Корпоративті бағалы қағаздар нарығының дамуы
Жоспар
Кіріспе .............................. 1. Бағалы қағаздар туралы жалпы
шолу.......................... 1.1 Бағалы қағаздардың пайда
болу тарихы........................
1.2 Бағалы қағаздар нарығы
пайда болуының құқықтық негіздері.....................
1.3 Бағалы қағаздар нарығын
реттеу........................
2. Құнды қағаздар рыногы........................
2.1 Құнды қағаздардың түрлері, қызметтері және мәні.........17
3. Қазақстан Республикасындағы
құнды қағаздардың қалыптасуы....................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер....................
|
Кіріспе
Құнды қағаздар, ең алдымен, мүлікті иеленуге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі.
Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрлі болуы мүмкін:
Не заң жүзінде бекітілген жеке құжат түрі;
Не есепшотқа енгізілген жазу түрі.
Егер басқа адамға иемденуге берілсе, бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше куәлік толтырылып келеді. Оны иемдену құқын беретін құжатты сертификат деп атайды.
Қазақстанның орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту қоғамдық өндіріс сипатын өзгертуде. Олар меншік қатынастары шаруашылық субъектілерінің құрылымы қаржылық байланыстарының формалы: қоғамның мүдделігінің дәрежесі.
Нарық күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол, бір жағынан, тауар және көрсетілген қызмет нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегінде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлік нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтық өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмді құрайды. Ал, бұл механизм несиеге негізделген. Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшілігі іскерлік шартқа қол қойып, өздеріне бағалы қағаз түрінде міндеттеме алады.
Кәсіпкерліктің өзара жасаған әл осы міндеттемелері – экономикалық механизмнің тұрақтылығының кепілі.
Қазіргі кезінде құнды қағаздар туралы тақырыптар актуальды болып келеді.
Не үшін мен бұл тақырыпты таңдадым? Қандай факторлар Қазақстандық құнды қағаздар рыногының төмен дәрежеде қалыптасуына әсер етті?
Оның бірнеше факторын көрсетуге болады:
Бұл Қазақстанның нарықтық экономиканың көшуіне тікелей байланысты келуі;
Қазақ елінің жоспарлы-орталықтанған экономиканы қолдау;(ескі технологияны қолдау)
Не болмаса халықтың көпшілігі оны ары қарай дамыту үшін адам болған жоқ па? Не оны жүзеге асыру үшін қаржы болған жоқ па? Сол үшін, Қазақстанның құнды қағаздар жүйесін көтеру үшін, мен бұл тақырыпты таңдадым.
Мен, осы орайда, жұмысты бастау үшін көп материалды жинадым, соның ішінде, Б. Кашенова мен М. Мұхаметтің экономикалық кітаптарын және “Егеменді Қазақстан” газеттерін және т.б. материалды қолданып, оны бір жүйеге келтірдім. Сонымен бірге, мен, купон, номинал, облигация, облигация рейтингі, облигация курсы, акция, вексель, аудармалы вексель, акцепт, сертификат, индоссамент, инвестициялы класты және т.б. терминдерді қарастырдым.
Сондықтан, Қазақстандық құнды қағаздар рыногының қалыптасуын терең зерттеп, оны келешекте Батыс Еуропа Елдердегі сияқты немесе басқа моделін қолданып, БИІК ШЫҢҒА ЖЕТУ КЕРЕК!
Бағалы қағаздар туралы жалпы шолу
- Бағалы қағаздардың пайда болу тарихы
Бағалы қағаздардың пайда болу тарихы меншік айналымының объекті тарихи кезеңімен тікелей байланысты болып келеді. Өте ерте кезеңде адамдар бір тарихи формациядан екінші формацияға өткенде, олар тауар мен ақшалардың басқаша орналастыру қажеттілігін алды, бірақ бұл басқаша орналастыру тәсілі тиімсіз болды.
