Католик дінінің философиясы

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ ...............................................................................................................2

І. КАТОЛИК ДІНІНІҢ ШЫҒУЫ ....................................................................3

1.1. Католик шіркеуінің қоғамдағы ерекше ролі...........................................7

1.2. Фома Аквинский Католикалық шіркеудің ең ірі ойшылы ................10

ІІ. КАТОЛИК ДІНІНІҢ ФИЛОСОФИЯСЫ ................................................15

2.1. XII—XIII ғасыр католик шіркеуі мен папа өкіметінің қоғамдық өмірге ықпалы ...................................................................................................19

2.2. XV ғасырдың аяғы - XVI ғасырдың бас кезінде Германияда католик шіркеуінің ықпалы ...........................................................................................23

ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .............................................26

 

 

КІРІСПЕ

 

Кеңестер  Одағы ыдырап, еліміз тәуелсіздігін  алғаннан кейінгі жылдарда көптеген игі өзгерістер болды. Сондай оң өзгерістердің бірі ретінде кеңес заманындағы атеистік қасаң түсініктен арылып, адамдардың дінге жүзін бұра бастауын атап өтуге болар еді. Қазақ «Құдайдан қорықпағаннан қорық» деп текке айтпаған.Өйткені, жамандықтың бәрі де дінсіздіктен, имансыздықтан бастау алады. Осы орайда, халықтың, әсіресе, жастардың дін жолына бет бұруы қуанарлық жай екендігі анық. Бірақ та, таяқтың екі ұшы болытындығы секілді, бұл мәселенің теріс жағының да бар екендігін өмір көрсетіп отыр. Заңымыздың жұмсақтығын пайдаланып, дін атын жамылып шетелдерден ағылған миссионерлер жастарымызды да, жасамыстарымызды да қармақтарына түсіріп, күмәнді секталардың қатарын толықтыруда. Ондай ағымдардың ықпалына түскендер жақын туыс-бауырларынан, отбасынан қол үзіп қана қоймай, жалпы қоғамнан аулақтап, өзі өмір кешіп жатқан мемлекеттің заңдарын мансұқ етіп, жалған пайғамбарлар мен әулиелердің қолдарындағы жанды қуыршаққа айналады. Адамдардың психикасына әсер етіп, оларға ықпал жүргізудің небір сұмдық сойқан тәсілдерін пайдаланатын сектанттар тарапынан қатердің бар екендігін және оның біз ойлағаннан гөрі ауқымды да қауіпті болатындығын өмір тәжірибесі көрсетіп отыр. Уақыт өткен сайын дін атын жамылған жалған әулиелердің қармағына түсіп, зардап шеккендер қатарының көбейе түсуі осыны айғақтайды.  

І. КАТОЛИК ДІНІНІҢ ШЫҒУЫ

 

Католик шіркеуі және Католик ілімі ертедегі Христиан дінінен бөлініп шыкты. IV г. Рим империясы Батыс және ІІІығыс империя болып бөлінген кезде, Батыс Рим империясыньщ христиан шіркеуі батыстық немесе Рим-католик шіркеуі болып аталды. Католик немесе «Католикос» деген ұғым грек тілінде «әлемдік», «барлық» деген мағына береді.

Он бір  ғасыр бойы VIII ғ. - 1870 жылы Рим шіркеуі  Италияның мемлекетіне қосылғанша Папалық жеке мемлекет болып түрды. Бірақ та 1929 жылы Папа Пий XI және Италия мемлекетінің басшысы Муссолиимен  келісе отырып, Рим қаласына 44 гектар жер беріп, Католик шіркеуін дербес шіркеу ретінде жеке мемлекет болуына жәрдем берді. Содан бастап Ватикан мемлекеттік қала ретінде барлық католиктердің осы күнге дейін орталығы болып есептелінді.

Католик шіркеуі бір орталыққа бағындырылған. Оның орталығы және Рим Папасының резиденциясы - Ватикан. Ол Рим қаласының ортасында қала-мемлекет (ауданы 44 гектар, шекарасының үзындығы 2600 метр, халқы 1 мың адам), өз гербі, гимні, жалауы, поштасы, радиосы, телеграфы, баспасөзі т.б. сондай-ақ, шағын гвардиясы мен жандармериясы бар. Қысқаша айтқанда, қала ішіндегі мемлекет. Мемлекет басшысы - Папа. Оның дипломатиялық корпусы 100-ден астам мемлекеттермен қатынас жасайды. Күнделікті өмірде мемлекеттің жүмысын орындайтындар Ватиканның Куриясы (әкімшіліктер). Рим куриясы барлық саяси, экономикалық және діни жүмыстарын орындайды. Католик шіркеуінде жалпы Христиан дініндегі диакон, пресвиттер, епископ дәрежелерінен басқа тағы да жаңа кардинал, митрополит, патриарх, примас шендері енгізілген. Кардиналдар сословиесі барлық эпископтардан жоғары қойылады. Бұл атақ XI ғ. бекітілген, олар Папаны сайлауға және Папа болып сайлануға болады. Рим Папасы кардинал жиналысымен сайланады. Ол атақ өмір бойы беріледі. Қазіргі кезге дейін тарихта 265 Папаның аттары бар. 1523 жылдан 1978 жылға дейін Папаның тағына тек Италяндыктар сайланды. 1978 жылы бірінші рет бүл атақты Поляк кардиналы король Войтыл Папа атағына сайланды.

