Исламдық банк жүйесі

Кіріспе

 

Бүгінгі күндері Ислам  әлемінің банк жүйесі әлемдің қаржы  институттары мен БАҚ-ты, сонымен  қатар, қарапайым салымшы жұртшылықты  да өзінің ерекшелігімен қызықтырып отыр. Банк ісі саласын тілге тиек ететін баспасөз құралдары да Ислами банктер жайлы жарыса жазуда.

Исламдық банк жүйесі —  Шариғат (Ислам дінінің қағидалары) рұқсат еткен істерді атқару арқылы банктық қызметтерді көрсету  жүйесі. Ислам дінінде пайыз алу/беруге тыйм салынған. Сол себептен де Исламдық банк жүйесінде қарапайым банктердегідей өсімқорлық жоқ. Пайыздық өсімсіз қызмет етуіне қарамастан Ислам қаржы жүйесі ең жылдам өсуші сегмент болып  табылады. Жылына 15 пайызға өсетін исламдық негіздегі активтердің жиынтығы 800 миллиард АҚШ долларын құрайды.

Әлемдік банкинг саласында  жаңадан өзгерістер енгізіп, өздерінің  қаржылық активтерін жыл өткен сайын  молайтып жатқан, шариғат заңдарын қатаң ұстаған банктердің дамуы  күн санап жылдам қарқынмен өсіп жатыр, экономикалық алпауыт елдердің де нарығына етене енуде. Бәсекелестікке бейім, бірақ тұтынушысын сүліктей соруға құмар, пайыздық несиелер арқылы дамитын банктер өздері қызмет етіп жатқан қаржы секторында жаңа жүйенің  белсенді түрде нық қадам басып  келе жатқанын аңғарды.

Исламдық банк жүйесі жоқ  елдерде тұратын мұсылмандар  үшін Шариғат заңдарын сақтауда өлкен  қиындықтар болады. Несие беруші банк пен несие алатын мұсылмандардың негізгі прициптері бір-біріне қайшы  келетін. Бұны несие алу, банкте депозит  ашу және ипотекалық қызметтерді  пайдалану кезіндегі жағдайлардан білуге болады.

Зерттеу пәні: Ислам Даму Банкінің құрылымы мен сипаттамасы.

Тақырыпты зерттеудің мақсаты – Ислам Даму банкінінң қазіргі таңдаңы құрылымы мен сипатын ашып көрсету.

Осы жобалық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде Сауд Арабиясы, Ислам Министрлігі.

Курстық жұмыстың құрылымы кіріспені, неі тарауды, қорытындыны, қолданылған әдебиеттердің тізіміді қамтиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I-бөлім. Ислам Даму Банкі дамуының негізгі кезеңдері

    1. Ислам Даму банкі пайда болу тарихы.

Ислам даму банкі 
араб.: البنك الإسلامي للتنمية‎ 
ағылш. slamic Development Bank

Түрі

Даму банкі

Құрылған жылы

1973

Орналасқан жері

Джидда, Сауд Арабиясы

Қызметкерлер  саны

932


Ислам даму банкі, ИДБ (араб.: البنك الإسلامي للتنمية‎, ағылш. Islamic Development Bank, IsDB) — халықаралық қаржы даму институы, 1973 жылдың 18 желтоқсанында өткен мұсылман мемлекеттерінің қаржы Министрлерінің Бірінші Конференциясының ниеттері туралы Декларациясына сәйкес құрылған.

Шариат принциптеріне сәйкес, ИДБ-не мүше емес елдердегі мұсылман қауымдары мен мүше -елдердің экономикалық дамуы мен әлеуметтік прогресіне қолдау көрсету болып табылады.Ислам Даму банкінің орталық пәтері Сауд Арабиясының Джидда қаласында орналасқан. Банктің жарғылық қоры 6 миллиард ислам динарына тең. Ислам динары Халықаралық валюта қорының арнаулы несиелендіру құқығының бірлік өлшеміне парапар банктің есептік бірлігі болып табылады. Ислам даму банкі көбінесе ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету, канал тарту тәрізді агротехникалық және инфрақұрылымды дамыту мақсатындағы жобаларды қаржыландыруды әдетке айналдырған.

Ислам Даму Банкі (ИДБ) аймақтық қаржы  ұйымы, халықаралық дамуды қаржыландыратын  және Ислам Мемлекеттері Министрлерінің 1973 жылғы желтоқсанда Джидда қаласында (Сауд Аравиясы) өткен Бірінші Конференциясында жарияланған және Ислам Конференциясы  Ұйымының (ИКҰ) 23 мүше мемлекетінің өкілдері қол қойған Ниет туралы Декларацияға сәйкес бекітілген болып табылады.

