Корпоративтік салықтық жоспарлау

 

 

Курстық жұмыс

Тақырыбы: “Корпоративтік салықтық жоспарлау ”

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2013

Жоспар

 

КІРІСПЕ

1 КОРПОРАТИВТІК  ТАБЫС САЛЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ  ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

1.1 Корпортивтік табыс салығының түсінігі

1.2 Корпоративтік табыс салығын төлеушілер және оны есептеу тәртібі

2 КОПОРАТИВТІК  САЛЫҚТЫҚ ЖОСПАРЛАУ

2.1 Корпоративтік салықтық жоспарлаудың теорилық негіздері

2.2 Корпоративтік  салықтық жоспарлаудың әдістері

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Салықтар  мемлекеттің құрылуымен бірге пайда  болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Қандай да бір мемлекет тек қана белгіленген  меншік қаржылық базаға ие болған кезде  қызмет атқаруы мүмкін.

  Нарықтық жағдайда мемлекеттік  кірістердің қайнар көзі болып  салықтар табылады. Оны заңды  және жеке тұлғалар белгілі  бір мөлшерде белгіленген мерзімде  міндетті төлем ретінде мемлекетке  төлейді.

 Мемлекет  өзіне ақша қаражаттарын әр  түрлі тәсілдермен табады.

  Кейбір жағдайларда, ол иемденушіден  мемлекетке ерікті түрде ақшаны  беруде негізделетін тәсілді  қолдану мүмкін. Бұндай тәсілдің  классикалық мысалы – мемлекеттік  борыш (ішкі және сыртқы). Басқа  жаѓдайларда, мемлекетпен аќшаны  табу, оларды мәжбүрлі алу жолымен  іске асырылады. Бұл жерде классикалыќ  мысалы болып салыќтар табылады.

Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне  сәйкес елімізде салықтардың тоғыз  түрі төленеді, оның ішінде өте маңызды  салық болып корпоративтік табыс  салығы табылады. Осы салықпен байланысты сұрақтар неғұрлым мемлекет үшін, соғұрлым шаруашылық субъект үшін көкейтесті. Мемлекет үшін корпоративтік табыс  салығы – бюджеттегі кіріс бөлімінің  негізгі бабы, ал шаруашылық субъект  үшін – бұл салықтың үлестік салмағы  үлесі өте үлкен, осыдан кәсіпкерлік  қызметке тигізетін әсері елеулі. жұмыстың тақырыбы маңызды мәселе екенін жоғарыда айтылғаннан дәлелдейміз. жұмыстың мақсаты болып Қазақстан  Республикасының корпоративтік  табыс салығын өндіріп алу  механизмін қарастырып, оны жетілдіру  жолдарын ұсыну табылады.

 Осы мақсатқа  жету үшін келесі тапсырмалар  қойылады:

-салықтардың  мәнін қарастырып, экономикалық  маңызын ашу;

-корпоративтік  табыс салығын анықтау;

-корпоративтік  салықтық жоспарлаудың теориялық негіздерімен танысу;

-корпоративтік  табыс салығының мемлекеттік  бюджеттегі орнын қарастырып, талдау;

Корпоративтік салықтық жоспарлаудың әдістерін,ұстанмыдары  мен кезеңдерін анықтау.

1 КОРПОРАТИВТІК  ТАБЫС САЛЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ  ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

    1. Корпортивтік табыс салығының түсінігі

Корпоративтік табыс салығы салықтық түсімдерде және мемлекеттік бюджет кірістерінде едэуір орын алады ( тиісінше 32,7% және 23%-ға жуық (2008 ж). .Бұл салықты мемлекеттік  мекемелерді қоспағанда, Қазақстан  Республикасының заңи тұлға-резиденттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасында  кызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикадағы көздерден табыс алатын заңи тұлға-бейрезиденттер төлейді. Оңайлатылған мағлұмдама негізінде  арнаулы салық режімін колданатын заңи тұлғалар көрсетілген режім  шеңберінде салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыс  салығын есептейді және төлейді. Мыналар: салық салынатын табыс, төлем көзінен салық салынатын табыс және Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын заңи тұлға- бейрезиденттің таза табысы корпоративтік табыс салығы салынатын объектілер болып табылады. Салық салынатын табыс Салықтық кодексте көзделген түзетулерді ескере отырып, жылдық жиынтың табыс пен салықтық іиегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Жылдық жиынтық  табыс (ЖЖТ) әр түрлі көздерден алынған  заңи тұлға- бейрезиденттердің жылдық табысы болып табылады.табыстардың  бірнеше баптарында бір және сол  табыстар көрсетілуі мүмкін болатын  жағдайда, көрсетілген табыстар жылдық жиынтық табысқа тек бір рет  кіріктіріледі.Алынған ЖЖТ түзетілуі, яғни салық төлеушілердің бұл  табысынан белгілі бір сомалар  алып тасталуы тиіс.

