Ислам құқығы

Кіріспе

Араб халифаты мемлекеті және оның құқығының тарихы орта ғасырлар  кезеңінде маңызды және ерекше орын алатын құбылыс. Менің зерттеу тақырыбым  осы мәселені жан-жақты қарай  отырып талдау жасау.  Мұсылман құқығының  принциптері бүгінгі саяси өмірде кеңінен қолданылады. Кейде ислам  қағидалары догмаға да айналып кетуі  мүмкін. Мұсылман құқығы кеңінен тарап, тұрақтап қалған мұндай елдерге: Марокко, Тунис, Сирия, Мавритания, Иран, Пәкістан, Ирак т. б. жатады.

Қоғамдық өмірдегі жалғыз ғана реттеуші заң ретінде ұзақ мерзімге орнықтыруға бірнеше себептер ықпал жасады. Шығыс елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға көптеген ғасырлар бойы ислам діні жетекшілік етті және оның батыс діндерден елеулі айырмашылығы болды. Феодализм дәуірінен бері қарай ислам діні мындаған жылдар бойы қоғамдық қозғалысқа мұрындық болды.

Айтарлықтай маңызды орын алатын жағдайдың  бірі - мешіт ұзақ уақыт бойы діни орын ретінде қызмет етті. Онымен қатар  тың тірегін әрқашанда адатпен  байланыстырған жөн, халықтың күнделікті тұтынатын ислам қағидалары діни құқық болып қалыптасқан.

Арабтар жаулап алу кезіңдегі  шарттары құқық ретінде Египет, Сирия, Месопотамия, Кавказ бен Орта Азия елдерінде қабылданған. Адат тың,  адаттың сақталуына мүмкіндік  туғызып отырған.

Ұзақ уақыт бойы ақсүйектер мен  діни үкімет бір адамның (халифтың, сұлтанның, әмірдің) қолында болып  келді.

Бұл жағдай сапасы жағынан алғанда  қолданыстағы бірден бір заң ретінде  мұсылмандардың қоғамдық өмірдегі құқына байсалды түрде әсер етіп отырды. Ол тіпті капиталистік қарым-қатынас  пен тәртіптің орнауына айтулы ықпал  етті. Бірақ буржуазиялық қарым-қатынастардың  дамуы  монополиясын бұзды.

Осы күндері мұсылман елдерінің  көпшілігінде мемлекеттік ақсүйектер ұйымдары құрылған, бірақ олар діни соттарды сақтайды.  Сотының сақталуы дін иелерінің саясатқа, халықтың азаматтық құқығына араласуына кең жол ашты. Бұндай жағдай қоғамдық-философиялык ойдың дамуына, өмірге материалистік тұрғыдан қарауға кедергі жасады. Көзқарастары демократиялық тұрғыда қалыптасқан адамдар да дін иелерінің қудалауына түспес үшін өздерінің пікірлерін ислам діні қағидаларымен тиянақтап отыруларына тура келді. Ислам мен  осы күнге дейін Азия мен Африка мемлекеттерінде өзінің үлкен ықпалын жүргізуі, кейбір жағдайларда елдердің дамуына кері әсерін де тигізді.

Жұмыстың мақсаты мұсылмандық құқықтың объективтікті шындыққа сай біртұтас, толыққанды логикалық бейнесін  қалыптастыру.

      Жұмыс кіріспе, үш тарау және қорытындыдан тұрады.

 

 

І. Мұсылмандық құқықтың институтының негізі

1.1 Мұсылман құқығы мен әдет-ғұрыпының  негізі, арақатынасы

Орта ғасырлардағы шығыс үшін Араб халифатында пайда болып, ең қолайлы  бағытта дамыған құқықтық жүйе - Мұсылман құқығы -  болып табылады.  Жолы Орта Азияда, Закавказьеде, Шығыс, Батыс және Солтүстік Африкада, Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Азияда қолданыла бастады. Яғни, халифат жеткен жерге дейінгі аралықты қамтыды.