ИДБ қызметін 1975 жылғы 20 қазанда бастады.

ИДБ мақсаты Шариғаттың қағидаттарына  сәйкес ИДБ мүше елдерінің және мұсылман қоғамдастықтарының экономикалық дамуына  және әлеуметтік прогресіне көмек көрсету  болып табылады. Мүшелерінің құрамына 52 мемлекет кіреді. ТМД елдерінің  ішінде ИДБ мүшелері Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан жәнеТүрікменстан болып табылады.

Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 16 мамырда  ИДБ-ның 1974 жылғы 12 тамызда Джидда қаласында  қол қойылған Құрылтай шартын ратификациялады.

1997 жылғы тамызда Алматы қаласында  ТМД-да, Моңғолияда, ҚХР-да, Шығыс Еуропа  аймағында орналасқан ИДБ мүше  елдері және мұсылман қоғамдастықтары  үшін аймақтық офисі ашылды.

Қазақстан Ұлттық Банкі 1998 -1999 жылдары ИДБ-ның Қазақстан Республикасының атынан басқарушының офисі құқығында Ислам Даму Банкімен белсенді ынтымақтастықты жүзеге асырды.

1999 жылы мамырда Ислам Даму  Банкінің Вице-президентінің басшылығымен  Бағалау миссиясының Қазақстанға  сапары болды.

1999 жылғы 12-14 қазанда Алматы қаласында  Қазақстан Республикасы Үкіметі  және құрамын Кувейт араб экономикалық  даму қоры, Сауд даму қоры және  ИДБ ұсынған Үйлестіру Тобы  арасында «дөңгелек үстел» отырысы  өтті. Отырыстың нәтижесі өзара  түсіністік туралы меморандумға  қол қою және одан әрі қаржыландыру  мүмкіндігін қарастыру үшін Қазақстанның  мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына  кіретін жобалардың тізбесін  қабылдау болып табылады.

1995 жылдан Қазақстанда ИДБ жұмыс  істепкеледі.

Банк 2000 - 2003 жылдары Астана қаласында  өз кеңсесін ашу, Қарағанды - Астана автожолы бөлігін, Астана - Бурабай автомобиль жолын қайта салу, Астанада ұлттық кітапхана үйін салу, пошта байланысын жетілдіру, т.б. жобаларды қаржыландырған. [1]

Ислам Даму банкі Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болғаннан кейін өткен брифингте Ислам Даму банкінің президенті Ахмад Мохамед Әли әл-Мадани мәлім етті.

Қазақстанның белсенді ынтымақтастығына орай Ислам Даму банкінің атынан алғысын  білдірген ол, Ислам Даму банкі  бүгінге дейін Қазақстанда бірқатар маңызды жобаларға қатысқанын, бұдан  әрі де қарым-қатынасты нығайта  түсуге ниетті екенін айтып өтті. Елбасымен жүздесу барысында Қазақстанда исламдық қаржыландыру жүйесін бекіту мәселесі сөз болғанынына тоқталған ол: «Өзіміздің тарапымыздан исламдық қаржыландыру институттарын бекіту үшін Қазақстанға қажетті техникалық, процедуралық қолдау көрсетуді бақылауға алуға дайынбыз. Бұл шаралар әлемдік дағдарыс кезінде өте маңызды. Себебі ислам банктері мен исламдық қаржыландыру институттары дағдарыс кезінде өздерінің тұрақтылығын көрсете білді. Атап айтқанда, олардағы ұстанымдар басқа қаржыландыру институттарына қарағанда ерекше», деді.

Сондай-ақ Ислам Даму банкінің президенті Астанда өтетін Экономикалық форумға делегация құрамында  бірқатар сарапшылар келгендігін атап өтті. Олар исламдық қаржыландыру механизмдері бойынша түсіндіру жұмыстарын атқаратын болады. «Ертең, басталатын форумды жоғары деңгейде ұйымдастырып отырғандығы үшін, сондай-ақ бұл форумның өсіп келе жатқан беделімен Қазақстан Президентін құттықтағым келеді. Себебі бұл шараға әлемдік деңгейдегі көптеген танымал сарапшылар келіп отыр», деді ол.