Бұл жолды, ең бірінші, юристтер б.э.д. 4-5 ғасырда тауып, оны былай көрсеткен:
Аңғарғандар құжаттар, куәланған нақтылы келісімнің өздері айналдыру, ерекше руға тауар, құндылықтардың ерекше жүйесін, сөз өзіне меншікті мәнінде тауарлармен емес, ақшалармен емес сәйкес келмеушілердің. Құжаттар соған дейін келісімдер туралы орындалып жатқанда сазды және балауыздарды табличкаларда, папирусте немесе пергаментте, олар кең таратуын алған жоқ.
Кейін, 6 ғасырда Қытайда қағаз ойланып табылды. 9-10 ғасырда бұл өндіріс рецептін Батыс Еуропа Елдері қолданады. Нақ осы жерде, натуральды шаруашылық және феодалдық бытыраңқылықтың ету шартын қолдап және олар нарықтық шаруашылықтан алыс болғанымен, қағаз арқылы құжаттың белгілі нақты келісімін мойындау және таратуы жалпыға бірдей алынып, экономикалық айналымының объекті ретінде танылды. Бағалы қағаздар - акциялар, облигациялар, вексельдің және мүлік құқықтардың басқа куәліктері, жекеленгендер өз негізімнен, ұнағандар сондай сапада заң шығарылады.
Мүліктің әрбір түріне өзіндік бағалы қағаздарым талапқа сай бола алады, меншік арқау болуын өз кезегінде жасай алады, сатылып алынады және сатылады, кепілге беріледі.
Құнды қағаздар нарығы субъектілерінің
қатынастары экономикалық-құқық
Құнды қағаздар кез-келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей хадық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады.
Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне орй құнды қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережелерін қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90-шы жылдардың басында құрыла бастады.
90-шы жылдардың экономикалық
тәжірибесі дәлелденгендей
Қазіргі өндірістің жалпы құлдырап қысқаруы кезінде мемлекеттік жалпы ұлттық өнімдегі өндіріс инвестициялық үлесін арттыру бағалы қағаздар нарығының потенциалды қорларын пайдаланбай іске асуы мүмкін емес.
1996 жылдың аяқталу
кезінде Қазақстан бағалы
1997 жылдың 5 наурызында
«Бағалы кағаздар нарығы
1997 жьілы жүргізілген тендердің нәтижесінде ¥лттық банк пен Қазақстан кор биржасының біріккен ұсынысы жеңіске жетіп, «Бағалы қағаздардың Ортлық депозитарийі» ЖАҚ құрылды. Ол Қазақстан қор биржасымен бірігіп қор нарығының техникалық инфрақұрылымының негізгі өзегі болып есептеледі. Орталық депозитарий бағалы қағаздар бойынша есеп айырысудың халықаралық стандарты саналатын - «Отыздар тобының» ұсынысымен құрылған.
Заң негізінде бағалы қағаздар нарығындағы қызметпен бірге басқа да кәсіпкершілікпен айналысуға тыйым салу және меншікті капиталының төменгі деңгейін бекітуге байланысты брокерлік-дилерлік құрылым да тәртіпке салынды. Егер 1997 жылдың басында брокерлік-дилерлік ұйымдар саны 93 болса, ал 1 шілдеде ол 43-ке дейін азайды. Олардың ішінде банктік емес ұйымдар саны сәйкесінше 65 жэне 14 еді. Сондай-ақ осы жылы алғашқы кастодиан-банктер пайда болып, эмиссияланған бағалы қағаздарды тіркеуші-реестр қызметі құрылды. Егер жыл басында тек 4 тіркеуші болса, ал жыл соңында ол 34-ке жетті. Тіркеушілер санының бұндай жедел қарқынмен өсуінің негізгі факторы қабылданған заңнамалық актілерге сәйкес акционерлерінің саны 500-ден асатын акционерлік коғамдардың акциясын ұстаушылардың реестрін тек тәуелсіз тіркеушілер ғана жүргізуі керектігі себепші болды. Сөйтіп, 1997 - 1999 ж.ж Қазақстан реестр ұстаушыларының Ассоциациясы құрылғанша бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеуді екі мемлекеттік орган, атап айқанда, Бағалы қағаздар жөніндегі ¥лттық комиссия және өзінің территориялық басқармалары арқылы Әділет министрлігі жүзеге асырды. Екі бірдей толык қүкылы жүйені бағалы кағаздар эмиссиясын мемлекеттік тіркеуден өткізуге пайдаланудың бір себебі - жергілікті жерлерде ¥лттық комиссияның аймактық белімшелерінің болмауынан.