II Ватикан  соборының шешімдерін іш жүзінде  алға дамытқан Папа Иоанн Павел  II шынында «үлы» Папа болып  атағы қалды. Себебі жоғарыда  көрсетілген Собордың шешімдерін  іш жүзінде алға дамытқан Папа  болды. О Қазіргі 265-ші Папа, неміс кардиналы Иозер Ратцингер,  оған Бенедикт XVI деген ат қойды.

Қазақстан жерінде 80 католик қауымы, 2 монастырь  жүмыс істейді. 1991 жылы Ватиканның шешімі бойынша Қарағанды қаласында  Орта Азия мен Қазакстан жерінің  Апостолдық басқару әкімі орналасты. 1994 жылдан бастап Ватикан мемлекетімен Қазақстан дипломатты қатынасы басталды. 2001 жылы қыркүйек айының 22-25 күндері  аралығында Рим папасы Иоани Павел  П-нің біздің елге ерекше сапармен келіп  кетуі католик шіркеуінің Қазақстанға  деген жақсы ниетін көрсетед.

Протестантизм, шығуы XVI ғ. Батыс Европада капиталистік қатынастар тууына байланысты феодалдық қүрылысқа қарсы, католик шіркеуі мен папашылыққа қарсы күрес формасында әлеуметтік саяси Реформация деп аталған қозғалыс туды. Ең бір үлкен реформаторлық козғалысты бастаған профессор Мартин Лютер (1483-1546) Виттенберг университетінің мұғалімі, дінбасшысы. Ол 1517 жылы 31 қазан айында Виттенберг университетінің кақпасына өзінің 95 тезисін іліп, индульгенция сатуына қарсы шықты. Лютердің әрбір адамы Христосқа деген сенімін өзі реттеу арқылы ешқандай дін кызметкерлерінсіз-ақ Қүдаймен байланысады, Құдай алдында барлық адам тең деуі протентантизмнің негізгі догмасына айналады. Лютер католиктік иерархияға қарсы шықты. Оның жалпы бағдарламасында дін басшыларының сайланып қойылуы, шіркеудің Рим Папасына тәуелділігін жою, діни ғүрыптарын жеңілдетуі, феодалдық шіркеулік жер иеліктерді жою, Римге ақша жібермеу, шіркеудің әдет-ғүрыптарын қысқарту, шіркеуді мемлекетке бағындыру т.б. талаптар қойылды.

Лютердің  көзқарасы бойынша, әрбір христиан өз бетімен Библияны оқу керек  екендігін, Библиядан өзге шындық жоқ  екендігін дәлелдеді. Алғашқы күнә адамзатты күнәһар етіп қоймай, оның табиғатын бұзды. Сол себепті  адамның енді қайырымдылық жасау  қолынан келмейді. Ол өзіне-өзі жәрдем бере алмайды. «Қүтқарушылық» тек Қүдайдан келеді, ол үшін адамдар тек Қүдайға  қүлшылық жасауы қажет. Ал басқа жолдармен  діни іс-әрекет, аскетикалық, салт, шіркеуге бару барлығы дүрыс емес. Қайырымдылық, жақсылық тек Қүдайды сүюден пайда  болады, евангелідегі Христосты сүюден шығад. Оның соңы Лютерандық шіркеуінің пайда болуына алып келді. Лютерандардың  сенімі мен догматикасының көзі ретінде  Таурат, сондай-ақ М.Лютер еңбектері, әсіресе, оның «Қысқаша катехезис» еңбегі танылады. Лютерандық шіркеу иерархиясын  және қүлшылық ету күпиясын теріске  шығарады. Қүдай мен адамның тікелей  байланыстығын мойындайды.

Дүние жүзінде  бір-біріне дербес 250 лютерандық діни одақ бар. Қазақстан жеріне лютерандар ХҮІІІ ғасырда ақ патшаның саясаты арқасында Ресей мен Қазақстанға кіре бастады. 1941 жылы немістердің депортациясына байланысты Қазақстан жеріне көптеп енді. Лютеран қауымы 1958 жылы Ақмола қаласында, 1963 жылы Алматы қаласына тіркелді. 1993 жылы Алматыда олардың «учередительный Синоды» (съезі) өтті. Осының арқасында 1998 жылы Алматыда «Приход» синоды ашылды. Республикамызда неміс үлттарының азаюына байланысты, 1993 жылдың 1 қаңтарында республикада 152 қауымдастық болса, 2003 жылдың 1 қаңтарында олардың 29-ы ғана қалды.

XVI ғ.  бірінші ширегінде Кальвинизм деп аталатын протестан ағымы пайда болды. Бүл ағымның негізін салушы - шаруа отбасынан шыкқан Швейяария реформаторы Ивингли Ультрих (1484-1551). Ивингли өлгеннен кейін оның ілімін Жак Кельвин (1500-1564) үгіттеп дәйектеді.