Салық салынатын  табысты айқындау үшін түзетілген Жылдық жиынтық табысдан шегерімдер жүргізіледі.Салықтың шегерімдер деп салық заңнамасына  сәйкес шегерімге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, табыс алуға бағытталған  қызметті жүзеге асырумен байланысты салық төлеушінің шығыстарын айтады.Салықтық кодекске сәйкес шегерімге жатпайтын  шығыстарды қоспағанда, салық төлеушінің табыс алуға бағытталған кызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары  салық салынатын табысты айқындау кезінде шегерімге жатады. Шегерімге  жатқызылған шығыстардың мөлшері  белгіленген нормалардан аспауға  тиіс.Шегерімдерді салық төлеуші  өзінің табыс алуға бағытталған  қызметіне байланысты шығыстарды растайтын  құжаттары болған кезде жүргізеді. Бұл шығыстар болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар нақты жүргізілген халық аралық каржылық есептеменің стандарттарына және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептеме туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес анықталатын болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерілуге жатады.

Кәсіпкерлік кызметтен шегетін залалдар, сондай-ақ I топтың тіркелген ақтивтерінің шығып  қалуынан шеккен залалдар осы салық  кезеңдерінің салық салынатын табысы есебінен өтеу үшін кейінгі он жылды  қоса алғандағы кезеңге ауыстырылады.

 Бағалы  қағаздарды өткізу кезінде туындайтын  залалдар басқа бағалы кағаздарды  өткізу кезінде кұн өсімінен  түсетін табыс есебінен өтеледі.Егер  осы залалдар орын алған кезеңінде  өтеле алмайтын болса, онда  олар 10 жылға дейінгі мерзімге  алға ауыстырыуы және басқа  бағалы кағаздарды өткізу кезінде  кұн өсімінен түсетін табыстар  есебінен өтелуі мүмкін.

Арнаулы салық  компаниясының Қазақстан Республикасының  секьюритилендіру туралы заңнамасына  сәйкес жүзеге асырылатын қызметінен шеккен залалдары бөлінген ақтивтермен  қамтамасыз етілген облиғациялардың  айналымы мерзімі ішінде ауыстырылуы  мүмкін.

Ауыл шаруашылығы  өнімін өндіруші заңи тұлғалар және селолық  тұтыну кооперативтері үшін арнаулы  салық режімін колданатын салық  төлеуші шеккен заладар келесі салық  кезеңдеріне ауыстырылмайды.

Салық заңнамасына  сәйкес төлем көзінен ұсталатын  табыстарға мыналар жатады: ұтыстар;бейрезиденттердің  салық заңнамасына сәйкес айқындалатын, мұндай бейрезиденттердің тұрақты  мекемесімен байланысы жоқ Қазақстан  Республикасындағы көздерден алған  табыстары;заңи тұлғаларға төленетін  сыйақы. Төлем көзінен ұсталынатын  салықтың сомасын салық агенті анықтайды.

