Компьютерлік желілердің білім беру жүйесіндегі ролі

КІРІСПЕ

Қоғамды ақпараттандыру жауапкершілік сезімі мол, терең  білімді, жаңа қоғамды жасаушылар санының  арта түсуін талап етеді. Ақпараттандыруда білім беру жүйесі және онымен байланысты адамзат әрекеттерінің түрлері  де бірге қалыптасады, нақтырақ айтқанда, ол жаңа ақпараттық технологияның әсерімен маңызды өзгерістерді басынан өткере отырып, оларға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының Президенті 2007 жылдың 28 ақпанындағы Қазақстан  халқына Жолдауында «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік деңгейде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізу, оқытудың, әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керектігін және он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамыту қажет екендігін» атап айтты.

Білім беруді ақпараттандыру жүйесінде ақпараттық технологияларды, әсіресе, телекоммуникациялық технологияларды пайдалану ерекше орын алады.

Білім беру мазмұнындағы  қазіргі  мектеп информатикасы біртұтас оқу  пәні ретінде білімнің, ғылымның қазіргі  кезеңіне сәйкес келетін жаңалықтарды қамтиды. Сонымен қатар оқушыларды информатика пәні жалпы біліммен қаруландырумен ғана шектелмей, олардың ақпараттық мәдениетін, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырады Қазақ тілінде білім беретін мектептерде информатика курсы бойынша телекоммуникациялық технологияларды оқытуда жалпы желі Интернет қызметінің мазмұнына қысқаша шолу жасалып, пайдаланушылардың желімен жұмыс жасауды әлі толық игермегендігіне, электрондық почта, телеконференция және т.б. мүмкіндіктеріне, желі болмаған жағдайда телекоммуникациялық технологиялар бойынша ақпараттық толтыруды пайдалануға болатынына аса мән берілмейді. Осыдан орта мектептің информатика курсындағы телекоммуникациялық технологияларды оқытудың мүмкіндіктері әлі күнге дейін толық ашылмағандығын байқаймыз.

Өмiрдiң ағымына байланысты адам баласына көптеген мәселелерді шешуіне тура келедi. Яғни, ол мәселелердің бiрi - әртүрлi ақпараттарды (мәтiн, бейне, сурет, дыбыс және т.б.) қалай тез және өзгерiссiз алыс қашықтыққа тасымалдауға, жіберуге болады.

Кейінгі кезде телекоммуникациялық технологиялар адамның барлық өміріне, әсіресе, білім беру жүйесіне енуіне байланысты бұл технологияларға деген қызығушылық қарқынды өсуде.

Телекоммуникациялық технологиялар - Қазақстан Республикасының бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Осы себептен бұл міндетті орындаудың негізгі шарты мектептің оқыту үдерісінде телекоммуникациялық технологиялардың мәнін білу және оны  игеру арқылы оқушылардың оқу материалына деген қызығушылығын арттыруға, олардың ақпараттық мәдениетін, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға бағыттайды.

Мектепте телекоммуникациялық  технологияларды пайдаланудың төмендегідей жетекші бағыттарын бөліп көрсетуге  болады:

-  аталған құралды информатика  сабақтарында қолдану;

- телекоммуникациялық технологияларды оқушы іс-әрекетінің   зерттеу нысаны ретінде пайдалану;

- электрондық почтаның қазір қазақ тілінде қолдану мүмкіндігі бар, сондықтан осы құралдың көмегімен қазақ тілінің мәртебесін көтеру.

Менің дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты-телекоммуникациялық технологиялардың білім берудегі ролін анықтау, олардың жіктелуін қарастыра отырып, Outlook express бағдарламасымен тиімді жұмыс істеуді   жылдамдату   жолдарын оқып-үйрену әдістемесін қалыптастыру болып табылады.