       Ислам дінінде  мұсылман құқығы «шариғат» атауына  ие. Араб тіліндегі «шариғат»  сөзінің мағынасы: жол, әдіс, әдет, ұқсас, жалғыз, суға апаратын соқпақ  мағыналарын береді. Құқықтық мағынасы  «Ұлы Жаратушының Мұхаммед (с.а.у)-ды  себепші ете отырып бүкіл адамдарға  жіберілген Ислам дінінің амалға  қатысты үкімдерінің жиынтығы».  Құранда «шариғат» сөзі бірнеше  жерде айтылады. Оның бірі есім  сөз ретінде қолданылған. Екеуі  заң мағынасында айтылған: «Сосын  сені шариғат ісіне қойдық. Енді  осыған бойұсын және білмегендердің  ойларына ілеспе» (Жасия, 21-18). «Сендердің  әр біреулерің үшін бір жол  жоба қойды. Егер, Алла қаласа  бәріңді бір-ақ үммет қылар  еді. Алайда сендерге берілген  жол жобамен сыналмақшы» (Мәйда, 22-48). Басқа аяттарда «шариғат»  сөзі етістік формасында діни  рұқсат талдау баяндау түсіндіру  мағынасын береді: «Мұхаммед (с.а.у)  Алла Нух (c.а.у)-ға нұсқау берген  нәрселерді және саған уахи  еткенімізді, сондай-ақ Ибраһим,  Мұса (с.а.у), Иса (с.а.у) нұсқау берген  нәрселерімізді сендерге діни  жол қылды» (Шура, 21-1). «Әлде дін  тұрғысынан Алла бұйырмаған нәрсені  оларға шариғат қылатын ортақтары  бар ма?» (Шура, 21-21).

        Шариғат пайдалылы  және зиянды амалдарды аражігін  ажыратып, жақсысына ұмтылып, жаманынан  түңілуге үндейді. Яғни, жақсылықты  жақтап, жаман іс-әрекетке жаза  тағайындайды. Тегінде, Исламның  құқыққа қатысты үкімдері «фикһ»  ілімі деп аталады. Сириялық  мұсылман құқығының теоретигі  В.Зухайлдың пікірінше «Фикһ бір  нәрсені терең меңгеру», деген  мағынаны білдіреді. Ал, Имам Ағзам:  «Кісінің өзінің қақтары мен  міндеттерін білуін фикһ деп  атаймыз», десе, Имам Шафий фикһ  іліміне «Діннің амалдық үкімдерін  нақты дәлел және қайнар-көздермен  танып білу», деп анықтама жасаған.  Демек, Құран мен Сүннетке негізделген құқықтық әдіс-тәсілдер мен үкімдер фикһ деп аталады [14]

       Қоғамдық қатынас  барысындағы маңызды мәселерде  адам мүддесін қорғайтын үкімдер  шариғаттың негізгі мақсатын  құрайды. Негізгі мақсаттың үкімдері  абсолютті (өзгертілмейтін) әрі оны  орындауға әрбір кәмелетке толған  адам жауапты. Себебі оның нәтижесі  исламның негізгі мақсатын білдіреді.

         Шариғат  үкімдерінің «негізгі мақсаттарына» қоғам және адам үшін аса маңызды саналатын мынадай бес құндылық кіреді:

          1. Дінді қорғау. Дінді қорғау жиһад деп аталады. Жиһад сөзі жұртшылықты хақ дінге шақыру деген мағынаны білдіреді. Факиһтер (мұсылман заңгерлері) діни күресті былайша жіктейді:

а) Нәпсімен күрес. Әртүрлі қиындықтарға және нәпсі қалаулары мен шайтанның  азғыруына тойтарыс жасау.

ә) Білімді болу үшін күресу. Білуге ұмтылу және білгенін көркем әрі батыл  түрде өзгелерге жеткізу.

б) Дүние-мүлкімен және жан-тәнін хаққа  арнау. Яғни, ақиқат үшін дүние-мүлкі  мен күш-қайратын сарқа жұмсау.

          2. Ақылды қорғау. Мұсылманның әрбір іс-әрекеті ақыл мен білімге сай болуы тиіс. Шариғат ақылға зиян келтіретін іс-әрекеттерге жол бермейді.  Исламда ақылдан айыратын арақ-шараптың ішілуін харам еткен. Адамды мас қылатын нәрсенің азы да харам деген қияс дәлелі  бойынша барлық мас қылатын ішімдіктер мен есірткі түрлері харам етілген. Хақ үкімі тиым салған бұл заттарды пайдалануға ерік берілетін болса, ол қоғамда сол заттарды өндірушілердің материалдық тұрғыдан мерейі үстем болып, ал, оны тұтынушылар Алланың адам баласына берген зор қасиеті ақылдан айырылып пұшайман күй кешуге мәжбүр болады.

         3. Жанды  қорғау. Ислам қоғамда нақақтан кісі өлтірушіні қысас бойынша өлтіруді парыз еткен. Ауыр қылмысқа ауыр жаза қолдану арқылы қоғамда адам жанын қорғайды. Бұл үкім орындалмаған қоғамда болмашы себептерден кісі өлімі туындайтын болады. Жанды қорғау мақсатында  шариғат намысты әйелге зина жаласын жабуды харам етуде. Егер бір әйелді зина қылмысымен кінәлаушылардың сөзі жала екендігі анықталса жалақорларға 80 дүре соғылуы парыз етілген. Яғни, Шариғат адам заңын тек материалдық тұрғыдан ғана емес, моральдік тұрғыдан да қорғайды.