Банктің Джиддақаласындағы ғимараты

 

Біздің заманымыздың VIII – XIII ғ.ғ. Аралығы Ислам әлемінің Алтын  Ғасыры кезіңі болып саналады. Ол кездері  Ислам әлемі Халифаттық басқару  жүйесінде болды. Нарықтық экономика, саудагерлік пен айырбас жасау  кеңінен тарады. Нарықта қарызға алу қатынасы дами түсті. Міне, осындай экономикалық белсенді өмір ислами банктің негізі болатын. Адамдар арасында экономикалық серіктестіктер орнады. Мысалыға: Муфауада – қатысушалар санына шектеу қойылмайтын, бір мақсатқа жұмылған әріптестердің серіктесуі. Бұдан бөлек Мудараба деген серіктестіктің түрі болды. Мудараба бойынша әріптестердің санына шектеу қойылады. Әл-Мал деген ислами негіздегі капитал пайда болды. Ортағасырлық Ислам қоғамында жетілген қаржылық институттар мен экономикалық негіздер ортағасырлық Еуропаға ауысып (XIII ғ. бастап), ол жерде одан әрі дами түсті.

Қазіргі заманның ислами банктерінің  тарихы XX ғ. 60-жылдарынан бастау алады. 1963 жылы Египетте жергілікті экономист  Ахмад әл-Наджардың бастамасымен құрылады. Банк шариғат заңдылықтарының  негізінде құрылып, мақсаты халықтың жинақтаған қаржыларын пайдалана отырып табыс әкелетін жобаларды қаржыландырудың  арқасында пайда табу болды. 1967 жылы банк исламдық радикализмге қарсы күрестің құрбаны болып, жабылып қалады. Бірақ  банктың негізін қалаушы Ахмад  әл-Наджар болашақта мұндай қаржылық институттардың сәтті қызмет ететініне  сенімді болды. Ол Сауд Арабиясына көшіп  кетеді. 70-жылдары мұнайдың бағасы қарқынды түрде өскен болатын. Бұл жағдай исламдық негізде банк құру үшін оңтайлы  кез болатын. Алдымен 1975 жылы Ахмад  әл-Наджардың қатысуымен Ислам Даму Банкі құрылды (ИДБ). Соңынан Біріккен Араб Әмірлектерінде (БАӘ) ''Dubai Islamic Bank'' атты ислами банк дүниеге келді. Олардың  соңынан Faisal Islamic Bank (Египет, 1977 ж.), Faisal Islamic Bank (Судан, 1977 ж.) және Bahrain Islamic Bank (Бахрейн, 1979 ж.) банктері өз қызметтерін бастап кетті. Алғашқы кездегі скептицизм (күдік) бірте-берті жойылып, банктердің жарқын болашағына деген сенім арта түсті. Осылайша, ислами банк жүйесіне деген байсалды қатынас орнай  бастады. Аз уақыттың ішінде Ислам банк ісінің менімді әрі болашағы бар  банк жүйесі екендігі түсінікті болды.

Ислам фундаментализмінің идеологиясы,  теориясы жəне практикасы жөнінде шетелдік басылымдарда жарияланған көптеген зерттеулерде негізгі салмақ қазіргі  заманғы əлемде осы барынша кеңінен  тараған саяси,  құқықтық,  моральдық-этикалық жəне діни аспектілерге түседі.  Бұл  ретте,  əдетте,  саяси экономия мəселелері,  сондай-ақ элементтері  қандай да болмасын шамада Иран туралы айтпағанның өзінде Судан,  Пəкістан,  Сауд                                                

Аравиясы сияқты елдерде  жүзеге асырылатын исламизмнің экономикалық саясатының мəселелері көлеңкеде қалады. 

Батыстық зерттеушілер тарапынан  ислам фундаментализмінің экономикалық мəселелеріне жеткілікті көңіл бөлінбеуі  қазіргі əлеуметтік тапсырыспен,  атап айтқанда, батыс демократиясының  дамыған елдері ең алдымен исламизмнің  саяси жəне идеологиялық экспансиясының жалған немесе нақты қауіп-қатерден жəне ислам жауынгерлерінің халықаралық лаңкестігінен осы экспансияның көрініс беруіне аса қатты жауап қату нысаны ретінде үрейленуімен түсіндіріледі. 

Бұл мəселе бойынша ұғымы  толық қалыптаспаған қазақстандық оқырманды алатын болсақ,  оның бұрынғы  кеңестік дəуірден кейінгі кеңістік аумағында таралу қаупіне тең  дəрежеде алаңдап отырған ресейлік дерек көздерінен теріп алынған  ислам фундаментализмі туралы үзінді,  қарама-қайшы жəне көп жағдайда алдын  ала кесіп-пішілген саяси-экономикалық жəне политологиялық материалдарды  əзірше қанағат тұтуға тура келеді. Бұл таралу қауіпті Москваның  ресми топтары Ресейдің  «өмірлік мүдделер аясына»  енгізуге дайын.  