1997 жылдың 20 маусымында
қабылданған «Қазақстан
2001 жылдың 11 маусымында
Қазақстан Республикасы
Қазақстан бағалы қағаздар
нарығының дамуы барысында
• 2000 жылғы 18 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі туралы»;
• 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы»;
• 2003 жылғы 2 шілдедегі «Бағалы қағаздар нарығы туралы»;
• 2003 жылғы 4 шілдедегі «Қаржы нарығы мен қаржылық үйымдарды мемлекеттік реттеу жэне кадағалау туралы»;
• 2004 жылғы 6 шілдедегі «Қазақстан Республикасындагы кредиттік бюролар жэне кредиттік тарихты қалыптастыру туралы»;
• 2004 жылғы 6 шілдедегі «Инвестициялық қорлар туралы». 2003 жылдың 13 мамырында қабылданған «Акционерлік қоғамдар туралы» жаңа заңның бұрынғы 1998 жылдың 10 шілдесіндегі «Акционерлік қоғамдар туралы» қолданыста болған заңнан өзгешелігі төмендегідей:
1. Акционерлік қоғамды «ашық», «жабық» деп типке бөлу жойылған.
2. Жарғылық капиталының минимальды мөлшері анағұрлым өсірілген.
3. Акцияларды мемлекеттік
тіркеусіз салықтық
4. Жарияланған акцияларды шығаруды мемлекеттік тіркеуден өткізу 1 рет жүргізіледі.
5. Акцияларды жабық тәсілмен орналастыруга шектеу қойылған.
6. Дивидендтерді төлеу мерзімін өткізіп алганы үшін айыппұл төлеу енгізілген;
7. Соттың шешімі бойынша акцияны өтеу процедурасы енгізілген.
8. Бұрын мемлекеттік қызметте болған адамдарды қоғамның басшы органдарына сайлауға шектеу қойылган.
9. Процедуралық мәселелер бойынша егжей-тегжейлі талаптар (акционерлердің жалпы жиналысын дайындау және өткізу, директорлар кеңесін сайлау және оның мәжілісін өткізу және т.с.с) қойылған.
10. Аффилиирленген жақтар туралы тарау енгізілген ( бүрынғы заңда ол туралы тек түсінік берілген болатын).
11.«Орналастыру бағасы», «ірі акционер», «төлем агенті» деген ұғымдар енгізілген.
12. Тек қана тәуелсіз тіркеушілердің акция ұстаушы реестрін жүргізуі бойынша шектеу қойылған.
13. Халықтық акционерлік
коғам екенін білдіретін
Қорыта айтқанда, заңның 11 тарауы 90 бабының 1 тармағында «Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қүрылған коғамдар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде өздерінің құрылтай құжаттарына тиісті өзгерістер енгізуге міндетті» және 2 тармағында «Осы талаптарды орындамаған қоғамдар белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей қоғамды қайта ұйымдастыруды жүргізуге немесе оны таратуға міндетті» делінген.
1.2 Бағалы қағаздар нарығы пайда болуының құқықтық негіздері.