          4. Дүние-мүлікті қорғау. Қаражат қоғамның материалдық тірегі. Қоғам мүшелерінің әлеуметтік жағдайлары қанша жақсы болса, сол елдің соншалықты әлеуетті болуына әсер етеді. Қоғам мүшелерінде байлығы нисап мөлшеріне (байлық өлшемі) жеткен адамдарға зекет беру парыз. Зекет арқылы қоғамда кедей жандарға қаржы үлестіріледі. Байлардың малы Алланың қорғауында болады. Халықтың жеке мүлкіне қол сұғып табыс табу жолы харам етілген. Ұрлықты болдырмау мақсатымен шариғат ұрының қолын кесуді парыз еткен. (Мәйда 38) Бұл шариғаттың халық мүлкін қорғаудағы бір ғана мысалы.

          5. Адал ұрпақ пен ар-намысты қорғау. Ұрпақты қорғау әрбір елдің келешегі сол елдің ұрпағына байланысты. Ұрпақтың тәрбиелі болуы келешектің айнасы. Шариғатта баланың тәрбиесі кімнің жауапкершілігінде, баланың үлесіндегі ақы не, ажырасудан кейін тәрбие міндеті кімдерге уәжіп және ол міндетті жүктеушінің сипаттары қандай? - деген тек қана бала тәрбиешісі мәселесіне жеке "һидане" бөлімі бар. Ұрпақты қорғау мақсатында зина істеуді харам етіп, ол қылмыспен ұстағандарды  түрлі ауыр жазалар қолданумен қоғамнан тазартады.

 

Мұсылман құқығы дін ретінде  феодалдық қатынастардың дамуына  және нығаюына мүмкіндік туғызды. Мыңдаған жылдар бойғы құқық түрінің тұрақтылығы  феодализм кезеңінде жаңа мазмұнмен  толығып, феодалдардың мүддесін қорғады. Бұл діни тәртіп болды, ірілі-уақты шарттарды қоғамдық өмірдің барлық жақтарында жүргізді.

Мұсылман құқығының әдебиеттегі  бағасы әртүрлі сипатта, кейде тіпті  қарама-қарсы мағынада қолданылады. Қазіргі замандағы мұсылман құқығының  атқаратын маңызын көрсете отырып, француз ғалымы Давид Рене дүниежүзілік құқық жүйесіндегі мұсылман құқығының  орнын анықтап берді. Давид Рене мыналарды бөліп көрсетеді: романдық-германиялық  құқықтың отбасы, ортақ немесе роман-германиялық  отбасы, социалистік құқықтық отбасы жүйесі, діни жүйелер. Діни жүйелер  кезеңінде үшке белінеді: мұсылмандық, иудаизм және индуизм.

Мұсылмандық құқықтың дінмен байланысы, өзінің түбегейлі тұжырымдамасы  және теориялық қайнар көзі арқылы басқа құқықтық, отбасылардан өте  өзгешілігімен көзге түседі. Жеке құқық, отбасылық құқық, мұрагерлік құқық, мұсылмандық құқық нормаларымен қоғамдық қатынаста реттеледі.

Біз осы құқық жүйесінің феодализм  дәуіріндегі жағдайын, құрылу кезеңін  әңгіме етеміз. Мұсылман құқық жүйесіндегі  құқықтық діни этникалық нормалар, мазмұны жағынан әртүрлі болғанымен, бір-бірімен сабақтаса отырып, біртұтас біріккен кешен түзейді.

Мұсылман құқығы мен мемлекеттің  арақатынасының өзіндік ерекшелігі бар. тың барлық нормалары Құран  мен суннадан тұрады. Олардың құдайдың құдіретінен тыс болуы және принципті  түрде  қолданылуы мүмкін емес. Алайда, мемлекет дін сенімінің негізі және діни міндеттердің орындалуы, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа нормалар енгізді. Соңғысы құқықтық норма болып қалыптасты.

Формальды құқықтың нұсқаларымен таныса отырып, оның мемлекетпен қатынасына көңіл  бөлу керек. Мұсылман мемлекеттерінің  заң шығаратын формальды түпнұсқалары халифаттың алғашқы қалыптасу кезеңдерінде ғана қолданылған (ҮІІ-ҮІІІ ғғ.). Алайда бұл процесті тәмамдау мен мұсылман құқығының одан әрі дамуына тікелей  мемлекеттік пәрмен бола қойған жоқ. Мемлекет құқықтың дамуы процесіне  объективті түрде ықпал ете алмады. Мұсылман құқығының негізгі ерекшелігі - оның доктриналығы, құқықтанушы беделді оқымыстылардың еңбектері. Санкцияландырылған норма арқылы мемлекет өзінің рөлін жанамалай ғана орындап отырған. Бұл әрекет мұсылмандар құқығының доктриналығымен және өнегелілігімен тұжырымдалған. Мұсылман құқығында көпшілік және жеке құқық нормалары әрқашан тәуелсіз болып келді. "Мұсылман ойының бағыты, -деп жазды Р. Шарль, -қатаң тәртіп пен нақтылық жағдайында ешқашан тәуелді болмау".