 

 

Тарау І. Компьютерлік желілердің білім беру жүйесіндегі ролі

 

    1. Телекоммуникациялық технологиялардың жіктелуі

 

Қазақстан Республикасының  жалпы орта білім беру жүйесінің  даму кезеңі жаңа технологиялардың өзгеруіне  байланысты және ақпараттық қоғамды  құруда оқытудың әдісі мен мазмұнына әсерін тигізуде. Ашып айтсақ, бұрынырақ алгоритм негіздері кезеңінен программалау жүйесінде қолданушы ретінде программалауға өту жүргізілсе, ал енді одан компьютерлік техниканы ақпаратты қабылдау және алмастыру құралы ретінде қолдана білуге өту кезеңі қарқынды дамып жатыр. Мұндай дамудың  көкейкестілігі ең біріншіден, қоғамның барлық кеңістігіне ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың енуімен байланысты. Осының арқасында Қазақстан мектептерінде оқытылатын информатиканың жаңа курсы бір жағынан оқытудың теориялық негіздері, программалау негіздері, программалық қамтамасыз ету және мультимедиа-жүйелерді қолдану тәсілдері, телекоммуникация құралдары секілді бағыттардың мазмұнына әсер етсе, екінші жағынан мектептің техникалық деңгейі, мұғалімдердің біліктілік және оқушылардың білім деңгейлеріне де әсерін тигізуде.

Білім берудің жаңа жүйесі, яғни оған кіретін барлық оқу пәндері  ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыруға бағыталған. Әрине, оқушылардың ақпаратты  өңдеу жұмысын үйренуі информатиканың жалпы оқыту курсымен (информатика және есептеу техникасы негіздері) тығыз байланысты. Информатика курсы мазмұнының орны, рөлі, оқыту әдістемесі оқушыларды информатика пәнінің алдында тұрған барлық мәселелермен таныстыруды, сонымен қатар ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдануды үйретуі қажет.  

Өмiрдiң ағымына байланысты адам баласына көптеген мәселелерді  шешуіне тура келедi. Яғни, ол мәселелердің бiрi - әртүрлi ақпараттарды (мәтiн, бейне, сурет, дыбыс және т.б.) қалай тез және өзгерiссiз алыс қашықтыққа тасымалдауға, жіберуге болады.

Телекоммуникациялық ақпараттық кеңістіктің даму кезінде ең алдымен  желілік байланыстар және  желілік  ақпараттық технологиялардың даму деңгейі  туралы түсініктер қалыптасады.

Желілік ақпараттық технологиялар байланыс арналарымен қатар пайда болды. Өткен ғасырдың алғашқы телеграфтық, телефондық байланыс желілер негізі аналогтік сымдар және радиоарналық электрбайланысы арқылы құрылды. Кейінірек микроэлектрониканың дамуына байланысты ақпаратты тасымалдау жылдамдығы мен сапалығына қарай сандық талшықталған-оптикалық байланыс желілеріне ауысты. Осындай байланыс желілерінің тәсілдерінен телекоммуникациялық технологиялар деген ұғым пайда болды.

Телекоммуникациялық желілер  мен байланыс желілерінің дамуына байланысты бірнеше кезеңді атап айтуға болады:

-телеграфтық және телефондық желілер (компьютерге дейінгі кезең);

-мәліметтердің белгіленген абоненттер арасында және модемді қолданатын коммутациялық арналар арасында тасымалдануы;

-мәліметтердің коммутациялық бөліктер (пакеттер) көмегімен желі арқылы тасымалдануы: дейтаграммалық немесе виртуалды бірігуді қолданушылар (Х.25);

-жергелікті есептеуіш желілер (әсіресе, кең таралған түрі – Token Ring);

-интегралды қызмет көрсету сандық желілері (ISDN);

-жоғары жылдамдықтағы жергілікті желілер – Fast Ethernet, FDDI, FDDII  (мәтіндік және бейнеақпараттық мәліметтерді тасымалдауда FDDI-дің дамуы).

Желілік технологиялардың түрлері мен ерекшеліктеріне  толығырақ тоқталайық. 

Желілер арасында телекоммуникациялардың кең таралған түріне Х.25 технологиясы жатады. Бұл технология желілер арасында виртуалды арналар құрып, осы арқылы мәліметтердің тасымалдауын ұйымдастырумен ерекшеленеді. Бірақ, бұл желі мәліметтерді тасымалдау кезінде қолданушыға жоғалтпай жеткізу секілді  жұмыстарды атқаруы тиіс. Сондықтан да, бұл технология жылдамдығы төмен және орташа (1,2 –128 Кб/с) мәліметтерді тасымалдауда қолданылды. Х.25 технологиясы байланыс арналарының төменгі және орташа сапаларын қолдана отырып телекоммуникациялық желілерді қанағаттандыруда. Осыдан мұндай технологиялардың бүгінгі күнде байланыс арналары ретінде Қазақстанда да қолданылып жатқандығын ескергеніміз жөн. 