Лютеран шіркеуіне караганда кальвенизмде түрақты символдық сенім жоқ, Библия тек жалғыз діни ілім. Екінші бір беделді сенім ілімі Кальвиннің шығармасы «Наставления в христианской вере» (1536-1559). Бүл кітапта Кальвин Лютердің идеяларын бір жүйеге келтіріп және баска да реформаторлардың еңбектерін көрсете білді. Реформаторлар барлык, діни атрибутиканы (икон, свеч, крес) алып тастады. Крещениемен және причащениені діни символикалық әдет деп қарастырады. Діни уағыздың екі түрін қалдырды, намаз оқу мен діни өлең айту. Кальвенизмнің діни үғымында фаталдық көзқарас басым, оның мәні мынада: дүние жаралғанға дейін Қүдай біреулерді жарылқады, біреулерді қарғады, кейбіреулері жүмаққа, екінші біреулерді тамұқка жазды, міне, осы мәңгілік жазмыш «үкім» тіпті де өзгермеді.

 

1.1. Католик шіркеуінің қөғамдағы  ерекше ролі

Ортағасырлық мәдениеттің басты  ерекшелігі — мәдениеттің діннің ықпалында болуында, яғни христиан діні мен христиан шіркеуінің қоғамда ерекше рөл атқаруында. Рим империясы құлағаннан кейінгі мәдениеттің жаппай құлдырау процесі етек алған жағдайда, діни шіркеулер Еуропа елдері үшін жалғыз әлеуметтік институт болып қалды. Христиан шіркеулері үстемдік етуші саяси институт болуымен қатар, адамдар санасына да мейлінше ықпал етті. Өмірдің қиын жағдайында қоршаған дүние туралы білімнің шектеулі болуы, тіпті оған қол жете бермейтіндей жағдай орын алған кезде христиан діні — халыққа дүние жөнінде, онда үстемдік ететін күштер мен заңдар жайында біртұтас білімдер жүйесін ұсынды. Бұл тарихи дәуірде шіркеу соборларында христиандық діни-уағыздардың басты қағидалары — сенім-белгілері қабылдана бастады. Бұл қағидаларды барлық христиандар орындауға міндетті деп жарияланды. Христиандық ілімнің негізі — Иисус Христостың тірілгеніне, о дүниедегілердің тірілетініне, құдіретті «Үштіктің» бар екендігіне көміл сену болып саналды. «Үштік» ұғымы құдайдай дөріптелді. Ол өзінің үш бейнесінде де біртұтас: өйткені дүниені жаратушы: құдайәке, құдай-бала, касиетті Рух және күнәларды өтеуші Иссус Христос — әрі мәңгілік, әрі бір-біріне тең. Христиан діні адам өзінің табиғатынан-ақ әлсіз және күнә жасауға бейім тұрады, міне сондықтан да оны шіркеудің көмегімен ғана құтқарып қалуға болады деп үйретті. Шіркеудің коғамдағы ықпалы әр елде әртүрлі болғанымен тұтастай алғанда өте күшті болды. Жалпы алғанда, ортағасырлар дәуіріндегі еуропалық қоғамның бүкіл мәдени өмірі христиан дінімен тығыз байланысты болған, ал мұндай жағдай, яғни діннің дәл осындай биік дәрежеге көтерілуі ежелгі дүниеде де болмаған еді. Ендігі жерде дін тек қана философия ғана емес, саяси доктринаға, құқықтар жүйесіне, моральдік ілімге айналды. Алғашқы кезде рұқсат етілген, кейіннен император Константиннің билігі кезінде (285—337 жылдар) бүкіл Рим империясының мемлекеттік діні — деп танылған христиан діні жалпы христиандық мәдениет пен өнер саласына жаңа леп, жаңа мазмұн әкелді. Христиан дінінің кеңінен таралуына астананың Римнен Византия қаласына көшірілуі де әсерін тигізбей қалған жоқ. Бірақ, империяның Шығыс және Батыс болып екіге бөлінуі христиандық мәдениеттің өзіндік сипат алуына өкеліп соқты. Біртұтас Рим империясы екіге бөлінгеннен кейін оның шығысында гүлдену басталды да, ал батысы тоқырауға ұшырады және көп ұзамайақ варварлар шапқыншылығына ұшырады да, өз тәуелсіздігін жоғалтты. Көшпелі бұл тайпалардың ұлттық өнері өзінің сипаты жағынан ою-өрнекті, өшекейлі болып келді. Тек, 756 жылы Мыртық Пипин варварлардың қоныс аударуын тоқтата алды. Батыс Еуропада қалалардың көптеп салынуы мен онда христиан дінінің кеңінен таралуына байланысты монументальдық сәулет өнері дамып, храмдық көркем суреттер салу етек алды, кітап шығару, миниатюралық өнер гүлдене бастады. Батыс және Щығыс Еуропаның арасында өзара қайшылықтар болғанымен бір-бірінен онша алшақтамады.

Кейіннен Византия империясы деп аталған Шығыс Рим империясында христиандық шіркеу күшті императорлық билікке төуелді болды. (Византия империясы ұлан-ғайыр жерді алып жатты. Оған Кіші Азия, Эгей теңізінің аралдары, Сирия, Палестина, Египет, Крит және Кипр аралдары, Мессопотамия мен Арменияның бір бөлігі, Аравияның жекелеген аудандары, Қырым жерлерінің біраз бөлшегі кірді. Империяның этникалық құрамы өркелкі болды.) V ғасырдың өзінде-ақ Византия императорлары шіркеулік-діни өмірде басты рөл атқарды: олар шіркеу соборларын шақырудан бастап дін мөселесіне байланысты қабылданатын қаулыларды бекітуді де өз қолдарына алды.