Сол кезеңдерде түсініктілік және айқындылық принципі батыс үшін аса маңызды  болып есептелді.

Мұсылман құқығы - дін мен құқықтың сабақтасуының жарқын көрінісі. Мұсылман құқығы ғылымның жеке саласы емес, ол ислам  ілімінің бір ғана жағы. Бұл дін  мыналардан тұрады: теологиялық догмалар жиынтығы, міне, мұсылмандар осы  ұғымға сенуі керек: -адамгершілік жолы.

 Адам баласы үшін жүзеге асуы міндетті идея ретінде түзілген. Міндетін орындамаған жағдайда адам заң бұзушы болып табылады. Ислам әлемінде мемлекет жүргізіліп жатқан діннің қызметшісі ретінде маңызды ірі теократиялық қоғамның тұжырымдамасына жетекшілік етеді. Таза құдай жолымен шектеліп қалмай, мұсылман заңгерлері мен теологтары жер жүзі исламға бағынатын құқықтар жүйесін жетілдірді. Ислам - заңның діні.

Мұсылман құқығы - мұсылман рухының  шығу мазмұны, мұсылман идеологтарының ең түсінікті бағыты.

Мұсылман құқығы ғылымының екі  тарауы бар: құқықты құрайтын тұтас бір кешенді түсініктер ережесі, шығу тектері, материалдық мұсылман құқығының нормасына жататын шешімдер.[12, 152 бет]

   Шариғаттың  және бір қайнар көздері болып әдет-ғұрып заң нормалары болып саналады. Әдет-ғұрыпты  тек имам Ағзам жолын ұстанушылар (соның ішінде қазақ халқы да бар) пайдаланды. Болса да әдет-ғұрып заң қағидалары кез келген халықтың тарихының өн – бойында қалыптасып, қоғамдық қатынастарды реттеп отырған. Қазақ халқы әдет-ғұрып заң нормалары әдемі сақтап, тіпті осы күнге жеткізіп отыр. Оның үстіне қазақи әдет-ғұрыптық заң нормаларының негізі әділдік, теңдік, заңдылық болғандықтан халықтық сипатқа ие болды ірі ислам діні оны жетілдіріп жіберді. Құқықтық сана –сезім дамыған, кемеліне жеткен ортада құқықтық реттеушілік оңайға түседі. Мұны терең түсінген ата – бабаларымыз адамаралық қарым – қатынастарды, мәмілелер мен келісім – шарттарды қасиетті міндет деп түсінген.

 

  Мұсылман құқығы мен ислам дінінің өзіндік ерекшелігі мынада: олар қоғамдық болмыста қандай да бір кезеңде қандай да бір аумақта көп мәдениет қоныстанған халықтармен бірге дамытты. Олардың экономикалық және мәдени арақатынасы және мәдениеттің болып өткен әсерлері орта ғасырлардағы араб мәдениетінің жарыққа шығуы болды және адамзаттың мәдени даму тарихындағы оның орны ерекше еді. Құран - бұл исламның "Библиясы". Бұны бір жағынан күрделі, қарама-қарсы мағынадағы ережелердің жинағы деуге келеді. Ал екінші жағынан-күрделі варварлық әдет-ғұрыпқа қарсы реакция байқалады. Ол араб тілін, шығыс христиандығын, еврей әдет-ғұрыптарын және басқа да тәуір үлгілерді өзіне қабылдады.

Құранды түсіну үшін ислам діні туралы әртүрлі көзқарастар болған Француз ислам зерттеушісі А. Массэнің айтқандарынан мысал келтіреміз: "Мұхаммедтің діни және саяси данышпандығына орай, әдіс-тәсілмен жұртты біріктірген арабтар өздерін тани отырып, өз орнын тарих дамуынан мәңгілікке орын алу үшін, мәдениетсіздіктен және анархиядан шыға отырып мынаған дайын болды: "Ол Мұхаммедті Меккенің буржуасы ретінде анықтайды. Ол араб жаулап алушыларын ислам империализмінің пайда болуы деп санайды".

Мұсылман құқығында істің бес  түрлі категориясы бар: міндетті, айтылған, бейтарап, ұрысқан, жабылып тасталған.

Мұсылман  құқығы ғылыми орта ғасырларда терең қалыптасты, сондықтан көптеген нормалар архаистік сипатқа ие болды, бұл жүйелендірілмеген казуистика болып табылады. Бірақ мұнда бастысы мұсылман құқығының өз табиғаты түпнұсқалық өзгеше орында.

