бухгалтерлік  тұжырымдамасы тек күрделі қаржыны бөлу  ғана  емес,  сондай-ақ,  барлық  активтердің  жиынтығын  береді.  Егер  бухгалтерияда  әр  түрлі  себептер  бойынша  есеп  мәліметтері  бұрмаланбайтын  болса,  онда  (‘тыңшы’  ретінде немесе  коммерциялық  құпия ретінде),  инвестицияны  бағалауға бухгалтерлік  есептің  мәліметтерін  қолдануға  болар  еді. 

          Ұлғайтылған  тұжырымдаманы   қолдай  отырып;  инвестиция  ретінде   танылмаған  материалдық   емес  активтер  мен  жалға  алынған   құралдарды  есепке  алмай,  тек   баланста  көрсетілген  активтер  бойынша  санауға болар еді.  Көптеген  экономистер капиталдардың щығындарын  инвестиция  ретінде қарастырады.  Инвестиция  динамикасы  (қозғалысы)  активтің  белгілі бір баптарының  өзгерісіне  тең болады. 

          Бұл  арада, ‘инвестицияланған  капитал’  деген  ұғым  екі  мағына  береді .

    Біріншіден,  кез  келген  кпитал:  акцияға,  облигацияға,  басқа  кәсіпорынның  жарнасына  (пайына)  айналған  түрінде,  демек ұзақ  мерзімді  қаржы активі  ретінде әрекет  ететін,  басқа кәсіпорынның  пайдасынан  өзіне  қатысты  үлестік  салмағын  (дивидентін)  өз  кәсіпорнына әкелетін  бағалы  қағаз тобы  жатады.  Инвестицияның бұл тобы  оның  тар мағынада  қарастырылғанын көрсетеді.  Яғни,  оның  өнім  өндірумен тікелей байланысты  еместігін білдіреді. 

          Қазақстанның  бухгалтерлік  балансында  инвестицияланған  капиталды  екі  жарып  көрсетеді,  оның  бір  бөлігі  ағымдық  актив  құрамында  болса,  ал  екіншісі  ұзақ  мерзімді  активтер  қатарында  ьолады.  Олай  болса,  инвестицияланған  капитал  өз  құрамына  ‘Аяқталмаған  құрылыс’,  ‘Ұзақ  мерзімді  қаржы  бөлу’  (еншілес, тәуелді  кәсіпорындарының  пакет  акцияларын,  жарна  үлесін  алу, техниканы  бөлу,  ұзақ  мерзімге  қарыз  беру  және  т.б.)   жағдайлары  жатады.  Тап осы тұрғысынан  инвестицияны  кең көлемдегі мағынасын білдіретін  сияқты. [Друри  К.  Упр. 171 б. ]                                                  

       Инвестицияны  қаржылық-экономикалық  талдау  тұрғысынан  қарастыратын  болсақ,  онда  шаруашылық  субъектісі  қаржылық  тұрақтылығын  талдау  үшін,  инвестицияны  негізгі  және  айнымалы  капиталымен  қатар,  қаржылық  және  қаржылық  емес  етіп  екіге  бөлудің  керектігін  ұсынамыз.

          Енді  осы  айтылғандарды   басқсрушы  есеп  тұрғысынан  қарастыратын  болсақ,  онда  оның  сындарлы  кезеңі  болып,  мыналар  жатады:

    • инвестицияның  есебін  жүргізу,  яғни  есебін  шығару;
    • инвестицияның  бюджетін  құрастыру;
    • жылдар  бойынша  ақша-қаражаттарының  ағындарын  бағалау;
    • қолданыс  таба  алатын  капиталдың  шын  мәніндегі  бағасын  анықтау,  яғни  оны  дисконттау  коэффиценті  ретінде  пайдалануға  болатындығын  көрсету;
    • Инвестицияның  тиімділігін  бағалайтын  критерийлерін  талдау.  Жобаны  бағалау   мен  талдаудың  бүгінге  дейін  танымал  екі   әдісі   бар:

      а)  дисконттық   бағалау  (немесе  динамикалық  бағалау);

      в)  есептік бағалау (немесе  статикалық,  жай).

          Аталған  бағалаудың  екі   категориясы  да  бір   бірімен   өте   тығыз  байланысты.  Мәселен,  статикалық  категориясы  (кейде  әдебиеттерде  оны  мәселелер  немесе  міндеттер  деп  атайды)  шаруашылық  субъектісінің табыстылығын  (қолма-қол  ақша  түрінде)  құрайтын  қабілеттілігін  көрсетсе,  ал  динамикалық міндеттер шаруашылық  субъектісінің өз  ресурстарын  табыстылыққа  (қолма-қол  ақшаға)  қаншалықты  жақсы айналдыра алатындығын көрсетеді. 

          Статистикалық  мәселесі  (немесе  міндеті)  динамикалық (өсіңкілік)  мәселеге  (міндеттерге)  қарағанда,  біршама үстемдігі бар және  ол  тұрақты қалыпта  қызмет  етеді:  егер  ШС ұзақ  уақыт  бойында  статикалық  деңгейде  табыстылық  (қолма-қол  ақша,  рентабельдік)  мәселесін шеше  алмаса,  онда  ондай   шаруашылықтың қызмет  етуі  екіталай.  Егер  ШС  қолма-қол ақша  түрінде жеткілікті түрде табыс  алуға  қабілетсіз  болса,  онда  олардың  қолма-қол  ақшалары  шаруашылық  субъектісі  ұзақ  уақытқа  арналған  мерзімдік  міндеттемелерін  қаржыландыруға  жеткіліксіз  болады.  Тіптен  операциялық  пен  құрылымдық  деңгейде  статикалық  мәселелерін  шешкенімен,  бірақ қажетті қолма-қол ақша  ағымын  ұстай алмаса,  онда  олар өздерінің шаруашылық  субъектісіне  табыс әкелетін  операциялардың  (немесе  капиталдардың)  жүргізілуімен байланысты  болып келеді,  яғни  басқаша айтқанда,  кез келген  табыс  ондағы  жасалатын  операциялардың  тиімділігіне,  мазмұнына  және  олардың  нәтижесіне  тәуелді. [Тасмағанбетов  311б.] 