Христиандықтың еліміздегі екінші тармағы католицизмді ұстанатын  шағын топ. Олардың өзі екі  топқа бөлінеді: Рим католик шіркеуі  және Грек католик шіркеуі. Бұл екі  шіркеу негізінен Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында белсенді жұмыс істеуде. Республика көлеміндегі  католик жамағаттардың саны 38, діни бірлестіктер 80 мөлшерінде. Шетелдердегі католик шіркеулері, әсіресе Ватикан және АҚШ-та орналасқан католик ұйымдары Қазақстанда миссионерлік іс-әрекеттерді белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Бүгінгі күні елімізде материалдық қамсыздандырылған 150 шетелдік католик миссионердің (ресми тіркелгендері ғана – М.Б.) тоқтаусыз үгіт-насихат жұмыстарымен шұғылданып жатқанын айтсақ жеткілікті. Сонымен қатар католиктердің Қарағанды, Астана, Павлодар қалаларында діни оқу орындары мен басылымдары бар екенін айта кетелік.  
Христиандардың саны аз болғанымен ең көп тармаққа бөлінген тобы – протестанттар. Қазақстандағы ең басты протестант шіркеулері Евангелиялық христиан-баптистер, жетінші күннің Адвентистері және Лютерандар. Еліміздегі баптистердің саны 10-15 мың адам, дегенмен олардың жамағаттарының саны 300 мөлшерінде. Кейбір баптист топтардың ресми органдарда тіркелуден бас тартып келе жатқанын да ескерген жөн. Лютерандардың орталығы Астана қаласында орналасқан, 70-тей діни жамағаттары бар, негізінен немістер арасында көп таралған. Адвентистердің де орталығы Астана қаласында. Осы аталған протестант мәзһәбтары (конфессиялары) елімізде тек өткен ғасырда ғана пайда болғаны, Кеңес билігі кезінде (1917-1991) қоныс аударған келімсектер арқылы елімізге келгені белгілі. Жаңа елордамыз Астананың діни орталық ретінде таңдалуы осы шіркеулердің орталық және солтүстік аймақтарда етене жұмыс істеуіне мүмкіндік беруде.

Протестанттықтың жаңа формалары, әсіресе, тәуелсіздік жылдарында елімізде өте белсенді миссионерлік іс-қимылдарды жүзеге асырып, бір сыпыра азаматтарымызды  өз қатарына тарта білді. Олар негізінен  АҚШ-та орналасқан протестант миссионер  ұйымдары. Елуліктер, Методистер (Біріккен Методист шіркеуі – АҚШ, Флорида  уилаяты), Мун сектасы (Оңтүстік Корея), Меннондар, Пресвитериандар (АҚШ), Жаңа апостолдар шіркеуі (АҚШ), Әлемдік Қырман Шіркеуі (АҚШ, Колорадо уилаяты), Қожайындар шіркеуі (АҚШ, Флорида уилаяты), Агапе, Жаңа өмір шіркеуі, Ізгі хабар, Иеһоуа куәгерлері (АҚШ) т.т. Елімізде протестанттықтың 20 шақты сектасы және мыңнан астам діни бірлестіктері мен қоғамдарының қызмет етіп жатқаны біраз нәрсені аңғартса керек. Күн сайын шетелдердегі протестант шіркеулерінің жаңа тармақтары елімізге миссионерлерін жөнелтуде. Олардың ең басты мақсаты – Қазақстанды інжілдендіру (евангелизация) және қазақ халқын түгелдей өз нанымдарына инандыру болып табылады. Осы арада АҚШ-тағы діни фундаментализмнің негізін қалаған протестант шіркеулері екенін есте сақтаған жөн...  
Қазақстанда мұсылмандар мен христиандар жалпы халықтың шамамен 97 пайызын құрайды. Бұларға қоса елімізде көптәңірлі (политеистік) және атеистік бағыттағы нанымдарды ұстанатын шағын топтармен қатар біртәңірлі (монотеист) йаһұдилік (иудаизм) дінінің уәкілдері де бар. Әсіресе, йаһұдилер (еврейлер) мен олардың діни бірлестіктерінің саны тәуелсіздік жылдарында шектен тыс артқан. Тәуелсіздікке дейін бірде бір діни ұйымы болмаған йаһұдилердің бүгінгі күні 25 діни бірлестігі және барлық облыс орталықтарында дерліктей синагогалары жұмыс істеп жатыр. Орталық Азия бойынша ең үлкен синагога жуырда Астана қаласында ашылған. Израил, АҚШ және өзге елдердегі бас раввиндер елімізге жиі келіп, ресми адамдар, кәсіпкерлер және жамағат уәкілдерімен кездесулер өткізуде. Қазақстан йаһұдилері құрылтайы «Шалом» деп аталатын газет шығарады. Йаһұдилердің елімізде санының артуы және діни іс-шараларының бұдан да дамуы күтілуде...