Исламның бір бөлігі - мешіт құқығы. Кім оның талабына бағынбаса, сол кәпір деп саналып, ол мұсылмандар қоғамынан қудаланады. Әкімшілік тәртіппен, өздерінің келісімімен оны жаңа заманға бейімдейтін мұсылман құқығы өзгеріссіз, бірақ үлкен мүмкіншіліктер ұсынады. Дүние жүзінде мұсылман құқығы төрт мағынада өмір сүреді:

1)  Ханифиттік (Иран, Түркия, Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан, Египет);

2)  Малакиттік (Солтүстік және Батыс Африка);

3) Шафегиттік (Сирия, Индонезия, Шығыс Африка);

4) Ханбалиттік (Аравия).[ 4,185 бет]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. Мұсылман құқығының қайнар көздері

 

2.1 Құран

       Құран - Кітапты төрт мазхабтың өкілдері үкім берудегі өзге дәлелдерден жоғары қояды. Өйткені, Құран Исламның түп-қайнары. Исламның қиямет-қайым орнағанға дейінгі негізгі өлшем-таразысы Ұлы Жаратушы тарапынан адамзат баласына жібірген қасиетті кітабы Құран-Кәрім болып табылады. Құранның “Құраннан” өзге де есімдері мен сипаттары бар. Құранда 114 сүре бар. Меккелік сүрелер саны – 90, Мәдинелік сүрелер саны – 24.[13]

      Құран аяттары жиырма үш жылда Мұхаммед (с.а.у)-ның басынан өткерген жағдайға қарай біртіндеп түсіп отырды. Мекке дәуіріндегі он үш жылда Құранның иман тұрғысындағы аяттары түссе, Мәдина дәуірінде мұсылмандар тәуелсіз мемлекет құрғандықтан мұндағы он жылда түскен аяттардың құқықтық сипаты басым болды.

Құран мағыналық мазмұны бойынша, негізінен, 3-ке бөлінеді:

  • иман, сенімге байланысты аяттар,
  • үкімдеріне қатысты аяттар,
  • Пайғамбарлар өмірі жайлы қиссалар. Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) умми (оқу-жазу білмейтін) кісі болған еді. Ол құдайлық аян келгенде уахи хатшыларына сүре мен аяттарды түскен жерде жаздырып отырған. Хатшыларына жазғандарын дауыстап оқуды талап етіп, қателессе дереу түзеген. Зәйд ибн Сәбит бұл жайлы “Алла Елшісі (ғ.с.) Құдайлық аяндарды уахиды маған жаздыратын”.

      Құран – қоғамдық әрі әлемдік барлық проблемаларға шешім беретін, адамның санасы жете бермейтін көмескі әлімді суреттеп, беймәлім сырларды ашатын, екі дүниенің бақытын көрсетіп, ақ пен қараның ара-жігін ажыратып, тылсым ғалымның мән-мағынасын ашып, адамзатқа жүктелген төл міндетін түсіндіретін, өзіне сеніп, шырақ тұтқан жандарды рухани Кемелдікке тәрбиелейтін Ұлы Жаратушы тарапынан жіберілген соңғы қасиетті кітап. 
 
     Құран – адамзаттың тән азығы мен жан азығы, осы дүниелік ғұмыры мен ақыреттік мәңгілік өмірі. 
Құран – адам баласының жеке басы мен отбасы, экономика һәм басқару жүйесі үшін де жеткілікті. 
Құран – дүрбелеңі мен шырғалаңы мол материалды дүниеде кездесер түрлі бөгеттерден алып шығар сара жол

 

       Құраннан үкімді  факиһтер мүмкіндігінше мүхкам (мағынасы  анық үкімдер) аяттардан іздеген.  Мысалға; «Негізінен сондай жетімдердің  малдарын зұлымдықпен жегендер, олар қарындарын отпен толтырған  болады. Сондай-ақ, жалындаған тозаққа  кіреді» (Ниса, 4/10). Яғни, мұнда жетімнің  мүлкіне қол салудың харам  екендігі ашық айтылған. Тіпті,  өзге қайнар-көздерде харам деп  танылған нәрсені Құранда еңсеретін  аяттар болса, Кітаптағы үкімнің  күші басым болып табылады. Мысалы; «Біреудің киіміне иттің аузы  тиген болса, жеті рет жусын»  деген хадис бар болғанмен,  Құранда; «...Алланың өздеріңе  білдіргенін үйретіп, тәрбиелеген  иттерді (жыртқыштарды) Алланың атын  айтып аңға салсаңдар, сендер  үшін ұстағандарын жеңдер» (Мәйда, 5/4) деген аят иттің аузы тиген  нәрсенің мүлде арам еместігін,  жуып тазалап пайдалануға болатындығын  білдіреді. Сонымен бірге, факиһтер  туындаған мәселеге үкім беру  барысында Құранда ашық үкім  болмаса, ауыспалы немесе тұспалды  аяттарды да үкім ретінде қолданған.  Мысалы; Құранның Әнғам сүресінің  145 аятында «өлексе, қан, доңыз  еті лас» деп айтылады. Бұндағы «лас» сөзін факиһтер «харам» мағынасында айтылған деп біледі.