Кез-келген заңның мазмұны қоғамда орын алып және одан әрі дамып келе жатқан экономикалық құбылыстарға сай болуы шарт. Себебі құқықтық нормаларды шығару белгілі-бір экономикалық мүдделерге қызмет көрсетуге бағытталған. Қазақстан халық шаруашылығын дамытулдың «кеңестік» үлгісінен экономиканың еркін өркендеуінің нарықтық үлгісіне өту кезі құқықтық негізді түбегейлі реформалау арқылы нарықтық қатынастарды дамытуға жол ашатын заң шығару қажет етеді. Әлбетте мұндай реформа жүргізудің мақсаты – осы тұрғыда тіпті жаңа заң шығару емес, революцияға дейіңгі Ресей империясы мен Кеңес мемлакетінің жаңа экономикалық саясат кезінде орын алған құқықтық институттарды қалпына келтіру және нарықтық үлгімен дамыған өркениетті мемлекеттердің (мыс. АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония және т.б.) тәжірибесін үйреніп, оны мемлекетіміздің экономикасын реттеуге бейімдендіру.
Бағалы қағаздар нарығы құқықтық қамтамасыз ету деген мемлекеттік органдардың бағалы қағаздар айналасы тиімді және мағыналы болуы үшін белгілі-бір жағдай жасайтын заңдар шығару. Сол заңдардың мемлекет мүддесі мен халық керегін қанағаттандырып бет алған қоғамның объективті экономикалық талаптарына сай келуі. Қазіргі кезде Қазақстанның заңдарына мемлекетіміздің егемендік алғанынан бергі шыққан заңдар, Президенттің жарлықтары және үкіметтің кауылары, сонымен қатар Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның құқықтық актілері жатады. Бағалы қағаздар нарығын құқықтық ережелермен қамтамасыз ету мәселесіне ақшалы қарыз міндеттемелерінің айналысы (яғни оларды сату және сатып алу) және белгілі-бір ұйымдық-құқықтық түрде құрылған шаруашылық субъектілерін басқару мен олардың меншігіне қатынасу құкығы кіреді. Бағалы қағаздар нарығындағы мүліктік кұқық олар туралы шыққан заңдарда көрсетілген ерекше құжатпен расталады. Ол құжат багалы қағаздар деп аталады. Бірақ олардың кейбірі азаматтық- құқықтық қатынастармен расталғанымен бағалы қағаздар нарығына айналыскд түспейді. Мыс, Қазақстан заңдары бекіткен - ипотекалық куәліктер, сол сияқты коносамент және тауарларды орналастыру құжаттары тауар нарығына айналысқа түседі. Ал бағалы қағаздар нарығы, алдыңғы тарауда айтып кеткеніміздей, қаржы нарығының құрамдас бөлігі. Қаржы нарығы капитал нарығы мен ақша нарығынан құрылатындықтан бұл жерде осы аталған екі нарықтың құқықтық қамтамасыз етілуі сөз болады.
Бағалы қағаздар туралы қазіргі Қазақстан заңдары біраз кезеңнен өтті.
1917 жылы Қазан революциясына
дейін Қазақстан Ресей
1977 жылы қабылданған КСРО Конституциясында да жеке меншік, еркін кәсіпшілік іс-әрекеттері қаралмагандықтан айналымға акциялар, облигациялар шығаратын акционерлік қоғамдар және баска шаруашылық кәсіпорындары мен шаруашылық серіктестіктерін кұру туралы құқық болған жоқ. Алайда, мемлекеттің «өз ішінде» айналымға түсетін мемлекеттік облигациялар шығарылып, олар бағалы қағаздар деп аталды. Мем лекетке де облигация сатып, акша тарту, халыққа да облигацияны сатып ал ып, аз болса да не проценттік өсім, не ұтыс алу тиімд і болды. Бірақ ол облигациялардың қолдан-қолға өтіп, сату-сатып алу айналысы, яғни бағалы қағаздармен «ойын» ұйымдастыратын қызығушылық ынта болмады. Себебі, мұнда азаматтық құқықтың негізі - келісім еркіндігі сақталған жоқ, яғни облигациялар міндетті түрде күшпен жалақының бір бөлігінің орнына берілді.