 

 

1.2. Фома Аквинский Католикалық шіркеудің ең ірі ойшылы

 

Фома Аквинский (1225-1274) - италияндық діни ойшыл. Католикалық шіркеудің ең ірі ойшылы. Дегдар отбасынан шықса да, ол ата-анасының қарсылығына қарамастан, доминикалық діни ұйымға кіреді. Париждегі Сенжак монастырында, кейін Париж университетінде дәріс береді. Италияға қайтып Рим Папасының сарайында болады. Сол жылдар ол Аристотельдің философиясын тереңдетіп, өз ілімінің негізіне айналдырады. 1269 жылы Парижге қайтып оралып, Құдай тану қосындысы жұмысын жалғастырады. 1274 жылы Неапольдан Лионға шіркеулік кеңеске бара жатып қайтыс болады. Философия қарама қайшылыққа ұрынған шағында, оның көмекке дінді шақыруы қажет. Фома Аквинский - теоретикалық теологияның негізін қалаушы. Фома Аквинский ілімінің негізіне құдайды қойып, бірте-бірте періште мен адамдарға түсіп, шіркеу мен мистика арқылы болашақ өмір іліміне көтеріледі. 1879 жылы Папа Лео 13 католикалық унтер мен сименариялардағы сабақ берудің тым төмен дәрежесіне таң қалып, Фома Аквинский зерттеуді оқу бағдарламасының міндетті шартына айналдырады. Міне сол кезде ғана Мерьсе неотомистік ілім ашып, оны кейінгі шәкірттері томизмді жаңаша ағымдар - феноменология мен экзистенциализммен біріктіруге тырысқан.Ол мемлекеттің жағымды рөлін мойындады, оған құдайдың еркін жүзеге асырушы деп бағалады. Рухани және зайырлы биліктердің арақатынасын жан мен тәннің арақатынасы ретінде қарастырды. Бірақ, рухани билік (шіркеу) мемл. биліктен жоғары тұрғанда ғана шіркеу мен мемл. қатар өмір сүріп, өзара әрекеттесе алады деген пікірінен танбады. Әйтсе де, оның көптеген пікірлері Аристотельдің саяси ойларымен үндесіп жатыр. Мысалы Аквинский мемлекеттік биліктің дербес, табиғи жолмен қалыптасуын жақтады, оған діндарлардың араласуына қарсы шықты. Әсіресе, Аквинский әрқылы басқару пішімдерінің — монархияның, аристократия мен демократияның лайықты “таза” пішімдерін бойына жинақтаған мемлекетті ұлықтады. Абсолюттік монархия мен саяси монархияның ара-жігін аша түсіндіріп, монарх билігі заң шеңберінде айқындалатын соңғысын, яки, монархияның саяси түрін дәріптеді.[

Қайта өрлеу дәуіріндегі саясат пен құқық проблемалары. ХYI —  ғасырда феодализмге қатты соққы  жасалды. Капиалистік қатынастар ене  бастады, буржуазия мен пролетариат  пайда болды. Шаруалар қозғалысы  өршіді. Әлеуметтік, саяси рефолюциялар дәуірі басталды. Католик шіркеуінің о дүниелік игілік теориясына қарсы  адамның ақыл-ой, тәжірибесі, жасампаздық  күші күреске шықты. Жаңа заманның саяси  ілімдерінде адам, жеке адам мен  мемлекеттің қарым-қатынасы туралы проблемалар маңызды орын ала  бастады. Бұл «гуманизм» немесе Қайта  өрлеу идеологиясы деп аталды. Антикалық мұраттарды пайдалану  арқылы жаңа, буржуазиялық идеология  жасалына бастады. Шіркеу мекемелерін  сынауды алдыңғы қатарлы күштер «реформация» туы астында жүргізді. Шіркеуді демократияландыру ежелгі христианствоның талаптарына сай  болды. Алайда сенімсіздік те бар  еді. Езілген халықтың идеологиясы  утопиялық социализм теоретиктері Т.Мюнцер, Т.Кампанелла, Т.Мор шығармаларында көрініс тапты. Утопист-социалистер  мүлік ортақтастығын, жеке адамды қорғайтын  ұжымдық құрылысты, мемлекетті жақтады.

Италияндық Никколо Макиавелли (1469-1527) заманының көрнекті ойшылы болды. «Государь», «История Флоренции» деген  еңбектерімен діни көзқарастан қол  үзіп, саясат туралы теологиялық пікірге  қарсы болды. Ортағасырлық құдайлық тұжырымдаманы тарихи объективтік  қажеттілік және заңдылық идеялармен немесе өзі атағандай тағдырмен  байланыстырды. Адамдардың күшіне сеніп, оларды саясатпен белсенді, шығармашылықпен  айналысуды нұсқайды. Дінді бұқараны идеологиялық тұрғыдан тәрбиелеу жолында  пайдалану керек дейді. Сондықтан  жалпы діннен қол үзе отырып, саясатты тәжірибелік ғылым ретінде негіздейді. Схоластиканы жоққа шығарады. Нақты  саяси өмірдің христиан моралінің  уағыздарымен еш байланысы жоқ, дейді. Саясатты тәжірибелі ғылым деп негіздеуі  теология мен схлоастикаға берген соққысы  еді. Ол сонымен қатар антикалық  және буржуазиялық саяси ғылымды байланыстырушы буын болды. Макиавелли жаңа заман үшін саяси ғылымның негізгі теримндерінің бірі стато (мемлекет) деген сөзді енгізді. Мемлекет пен саясатты «адамның көзі» деп қарап, оның өзгеріп отыратындығын көрсетеді, халық пен аристократтардың арасындағы күрес деп қарастырады. Мемлекеттің түрінің өзгеруіне әсер ететін факторларды қарастырады.