 

2.2 Сунна

        Сунна IX ғ. 6 жинақ түрінде Пайғамбардан қалған құқық ережелері, дәстүр, мінез-құлық. Сүннет араб тілінде “тура, дұрыс жол, үлгі алатын іс-әрекет” деген мағыналарды білдіреді. Қысқа қайырып айтар болсақ, сүннет Мұхаммед пайғамбардың айтқан сөздері мен бүкіл өмір салтын қамтитын іс-әрекеттердің жиынтығы болып табылады. Жалпы сунниттік сенім жүйесінің айқын түрде көріне бастаған кезеңі Омейядтар халифатының соңғы кездері мен Аббаситтер халифатының тарих сахнасына шыққан тұсына тура келеді. Ал сунниттер “Әһли сунна уәл жамаға” немесе осы секілді атауларды оныншы ғасырлардан бастап мұсылмандардың басым бөлігін құрайтын көпшілікке қолданғандығына ислами дереккөздерден куә боламыз.

       Алғашқы кездерде мұсылмандар біртұтас қауым болатын. Заман өте келе, ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен әртүрлі бөлінулер бой көрсетіп, кейбір ағымдар пайда болды. Бұл ағымдарды қысқаша атап көрсетер болсақ, олар: харижиттер, шииттер, мутазилиттер, муржия, қадария, жабрия.

     Сунниттік ағымды заман талабы мен өмір қажеттілігі дүниеге әкелді. Егер кейбір діни-саяси жағдайлар болмағанда, шииттер, харижиттер және мутазилиттер секілді ағымдар шықпағанда, сунниттер деп аталатын бір ағымға да қажеттілік болмас еді. Өздерін Мұхаммедтің көрсетіп берген тура жолымен жүрушілер ретінде есептейтін сунниттер қазіргі таңда бүкіл әлемдегі мұсылмандардың 90 пайыздан астамын құрайды. Сунниттерге тән белгілердің негізгілеріне: төрт “әділетті халифтердің” заңды билігін мойындау; алты “қағидалы” хадис жинақтарының (Кутубу-Ситта) дәйектілігіне күмән келтірмеу; сунниттік төрт құқықтық мектептердің біріне тиесілі болу (маликиттік, шафииттік, ханафиттік немесе ханбалиттік) жатады. Шииттерден сунниттердің айырмашылығы – олардың Алла мен адам арасында Мұхаммед пайғамбардан соң елшілік етуші жан жоқ деген идеяны жоққа шығаратындығы. Олар Алидің “құдайи” табиғатын да қабыл алмайды әрі оның ұрпақтарының имаматқа (мемлекет басқаруға) толық мұрагер екендігін де мақұлдамайды. Өзінің шығуы жағынан сунниттер шииттерден кейін, соларға жауап ретінде пайда болады. Бастапқыда ол шииттік исламға қарсылық ретінде қабылданатын. Суннизмнің аясында ерекше секталар пайда бола қойған жоқ. Бұл жағы оны шиизмнен бөлектеп тұрады.

        Сүннет - Факиһтер туындаған мәселеге Құраннан үкім таппаған жағдайда, Мұхаммед (с.а.у)-ның Сүннетімен пәтуа береді. Үкім беру кезінде алдымен «мутәуәтір» хадис негізге алынады. «Мутәуәтір» хадис дегеніміз бір топ сахабаның өздерінен кейінгі келесі бір топқа Мұхаммед с.ғ.а-нан естіген хадисті жеткізуін айтамыз. Жеткізілген мәлімет «мутәуәтір» саналуы үшін жеткізуші сахабалар және естуші топтың есте сақтау қабiлеті мен жалған сөйлемегендігі негізге алынады.

        Факиһтер туындаған мәселеге «мутәуәтір» хадистен үкім таппаған жағдайда, шешімді «мәшһүр» хадистен іздейді. «Мәшһүр» хадис дегеніміз бір, екі немесе бірнеше сахабаның Мұхаммед с.ғ.а-нан естіген хадисін өздерінен кейінгі келесі бір топқа жеткізуін айтамыз. Бұнда да сахаба мен естуші топтың есте сақтау қабылеті мен жалған сөйлемегендігі ескеріледі. Сонымен бірге, бұл «машһүр» хадис табиндер (сахабаларды көрген мұсылмандар) мен таба-табиндер (табиндерді көрген мұсылмандар) кеңінен таныс болып, жалпы жұртшылық бұл «машһүр» хадистен хабардар болуы тиіс.