Түрлі-түрлі компьютерлер мен операциялық жүйелер үшін әр түрлі авторлар жазған программалардың  сәйкесті түрде жұмыс істеуін хаттамалар жүзеге асырады. Интернет компьютерлері арасында кез-келген типтегі электрондық хабарламаларды физикалық түрде тасымалдау жұмысын TCP/IP (Transmission Control Protocol/Internet Protocol – тасымалдауды басқару хаттамасы)  технологиясы атқарады. Интернет осы технологияны пайдаланады. Бұл хаттама тасымалданатын мәліметтерді қалай бөліктерге бөлу керектігін, олардың қалай құрылатынын, қажетті компьютерге сол бөліктердің жеткенін қалай бақылауға болатынын, мәліметті тасымалдау кезінде қате кетсе, оны қалай дұрыстайтынын және де басқа шараларды қалай жүргізу қажет екендігін анықтайды. ТСР/ІР технологиясы мәліметтердің тасымалдануын жоғары жылдамдықпен (1,2 Кб/с-тан бірнеше ондаған Мб/с-қа дейін) қамтамасыз ете отырып, байланыс арналарының төменгі, орташа және жоғарғы сапаларын қолдануға мүмкіндік береді.  Негізінде, Интернет ТСР/ІР хаттамасы мен ІР-адрестер кеңістігін пайдаланатын мыңдаған жеке желілерді бір-бірімен байланыстырып тұрады. Мұндағы желілердің барлығы да тең құқықты, басқару мен қаржы жағынан тәуелсіз болып саналады.

Интернеттің функционалдануы  тағы да басқа телекоммуникациялық  технологиялар негізі ретінде құрылуы  мүмкін. Оның ішінде ISDN технологиясы бар. Ол сандық байланыс желілерінің қарқынды дамуына байланысты интегралды қызмет көрсетудің телекоммуникациялық технологиясын ұсынады. Бұл технологиялар қолданушыларға ақпараттық қызмет көрсету, мәтінді тасымалдау, телемәтін, бейнемәтін, электронды почта, телеконференция секілді телекоммуникациялық желілердің мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді.

Frame Relay (кадрды трансляциялау)  технологиясы бөліктік коммутацияның  бір түрі болып табылады. Көбінесе, ол жоғары, орташа сападағы және  мәліметтерді тасымалдау жылдамдығы 56-дан 2048 Кбит/с байланыс арналар  желілерінде қолданылады. Бұл  технология негізіндегі телекоммуникациялық желілер қолданушыларға дыбыстық, факсимильдік және бейнеақпараттық мәліметтерді тасымалдау қызметімен қамтамсыз етеді.

Байланыс арналары арқылы әртүрлі ақпараттарды (мәліметтер, бейнеақпараттар) бір уақытта тасымалдау кезінде АТМ (Asynhronous Transfer Mode)  технологиясы қолданылады. Бұл технологиямен жұмыс істеуде қолданушыларды біріктіру үшін байланыс желісінің жоғарғы сапасы пайдаланылады. АТМ технологиясының негізі жоғарыда айтылған ақпараттың барлық түрлерін тасымалдау барысында кездеседі. Сонымен қатар, бұл технология арналар коммутациясының және бөліктер коммутациясының әдісі ретінде қарастырылады.

Ақпараттық технологиялар білімнің сапасын, тереңдігін және білімділігін қамтамасыз ететін білімнің жаңа түрімен тығыз байланысты. Осыдан әрбір мектеп информатика пәнінің мұғалімінен телекоммуникациялық технологиялар, мультимедиа мен гипермедиа, баспа жүйелері сияқты бағыттар бойынша білімінің жоғары болуын талап етеді.

Қоғамды ақпаратттандырудың негізі адамның барлық өмірін ақпараттау, яғни, оның ішінде білім жүйесін ақпараттандыру болып табылады. Білімді ақпараттандыру жүйесі ақпараттық технологияларды, әсіресе телекоммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы құрылады. Жаңа қоғамның даму кезеңінде ақпараттарды тасымалдауда компьютерлік телекоммуникациялық технологиялар жайлы айтпауға болмайды.