Мемлекеттің формалары әртүрлі  болады: жеке адамның билігі, аздаған  адамдардың, бүкіл халықтың билігі. Аздаған адамдардың билігінде монархия, аристократия және демкоратия болып  келеді. Әр түрдің орнауы күштердің  арасалмағына байланысты дейді. Диалектикалық  тұрғыдан түсіндіреді. Ең басты түрлері: монархия мен республика деп көрсетеді. Монарх болса да, адал болуы керектігін айтады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, князьдер берген сертін орындау арқылы емес, алдаумен, айламен әрекет жасау  жолымен орасан зор істер тындырған  дейді. Макиавелли монархияны тиранияға  қарсы қойғанда абсолютизмді ақтау  үшін жасайды. Қайткен күнде мемлекетті нығайтуды көздеген. Бөлшектенген Италияны күшейті үшін бір адамның диктатурасы, қантөгіс сөзсіз болады, уақытша өтпелі шара қажет, тек ерікті мемлекет қуатты бола алады, егер ол ортақ игілікке қызмет ететін болса дейді. Республиканы негіздеу үшін дворяндарды құрту  керек дейді. Бұл оның ілімінің буржуазиялық бағытын көрсетеді. Буржуазияның мемлекеттің  демократиялық формасын қалайтыны  белгілі.

Бірақ Макиавеллидің демократиясы дәйекті емес. Демократиялық, аристократиялық, монархиялық элементтерді қарастырады. Ежелгі Рим осындай аралас билік  түрлерін қолдану арқылы қуатты болған дейді. Макиавеллидің аралас мемлекет формалары тұжырымдамасын кейін  Дж.Локк, Ш.Монтескье және басқа саясат ойшылдары қабылдады. Макиавелли –  ең алдымен патриот болды. Италияны қуатты, тұтас мемлекет түрінде көруді аңсады. Бұл жолда ол елін феодализм  мен шіркеудің тежеуінен алып шығып, прогресс, революциялық өзгерістер мүмкіндіктерін таба білді. Оның ілімі іс-қимылға, шығармашылыққа, бостандыққа, қайта жаңартуға шақырады. Мұның өзі саяси ойлаудағы орта ғасырлардан жаңа заманға жол салған рефолюция еді.

Реформация. ХYI-ғасырдың бірінші жартысында Батыс және Орталық Еуропада католицизмге қарсы діни қозғалыс басталды. Орталығы Алмания болды. Реформациялық қозғалысқа әртүрлі қоғамдық күштер қатысты. Мемлекет, заң, құқық туралы саяси бағдарламалары да әркелкі болды. Олардың барлығы  шіркеу құрылымын радикалды, қарапайым  ету, демократияландыру болды.

Реформацияның бастаушысы Мартин Лютер (1483-1546) әрбір құдайға сенуші асқан  сенім арқылы өзін-өзі құтарады деп  дәріптеді. Христиан дінін уағыздады. Адамның еркі, нанымы, жаны, ішкі дүниесі  мемлекеттің қыпалынан, заңынан  тысқары тұрады деді. Мемлекет туралы тұжырымдамасыда ол князь-монарх билікті  сонда ғана ақылмен пайдаланады, егер ол билікті кеңшілік деп түсінбей, оны құдай жүктеген міндет деп  қараса дейді. Христиандық билеуші  халықтың қызметшісі болуы керек. Лютер  Алманияда демократиялық өзгерістер жсаудан аулақ, бірақ монархқа бағыну керек, үкіметке қарсы шықпау керек  дейді. Көзқарастары қайшылықтарға  толы. Аймақтық князь абсалютизмнің  орнығуының кепілі дейді. Діни фанатизм де орын алды, реформацияға кедергі  де жасады.

Томас Мюнцердің (1490-1525) шаруалық-плебейлік  көзқарасы реформациялық қозғалысты қандай болмасын қанаушы тәртіпке, әлеуметтік теңсіздікке, княздер билігіне, шіркеулер қыспағына бітіспес ашық күреске айналдырды. Соның нәтижесінде  Алманияда 1524-26 жылдары шаруалар соғысы болмай қоймады. Мюнцердің шығармалары: «12 статья», «Статьялық хат». Шығармаларында билікті қарапайым халыққа беру керек деді. Республикалық идеяны жақтады. Белсенді революциялық қимыл  жасайтын адам болды, өз ғасырынан озып кетті. Таптық айырмашылық жоқ, жекеменшік жоқ, қоғамның мүшелеріне кедергі тудыратын  мемлекеттік билігі жоқ қоғамдық құрылысты қалады.

ІІ. КАТОЛИК ДІНІНІҢ ФИЛОСОФИЯСЫ

Қатолицизм  философиясы Христиан дінінің батыстың ағымы болып бөлінгеннен соң  шығады. «Католиктер» деген ұғы 150 ж. Христиан дінінің баска ағымдарына қарсы түрушы ағым ретінде пайда болды. Ал, олардың философиясы әулие Августи Аврелий Блаженның (354-430) ілімімен тығыз байланысты. Әулие Августиннің өзі католик философиясына дейін манихейстердің, скептиктердің жэне неоплатониктердің мектептерінен өтіп келді. Сол себептен католицизм философиясы да тамырымен ерте гасырдағы философиялық, діни теологиялық ілімдерден шыққан десек те болады. Ең бірінші, үлкен дәуір уағын Әулие Августың католицизм философиясына жаткызамыз. Олардың кайнар көзі Платоннан алынады. Екінші бір даму кезеңіне Әулие Фома Аквинскийдің дәуірін айтуға болады. Олардың кайнар көзі Аристотельден алынады.