Корпоративтік табыс салығының  мынадай мөлшерлерде мөлшерлемелері белгіленген:

 табыс көзінен салық  салынбайтын табысқа - 20%; заңи  тұлғалар – ауыл шаруашылығы  өнімін өндірушілердің табысына, егер мұндай табыс ауыл шаруашылығы  өнімін, арашаруашылығы өнімін өндіру, сондай-ақ ез өндірісінің көрсетілген  өнімді өңдеу және өткізу бойынша  кызметін жүзеге асырудағы алынған  болса- 10%; Салықтық кодекске сәйкес  анықталатын бейрезиденттердің  мұндай бейрезиденттердің тұрақты  мекемесімен байланысты емес төлем көзінен салық салынатын табыстарына 5%-дан 20%-ға дейін:

1) төменде көрсетілген  табыстарды қоспағанда табыстарына  - 20%;

2) жеңілдікті салық салуы  бар мемлекетте тіркелген тұлғаның  табыстарына - 20%;

3) тәуекелдерді сақтандыру (қайта сақтандыру) келісімшарттары  бойынша сақтық сыйлықақыларына  - 10%;

4) халық аралық тасымалдарда  көлік кызметтерін көрсетуден  түсетін табыстарына- 5%;

5) кұн өсімінен түсетін  табыстарға, дивидендтерге, сыйақыларға,  роялтиге - 15%;

Қазақстан Республикасында  кызметін тұрақты мекеме аркылы жүзеге асыратын заңи тұлға-бейрезиденттің таза табысы корпоративтік табыс салығына қоса белгіленген тәртіппен - 15%.

 Бейрезиденттердің Қазақстан  Республикасындағы көздерден алатын, осындай бейрезиденттердің тұрақты  мекемесімен байланысты емес  табыстарына жеке табыс салығының  белгіленген мөлшерлемелері бойынша  салық салынады.

Салық заңнамасында корпоративтік табыс салығы, жер  салығы, мүлік салығы бойынша инвестициялық  салық преференцияларын беру карастырылған. Бюджетке төленуге жататын корпоративтік  табыс салығының сомасын айқындау кезінде салық заңнамасына сәйкес оның есептелген сомасы 100 пайызға азайтылады.Осындай  көзделген салық сомасын кеміту корпоративтік табыс салығы бойынша  аванстық төлемдер сомаларын есептеу  кезінде де колданылады.[1]

Арнаулы экономикалық аймақтардың аумағында орналасқан және кызмет түрлерін жүзеге асыру  кезінде пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша:

1) жер салығын есептеу  кезінде тиісті мөлшерлемелерге  0 коэффиценті;

2) мүлік салығын есептеу  кезінде салық салу объектілерінің  жылдық орташа құнына 0 пайыздық  мөлшерлеме колданылады.

Крпоративтік  табыс салығына арналған салық кезеңі 1 каңтардан 31 желтоқсанға дейінгі  күнтізбелік жыл болып табылады.Корпоративтік  табыс салығының төлеушісі орналасқан жері бойынша салық органына корпаративтік  табыс салығы бойынша маглұмдаманы 31 наурыздан кешіктірмей табыс  етеді. [2]

Корпоративтік табыс салығын салу объектілері мыналар болып табылады:

1) салық салынатын табыс;

2) төлем көзінен салық салынатын табыс;

3) Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Корпоративтік табыс салығын төлеушілер және оны есептеу тәртібі

Корпорациялық табыс салығы салық  кезеңi үшiн белгiленген ставканы ауыстырылатын  залалдар сомасына азайтылған салық  салынатын табысқа жүргiзiлген түзетулердi ескере отырып қолдану жолымен есептеп  шығарылады. Салық төлеушiлер белгіленген мерзімде аванстық төлемдердi енгiзу жолымен салық кезеңi iшiнде корпорациялық табыс салығын төлейдi.

Салық кезеңi iшiнде төленетiн  корпорациялық табыс салығы бойынша  аванстық төлемдер сомаларын салық  төлеушi ағымдағы салық кезеңi үшiн  корпорациялық табыс салығының  болжамды сомасын негiзге ала  отырып, бiрақ егер осы бапта өзгеше көзделмесе, өткен салық кезеңi үшiн  аванстық төлемдер сомаларының есебiндегi аванстық төлемдердің орташа айлық  есептелген сомаларынан кем емес етiп есептеп шығарады.