       Факиһтер мәселеге «мәшһүр» хадистен шешім таппаған жағдайда, үкімді «аһад» хадистен іздейді. «Аһад» хадис дегеніміз Мұхаммед (с.а.у)-ның айтқан хадисін бір сахабаның келесі бір адамға жеткізуін айтамыз. Осы себептен де «аһад» хадис жалпы табиндер мен таба-табиндерге беймәлім болып келеді.

      Факиһтер «әлсіз» хадиспен үкім беруді көбіне «қияспен» алмастырады. Себебі, хадис «әлсіз» саналуы үшін хадисті жеткізуші сахаба мен бұл хадисті естуші мұсылманның өмір сүру уақытында алшақтық болады. Сондай-ақ, хадисті жеткізушінің есте сақтау қабілетінің төмендігі ескеріледі. Сондықтан, факиһтер «әлсіз» хадисті үкім беру барысында көбіне қолданбайды.

 

 

 

2.3 Иджма

 

    Иджма – Факиһтер Құран мен Сүннеттен үкім таппаған жағдайда «иджмамен» үкім береді. «Иджма» дегеніміз бір мәселеге қатысты бірнеше факиһтердің ортақ пәтуасын айтамыз. Алайда, «иджма» әдісімен берілген үкім Құран мен Сүннетке қайшы келмеуі тиісті. Егер, «иджмамен» берілген пәтуа Құран мен Сүннетке нұқсан келтіретін болса, Сунниттік бағыттағы факиһтер бұндай пәтуаны негізсіз деп тапқан. Мұхаммед (с.а.у) көз жұмғаннан кейін мұсылмандар әрбір мәселенің тұрақты үкімін білуге маңыз бере бастады. Құран мен Сүннеттен нақты үкім таба алмаса, мәселеге қатысты қазылардың шешімін негізге алды. Осы тұрғыда бірнеше қазының ортақ пәтуасы туындаған мәселенің соңғы шешімі болып табылды. «Иджма» деп аталатын бұл әдіс кейінірек атақты мазхаптардың негізін қалаушы тұлғалардың өмір сүрген кезеңінде де қоғамдық қатынастарға үкім беруде маңызды рол атқарды.

 

   Иджма докторлардың өзара келісімінен құралған. Құран да, сунна да барлық сұраққа толық жауап бере алмайды.

 

Мұндай күрделі жағдайда (қандай да бір сұраққа жауап жоқ кезде), жауап орнына қатып қалған дайын догмалар мен мұсылман қоғамының тұтастығы мысал ретінде ұсынылады.

1). Адат  менің қоғамым қате шешімді  ешқашан қабылдамайды;

2). 115 қатар 4 өлеңнен тұрады "кімде-кім наным жолына жатпайтын басқа жол іздесе, ол тозаққа тап болады".[12,152бет] Иджма Еуропа салтына жатпайды. Ол жалпы мойындауды да талап етпейді. Талап ететіндер барша ілімді жетік білетін адамдар тобы. Олардың рөлі құқық белгілеуден тұрады. Оқымыстылар-пайғамбардың мұрагерлері. Құқық докторларының бір қалыппен ойлауы - исламның қағидаларының кең қанат жаюымен түсіндіріледі. Құранның практикалық мағынасы - сунна мен иджма. Мұсылман құқығының үш қайнар көзі, міне, осылар. Құран мен сунна негізгісі. Бірақ бүгінде бұл тек құқық ілімінің тарихи қайнар көздері, оларды қалай болса солай пайдаланбауы керек. Тек құқық кітаптары ғана иджманы мақұлдаған. Біздің жағдайымызда мұсылман құқығын оқу үшін пайдалану керек.

 

Мұсылман құқығы догма негізінде біздің дәуіріміздің X ғасырында өзгермейтіндей болып белгіленген. Ислам діні өкімет құқығының өзгерістерін мойындамайды. Мұсылман мемлекеттеріндегі үкімет басындағылар құқық қызметін заңды жолмен құра алмайды. Олар тек заң актілерін мұсылман құқығы рұқсат еткен мөлшерге дейін бере алады. Қияс - аналогияны құқық қолдану ретінде талқылауға болады. Құқық сенімдегілері діни істерге байланысты жүргізуі керек. Ол ақиқаттың айнасы деңгейіне көтерілуі шарт емес.

 

Әрине, құқық жүйесінде Құран негізгі орын алады. Ол мұсылмандар үшін қастерлі. Бұл қасиетті кітап барлық белгілі оқиғаларды түсіндіреді: адамның өмірге келуін, тууын, өліміне дейін талдау жасайды. Ол ежелгі араб тілінде жазылған.