Әулие Августиннің  діни философиялык негізі: «күні бұрын болжау (тағдыр)», әрбір адамның тағдырын Қүдай күні бұрын болжап біреуге шаттык өмір, екіншілерге қарғыс өмір шешіп кояды. Құдай -жоғарғы болмыс. Қүдай дүниені жоқтан кажеттілікке байланысты емес, өз еркімен жаратты. Адамзаттың тарихы екі қарама-карсы патшадан тұрады: Құдайға карсы, жер бетіндегі қызыкқа әуесқойлар (светский мир) және Құдайлық патша. Құдайлык патша аспанда емес, жер бетіндегі «әділетті» патшаларды айтады (теократиялык мемлекет). Құдай әлемді жаратканда материалды формада жаратты, сонан кейін әрбір материалдык формалар жеке-жеке дамыды. Адамныц жанын Құдай жараткан. Жан мәңгі емес. Адам туған кезде Құдай оның жанын жоқтан кайтадан жаратады. Августиннің айтуынша, адамның ақыл есі дербес ойлар шығарады. Оның негізі - Құдай. Сол себептен Құдайдың болмысын (үғымды) адамның ойынан шығарып түсінуге болады, сондықтан идея объектіден шықпайды, ол - субъектінің жемісі. Оның онтологиялық ілімінен және Құдай туралы, абсолюттік болмыс ретінде қостыруларынан неоплатонизм құрастырылды.

Алғашқы иррационалдык жэне мистикалык дәнінен кейін католицизм философиясының жаңа ағымдык бастамасы шығады. Оны неотомизм немесе рационалдық дәстүрлік Аристотель мен орта ғасырдағы схолостикалық, атакты өкілі Фома Аквинскиймен (1225- 1274) байланыстырамыз.

Фома  Аквинский Аристотель ілімін теологиялык тұрғыда түсіндірді, соның аркасында аристотелизмді Христиан дініне сай ыкшамдау нәтижесінде «томизмдік» ілім пайда болды. Оның негізгі шығармалары: «Мәжүсилерге қарсы сумма», «Теология суммасы» және баска. Оның негізгі философиялык ілімі: сенім мен сананың үйлесімділігі. Оның айтуынша, акыл Құдайдың болмысын саналы түрде дәлелдеп, сенімнің акиқаттығына карсы пікірді қабылдамайды, барлык өмір сүретін заттар Құдайдың қүдіреті бойынша қалыптасады.

Католицизм  философиясы казіргі кезде екі ағымнан түрады: неотомизм және неосхолостицизм.

ХХ-ғасырдағы  философиялық ағымдардың тағы бірі –  неотомизм, немесе жаңа томизм – католик  шіркеуінің философиясы, қазіргі заманы діни философиялық ағымдардың арасындағы Батыс Европада ғана мес. бүкіл әлемге ең танымалы және беделдісі. Неотомизм  орта ғасырың діни философы Томас  Аквинскийдің іліміне негізделген. Сенім мен ақылдың, дін мен  ғылымның үндестігін жария еткен  бүл ілім шіркеуді орғау үшін аса  қолайлы болғандықтан, папа Лев 13-ші 1879 жылы оны ристиандық католиктік діннің негізгі қағидаларын философиялық тұрғыдан дұрыс түсіндіруші бірден бір философия деп тұжырымдады. Негізгі кілдері: Э.Жильсон, Ж.Маритен, П.Тейяр де Шарден.

Неотомизмнің  басты қағидасы – сенім мен  ақыл-ойдың, ғылым мен діннің гармониясы. Бұл ағымның өкілдерінің пікірінше, ақиқат философия рационализм мен  иррационализмді қарсы қоюдан бас  тартып, дүниені түсінудің әр түрлі  тәсілдерін біріктіріп, универсалды  мүмкіндіктерге шылуы қажет. Бірақ  неотомистер құдайдан туындайтын сенімді  жоғаырақ қояды. 
Қазіргі заманғы неотомизм антропологиялық сипатқа ие, яғни адамға ағытталған. Құдайдың жаратушылық функциясы неотомизмде шектелген, ол адамды жаратушы болғанмен, өзін жүзеге асырушы. проектіден ішкі дүниесі, микрокосмы бай нақты тұлғаға айналдырушы, құдайдың ісін аяқтаушы еркін, өзін-өзі жетілдірген, құдай жаратқан космостың шікене үлгісі адамның өзі.