Өткен салық кезеңi үшiн корпорациялық  табыс салығы бойынша декларацияда көрсетiлген iс жүзiндегi салық мiндеттемесiнiң  сомасы өткен салық кезеңi үшiн  аванстық төлемдер сомаларының есебiндегi аванстық төлемдер сомаларынан асып кеткен кезде, салық төлеушi өткен  салық кезеңi үшiн корпорациялық  табыс салығы бойынша декларацияда көрсетiлген iс жүзiндегі салық  мiндеттемесi мөлшерiн негiзге ала  отырып, декларация тапсырғаннан кейiнгi кезең үшiн аванстық төлемдер сомаларын  есептеуге Салық төлеушi төлеуге тиiс аванстық төлемдер сомалары салық кезеңi iшiнде тең үлестермен төленедi.

Салық төлеушi корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға  дейiнгi кезең iшiнде төленуге тиiс  аванстық төлемдер сомаларының есебiн  жасап, есептi салық кезеңiнің 20 қаңтарына  дейiн салық төлеушiнiң тiркелген  орны бойынша салық органына табыс  етедi.

Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырылғаннан кейiн төленуге тиiс  аванстық төлемдер сомаларының есебiн  салық төлеушi декларацияны тапсырған  күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде, бірақ есептік салық кезеңінің 20 сәуірінен кешіктірмей табыс  етедi.

Салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша  залал шеккен немесе салық салынатын  табысы жоқ салық төлеушiлер корпорациялық  табыс салығы бойынша декларация тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс  күні ішінде, сондай-ақ жаңадан құрылған салық төлеушілер құрылған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде салық  кезеңi iшiнде төленуге тиiс аванстық төлемдердiң болжамды сомасының есебiн салық органына табыс етуге мiндеттi.

Салық төлеушi салық кезеңi iшiнде, өткен салық кезеңi үшiн  декларация тапсырғанға дейiн төленуге тиiс аванстық төлемдердiң сомаларын  қоспағанда, түзетудің себептерiн  жазбаша негiздей отырып, салық кезеңiнiң  алдағы айлары үшiн аванстық төлемдер сомаларының түзетiлген есебiн беруге құқылы.

Салық төлеушiлер корпорациялық табыс  салығын төлеудi өзiнiң тұрып жатқан орны бойынша жүзеге асырады.

Салық төлеушiлер корпорациялық табыс  салығы бойынша аванстық төлемдердi бюджетке белгiленген салық кезеңi iшiнде, анықталған мөлшерде ағымдағы айдың 20-сынан  кешiктiрмей ай сайын төлеп тұруға мiндеттi.

Салық кезеңi iшiнде енгiзiлген аванстық төлемдер сомалары салық кезеңi үшiн корпорациялық  табыс салығы жөнiндегi декларация бойынша  есептеп шығарылған корпорациялық  табыс салығын төлеу есебiне жатқызылады.

Салық төлеушi салық  кезеңiнің қорытындысы бойынша  корпорациялық табыс салығы бойынша  түпкiлiктi есеп айырысуды (төлемдi) декларация тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүзеге асырады.

Төлеушілер

1. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар алатын резидент емес заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылады.

2. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар осы Кодекстің 61-тарауына сәйкес, көрсетілген режим шеңберінде салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыс салығын есептейді және төлейді.

3. Ойын бизнесі салығын, тіркелген салықты төлеушілер осы Кодекстің 411, 420-баптарында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылмайды. [2]

Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері

1. Уәкілетті орган корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысандарын салық төлеушілердің мынадай санаттарының әрқайсысы үшін:

1) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары, өзара сақтандыру қоғамдары;

2) коммерциялық емес ұйымдар;

3) әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

4) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша немесе өнімді бөлу туралы келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;

5) өздеріне декларацияны жасау және табыс ету жөніндегі міндет белгіленген, осы тармақта көрсетілмеген корпоративтік табыс салығын басқа да төлеушілер үшін жеке-жеке осы декларацияға қосымшалармен қоса бекітеді.

2. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысқа енгізілген табыстардың корпоративтік табыс салығын, шегерімге жатқызылған шығыстарды, олардың түзетілімдерін, салық салынатын табысты (залалды), салық салынатын табысты азайтатын табыстар мен шығыстарды, шеккен залалдарды, салық кезеңі үшін есептелген салық сомасын және салық кезеңі үшін есептелген салық сомасын азайтатын салықтар сомасын декларациялауына арналған.

Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалар салықтық бақылау мақсатына орай салық қызметі органдары пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:

1) құн өсімінен түсетін табыстар (залалдар) жөніндегі;

2) күмәнді міндеттемелер, күмәнді талаптар бойынша табыстар мен шығыстар, міндеттемелерді және талаптарды есептен шығару, оның ішінде кредиторлар мен дебиторлар бойынша есептен шығару жөніндегі;

3) сыйақылар бойынша табыстар мен шығыстар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Сыйақылар бойынша шығыстар жөніндегі осы қосымшаның нысаны сыйақы алушылар бойынша белгіленуі мүмкін;

4) өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шығыстар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар үшін өнім берушілер бойынша белгіленуі мүмкін;

5) свопты қоспағанда, туынды қаржы құралдары бойынша табыстар (залалдар) жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны келісімшарт жасаушы агенттер бойынша белгіленуі мүмкін;

6) резидент еместің басқару және жалпы әкімшілік шығыстары жөніндегі;

7) инвестициялық салық преференциялары жөніндегі;

8) салық салынатын табысты азайтатын табыстар мен шығыстар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны өтеусіз берілген мүлікті, демеушілік көмекті алушылар бойынша белгіленуі мүмкін;

9) амортизациялық аударымдар, жөндеуге жұмсалатын шығыстар және тіркелген активтер бойынша басқа да шегерімдер жөніндегі;

10) шетелдік көздерден алынатын табыстар жөніндегі, жеңілдікті салық салынатын елдерде тіркелген немесе орналасқан компаниялар пайдасының немесе пайдасының бір бөлігінің сомалары жөніндегі, сондай-ақ төленген шетелдік салық және есепке жатқызылу сомасы жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны осындай табыстар алынған тұлғалар бойынша белгіленуі мүмкін;

11) алынған стандартты салық жеңілдіктері бойынша салық міндеттемесін есептеу жөніндегі;

12) халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуға жататын табыстар жөніндегі ақпаратты;

13) корпоративтік табыс салығы бойынша декларациямен табыстар мен шығыстар туралы есепті салыстыруды;

14) своп бойынша табыстар (залалдар) жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны келісімшарт жасаушы агенттер бойынша белгіленуі мүмкін;

15) мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшылары және (немесе) сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушылар бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер, салық міндеттемесі туралы;

16) резиденттің Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде орналасқан тұрақты мекемелері шегерімге жатқызатын, резиденттің басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстары жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін.

Салық ставкалары

1. Егер осы баптың 2-тармағында  өзгеше көзделмесе, салық төлеушінің  осы Кодекстің 133-бабында көзделген  табыстар мен шығыстар сомасына  және осы Кодекстің 137-бабында  белгіленген тәртіппен ауыстырылатын  залалдары сомасына азайтылған  салық салынатын табысы 15 проценттік  ставка бойынша салық салуға  жатады.

2. Негізгі өндіріс құралы  жер болып табылатын салық  төлеушінің осы Кодекстің 133-бабында  көзделген табыстар мен шығыстар  сомасына және осы Кодекстің  137-бабында белгіленген тәртіппен  ауыстырылатын залалдары сомасына  азайтылған салық салынатын табысы 10 проценттік ставка бойынша салық  салуға жатады.

3. Резидент еместердің  Қазақстан Республикасындағы көздерден  алатын табыстарын қоспағанда, төлем  көзінен салық салынатын табыстар  төлем көзінен 10 проценттік ставка  бойынша салық салуға жатады.

4. Резидент еместердің  осы Кодекстің 192-бабына сәйкес  айқындалатын Қазақстан Республикасындағы  көздерден алатын, осындай резидент  еместердің тұрақты мекемесімен  байланысты емес табыстарына  осы Кодекстің 194-бабында белгіленген  ставкалар бойынша салық салынады.

5. Қазақстан Республикасында  қызметін тұрақты мекеме арқылы  жүзеге асыратын резидент емес  заңды тұлғаның таза табысы  корпоративтік табыс салығына  қоса осы Кодекстің 199-бабында  белгіленген тәртіппен 15 проценттік  ставка бойынша салық салуға  жатады. 

Салық кезеңі

1. Корпоративтік табыс  салығы үшін 1 қаңтар - 31 желтоқсан  аралығындағы күнтізбелік жыл  салық кезеңі болып табылады.