Ақпараттық және телекоммуникациялық  технологиялардың көп түрінің және байланыс арналары арқылы мәліметтерді тасымалдау жұмысын ұйымдастыру  тәсілдерінің ішінде бүкіләлемдік ақпараттық компьютерлік желі Интернет маңызды орын алады. Сонымен бірге, Интернет қазіргі кезде республикалық білім беру жүйесінде қолданылып отырған негізгі ауқымды  телекоммуникациялық желі болып табылады. Бұл жерде  желінің жоғарғы жылдамдығы және Интернет арқылы әртүрлі түрдегі мәліметтердің (мәтін, бейне, дыбыс, кескін және т.б.) сапалы тасымалдануын айтуға болады. Интернет қарапайым оқулық (электрондық мәтіндер), күрделі интерактивті жүйе, компьютерлік модельдеу және т.б. түрде көрінетін ұжымдық оқу материалдарына қатынау мүмкіндігін ұсынады.

Интернет желісін қолданушылар және ондағы ақпараттар қоры қарқынды өсуде. Сонымен қатар, Интернет ұсынатын телекоммуникация қызметінің сапасы жоғарылап  отыр. Қазақстанда және басқа да елдерде белгіленген сандық арналары (ISDN желісі) арқылы Интернетке қатынауды қамтамасыз ететін оптикалық талшықталған коммуникация жүйесі тез дамып жатыр. Осының арқасында Интернетке жоғарғы дәрежеде қатынауға тек қана экономика және басқа салада жұмыс істейтін ұйымдар ғана емес, оқу орындарыда қол жеткізіп отыр. Сонымен қатар, ISDN-желісінің дамуы үйінде жаңа компьютерлік техникасы бар отбасыларына да Интернетке қатынауға мүмкіндік береді. Интернетте мәлімет іздеу мәселесін шешуге арналған іздеу жүйелері немесе іздеу машиналары бар. Іздеу серверлерінің көптеген түрлері бар және олар әртүрлі қызметтер атқарады. Іздеу индекстері және каталогтары деген ұғымдар қалыптасқан. Олар арқылы кез-келген мәліметке жалпы іздеу жүргізу кезінде индекс-серверлер келесі түрде жұмыс істейді: желідегі көптеген веб-парақтардың мазмұнын тұрақты түрде оқып отырады, оларды толығымен немесе жартылай ортақ мәліметтер қорына орналастырады. Іздеу серверлерінің тұтынушылары осы мәліметтер қорынан түйінді сөздер арқылы өздеріне керекті тақырып бойынша іздеу жұмысын орындай алады. Әдетте, іздеу нәтижелері гиперсілтемелер түрінде ұсынылған парақтар мен олардың адрестері (URL – ықшамдалған ресурстар көрсеткіші) түрінде беріледі. Іздеу серверлерімен жұмыс іздеу ізделетін материалдың аты айқын белгілі болған жағдайда жылдам орындалады. Іздеу каталогтары іздеу тақырыбы нақты түрде белгісіз болған кезде қолданады. Іздеу каталогтарын кітапханадағы тақырып каталогтарымен салыстыруға болады. Сонымен қатар, Интернет технологиясының басқа да технологиялармен үйлесімділігін байқауға болады. Мысалы, теледидар функциялары мен Web-TV-компьютерін байланыстыратын жаңа теледидар құрылғылары пайда болып жатыр. Ол құрылғылардың көмегімен Интернетке қосылуға, Web-парақтарын жүктеуге болады.

Қазір оқу мақсатында телекоммуникациялық технологиялардың әртүрлі тәсілдерін қолдануда білім жүйесімен тығыз байланысты олардың бірнеше ерекшеліктерін айтуға болады. Мысалы:

телекоммуникацияны қолданушылар арасында ақпараттың алмасуымен қамтасыз етілуі;

ақпараттың әртүрлі  кескінде және көлемде ұсынылуы;

ақпаратты өңдеуде және тасымалдауда жоғары жылдамдығы;

қажет ақпаратты жіберу немесе қабылдау кезінде аймақтың географиялық шектелмеуі;

телекоммуникациядағы  әртүрлі технологиялар мен сервердің  өзара ауыстырылуы (мысалы, файлдарды FTP бойынша және электрондық почта бойынша алмастыруға мүмкіндік бар);

әртүрлі технологиялардың үйлесімділігі (бір уақытта қолдану  мүмкіндігі).

Телекоммуникациялық технологиялардың ең негізгі қызметтерінің бірі хат  тәрізді мәліметтермен алмасу болып  табылады. Жалпы телекоммуникациялық желілердің бұл қызметтері ескі және білім жүйесінде кең таралған түрлеріне жатады. Бұл топқа электрондық почта, электрондық форум, телеконференция, электрондық хабарландыру тақтасы және чаттар кіреді.