Дегенмен КСРО халықаралық сауда-есеп айырысуында төлем қаржысы ретінде вексельдер, чектер жэне сол сияқты төлем құралдарын кеңінен пайдаланды.
Заң шығарудың келесі кезеңі - экономиканы қайта құру идеясы өндірісті қосымша инвестициялау көздерін табу, кәсіпшіліктің тиімділігін арттыру, сол сияқты азаматтардың өз бетімен шаруашылық жүргізуге қызығушылығын арттыратын механизмін құру жолдарын табу керектігін меңзеді. Осы кезде КСРО Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 19 маусымындағы шешімі «Бағалы қағаздар туралы» Ережені бекітті, одан кейін 1991 жылғы 31 мамырда Кеңес Одағы және Одақтас республикалар жаңа Азаматтық заңдардың Негіздерін қабылдады. Оның толық бір тарауы бағалы қағаздар туралы ұғымға және оның түрлеріне, сол сияқты бағалы қағаздарды басқа біреуге беру ережесінің негіздерін бекітуге арналған. Бағалы қағаздар туралы дэл осы Негіздер 1993 жылдың 30 қаңтарында Қазақ КСР-ның Жоғары кенесінің «Экономикалық реформа жүргізу квзінде азаматтық ққцық қатынастарын реттеу туралы» қаулысы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін қабылдағанша өз күшінде болды.
Қазақстанда 1990-1994 жылдары бағалы қағаздар шығарып және оларды нарықта сатуға мүмкіндік беретін жогарыда айтылған
Азаматтық заңдардың негіздерінде бірсыпыра құқықтық актілер қабылданды. Олар:
• 1991 жылдың 21 маусымындағы «Шаруашылыц серік-тестіктері және акционерлік қоғамдар туралы» Қазақ КСР-ның акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер құрып, олардың өз жұмысын қаржыландыру үшін акциялар мен облигациялар шығаруына мүмкіндік беретін заң;
• 1991 жылдың 11 маусымындағы «Бағалы қағаздар айналымы және қор биржасы туралы» бағалы қағаздарды шығаруды реттеуге, оларды тіркеуге, бағалы қағаздар нарығындағы делдалдық қызметті лицензиялауға, қор биржасын құруға жэне оның жұмыс істеуіне рұқсат беретін заң;
• 1991 жылдың 13 қарашасындағы Қазақ КСР-ның Министрлер Кабинетінің қаулысы бекіткен «Бағалы қағаздар туралы» № Ереже шығарылатын бағалы кағаздардың түрлерін және олардың әрқайсысында жазылатын мағлұматтарды белгіледі;
• осы нормативті актілер негізінде шығарылған ережелер жиынтығы мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару, занды тұлғалар шығарған бағалы қағаздардың эмиссиясын мемлекеттік тіркеу және басқа да қркаттарды шығару тәртібін белгіледі;
• мүлікті мемлекет меншігінен алу және жекеменшіктендіру арқылы кэсіпорынды акцияландыру, сол сияқты инвестициялық қорлардың жұмысын реттеу туралы бірсыпыра заңдар мен ережелер;
• вексельдер,банктік(депозиттік)
Сол жылдары кейбір акционерлік қоғамдар алғашқы акцияларын шығарып, оларды айналысқа түсірді. Сонымен бірге қор биржалары және тауарлы-қор биржалары құрылды. Бағалы қағаздар нарығының алғашқы кәсіби мамандары пайда бола бастады.
Шығарылған актілерді қолданудың нэтижесінде Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру идеясын іске асырудың алғашқы қадамдары жасалып, бұл жүйеде аз да болса тәжірибе жинақтап және оның мәнін түсінуге мүмкіндік туындады.