2. Егер ұйым күнтізбелік  жыл басталғаннан кейін құрылса,  оның құрылған күнінен бастап  күнтізбелік жылдың аяғына дейінгі  уақыт кезеңі ол үшін бірінші  салық кезеңі болып табылады.Бұл  ретте ұйымның әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткен күні оның құрылған күні болып есептеледі.

3. Егер ұйым күнтізбелік  жылдың аяғына дейін таратылса,  қайта ұйымдастырылса, жыл басталғаннан  бастап тарату, қайта ұйымдастыру  аяқталған күнге дейінгі уақыт  кезеңі ол үшін соңғы салық  кезеңі болып табылады.

4. Егер күнтізбелік жыл  басталғаннан кейін құрылған  ұйым осы жылдың аяғына дейін  таратылса, қайта ұйымдастырылса, құрылған күнінен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған  күнге дейінгі уақыт кезеңі  ол үшін салық кезеңі болып  табылады. 

Салық декларациясы

1. Қазақстан Республикасындағы  көздерден тек қана төлем көзінен  салық салуға жататын табыстар  алатын және Қазақстан Республикасында  қызметін тұрақты мекеме арқылы  жүзеге асырмайтын резидент еместі  қоспағанда, корпоративтік табыс  салығын төлеуші, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны орналасқан жеріндегі салық органына есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

2. Корпоративтік табыс  салығын төлеуші корпоративтік  табыс салығы бойынша декларациямен  бір мезгілде өзі орналасқан  жердегі салық органына қаржылық  есептіліктің халықаралық стандарттарына  және бухгалтерлік есеп пен  қаржылық есептілік туралы Қазақстан  Республикасы заңнамасының талаптарына  сәйкес жасалған жылдық қаржылық  есептілікті табыс етеді.

3. Корпоративтік табыс  салығы бойынша декларация салық  салу объектілері және (немесе) салық  салумен байланысты объектілер  туралы ақпаратты ашып көрсету жөніндегі декларациядан және оған қосымшалардан тұрады.

4. Оңайлатылған  декларацияның негізінде шағын  бизнес субъектілері үшін арнаулы  салық режимін қолданатын салық  төлеуші осы Кодекстің 427-бабына  сәйкес салық салынатын табыстар  бойынша корпоративтік табыс  салығы жөніндегі декларацияны  табыс етпейді. [2]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 КОПОРАТИВТІК  САЛЫҚТЫҚ ЖОСПАРЛАУ

2.1 Корпоративтік салықтық жоспарлаудың теорилық негіздері

Экономикалық өсуге өту стратегиясын камтамасыз ету үшін Қазақстанда  нарықтық қарым қатынастарына жауап  беретін салық жүйесі болып табылады. Қазақстан Республикасында салықтарды басқарудағы әдістерді толық  пайдаланылуқиыншылықтары елдегі бір  салық жүйесі жеткіліксіздігінен туындайды: олар салық потенциалы және салық  менеджменті.

Жалпы мемлекеттік салықтық жоспарлаудың мақсаты: бюджет салық төлеушінің салықтың жалпы қаржы ресурстарының ішінде анықтау. Бұл ресурстарды жоспарлауда  басқару органдары мүмкіншілігінше  жоғары деңгейде алудыжасауға бағытталады.Бұл  процесс қоғам дамуына байланысты жалпы тұтынушылық өсуін есептеуге  негізделеді; қаржы есептілігін  өсі қажеттілігін А.Вагнер   негіздеген, соған байланысты заңдылық қалыптасқан, мемлекеттік щығыстарды өсу тенденциясын анықтап отырды.