Электрондық форумдар (жөнелту  тізімдері)  көп қолданушылардың араласуын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бір электрондық мекен-жайға немесе жөнелту тізіміне жіберілетін бір хат телекоммуникацияның аппараттық құрылғыларымен көшіріліп жөнелту тізіміне электрондық мекен-жайын енгізген барлық қолданушыларға жөнелтіледі. Телекоммуникациялық алмасудың мұндай түрі көбінесе кеңістік және уақыт бойынша бөлінген қолданушылар арасында пікірталас жүргізгенге ыңғайлы.

Телеконференциялар әлемде өзара араласудағы ең негізгі  техникалық құрал болып табылады. Телеконференцияның педагогикалық мүмкіндіктері О.В.Бурносова зерттеуінде, Д.А.Богданованың еңбектерінде қарастырылған. Телеконференция белгілі бір схема бойынша жүргізіледі: ол белгілі бір тақырыпқа байланысты қысқаша мәтіннен басталады, ал қатысушының әрқайсысының сол тақырыпқа байланысты өз пікірлері мен ойларын айтуға мүмкіндіктері бар. Барлық пікір-ойлар келіп түскен уақыты бойынша тізбектеле орналасып, телеконференцияның барлық қатысушылары оған қатынай алады. Әрбір қатысушы пікірталастың дамуына байланысты өзіне ыңғайлы уақытта жұмыс істейді. Конференция мәтінін құратын, әрбір қатысушының ойына талдау жүргізетін әрбір телеконференцияның жүргізушісі (модератор) болады. Компьютерлік конференцияның жақсы өтілуі жүргізушінің профессионалдық деңгейіне байланысты. Жүргізуші қызметін оқытушы немесе үйренуші атқара алады. Сонымен қатар, жүргізуші конференцияның басталуын, конференцияның алғашқы кезеңінде қатысушыларға көмек көрсетілуін, олардың үйренуін, пікір-талас тақырыбының дамуына демеу беру сияқты және конференцияның аяқталуын жүзеге асырады.

Телеконференция оқушылардың  ұжымдық жұмысын ұйымдастыруға, мидың ойлауына байланысты іскер  ойындар әдісін жүзеге асыруға мүмкіндік  туғызады. Осының бәрі телекоммуникациялық  технологиялардың арқасында мүмкін болып отыр. Бұл технологияны білім беруде қолданылуының үлкен күші бар. Көптеген желілер алғашқы ретте, ғылыми, конструкторлық және оқу орындарын байланыстыратын жүйе ретінде жасалған болатын. Сондықтан ұжымдық пікірталас жүргізуге арналған желі мүмкіндігі телеконференция деп аталып, ол белгілі бір салада ғана қолдануға негізделген еді. Бірақ, кейіннен желілер практикада кең пайдаланылып, оның алғашқы ғылыми семинар, конференцияға арналған мүмкіндігі біршама шетте қала бастады. Телеконференция ұйымдастыру кәдімгі кітапхана немесе архив жұмысына ұқсас жүргізіледі. Мұнда да көп сатылы тақырыптық катологтар мен олардағы мәліметтерді сақтау ісі ұйымдастырылады. Телеконференцияларда әртүрлі орындардан алынған хабарлар хаттар түрінде сақталады, олардың біразы электрондық почта арқылы жинастырылады. Ал, мұндай хаттар мақалалар деп аталады.

Нақты тақырыпқа бағытталған  конференция мәліметтері катологтар сатылары арқылы көрсетіліп тұрады. Әрбір  конференцияның өзіне сәйкес “Қоймалар” бөлімінде жиналған мақалалар каталогы болады. Телеконференциялардың электрондық почта арқылы хат алмасуға қарағанда екі өзгешелігі бар, олар:

- біріншісі, белгілі  бір мерзім (әр конференция үшін  әртүрлі) ішінде қабылданған мақалалар  жинақталып  сақталып отырады  да, олар өте ескіріп кетсе  жойылады;

- екіншісі, кейбір телеконференциялар басқарылып отырады, яғни мұндай конференцияға әрбір абонент мақаласын тікелей жібере алмайды.

Электрондық хабарландыру тақтасы барлық қолданушылар арасында маңызды және жедел хабарландыру үшін қолданылады. Электрондық форумдарға қарағанда ақпарат белгілі бір қолданушыға жөнелтіледі, ал басқа жағдайда ақпарат барлық қолданушылар арасында қойылады. Электрондық хабарландыру тақтасы қызығушылықтары ортақ (мысалы, программистер, экологтар, белгілі бір ән топтарын ұнататын адамдар және т.б.) адамдардың бірігуімен құрылады.