Өз тәжірибеміз бағалы қағаздар нарығында мемлекеттің атқаратын рөлін көрсетті. Бір уақытта ол әрі бағалы қағаздардың эмитенті, әрі инвесторы, әрі бағалы қағаздар нарығын реттеуші және ондағы қатынастарды бақылаушы субъект ретінде өзінің әртүрлі органдары ретінде катынасады. Айта кететін жәйт, мемлекеттік орган басқа жақпен әрі «ойынға» қатысушы, әрі өзіне де ойынға басқа қатынасушыға да ойынның ережесін шығаруына кұқығы жоқ. Сондықтан 1994 жылдың 20 наурызындағы Республика Президентінің «Бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру шаралары туралы» жарлығы бағалы қағаздар нарығындағы қатынастарды реттейтін және бақылайтын мемлекеттік орган ретінде бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның ережесін бекітті.
Бұл жарлық 1991 жылғы: «Бағалы қағаздар апналымы және қор биржасы туралы» Заңды және «Бағалы қағаздар туралы» Ережені жойды. 1994 жылдың алты айы бойы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы құкықтык қамтамасыз етілмеген жағдайда қалды. Тек 1994 жылдың 3 қазанындағы Министрлер Кабинетінің қаулысымен «Бағалы қағаздар турал ы уақытша ереже» бекітілді. Ол Қазақстан бағалы қағаздар нарығын дамытудың құқықтық негізі ретінде 1995 жылдың сәуіріне дейін пайдаланылды. 1995 жылдың қаңтарында Республика Президенті Бағалы қағаздар жөніндегі ¥лттық комиссиясының төрағасымен оның төрт мүшелерін бекітуі және осы мемлекеттік органның атқару комитетінің құрылуы бағалы қағаздар нарығын калыптастырудағы асулы кезең болды. Дәл осы уақыттан бастап Ұлттық комиссия өзіне бекітілген қызметтерді атқаруға кірісті.
Сөйтіп, 1995 жылдың сәуірінен Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын дамытудың және оның құқықтық негіздерін қалаудың қазіргі кезеңі басталды. Осы кезде негізгі нормативтік-құқықтық актілер қабылданып, Алматы қаласында салтанатты жағдайда Орталық Азия қор биржасы ашылды.
- Бағалы қағаздар нарығын реттеу
Бағалы қағаздар нарығын реттеу деген оған барлық қатысушылардың іс-әрекетін және олардың арасындағы операцияларды тәртіпке келтіруге бағытталған қоғам өкілетінің қызметі. Нарыққа қатысушылардың іс-әрекетін екі жақты - ішкі және сыртқы - реттеуге болады. Ішкіреттеу деген осы ұйымның, оның бөлімшелері мен қызметкерлерінің өз қызметінде ұйымның жарғысын, ережелерін және т.б. іс-әрекетін айқындайтын ішкі нормативтік құжат талаптарын орындауы. Сыртқы реттеу деген осы ұйымның өз қызметінде мемлекеттің, басқа да ұйымдардың, халықаралық келісімдердің нормативтік актілерін орындауы.
Кез келген бағалы қағаздар нарығын тікелей немесе жанама түрде сауда-саттыққа барлык қатысушылардың - эмитенттердің, инвесторлардың, кәсіби делдалдардың, нарық инфрақұрылымы ұйымдарының қызметін тәртіпке келтіретін уәкілетті органдар реттеп отырады. Реттеудің түрлері:
• мемлекеттік реттеу, онымен қызмет бабына реттеу функциясы кіретін мемлекеттік органдар шұғылданады;
• нарықтың өзін-өзі реттеуі, немесе бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың өз ұйымдарының қызметін реттеуі. Жалпы мемлекеттің немесе нарыктын кәсіби мамандарының өз реттеу қызметін бастауының ең алғашқы себебі бағалы кағаздар нарығынын кейбір іс-әрекеттеріне қалың бұқара топтарының қарсылығы болып табылады;
• қоғамдық реттеу, яғни нарықты қоғамдык пікір арқылы реттеу.