          Табыстың  негізгі  екі  қайнар  көздері  бар:  біріншісі:  иемденушілер;  екіншісі  қарыз  берушілер  -  банктер  және  тағы  басқа мекемелер (реципиенттер),  сондай-ақ  жеке  тұлғалар.  Ал  шығындар  негізінен үш  топқа бөлінеді:  жабдықтаушылар,  персонал  және  салық қызметі.  Одан  басқа шаруашылық  субъектілері  қолма-қол ақшаның артығын инвестициялық қажеттіліктері  үшін  қайта  пайдалануына  немесе  оны  резервтеріне  орналастыруына  болады. Басқарушы  есеп  инвестициялық  жобаны  шұғыл  емес,  стратегиялық  мақсаттарға  бағыттайды,  сондықтан  шаруашылық  субъектісі   бұл  кезде  өзінің  құрылымдық  бөлімшелерімен  ұйымдасқан  түрінде  тығыз  байланыста  болғаны  жөн,  яғни  жоба  әдетте  көптеген  жауапкершілік  орталықтарымен  әрекеттес  демек  мақсаттарға  жету  процесінде,  олар  біршама  тексерілген,  өзара  әрекеттерімен  қамтамасыз  етілген  жағдайда  ғана  қабылданады. [Евразийское  сообщество]                                                                                                                                       

                 

                   

                              

          

        

                       
       
       
       
       
       
       
       

    1.3 Инвестициялық  саясатты  жүргізудегі  шетелдік  тәжірибе. 

         Қазіргі таңда Қазақстан әлемдік шаруашылықтың толыққанды  мүшесі  болып табылады.  Республикамыздың  экономикасының  дамуы экономика -

    лық  ортада  инвестициялық  бағытты  құруды  талап  етті.  Инвестицияның  құйылуы  өндірістің  масштабының  кеңеюіне,  сонымен  қатар  экономика -

    ның  әлеуметтік-экономикалық  дамуының  сапалы,  жаңа  деңгейге  шығуын  қамтамасыз  етеді.  Экономикадағы  жаңалықтар  мен  өсулер инвестицияның көлемімен,  құрылымымен және  олардың жүзеге  асырылу сапаларымен,  қарқынымен  анықталады.  Сонымен қатар инвестициялық жинақтаулар мен олардың материалдық ресурстарынсыз  инвестицияда  ешқандай  оң  нәтижелер болмайды.

          Ивестициясыз  ішкі  және  сыртқы  рыноктардағы  тауар  өндірушілердің  бәсекеге  қабілеттілігін  қамтамасыз  ету,  қазіргі  кездегі  капитал  жұмсалымдарының  болулары  мүмкін  емес.  Рыноктық  инфрақұрылымдардың  және  әлемдік  тауар  өндірушілердің құрылымдық  және  сапалық  өзгертулерінің  процестері  инвестициялаудың  есебімен  және   жолымен  жүзеге  асырылады.  Инвестициялау  экономикалық  өсуді,  аймақтың  әлеуметтік  жағдайын,  халықтың  жұмыспен  қамтылуын  және  елдің  экономикасының  дамуын  анықтайды.

         Қазақстан  Республикасының   экономикасының  дамуы  отандық   және  шетелдік  инвестициялаудың  тартылуымен  тығыз  байланысты  болып  келеді.  Шетел  инвестициялары  Қазақстан  Республикасының  территориясындағы  кәсіпкерлік  қызметтің  объектісіне  шетел  инвесторына  тиісті  азаматтық  құқықтардың,   соның  ішінде  ақша,  бағалы  қағаздар,  интеллектуалды  қызметті  және  тағы  басқа  мүліктерді,   сонымен  қатар  қызмет  пен  ақпарат  нәтижелеріндегі  ақшалай  бағасына  не  мүліктік  құқықтар  түрінде  шетел  капиталын  салу  болып  табылады.

         Инвестицияларды  әр  түрлі   қаржы  құралдарын  шығара  отырып  тарту  бүгінгі  күні  кең  көлемде  қолға  алынады.  Оған  елдегі  қолайлы  инвестициялық  климат  өз  әсерін  тигізуде.  Қай  елде  болмасын  инвестицияның  келуі  инвестициялық  климат  дәрежесіне  және  оны  анықтайтын  факторларға   тікелей  байланысты.  Инвестициялық  климатты  анықтау  шетел  инвесторларын  тарту  мен  пайдалану  саясатының  негізгі  міндеті  болып  табылады.  Себебі, анықтауға,  екіншіден,  мемлекеттегі  жағдайды  тереңірек  бағалауға,  үшіншіден,  шетел  субъектілерінің  мінез-құлықтарын  анықтауға  мүмкіндік  береді. 

    Инвестицияның экономикалық коммерциялық және бюджеттік тиімділігін нығайту жолдары