Чаттар немесе белгілі  уақыт режимінде ақпараттардың  хат түрінде алмасуы екі немесе бірнеше қолданушылардың тез  араласуына арналған. Бұл туралы В.Паськоның, А.Л. Муховиковтың  еңбегінде толық  қарастырылған.  Электрондық почтаға қарағанда араласу уақытында қолданушы байланыста болуы керек, ал чат түрінде жөнелтілетін ақпарат ұзақ сақталынбайды. Интернеттің бұл сервисі уақыт бойынша емес, кеңістік бойынша бөлінген байланыс қызметін ұсынады. Чаттар бүгінгі күні Интернеттегі интерактивті коммуникацияның кең таратылған құралы болып табылады.

Телекоммуникациялық технологиялардың хат түріндегі қатынас араласудың ең негізгі түрі болғанымен, қазіргі  кезде аудиовизуалдық ақпараттарды алмастыру технологиясы қарқынды дамып  жатыр. Бұл жерде мәтіндік ақпараттар бейнелеу мүмкіндіктерімен қатар, ақпараттар графикалық, анимациялық және бейнелер түрінде кескінделеді. Бейнелерді тасымалдау үшін телекоммуникациялық технологиялардың тобына стандартты графикалық бейнелер мен анимациялар, презентациялар, бейнесюжеттер мен бейнефильмдер, бейнеконференцияларды жатқызуға болады.

Стандартты графикалық бейнелер мен анимациялар (ClipArt Gallery) – бұл барлық стандартты офистік  бағдарламаларында немесе Интернет сайтында орналасқан оқыту материалдарын  түсіндіру барысында, оқыту курстарын, электрондық оқулықтар мен презентациялар құру кезінде, үйренуші белгілі бір тапсырманы орындауда  қолдануға болатын дайын суреттер, бейнелер, кішкентай анимациялық сюжеттер.

Презентациялар мәтіндік және графикалық ақпараттары бар тізбектей көрсетілетін тақырыптық слайдтардың тобын ұсынады. Презентациялар қолданушы компьютерінде құрылып, содан соң Интернетте жарияланады және ең жоғарғы желілік көрсетілетін құрал ретінде қолданылады.

Интернетте жарияланған  бейнесюжеттер мен бейнефильмдер қолданушы компьютерінің күштілігі мен байланыс желілерінің сапасына байланысты қолданылады. Сонымен қатар, әртүрлі аудио және бейне қосымшалар үйрену үшін жаңа мүмкіндіктерді көрсетеді. Дайын аудио және бейнефайлдарды ойнататын компьютерлік бағдарламалар ішкі файлдар (встроенные - plug-ins) деп аталады. Қазіргі кезде Интернет арқылы алынатын толықметражды бейненің екі түрі кең таралған: қарапайым бейне және стриминг бейне. Қарапайым бейнелер Интернеттегі файлын жүктеген соң қолданушы компьютерінде ойнатылуға арналған стандартты бейнені ұсынады. Бұл бейнесюжеттер қарапайым бейнекамераға түсіріліп, компьютер тілінде қайта кодталады және қайта сандық түрге өтеді. Оларды көру үшін компьютерде арнайы бағдарламалық ойнатқыш болу қажет. Стриминг бейнелер деп көлем жағынан тығыздалған және желі арқылы берілген бейнефильмдерді атаймыз. Желі арқылы берілген стриминг бейнелер үшін де арнайы ойнатқыш қажет. Стандартты бейнені көруден стриминг бейнені көрудің айырмашылығы қолданушы Интернеттен барлық бейненің өз компьютеріне жүктелгенін күтпейді.

Бейнеконференциялар. Конференцияның бұл түрі білім беру жүйесінде  енді дамып келе жатыр. Бірге жұмыс  істейтін және басқа жерде орналасқан үйренуші оқытушыны естіп, көру үшін бейнеконференцияны қамтамасыз ету  жүйесіне бейнекамера, микрофон, наушниктер қажет. Бейнеконференция барысында презентацияны өткізу үшін оқытушы аудиторияны қызықтыру мақсатымен әртүрлі құралдарды қолдануға болады. Ал, оқушылар бейнеконференция барысында бір-бірімен, оқытушымен, сарапшылармен және тағы басқаларымен араласа алады. Бейнеконференцияны пайданудағы негізгі факторы болып оның құрылғы бағасының қымбат және мұндай конференцияларды басқару қиын болуы есептеледі.