 

 

2.4 Қияс

 

         Қияс – Құран мен Сүннетті негізге ала отырып ақылмен үкім беруді факиһтер «қияс» деп атайды. «Қиястың» сөздік мағынасы «теңестіру», «ұқсастыру» мағынасына келеді. Ал, терминдік мағынасы «насстағы» үкімдермен туындаған мәселенің ұқсастығына қарай үкім беруді айтамыз. «Қияспен» үкім берудің мынандай төрт шарты бар; «негіз», «қосымша», «иллат», «үкім». «Негіз» деп Құран мен Сүннетте берілген үкімді айтамыз. Айталық; «насс» үкімі бойынша арақ ішу харам саналса, коньякті ішу немесе ішпеу жөнінде «насста» нақты үкім жоқ. Енді, конякьті ішге бола ма, болмай ма? деген мәселеге қияс үкімін беретін болсақ. Бұл мәселеде «негіз» арақ саналады. «Иллат» - екеуінің арасындағы ұқсастық, яғни арақ пен коньякта спирттік қосындының болуы. Ал, «қосымшасы» - коньяк болса, қиястың «үкімі» -факиһтің коньякті ішуге болмайды деген пәтуасы болып табылады.  
Мұхаммед с.ғ.а жан тәсілім еткеннен кейін құқықтық үкім берудің қалыптасқан екі мектептің бірі «Рай» мектебі осы «қияспен» үкім беруді қолға алған болатын. Кейін, «қияспен» үкім беруді Имам Ағзам мектебінің өкілдері мейлінше дамытты. «Қияспен» үкім беруде тікелей ақыл қолданғандықтан, бұл әдіс Исламдағы ғылымның да өркендеуіне үлкен әсер етті. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      1. Мұсылмандағы құқықтық қатынастар

3.1 Меншік қатынастары

 

Шариғат бойынша құқық салалары бөлінбегенімен, азаматтық-құқықтық  қатынастар, соның  ішінде меншік құқығы, келісім шарт және деликт құқығы жақсы даму алаған.

 

«Жеке мәртебе  құқығына» шариғат ерекше мән  берді. Ортағасырлық Шығыс мемлекеттерінде, сонымен қатар Араб халифатында  жекелеген сословиелік топтар иерархиясы қалыптаспадымұсылман құқығы бойынша  жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі. Оның діни ұстамына қарай анықталды. Толыққұқылы  жеке мәртебені тек мұсылмандар  ғана иеленді. Христиандық немесе иудаизмді  ұстайтындар төмендеу сатыда тұрды  және өте ауыр мемлекеттік салық  «джизьяны» төлеуге міндетті болды. Оларға қатысты шариғат нормалары  мына жағдайларда қолданылды:

    • мұсылмандармен шарттар жасалғанда;
    • қылмыс жасалған жағдайда.

Әлеуметтік  қатынастардың дамуы тек құлдар жағдайына әсер етті. Құлдар құқық  субъектілері қатарына жатпады, бірақ  қожайыны атынан сауда операцияларын  және мүлікті сатып алуға байланысты әрекеттерді жүзеге асырды. Мұсылман дініндегі құлдардға бостандық  беру құдайдың ниеті деп саналды. Жеке тұлғаға байланысты шариғат  бойынша құқықтық мәртебеде әйел мен ер адам теңсіздігі өзіндік ерекшелікке  ие болды.

 

Шариғаттың  діни талаптары бойынша құқық  субъектісі тек Алла болып табылады, ал мұсылмандар құдай бекіткен міндеттерді  орындаушылар. Мұсылманның діни парыздарын қалай өтеуі оның құқықтық мәртебесі  жоғарылай түсуіне ықпал етті. Сондықтан мұсылман құқықтанушылары  құқыққабілеттігі мен әрекетқабілеттілігі  мәселесіне көп көңіл бөлді. Азаматтық  әрекетқабілеттілігі меншік құқығына ие болудың негізгі шарты болды. Толық көлемде әрекетқабілеттігі  кәмелетке толғаннан және ақыл-есі  дұрыс жағдайда берілді. Кәмелетке  жету фактісін төрелер (судья) өз қалауынша  бекітті. Жасөспірімдерге байланысты  шектеулі әрекетқабілеттілігі түсінігі мастық, ақыл-есі кемдік т.б. жағдайларда  қолданылғаны туралы мысалдар бар.

 

Мүліктік  қатынастарын реттеуші мұсылман доктринасы маңызды орын алады. Заттық құқық  объектісі ретінде мүлік құқығы анықталды. Ерекше заттар санатын құрайтындарға  мыналар жатты: ауа, теңіз, шөл жерлер, мешіт, су жолдары және т.б. «Таза  емес заттар», яғни шарап, шошқа еті, ислам талаптарына қайшы келетін  кітаптар т.б. мұсылман меншігіне жатқызылмады. Осы заттар араб жаулап алулары кезінде  көбінесе жойылып отырылды.

Ислам құқығы