Алайда бұл мəселеде ғылыми шындықтың үстемдік алуы үшін исламизмнің  идеологиялық жəне теориялық қарсыластарының  саяси ангажирленген жұмыстарын оқумен шектеліп қоймай,  тікелей  бастапқы дерек көздеріне,  оның ішінде исламизмнің саяси экономиясының  теоретиктерінің еңбектеріне назар  аудару қажет.  Осындай жолмен ғана экономикалық исламизм туралы толық,  объективті мағлұмат алуға жəне оның дерек көзін, теориясын жəне саясатын талдауға болады.  

Ислам экономикасы институтын батыстық зерттеулерден айырмашылығы мұсылман (араб,  азия etc)  елдерінде  бұл тақырып бойынша жан-жақты  материалдар жеткілікті жинақталған.  Ислам экономикасы теориясының  проблемасын зерделейтін ресейлік экономистердің ішінде Р.И.Беккин,  А.Ю.Журавлев,  Г.Ф.Нуруллина жəне басқа да авторларды атап айтуға болады. 

Оған қоса,  ресейлік зерттеушілердің  ислам экономикасы проблемасына көңіл бөлуі балама парадигма,  ал кейбір жағдайда дағдарысты бастан кешірген    маркстік саяси  экономияның қисынды жалғасы  ретінде қаралатын институционалдық бағыт аясындағы экономикалық ойды дамытудың жалпы үрдісіне де байланысты.  Институционалдық экономикалық теорияның  ізбасарлары Қазақстанда да бар.

«Ислам экономикасы»  терминін алғашқы рет    мұсылман  (үнді)  теоретигі С.М.А.Гилани 1947 жылы ғылыми айналымға енгізді. Алайда қазіргі заманғы экономистерге  сол кездерден бері қарайғы уақытта   мұсылмандық экономикалық əдебиетте  жалпыға ортақ бірегей жəне айқын  анықталған «ислам экономикасы» деген  ұғымның ұсынылмағанын атап айтуға тура келеді.  Р.И.Беккин атап айтқанындай,  мұсылмандық экономистер қалыптастырған айқындама, «…көп жағдайда сыңаржақтылығымен  қолайсыз болып табылады жəне ислам  экономикасының капиталистік немесе социалистік  экономикадан айырмашылығы қандай екендігі туралы айқын түсінік бермейді».

Мəселен, «Тұран –  Астана»  университетінің ректоры профессор  У.Ж.Алиев былай деп жазады: «Қазіргі кезде шетелдік жəне отандық теоретиктердің арасында бірқатар теориялық пəндерді, атап айтқанда: «институционалдық экономика», «даму экономикасы», «компаративистика», «Эволюциялық экономика», «эксперименталдық экономика», «ауыспалы экономика»  немесе  «ауыспалы экономиканың теориясы»  жəне басқаларын негіздеуге талпыныс бар.  Олардың ішінде классикалық саяси экономияның дəстүрлерін жалғастырушы ретінде «əлеуметтік экономия» маңызды орын алады». 

Қараңыз: Ресейлік сол автор  «…шариғатқа сəйкес келетін қандай да бір идеология,  іскерлік мінез-құлыққа  қатысты көзқарастардың қалыптасқан  жүйесі бар екенін,  бірақ тұтастай алғанда экономика ауқымында  осы механизмді қалай қолдану  туралы айқын пікір жоқ.

Басқаша айтсақ,  жүйенің  элементтері қалай жұмыс істейтіні  туралы түсінік бар,  бірақ осындай  жүйе тұтас қалай жұмыс істейтіні  туралы ұғым жоқ.  Сонымен қатар,  ислам экономикасы өзінің макроэкономикалық  мақсаттары үшін микроэкономикалық  негіздерді  қажет етеді» деп  жазады.   

Соңғы тұжырыммен дауласуға  болады.  Мəселе мынада,  ислам  экономикасы,  атап айтқанда,  микроэкономикалық  деңгейде əлемдік қаржы кеңістігінде өзінің нақты іске асырылу нысаны –  ислам қаржыландыру жəне ислам  банкингі тетіктері арқылы табысты  өрістейді,  оның макроэкономикалық,  жүйелік-шаруашылық аспектісі туралы бұлай айта алмаймыз. Жоғарыда келтірілген, шырғалаңы жеткілікті цитатадан  автор шын мəнінде онда айтылғанға керісінше –  ислам экономикасының макроэкономикалық негіздерінің жоқ  екеніне түсінік береді. 