Оқу жүйесінде телекоммуникациялық  технологияларды қолдану оқушыларды ақпараттардың жаңа түрлерімен таныстырып отырады. Оқытудың бұл түрінде оқушылардың  ақпараттарды қабылдау кабілеттіліктері дамиды. Сонымен қатар телекоммуникацияның жаңа жүйесін барлық пән бағыттарында пайдалану оқушыларға жаңа технологиялардағы ақпараттарды  іздеуге, өңдеуге және ұсынуға байланысты қосымша мағлұмат береді.

1-суреттегідей көрсетуге болады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1 - Телекоммуникация құралдары

 

1. 2. Электрондық поштамен жұмыс істеу негіздері

 

Электрондық почта –  екі немесе бірнеше адамдар арасындағы ақпараттарды алмастыруда ең қарапайым тәсіл болып табылады. Электрондық почтаның жұмысы кәдімгі тұрмыстағы почтаға ұқсас болғандықтан, оның жұмыс істеу принциптерін меңгеру тұтынушылар үшін аса көп қиындықтар туғыза қоймайды. Оның негізгі айырмашылығы – физикалық заттар (хат, посылкалар) емес, ақпараттық мәліметтер, бейнелер жөнелтіледі. Яғни, мәліметтердің алмасуы электрондық хат түрінде жүреді. Хат белгілі бір уақыт ішінде жіберілген электронды почта жәшігіне барып жеткенде, қабылдаушы өзіне қолайлы уақытта хатты ашып көруіне болады. Хаттардың ішіндегі ақпараттарды бірнеше рет қолдануға мүмкіндік беретін хаттардың архивтері бар. Сонымен қатар, қолданушыға қабылданған хатқа жауап беретін немесе сол хатты  басқа электрондық почта жәшігіне жіберетін мүмкіндіктерді ұсынады. Хаттармен қоса, электрондық почта арқылы көлемі және пішімі шектелмеген файлдарды алмастыру жұмысын жүргізуге болады. Осыдан қабылдаушы электрондық хаттың мәтінімен бірге сурет, бейне және аудиожазбаларды қабылдай алады. Білім беру жүйесінде электрондық почтаны қолдану арқылы ақпараттарды алмастыруы үйренуші мен педагогтар арасында ұйымдастырылған түрде жүргізілуі мүмкін.

Электрондық почта қызметі  өзімізге таныс “Клиент-сервер”  принципі бойынша жұмыс істейді. Тұтынушы компьютерінде оның электрондық почталық жәшігі тіркелген почталық сервермен үнемі байланыс жасап отыратын клиенттің почталық программасы (мысалы, Outlook Express) орнатылады. Байланыс сеансы кезінде тұтынушыларға жөнелтуге дайындалған корреспонденцияларды жөнелту және тұтынушы компьютеріне келген (кіріс) корреспонденцияларды қабылдау әрекеті орындалады. Бұдан кейін байланыс сеансы аяқталып компьютерлер бір-бірінен ажыратылады. Тұтынушы хаттарды құру және келген почтамен атқаратын жұмысты сол клиенттік программа көмегімен Интернетке қосылмай-ақ атқара алады. Мәліметтердің почта арқылы ары қарай жылжу сапары көптеген факторларға – мекен-жайдың географилық орнына, байланыс арналарының дұрыстығына, почталық серверлерге, олардың жүктемелік дәрежелеріне, т.б. байланысты болады. Электрондық почта арқылы оқушылар мәдени және географиялық айырмашылықтарына қарамастан бір-бірімен оңай және тез хабарласа алады

Электрондық пошта немесе e-mail – Интернеттің недәуір жиі қолданылатын мүмкіндіктерінің бірі. Күн сайын дүние жүзі бойынша миллиондаған  хабарламалар жөнелтіп, қабылдап алынып жатады. Интернетке қол жеткізу мүмкіндігі бар кез келген адам e-mail деген атпен белгілі хабарламаларды жөнелтіп, қабылдай алады.