Ұлттық шаруашылықты орталықтандыратын  жүйе бойынша басқару кезінде  басқару қызметінің маңызды сферасы  қатаң реттелінеді.   Ол салықты  жоспарлау және болжау, ақпаратты  талдау және қадағалау, бұл кез келген жолмен дерективті  құрылатын жоспарды орындалуды мақсат етеді.   Әкімшілік ұжымдық жүйеден нарыққа өту салық салуды басқаруына терең экономикалық мағынат беріп оған мүлдем басқа талаптар қояды.  Мамандардың пікірінше,   елдегі салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді жинау деңгейі  тек фискалды органдардың қатаң бақылауынан емес, салық саясатынын жетілдірілуіне  нарықтық реформалар, экономикалық активті субьектілер нарықтық қатынастардың өсуіне ықпал етеді.   Бұл қарым өатынастрада басты рөл атқаратын мемлекеттің мақсаты, бір  жағынан фискалды мәселе,   екінші жағынан бюджетті қалыптастыру,   елдегі салық жүйесін басқару әлеуметтік экономикалық категорияны  басқарудың негізі болып табылады.    Салық салуды басқаруда оның әлеуметтілігі айқын көрінеді.  Салық экономикалық категория ұлттық көріністің бөлігі, мемлекеттің және өндіріс процессінің арасында   әр уақытта қарым қатынасты тудырады.

Салық құқығы және оны толықтандыратын теориялық практикаға негізделген салық менеджменті салық механизмінің барлық элементтер құрылымының   өзегі болып табылады.  Салық құқығы нормалары салық жүйесін ұйымдастырады және оны бүкіл салық механизміне таратуды көздейді. Сол сияқты барлық жағынан жетілдіру мен координациясымен жұмыс жасайтын мемлекеттік басқаруға мемлекеттік салық менеджменті түсінігі біртекті.

Корпоративтік салықтық жоспарлау  бұл мемлекеттің ерекше сфрасы, оның міндеттері:

  • Кәсіпорынның орта мерзімді перспективті болжамды табысының   өсуі мен есеп айырысулар негізінде   салықтық   объектісін болжау;
  • Мелекеттік әлеуметтік бағдарламал үшін  шығынсыз бизнесты ынталандыратын  жаңа салық концепциясын құру;
  • Сыртқы экономикалық қызмет жүйесінде протекционистік саясатты қамту үшін салықтық негіздемелерді  құрастыру

Бұл міндеттемелердің орындалуы  отандық салық салудың   нарыққа  бейімделуін тездетеді,  бұл оның  салық қатынастарының   үлесінің халықаралық жүйесіне өтуіне мүмкіндік  береді.   Мемлекеттік салық  менеджменті   ерекше ғылыми тәжірибелік  процесс ретінде өзінің мазмұнын ұйымдастыру шарты және мақасттық нұсқалары бойынша өте сыйымды.  Ол экономиканы басқару жүйесінде алдыңғы орын алады.

Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» даму стратегиясының басым  бағыттарында сипатталғандай, жоғарғы  дәрежелі өркениетті нарықта  экономикалық өсудің нақты тұрақты өсу қарқынына  қол жеткізу барысында салықтық жоспарлау маңызды орынға ие. Аталмыш  басым бағыттарды жүзеге асыруды  бір жағынан салық әкімшілігін, оның ішінде салықтық жоспарлауды жетілдіру  арқылы  жүргізуге болады. Сондықтан  салықтық жоспарлауды теориялық  тұрғыдан талдау өзекті мәселелердің санатына жатады.

Жалпы алғанда салықты жоспарлау – ең аз шығынмен ең жоғарғы қаржылық нәтижеге жету үшін салық салу жүйесін ұйымдастыру.

Салықтық  жоспарлау салық салуды тиімді етуді, салық төлемдерін кемелдендірудің  жағдайлы схемаларын әзірлеуді, түрлі  басқарушылық шешімдердің салықтық салдарын уақытылы талдау үшін салық  салуды ұйымдастыруды білдіреді. Салықтық жоспарлау аясында салық төлемдерін жоспарлау кәсіпорынға қолда  бар ресурстарын тиімдірек басқаруға  мүмкіндік береді.

Салықтық  жоспарлауға негіз болып мемлекеттің  салық, бюджет, инвестициялық саясаттарының  негізгі даму бағыттарын ескеру; кәсіпорынның есеп саясатын жүргізу; заң бойынша  белгіленген барлық салық жеңілдіктерін  толық және дұрыс қолдана отырып, салық төлеушінің салық міндеттемесін орындау; салық төлеу мерзімін ұзарту, салық және инвестициялық жеңілдіктерді алу мүмкіндігін бағалау, т.б.  тәрізді факторлар танылады.

Корпоративтік салықтық жоспарлау