Таратып айтқанда, бағалы кағаздар нарығындағы кейбір іс-әрекеттер мемлекеттің немесе нарыкка кәсіби қатысушылардың реттеу әрекеттерін жүргізуіне негізгі себепші болуы мүмкін.
Әлемдік тәжірибеде бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу екі түрлі жолмен жүргізіледі: мемлекеттік органдар уәкілі қатысуымен тікелей араласу, сонымен қатар іс-шаралар арқылы нарыққа жанама араласу.
Тікелей араласу шараларына мыналар жатады:
• бағалы қағаздар нарығы мәселелері жөнінде заң шығаратын өкілетті органдардың жұмысы;
• осы мәселелер бойынша атқарушы үкімет органдарының қаулылары мен бұйрықтары;
• бағалы кағаздар
нарығының жұмысына жаңа ережелер енгізетін
немесе ескілерін өзгертетін басқа
да мемлекеттік органдардың іс-
Жанама араласу тетіктеріне мыналар жатады:
• несие үшін процент мөлшерін өзгерту арқылы айналымдағы ақша массасын және несие көлемін мемлекеттік бақылау;
• мемлекеттің салық саясаты;
• депозиттерге, несиелерге, қарыздарға үкімет кепілдігі;
• қарыз капиталы нарығына мемлекеттің араласуы (қазы-нашылық облигацияларды, вексельдерді, орта және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарды, мемлекеттік органдардың міндеттемелерін және с.с. шығару) арқылы мемлекет пен корпорациялардың арасында несие үшін тікелей бәсекенің тууы;
• мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты (шетел валютасы мен алтын операцияларын, экспорт шараларын ынталандыру және с.с. жұмыстарды реттеу);
• мемлекеттің сыртқы экономикалық (саяси байланыстарды ұлғайту немесе шектеу және с.с.) іс-шаралары.
Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттік органдарға, не арнаулы ұйымға (бағалы қағаздар жөніндегі комиссияға), не қаржы министрлігіне, не мемлекеттік (орталық) банкке жүктеледі. Мысалы, АҚШ-татиісті заңдарды шығарып, олардың орындалуын тексерумен конгрессте қүрылған бағалы қағаздар және кор биржалары туралы комиссия шұғылданса, Жапонияда бұл сұрактар Қаржы министрлігінде қаралады.
Реттеуші органдар инвесторлардың қаржьюын қорғауға бағытталған негізінен үш қызмет атқарады.
Бірініиіден, нарықта шаруашылық субъектілері ретінде кызмет істейтін барлық бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды, сонымен қатар, бағалы қағаздарға тікелей қатысы бар қызметкерлерді тіркеу. Тіркеуден өтетін барлық кандидаттар қаржы жөнінен белгілі бір талаптарға сай болуы кажет, яғни олардың керекті мөлшерде (минимум) өз капиталы болғаны жөн. Инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында, әдетте, тіркеуші органдар тіркеуден өткізбеу құқығын алады.

- Корпоративтік басқарудың принциптері
- Корпоративтік инвестициялық саясатты жасаудағы опциондық әдістердің қолданылуын талдау
- Корпоративтік қаржы
- Корпоративтік қаржы
- Корпоративтік салықтық жоспарлау
- Корпоративтік табыс салығы
- Корпоративтік табыс салығы
- Корпоративный праздник как инструмент внутреннего PR
- Корпоративный праздник как инструмент внутреннего PR на примере МУК ЦКиД "Камертон"
- Корпоративный сайт как инструмент электронного PR
- Корпоративный сайт как эффективный канал коммуникации организации
- Корпоративный этический кодекс
- Корпоративныя газета как тип издания
- Корпоративтi мадениет