Электрондық хабарламаларды жіберіп, қабылдай алу үшін электрондық поштамен жұмыс істеуге арналған бағдарламалық жабдықтар қажет. Ол не бүкіләлемдік торап құрамына кіреді, не сіздің компьютеріңіздегі бөлек бағдарлама болып табылады – мысалы, Microsoft Outlook. Бағдарламалық жабдықтың екі түрі де бірдей жұмыс істейді және мынадай қадамдарды көздейді:

  • Сіз хат жазасыз.
  • «Жөнелту» батырмасын шертеңіз. Сіздің бағдарламаңыз хабарламаны сандық форматқа ауыстырады.
  • Сандық хабарлама Интернет арқылы пошталық серверге жетеді.
  • Пошталық сервер қабылданған поштаны жинап, сұрыптайды да, жекелеген адресаттарға жібереді.

Электрондық хаттарды жөнелтіп, қабылдап ала алу үшін  сізге электрондық пошта мекен – жайы (электрондық поштаның тіркеулік жазбасы) қажет. Электрондық хаттарды тегін жөнелтіп, қабылдай алу үшін электрондық поштаның тіркеулік жазбасын жасауға мүмкіндік беретін веб-сайттар қызметіне жүгінуге болады: http://mail.kz, http://mail. Ru, http:hotmail және т.б.

Электрондық поштаның әрбір  тіркеулік жазбасы үшін сіз бірегей пайдаланушы аты мен құпия сөз аласыз, бұлар сізге электрондық поштаны әр тексерген сайын қажет болып отырады. Сізге біреу электрондық хат жіберсе, ол сіздің бірегей пошта мекен-жайыңыз арқылы тек сізге ғана жетеді.

1. -сурет. Hotmail Электронды

поштасы веб-сайты.

 

 

2- сурет. Тіркеулік жазба жасау

үшін пайдаланушы  атын енгізу

3. -сурет. Электронды пошта

мекен-жайын  енгізу

 

4. -сурет. Электронды пошта серверлерінің атауларын енгізу

 

Пошта жүйесін  баптау

Пошта бағдарламасы белгілі  бір пошта жәшігінен хаттарды жөнелтіп, қабылдай алу үшін тіркеулік жазба қажет. Outlook Express бағдарламасын баптаудың мәні осындай тіркеулік жазба жасауда. Жаңа пошта тіркеулік жазбасын үстеу үшін өз пошталық серверіңіздің түрін (POP3, IMAP немесе HTTP), келетін поштаға арналған сервер атауын және кететін поштаға арналған сервер атауын білуіңіз қажет.  Осы деректердің барлығын пайдаланушыға сервердің пошта қызметі электрондық мекен-жайды тіркеу кезінде хабарлайды.

Жаңа тіркеулік жазба  былайша жасалыды:

  • бағдарлама мәзірінде Құралдар – Тіркеулік жазбалар әмірін таңдап, ашылған сұхбат терезесінде Үстеу – Пошта батырмасын басу керек;
  • жаңа терезеде барлық кететін хабарламаларда Кімнен өрісінде көрініп тұратын пайдаланушы атын енгізу қажет
  • келесі терезеде электрондық пошта жәшігінің мекен-жайын көрсетіңіз
  • содан кейін сұхбат терезесінде келетін және кететін хабарламалар серверлерінің атауларын көрсету қажет

Пайда болған терезеде поштаны  оқуға арналған тіркеулік жазба  есімін (пайдаланушы атын) және поштаны  оқуға арналған құпия сөзді енгізу керек.

Жеке тегін пошта мекен -жайын алу

Электрондық пошта абонентінің  пошта жәшігі сервердің тұрғылықты дискідегі пайдаланушыға бөліп  берілген аумақ болып табылады. Ал пошта сервері пайдаланушылардың  пошта жәшіктері орналасатын  қашықтағы компьютер болып табылады.

Пошта жәшіктерінің атаулары мынадай  көріністе болады: ат@үйшік, бұндағы ат (Логин) – пошта серверінде тіркелі кезінде көрсетілетін бірегей ат. Үйшік сіз таңдаған пошта серверін көрсетеді. Үйшік атауы кем дегенде нүкте арқылы бөлінген екі бөліктен тұрады, олар: жоғарғы деңгей үйшігі және екінші деңгейлі үйшік: mail.kz, ok.kz, host.kz және т.б.

Пошта қызметі сайтына кіру үшін алдымен Internet желісіне қосылып, web шолғышты іске қосамыз да, мекен-жай жолағына пошта сервердің мекен-жайын енгіземіз.

Егер біз mail.kz пошта қызметін таңдасақ, шолғыш терезесінде алдымен толықтырып, тіркелі қажет нысанды көреміз. Бұл үшін «Тіркелу» сілтемесін шерту қажет.

Компьютерлік желілердің білім беру жүйесіндегі ролі