Қаржы-кредит саласындағы  макроэкономика орталық банктердің ақша-кредит саясатында шоғырландырылған ұғымға ие болатындықтан, de facto  ислам  экономикалық саясатының макроэкономикалық  негіздерін жоққа шығару ислам экономикасы  елдерінің орталық банктерінің  монетарлық стратегиясын да мойындамауды білдіреді. Сонымен қатар, ислам  бағдарындағы орталық банктердің саясатына  жəне жұмыс істеуіне арналған бірқатар теориялық жарияланымдар бар. 

Аталған жарияланымдарды  талдау басты проблема олардың мазмұнында емес, басқада,  атап айтқанда    –  зерттеу методологиясының қателігінде  болып табылатынын көрсетеді.  Интернетте жарияланған осы теориялық  құрылымдардың көбіне бірікпейтін  – базалық монетарлықты жəне  «экономикс»  неоклассикалық қағидаттарды жəне ақша теориясына шариғаттық тəсілдерді    біріктіруге тырысудан көрінетін  қисындық қарама-қайшылық пен эклектицизм  тəн. Бұл ретте кредиттеудің жоғарғы  шегіне шектеу қоятын жəне атап айтқанда,  Иранда неғұрлым табысты қолданылатын,  пайыздық ставкаға,  сыйақыға (мүддеге)  негізделген орталық банктердің дəстүрлі құралдарын ауыстыруға арналған Мушаракаа сертификаты (пайда нормасы  құралдары), агрегирленген ақша құралдары  сияқты ұғымдар қолданылады.

Ислам экономикасы жағдайында орталық банктердің ақша-кредит саясаты  теориясын жəне практикасын зерделеу проблеманың ауқымдылығы жəне тартымдылығы тұрғысынан алғанда өз алдына бөлек  мақаланың тақырыбы болып табылады.  Бұл жерде ислам экономикасының дефинициясына қайта оралған дұрыс.

Ислам экономикасының негізгі  міндеттері,  М.  Н.  Сиддикиға  жүгінсек,  барлық адамдардың:  тамаққа,  киімге,  баспанаға,  медициналық  күтімге жəне білімге негізгі  қажеттіліктерін қанағаттандыру;  бірдей мүмкіндіктер беру;  байлықты шоғырландыруды болдырмау жəне кіріс  пен байлықты бөлудегі теңсіздікті  жою; барлығына бірдей рухани өзін өзі  жетілдіруге мүмкіндік беру;  жоғарыда айтылған мақсаттарды іске асыру үшін тұрақтылықты жəне экономикалық өсуді қамтамасыз ету болып табылады».

А.Ю.Журавлев мынадай лапидарлық анықтама береді:  ислам экономикасы  – «бұл мұсылмандардың қоғамның шаруашылық өмірін ұйымдастыру қағидаттары  мен механизмдеріне көзқарастарының  жүйесі».

«Осылайша, -  деп,  Р.И.Беккин бар айқындауларды жинақтайды, –  біз ислам экономикасын сипаттай аламыз,  немесе,  дұрысында,  ислам  экономикасының үлгісін мұсылмандық  құқық нормаларына жəне қағидаттарына  сəйкес шаруашылық жүргізу жүйесі ретінде  сипаттай аламыз … Тиісінше, осы  феноменді зерделейтін ғылым  да сондай-ақ ислам экономикалық ғылымы деп аталуы мүмкін».

Экономистер ислам экономикасын дəстүрлі түрде қоғамның дамуын формациялық  кезеңдеудің тұрғысынан қарайды  (капитализм –  социализм)  жəне оны  орта бөлікке «орналастырады»,  бұл  төменде көрсетілгендей,  аса  дұрыс емес.  Ислам экономикалық үлгісінде капиталистік жəне социалистік  шаруашылық жүргізу жүйелерінің  кемшіліктерін жеңуге болады делінеді.

Р.И.Беккиннің пікірі бойынша,  ислам экономикасының баламалылығы онда капиталистік қана емес,  сонымен  қатар социалистік экономиканың ортақ белгілері бар екендігін  жоққа шығармайды. «Демек,  ислам  экономикасын базалық қағидаттары,  тиісінше социализмнің жəне капитализмнің  белгілі бір даму сатыларында  шаруашылық жүргізудің кейбір социалистік  жəне капиталистік əдістеріне қайшы  келмейтін шаруашылық жүргізу жүйесі ретінде сипаттауға болады».