Структурализм – ХХ-ғасырдың 60-жылдары Францияда  қалыптасқан. лингвистика ғылымымен  тығыз байланысты, өзінің негізгі  философиялық-методологиялық міндетін адамның рухани-мәдени қызметінің игілі  бір тарихи кезеңдер үшін жалпылық сипатқа ие болатын жемістерін зерттеу, баяндау және түсіндіру деп анықтайтын ағым. Басты өкілдері – К.Леви-Строс, М.Фуко.К. Леви-Строс (1908). Структурализм  бағытының 91 өкілдерінің түсінігінше, құрылым (структура) объектінің бөліктері мен элементтеріні жай жиынтығы емес, ол абстракция арқылы ашылатын жасырын қатынастардың жиынтығы. Осы тұрғыдан алғанда структурализм белгіле: жүйесін зерттейтін семиотика ғылымымен тығыз байланысты. Белгілер жүйесін швейцарлық лингвист Ф. Соссюр бөліп көрсетіп, негізгі назар ды тіл жүйесінің элементтерінің өзара әсер етуіне аударған болатын. К.Леви-Строс осы методты қолдана отырып алғашқы қауымдық тайпаларды? некелік-туыстық қатынастарын, рәсім-салттарын, дәстүрлерін, мифтерін тотемизмін зерттеді және олардың қоғамдық институттардың құрылымдары ретінде адамның мінез-құлқына айқындаушы әсер ететінін көрсеті Леви-Стростың философиялық концепциясында бейсаналылықтық құрылымы ерекше орын алады. Оның пікірінше, бейсаналы Фрейд айт қандай энергиялық-биологиялық сипаттағы иррациональдік импульстер емес, керісінше, логикалық, рациональдік мазмұнға ие, белгі жүйелерінің жасырын, бейсаналы механизмі. Леви-Стростың жетістігі ретінде оның мифтерді әлеуметтік құрылымның тұрақтылығының негізі ретіңде тереңдеп зерттеуін атауға болады.

Герменевтика  – түсіну туралы, рух туралы ғылымдарды ғылыми менгеру туралы ілім. Терминнің  өзі көне Грецияда пайда болды, алынған  хабарды белгілі бір ережелер мен интуицияға сүйене отырып түсіндіру  өнері дегенді білдіреді. ХХ-ғасырда феноменология және экзистенциализм бағыттарының шеңберінде дамыған герменевтиканың негізін қалаушы Ф.Шлейермахердің (1768-1834) түсіндіруі бойынша, бұл Евангелие мәтіндері авторларының рухани дүниесіне ену тәсілі. Герменевтикада философиялық пайымдау объектісі болып тіл танылады. Неміс философы В.Дильтей герменевтиканың өрісін кеңейтіп, оның міндетін белгілі бір философиялық бағыттың өкілінің ғана емес, тұтас дәуірдің, мәдениеттің ішкі дүниесін түсінуге мүмкіндік беру деп анықтады. М.Хайдеггердің ойынша, «тіл – болмыстың үйі», яғни тіл арқылы адамның ішкі феномендеріне үңілуге болады, ол түсінудің бастауы.

Неотомизм – католик шіркеуінің діни философиясы. Негізін салғандар: XIII ғасырда өмір сүйген әулие Августин және Фома Аквинский. Өкілдері:

Жан Маритен, Э. Жильсон, Г. Марсель, В. Соловьев, Н. Бердяев, И. Бохенский, т.б. Бұл діни философияның мақсаты – адамдар жүрегіне жол  салу.

Неотомистер ғылымды жоққа шығармайдй, бірақ  оны дінге қарсы қоймайды. Тек  ғылымдардың адамзатқа тигізіп  отырған кейбір жағымсыз ықпалын  сынайды. “Өйткені, адамдар жаратушы Құдайды ұмытқан. Барлық қатер содан” дейді олар. Неотомизм философиясы  екі жүп категорияларға негізделген: потенция (мүмкіндік) және акт (нақты  іс), эссенция (мән) және экзистенция (өмір сүру). Неотомизмнің басты мәселесі үшеу – Құдай, адам, адамгершілік.  Бірақ Құдай жамандық жасағанды  жазалайды дейді. Ал, енді солай –  ақ болсын делік, сонда барлық табиғи сәйкессіздікті, үйлесімсіздікті, ассиметрияны жасайтын кім? Өйткені, ол табиғатта  бар. Бұл сұрауларға неотомизм тоқталмайды. Дегенмен, қоғамдағы түрлі қайшылықтарды  шешу басшыларға байланысты. Олар бағынушылардың жағдайын ойлауы керек деген де пікір  айтады неотомистер.

Экзистенциализм. Философияда құдайшылдықты, жалпы  тағдырды жаратушыны мадақтау жайында көп жазылды. Неотомизм де сол бағытқа жатады. Ол ағым теодиция деп аталады. Бірақ адамды мадақтауға – антроподицияға кезек келмей жүрді. Сондықтан адам туралы айту тасада, қалтарыста қалып келді. Енді адамды  арнайы зерттейтінкез туды. Адамға ,оны зерттеуге бетбұрыс жасалды.Философияда ол ағым экзистенциализм деп аталады.Бірақ бұл да субъективті идеалтзмге жатады. Н.Бердяев айтқандай,“бәлкім антоподиция теодицияға баратын бірден – бір жол,бірден – бір өшпеген және шексіз, бітпес жол шығар”. XIX ғасырда пайда болған антропологиялық философияның абстрактілі, жалпылық диктатынан бас тартуы, нақты адамның өміріне жалпы алғанда жақындауы – құптарлық, болашағы зор бағыт. XX ғасырда бұл бағыт экзистенциализмнен өз дамуын тапты. Оның  мақсатыклассиктік мән философиясын адамның өмір сүру философиясымен алмастыру болды.

Католик дінінің философиясы