Бұл жерде жалпы сипаттағы  ескерту жасаған жөн.  Ислам  экономикасының жəне капитализмнің  саяси экономия тұрғысынан қарағанда  тектік белгілері абсолютті бірдей – бұл өндіріс құралдарына  жəне тауар өндірісіне жеке меншік, нарықтық қарым-қатынас. Олардың бастапқы жəне негізгі өндірістік қарым-қатынастарының  (К. Маркс бойынша тиісінше тауар  жəне капитал)  мəні бірдей.  Сонымен  қатар ислам экономикасының генетикалық  тұрғыдан капиталистік экономикалық жүйеге ұқсастығы болады жəне нысаны Құран  өсиеттерінің ықпалынан түр-сипаты ғана өзгерген болып табылады. 

Ислам экономикасының капитализммен  генетикалық байланысы дегеніміз  олар үшін ортақ субстанцияға  (философиялық терминология бойынша: «бастауына») –  жеке меншікке жəне тауар өндірісіне келіп саятын тарихи емес, қисындық себеп-салдар байланысы. 

Ислам тарихи тұрғыдан алғанда  шариғатқа негізделген шаруашылық жүргізу нысаны сияқты мəдени-өркениеттік  композиция,  б.з. VII  ғасырында  Араб Халифатының күшеюіне байланысты шаруашылық жүргізудің капиталистік жүйесінің  қалыптасуынан көп бұрын пайда  болды. Алайда мұсылман елдеріндегі  теократиялық   мемлекеттің орасан зор мəдени-шаруашылық рөлі капиталистік қарым-қатынас белгілерінің дамуын айтарлықтай тежеді,  бұл кезде  Еуропа қалаларында өсімқорлық кеңінен  таралып,  орта ғасырдың өзінде  капитализмге тəн элементтер айқындала бастады. Осы арқылы ислам экономикасының жүйе ретінде мезгілінен кеш онтологиялық, «болмыстық»  ресімделуі жəне  «ислам экономикасы» ғылыми терминінің пайда  болуымен түсіндіріледі.       

Ислам экономикасының шаруашылықты ұйымдастыруды жоспарлау элементтерінде жəне оның əлеуметтік бағытталуында  көрініс тапқан  «социалистігі»  өтпелі немесе кіріктірілген экономикалық нысандарды ашып көрсету сияқты өзгешелік  бар,  əлемдік экономикаға ортақ  ұғым -  постиндустриалдық қоғам  жəне аяқталмаған бəсекелестік жағдайларында  капитализмнің жəне социализмнің жуықтауына бағытталған үрдіс.  Осы тұрғыдан алғанда ислам экономикасы нарықтық экономиканың  «таза» (классикалық, дəстүрлі,  жетілдірілген –  осылардың  қайсысы болмасын),  сонымен қатар  іс жүзінде ешкім қолданбайтын үлгілеріне қарағанда əлеуметтік бағдары бар  нарықтық экономикаға анағұрлым  жақын тұрады.

Тиісінше, ислам экономикасы  – өндірістің айрықша тəсілі емес, капитализмнен жəне социализмнен айрықша  қандай да болмасын  «үшінші жол»  да емес деп түйіндеуге болады. 

Ислам экономикасы тек  қана шаруашылық жүргізудің мұсылмандандырылған  жүйесін ғана білдіреді,  капитализмнің  экономикалық үлгісі немесе неғұрлым нақтырақ айтатын болсақ, капитализмнің  экономикалық механизмі  (қоғамның шаруашылық өмірінде маңызды,  терең  өндірістік қарым-қатынастарды іске асырудың нақты нысандары ретінде).

Ислам экономикасының көптеген зерттеушілері оның мультидисциплинарлық зерттеу объектісі болып табылады деген пікірге тоқталады.

Осылайша,  ислам экономикасының»  міндеттерін айқындау кезінде өткір  мəселе ретінде əмбебап жəне жалпы  адамзаттық сипатқа ие исламдық рухани жəне моральдық құндылықтарды іске асырған жөн.  Бұл ислам экономикасының таза экономикалық проблематика шеңберінен шығуына, жай экономикаға қарағанда  ауқымдырақ болуға мүмкіндік береді. Ислам экономикасында негізгі назар аудару барынша экономикалық, сонымен қатар  этикалық проблемаларға да тиесілі».

Ғылымның даму тарихынан  зерттеу объектісінің мультидисциплинарлығы, маргиналдығы оның дамымағандығын, құрылымдық жүйесінің əлсіздігін жəне ең соңында, айтарлықтай зерделеу пəнінің  (оны  «əр түрлі ғылымдар тоғысында»  қараған кезде) жоқтығын жəне тиісінше,  қатаң ғылыми тəртіптің жоқтығын білдіреді.  Бұған ислам экономикасының адептерінің өзі назар аударады.

Мəселен, А.Ю.Журавлев  «…ислам  экономикасы мынадай: құбылысты  түсіндіру, осы негізде дамуды болжау жəне қалай болуы тиіс деген сұраққа  емес,  не болып жатыр деген  сұраққа жауап беру деген үш талапқа  толық жауап бере алмайтындықтан,  теория атануға үміттене алмайтынын»  дəл байқаған.

Тұтастай алғанда,  ислам  экономикасына позитивтік экономикалық теорияның емес, нормативтіктің белгілері  тəн,  бұл оны социализмнің бұрынғы  маркстік-лениндік саяси экономиясына  жақындатады. Исламдық дін оқуы догматтарының  ислам экономикасының өз бойына еніп алғаны соншалықты,  шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде экономикалық субъектілер қызметінің моральдық-этикалық жəне мінез-құлықтық стереотиптерін де нұсқап  (реттеп)  отырады.  Ислам  экономикасының теориясы үшін басты  императив жəне мақсат    эмпирикалық  немесе эконометрикалық сипаттау  (a-la Economics) жəне экономикалық құбылыстар мен заңдылықтарды теориялық  тұрғыдан түсіндіру емес: «шариғат қағидаларына сəйкес қалай болу керек»  дегенді міндеттеу қағидатының  салтанат құруы болып табылады.  Əлемдік дін ретінде исламның мəдени-өркениеттік композиті исламизмнің  басым экономикалық теориясы ретінде  мүдде білдіреді.   

Жоғарыда айтылғандар  ислам экономикасының теориясын  қалыптасу деңгейіндегі салыстырмалы түрде жаңа экономикалық мектеп ретінде  өмір сүру құқығынан айырмайды.

Пəкістаннан шыққан Мұхаммад Омар Чапра:  «Ислам экономикасы  дəстүрлі  «экономикс» жауап бере алмайтын мəселелерге жауап беруге қабілетті болған жағдайда ғана қажет» екендігін əділ байқаған.

Сонымен қатар,  ислам  экономикасының ислам банкингінің  жұмыс істеуіне қатысты практикалық  аспектілері мен ұсынымдары формальды-құқықтық жəне этикалық діни постулаттары бар  теорияға қарағанда өзі  анағұрлым  үлкен қызығушылық тудырады. 

Теорияның əсіресе қалыптасу  кезеңінде практикадан кейін  қалатыны белгілі.

«Проблема мынада, -  деп  жазады Р.И.Беккин, -  ислам экономикасының дамуы іс жүзінде көптеген өзекті экономикалық проблемаларды теориялық  пайымдаудан алда» (шындығында,  автордың мұндай тұжырымы оның жоғарыда келтірілген ислам экономикалық теориясына қатысты сентенциясымен үйлеспейді). de facto экономикалық заңдылықтардың жəне өндірістің қандай да болмасын тəсілінің  өндірістік қарым-қатынастарының əмбебап  сипатын теріске шығара отырып,  Р.И.Беккин кезекті терең пайымдалған  өрескелдікке жол береді.  Ол былай  деп жазады: «Ислам экономикасының   капитализмнен жəне социализмнен айырмашылығы – бұл басынан бастап бірде  бір мемлекетте тұрақты  «тіркелімі»  жоқ трансұлттық құбылыс.  Кез-келген жағырапиялық міндеттілік оған қолданылмайды»   Автордың қисынын негізге ала отырып капитализм жəне социализм қоғамдық өндірістің  «трансұлттық»  нысандары болып табылмайды жəне жергілікті жағырапиялық  (ұлттық) шектеулері бар, бұл шындыққа сəйкес келмейді. 

Исламизмнің кейбір теоретиктері соның негізінде мұсылмандық  экономикалық интеграция жүзеге асырылуы мүмкін ислам экономикасы үлгісінің  бірегейлігі туралы мəселе көтереді.  Атап айтқанда,  бірқатар ислам елдерінде  аты мəлім ислам фундаментализмінің жəнеТүркияда билік басындағы Əділдік  жəне даму партиясының (AK parti)  идеологы Н.Эрбакан  «Справедливый экономический  порядок»  кітабында мынаны мəлімдейді.  Түркия, «…Батыстың қызметшісі болуды доғара отырып, ұлттық менталитетке қайтып оралуы қажет жəне Əділ экономикалық тəртіп орнатуға,  Əділ тəртібі бар  мұсылман елдері кіретін Ислам жалпы  нарығын  (сонан кейін  «Мұсылман  мемлекеттерінің қауымдастығын»)  құруға бастамашы болуы тиіс».

Н.  Эрбакан  «əділ экономикалық тəртіп»  дегенді ислам экономикасына  бара-бар экономикалық механизм,  қоғамдық шаруашылық құрылыс деп  түсінеді.  Сондай-ақ цитата келтіріліп отырған автордың шаруашылық қызмет субъектісі ретіндегі ұлттың экономикалық менталитеті ұғымына көзқарасы  да назар аударуға тұрады,  бұл  Р.И.Беккиннің ислам экономикасының «трансұлттығына» қатысты  үзілді-кесілді  пікірінен біршама өзгеше.

Осыған байланысты экономикалық дамуда ұлттық негізделу туралы жəне атап айтқанда нарықтың  «ұлттық  бет-бейнесі»  туралы мəселеге кейбір айқындылықтар енгізу қажет.

Саяси экономия өз пəнінің  ерекшелігіне орай жекелеген елдердің экономикалық дамуындағы геоэкономикалық, ұлттық негізделген жəне басқа да ерекшеліктері сияқты   өте  күрделі əрі көпжоспарлы сұраққа  қанағаттанарлық жауап бере алмайды  (жəне беруге тиіс емес).  Бұл басқа,  жеке сипаттағы,  ғылыми –  елтану пəні.  Керісінше,  экономикалық теорияның  өзінің жалпы,  əмбебап,  олардың  табиғи-тарихи дамуының өндірістік қатынастарының қандай да болмасын даму сатысында  барлық елдерге жəне халықтарға   тəн ұлттық-ерекшелігінен айырылған  тікелей зерттеу пəні бар. Алайда, бұл - нақты, оның ішінде іс жүзінде  –  экономикалық механизм деңгейінде өндірістік қарым-қатынастар іске асырылатын    конфессионалды –  жəне ұлттық негізделген,  өзіне тəн ерекшелігі бар нысандарды  саяси-экономикалық зерттеуді мүлдем жоққа шығармайды.

Осыған сəйкес нарық заңдары  да əмбебап жəне қандай да болмасын  «ұлтқа» тəуелді емес:  ұғымдық  деңгейде американдық,  жапондық,  түріктік,  славяндық нарық, «кавказ  ұлтының»  немесе қазақстандық нарық  жоқ  (əрине,  мұнда нарық базар  немесе  «барахолка» емес,  экономикалық санат ретінде алынып отыр).  Негізінен  алғанда,  нарық капитализмнің  жалпыпланетарлық əмбебап экономикалық механизмі болып табылады жəне оның шаруашылық нысаны –  бұл қарапайым шындық баяғыда,  меркантилистер жəне физиократтар заманынан бері трюизм болып табылады. 

Қандай да болмасын елдің  ішкі нарығы туралы айтуға болады,  бірақ қалай да «этникалық» нарық  туралы емес. Тіпті болмағанда, нарықтың жалпыға ортақ заңдарын іске асырудың қандай да болмасын елдің заңнамасынан бастап конфессионалдық, демографиялық,  жағырапиялық жəне басқа да өзіне  тəн ерекшелік жағдайларымен  аяқталатын, оның ішінде экономикалық қызмет субъектілерінің бірі ретінде  ұлттың өзіне тəн ерекшелігін  оның ұлттық ерекшеліктері туралы көптеген факторлармен айқындалатын ұлттық ерекшеліктер туралы айтуға болады.  Экономикалық қатынастардың мəні жəне олардың,  оның ішінде    ұлттық,  аймақтық  «елтану»  деңгейінде көрініс беруінің нақты нысандары бар. 

Сондықтан экономикасы ауыспалы елдер үшін өзекті экономиканың ұлттық үлгісін жасау міндеті тіпті  де абсолютті түрде бірегей нарықтық механизмді жасауды білдірмейді  жəне онымен ұштаспауы да мүмкін.  Бұл жағдайда əңгіме басқа елдердің нарықтық экономикасы үлгілерінің  детальдарында тудырмау,  ал органикалық  тұрғыдан,  ең жоғары тиімділікпен,  əр түрлі елдердің мəдени,  діни немесе ұлттық ерекшеліктерімен нарықтың жалпыға  ортақ əмбебап қағидалары мен  заңдарын ұштастыру туралы ғана жүруі  мүмкін.

Исламдық банк жүйесі